Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Темуров Ф.Т. 2 страница




(1962-1974 ж.ж.) (1974-1980 ж.ж.)

Ал 1967 жыл Чернов Е.Ф. «Филатов сабақшасымен қосарланған ақауларды жою» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады, ал

1968 жылы Чернов Е.Ф.-қа профессор атағы беріледі. 1958 жылдан бастап Чернов Е.Ф. қалалық, кейіннен Республикалық стоматологтар ұйымының ұйымдастырушысы және төрағасы, сонымен қатар Қазақ ССР Денсаулық Сақтау Министрлігінің бас стоматологы болып қызмет атқарды.

1974-1980 жылдар арасында кафедраны медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Мария Павловна Осколкова басқарады.

Мария Павловна Осколкова Пермь стоматология институтының түлегі, оны 1948 жылы бітірген. 1961-1963-ші жылдары Мәскеу қаласында аспирантурада оқиды. Ал 1963 жылы «Туа пайда болған ерін жырықтарына жасалған операциядан кейінгі мұрын және жоғарғы ерін ақаулары» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды.

1974-1980 жылдары Мария Павловна Осколкова Республикалық стоматологтар ұйымының ұйымдастырушысы және төрайымы және Бүкілодақтық стоматологтар ұйым басқармасының мүшесі болды.

1980 жылдан бастап дәл қазіргі кезге дейін Хирургиялық стоматология кафедрасын медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Алтын қандауыр» жүлдесінің иегері Жақсылық Бекбатырұлы Оразалин басқарады.

Медицина ғылымдарының докторы.,

профессор Оразалин Жақсылық Бекбатырұлы

(кафедра меңгерушісі 1980 жылдан бастап)

 

Жақсылық Бекбатырұлы Оразалин – Пермь стоматология институтының түлегі, оны 1964 жылы бітірген. Республикалық стоматологиялық емхананың бас дәрігері және Қазақ ССР Денсаулық Сақтау Министрлігінің бас стоматологы болып қызмет атқарды. 1970 жылы «Жарақатты оқтан болған төменгі жақ сүйегінің қабынуының клиникасы мен емі» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. 1977-1980 жылдары арасында стоматология факультетінің деканы, ал 1989 жылдан бастап 1999 жылға дейін ҚазММУ-дің клиникалық жұмысы жөнінде проректор қызметін атқарады. 1986 жылы «Төменгі жақ сүйегі сынығын емдеу көмегін жетілдіру сұрақтары» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғайды. Көп жылдар бойы профессор Жақсылық Бекбатырұлы Оразалин Республикалық стоматологтар ұйымының төрағасы және Бүкілодақтық стоматологтар ұйым басқармасының мүшесі болды.

 
Кафедрада медицина ғылымдарының докторы, профессор, Төлеуов Қалдан Төлеуұлы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Русанов Владимир Петрович, медицина ғылымдарының докторы, доцент, Ибрагимова Роза Сафиулина, медицина ғылымдарының докторы, доцент, Мырзақұлова Ұ.Р. және көптеген медицина ғылымдарының кандидаттары, доценттер мен білімді де білікті ұстаздар қауымы қызмет атқарады.

 

 

Медицина ғылымдарының докторы., Медицина ғылымдарының докторы.,

профессор Төлеуов Қ.Т профессор Русанов В.П.

Біздің елімізде Тәуелсіз Қазақстанда тістік имплантацияны бірінші болып Республикалық Ғылыми Клиникалық Стоматология Орталығы, ҚазҰМУ-нің хирургиялық және ортопедиялық стоматология кафедралары профессорлар Ж.Б.Оразалин мен Қ.Т.Төлеуов басшылығында клиникаға енгізе бастады.

Тістік имплантацияның Тәуелсіз Қазақстанда дамуында ғылыми-өндірістік бірлестік Импланттың көмегі мен қолдауы орасан күшті болды. Бұл сала бойынша ғылыми-өндірістік бірлестік Импланттың алатын орны айрықша және мәртебелі. Тістік имплантация еліміздің үлкен қалаларында: Алматы, Астана, Қарағанды, Өскемен, Тараз және Шымкент жақсы жолға қойылған. Қазақстан Республикасында 2010 жылы сәуір айының 16-17-ші жұлдызында тістік имплантология бірлестігінің І-ші құрылтайы өтті. Қазақстан Республикасында тістік имплантология бірлестігінің президенті болып медицина ғылымдарының докторы., профессор Жартыбаев Рахмет Нөкейұлы сайланды.

 
Осы жылдар арасында Қазақстан Республикасында хирургиялық стоматология және бет-жақ аймағы хирургиясы саласының дамуында өзінің елеулі еңбегімен танылған тұлғалардың көшін бастайтын білікті маман-ғалым бұл медицина ғылымдарының докторы, профессор, Сағатбаев Жамбыл Сағатбайұлы.

Ол көп жылдары бойы Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында хирургиялық стоматология және бет-жақ аймағы хирургиясы басқарды.

       
 
   
 

 


Медицина ғылымдарының докторы., Медицина ғылымдарының докторы.,

профессор Сағатбаев Ж.С профессор Жартыбаев Р.Н.

Оның бет-жақ аймағындағы ақауларды пластикалық жолмен қалына келтіру саласында қолданған әдістері әлемде теңдесі жоқ жетістік болып саналуда. Қазақстан Республикасында хирургиялық стоматология және бет-жақ аймағы хирургиясы саласының дамуында атақты ғалым ретінде танылған тұлғаның бірі медицина ғылымдарының докторы, профессор, Құраш Аманкелді Ғалымжанұлы.

 

 

 

Медицина ғылымдарының докторы., Медицина ғылымдарының кандидаты.,

профессор Құраш А.Ғ. доцент м.а. Темуров Ф.Т.

Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының хирургиялық стоматология және бет-жақ аймағы хирургиясы кафедрасын басқарды.

250-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрген. Бет-жақсүйек аймақтары ауруларын нақтамалау және хирургиялық емдеу әдістерінің 21 патентінің иесі.

Бет-жақсүйек аймақтарын қалпына келтіру және пластикалық хирургиясының еліміздегі білікті де тәжірибелі мамандардың бірі.

Қазақстанның орталық аймағында хирургиялық стоматологиялық көмекті ұйымдастыру өте маңызды және күрделі мәселелер болып бүгінгі күннің күн тәртібіне түспей тұр. Бұл маңызды мәселелерді шешуде белсенді қызмет атқарып жатқан ғалымдардың бірі Астана Медицина Университетінің хирургиялық және терапиялық стоматология кафедрасының доценті медицина ғылымдарының кандидаты Батыров Төлеутай Оралбайұлы. Оның 70-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрген. Бет-жақ сүйек аймақтары ауруларын нақтамалау және хирургиялық емдеу әдістерінің 2 патентінің иесі.

Оңтүстік өңірде хирургиялық стоматологиялық көмекті ұйымдастыру және сапалы мамандар дайындау 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясының құрамында Хирургиялық стоматология кафедрасының ашылуымен байланыстыруға болады.

Кафедраның алғашқы ірге тасын қалаған медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты бет-жақ аймағы хирургі, I-ші Ташкент Мемлекеттік Медицина Институтының түлегі Темуров Фазладин Тұрабайұлы.

Ол Орта Азия және Қазақстан Республикасына біріншілерден болып бет-жақ аймағының сынықтарында және де пластикалық оталарда өз қалпын сақтап қалатын никелид-титан қоспасынан жасалған бекіткіштерді енгізу арқылы емдеудің заманауи түрлерін қолданып толағай табыстарға қол жеткізді. Ғылыми-зерттеу нәтижесінде 70-тен астам еңбегін жария етті, 2 авторлық куәлікке, 2 патентке ие. Қазіргі кезде хирургиялық стоматологиялық көмекті ұйымдастырудың жаңаша заман талаптарына жауап беретін әдістерін енгізіп оны докторлық диссертация күйінде қорғау үстінде. Жекешелендіруге халқымыз өте үлкен үміт атқан еді, бірақ бұл үміт ақталмады. Қарапайым халық қол жетім көмекке мұқтаж болып қалды. Жекешеленген мекемелердің қызмет көрсету ақысы артып, қызмет сапасы

 
өте төмендеп кетті. Қазіргі кезде стоматологиялық көмекке 15 млн халқымыздың 75-85%-ы мұқтаж жандар. Осындай көптеген әлеуметтік қайшылық жағдайларға байланысты жекешеленген мекемелерді мемлекетке қайтару мәселелері туындауда және көтеріліпте жатыр. Ауылдарда, аудан орталықтарында кеңес алатын стоматологиялық мекемелер жоқтың қасы.

Солардың 80-85%-ы халық тығыз жайласқан мекен-жайларда орналасқан. Сондықтан бұл көтерілген мәселелер өте көкейкесті мәселелердің өзектісі, әрине шешімі өте күрделі, оны шешу Мемлекетіміз және Үкімет басшыларының құзырында. Жекешеленіп кеткен облыстардағы облыстық стоматологиялық емханаларды мемлекет меншігіне қайтару және Үкімет басшысының 1996 жылғы шыққан № 240-241 бұйрықтардың өз күшін жою мақсатында көптеген қоғамдық және мемлекеттік мекемелермен бірлесіп жұмыс атқаруда.

Кафедра меңгерушісі болып медицина ғылымдарының кандидаты, бірінші санатты хирург-стоматолог Кенбаев Валихан Омарханұлы тағайындалды.

 
 


 

медицина ғылымдарының кандидаты., медицина ғылымдарының кандидаты., доцент БатыровТ.О. доцент Кенбаев В.О.

 

 

Кафедрада көптеген талантты жастар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп кандидаттық диссертациялар қорғауда.

 

 

медицина ғылымдарының кандидаты., медицина ғылымдарының кандидаты.,

жоғары санатты дәрігер, ШЖЖА, жоғары санатты дәрігер, Облыстық

БЖА бөлімінің меңгерушісі, стоматология емханасының

Дюсупов К.Б. бас дәрігері Орманов Е.К.

Солардың бірі Шымкент жедел жәрдем ауруханасында Бет-жақ аймағы бөлімін басқара отырып ғылыми-зерттеу жұмыстарын ойдағыдай нәтижелі жүргізіп 2009 жылы кандидаттық диссертация қорғап медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алған жоғары санатты бет-жақ аймағы хирургі Дюсупов Кенжебек Бөкейұлының және 2010 жылы кандидаттық диссертация қорғап медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алған жоғары санатты дәрігер стоматолог, Областық стоматология емханасының бас дәрігері Орманов Ерғали Керімбекұлы, сонымен қатар медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер стоматолог, Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бас стоматологы Шоқпаров Асылбек Баяділұлының айрықша еңбектерін атауға болады.

Хирургиялық стоматологиялық көмекті ұйымдастыру және халыққа заман талабына сай қызмет ету мақсатында жаңадан бет-жақ аймағы хирургиясы стационарлық бөлімшелерін ашу жоспарлануда.

Шет елдік озық тәжірибелерді, инновациялық жаңалықтарды пайдалану нәтижесінде Тәуелсіз Қазақстан халқына мүлтіксіз қызмет ету және заман талабына жауап беретіндей ұлтшыл жас қазақ мамандарын дайындау негізгі мақсатымыз болып қалуда.

 

 

 
II ТАРАУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ КӨМЕГІН ҰЙЫМДАСТЫРУ.

Жаңа нарықтық заманда орталықтан басқару жүйесі әлсіреп аймақтық стоматология қызметінің ролі күшеюде. Қазіргі кезде Дүние жүзілік стоматологтардың қауымдастығының ұйғарымына сай үш деңгейлік стоматологиялық қызмет көрсетілуде. Олар: білікті, арнайы, жіті арнайы. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің бұйрығы бойынша республикалық, облыстық, қалалық, аудандық стоматологиялық емханаларда хирургиялық стоматология бөлімшесі немесе бөлмесі болуы тиіс. Қалаларда, қалалық аудандарында стоматологиялық емханалар немесе жалпы емханалар құрамында хирургиялық стоматология бөлмелері болуы керек. Олардың жұмыс негізі тұрғылықты халықтың санына байланысты. Жедел медицина көмегін көрсететін бөлімшелер мен ауруханалардың құрамында стоматология бөлімшелері көзделінген.

Ауруханаларда, медико-санитарлық бөлімдерде, балалар ауруханаларында, диспансерлерде, госпитальдарда хирургиялық стоматология көмегі бет-жақ хирургия бөлмелерінде көрсетіледі, олар дерттің алдын алуға бағытталған. Бұл бұйрықта ауылдық жерлерде, ауданның орталық ауруханаларына қарайтын стоматология бөлімшесі (бөлмесі) ашылуы тиіс.

Бұл бөлімшелерде (бөлмелерде) барлық стоматологиялық науқастармен қоса хирургиялық науқастарға да көмек көрсетіледі.

Стоматология емханаларында хирургия бөлімшесін (бөлмесін) ұйымдастыруда келесі жағдайлар ескерілуі тиіс: халықтың саны, ауданның қөлемі, тұрғындардың ерекшеліктері, бөлмелердің санитарлық және гигиеналық нормалары, штат кестесі, емханалар санаты-дәрежесі, ауруханалар мен емханалардың құрал-саймандарының тізімі.

Бөлімшелер (бөлмелер) дұрыс және жақсы жұмыс істеу үшін мамандарды өз орындарына қою, әрбір қызметкерлерге белгілі талаптар мен міндеттер, бөлімше (бөлме) жұмысының жалпы көлемін анықтау, хұжаттар жүргізу сияқты талаптар қойылады.

Стоматология емханаларында хирургия бөлімшесін ұйымдастыруда «стоматологияны мамандандырылған мекемелерде ұйымдастыру, жабдықтандыру және пайдалану санитарлық ережелерін» қолдану керек.

Стоматология емханаларында хирургия бөлімшесінің керекті хұжаттары мыналар:

1). Стоматологиялық науқастар үшін емханалық сырқатнама Ф.№ 043/у.

2). Дәрігер-стоматологтың күнделікті есеп кітабы Ф.№ 39

3). Ауруханаға жатқандығы туралы сырқатнамадан көшірме Ф.№ 027/у

4). Кеңес алуға және қосымша зерттеу жүргізу үшін басқа бөлімдерге

жолдама қағазы Ф.№ 028/у

5). Отаның нобайын жазу жорналы Ф.№ 069/у

6). Бақылау-сараптама комиссиясының жорналы

7). Жарақат алған науқастарды есепке алу жорналы

8). Жедел түрде тырыспаға қарсы алдын алу шараларын жүргізуге

арналған жорнал

9). Дәрі-дәрмектерді есепке алу жорналы

10). Гистологиялық, цитологиялық зерттеу және басқада емдеу

мекемелеріне кеңес алу үшін берілетін жолдама

11). Уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы анықтама Ф.№ 094-1/у

және 095-1/у

12). Науқастарды диспансерлік есепке алу және бақылау жорналы Ф.

№ 030/у.

Ереже бойынша хирургия бөлімшесін ашу үшін кемінде 5 бөлме керек.

Олар:

1). Дәрігер қабылдауын күтетін бөлме (көлемі бір ауруға 1,2 м2 орта есеппен 4 ауруға арналуы керек). Аурулар дәрігер қабылдауын емхананың жалпы дәлізінде күтулеріне болады.

2). Ота алдындағы бөлме (көлемі 10 м2).

3). Ота бөлмесі (бір орындыққа немесе бір ота жасайтын орындыққа 23 м2, ал келесі әрбір орындық немесе стол қою үшін 7 м2 қосылады).

4). Залалсыздандыру жасайтын бөлме (көлемі 8 м2).

5). Отадан кейін аурулар уақытша жататын бөлмесі.

Стоматология емханаларында тек хирургиялық бөлімше болса, оған 3 бөлме керек:

1). Дәрігер қабылдауын күтетін бөлме.

2). Залалсыздандыру жасайтын, қол жуатын, материал дайындайтын көлемі кемінде 10 м2 ауа соратын шкафпен жабдықталған бөлме.

3). Ота жасайтын бөлменің көлемі бір орындыққа 14 м2, ал келесі қойылатын әрбір орындыққа 7 м2 болуы қажет.

Сонымен қатар қазіргі кезде шығарылып жатқан құрал-саймандардың көлемі ауқымды болуы мен бірге бірнеше бөлшектерден тұратыны барлық медицина қызметкерлеріне белгілі. Сол үшін ота жасайтын бөлменің көлемі бір орындыққа 20 м2, ал келесі қойылатын әрбір орындыққа 10 м2 болуы қажет.

Құрамдарында стоматология бөлімшелеріндегі хирургия бөлмелерінің қабырғалары тегіс, полихлорвинилді немесе әшекейленген жылтырайтын тақтамен (плиткалармен) жабылған, еденіне линолиум немесе керамикалық тақталар (плиткалар) төселуі қажет. Бөлме төбелері сулы эмульсиямен немесе майлы бояулармен боялуы керек. Есік-терезелер майлы бояулармен сырланып, әрі тегіс болулары қажет. Хирургия бөлмелері ыстық-суық сумен және орталық жылыту жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Хирургиялық бөлмелердің температурасы 18-25° болып, олар ауа сорғыштар, фромуга және форточкалармен қамтамасыз етілулері қажет.

Хирургиялық стоматология бөлімшесінің (бөлмесінің) жабдықталуы.

Хирургиялық стоматология бөлімшесі (бөлмесі)Кеңес Одағы Денсаулық сақтау Министрінің 12.06.1984 жылғы № 670-ші бұйрығын негізге ала отырып жабдықталады.

 
 

 

 


Сурет-1. Ота бөлмесінің жалпы көрінісі

 

Хирургиялық стоматология бөлімшесінде (бөлмесі)төмендегі құрал-саймандар болуы шарт:стоматологиялық орындық, қабырғасыз шырақ, құрал-саймандар үшін үстелдер, дөңгелек айналмалы орындық, ұштығы бар электрлі бормашина, бактерицидті және ультракөгілдір шырақтар; стоматологиялық құрал-саймандар: бір рет қолданылатын дәрі жіберетін инелер, шымшуыр-стоматологиялық, хирургиялық, анатомиялық, көздік; стоматологиялық айна, қалақша, қысқыштар мен элеваторлар жиынтығы, қандауыр және оның тұтқасы, өткір және өтпес ілгек, қырып тазалауға арналған қасық, сүйек тістеуігі, қайшы, қан тоқтататын қысқыш және т.б.

Барлық бөлмелер жарық болу керек. Қолдан жасалатын жарықтың екі түрі пайдаланылады: жалпы жарық жүйесі, көлеңке түсірмейтін электр жарығы. Бөлмелердегі жиһаздар нитроэмальды ашық бояулармен боялынып, жұмыс столдары шынымен жабылу керек.

Бөлімшелерді (бөлімдерді) тәулігіне екі рет ылғалды тазалап турады: аусым аралығында, жұмыс күнінен кейін. Жиһаздардың қабырғасының төменгі жағын, терезе алдын, еденді ыстық сумен жауады. Барлық бөлмелерді, тәулігіне 1 рет бактериоцитті шаммен өңдейді. Бөлімшені (бөлмеде) жетісіне бір рет жалпы тазартудан өткізеді. Бактериялық бақылау, бөлімшелердің (бөлмелер) санитарлық жағдайының сыншысы (Кеңес Одағы Денсаулық сақтау Министрінің 31.06.1978 жылғы №720-ші

бұйрығы) болып есептеледі.

Стоматологиялық емхана ғимаратында аурулардың (жұқпалы) алдын алу мақсатында залалсыздандыру шаралары мынандай топтарға бөлінеді.

1.бөлмелерді, бөлме қабырғаларын, санитарлық-техникалық құрал-жабдықтарды залалсыздандыру үшін қолданылатын тазалағыш заттар.

2. медициналық бұйымдарды залалсыздандыру үшін қолданылатын тазалағыш заттар.

3. медициналық құрал-саймандарды залалсыздандыруға дейінгі қолданылатын тазалағыш заттар.

4. қолдағы микробтарды жою үшін қолданылатын заттар.

5. шығындыларды залалсыздандыру үшін қолданылатын тазалағыш заттар.

6. кіші-гірім медициналық бұйымдарды залалсыздандыру үшін қолданылатын тазалағыш заттар.

Стоматологиялық емханада аталған тазалағыш заттардан басқада әмбебап көптеген тазалағыш заттар шығарылуда. Олар қолдануға қолайлы және санитарлық ережелер мен талаптарға толық жауап береді. Стоматологиялық емханада әр түрлі залалсыздандыру үшін қолданылатын тазалағыш заттардан қолдануға болмайды.

Стоматологиялық науқастарды қабылдаған кезде және медициналық көмек көрсетуде жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында дәрігер стоматологтың жеке гигиенасы (қолы) басты да маңызды қызмет атқарады. Ғылыми тұрғыда дәлелденгендей, дәрігер стоматологтың қолынан бірнеше микроорганизмдердің іздер табылған. Осыған байланысты стоматологиялық емханада жұмыс атқаратын медицина қызметкерлерінің 2/3-сінде кәіптік аурулар бар екендігі анықталған. Медицина саласында қызмет атқаратын қызметкерлердің қолын өңдеу жүйесі 3 сатыдан тұрады: қолды жай жуу,қолды гигиеналық өңдеу, қолды хирургиялық жолмен өңдеу.

Науқасты дәрігер зерттеп көргенде және дәрігерлік әрекет жасағанда бет перде, көзді қорғайтын көзілдірік, резеңке қолғап, ал ота кезінде залалсыздандырылған халат және аяғына бахила киюі шарт.

 

2.1. Стоматология емханаларындағы медицина қызметкерлерінің штаттық нормативі

Қазақ Республикасының денсаулық сақтау министрінің бұйрығы бойынша 10000 тұрғынға 4 дәрігер-стоматолог бөлінген.

Стоматология емханаларында 7-12 штаттан тұратын хирургия бөлімшелерінде 0,5 ставкаға бөлім меңгерушілері тағайындалады. Егер бөлім 12 штаттан тыс болса, онда оған қосымша меңгеруші тағайындалады. Хирург- стоматолог бөлім меңгерушісіне немесе емдеу-профилактикалық бөлімінің меңгерушісіне бағынады.

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы бойынша 20 дәрігерге 1

дәрігер-анестезиолог, 25 дәрігерге 1 дәрігер-рентгенолог тағайындалған. Бір дәрігерге бір медбике және бір санитарка тағайындалады.

Бөлімдерді (бөлімшелерді) керекті құралдар, төсек-орындар, жиһаздармен жабдықтауда, «ауруханалар және емханалар жабдықтау тізімі» және «Бір дәрігер-стоматолог және тіс технигіне жұмсалатын стоматологиялық материалдардың уақытша мөлшері» туралы бұйрықтарды нұсқау етіп алған жөн.

2.2. Хирургия бөлімінің еңбек жұмысын ұйымдастыру




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 1844; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.085 сек.