Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Этиологиясы. 25–30 жас аралығында дамитын морбидті семіздік әсерінен дамитын өлім көрсеткіші қалыпты дене массасымен адамдармен




Болжамы

25–30 жас аралығында дамитын морбидті семіздік әсерінен дамитын өлім көрсеткіші қалыпты дене массасымен адамдармен салыстырғанда 12 есе жоғары. 10 %-ға немесе одан да көпке науқас арықтағанда өлім көрсеткіші 20 %-ға, жүрек-қантамыр жүйесі аурулары 9 %-ға, қант диабеті — 44 %-ға, онкологиялық аурулар— 40%-ға төмендейді.

 

11.3. ЖҮЙКЕЛІК АНОРЕКСИЯ

Жүйкелік анорексия (ЖА) (an — жоқ, orexis —тағамқа шақыру) —ауыр айқын эндокринді және соматикалық бұзылыстарға әкелетін, ағзаға түрлі әдістердің көмегімен (жасанды түрде құсу рефлексін шақыру, іш өткізетін, зәр айдайтын дәрілерді қабылдау) немесе тағамнан саналы түрде бас тарту нәтижесінде дамитын тағам қабылдау тәртібінің патологиялық бұзылысы (11.4 кесте).

 

11.4 кесте. Жүйкелік анорексия

 

Этиологиясы Генетикалық бейміділік, тұлғаның преморбидті ерекшеліктері, эмоционалды лабильділік, психопатизация, «мінсіз дене пішіні» жөніндегі қоғамда қалыптасқан пікір.
Патогенезі Дисморфофобия, дисморфомания, тағамнан бас тарту, жүдеу.
Эпидемиологиясы 16–18 жас аралығындағы жас қыздардың 1 %-да көрініс береді; жасөсіпірім қыздар мен қыздардағы дене салмағын жоғалтудың басты себебі.
Басты клиникалық көріністері Науқастың тамақтан бас тартуын жасыруы,тағам қабылдаудан кейін жасанды түрде құсу рефлексін шақыру, булимия ұстамалары, аменорея, брадикар- дия, артериальді гипотензия, ұзақ уақыт бойы қыимыл және интелектуальді белсенділігінің сақталуы, кахексиялық сатыда терім асты шел май қабатының болмауы, ақуызсыз ісінулер, электролит алмасуының айқын бұзылысы.
Диагностикасы Жүйкелік анорексия диагнозының қағидалары: — салмағының төмендеуіне қарамастан, дене салмағын қосу жөніндегі ойға үрейлі қорқыныш. — жағдайының ауырлауына қарамастан, сырт-әлпеті жөніндегі уайым. — минимальды қалыпты деңгейден дене массасын сақтаудан бас тарту. — аменорея Жүйкелік булемияның даигностикалау қағидалары: — тағам қабылдау эпизодтарының жиіленуі — жоғары құндылықты, тез сіңірілілетін тағамдарды ұстама кезінде қабылдау — тағам қабылдау реттелігін сақтай алмау
Салыстырмалы диагностикасы 1. Эндокринді аурулар: гипофизарлы шамасыздық, бүйрек үсті безі шамасыздығы. 2. Ауыр соматикалық аурулар: туберкулез, қатерлі ісіктер, мальабсорбция және т.б. 3. Психикалық аурулар (анорексиялық синдроммен шизофрения және т.б.)
Емі Психиатрмен жүргізіледі.
Болжамы Өлім жітім көрсеткіші 5–10 %; тек науқастардың 65 %-ын толығымен сырқатынан айырылған деп есептеуге болады

 

ЖА дамуына генетикалық бейімділіктің әсер ететіні сөзсіз: бір жұмыртқалы егіздерде конфорданттылық 50 %, ал егіз болып табылмайтын апалы-сіңілілерде — 20 %. Генетикалық бейміділік, тұлғаның преморбидті ерекшеліктері, эмоционалды лабильділік, психопатизация, «мінсіз дене пішіні» жөніндегі қоғамда қалыптасқан пікір ЖА дамуына әкеледі. Үлкен маңыздылыққа отбасыда тәрбие, науқастың физикалық және психикалық дамуы, әлеуметтік түрткілер ие болады. ЖА-мен жиі жоғарғы интеллекті, эмоциональді лабильді, депрессияға бейім, клептомания, фобияға жақын, истероидты, шизодты, параноидальді тұлғалық типті қыз балалар ұшырайды. ЖА сирек жағдайда психикалық аурулары бар ер адамдарда дамиды. Әдетте, ЖА перипубертантты кезеңде, эндокринді жүйеде дамитын физиологиялық өзгерістер көрінісінде жарыққа шығады. ЖА-ның булимиялық түрі гипоталамус-гипофизарлы жүйенің преморбидті ерекшеліктерімен тығыз байланысты.

 

Патогенезі

Жоғарыда көрсетілген түрткілер науқастардың тағам қабылдаудан бас таруына әкелетін тұрақты дисморфоманиясы мен дисморфофобиясына әкеледі. ЖА түрлерінің бірі жүйкелік булемия болып табылады. Жүйкелік булемия ұзақ уақыт бойы ашығу эпизодтарының ретсіз көп мөлшерде тағам қабылдауынан кейін жасанды түрде құсу рефлексін шақырып, асқазанды шаюымен сипатталады. Жүдеуге әкелетін ашығу екіншілік нейроэндокринді және метаболикалық өзгерістердің дамуына жол ашады. Менстуральды цикл аменореяға дейін бұзылады, бұл гонодотропты гормондар деңгейінің пубертаттық кезеңге дейінгі мөлшерге дейін төмендеуімен түсіндіріледі. Ауыр ЖА-ға гипокалиемия, калийдің абсолютті тапшылығы, сусыздану, жасушаішілік ацидоз тән. Кенеттен дамитын науқастардағы өлім себебі элекролитті бұзылыстармен байланысты.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 703; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.