Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Техника философиясы 1 страница




 

Философия тарихында адамзат өркениеттерін, тарихты зерттеуде, талдауда әр түрлі тәсілдер, принциптер, критерийлер қолданылады. Олардың қатарына экономикалық, географиялық, биологиялық, діни, гуманистік детерминизмдерді жатқызуға болады. Олардың арасында қазіргі қоғам өміріндегі бүгінгі өзгерістерді неғұрлым толық бейнелейтіні технологиялық детерминизм болып табылады. Технологиялық детерми­низм — бұл қоғамдық дамудағы техниканың анықтаушы рөлі туралы көзқарастардың, постулаттардың біріккен жиынтығы. Шындығында да, қазіргі өмірде техника мен технологияның маңызды рөлі орасан зор.

«Адаммен бетпе - бет келген бұл мәселенің маңыздылығы сонша, - деп жазады К.Ясперс, - қазіргі уақытта техника біздің ахуалымызды түсінудің басты мәселесіне айналды. Қaзipгi тех­никаның барша өмір салаларына енгізілуін және оның өмір сүруіміздің барлық қырларына тигізген салдарын қайта бағалау мүмкін емес. Мұны түсінбей және ойлау барысында дәстүрлі тарихи қалыптарды қолдана отырып, қазіргі және өткен өміріміз арасында салыстыру жүргізу мүмкін емес. Өткен мен біздің заман арасында параллель жүргізу үшін міндетті түрде қазіргі техникамен байланысты орын алған радикалды өзгерістерді ескеру қажет».

Техника мен технология бүгінгі қоғам жедел дамуының маңызды факторына айналды және техника ықпалын тигізбеген адам өмірінің бірде - бір саласы қалмады. Қaзipгi коммуникация құралдары арқасында мемлекет еркі ең шалғай аудандарға дейін қамтып, кез келген уақытта әр шаңырақтан өз құдіретін сездіре алады. Техника әсерімен терең үдерістер орын алады, еңбек өнімділігі қарқынмен өседі. Оның мазмұны өзгереді. Қоғамның әлеуметтік құрылымы өзгереді. Оның үстіне адам да өзгереді. Қaзipгi техника тіпті адамның тылсымдық тұңғиығына да ықпа­лын тигізеді. Егер ертеректе адам табиғатта да, әлеуметтік салада да өмір сүрудің өзгерген жағдайларына бейімделуі үшін жеткілікті дәрежеде уақыт тауып жатса, ал қазір табиғат пен қоғамдағы техника, технология ықпалымен өтетін өзгерістер жылдамдығы сонша, бүгінгі адам өмір сүрудің өзгерген жағдайларына бейімделіп те үлгере алмайды және қашан да таусылмайтын жаңа мәселелер толассыз туып жатады. Осыған байланысты қазіргі философияда адам мәселесін зерттеудің техника философиясы түріндегі жаңа қырын айқындау қажеттілігі туындайды.

Техника философиясы - бүгінгі күні өзінің гүлдену кезеңінен бастан кешіп жатқан батыс философиясының қазіргі бағыттарының бipi. Батыста техника философиясының қалыптаса бастауын И.Бекман есімімен және 1777 жылы басылып шыкқан оның «Технология бойынша жетекшілік, немесе қолөнерді, фабрикалар мен мануфактураларды тану» деп аталатын еңбегімен байланыстырады. Бірақ көпшіліктің пікірінше, бұл саладағы негіз қалаушы еңбек 1877 жылы жарияланған және жүз жылдан кейін Германияда қайта басылып шыққан Э.Капптың «Тех­ника философиясының нeгiзгi белгілері» деп аталатын жұмысы болып саналады.

Техника философиясы - қазipгi әлемдегі техника феноменін философиялық - методологиялық және дүниетанымдық тұрғыда зерттеуге негізделген қaзipгi философиядағы бүтіндей бip бағыт. Бұл бағыт бастапқыда Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада, кейнірек 60-80 жылдары Жапонияда кеңінен таралды. Батыстағы қазіргі техника философиясының бастапқы өкілдері қатарына Э.Капп және Ф.Дессауэрмен қатар О.Шпенглерді, М.Хайдеггерді, Ортега-и-Гассетті, Мэмфордты, К.Шиллинги және т.б. жатқызуға болады. Бірақ сонымен қатар техника ұғымы ертедегі ойшылдарда да кездеседі. Мысалы, енбектің табиғи және жасанды органдары арасындағы апология туралы ой Пла­тон мен Аристотельде ұшырасады. Егер Аристотель қолды «құралдың құралы» деп атаса, Гегель де осы идеяны кайталайды. Гегель техника табиғатын түсінуде бірқатар идеялар ұсынады. Гегельдің, пікірінше техникалық жабдықтар объект табиғатымен анықталады, ал екінші жағынан жабдықтар техникалық құралдар арқылы іске асатын мақсаттың тасымалдаушысы болып табылады. Гегель былай деп жазады: «адам өз мақсатында сыртқы табиғатқа бағынышты болғанымен, өзінің құралдары арқылы үстемдікке ие болады». Антик әлемі авторлары мен Гегельдің бұл идеяларын Батыстың кейінгі философтары Э.Капп және Л.Нуаре жалғастырды. Олардың негізгі идеясы техника феноменін «органопроекция» негізінде түсінумен сипатталады. Олардың пікірінше техника жасанды орта болып табылады, бірақ ол адам органдарының табиғи материалға проекциясы ретінде көрінеді, яғни техниканың бүкіл дамуы адамның табиғи еңбек органдарын көшіру арқылы, оларды сыртқы әлемге «проекциялау» арқылы жүзеге асады.

Техника феноменін түсіндіруде өзге, қарама - қарсы позицияны ұстанған философ - неотомист Ф.Дессауэр болды. Ф.Дессауэр, Э.Капп және Л.Нуаре ұсынған техниканың биологиялық концепциясымен келіспеді. Ол техника табиғат заңдарымен байланысты және оның шектерінен тысқары шықпайды деп есептейді. Алайда бұл да ешнәрсені айқындамайды, техниканың автономды да мәні бар. Оның пікірінше техникалық идеялар адам ақылында пайда болмайды, ол ақылдың көмегімен ауланады. Техникалық идеялар құдайдың ойы, жаратушының құдіретті ақыл ойының көpiнici.

Техника мәселесі Хайдеггер философиясында негізгі орындардың бipiн алады және көптеген шығармаларында үнемі кездесіп отырады. Бірақ бұл тақырыпқа арналған оның ең маңызды шығармасы «Техника туралы мәселе» деп аталады. Бұл жұмысында М.Хайдеггер техниканы пайымдауды жаңа іргетасқа қойды. М.Хайдеггер былай деп жазады: «техниканың мәні белгілі мағынада техникалық емес. Сондықтан да біз ол туралы жай ғана ойлағанда, оны қолданғанда, басқарғанда немесе одан қашқақтағанда техниканың мәніне деген өз қатынасымызды ешқашан да сезіне алмаймыз. Барлық осы жағдайларда, оны қызығушылықпен қолдасақ та, теріске шығарсақ та, біз техникаға құлдар секілді ажырамастай таңылғанбыз. Біз техниканы бейтарап нәрсе деп есептеген кезде, оның нағыз тұтқынына айналамыз. Қазіргі кезде кең өpic алған мұндай көзқарас оның мәніне деген мүлде көрсоқырлықты туындатады».

Хайдеггерге дейін техника ақыл - ой мен қайырымдылықтың (ізгіліктің) салтанатты шеруі ретінде бағаланып келді. Кейбір жағдайларда техниканың өзіне қарсы шығу емес, оны қолдануға қарсы шығу өзекті сөз болды. Мысалы, О.Шпенглер «түсті» нәсілдер еуропалықтардан техниканы тартып алып, оларды үстем жағдайынан айырады және түбінде техниканы жояды деп қорықты. Хайдеггер керісінше, техниканың өзін адам үшін үлкен қауіп - қатер деп есептеді. Техниканы түсіндірудегі Хайдеггердің тағы бip жаңалығы, оған дейін техника адамзат тарихы мен мәдениеті дамуы байланысындағы көптеген факторлардың бipi ретінде қарастырылып келсе, ал бұл неміс ойшылының пікірінше техника қазіргі дәуірдің болмысы болып табылады. Және Хайдеггерге дейін техника ең алдымен мәдениет философиясы мен тарих философиясының және тек кейін ғана антропологияның мәселесі болып келсе, ал М.Хайдеггер онан метафизиканың мәселесін шығарды. М.Хайдеггерде де техника болмыстың терең қасиеттерін пайымдаудың маңызды тәсілі болып табылады. Ол болмыстағы табылуға және өзінің нағыз, бүлінбеген кейпінде көрінуге тиіс нәрсенің жасырын жағын ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Техниканың мәні арқылы адам болмыспен тілдесіп, оның үнін естиді. Бірақ импульс дұрыс табылмауы мүмкін, өйткені техника адамды өзіндік ашылудың жалған жағына қарай итермелейді.

К.Ясперс техниканы түсіндіруде Хайдеггерлік түсінікке жақын келді. Ол өзінің «Тарихтың қайнар көздері мен мақсаты» деген еңбегінде техниканы әлемдік тарихтың түбегейлі жаңа фак­торы ретінде қарастырады. К.Ясперстің пікірінше қазіргі заманда былайша пайымдау қажет: «Қазіргі уақытта біз тарихтың бұралаң кезінде тұрғанымызды сезінеміз, бұдан жүз жыл бұрын - ақ бұл кезеңді антик әлемі дағдарысымен салыстыра бастап еді, ал кейінірек оның тек Еуропа мен Батыс мәдениеті үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін орасан зор маңызы бар екендігін байқалды. Бұл - техника ғасыры өзінің барлық салдарымен қоса, адамның еңбек, өмір, ойлау саласындағы, символика саласындағы мыңдаған жылдар бойы жинақтағанынан сау - тамтық қалдырмайтын сияқты. Қазіргі техниканың пайда болуымен барлығыда өзгерді. Ең алдымен, К.Ясперстің пікірінше, адам­ның табиғатпен байланысы өзгерді. Адам техниканың көмегімен табиғатты бағындыра отырып, өзі табиғаттың ықпалына түседі, табиғат адамның тиранына айналады. Техника адамның барлық күнделікті өмірін өзгертіп жіберді, ол «бүкіл өмір сүруді белгісіз техникалық механизм әрекетіне, ал бүкіл планетаны - тұтас фабрикаға айналдырды. Сонымен бірге адамның өз түбірінен толық ажырауы жүзеге асты және бұл бүгінгі күш де жалғасуда. Адам отансыз жердің тұрғынына айналып, дәстүр жалғастығын жоғалтты. Рух пайдалы функцияларды орындау мен оқып - үйрену қабілетіне айналды». Ары қарай К.Ясперс былай деп жазады: «Мына нәрсе күмәнсіз: тех­ника адамның өзін өзгертуге бағытталған. Адам енді өзі қалыптастырған техника ықпалынан босанып шыға алмайды. Және техникада шексіз мүмкіндіктермен қатар, шексіз қауіп-қатердің де бар екендігін күдік туғызбайды. Адам өзі техниканың билігініңастына қашан және қалай түскенін аңғармай да қалды». К.Ясперстің пікірінше, техниканың маңызы мен рөлінің құдіреттілігі сонша, оның мәнін ашпай қазіргі ахуалды пайымдау мүмкін емес. Техниканың нақтылығы адамзат тарихындағы үлкен бетбұрысқа әкелді, біз адамзат өмірін механикаландырудың нағыз дер кезінде тұрғанымызбен, оның бар­лық салдарларын болжау небір ұшқыр көріпкелдердің де қолынан келмейді.

80 - жылдары көптеген батыстық философтар техника мен технологияны тек тарихи ағымда ғана қарастырып, техника мәнін ұғыну мүмкін емес деген қорытындыға тоқталды. Американдық философ Х.Сколимовскидің «Техника философиясы адам философиясы ретінде» деген жұмысында айқын көрінеді. Ол техника философиясын адам философиясы ретінде түсінуді ұсынады. Бұл мағынада адам техникалық императивке бағынғаннан гөрі, техника адам императивіне бағынуы тиіс. Х.Сколимовскидің пікірінше, философиялық зерттеулердің бұл саласының пайда болуы еуропалық өркениеттің пайда болуы мен жойылуындағы техника рөлін кеш мойындауды байқатады. Техника философиясы ең алдымен біздің өркениетті сыни тұрғыдан бағалау нәтижесінде пайда болғанын ескеру қажет.

Техника философиясын ең алдымен екі қарама ‑ қарсы бағытқа бөлінеді: техницизм және антитехницизм.

Техницизм қоғам өміріндегі техника рөлін тек қалыпты құбылыс ретінде, адамзаттың игілігі ретінде ғана қарастырады.

Антитехницизм ‑ өсіп келе жатқан жаңа технологиялардың қауып -қатері алдындағы үрей мен қорқыныш, сенімсіздік.

Техника философиясы негізінен екі басты дәстүр ықпалында: неопозитивизммен әсері және байланысы бар сциентистік методологизм және мәдениеттанымдық антропологизм. Техниканы философиялық зерттеулер осы екі дәстүрдің біріне бағдар ұстануына байланысты ‑ логикалық не методологиялық мәселелермен айналысады, не техниканың гуманистік құндылық қырларын зерттейді. 80 - жылдары техницизм идеологиясы қайтадан күшейе түсті. Бұл бағыттың негізгі тұжырымдары О.Тоффлердің атақты «Үшінші толқын» еңбегінде жарияланады. О.Тоффлер қоғам дамуын толқын қозғалысы ретінде қарастырады. Ал «Футуршок» еңбегінде қазіргі адам қоғам мен техниканың шұғыл өзгерістеріне дайын еместігін айта келе, болашақтың адамға ауыр тиетінін ескертеді.

ХХ ғасырдағы индустриалдық қоғамның ең күшті сыншыларының бірі Л.Мэмфорд болды. Бастапқыда ол болашақты өркениет технологиясына негізделген гуманистік прогресс ретінде елестетті. Кейінірек өзінің позициясын түбірімен қайта қарап, ақпарат саласын өз қолына шоғырландырған және күшті репрессивті бюрократиямен басқаратын әскери‑өнеркәсіптік истеблишмент тарапынан келетін қауіп ‑ қатер туралы ескертеді.

Қоғамды ақпараттандыру үдерісі техникалық және технологиялық үдерістерді өз бойына біріктіре, жинақтай және тек технологиялық мәселе болудан қалады.

Болашақта адамзат өркениетінің дамуы ғарыштық дәуір не компьютерлік немесе ақпараттық болсын, осының барлығы адамның игілігі үшін жасалып жатқандығын ескеруіміз керек. Бұл мағынада техника философиясы ең алдымен адам философиясы деген американ фи­лософы Х.Сколимовскидің пікірімен келісуге болады.

 

ДИАЛЕКТИКА ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАҢДАРЫ

 

Философияда ең негізгі екі әдіс бар: біріншісі ‑ диалектика болса, ал екіншісі‑ метафизика болып табылады. Диалектика деген гректің сөзі «диалектикус», «әңгімелесу» деген сөз. Диалектика ‑ табиғаттың және әлеуметтік дүниенің дамуы туралы терең де жан ‑ жақты ілім. Диалектиканың негізгі идеясы, түпкі принципі - даму идеясы. Диалектика даму жөніндегі, жалпыға бірдей байланыс жөніндегі ілім ретінде сонау ертеде - ақ пайда болды. Ертедегі барлық грек философтары Ф.Энгельс, туа біткен диалектиктерді, ал солардың ішінде Аристотель жан - жақты білімдар, кемеңгер ойшыл болды, ол диалектиканың ерекше белгілерін зерттеді. Ертеде диалектиканы қарсылас адамның пікірлеріндегі қарама - қайшылықты табу және оны жою арқылы ақиқатқа жету, яғни айтыса білудің әдісі деп түсінді. Кейіннен даму жөніндегі философиялық екі көзқарастың бірі таным әдісі мен болмыстың өзгеруін диалектика деп атады.

Диалектика даму жөніндегі, жалпыға бірдей ілім ретінде ерте кезде пайда болған. Енді диалектика даму арқылы нені түсінетіндігіміз туралы мәселеге жауап беруіміз қажет. Өзгеріс атаулының бәрі бірдей даму бола бермейді. Даму деп - заттар мен құбылыстардың сапа жағынан өзгеруін, негізінен басқаға айналуын, біреулерінің құрып, екіншілерінің, жаңаларының тууын айтамыз. Дамудың жалпыға бірдей сипаты болады. Адамның айналасындағы барлық заттар мен құбылыстар - жұлдыздар мен өсімдіктер және адамның өзі де даму процесінде пайда болып, өзгеріп және дами береді. Қоғамдық өмір де терең өзгерістерге ұшырайды. Феодалдық құрылыстың орнына капитализм орнап, оның орнына социализм құрып, капитализмге қайта оралдық. Диалектиканың негізгі идеясы, түпкі принципі - осы даму идеясы.

Даму екі бағытта болады - прогресс және регресс. «Прогресс» - ол латын сөзінен «алға» жылжу деген сөз, ал «регресс» - кертартпа деген сөздің мағынасын білдіреді.

Дамудағы спираль ‑ терісті теріске шығару заңына сипаттамадағы дамуды бейнелеп түсіндіру үшін қолданған салыстыру. Даму кезінде әрбір құбылыстың өзгеру процесі өзінің «бұрынғы түріне» қайта оралғандай тәрізді, жоғары сатыдағы құбылыс төмендегі сатыдағының кейбір сипатын және ерекшелігін қайталағандай болады. Спиральдың әрбір жаңа орамы алдыңғы орамды қайталағандай тәрізді, бірақ ол жоғары сатыда өтеді. Даму процесінде кез‑келген объекті өзінің жойылу, бөліну, пайда болуынан тұрады.Бұл мәселелерге диалектиканың элементтері, яғни заңдары мен категориялары жауап береді.

Дамудың диалектикалық тұғырнамасының терең мәнін ашатын негізгі үш заңы бар. Олар: қарама ‑ қарсылықтың бірлігі мен күресі, сан және сапа өзгерістерінің өзара ауысуы және терістеуді терістеу заңы.

Заң дегеніміз құбылыстардың арасындағы жалпы маңызды қайталанып отыратын байланыс. «Қарама ‑ қарсылықтың бірлігі мен күресіне» тоқталайық. Қарама ‑ қарсылықтар мен бірлігі мен күресі заңы ‑ материалистік диалектиканың мәнін, «өзегін» аңғаратын шындықтың және оны адам ойы тануының жалпы заңы. Кез - келген объекті қарама ‑ қарсылықтардан тұрады. Бұл заң ешқандай сыртқары күштерге жүгінбестен кез ‑ келген қозғалыстың активті ішкі «көзін» түсіндіреді, қозғалыстың өздігінен қозғалуын ұғынуға мүмкіндік береді.

Терістеуді терістеу заңы ‑ диалектиканың негізгі заңдарының бірі. Тұңғыш рет Гегельдің идеалистік жүйесінде тұжырмдалған. Терістеудің терістеу заңы сабақтастықты, дамудың спираль тектестігін, жаңаның ескімен сабақтастық арқылы байланысын, дамудың жоғары сатысындағы бірқатар төменгі сатыларға тән кейбір қасиеттердің ерекше түрде қайталанатындығын көрсетіп, дамудың прогресті сипатын дәлелдейді. Диалектикадағы терістеу категориясы бір заттың басқа затқа айналуын осы кезде бірінші заттың өзгеріп екінші заттың құрамындағы тәуелді элемент күйіне көшуін көрсетеді. Бұл диалектикалық алыну деп атанған. Ол әрі қарай дамуға жол ашады және өткен сатылардың жағымды жақтарының бәрін сақтай алатын байланыс сәті ретінде көрінеді. Диалектикалық терістеуді құбылыстың ішкі заңдылықтары мен қайшылықтары тудырады, ол өзін ‑ өзі терістеу ретінде көрінеді. Қос терістеу немесе терістеуді терістеу арқылы көрінетін дамудың ерекшелігі диалектикалық терістеудің мәнінен келіп шығады.

Сапа мен сана өзгерістерінің өзара орын алмастыру заңы. Сапа мен сана болмыстың объективтік сипаттамасы. Олар адамның практикалық қызметтерінің принциптері. Олар өзара орын алмастыру арқылы даму процесі жүріп жатады.

Сапа және сана өзгерістерінің өзара орын алмасытыру заңы болмыс пен ойдың жалпы формасы, адамның практикалық және танымдық қызметінің жалпы шарты.

Сапалық және сандық өзгерістердің өзара орын алмастыру заңы үлкен методологиялық және практикалық роль атқарады. Сандық өзгерістер белгілі бір сапа шеңберінде бірте ‑ бірте үздіксіз жүреді. Өз дамуының белгілі бір сатысында, екінші бір затқа айналады, яғни сандық өзгерістер толығымен сапалыққа ауысады. Ал ескі сападан көшу әдетте секіріс формасында өтеді. Секіріс нәтижесінде пайда болған жаңа сапа және сандық өзгерістер туғызады. Сапа және сандық өзгерістердің өзара орын алмастыруының негізгі себебі қарама ‑ қарсылықтардың бірлігі мен күресінде, қайшылықтың дамуы мен шешілуінде.

Диалектиканың негізгі үш заңы да белгілі бір категориялар арқылы тұжырымдалады. Категория дегеніміз не? Категория дегеніміз ‑ адам ойлауының, оның болмысына қатысының сипаттамалары. Ал енді категорияларына тоқталайық: Жеке мен жалпының арақатынасы жөніндегі мәселе тарихи процестердің заңдылықтарына талдау жасауға байланысты ерекше шиелінісе түсті. Кеңістік және уақыт жағынан бір - бірінен бөлек тұрған, өзіне ғана тән сапалық және сандық айқындылығы бар жеке нәрселер мен құбылыстардың өмір сүруі жекеше категориясымен сипатталады. Ол бір объектіні басқаларынан айырып тұратын, тек сол объектіге ғана тән нәрсені көрсетеді. Заттардың қасиеттері мен қатынастарының ортақ белгілері, қасиеттері жалпылық категориясымен белгіленеді. Бұл категория объектінің қасиеттері мен жақтарының ұқсастығын, белгілі бір жүйенің элементтері, бөлшектері арасындағы, сондай - ақ түрлі жүйелер арасындағы байланысты бейнелейді. Жалпы жекеден бұрын және одан тыс өмір сүрмейді, дәл сол сияқты жеке де жалпыдан тыс өмір сүрмейді.

Себеп пен салдар - арақатынасты ұғымдар. Басқа бір құбылысты өмірге келтіретін құбылыс оның себебі болып табылады. Себеп әрекетінің нәтижесі салдар болады.

Себеп пен салдар туралы ұғымдар қоғамдық практика мен дүниені танып білу процесінде қалыптасты. Себеп пен салдарда ойлау объективтік дүниенің маңызды заңдылығын бейнелейді. Бұл заңдылықты білу адамдардың практикалық қызметі үшін қажетті құбылыстар мен процестердің пайда болу себептерін танып біле отырып, адам оларға әсер етуге, оларды жасанды жолмен қайта жасауға, өмірде қайта тудыруға немесе, керісінше, оларды болдырмауға мүмкіндік алады.

Себеп пен салдардың өзара әрекеттесуі дегеніміз - олардың бір - біріне ұдайы әсер етуі, соның нәтижесінде себеп те, салдар да өзгеріске ұшырайды. Себеп пен салдардың өзара әрекеттесуіне олардың айналасындағы құбылыстар әсерін тигізеді; ол құбылыстардың жиынтығы жағдайлар деп аталады. Жағдайлар - тиісті оқиғаның болуы үшін қажетті, бірақ оны өздігінше тудыра алмайтын құбылыстар;

Қажеттілік - шындықтағы құбылыстардың, процестердің, обьектілердің одан бұрынғы бүкіл дамуының барысында пайда болған тұрақты, мәнді байланыс. Қажетті нәрсе заттардың мәнінен туады және ол белгілі бір жағдайларда міндетті түрде болуға тиісті. Қажеттінің бәрі бірдей сөзсіз бола бермейді. Барлық басқа мүмкіндіктер жоқ болып, тек бір мүмкіндік қалған кезде ғана қажеттілік сөзсіз болуы мүмкін.

Дүниеде қажетті емес, кездейсоқ құбылыстар да, оқиғалар да аз емес. Кездейсоқ дегеніміз - дәл осы жағдайларда болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін, дәл сондай болуы да немесе басқаша болуы да мүмкін нәрсе.

Қажеттілік пен кездейсоқтық диалектикасының мәні, ол кездейсоқтық қажеттіліктің көріну формасы ретінде және оның қосымшасы ретінде өмір сүреді. Қажеттілік пен кездейсоқтық диалектикасын есепке алу - дұрыс практикалық іс - әрекеттің маңызды шарты болып табылады.

Мүмкіндік пен шындықтың арақатынасы қайшылықты және алуан түрлі. Жаңаның пайда болу күйіндегі болмысы мүмкіндік деп аталады. Тиісті жағдайлар туған кезде мүмкіндік шындыққа айналады. Даму процесі - мүмкіндік пен шындықтың диалектикалық бірлігі. Мүмкіндік пен шындық категорияларының қарым - қатынасында шындық бірінші орында болады. Уақыт жағынан алғанда мүмкіндік шындықтан бұрын болады. Бірақ мүмкіндіктің өзі шындық ретінде қазірдің өзінде өмір сүретін нәрсенің бір моменті болып табылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-08; Просмотров: 865; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.028 сек.