Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

КІРІСПЕ 1 страница




КБЖ 88я7

Балшекеев С.Б.

Б 22

КБЖ 88я7

Философия негіздері

Философия негіздері

 

 

Қарағанды 2010

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

С.Б. Балшекеев, Н.Ж. Сарсенбеков, М.Ө. Төлеуова

 

 

 

Университеттің Ғылыми кеңесі

оқу құралы ретінде бекіткен

 

Қарағанды 2010

ӘОЖ 101 (075.8) =512.122

 

 

Университеттің Редакциялық – баспа кеңесі ұсынған

 

 

Пікір жазғандар:

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ф.ғ.к., доцент Джалилов К.Ш.;

Болашақ институтының «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Елікбаев Н.Е.;

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің Редакциялық-баспа кеңесінің мүшесі, профессор, т.ғ.д. И.Д. Арыстан

 

Б 22 Философия негіздері: Оқу құралы/ С. Б. Балшекеев, Н.Ж. Сарсенбеков, М.Ө.Төлеуова; Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті. -Қарағанды: ҚарМТУ баспасы, 2010. - 95 б.

ISBN 9965-04-603-4

Оқу құралы философиялық көзқарастың тарихи типтерін, дүниені танып-білудің және оның жалпы теориялық-әдістемелік қағидаларын негіздеп береді. Сонымен бірге, философия мен өзге нақты ғылымдар арасындағы тығыз байланысын көрсете отырып, табиғат пен қоғам дамуының неғұрлым жалпы заңдары мен категориялары баяндалады. Ерте уақыттағы философиялық көзқарастар мен қазіргі уақыттағы өзекті деп саналатын философиялық мәселелер қарастырылады. Оқу құралы жаңа инновациялық және кредиттік оқыту, білім беру бағдарламасына сәйкес жазылып, студенттерге арналған.

ӘОЖ 101 (075.8) =512.122

 

 

 

ISBN 9965-04-603-4 © Қарағанды мемлекеттік

техникалық университеті, 2010

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ......................................................................................................................4

ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНІ, БАҒЫТТАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ................................5

ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫС ЖӘНЕ АНТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ....................................9

БАТЫС ЕУРОПАЛЫҚ ЖӘНЕ АРАБ - МҰСЫЛМАНДЫҚ

ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ........................................................................22

РЕНЕССАНСТЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢА ЗАМАН ФИЛОСОФИЯСЫ.........................28

РЕСЕЙЛІК КОНТЕКСТЕГІ ОРЫС ФИЛОСОФИЯСЫ......................................39

ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ.....................................................................................42

КЕҢЕСТІК ДӘУІРДЕГІ МАРКСТІК ФИЛОСОФИЯ.........................................49

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БАТЫС ЕУРОПА ФИЛОСОФИЯСЫ...............................53

ФИЛОСОФИЯДАҒЫ БОЛМЫС МӘСЕЛЕСІ......................................................60

ФИЛОСОФИЯДАҒЫ АДАМ МӘСЕЛЕСІ............................................................68

ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ...............................................................................72

МАХАББАТТЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ.....................................................77

ТЕХНИКА ФИЛОСОФИЯСЫ...............................................................................83

ДИАЛЕКТИКА ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАҢДАРЫ..........................................................87

ФИЛОСОФИЯДАҒЫ ТАНЫМ МӘСЕЛЕСІ....................................................... 91

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................................95

 

Қазіргі тәуелсіздік алған шағымызда білікті маман, білімді азамат дайындау заман талабы. Қоғам дамуы мен мәдениеттің кең қанат жайып, өркендеуі кез келген жас жеткіншектердің үлесінде екені даусыз. Сондықтан, философия пәнін оқып - үйрену аса қажет. Себебі, философия ілімі адам баласының сан ғасырлар бойына жинаған өзіндік санасының ең жоғарғы формасы, ақиқат деп саналған ой-тұжырымдар жүйесі. Қоғамда болып жатқан өзгерістер мен құбылыстардың ішкі мәні мен маңызын түсіндіру және түсіну барысында философиялық ойлау жүйесінің көмегі зор. Соған орай жоғары оқу орындарындағы студенттер мен философия ғылымын өздігінше оқып - үйренушілер үшін бұл оқу құралының көрсетер қызметі ерекше.

Аристотель өзінің «Поэтикасында» кез келген пәнді зерттеу барысында тек философтар ғана емес, сонымен қатар өзге де қарапайым адамдар ойлау қабілеті төмендеу болса да рақатқа ие болады деп жазған болатын.

Әрине, философтарды, тіпті философияға құштар жандардың өзін де, сөзін де түсіну қиын. Олардың философия ілімі жағынан қолданатын кейбір сөздері философиядан хабары жоқ адамдар үшін күңгір көрінуі ғажап емес. Өйткені, даналық қуушылардың сан ғасырлар бойына өзіндік арнайы сөздігі қалыптасқан еді. Әрине, бұл сөздікті аталған ілімнің өкілдері ғана қолданары анық, ал егерде қолыңызға философия оқулығы не болмаса философиялық сөздік кез бола қалған жағдайда «бас қатыруыңызға» тура келеді. Оның себебі де бар: Сократ немесе Платон секілді ұлы ғұламалардың дүниетанымы баланың ойыны емес екендігі бесенеден белгілі. Сондықтан да философия ілімін көз жүгіртіп, көңіл тоқтата зерттеу қажет-ақ.

Біздің дәуірімізге дейінгі ғасырларда - ақ адамдар әлем, қоршаған ортасы, өмірі туралы ойлана бастағаннан бастап әлем, адамзат баласы қалай пайда болды, себебі не, мәні неде деген сауалдар көкейлерін тесе бастағандай болды. Әрине, бұл тәрізді сұрақтар біздің де санамызда орын алғанын терістей алмаспыз. Міне, осы іспеттес сауалдарға әрбір ойшыл өзіндік ой - тұжырымын ортаға салып, ой бөліскендігі баршамызға аян. Әркімнің өз ақиқаты бар демекші, данагөй тұлғалар өздерінің тұжырымдарын, қорытқан ой-пікірлерін қорғап қалу жолында қолдағы барынан аянып қалмады. Философияның тасы өрге домалаған кезден бастап, өзінің даму жолында жинаған тұжырымдары мен күні бүгінге дейін қалыптасқан көзқарастарына көз жүгіртер болсаңыз, уызға тойған төлдей бөгіп қалатыныңызға күмән жоқ. Сондықтан, оқу құралының оқырман қауымға айтары мен берер көмегі зор.

 

 

ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНІ, БАҒЫТТАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

 

Ертеректе философия пәні үш салаға бөлініп қарастырылатын:

1) диалектикалық материализм;

2) тарихи материализм;

3) этика, эстетика.

Бұл бөлімдер маркстік - лениндік философия қағидаларына сәйкес қарастырылған болатын. Қазір философия пәнін тұтас қарастыру тенденциясы мына салалар бойынша жіктеледі:

- Философия және оның тарихы;

- Әлемді философиялық тұрғыдан түсіну;

- Адамның іскерлік әрекетінің маңызы.

Оқу құралында жоғарыда көрсетілген алғашқы мәселені, яғни философияның тарихын негізге ала отырып, мынадай тақырыптарды қарастыруға болады:

1. Философияның пәні, бағыттары мен әдістері.

2. Ежелгі Шығыс және Антикалық философиясы.

3. Батыс Еуропалық және Араб- мұсылмандық ортағасырлық

философия.

4. Ренессанстық және Жаңа заман философия.

5. Ресейлік контекстегі Орыс философиясы.

6. Қазақ философиясы.

7. Кеңестік дәуірдегі Маркстік философия.

8. Қазіргі заманғы Батыс Еуропа философиясы.

9. Философиядағы болмыс мәселесі.

10. Философиядағы адам мәселесі.

11. Әлеуметтік философия.

12. Махаббаттың философиялық мәні.

13. Техника философиясы.

14. Диалектика және оның заңдары.

15. Философиядағы таным мәселесі.

 

Философия- адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, білім, саясат, мәдениет мәселелері бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады. Философия сөзі грек тілінен аударылғанда – даналыққа деген махаббат мағынасын білдіреді. Б.з.д. 7-6 ғғ. Ежелгі Үнді, Қытай және Грек жерлерінде бір уақытта пайда болады. Мәліметтерге сүйенсек, «философия» сөзін алғаш рет қолданған Антика дәуірінің атақты философы және математигі Пифагор.

Философия дүниегекөзқарастың бір түрі. Дүниегекөзқарас – дүние туралы және адамның әлемдегі орны жайлы пікірлер жиынтығы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниеге көзқарасы. Дүниегекөзқарас үш негізгі типтен тұрады: мифологиялық, діни, философиялық.

Мифология (гр. Myfos - аңыз, logos - ілім) – әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындылар әлемінің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуы т.б.

Дін – бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім - нанымға негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс - әрекеті туралы адамгершілік - этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі істерге шақыруда: мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар адам баласын сыйласымдылыққа, әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде діннің атқарар маңызы ерекше.

Философия – дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы – нақты ұғымдарға категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.

Космоцентризм - әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күшін қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды).

Теоцентризм - барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш-Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық Еуропа философиясына тән ерекшелік).

Антропоцентризм - негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі замандық философиялық мектептерінде қарастырылады).

Философияның пайда болуы адамзат баласының білім деңгейі мен ой-санасының едәуір дамуына байланысты әлемді ғылыми тұрғыда түсінуімен орайлас дүниеге келді.

Сан қырлы табиғат құбылыстарының мәнін түсінуге тырысқан ойшылдардың философиялық көзқарастары - философия ғылымының беташары іспеттес болды. Алғашқы философиялық ойлардың формасы натурфилософиялық бағытта дамыды.

Философия пәні қоғамның дамуымен тығыз байланыста бола отырып, рухани өмірдің барлық қырларын қамтыды. Философияны алғаш рет ерекше теориялық білім ретінде жинақтап дәлелдеген ерте грек философы Аритотель (б.з.д. 384 - 322 жж.).

Философияның өз алдына ғылым болып қалыптасу барысында қарастыратын мәселелері де айқындала түсті: Онтология - болмыс туралы ілім (немесе дүниенің бастамасы жайында); гносеология - таным туралы ілім; аксиология - рухани құндылықтар туралы ілім; праксиология - адам шығармашылығы туралы ілім; антропология - адам туралы ілім; логика - дұрыс ой - қорыту жөніндегі ілім.

Философия пәнінің зерттейтін сұрақтары: болмыстың өмір сүру жағдайы, материя, оның фомалары, сана және санасыздық, адам, оның өмірдегі мәні мен әлемдегі алатын орыны, жан, адамның рухани өмірі, қоғам, табиғат, өркениет, экология, дүниені танып білу, қозғалыс, диалектика және оның заңдары.

Ф. Энгельстің тұжырымдауы бойынша философияның негізгі сұрағы – ойлаудың (сананың) болмысқа, рухтың материяға (табиғатқа) қатынасы. Міне, осы мәселеге байланысты қоршаған орта мен адамның әлемдегі алатын орыны айқындала түспек. Философияның негізгі пәні мен объектісі - адам және оның әлемдегі орны.

Философияның негізгі мәселесін (ойлау мен болмыстың арақатынасы туралы) сөз еткенде бұл сұрақтың екі жағы бар екенін ажырата білу керек.

Бірінші жағы: дүниенің негізі, бастамасы не - идея, рух па әлде материя ма деген онтологиялық (болмыс туралы ілім) сұрақ қояды.

Екінші жағы: адам баласы дүниені танып – біле алама, әлде танып – біле алмай ма деген гносеологиялық (таным туралы ілім) мәселе көтереді.

Философияның онтологиялық мәселесіне байланысты философияда негізгі екі бағыт пайда болды. Олар материализм мен идеализм.

Онтологиялық сұрақ – дүниенің бастамасы не, дүниенің негізі материя не сана, рухпа деген сұрақ төңірегінде мәселе қозғаса, ал гносеология – дүниені танып-білу мүмкін бе, әлде мүмкін емес пе деген сұрақ қояды.

Дүниенің алғашқы бастамасы, түп негізі не деген сұраққа жауап беру барысында философияда екі негізгі бағыт пайда болады, олар: материализм және идеализм.

Материалистік бағыт – дүниенің негізі кез келген бір материядан тұрады, материя – санаға тәуелсіз реалды өмір сүретін, өзіндік заңдылықтармен дамуға қабілетті деп тұжырымдайтын пікір.

Материя – адамның санасынан тыс, тәуелсіз өмір сүретін және санада бейнеленетін (сана арқылы сипаттауға болады) объективті шындық. Материя әлемде нақты өмір сүретін шексіз көп объектілер мен формалардың субстанциялық негізі болып табылады.

Материалист – философтар қатарына саналатындар: Фалес, Демокрит, Анаксимандр, Анаксимен, Эпикур, Бэкон, Локк, Спиноза, Дидро, Герцен, Чернышевский, Маркс, Энгельс, Ленин т. б.

Идеализм – философиясының негізгі мәселесін шешудегі материализмге қарама-қарсы бағыт, яғни материя мен сана қатынасында дүниенің бастамасы ретінде сананы (идеяны), рухты жақтайтын көзқарас.

Идеализм екі түрлі пікірге бөлінеді:

- Объективті идеализм (Платон, Лейбниц, Гегель),

- Субъективті идеализм (Беркли, Юм).

Объективті идеализм өкілдерінің тұжырымдауы бойынша тек қана реалды идея ғана бар, идея - алғашқы, барлық қоршаған орта, шындық - «идеялар әлемі» және «заттар әлемі» болып бөлінеді. «Идеялар әлемі» (эйдос) әлемдік зерде де өмір сүреді, «заттар әлемі» - өзіндік тіршілігі жоқ, жекеленген заттар Жаратушыға ғана тән құбылыс, «идеялар әлемі» санадан тәуелсіз өмір сүреді, себебі, адамның ойы, идея тіпті табиғаттың өзі абсолюттік идеяның, дүниежүзілік, әлемдік рухтың бір бөлшегі ғана, яғни дүниенің негізі – о дүниелік сана, «Абсолютті рух». Объективті идеализм әдетте теологиямен бірігіп кетеді де, діннің өзіндік бағыт алған философиялық негізі болып табылады.

Субъективті идеализм – бүкіл дүние біздің санамызда, субъектінің сана-сезімінің жасаған немесе біздің түйсіктеріміздің, алған әсеріміздің жиынтығы. Бұл жағдайда алғашқы бастамаға адамның санасы алынады да, сонан кейін барып одан табиғат шығарылады, соған орай заттар мен бүкіл дүниенің объективті өмір сүруі, олардың даму заңдылықтары теріске шығарылады, өйткені адам санасынан тыс материяда, рух та жоқ деген пікірді ұстанды.

Уақыт өте келе дүниенің бастамасы мәселесіне байланысты философияда бірнеше пікірлер қалыптаса бастады. Олардың қатарына: монизм, дуализм, деизм саналады.

Монизм (гр. Monos - біреу, жалғыз) – дүниенің алғашқы негізі ретінде бір ғана бастаманы мойындайтын философиялық ілім. Идеалистер үшін алғашқы бастама – идея, сана. Материалистер үшін материя алғашқы бастама болып табылады.

Дуализм (лат. Duo - екеу) - монизмге қарсы, дүниенің негізі екі бастамадан тұрады, екеуі бірін-бірі толықтырып отырады деп тұжырымдайтын пікір. Негізін салған Р.Декарт.

Деизм (лат. Dues-Құдай) – дүниенің негізін құдай жаратты, бірақ, адамның іс- әрекетімен қоғам өміріне араласпайды деп тұжырымдау. Негізін салған 17 ғ. ағылшын философы, лорд Чербери.

Философияның негізгі сұрағының екінші жағы дүниені танып - білу мәселесі екендігі жоғарыда айтылған болатын. Бұл мәселені қарастыру барысында қарама - қарсы көзқарастар пайда болды, олар философиядағы гностицизм және агностицизмдік көзқарастар.

Гностицизм (гр. Gnostos - білім) дүниені танып - білу мүмкіндігіне сенетін, мойындайтын ілім. Адамның санасы, зердесі дүниенің барлық қыр-сырларын танып-біле алады деп тұжырымдайтын философиялық көзқарас.

Агностицизм (гр. А - теріске шығару, Gnostos - білім) – дүниені танып-білу мүмкіндігін теріске шығаратын ілім. Терминді алғаш ағылшын жаратылыстанушысы Гексли енгізді.

Дүниеге философиялық көзқарастың мәні онтологиялық және гносиологиялық мәселелерді қарастырумен ғана шектеліп қоймайды. Әлемді философиялық тұрғыдан қараған кезде танып – білу барысында қандай әдіс қолданылатындығын естен шығармауымыз керек. Егер философия тарихына жүгінетін болсақ, бір-біріне қарама - қарсы екі ойлау әдісі - диалектика мен метафизикалық әдістерін аңғарамыз.

Диалектика (гр. Diolegomai – әңгімелесу, пікірлесу) – объективті шындықтың, табиғаттың, қоғамның, ойлаудың даму заңдылықтарын зерттейтін ілім. Антика дәуірінің өзінде - ақ дүниенің, тіршіліктің өзгермелілігін мойындап, шындық атаулыны үнемі дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қабылдады. Осы жағдайларға байланысты кез келген нәрсенің бірлігі мен қарама-қайшылықтар күресінің қатынасын көрсетуде диалектиканың маңызы зор (Гераклит, Пифагоршылдар).

Метафизика. Ерте заманда бұл сөз өмірдегі барлық нәрсенің түп негізі туралы ілім деген мағынаны білдірген. Ал 16 ғ. бастап «Метафизика» терминімен қатар сол мағынада «Онтология» термині де қолданылады.

Метафизика – заттар мен құбылыстар бір - бірімен байланыссыз, қозғалмайтын, мәңгі - бақи бір қалыпты, ішкі қайшылықтары жоқ деп есептейтін философиялық ілім (сөзбе - сөз аударғанда – «физикадан кейінгі келетін» мағынасын білдіреді).

ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫС ЖӘНЕ АНТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ

Үнді философиясы. Жалпы адамзат баласының тарихында қола дәуірінен темір дәуіріне өту өндіргіш күштердің ширақ дамуына ғана әкелген жоқ, сонымен қатар рулық, алғашқы қауымдық қоғамның ыдырап, құлдық қоғамның пайда болуына, ой еңбегінің дене еңбегінен бөлініп адамның белсенді іс - әрекеті арқасында өзінің табиғат құдіреттері алдындағы әлсіздігі, бағыныштылығы сияқты құбылыстарды жоюда алғашқы қадам жасауына, сол табиғат құбылыстары туралы білімнің қалыптасуына осы негізде абстракциялы ойлау қабілетінің өсуіне мүмкіндіктер туды.

Ғасырлар бойы қалыптасқан әдет - ғұрып, дәстүр, дүниетанымдық көзқарас күйзеліске ұшырап, олардың орнына қоғамда қалыптасқан жаңа жағдайларды түсіндіретін тың көзқарас кең өріс алды. Бұл көзқарас қияли заңдылықтарға сүйенген мифологиялық дүниетаным мен жаңадан дүниеге келіп жатқан білім және ойлау қабілетінің арасындағы қайшылықтарды шешуге тырысады. Бірақ, мұндай көзқарас әлі де болса философиялық деңгейге жете қойған жоқ еді. Себебі, Ежелгі Шығыста өндірістік тәсілдің баяу қалыптасуы, философиялық ой-пікірдің сол кездегі жетістіктерімен нашар байланыста болуы, шығыс философиясының діни - мифологиялық көзқарастан, күнделікті әдептілік санадан толық арылуына мүмкіндік бермеді.

Көне Үнді философиясы алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, оның орнына құлдық қоғам орныққан кезде дүниеге келді. Сол кездегі философиялық ойлардың негізін діни - мифологиялық жүйелер құрды. Ой – пікірлер мен қоғамдағы күнделікті шарттарының өзіндік себептері де бар. Себебі, Үнді қоғамы төрт варнадан («варна» - жамылғы, қабық, түр - түсі мағынасын білдіреді) тұрады:

1. Брахмандар - әулиелер

2. Кшатрий - әскербасылар

3. Вайшьилер - көпестер

4. Шудра - қызметкерлер мен шаруалар

Әр «варна» адамдардың қауымдастық салт-санасын, жоралғысын мұқият орындайтын, соған орай қоғамдағы орыны анықталған, сол талаптармен шектелген топ. Әр варна мүшелерінің өзіндік атқаратын дәстүрлі қызметі болды.

«Брахман» - ертедегі үнді жерінде «құрметті, тақуалы өмір» сүрген, ақ түсті ұнататын беделді құдайдың атауын білдіреді. «Кшатрий» - «иемдену, билік жүргізу, жойып жіберу» мағынасын білдіреді. Кшатрийлер қызыл түсті ұнатқан. «Вайшья» - «тиістілік, тәуелділік» мағынасында, сары түсті қабылдаған. «Шудра» - шаруалар-қара түстілер.

Үнді философиясының тарихы мына кезеңдерге бөлінеді.

· Ведалық кезең (б.з.д 15ғ. - 7ғ.) өркениетті қалыптастыру дәуірі

· Эпикалық кезең (б.з.д. 6ғ. - 1ғ.) - ұлағатты поэмалар «Рамаяна» мен

«Махабхарата» дүниеге келген уақыт.

· Сутралар және олардың түсіндіру кезеңдері (б.з.д. 3 ғасырдан бастап).

Ерте Үнді философиясы екі бағытқа бөлінеді:

1. Астика (ортодоксальды)- веда беделін қабылдаған, оның мәндеріне

сүйенген Вайшешика, Санкхья, Йога, Миманса, Веданта, Ньяя секілді

мектептер.

2. Настика (ортодоксальды емес) - веда беделін терістегендер. Б.з.д. 6ғ.

мектептер: Джайнизм, Буддизм және Чарвака-Локаята.

Ерте Үнді философиясының қалыптасуы мен дамуы әртүрлі мектептер, ағымдар, ілімдермен байланысты. Көне Үнді философиясы мен мәдениетінің қайнар көзі - Ведалар. Ведалар (білім жүргізу мағынасын білдіреді) - ерте үнділердің мифологиясын, космологиясын, әлеуметтік қатынастарын қамтитын діни және философиялық көзқарастарға толы, табынудың, жалбарынудың, құрбандық шалу салты туралы гимндердің жиынтығы.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-08; Просмотров: 2275; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.078 сек.