Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ресейлік контекстегі орыс философиясы 2 страница




Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой - өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болды. Абайдың дүниеге көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Оны бір жақты бағалау, бір бояумен көрсету мүмкін емес. Дүние туралы пікіріне келсек, деизмге жақын дедік. Біріншіден, сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін қуаттайды. Мысалы, қырық үшінші қара сөзінде адам «...көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен үстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады». Сонымен бірге көптеген өлеңдерінде, отыз сегізінші сөзінде жан - жануарларды, адамды, тіпті, машина, фабрикаларды Алла жаратты деген тұжырым жасайды. «Мен» және «менікі» деген философиялық мәселені қарастырып, өзіндік тұжырымға келеді. Ақынның ойынша «мен» - ақын, жан, «менікі» - адам денесі. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «менікі» өлсе өлсін, оған бекі» деп, дене өлгенімен жан өлмейді деген қорытындыға келеді. Абай таным туралы құнды пікірлер қалдырды. Түйсіктеріміз арқылы дүниеден хабар аламыз, пайда, залалды айыратын қуаттының аты - ақыл дейді. Абайдың философиялық дүниетанымын «таза» материалистік немесе идеалистік деген түсінік сыңаржақтылыққа әкеліп соқтырады. Ол шығыс мәдениетінің қазақ жеріндегі данышпандық тұрғыдан сарапталуына қазақты іштен жеп жатқан ала ‑ ауыздық тамырына балта шабу керектігін шақырған ұлы тұлға. Оның ойларын әрі ‑ қарай дамытып, тарихқа өзіндік дүниетанымын қалыптастырған ойшылдардың қатарына Шәкәрім жатады.

Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 -1931 жж. аралығында өмір сүрген. Ақын, ойшыл, композитор, аудармашы.

Ата - анасынан ерте айрылған Шәкәрім немере ағасы – қазақтың ұлы ақыны Абайдың қолында тәрбиеленеді.

Өлеңмен жастайынан әуестенген Шәкәрім өмір бойы өз шығармашылығында Абай салған жолды ұстанумен өтті. Сондықтан да Абайдың шын мәніндегі шәкірті әрі рухани мұрагері болып саналады.

Шәкәрім өз бетінше заманына сай жеткілікті білім алды. Шығыс және Батыс әдебиетін зейін қойып оқып, араб, парсы, түрік және орыс тілдерін еркін меңгерді. Алғашқы шығармаларында жастарды Абайдан үйренуге шақырады.

Шәкәрімнің 1898–1928 жылдарда жазған негізгі философиялық шығармасының бірі «Үш анық» атты философиялық шығармашылығында «адам нысап, әділет, мейрім» үшеуін қосып айтқанда ар - ұждан мәселесін көтереді. Ол адамды рухани тазалыққа, имандылыққа жетелейтін ілім - деп айтады.

Шәкәрімнің философиялық көзқарастарының ерекшелігі сонда, ол адамның ішкі рухани дүниесіне айрықша көңіл бөліп, әлеуметтік үрдістерді адамдандыруға тырысты. Қоғамдық қатынастардан адам факторын іздеді. Адамның адамдық мәніне қайшы келген қоғамдық жағдайларды аяусыз сынға алып отырады. Бірақ Шәкәрім өз заманындағы қоғамдық саяси – әлеуметтік үрдістерден адамды толыққанды адамшылыққа бастайтын жолды көре алды, тапты деп айту қиын. Қоғамдағы саяси – әлеуметтік жағдай, қоғамдық ортаны адамдандыруға мүмкіндік туғыза алмады. Бұл ойшылдың қалыптасқан қоғамдық қатынастарды жатсынуына себеп болды. Қоғамдық қатынастар адамнан жоғары тұрған кезде жатсыну басталған еді.

Сонымен Шәкәрімнің ойынша қоғам өмірінде адамдық фактор ең жоғарғы орында тұру керек. Ал патша үкіметі ұстанған саясат бұны орындап отырған жоқ. Ендігі мақсат рухани еркіндікке жету. Ол үшін адамның еркіндігін көксеген қоғам орнату қажет. Қоғамдық өмірде Шәкәрім үнемі адамды ең басты орынға қойып, оның бақыты мен болмысын әрқашанда негізгі мәселе ретінде қарастырады. Алдыңғы қатарлы демократиялық орыс мәдениеті, империяның отаршылдық саясаты, Еуропа мен шығыстың рухани мұралары, мұсылмандық пен христиан мәдениеті ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы рухани өмірге тікелей ықпалын тигізген негізгі қайнар көздер болды. Міне, осы ғасырлар тоғысындағы адамның рухани дамуы, ойлау еркіндігі, қаншалықты дамуда, қай жолмен жүрген дұрыс деген сұрақтар Шәкәрімді толғандырмай қоймады. Ресейдегі христиан дінінің ендігі жердегі шынайы адамшылықтан алшақ кеткендігін айтып кеткен жөн. Бұл жолда қоғамдық ортадағы адамның еркіндігі, бақыты туралы мәселе Шәкәрімді толғандырған негізгі мәселе болды.

Көптеген орыс және Шығыс әдебиетінің Шәкәрім қаламынан туған ұлы Абайдың реалистік дәстүрі жалғастырушы ұлы ойшыл ақын Шәкәрім шығармашылығы өзінің кең тыныстылығымен, шыншыл да сыншыл әуенімен ерекшеленеді.

Оның әдеби мұрасы сан алуан: философия, дін, әдет - ғұрып тақырыбы. Шәкәрім ғұлама ғалым әрі философ ретінде танылады.

Қазақ философиясы ‑ адам және оның өмір сүру философиясы. Халықтың «жалған өмір» туралы түсінігі тек діни ‑ пессимизмге құрылмаған, ол белсенді іс ‑ әрекетті де жоққа шығармайды. Жалпы бостаңдықты, еркіндікті сүйетін, кең даласы сияқты кеңпейілдігі бар халықтың соған сай философиялық дүниетанымы, ой ‑ пікірлері болуы заңды дүние.

Ұлт өз дүниетанымын тілі, діні, фольклоры арқылы білдіріп отырады. Демек, ұлттық ойлауды зерттеу үшін негізгі сүйенетініміз ‑ халықтың мәдениеті, рухани мұрасы, өмір сүру тәсілі, діни нанымы, күнделікті тұрмыста қолданылатын әдет ‑ ғұрпы, салт ‑ санасы, халықтық деңгейде қалыптасқан образдары, дүние туралы халықтың ұлттық бейнесі және т.б. жатады. Қазақтың ұлттық философиясы тек философия үшін қажет емес, ол ұлттың өзін‑өзі тануы үшін қажет. Өз тілінде философиясы болмаған халықтың мәдениетті, өркениетті ел деп айту өте қиын.

Халқымызда философиялық ой ‑ толғаныстар молынан бар, мәселе соның бәрін рет ‑ ретімен терең меңгеріп және танып, халықтың өз рухани керегіне, ұлттық мәдениеттің қайта өрлеуіне жарату. Халықтағы терме айтыс өнерлері өз құндылығы бар дүниелер. «Терме» тек қана мораль философиясы ғана емес, сонымен қатар ол халқымыздың ойлау тәсілінің ерекшелігін білдіретін мәдени құбылыс. Осы тарихи мұраны философиялық тұрғыдан тереңірек зерттегеніміз абзал. Ал айтыс дегеніміз диалектикаға өзек болған пікір‑сайыстың поэтикалық формасы. Бүгінгі айтыста ақындар ұлттық, халықтық мүддеге қатысты терең ойлар деңгейіне көтерілуге тырысуда. Ежелгі Грек елінің Ұлы ғұлама философы Платон бар шығармаларын пікірсайыс формасында жазған. Осы көне философиялық дәстүрде қазақ өзінше өнер саласында тамаша қолданған.

Қазақ философиясы өзінше бөлектеніп өмір сүрмек емес және ол дүниежүзілік мәдениет шеңберінде қарастырылғаны жөн. Ал «Ұлттық философия» ‑ халықтың дүниетанымы ретінде жалпы философия деген білім саласының белгілі бір ұлтқа қатысты нақтылы көрінісі. Ұлттық философияның пәні ‑ ұлттық ойлаудың ұлттық болмысқа қатынасы, халықтың дүниетанымы.

КЕҢЕСТІК ДӘУІРДЕГІ МАРКСТІК ФИЛОСОФИЯ

 

Маркстік философиясының пайда болуының тікелей әлеуметтік алғышарты - өнеркәсіптік жұмысшы табының дамуы және оның революциялық қызметінің өсуі болып табылады. Маркстік философиясының дүниеге келуінің ғылыми себептері де болды. Маркстік философияның пайда болуына үлкен үш жаңалық әсер етті: 1) клеткалардың ашылу заңы; 2) энергияның сақталу заңы; 3) Дарвинның эволюциясы;

Бұл кездегі ұлы ғылыми жаңалықтар табиғатта да, қоғамда да барлық құбылыстар бір - бірімен тығыз байланыста және ұдайы даму үстінде болатынын дәлелдеді. Маркстік философиясының негізін қалаушылар: К.Маркс, Ф.Энгельс болып табылады.

XVII-XVIII ғасырлардағы буржуазиялық революциялар бірқатар еуропалық елдерде ғасырлар бойы мызғымас берік сияқты болып келген феодалдық қоғамдық құрылысты қиратқаны белгілі. Буржуазияның саяси өкіметті жеңіп алуы капитализмнің дамуына, әсіресе XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басындағы өнеркәсіптік революцияның нәтижесіңде жылдамдата дамуына жол ашты. Мүның қажетті нәтижесі, бір жағынан, ірі машиналы индустрия, екінші жағынан, ең революцияшыл тап пролетариаттың дамуы болды.

Бірақ капитализм дамуының нәтижесінде еңбек өнімділігінің артуы және қоғамдық байлықтың өсуі еңбекшілердің тұрмысын жақсартпады. Керісінше, қоғамның бір бөлігінде, буржуазияның қолында мол байлық жиналып жатса, екінші бөлігінде енбекшілердің, әсіресе пролетариаттың қайыршылығы арта түсті. Ұсақ өңдірушілердің жаппай пролетариаттануы, жүмысшылардың, оның ішіңде әйелдер мен балалардың еңбегін аяусыз қанау, төзімсіз түрғын үй жағдайлары, адам айтқысыз штрафтар мен қысым көрсетулер, әсіресе оқтын - оқтын қайталанып отыратын экономикалық дағдарыстар кезінде (1825 жылдан бастап) арта түсетін жүмыссыздық - мұның бәрі капиталистік өмір шындығының бұрын болмаған көріністері - еңбекшілердің ашу - ызасын тудырады.

Жұмысшы табының азаттық күресінің ғылыми теориясын К.Маркс пен Ф.Энгельс жасады. Олар жүмысшы табының ұйымдаспаған бытыраңқы стихиялық көтерілістерін үйымдасқан саналы қозғалысқа айналдыру қажеттігін, ал ол үшін жүмысшы қозғалысын ғылыми - социалистік теориямен қосу, оны қосатын ғылыми теориямен қаруланған ұйымшыл жүмысшы партиялары екенін дәлелдеп берді.

Пролетариат өзін азат ету үшін бүкіл еңбекші халықты азат етуі қажеттігін, ал бүл үшін адамды адамның қанауын тудыратын экономикалық негіздерді жойғанда ғана бүкіл қоғамды әлеуметтік бостаңдыққа жеткізуге болатыны жайында қорытынды жасады. Маркс пен Энгельс бұл қорытындыны бүкіл қоғам өмірін, ең алдымен капитализмнің дамуын өздері жасаған ғылыми - философиялық көзқарас - диалектикалық жөне тарихи материализмді басшылыққа ала отырып зерттеудің нәтижесінде жасады.

К.Маркс пен Ф.Энгельстің өткеннен қалған философиялық мұраны сын көзбен қайта өңдеуі және өздері жүзеге асырған философиядағы революциялық төңкерісі өзара байланысты біртұтас процесс. Оның негізгі мазмұны - дүниеге ғылыми - философиялық көзқарасты қалыптастыру, одан әрі дамыту болды.

Әрине, Маркс пен Энгельс диалектикалық материализмді бірден жасап, жұмысшы табының ғылыми көзқарасының негізін бірден қалаған жоқ. Олар өздерінің теориялық және қоғамдық - саяси қызметінің бас кезінде идеалист болды, Гегель философиясынан революциялық жене атеистік қорытындылар жасамақ болған гегельшілдер мектебінің солшыл өкілдеріне (жас гегельшілдерге) қосылды. Бірақ басқа жас гегельшілдерге, қарағанда, Маркс пен Энгельс тіпті өздерінің алғашқы шығармаларында - ақ революцияшыл демократтар ретіңде, қалың еңбекші бұқараның мүдделерін қорғаушылар ретінде көрінеді.

Өткен замандардың философтары көтерген, бірақ шеше алмаған сұрақтарға жауап табу үшін Маркс пен Энгельс ең алдымен теориялық және саяси қызметтің бастапқы дұрыс тірек пунктін табуы қажет болды.

Олар үшін ондай бастапқы пункт адамды адамның қанауының барлығына қарсы, әлеуметтік езгі мен теңсіздіктің экономикалық және саяси негіздеріне қарсы күрес болды. Еңбекші адамды құлдыққа түсірудің қандайын болсын дәйекті революциялық түрғыдан терістеудің нәтижесінде ғана материалистік диалектиканыжасауға болатын еді. Әбден кедейленген, нағыз революцияшыл еңбекші таптың тұрмыс жағдайын, мақсат - мүддесін күрес негізі етіп алғанда ғана тарихты материалистік түрғыдан түсіну мүмкін еді, ал бұл қоғам дамуындағы шешуші күш еңбекші бүқара және ол жүзеге асыратын материалдық өндіріс екенін ашуға көмектесті.

Кейбір философтар Маркс пен Энгельстің диалектикалық материализмін Гегельдің диалектикалық (идеалистік) әдісі мен Фейербахтың метафизикалық материалистік теориясының жай қосындысының нәтижесі түрінде түсіндіреді. Бүл марксизм классиктерінің философияда жасаған революциясының мәнін түсінбеушілік, одан қалды, ашықтан - ашық тұрпайыландыру болып табылады, өйткені материализм мен идеализмді, диалектикалық және метафизикалық ойлау әдістерін бір - бірімен қосу мүлдем мүмкін емес - олар бірін - бірі терістейтін қарама - қарсы ағымдар.

Шынында, марксизмнің философияда жасаған революциялық төңкерісінің мәні неде, олнеден көрінеді?

Марксизмнің негізін салушылар жаңа заманның материалистік ілімін, Фейербахтың философиясын қоса, диалектикалық тұрғыдан жан - жақты талдап, оны механистік жөне метафизикалық сипаттардан тазартты. Олар сондай - ақ Гегельдің диалектикалық әдісін материалистік тұрғыдан өңдеп, табиғат пен қоғам кұбылыстарын ғылыми зерттеуге кедергі болатын идеалистік мазмұнынан тазартты, сөйтіп «басы, төменкарап тұрған диалектиканы аяғына қойып» дұрыстады, яғни ғылыми материалистік теорияны ғылыми диалектикалық әдіспен табиғи біріктірді. Осы тұрғыдан алғанда материалистік диалектиканы тек әдіс деп, ал философиялық материализмді тек теория деп қана түсіну үстірттік болар еді. Материалистік диалектика шындығында тек әдіс емес, ол сондай - ақ даму жайындағы теория - табиғаттың, қоғамның және танымның ең жалпы даму заңдары жайындағы ілім, ғылыми теория. Философиялық материализм теория ғана емес, сондай - ақ болмысты белгілі бір тұрғыдан түсіндіретін материалистік әдіс. Қорыта айтқаңда, марксистік әдіс диалектикалық қана емес, сондай - ақ материалистік, ал марксистік теория - материалистік қана емес, сондай - ақ диалектикалық әдіс.Демек, марксизм философиясында материализм мен диалектика біріне - бірі тәуелсіз екі құрамдас бөлшек емес, біртұтас ілім, өйткені ол бейнелендіретін шындық дүниенің өзі - бір мезгілде әрі материалдық, әрі диалектикалық дүние.

Сонымен, дүниеге диалектикалық - материалистік көзқарастың жасалуы, материализмнің диалектикалыққа айналуы, материалдық дүниенің және оны танып - білудің ішкі диалектикалық процесінің ашылуы Маркс пен Энгельстің философияда жасаған революциялық төңкерісінің ең бірінші көрінісі болып табылады.

Марксизмге дейінгі материализм жай пайымдаушылық сипатта болды: оның өкілдері дүниені практикадан тәуелсіз, адамдардың дүниені өзгертуге бағытталған мақсатты іс - әрекетіне байланыссыз - ақ танып білуге болады деп санады. Диалектикалық материализмнің негізін салушылар, керісінше, адамдардың дүниені танып білуінің негізі практикалық іс - әрекет, оның ішінде материалдық игіліктер өндіруге бағытталған мақсатты іс - әрекет екенін терең түсіне отырып, таным теориясына практика критерийін енгізді, практика танымның негізі және ақиқаттылықтың өлшеуіші, анықтаушысы деген қағиданы енгізді. Сөйтіп, Маркс пен Энгельс теория мен практиканың табиғи бірлігін қамтамасыз етті. Бұл да марксизмнің философияда жасаған революциялық төңкерісінің көрінісі болды.

Маркс пен Энгельстің философияда жасаған революциялық төңкерісінің ең айқын көрінісітарихтың материалистік ұғымының жасалуы болды, өйткені Маркстен бүрынғы материалистердің бәрі тек табиғат құбылыстарын түсіңдіруде ғана материалист еді, ал қоғам өміріне келгенде олардың бәрі идеализм шеңберінен шыға алмады, қоғам өміріндегі шешуші күш сана, рухани бастама деп түсінді, өйткені, деді олар, адамдарды түрліше іс-қимылға бастайтын идеялық мотивтер, адамдардың мақсат - мүдделері деді, бірақ бұл идеялық мотивтерді тудыратын түпкі себептерді ашып бере алмады.

Диалектикалық материализмнің негізін салушылар адамды қимылға, іс - әрекетке бастайтын идеялық мотивтермен шектеліп қалмай, бұл соңғылардың шын себебін ашты; ол себеп адамдардың материалдық игіліктер өндіруге бағытталған қызметінде екенін дәлелдеп берді. Олар идеологиялық қатпаршақтардың астында жасырынып келген мынадай аса қарапайым фактіні ашып берді: «адамдар саясатпен, ғылыммен, өнермен, дінмен т.б. айналысу үшін алдымен жеуі, ішуі, киінуі тиіс, баспанасы болу керек, ал бұларды өндіру керек» деді Ф.Энгельс К.Маркс ашқан адамзат тарихының даму заңы жайыңда айта келіп. Әрине, бұл қарапайым фактілер Маркс пен Энгельстен әлдеқайда бұрын белгілі болатын. Бірақ олар, бұрынғы материалистер сияқты, бұл қарапайым фактіні айтумен тоқтап қалған жоқ, бұлар сияқты толып жатқан қоғамдық құбылыстардың негізінде терең жатқан заңдылықтың мәнін ашты, атап айтқанда, адамдардың алуан түрлі іс - әрекет, қимылдары материалдық игіліктер өндіру тәсіліне тәуелді екен, ал бұл өндірістің барысында адамдар өздерінің еркінен тыс, тәуелсіз өндірістік қатынастар орнатады екен. Қоғам өмірінің негізі бүкіл басқа идеологиялық, саяси т.б. қатынастарды айқындап беретін түпкі базисі - өндірістік қатынастардың жиынтығы екен.

Маркс пен Энгельс диалектикалық материализмді дәйекті түрде қоғам өміріне, тарихқа қолдана отырып, тарихи материализмді жасады, қоғамдық болмыстың біріншілігі, қоғамдық сананың екіншілігі жайындағы оның негізгі мәселесін тұжырымдады: адамдардың материалдық тұрмыс жағдайы қандай болса, жалпы алғанда олардың ой - санасы соған сәйкес болатынын т.б. негіздеп берді.

Қысқасы, Маркс пен Энгельс, өздерінен бұрынғы материалистер сияқты, жарты жолда тоқтап қалмай, материализмді дәйекті түрде аяғына дейін жеткізіп, дүние жайындағы біртұтас ғылыми - философиялық ілім - диалектикалық және тарихи материализмді жасады.

Маркс пен Энгельске дейінгі философтар өздерінің философиялық жүйесін бұдан былай өзгермейтін, түпкілікті тағайындалған абсолюттік ақиқат деп санады. Гегель,мәселен, өзінің философиялық жүйесін абсолюттік ақиқат деп жариялады. Марксизм философияға деген мұндай көзқараспен келіспеді де, өзінің философиялық іліміне түпкілікті тағайындалған ақиқат деп қарамай, ғылымның және қоғамдық практиканың даму барысында өзгеріп, айқындала және байи түсетін ілім деп қарады.

Философияның ғылымилығының өзі сол, ол ешқашан аяқталып біткен ақиқат бола алмайды, өйткені өмірдің өзінде дамуы аяқталған, енді өзгермейтін, дамымайтын ештеңе жоқ. Өзгермейтін «түпкілікті ақиқатқа» талпыну теорияны өмірден қол үзген догматизмге әкеп соқтырары сөзсіз. Біздің іліміміз, деді Энгельс өзі мен өзінің ұлы досы жайыңда, догма емес, іс - әрекетке деген жетекші. Бүл сөздер марксизм философиясының жасампаздық ілім екенін қысқа да айқын атап көрсетіп отыр. Маркстік философияның принциптері мен қағидалары қоғамдық дамудың практикасымен, ғылым мен тәжірибенің жаңалықтарымен әрдайым толығып, байып отырады. Мұнсыз ол жасампаздық сипаттан жұрдай болар еді.

 

 

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БАТЫС ЕУРОПА ФИЛОСОФИЯСЫ

Қазіргі заманғы Батыс философиясында толып жатқан, кейде бір - біріне қарама - қарсы ағымдар бар. Әрбір дерлік ағымда бір - біріне қарама - қарсы бағыттар да бар. Қазіргі батыс философиясында толып жатқан ағымдар мен бағыттар бар.

XX ғасыр — ғылыми-техникалық революция дәуірі. Рационализм мен иррационализм арақатынасын ғылыми техникалық прогреске көзқарастан да байқауға болады. Біріншісін сциентизм деп атайды (лат. schentіс — ғылым). Бұл бағыт ғылымға және ғылыми-техникалық прогреске сенеді. Ғылым адамға қызмет етеді, оның өмірін жеңілдетіп, жақсартады. Бұл бағыт XX ғасырдың екінші жартысында дүниеге келді. Оған көптеген жаңа ғылымдардың, жаңа техникалардың, технологиялық әдістердің, компьютердің, т.б. дүниеге келуі себеп болды. Екіншісі антисциентизм деп аталады. Ол ғылымға сенбейді. Ғылыми-техникалық прогресс адамға тек қиындық әкеліп, зиян келтіреді, қоғамды басқарудың тоталитарлық жүйесін туғызады, ол адамдардың санасын қыспақта ұстайды, ойлау жүйесіне шектеу салады деп есептейді. Техника адамдардың барлық іс-қимылын, ойын бақылайтын автоматтарды, есептегіш машиналарды, жасанды интеллекттерді дүниеге әкелді. Осылардың бәрі адамды тірі, жанды автоматқа айналдырады, оның ерекшелік қасиеттерін сөндіреді дейді. Бірақ, сол ғылыми-техникалық прогресс капитализмге дем беріп, оны тез дамытқанын айтпайды. Олардың пікірінше, капитализм — мәңгі өлмейтін қоғам. Бұл - мәселенің әлеуметтік жағы. Ал, мәселеге басқа тұрғыдан келсек, бұл екі бағыттың екеуінің де айтқандары шындыққа жанасады. Мәселе қай жағынан келуде ғана. Сөйтіп, иррационализм сайып келгенде мистикаға, жоққа сенуге де, ғылыми ізденістерге де жеткізеді. Сондықтан оған сыңаржақты қарап, жақтауға, не даттауға болмайды.

XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басында физиология мен психологияның, сезім мүшесінің рөлі артты. Оны уағыздағандар Эрнст Мах (1938-1916) пен эмпириокритизмнің негізін салушы Рихард Авенариус (1843-1896) болды. Рессейде оларды жақтап, соңына ергендер А. Богданов (1873-1928), В. Базаров (1874-1939), т.б. Э. Мах былай деді: «Ағаш, стол, үй менің денемнен тыс, өздігінен өмір сүреді». Бірақ біз оларды тек психологиялық қабілет арқылы қабылдаймыз. «Біз мынадай қорытындыға келдік, — дейді Р. Авенариус, — әртүрлі жағынан козғалыс ретінде ойға келеді». «Ол — ойды үнемдеу. Ол үшін ойлап, түбіне жете алмайтын ұғымдардан, мәселен, материядан бас тарту қажет, сонда бәрі де өз орнына келеді», — дейді. Э. Мах: «Сезім тудыратын денелер емес, жоқ денелерді құрастыратын, элементтер кешені, сезімдер кешені, - дейді. Олай болса, физика атомдары, химия молекулалары физика мен химиядағы сезім кешендерінен басқа ештеңе емес, тек физика-химия тәжірибесіндегі идеалистік бағытты В. И. Ленин өзінің «Материализм және эмпирио-критицизм» еңбегінде жан-жакты талқылап, сынға алды. Дегенмен, XX ғасырдағы идеалистік философияның басты бағыттары үшеу. Олар: неопозитивизм, неотомизм және экзистенциализм.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-08; Просмотров: 804; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.