Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

ЭЕМ буындары 1 страница




Фон Нейман архитектурасы.

ЭЕМ құрылысының негізгі принциптерін 1945 жылы венгер текті көрнекті американ математигі Джон фон Нейман ұсынған болатын. Нейман бойынша негізгі бөліктер басқару құрылғысы (БҚ) және арифметикалық-логикалық құрылғы (АЛҚ) (әдетте олар орталық процессорға біріктірілген), жады, сырқы жады, енгізу және шығару құрылғылары болып табылады. Олардың өзара әрекеттесуін қысқаша келесі схема түрінде көрсетуге болады:

 

5-ші сурет. фон Нейман принципі бойынша құрастырылған ЭЕМ-нің архитектурасы

ЭЕМ жүмысының басты принципі — жадта сақталатын бағдарлама принципі, онда бағдарламалар мен мәліметтер машинаның жалпы жадына орналастырылады. Ма-қалада баяндалған идеялар "Джон фон Нейманның ЭЕМ архитектурасы" деп аталды, бүл идея негізінде 1949 жылы ЕӘ8АС машинасы қүрастырылды.

 

1-ші буын машиналарының элементарлы базасы – электронды вакуумды шамдар

2-ші буын машиналарының элементарлы базасы – транзисторлар

3-ші буын машиналарының элементарлы базасы – кіші интегралды схемалар

4-ші буын машиналарының элементарлы базасы – үлкен интегралды схемалар

5-ші буын машиналарының элементарлы базасы – өте үлкен интегралды схемалар

1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдің идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын — арифмометрді қүрастырды. Дөңгелектің орнына мүнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Бүл қүрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Кейін арифмометр бірнеше рет жетілдірілді. Бүл бағытта орыс өнертапқыштары П.Л. Чебышев пен В.Т.Однер көп еңбек етті. Арифмометр қазір әр оқушының қолында жүретін калькулятордың негізін салды (6-сурет). Арифмометр мен қарапайым калькулятор есептеу жүмыстарын механикаландыру қүралдарының қызметін атқарады, бүларда есептеуде адамның өзі әрекеттер тізбегін анықтап басқарады.

Есептеуіш техникаларының қарқындап дамуы XIX ғасырдан басталды. Есептеуіш техниканың дамуындағы келесі қадам алдын ала жасалған бағдарлама бойынша адамның қатысуынсыз есептеулер орындайтын қүрылғылар жасау болды. Мүндай алғашқы есептеуіш автоматтың авторы ағылшын оқымыстысы Чарлз Бэббидж еді, сондықтан көптеген адамдар оны қазіргі компьютердің атасы деп атайды

1833 жылы ол бағдарлама арқылы басқарылатын "Аналитикалық машина" жобасын жасады. Бүл машинада қазіргі компьютерлерде бар барлық негізгі қүраушылар: бастапқы сандар мен аралық нәтижелерді сақтауға арналған жад, жадтан алынған сандармен амалдар орындайтын арифметикалық қүрылғы, берілген бағдарлама бойынша есептеу барысын қадағалап отыратын басқару қүрылғысы, деректерді енгізу мен оларды басып

6-сурет. Қалта калькуляторы.

7-сурет. Бэббидж машинасы..V. •30

8-сурет. Холлерит машинасы.

Лекция №5. ЭЕМ-нің архитектурасы.

Дәрістің мақсаты: дербес компьтерлердің құрылғыларын таныстыру.

Жоспар:

1. «ЭЕМ-нің архитектурасы» ұғымы.

2. Дербес компьютердің базалық конфигурациясы.

3. Дербес компьютердің ішкі құрылымы.

4. Енгізу-шыгару құрылгылары.

5. Жады құрылымы.

Кілттік сөздер: арихитектура, құрылғылар, топтама.

Иллюстрациялық материал: «ЭВМ архитектурасы» слайды.

1. ЭЕМ архитектурасың ұғымы.

Архитектура – ЭЕМ-нің жұмысын және оның негізгі функционалдық бөліктерінің өзара әрекеттесуін программалық басқаруды жүзеге асыратын оны құрудың жалпы принциптері.

Компьютер дегеніміз — ақпараттарды шұғыл өңдеуге арналған техникалық құралдар жиынтығы. Компьютер үш блоктан жүйелік блок (процессор, ішкі және сыртқы жады), монитор (экран), енгізу және шыгару ңұрылгыларынан тұрады.

2. Дербес компьютердің базалық конфигурациясы.

Процессор — компьютерді басқарады және бағдарламалардағы барлық командаларды орындайды. Процессор жадымен бірігіп жұмыс атқарады. Процессор - компьютердің ең басты бөлігі. Ол - компьютердің "миы". Ол бүкіл компьютердің жүмысын басқарады және бағдарламалардағы барлық командаларды (операцияларды) орындайды.

Бүл қүрылғы командаларды таниды, оларды орындайды жөне өз жүмысының нәтижелерін шығарып береді немесе оны машинаның жадына жазады, тіпті екеуін де қатар орындай алады. Компьютердің кез келген жүмысы болса да, процессордың қатысуымен орындалады.

3. Дербес компьютердің ішкі құрылымы.

Іс жүзінде компьютердің орындайтын жүмысының бәрін оның бас микросхемасы — микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған процессор (Репііит) "пентиум" деп аталады, сондықтан мүндай процессор орнатылған компьютерді де "Пентиум" деп атайды. Компьютерлердің негізгі сипаттамасының бірі — оның жылдам әрекеттілігі, ол мегагерцпен өлшенетін жиілікке байланысты. Жиілік жоғарылаған сайын, компьютер де жақсырақ болады. Процессор жадпен бірге жұмыс істейді. Жад микросхемасынан процессор өзіне қажетті ақпаратты алады және өз жүмысының нәтижесін қайтадан жадқа жібереді.

4. Енгізу-шығару құрылғылары

Енгізу құрылғысы арқылы өнделетін ақпараттар, бағдарламалар компьютердің жедел жадысына енгізіледі, ал шығару құрылғысы арқылы нәтижелерді, аралық мәндерді адам түсінетін тілде шығарылады. Енгізу құрылгыларына пернетақта, тышқан, джойстик, өлшеу кұралдары, түрлі түсті қалам, сканер жатады.

Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ондағы әріпті және цифрлі пернелер арқылы компьютерге кез келген ақпараттарды енгізуге болады. Пернетақта — компьютерге ақпарат енгізуге арналған қүрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен ком-пьютерге кез келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 102 пер-не болады (9-сурет).

 

Тышқан - экран бетінде курсорды тезірек қозғалтуға арналған құрылғы. Қазіргі кездегі компьютерлер тағы бір ақпараттарды енгізу құрылғысы — "Маус" манипуляторымен жабдықталған.

Бұдан былай оны тек маус (тышқан) деп қана атайтын боламыз. Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі ол — сүр түсті, тышқанның қүйрығына үқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы жөне кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы қүрылғы. Маустың екі түрі болады: үш батырмалы (10-сурет), екі ба-тырмалы (11-сурет). Қазіргі кезде екі батырмалы маус жиі пайдаланылады, себебі ортадағы батырма жүмыс кезінде көп пайдаланылмайды.

Маус қорабының ішінде ауыр резеңкемен қапталған металдан жасалған ауыр шар орналасқан. Ол қораптың сыртына аз ғана шығып, кілемше бетіне тиіп түрады. Маусты арнайы кілемше бетінде (үстел бетінде) жылжытады.

 

10-сурет. Үш батырмалы маус.

11-сурет. Екі батырмалы маус.

ТЕРТЕ (ДЖОЙСТИК)

Терте деген компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын объектілерді басқаруға арналған рычагты манипулятор (12-сурет). Терте қорап пен басқарушы түтқадан түрады және түтқада немесе корпусында орналасқан бір немесе бірнеше батырмалары болады.

Түтқа мен батырмаларды басу арқылы компьютерге басқару әрекеттері беріледі.

Компьютердің аппараттық күралдары

Шыгару құрылгысына принтер, монитор және график тұрғызушылар жатады. Монитор - компьютердің экранына ақпарат шығаруға арналған құрылғы.

Дисплей — компьютердің экранына ақпаратты шығаратын қүрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидардан аумайды, сондықтан оны жиі те-левизиялық техникадағыдай монитор деп атайды.

Дисплей — компьютердің "тілі", ол оның көмегімен езінің жүмысы туралы барлық қажет ақпаратты беріп отырады.

Дисплей электронды-сәулелік түтікшеден, қоректендіру блогынан және сөулені басқарушы электрондық блоктан түрады.

Дисплей символдық болса, экранда тек мәтіндік ақпарат, ал графикалық болса, экранда символдық ақпараттардан бас-ка әр түрлі графиктер мен суреттер шығаруға болады.

Принтер - ақпараттарды кағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің үш түрі болады: матрицалық, сия бүріккіш және лазерлік. Сыртқы жады ретінде магниттік дискілер, яғни көбінесе диаметрі 3,5 дюйм, сыйымдылығы 1,44 Мбайт дискеттер пайдаланылады. Компакт-дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Лазерлік дискіден оқу үшін СD-RОМ қолданылады. Жаңа ақпараттарды қайта жазу үшін арнайы қондырғы - СDRITTER қолданылады. Сканер – қағаздағы бейнені суретке түсіріп алуға және оны монитор экранында көрсетуге мүмкіндік беретін құрылғы.

Компьютердің қосымша құрылгыларына: модем, стриммер, сканер, плоттер және т.б. жатады. Модем - телефондық байланыс жүйесімен байланыстыру кұрылғысы. Стриммер — мәліметтерді магниттік таспада жазып сақтауға арналған құрылғы (компьютерлік магнитофон). Сканердің тағы да бір анықтамасын былайша беруге болады: Сканер - мәтіндік және графикалық ақпараттарды компьютерге енгізу қүрылғысы. Плоттер - растр түрінде графикалық ақпараттың қатты көшірмесін шығару құрылғысы.

5. Жады құрылымы.

Компьютерде екі ішкі жад болады: тұрақты есте сақтау құрылгысы (ТЕСҚ) және жедел сақтау құрылгысы (ЖСҚ). Компьютерді алғаш қосқанда, ТЕСҚ-дан ақпарат алынады да, одан соң компьютерге орналастырылған операциялық жүйе іске косылады. Компьютерді сөндіргенде ТЕСҚ-дағы ақпараттар өшпейді.

Жедел сақтау құрылгысыЖСҚ - бұл ақпараттарды уақытша сақтап тұруға арналған жады. Жад микросхемасынан процессор өзіне қажетті ақпаратты алады және өз жүмысының нәтижесін қайтадан жадқа жібереді.

ЖЕДЕЛ ЖАД

Жедел жад — бүл компьютердің ішкі жады. Жедел жад немесе оперативті жадтайтын қүрылғы (ОЖҚ) — ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше. Егер компьютерді өшірсе, онда жедел жадтағы барлық ақпарат жойылады (өшеді).

Компьютердіц аппараттық қүралдары компьютердің ішіне, қүрастырушы фирмада орнатылады. Компьютерді іске қосқанда, алдымен ақпарат ТЖҚ-дан алы-нады, ал содан соң компьютерге орнатылған операциялық жүйе іске қосылады.

Жедел (оперативті) жадтағы құрылғы ЖЖҚ — ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жад. Компьютердің жедел жадының көлемі шекті, сондықтан ЖЖҚ-дан ақпарат-тарды сыртқы жадқа (дискіге) көшіріп алу керек.

 

ТЖҚ (ПЗУ): тұрақты жадтайтын құрылғы. ЖЖҚ (ОЗУ): жедел жадтайтын құрылғы.
Ақпаратты тұрақты сақтауға арналған жад. Ақпаратты уақытша сақтауға арналған жад.
Компьютерді өшіргенде, ТЖҚ-дағы ақпарат бүзылмайды. Компьютерді өшіргенде, ЖЖҚ-дағы ақпарат бұзылады.
Мүнда сақталған коман-даларды тек оқиды, бірақ жаңа ақпарат жазуға болмайды. Мүнда жазылған командаларды оқуға да әрі жаңа командалар, ақпарат жазуға болады.

 

Жедел жадтың негізгі сипаттамасы — оның сыйымдылығы мен жылдам әрекеттілігі.

 

Лекция №6. ЭЕМ-нің программалық жабдығы. Программалық құралдардың күйі және даму тенденциясы.

Дәрістің мақсаты: ЭЕМ-ның программалық қамсыздануын меңгерту.

Жоспар:

1. ПҚ негізгі ұғымдары мен терминдері.

2. ПҚ жіктемесі.

3. Жүйелік ПҚ.

4. Қолданбалы ПҚ.

Кілттік сөздер: программа, программалық қамсыздандыру, утилиттер, қабықшалар.

Иллюстрациялық материал: схема, слайд.

Багдарламалық жабдықтау - компьютердің жұмысында қолданылатын бағдарламалар мен мәліметтер. Бағдарламалық жабдықтау жүйелік және қолданбалы бағдарламалардан, бағдарламалау жүйелерінен тұрады. Жүйелік бағдарламалар компьютерді толық басқаруды қамтамасыз етіп, оның мүмкіндіктерін жетік пайдалану жұмысын атқарады. Олар операциялық жүйелерден, драйверлер мен утилиттерден тұрады. Қолданбалы бағдарламалар арнайы және әмбебап болып екіге бөлінеді. Бағдарламалау жүйелері логикалық, құрылымдық және объектілі багдарланган багдарламалар болып үшке бөлінеді.

Операциялық жүйе - деректерді өңдеу арқылы компьютердің барлық жұмысын ұйымдастыратын бағдарлама жүйесі. Ол компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын басқарады, компьютер құрылғыларының бір-бірімен байланысын және компьютер мен адам арасындағы байланыстарды ұйымдастырады.

Драйверлер - белгілі бір сыртқы құрылғыны басқаруды ұйымдастыратын арнайы бағдарлама.

Утилиттер - бағдарламалардың мазмұнын көруді, оларды көшіруді, өшіруді, көбейтуді қамтамасыз етеді.

Қолданбалы бағдарламалық жабдықтау көмегімен құжаттар кұруға, графиктік объектілер салуға, әр түрлі есептеулер жүргізуге, орындауға болады. Қолданбалы бағдарламаларды арнайы бағыттағы және әмбебап багдарламалар деп екі топқа бөледі.

Арнайы мамандандырылган багдарламаларга бір мамандықтағы адамдар пайдаланатын бағдарламалар жатады, мысалы, бухгалтерлік бағдарламалар, жобалаушылар қолданатын, дәрігерлер пайдаланатын және т.б. бағдарламалар.

Әмбебап багдарламаларга мәтіндік, графиктік редакторлар, әлектрондық кестелер, әлектронды байланыс бағдарламалары және басқа да жиі пайдаланылатын бағдарламалар жатады. Бірнеше қолданбалы бағдарламаларды біріктіретін бағдарламаларды интегралданган багдарламалар пакеті деп атайды. Оған мысал ретінде мәтіндік редакторларды, әлетрондық кестелерді, деректер қорын басқару бағдарламаларын алуға болады.

Багдарламалар жүйесіне бағдарламалау тілдері және арнайы бағдарламалар да енеді, олар арқылы кұрылған бағдарламалар компьютер жадына ендіріледі, қателері түзетіледі, тестіленеді және орындалады.

 

Лекция №7. Операциялық жүйелер. МS DОSоперациялық жүйесі.

Дәрістің мақсаты: Операциялық жүйе қызметі мен негізгі ұғымдарын таныстыру.

Жоспар:

1. Дербес компьютердегі пайдаланушының жұмысын ұйымдастырудағы операциялық жүйенің ролі.

2. Операциялық жүйенің қызметі.

3. Операциялық жүйенің топтамасы. Бірмәнді және көпмәнді, бір пайдаланушыға және көп пайдаланушыға арналған операциялық жүйелер.

4. MS DOS операциялық жүйесінің сипаттамасы және мүмкіндіктері.

5. MS DOS-та жұмыс істеу технологиясы.

Кілттік сөздер: операциялық жүйе, топтамасы, файлдық жүйе, аппаратура, қабықша.

Иллюстрациялық материал: схема, слайд

Операциялық жүйе (ОЖ) компьютердің барлык құрылғыларының жұмысын және бағдарламалық жасақтауды басқару үшін қажет. Операциялық жүйе - компьютер косылғанда бірге жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама. ОЖ колданушымен сұхбат ұйымдастырады, орындауға басқа бағдарламаларды іске қосады, компьютердің ресурстарын (жедел жад, дискідегі орынды, т.б.) бөледі.

Дербес компьютерлер үшін ОЖ-лер бірнеше параметрлер бойынша ерекшеленеді: бір есепті және көп есепті; бір қолданушылық және көп колданушылық болып жіктеледі.

Бұдан басқа, ОЖ-де командалық немесе графикалық (немесе екеуі бірдей) көп терезелі интерфейс болуы мүмкін. Бір есепті ОЖ әрбір кезеңде компьютерде адамға бір ғана есепті шешуге, яғни тек бір ғана іспен айналысуға мүмкіндік береді. Көп есепті ОЖ бір мезгілде бірнеше бағдарламаларды іске қосуға мүмкіндік береді. Бұдан бірнеше жыл бұрын Місrosoft компаниясының қарапайым бір есепті, бір қолданушылы командалық интерфейсі бар МS-DОS операциялық жүйесі ең танымал болған.

Файл - белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған біртектес ақпараттар жиынтығы. Файлдың жеке аты файл атынан үш символдан тұратын файл типінен тұрады. Каталог - мәтіндік ат бойынша іздеуді қамтамасыз ететін мәліметтер кұрылымы. ОЖ-нің негізгі командалары:

Dіг [дискінің аты] [файлдың аты] [/ Р ][/ W ] - дискінің мазмұнын көруге мүмкіндік беретін команда, / Р -дискінің мазмұнын экранға парақтап шығару, / W -мазмұнды кысқаша шығару;

МD [каталог аты] - жаңа каталог командасы;

RD [каталог аты] -каталогты өшіру командасы;

CD [каталог аты] -каталогты өзгерту командасы;

СОРҮ [қайдан] [қайда] - файлды бір орыннан екінші орынға көшіру командасы;

REN [файлдың ескі аты] [файлдың жаңа аты] - файлдың атын өзгерту командасы;

DEL [файл аты] - файлды өшіру командасы;

ТҮРЕ [файл аты] - мәтіндік файлды әкранға шығару командасы;

CLS - экранды тазалау командасы;

DАТЕ - ағымдағы күн-ай мерзімін көрсету командасы;

ТІМЕ - ағымдағы уақытты керсету командасы;

ҒОRМАТ А: - жаңа дискетаны форматтау командасы.

 

Лекция №8. Windowsоперациялық жүйесі

Дәрістің мақсаты: Windows операциялық жүйесінің элементтері мен негізгі қызметімен таныстыру.

Жоспар:

1. Windows операциялық жүйесінің тұжырымдамасы.

2. Windows-тың объектілі бағытталған платформасы.

3. Мәліметтер алмасуды ұйымдастыру.

4. Windows-тың программалық құралдары.

Кілттік сөздер: Windows, терезе, бума, жарлық, объект, пиктограмма.

Иллюстрациялық материал: слайд.

Windows— бұл негізгі объектілері терезе және белгі түрінде бейнеленетін графикалық операциялық жүйе. Windows жүйесінің негізгі түсініктері терезе, жұмыс үстелі, шарт белгілер, жарлықтар, бумалар болып табылады.

Терезе - экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда бағдарламалар орындалады, мәліметтер өңделіп, түзетіледі және басқару әрекеттері жүреді. Жұмыс үстелі - әр түрлі объектілер орналасатын Windows -тың әкраны. Шартбелгі - қысқаша сөз таңбасы бар кішкене графикалық бейне. Жарлық — белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл. Бумада каталогтар мен бағдарламалар тобы орналасады.

Windows объектілерін басқаруды әртүрлі құрылғылармен, оның ішіндегі негізгісі тышқанмен ұйымдастыруға болады. Тышқан көмегімен Windows объектілерімен: тасымалдау, созу, қосу, белгілеу, ашу, жабу әрекеттерін орыңдауға болады. Тышқанның сол жақ батырмасы негізгі, ал оң жағы – қосымша болып табылады.

Қандай да бір объектіге тышқанды апарып, оның оң жақ батырмасын «бассақ, экранға динамикалық немесе контекстік /жанама/ деп аталатын бағыңышты мәзір командалары шығады.

Сұхбаттық терезе - бұп қосымша ақпараттар енгізілетін арнайы терезе. Онда Windows және оның косымшаларын баптау және басқару үшін қажет басқару әлементтері орналасады. Анықтама терезесі - Windows жүйесімен және оның қосымшаларымен жұмыс істеу жайлы анықтамалық хабарларды шығару үшін қолданылады. Шекаралар - терезенің төрт жағынан қоршап тұрған жақтау.

Тақырып жолы (тақырып) - терезенің ең жоғарғы шекарасының астынан терезенің тақырыбы көрсетілген төртбұрыш. Жүйелік мәзір бепгісі - тақырып жолының сол жағында орналасады. Олардың көмегімен терезені жылжытуға және өлшемін өзгертуге болады. Жабу батырмасы - тақырып жолының оң жақ шекарасында икс (х) батырмасы. Кішірейту батырмасын шерткенде терезе жұмыс орнынан алынады да, тапсырма тақтасында тек қана батырмасы қалады. Аlt+ТаЬ-ты қолмен басу арқылы терезені қайтадан үлкейтуге болады. Үлкейту батырмасы - терезені экран өлшеміне дейін үлкейтеді. Қалпына келтіру батырмасы - терезені аралық-бейтарап жағдайына келтіреді, яғни терезе экранда болады, бірақ оның өлшемі экран өлшемінен кіші болады. Мәзір жолы - тақырыптың төменгі жағында орналасқан жатық жолда командалар аты жазылған жол. Мәзір дегеніміз -берілген терезедегі орындауға болатын командалардың тізімі. Жұмыс аймагы - бұл объектілер орналасқан терезенің ішкі аймағы.

Windows - операциялық жүйесінде файлдармен жұмыс істеу. Сілтеу терезесі.

Файлды көшіру - жаңа бумада оның тағы бір көшірмесін алу, ал файлды жылжыту - оның бір бумадан екінші бумаға көшірмесін алып, ескі орнынан өшіріп тастау. Қатар орналасқан бірнеше файлды белгілеу үшін бірінші файлды белгілеп алып, Shrift пернесін басып ұстап тұру қажет және соңғы файлға тышқан курсорын жеткізіп белгілеу керек.

Әр жерде орналасқан файпдарды белгілеу үшін, бірінші файлды белгілеп, Ctrl пернесін басып ұcтап тұру керек және керекті файл аттарына тышқан курсорын алып барып, оны біртіндеп белгілеп отыру керек. Белгілеуді алып тастау үшін курсорды сол файлдардан тысқары жерге алып барып, тышқанды бір рет басу қажет. Белгіленген файлдарды көшіру үшін курсорды сол белгіленген объектінің бір шетіне алып барып, тышқан батырмасын басу керек және сол басулы күйінде ұстап тұрып, файл көшірілуге тиіс бума белгісіне жеткізіп батырманы қоя береміз. Сонымен қатар, файлды белгілеп алып контекстік мәзір арқылы да көшіруге және өшіруге болады. Файпдар мен каталогтарды өшіру үшін оларды белгілеп алып, Delete пернесін басу қажет немесе Файл—Өшіру командасын орындау қажет. Файлдармен орындалатын басқа операциялар файлды дискетке көшіру үшін контекстік мәзірден Жіберу командаларын орындау. Файлдың атын өзгерту үшін, файлды белгілеп алып, Файл-Атын өзгерту командаларын орындау керек.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-16; Просмотров: 1891; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.066 сек.