Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тарау. Жалпы фармакология. 1 страница




Жалпы фармакология – дәрілік заттардың ағзадағы фармакокинетикалық және фармакодинамикалық жалпы заңдылықтары мен дәрілердің өз ара қатынастарының әсерін талқылайды. Фармакологияның жалпы әсерлері дәрілердің денеге енгізу жолдарынан бастап, ақырғы тиісті ықпалына дейінгі бірнеше кезеңдерден тұрады:

1. Фармкокинетикалық

2. Фармакодинамикалық

3. Фармакодинамикалық және фармакокинетикалық қарым-қатынастары

4. Дәрі-дәрмектердің жанамалық, қатерлі және т.б. әсерлерін анықтайды.

5. Фармацевтикалық

 

1.1 Фармакокинетикалық кезең

Жалпы фармакологияның бұл бөлімі дәрілердің адам мен жануарлардың ағзасына түсу жолын (енгізу жолы мен сіңірілуін), олардың мүшелер мен тіндерде таралуын, биотрансформациясы мен шығарылуын зерттейді (Сурет 1.1.). Бұл кезіңнің мақсаты дәрілердің тиімділігін жоғарылату және жанама әсерлерін төмендету болып табылады. Фармакологиялық ықпалды анықтауда негізгі көрсеткіш – бұл дәрілік заттардың рецептор аймағында құнарлығының жоғары болуы.

 

Сурет 1.1.1. Дәрілердің ағзадағы фармакокинетикалық үрдістері

 

 

1.1.1. Дәрілердің енгізілу жолдары

 

Дәрілерді емдік немесе аурудың алдын алу шаралары мақсатымен қолдануында, оларды ағзаға енгізуден басталады. Дәрілерді енгізу жолдары келесі топтарға бөлінеді:

а) Энтералды(enteron - кишка) енгізу жолы - ас қорыту жолдары арқылы, ол келесіге бөлінеді: ауыз арқылы (per os), тіл астына (suв lingua), ұртқа, қызыл иекке жапсыру, тік ішекке (per rectum), он екі елі ішекке зонд арқылы енгізуі. Тиімді енгізу жолдары – тілдің асты мен тік ішек, себебі онда препараттар бауырға түспестен бірден үлкен қан айналымына өтеді.

б) Парентералды енгізу жолы – дәрілерді ас қорыту жолынан тыс егу арқылы беретін жол: тері астына, бұлшық етке, көк және күре тамырға, жүрекке, буынға, құрсаққа, сүйекке, ми қабының астына, қуыстарға және т.б жолдары. (Сурет 1.1.2.1).

Дәрілердің ауыру ошағына толық жеткізілуі, сонымен қатар оның тиімділігі мен қауіпсіздігі енгізу жолына байланысты болады.

 

 

Сурет 1.1.2. 1. Дәрілердің енгізілу жолдары

1.1.2. Дәрілердің сіңірілуі

Дәрілердің сіңірілуі (абсорбция) – дәрілік заттардың бір қатар биологиялық жасуша мембранасынан өтіп, қан арасына түсуі. Көптеген заттардың, соның ішінде дәрілердің сіңуінің негізгі механизмдері ол: белсенді емес диффузия, сүзілу, белсенді тасымалдану, пиноцитоз арқылы жүреді. Белсенді емес диффузия жолымен липофильді, көбінесе иондалмаған (полярлы емес) заттар өтсе, ал сүзілу арқылы су, кейбір иондар, ұсақ гидрофилді молекулалар өтеді. Белсенді тасымалдау механизмімен гидрофилді полярлы молекулалар, органикалық иондар, қышқылдар, қанттар, пиримидиндер АТФ-ны жұмсау арқылы сіңеді. Жеңілдетілген тасымалдау немесе диффузия кез келген заттың құнарлығы жоғары жақтан құнарлығы төмен жаққа жылжитын табиғи бағытталуына негізделген. Пиноцитоз арқылы қарапайым жолмен сіңірілмейтін ірі молекулалық қосындылар тасымалданады. Бұл кезде ірі молекулалар мембрананың беткейіне жанасып, көпіршіктер түзеу арқылы (ішінде дәрі бар) жасуша ішіне енеді, кейін ішінде босатады немесе жасуша сыртында. Кейбір ерекше заттар үшін арнайы тасымалдаушы жүйелер болады (тасымалдаушы-ақуыз), олар жасуша мембранасына енеді және олардың талдамды тасымалдауын қамтамас етеді, бұл кейде градиент құнарлығына қарсы тасымалдайды.

 

1.1.3. Дәрілердің таралуы

Дәрілердіңағзада таралуы олардың қажетті орынына жеткеннен кейін басталады және нысана мүшелерден өтіп, ерекше рецепторлармен, тіндердің ақуыздарымен байланысады, бос күйіндегі түрде, биотрансформацияға ұшырауы және өзгермеген түрде шығарылуы мүмкін. Бұл кезде дәрілік заттар келесі мүшелер мен жүйелердің тосқауылдарынан өтеді: капилляр тамырлары, жасуша мембранасы, плацентарлы, гематоэнцефалиттік және басқа да гистогематикалық тосқауылдар. Дәрілердің ағзада таралуы кезінде әртүрлі тіндерде жиналуы мүмкін және бұл үрдіс жинақтау деп аталады. Көп жағдайларда бұл заттар ерекше әсерге ие, олар аталған тіндердің алмасу үрдістеріне қатысқан кезде (қалқанша безіндегі йодтың, сүйек тініндегі фтор ж.т.б.), сонымен қатар тінге ұқсас немесе үйірлік болса және әсер ықпалы жағынан ұқсас болғанда. Мысалы, кардиотропты дәрілер (жүрек гликозидтері), психотропты дәрілер (антипсихотикалық, антидепрессанттар, транквилизаторлар ж.т.б.).

 

1.1.4. Дәрілердің өзгеруі

Препараттар сіңіріліп және таралғаннан кейін:

1) барабар ферменттердің әсерінен метаболизмге ұшырайды;

2) ферменттердің әсерісіз шұғыл басқа заттарға айналады;

3) немесе ағзадан өзгертілмеген (немесе экскреттелінеді) күйінде шығарылады.

Кейбір дәрі-дәрмектер (эмбихин) ағзаның қышқылдық орталығының өзгеруінен шұғыл басқа заттарға айналады. Сонымен, тірі ағзада дәрі-дәрмектер белгілі бір өзгерістерге немесе биотрансфомацияға ұшырайды.

Биотрансформация дегеніміз (басқа затқа айналу немесе метаболизм) дәрі-дәрмектердің анағұрлым қарапайым, иондалған, полярлы және суда еритін құрылымға ауысатын, ағзадан жеңіл шығарылатын физико-химиялық және биохимиялық өзгеріс жиынтығы.

Дәрі-дәрмектердің метаболизмі келесі тіндерде және мүшелерде (маңызды мүшелерден бастап, төмендеу кезегімен берілген) жүреді:

- бауырдың эпителиалды жасушаларында (90%) – микросомалды аппарат

- бүйректе

- қан сары суында

- асқазан ішек жолдарының тіндерінде (ішек қабырғаларында)

- өкпеде

- теріде ж.т.б.

Метаболиттік трансформация ағзаның жасуша аралық кеңістігінде, жасушалық және субжасушалық мембранада, жасуша ішіндегі органелде орналасқан бір қатар ферменттер жүйелерінің қатысуымен жүреді.

Ағзада дәрі-дәрмектердің метаболизм реакцияларын екі типке бөледі: синтетикалық емес және синтетикалық.

Синтетикалық емес реакцияларға тотығу, тотықсыздану және гидролиз жатады. Барлық синтетикалық емес реакция метаболизмін немесе дәрі-дәрмектердің метаболиттік трансформациясы деп аталатын реакцияны, орналасуына байланысты 2 негізгі биотрансформациялаушы жүйеден тұратын 2 топқа бөледі:

а) негізгі реакция топтары, бұл реакция, гепатоциттердің эндоплазматикалық ретикулум ферменттерімен катализденеді немесе микросомалды реакция;

б) басқа жерде орналасқан ферменттермен катализденетін реакциялар, микросомалды емес.

Ең басты бауырда жүретін микросомалды биотрансформация үрдісін бөліп айтқан дұрыс. Гепатоциттерде оңтайлы ферменттер жиынтығы бар, олар науқас ағзасы үшін бөгде заттарды, сонымен қатар дәрі-дәрмектердің тотығуына қатысады. Оның ішіндегі ең маңыздысы цитохром жүйесі Р450 (мәрелі тотығу жиынтығы) және оксидаз-редуктазды жүйе ферменттері (арадағы тотығу жиынтығы).

Бауырдың микросомалды ферменттеріне қатысты дәрі-дәрмектер келесі топтарға бөлінеді:

Метаболизмді баяулатқыштар – микросомалды ферменттердің белсенділігін төмендететіндер (хлорпромазин, циметидин, амидарон, индометацин, левомицетин, тетрациклин, эритромицин ж.т.б.).

Метаболизм демегіштері – микросомалды ферменттердің белсенділігін жоғарылатады (үш циклді антидепрессанттар, барбитураттар, нейролептиктер, бутадион, димедрол, дифенин, карбамазепин, кофеин, рифампицин, этанол ж.т.б.).

Синтетикалық реакция негіздеріне дәрі-дәрмектердің күкірт, сірке қышқылдарымен сонымен қатар глицин және глутатиондармен қосылып эфир буларын түзеуі жатады, ол жоғары полярлы, суда жақсы еритін, майларда нашар еритін, тіндерге нашар сіңетін және көп мөлшерде фармакологиялық белсенді емес қосылыстар түзеуге көмектеседі. Әрине, бұл метаболиттер ағзадан жақсы шығарлады.

Сонымен, синтетикалық реакциялар жаңа метаболиттің түзілу синтезіне алып келеді және ол ацетилирлеу, метилирлеу (азот, күкір бойынша) ж.б. реакцияларының көмегімен жүзеге асады. Конъюгация заттардың бір ғана айналу жолы болуы мүмкін немесе метаболиттік трансформациядан кейін жүреді.

Жеке жағдайларда ағзада дәрі-дәрмектердің химиялық айналуы, түзілетін қосылыстардың белсенділігінің жоғарылауына алып келуі мүмкін.

 

1.1.5. Дәрілердің шығарылуы (экскреция)

Дәрі-дәрмектердің және олардың метаболизм өнімдері ағзадан шығарылуы (экскрециясы) негізінен бүйрек арқылы үш үддітің қатыуымен жүреді: шумақ сүзуі (жоғары молекулалы қоылытардан басқасы); құнарлық градиентіне қарсы арнайы тасымалдау жүйесінің өмегімен жүретін белсенді секреция; түтікшелер реабсорбциясы (қайта сүзілу) құнарлық градиент бойынша белсенді емес диффузия жолымен. Асқазан ішек жолдары арқылы, яғни өт арқылы ішекке түседі. Арнайы тасымалдаушы жүйелердің қатысуымен гепатоциттерден заттар өтке белсенді тасымалдаудың көмегімен өтеді. Дәрілік заттардың жартысы қаңға қайта сіңеді де қайтадан өт арқылы шығарылады. Бұл үрдіс энтерогепатикалық айналым деп аталады. Тыныс алу жолдары арқылы газ тәрізді және ұшпа заттар бөлінеді. Кейбір заттар бездер арқылы бөлінеді (тер, сілекей, жас және де лактация кезінде сүт арқылы).

 

1.1.6. Дәрілердің фармакокинетикалық өлшемдері

Дәрі-дәрмектердің тиімділік әсерін анықтау үшін фармакокинетикалық өлшемдерін анықтау қажет және қандағы оның құрамын көптеген тәсілдерді қолдану арқылы зерттейді (хроматография, спектрофотометриялық, радиоиммундық және ферменохимиялық сараптамалар ж.т.б.).

       
 
 
   

Осы тәсілдермен алынған мәліметтерден фармакокинетикалық иін және фармакокинетикалық көрсеткіштер түзіледі (мысалы, 1 график).


1 Сурет. Дәріні енгізгеннен кейінгі ағзадағы фармакокинетикалық иіні.

 

Денедегі фармакокнетикалық жүрістер шарт бойынша екі камерамен көрсетуге болады, соның ішінде дәрі-дәрмектер бір қалыпты тарайды.

Орталық камераға қанды жақсы жетістіруші мүшелер (жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек, эндокринді бездер) жатады, ал шеткі камераға шамалы қанды жетістіруші мүшелер (бұлшық еттер, тері, май талшығы) жатады. Орталық камерада дәрі-дәрмектер жылдам бөліседі, ал шеткі камерада баяу тарайды.

Негізгі фармакокинетикалық өлшемдер.

CL (Сlearance) – жалпы клиренс (тазалану).

T½ – жартылай шығу мезгілі.

Vт – таралу көлемі.

Cтт – тепе-тең шоғырымы.

AUC (area under curve) - фармакокинетикалық иін - мезгіл алаңы.

CL жалпы клиренс – қан сары су немесе қанның препараттан толық босаған уақыт саны.

Таралу көлемі (V½) – бұл дәрінің таралуын көрсететін жорамалданған сұйықтық көлемі.

Жартылай шығу мезгілі (Т1/2) – элиминация жүрісі арқылы қан ішіндегі шоғырымды 50% кеміту үшін керекті мезгіл.

Таратылу көлемі (VD) – барлық енгізілген шоғырымдағы дәрі-дәрмек мөлшерінің біркелкі таралуы үшін қажетті сұйықтық көлемі.

Тепе-теңдік шоғырымы (CSS) – дәрі-дәрмектің түсуі мен шығарылу жылдамдығын бірдей сипаттайтын жағдай.

 

1.2 Фармакодинамикалық кезең

Фармакодинамикалық фазада зерттелетін:

1) әсер ету механизмі

2) фармакологиялық ықпалдары

3) дәрі-дәрмектердің әсер ету орыны мен әсер ету түрлері.

Бұл жерде белгілі бір дәрінің ағзаға қалай әсер ететінін және қандай механизм арқылы, мүше мен жүйе жұмысында қандай пайдалы және жағымсыз ығысулардың болуы, зат алмасуларда қандай ықпалдар болатынын, медицинада не үшін қолданылатынын, осы жолда қандай жағымсыз ықпалдарды күтуге болатынын суреттейді.

Дәрі-дәрмектер мүше тіндерінің жасушаларымен байланысып, нысана-молекула қызметтерін түрлендіреді: рецепторлардың, эффекторлардың, ферменттердің, ионды түтікшелердің, тасымалдау жүйесін және басқаларын. Нәтижесінде ағзада жауапты реакциялар болады: мүшенің және жүйенің күшеюі, әлсіреуі немесе қызметінің қалыптануы. Нысана-молекулаға гормондардың, нейромедиаторлардың, нейромодуляторлардың көптеген арнамалы рецепторлар саны жатады.

Рецепторлар деп – дәрі-дәрмектер әрекеттесетін макромолекулалар қосылысының (нысана) белсенді топтарын айтады. Аталған термин Reception сөзі латын тілінен алынған – қабылдау, дәрілік заттардың әсері рецепторлық теория негізін қалаушы П. Эрлихпен ұсынылған. Осы ғылымның дамуы мен химиотерапия аймағы үшін ол 1908 жылы Нобель сыйлығын алды. Кейінгі зерттеулерінде рецепторлар фармакологиялық ықпалды жүзеге асыратын және талдамды байланыстыратын бөлшек ретіндегі түсінігін дұрыс екендігін дәлелдеді.

Негізінен рецепторлардың 4 түрін бөледі:

І рецептор түріне - тікелей ионды түтікшелер қызметін түйіндес, оларға жататындар – Н (никотин) -холинорецепторлар, ГАМҚ (гамма-аминомай қышқылы), глутамин рецепторлары жатады.

II рецептор түрі – эффектормен түйіндес «G (гуанозин)- ақуыз (екінші өткізгіштер) жүйесі арқылы. Бұндай рецепторлар гормондарда, медиаторларда М (мускарин) –холинорецепторларда, адренорецепторларда болады.

III рецепторлар түрі – тікелей эффекторлық ферменттер қызметін бақылайды (олар тирозинкиназамен байланысты).

IV рецепторлар түрі – ДНҚ-ның транскрипциясын немесе ядролық ақуызды (жауша ішілік рецепторлар) бақылайды. Бұндай рецепторлармен стероидтық және тиреоидық гормондар әрекеттеседі.

Көптеген рецепторлардың өзіндік түрлер бөлімдері болады, олар кейбір ерекше ауруларды емдеуге қолданатын жаңа талдамды әсер ететін дәріні жасауда маңызды болып келеді.

Негізгі рецепторлар және олардың түр бөлімдері.

1. α және β – адренорецепторлар (α1 және α2; β1 , β2 , β3)

2. М және Н-холинорецепторлар (М1, М2, М3, М4; Н – бұлшық еттік, нейрондық)

3. Н – холинорецепторлар – бұлшық ет және нейроналды түрдегі

4. ГАМҚ – рецепторлар (GABAA, GABAB, GABAC)

5. Дофаминдік рецептор (D1, D2, D3, D4, D5).

6. Серотонинді рецепторлар (5-НТ1, 5-НТ2, 5-НТ3, 5-НТ4, 5-НТ5 т.б.)

7. Пуринді рецепторлар (Р1, Р2, сонымен қатар 4 топтамадағы А1 А4).

8. Гистаминдік рецепторлар (Н1, Н2, Н3, Н4)

9. Ангиотензиндік рецепторлар (АТ1, АТ2)

10. Опиоидық рецепрторлар (μ, δ, κ) т.б.

 

Дәрі-дәрмек рецептормен байланысып, молекулярлық байланыс көмегімен «зат-рецептор» қосылысын түзейді.

Ковалентті байланыстар – электрондардың жалпы жұбының есебінен екі атомның арасында пайда болады. Олар заттардың қайтарымсыз байланысын қамтамасыз етеді, бірақ бұл байланыс кез-келген дәріге келе бермейді.

Ионды байланыс – оған ион-диполді және диполь-диполді байланыстар жақынырақ – электоростатикалық өзара әрекеттер топтар арасында пайда болады. Жасуша мембраналарының электрлі алқабына дәрілік заттар түседі, одан әрі рецепторлармен байланысу үшін қажетті демелген диполдердің түзілуі жүреді.

Сутектік байланыстар – бұл сутек атомдары отегінің, азоттың, күкірттің және басқа да атомдармен байланысады, ван-дер-ваальсовтар байланыстары әлсіз, екі кез-келген атомдардың арасында құрылған байланыстар.

Сулы ортада алқапсыз молекулалардың өзара әрекеті кезінде гидрофобты байланыстар құрылуы мүмкін.

Заттың тінге әсер етуі үшін, ол рецепторға ұқсас болуы керек. Ұқсас болу түсінігі «аффинитет» деп аталады.Аффинитет - дегеніміз дәрілердің рецепторлармен тез және тығыз байланысын айтады.

Аффинитеттің жоғарлық кезінде дәрінің ықпалдығы өте аз мөлшермен де кездесе береді. Бірақ, дәрінің мөлшері көбейе түссе оның қатынасы рецепторлармен азайады. Өйткені дәрілердің көптеген мөлшерлік бөлімдері, макромолекулярлық орталықтардың басқа белсендік қоспалық аз аффинитеттерімен қосылып кетеді. Бұл кезде дәрілердің кері ықпалдығы көбірек шыға бастайды және тиісті әсері азайады.

Дәрі-дәрмектер рецепторлармен қарым-қатынас құрғаннан кейінгі, сол рецептордың қызметтік маңызының реакциясын туғызу «ішкі белсенділік» термині деп аталады. Дәрінің рецепторға аффинитеттігі және қосымша ішкі белсендігі болса, бұны рецептордың агонисті (сәйкестік) дейді. Агонист ретінде препараттың арнамалы рецепторлармен әрекеттескендегі миметикалық әсерінің тұспалдануы, олар оны белсендіреді, рецепторлардың конформациясын өзгертеді, биохимиялық реакциялар нәтижесінде белгілі фармакологиялық ықпалдар туындайды. Мүмкіндігінше ең жоғары ықпалдар туындағанда толық агонистер деп аталады, ал рецепторлармен әрекеттескенде ең аз ықпал туындаса, яғни ең жоғары ішкі белсенділігі болмаса, онда жартылай агонисттер деп аталады.

Дәрі рецепторға аффинитеті болып тұрып, бірақ ол рецептормен байланысуға кедергі келтірсе оны антагонистік (қарсыма-қарсы) рецептор деп атайды. Рецептормен байланыса отырып, олар агонисттердің осы рецепторларға әсеріне кедергі жасайды, оларды тежегіш рецепторлар деп атайды. Антагонисттер агонисттердің байланысатын жерінен орын алса және оларды рецептормен байланысуын ығыстырса, бұндай ықпалдар бәсекелестік антагонист деп аталады. Егер антагонист агонисттің байланысатын нысанасы емес жерден орын алса, яғни ішкі белсенділікті реттемейтін, онда ол бәсекелестік емес антагонист деп аталады. Бұл кезде препарат рецепторды белсендіретін қабілеті болады және осы рецептордың түр бөлімін тежейді, онда оны агонист-антагонист деп аталады (наркотикалық ауыруды басатын дәрілерді қара).

Дәрі-дәрмектер үшін бсқа да аз арнамалы «нысана» рецепторлары бар. Олардың біріне ионды түтікшелер – N+, Са2+, К+ талдамды өткізетін және басқалары жасушалық мембрана арқылы өтетін (жергілікті анестетиктерді, аритмияға қарсы дәрілерді қара). Көптеген дәрілер ферменттердің тежегіштері болып келеді, олар үшін «нысана» ретінде. Кейбір тасымалдаушы ақуыздар дәрілерді жасуша мембранасы арқылы өткізеді (үш циклді антидепрессанттарды қара). Болашақта дәрілер үшін «нысана» белгілі гендердің түрлері болып келеді.

Фармакологиялық ықпалдары бойынша барлық дәрілер арнамалы және арнамалы емес болып бөлінеді, сонымен қатар талғамды әсер етеді. Арнамалы емес дәрілердің фармакологиялық ықпалдары кең спектрлі (витаминдер, адаптогендер ж.т.б.), ал арнамалы белгілі жүйенің рецептор аппараттарнына агонист және антогонист (α және β- адренорецепторлар, М және Н холинорецепторлар ж.т.б.) ретінде әсер етеді, талғамды көріністерде дәрі аз мөлшерде жүйенің тек белгілі бір мүше бөлімінің белсенділігін өзгертеді. Олдың белгілі бір тіндерде жиналу қабілеті бар, яғни оған ұқсас болып келеді.

Дәрілердің ағзаға тигізетін әсерлері: біріншілік немесе жергілікті әсер, яғни дәрінің қанға сінбей тұрып, жанасқан жердегі әсері; екіншілік немесе резорбтивті әсері (сіңірілу) – қанға сіңіп, қан тамырлары арқылы таралғаннан кейінгі әсері, үшіншілік немесе рефлекторлы әсері рецепторлы аппарат арқылы (жасуша мембранасында орналасқан макромолекулалық қосылыстар, вегетативті талшықтар синапстары мен басқа түзілістері) әсер ету жатады. Дәрілер үшін негізгі немесе емдік әсер тән, бірақ кейде жанама емдік әсері болуы мүмкін (жүрек гликозидтерін қара). Сонымен қатар, қалаусыз жанама әсерлері де болуы мүмкін. Препарат әсері қайтымды болуы мүмкін, ол кезде дәрі «нысанадан» немесе «рецептордан» ығыстырылады, кейде бұл «нысаналар» қайтымсыз тежеледі (фосфоорганикалық қосылыстарды қара). Талғамды немесе тропты (кардиотропты, психотропты дәрілер ж.т.б.) деген түсініктер бар, бұл кезде препараттың әсері бір мүшеге немесе жүйеге бағытталған.

 

1.3 Фармакодинамика мен фармакокинетиканың арасындағы байланыс

 

Препараттардың әсер ету механизміндегі айырмашылықтардың пайда болуы мөлшерге, дәрежесіне және терапиялық ықпал сипатына, сонымен қатар препараттың рецепторларға тікелей әсерінің (макромолекулалаық–нысана) және препараттың басқа да ағзаға тигізетін ықпал көріністерінің болуы, осының барлығы фармакодинамика мен фармакокинетиканың арасындағы тығыз байланысты көрсетеді.

Препараттың мөлшері мен әсерінің арасындағы байланыс фармакокинетикалық және фармакодинамикалық үрдістердің бірлестігі, ол енгізілген мөлшерге, және фармакокинетикалық көріністерге, яғни сіңірілуімен, биотрансформациясымен және экскрециясымен байланысты. Дәрілердің фармакодинамикасы ағзадағы биологиялық реакциялардың тізбегімен көрінеді.

Мөлшер (өлшем) бір рет қабылдауға арналған біріншілік мөлшер. Бір күнге қабылданатын мөлшер – тәуліктік мөлшер. Емдеу курсына тағайындалған – курстық мөлшер. Ең төменгі бастапқы мөлшер және ең жоғарғы емдік мөлшер деген түсінік бар. Осы мөлшерлердің арасындағы кеңдік терапиялық мөлшер диапазоны деп аталады. Емдік тәжірибеде орта терапиялық мөлшер алынады. Тағыда ең жоғары көтере алатын мөлшер бар, ол кезде токсикалық мөлшердің алғашқы белгілері көрінеді, яғни улану симптомдары. Улану немесе летальды мөлшер letalis dosis (LD) – бұл өлімге алып келетін мөлшер.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-08; Просмотров: 2817; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.