Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Салыстырмалы диагностикасы. ҚД-2 кезінде ҚД жоқ науқастармен салыстырғанда ЖИА-мен сырқаттану қаупі 6 есе жоғары




Диагностикасы

Эпидемиологиясы

ҚД-2 кезінде ҚД жоқ науқастармен салыстырғанда ЖИА-мен сырқаттану қаупі 6 есе жоғары. Артериялық гипертензия ҚД-1-мен сырқаттанған науқастардың 20%-да, ал ҚД-2-мен сырқаттанған науқастардың 75%-да дамиды. ҚД кезінде шеткі қантамырлардың облитерациялаушы атеросклерозы науқастардың 10%-да, бас миы қантамырларының тромбоэмболиясы 8%-да көрініс береді (ҚД-мен сырқаттанбаған науқастармен салыстырғанда 2–4 есе жоғары).

 

Клиникалық көрінісі

ҚД жоқ науқастардың клиникалық көріністерінен ерекшеленбейді. ҚД-2 кезінде макроқантамырлық асқынулар (миокард инфаркті, инсульт, аяқ қантамырларының окклюзионды зақымдалуы) алдыңғы орынға шығады және осы асқынуларды анықтау барысында алғаш рет гипергликемия анықталады. ҚД-мен сырқаттанған науқастарда автономды нейропатияның дамуына байланысты 30% жағдайда миокард инфаркті ангинозды ұстамасыз өтеді (ауырсынусыз инфаркт).

 

Атеросклероз асқынуларын диагностикалау қағидалары ҚД жоқ науқастарда асқынуларды диагностикалаудан еш ерекшелігі жоқ (ЖИА, бас миы, аяқ қантамырларының окклюзионды зақымдануы). Артериялық қан қысымын өлшеу ҚД-мен сырқаттанған науқастардың әрбір дәрігерге келуі кезінде міндетті түрде орындалуы тиіс. Қанның липидті спектр көрсеткіштерін анықтау (жалпы холестерин, үшглицеридтер, ТТЛП, ТЖЛП) жылына бір реттен кем зерттелмеуі қажет.

 

Басқа да жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары, симптоматикалық артериялық гипертензия, екіншілік дислипидемиялармен жүргізу.

Емі

· Артериялық қан қысымын бақылау. ҚД кезінде систолалық ҚҚ 130 ммHg, ал диастолалық ҚҚ 80 ммHg (кесте 7.3) болуы тиіс. Бұған қол жеткізу мақсатында науқастардың көбіне бірнеше гипотензивті дәрілерді тағайындайды. ҚД кезінде гипотензивті терапияның таңдау дәрілері ААФ ингибиторлары және ангиотензин рецепторларының блокаторлары болып табылады, сонымен қатар қажет болғанда тиазидті диуретиктер тағайындалады. ҚД сырқаттанған, миокард инфарктін басынан өткізген науқастарға таңдау дәрісі β-адреноблокаторлар болып табылады.

· Дислипидемия коррекциясы. Липидті спектр көрсеткіштері 7.3 кестеде көрсетілген. Гиполипидемиялық терапияның таңдау дәрілеріне 3-гидрокси-3-метилглутарил-КоА-редуктаза ингибиторлары (статиндер) жатады.

· Антиагрегантты терапия. Аспиринмен терапия (75–100 мг/сут) 40 жастан асқан ҚД-мен сырқаттанған науқастарға жүрек-қантамыр жүйесі патологиясының даму қаупі жоғары болғанда (асқынған отбасылық анамнез, артериялық гипертензия, темекі тарту, дислипидемия, микроальбуминурия), атеросклероздың клиникалық көрінісі анықталған барлық науқастарға екіншілік профилактика мақсатында тағайындалады.

· ЖИА скринингтеу және емдеу. ЖИА-ны анықтауға арналған жүктемелік тесттер жүрек-қантамыр жүйесі аурулары симптомдары көрініс берген, ЭКГ-де патология анықталған науқастарға тағайындалады.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 628; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.