Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тестілер 3 страница




Белгияда аймақтық саясат мәселелері аймақтық деңгейлерде қарастырылады. Ірі жобаларға көмек көрсету шешімі аумақтық әкімшілікпен қабылданады, ал қалған шешімдер аймақтық экономика министрімен қабылданады.

Аймақтық саясатты жүзеге асырудың әр мемлекеттер үшін маңызы әр түрлі көптеген құралдары бар. Тарихи даму тұрғысынан мұндай құралдардың бес үлкен тобын көрсетуге болады:

- халық тығыз қоныстанған аймақтарда жаңа кәсіпорындарды орналыстыруды қолдауға кететін қаражат;

- экономикалық даму саласында мемлекеттің қызметін кеңістіктік бөлу;

- қаржылық қолдау жолымен компания қызметін ынталандыру;

- инфрақұрылымды қалыптастыру;

- дамуды ынталандыру жөніндегі «жұмсақ» шаралар.

Қазіргі уақытта алғашқы екі құралдың рөлі айтарлықтай төмендеп кетті. «қолдау» құралдары Франция, Ұлыбританияда қолданылғанымен, бұл құралдардың қолданылу ауқымы уақыт өткен сайын азаюда.

Қазіргі уақытта Еуроодақтың (ЕО) көпшілік мемлекеттері аймақтық саясат құралы ретінде соңғы үш топты қолданады. Қаржылық ынталандыруларға жұмыс орнын құрумен байланысты жәрдемақылар, субсидиялар, несиелер және т.б. жатады. Бұл әдістер фирмаларды проблемалы аудандарды инвестициялауға ынталандыру үшін жасалған. Осы аталған құралдар Еуроодақтың барлық мемлекеттерінде кеңінен қолданылуда. Инфрақұрылымның «жұмсақ» элементтеріне ақпараттық желілерді қолдау, консалтингтік қызмет, ғылыми зерттеулер жатады.

Интеграцияланған мемлекеттерде саясат құралдарының құрамы айтарлықтай көлемді болып келеді. Оның себебі аймақтық проблемалардың «тереңдігімен» байланысты. Аймақтық саясатты дамытуды ынталандыру үшін құрылымдық және интеграциялық қорлар құрылған. Бұл қорлар тек өндірісті инвестициялауды ғана емес, сонымен қатар инфрақұрылымды дамытуға қолдау көрсетуді және бизнестің дамуына жағдай жасауды да көздейді. Интеграциялық қор көлік және қоршаған ортамен тікелей байланыста болатын инфрақұрылымның дамуына қатысты үлкен жобалармен айналысады.

Скандинавия елдеріне қатысты аймақтық саясаттың «тар» және «кең» астарлары бар. Тар мағынасында мұндай саясат бизнес пен экономиканы дамыту іс-шараларын қамтиды. Аймақтық саясаттың кен астары халық аз қоныстанған аймақтардағы өмір сүру деңгейін қолдау мақсатында үкімет тарапынан байланыс, көлік, білім және денсаулық сақтау саласындағы әрекеттер кешенін көздейді. Скандинавия елдерінің негізгі ерекшелігі ЕО-тың басқа мемлекеттерімен салыстырғанда аймақтық саясаттың тар астарының өзінде де мазмұны кең болып табылады. Мысалы, проблемалы аудандардың өздеріне тән ерекшелігін, олардың қатаң климаттық жағдайларын ескере отырып, ЕО-ның басқа мемлекеттерінде қолданылмайтын ұзақ мерзімді қолдаулар бар.

Солтүстік Еуропа Мемлекеттері аймақтық саясаттың әрекет ету аясын кеңейту туралы шешімдер қабылдауда. Атап айтқанда, Францияда аймақтық саясат ауқымы кеңейе түсуде, онда «аумақты басқару» түсінігі аймақты дамытудың саяси шараларының кең жүйесін құрайды. Аймақты дамыту туралы заңдардың бірі аймақта сараланған салық салу, инфрақұрылымды дамыту, аймақтарды дамытуды ынталандыру туралы шешімдер қабылдау және т.б. қамтиды. Сонымен қатар кедей аймақтарға көмек көрсететін аймақтардың дамуын жоспарлау жөніндегі келісімдердің мемлекеттік жүйесі бар. Нидерланды мен Австрияда аймақтық саясаттың маңыздылығы әлдеқайда төменірек, бірақ бұл мемлекеттер фирмаларға қаржылық көмек көрсету шегінен шығатын аймақтық саясатты жүргізуге талпынуда. Нидерландыда аймақтық саясаттың негізі тар мағынада капитал салуға келіп саяды, ал кең мағынасында - қолайлы бизнес ортаны құру және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі іс-шаралар кешені. Австрияда аймақтық саясатты дамытуда саяси шаралар қабылдануда, яғни аймақтардың экономикалық даму саясаты бизнес ортаның дамуына қолдау көрсету, сондай-ақ көлік, білім беру және өмір сүру деңгейін жоғарылату сияқты жергілікті факторларды қамтуы тиіс.

Данияда аймақтық саясат «шекті шаралар» аясында құрылған. Оған фирмалар қолдана алатын, бірақ ақшалай қаражат беруді немесе қандай-да бір фирмаға көмек көрсетуді көздемейтін қызметтер кіреді. Техникалық және коммерциялық қызметтер жиынтығына еркін қол жеткізуге болатын мұндай шаралар бүкіл мемлекетте жүргізіледі. Дания 1991 жылдан бері жеке аймақтарды дамытуды ынталандыруға қатысты бағдарламаны жүргізбеген ЕО-тағы жалғыз мемлекет. Данияда әлеуметтік қамтамасыздандырудың біртұтас мемлекеттік жүйесі бар, сондай-ақ қаржылық механизмдерінің жұмыс істеуі табыс деңгейі мен әлеуметтік мүмкіндіктерде айырмашылық тудыруы мүмкін жекелеген аймақтардың экономикалық дамуындағы теңсіздікке жол бермеуге бағытталған.

Бельгия, Ұлыбритания сияқты мемлекеттердің аймақтық саясаты ынталандыру саясаты болып табылады. Қолайлы бизнес - ортаны құруға бағытталған шараларды аймақтық саясаттың емес, жалпыұлттық саясаттың бір бөлігі ретінде қарастыруға болады. Ұлыбританиядағы аймақтарды дамыту шараларын екі түрге бөлуге болады:

- ынталандыру саясаты деп атауға болатын аймақтық индустриялдық саясат;

- ауылдық және қалалық аудандарын дамытуға арналған бағдарламалардың тұтас жүйесін құрайтын «қайта өрлеу» саясаты.

Бұл екі бағыт бұрын бір-бірінен бөлек орындалатын, қазіргі уақытта бірге орындалуда. «Қайта өрлеу» саясатының ерекше белгісі жекелеген аймақтарды дамыту және олардың бәсекелестігін арттыру болып табылады. Соңғы кездері «қайта өрлеу» саясатын жүргізудің тиімділігі артып келеді. Қазір аумақтық индустриялдық саясаттың бюджеті «қайта өрлеу» саясатының бюджетіне қарағанда он есе аз, бұрын бұл бағыттарға бөлінетін қаржы көлемі бірдей болатын.

Еуроодаққа мүше мемлекеттердің аймақтарды дамытуға қатысты саясатын талдай отырып, олардағы (Данияны қоспағанда) аймақтық саясаттың өзегі аймақтық дамуды ынталандыру екендігіне көз жеткіздік. Енді аймақтық саясатты жүзеге асырудың бірқатар механизмдеріне тоқталып өтейік.

Батыс Еуропадағы бағдарламалық әдіс және жоспарлау механизмдері. Берілген әдіс механизмдерін үш тұрғыда қарастырған жөн:

1. ЕО ішінде экономикалық және әлеуметтік интеграцияның дамуына ықпалын тигізетін Құрылымдық қордың бағдарламалық әдісі;

2. аймақтық экономикалық құрылымдарды жетілдіру үшін құрылған GA(Gemeinschaftsaufgabe) міндеттерді бірлесіп шешудің германиялық жүйесі. Бұл жүйе федералды үкімет пен Жерлердің келісу нәтижесі болып табылады.

3. Мемлекет пен аймақтар арасындағы француздық жоспарлық келісімдер (CPERs) (кесте 2)

Жоғарыда көрсетілген барлық ұйымдардың түрлі мақсаттары мен механизмдері бар, олардың жалпы негізгі ерекшелігі: аймақтарды дамытуға басқарудың әр түрлі элементтерін қатыстыруды ұйымдастыра отырып, олардың күштерін біріктіреді.

Қарастырылған еуропалық тәжірибе республикалық та, аймақтық та деңгейлерді қамтитын аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамыту жүйесін енгізудің айқын артықшылықтарын дәлелдеп отыр. Жалпымемлекеттік деңгей аймақтардың проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін жалпы қағидаларды белгілесе, аймақтық деңгей өзінің әлеуеті мен проблемаларын бөлшектеп қарастыруды көздейді. Аймақтардың экономикалық даму аясындағы жинақталған тәжірибелері аумақтарды дамытуға қатысты мақсаттары ұқсас болғандықтан, әр аймақтың өз ерекшеліктеріне сай бірнен біріне тарала алады.

Осындай жүйелерді құрудың еуропалық тәжірибесі айқындағандай, олардың табысты болуы үшін белгілі шарттар мен факторлар қажет екен. Соларға кеңірек тоқталып өтуді жөн санаймыз. Ең алдымен, нашар және күшті дамыған аймақтар арасында “ынтымақтастық туралы пакт” қажет. Нашар дамыған аймақтарды дамытуға қаражаттарды бағыттауға мүмкіндік беретін кез-келген қайта бөлу механизмдерін енгізудің шарты -жақсырақ және нашар қамтамасыз етілген аудандар арасындағы «ынтымақтастық пакттың» болуы.

«Ынтымақтастық пактісін» жалпы мақсатқа сай құрылатын кез-келген жүйені қалыптастыруда алуға болады. Мұндай жүйе екі әдіспен енгізілуі мүмкін: тікелей және жанама. Тікелей әдіс елдің барлық аумағында аймақтық дамуға ықпалын тигізгені үшін қандай нысанда болсын ынталандыруларды көздейді, дегенмен, нашар дамыған аумақтар үшін ынталандыру артығырақ болады.

Жанама әдіс те тиімді болып табылады. Оған экономикалық кеңістікте дамыған аймақтардың «қолайсыз» аймақтардың дамуынан алатын экономикалық және әлеуметтік жанама артықшылықтары жатады.

Тұрақты экономикалық жағдай. Жоғарыда сипатталған әрбір жүйе аймақтағы кәсіпорындар мен ұйымдардың бағдарламаларға қаржы бөлуге және оларды орындауға мүмкіндік беретін тұрақты экономикасының болуын көздейді. Бұл әрине, саяси жағдайы тұрақты, макроэкономикалық дамуда тұрақтылыққа ие мемлекеттерде мүмкін болады.

Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. Германиядағы аймақтық дамуды қолдау саясаты?

2. Франциядағы орталықтанған аймақтық басқару саясаты?

3. Шетелдік аймақтық саясаттардың артықшылықты бағыттары?

4.Батыс мемлекеттеріндегі аймақтық бағдарламаларды қаржыландыру көздері?

Негізгі әдебиеттер:

1. Гранберг А. Основы региональной экономики: учебник для студентов вузов, обучающихся по экономическим направлениям и специальностям / А. Гранберг. – Изд. 2-е. – М.: Государственный университет Высшая школа экономики, 2003.- 495с.

2. Региональная экономика: учеб пособие для экон. вузов / Под ред. М.Ф. Степанова.- М.: Инфра-М: Изд-во Рос. экон. акад., 2001.- 463с.

3. Региональная экономика: учеб. пособие для экон вузов / Под ред. Т.Г Морозовой.- М.: ЮНИТИ, 2002.- 472с.

4. Региональная экономика: учебник для вузов / А.П. Градов [и др.].- СПб.: Питер, 2004.- 222с.

Қосымша әдебиеттер:.

5. Гаврилов А.И. Региональная экономика и управление: учеб. пособие для вузов / А.И. Гаврилов.- М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2002.- 239с.

6. Чагучиев М.Ч. Регионы, экономика и управление / М.Ч. Чагучиев, М.М. Соколов.- М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001.- 271с.

 

6.СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

 

Тақырып 1. Аймақтық экономиканың пәні, мақсаты мен міндеттері. Аймақтар ұғымы және типологиясы (2 САҒАТ)

 

1 сабақ

1.Салыстырмалы-географиялық әдіс. Статистикалық әдіс. Циклдық әдіс. Шығындар әдісі. Бағдарламалы-мақсаттық әдіс.

2. «Аймақ» ұғымы мен «Экономикалық кеңістік» ұғымының ара-қатынасы.

2 сабақ

1. Ұлттық экономика өзара байланысты аймақтар жүйесі ретінде.

2. Аймақтарды типтерге бөлу қажеттігі. Типтерге бөлудің негізгі критерийлері. Экономикалық аудандастыру.

«Қазіргі таңда ҚР-ғы аймақтық даму мәселелері» тақырыбына дөңгелек стол

Әдебиет: 1, 3, 15

Тақырып 2. Аймақтық экономика және басқарудың теориялық негіздері

(2 САҒАТ)

1 сабақ

1. И.Тюненнің ауыл шаруашылық штандорт теориясы.

2. А.Вебердің өнеркәсіптік штандорт теориясы

3. А.Лештің шаруашылықты кеңісті ұйымдастыру туралы ілімі

4. В. Лаунхардттың өнеркәсіптік кәсіпорынның рационалды штандорты

2 сабақ

1. А. Смит пен Д. Рикардоның абсолютті және салыстырмалы артықшылықтар туралы теориясы

2.Аймақтық экономика теорияларының дамуының заманауи бағыттары: балансталмаған өсу теориясы, «өсу полюсі» теориясы, аймақтық теңдестіру теориясы және т.б.

Әдебиет: 2, 3, 15,17

Тақырып 3. Аймақ шаруашылық жүргізу және басқару объектісі ретінде

1 сабақ

1.Аймақтың әлеуметтік-экономикалық кешенін қалыптастыру және оның қызмет етуі.

2. Аймақтық еңбек бөлінісінің түрлері және деңгейлері

3.аймақтық еңбек бөлінісін ұйымдастыру нысандары. Аймақтың салалық және аумақтық құрылымы. Аймақттардың салааралық байланыстары

4.Ұдайы өндірістің аймақтық айырмашылықтары.

5. «ҚР-ң қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық дамуындағы аймақтық диспропорцияларының сипаты» тақырыбына іскерлік ойын

Әдебиет: 1, 4, 15,17, 20

 

Тақырып 4. Аймақ макроэкономикалық талдау объектісі ретінде

1 сабақ

1.Аймақ экономикасы ашықтығының көрсеткіштері: әкелу, шығару, тауар алмасу коэффициентері.

2.Аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуының индикаторлары.

2 сабақ

Шағын топтардағы жұмыс «Мамандану мен локализация көрсеткіштері бойынша аймақ экономикасының салалық құрылымын талдау»

Әдебиет: 5, 4, 10,,17, 20

Тақырып 5. Аймақтың экономикалық әлеуеті және оны бағалау

1 сабақ

1.Табиғи-экологиялық потенциал. Еңбек потенциалы.

2. Өндіргіш күштерді орналастыру заңдылықтары, принциптері және факторлары.

3.Экономикалық қатынастардың негізгі нысандары: сауда, қаржылық

4.Аймақтық меншіктің қызмет ету проблемалары

2 сабақ

«Өндіргіш күштерді орналастыру сызбасын бағалау және оның ҚР таксономиялық бірліктерін дамытуға ықпалы» тақырыбындағы баяндаманы талқылау

Әдебиет: 1, 4, 15,17, 20

Тақырып 6. Аймақтық саясаттың құралы ретінде арнайы экономикалық аймақтар

1 сабақ

1.АЭА құру қажеттілігі мен мақсаттары.

2.АЭА түрлері: еркін сауда аймақтары, кәсіпкерлік аймақтары, технико-өндіргіштік аймақтар.

3. Сыртқы саудалық, фискалдық, қаржылық және әкімшілік жеңілдіктер.

2 сабақ

«АЭА қызмет етуінің әлемдік тәжірибесі» кейсін талқылау

Әдебиет: 3, 5, 12,13, 19

Тақырып 7. ҚР аймақтары экономикасының тарихи-географиялық сипаттамасы

1 сабақ

1. Шикізаттық аймақтардың ашықтығының және аймақтардың салалық құрылымындағы диспропорциялардың күшеюі.

2.Ұлттық экономика жүйесіндегі республикалық нақты аймақтарының орны мен рөлінің өзгеру динамикасы.

2 сабақ

«ҚР аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша дифференцияциасының күшеюі және аймақтық экономикалық саясат механизмдерін жетілдіру проблемалары» тақырыбына дебат

Әдебиет: 4, 5, 15,17, 20

Тақырып 8. Аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі мен мәні

1 сабақ

1.Аймақтық дамуды реттеудің институционалдық және құқықтық негіздері.

3.Аймақтық саясатың макро және микро құралдары.

4.Проблемалы аймақтар және аймақтық даму бағдарламалары.

2 сабақ

«Қазақстанның депрессивті аймақтары мен шағын қалалары мәселелерін тиімді шешу» тақырыбына пікір-талас

Әдебиет: 1, 4, 15,17, 20

Тақырып 9. Аймақтық даму жүйесін қалыптастыру. Аймақтық менеджмент.

1 сабақ

1. Басқарудың еуропалық және азиялық модельдері.

2.Аймақтық басқару жүйесінің муниципалды және мемлекеттік жүйелерден айырмашылығы.

3.Аймақ экономикасын басқарудың ұдайы өндірістік әдісі

4.Аймақтық менеджментке әсер ететін ішкі және сыртқы орта факторлары.

3 сабақ

«Аймақтық менеджменттегі жаңа тенденциялар» тақырыбын талқылау

Әдебиет: 1, 4, 15,17, 20

 

Тақырып 10. А ймақтық экономика дамуының жоспарлануы мен болжануы

1 сабақ

1. Аймақтық дамудың жоспарлануы мен болжануының объективті шарттылығы, олардың әкімшілік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары.

2. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау-болжамдаудың жетілдірілуіне бағытталған негізгі әдістемелік бағыттар: маркетингтік зерттеулер, логикалық модельдеу, экспертті бағалау әдістері, икемділік коэффициенттері.

2 сабақ

«Аймақтық дамудың жоспарлары мен болжамдардың басты мазмұны – ол олардың бөлімдері және көрсеткіштері»тақырыбына пікір-талас

Әдебиет: 3, 5, 12,13, 19

Тақырып 11. Аймақтық бағдарламалар

1 сабақ

1.Аймақтық бағдарламалардың теориясы мен тәжірибесі.

2.Бағдарламаның қалыпты құрылымы.

3.Бағдарламаны басқару, бағдарламаны жүзеге асыру механизмі.

4.Бағдарламалы-бүтіндік әдістің негізгі белгілері.

5.Аймақтық бағдарламалардың классификациясы

6.Бағдарламаны бағалау өлшемдері. Бағдарламаның мақсаттары мен ресурстары. Бағдарламалардың нұсқаларын бағалау.

2 сабақ

«Нақты аймақ дамуының аймақтық бағдарламасы» тақырыбындағы рефератты талқылау

Әдебиет: 1, 2, 3,13, 19

 

Тақырып 12. Аймақтық саясатты жүзеге асырудағы экономикалық механизмдер

1 сабақ

1.Бюджеттік жүйе мен бюджетаралық қатынастар аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің маңызды құралы ретінде.

2.Бюджетаралық трансферттер және олардың аймақтық дамудағы ролі.

3.Аймақтық деңгейдегі салықтық, несиелік, инвестициялық және бағалық саясат.

4.Жеңілдіктер, стимулдар және преференциялар аймақтық дамудың реттеуші құралы ретінде.

 

2 сабақ

«ҚР бюджетаралық қатынастар» тақырыбына дөңгелек-стол

Әдебиет: 2,3, 5, 12,13, 19

 

Тақырып 13. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің әлемдік тәжірибесі

1 сабақ

1.Әлемнің әртүрлі елдері бойынша аймақтық экономикалық саясаттың салыстырмалы анализі

2.Әлемдік экономикадағы проблемалық аймақтар және аймақтық даму бағдарламалары.

3.Әлем елдеріндегі аймақтық экономикадағы мәселелері: жалпы және ерекше.

4.Әлемдік экономикадағы аймақтық дамуды реттеу институттар.

5.Аймақтық саясаттың құқықтық негіздері мен макро-микро құралдары.

2 сабақ

1.АҚШ пен Европа елдердің тәжірибесі.

2.Қытайдағы АЭА.

3 сабақ

«ҚР-ң шаруашылық практикасында шетелдік тәжірибені қолдану мүмкіндігі» тақырыбына дөңгелеік стол

Әдебиет: 3, 5, 12,15, 20

7.Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау

СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік ұсыныс

СӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз аудиториядан тыс орындалады. СӨЖ-тың негізгі міндеті семинарлық сабақтар мен дәрістерге дайындалу. Семинарлық сабақтарда тақырыптың негізгі мәселелері қарастырылады. Семинарлық сабақтын жоспары, негізгі және қосымша әдебиет тізімі, семинарлық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестер қалай жүзеге асыру керек деген сұрақтарға жауап береді. Семинарлық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестерді мұқият талдап, семинарлық сабақтың тақырыптық жоспарының сұрақтарына дербес түрде жауаптар дайындар. Әрбір сұрақты қысқаша дайындау барысында, негізгі ережелер мен символдарды СӨЖ дәптеріне жазыңдар. Дайындалып болғанан кейін өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтардын көмегімен өз білімдерінді тексеріндер. Дербес талдай алмаған сұрақтарыңды жазып алып, дәрісте оқытуға немесе СӨЖО процесіне қойындар.

СӨЖ тапсырмалары дәрісте орындалуы керек. Ал дәрісте дербес оқылып қарастырылған білімдер тереңдетіліп, тереңдетілуі керек.

Алайда семинарлық сабақтарда қарастырылатын сұрақтар көлемі тақырыптың толық мазмұны қамтымайды. Сондықтан могитрант өз білімін тереңдету және кеңейту бойынша әрі қарай жұмыс жасауы қажет. Ол СӨЖО процесінде жүзеге асырылады. Сондықтан СӨЖ – да тақырыптың мазмұның толық ашатын қосымша сұрақтар, мәселе, тапсырмалар қарастырылады.

СӨЖ формалары мен мазмұның өңдеу.

«Аймақтық экономика және басқару» курсының ерекшелігі СӨЖ – дің кең формалар жиынын ашады. Атап айтсақ, мынадай формалар:

- оқытушы берген дәріс конспектілерін талдау;

- семинарлық сабаққа негізгі оқулық бойынша дәріс конспектісін дайындау;

- белгілі тақырып бойынша реферат дайындау;

- магистірлік рефераттарды, баяндамаларды өзара рецензиялау;

- курс терминдері бойынша сөздіктер мен сөзжұмбақтар құру;

- күрделі есептерді шығару;

- статистика мәліметтерін талдау;

- кәсіпорын іс - әрекетін модельдеу;

- топтық жобаға қатысу;

- таңдалған тақырып бойынша презентация жасау;

- глоссарий жасау;

- тақырып бойынша шолу жасау;

Олардын кейбіреулерінің мазмұны:

Тақырып бойынша шолу жасау – басым мен Интернеттің ақпараттық ресурстарынан қосымша материалдарды тарту арқылы ұсынылатын тақырып бойынша 1- 2 беттік қысқаша шолу жасау.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-16; Просмотров: 1614; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.108 сек.