Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

ГЛОСАРИЙ 2 страница




3.Информатиканы оқытудың мiндeттepiн ата?

4.Жалпы білім беретiн орта және кәcіптiк мектептердегi информатиканы оқытудың мақсаттары қандай?

5.Орта мектептегi информатика курсының мазмұнын сипатта.

Негізгі әдебиеттер: [1-22]

Қосымша әдебиеттер: [23-46]

 

3-ДӘРІС.

Тақырыбы: Мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары мен міндет-

тері. Жалпы білім беретiн орта мектепте информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесі. Оның негізгі бөліктерінің жалпы сипаттамасы

Мақсаты: Орта мектептегі информатика курсын оқыту заңдылықтары мен

нақты тақырыптарды оқыту әдістерін қарастыру

 

Қазіргі кезде ақпарат және оны білім беру саласына енгізу жалпы қоғамның дамуын анықтайтың шешуші фактор екені талас тудырмайды. Осы тұрғыдан қарасақ, республикамыздың білім жүйесін қайта құрудың негізгі бағыттарын қамтитын мәселе оны ақпараттандыру болып табылады.

Қазіргі уақыта ”қоғамды ақпараттандыру,” “білім беруді ақпараттандыру ” деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не? Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми техникалық прогересс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс - әрекеттің интелектуалды түрлерінің жан – жақты әсер етуі мен рөлінің жоғарлауына байланысты объективті үрдісс.

Уақыт өте білім беру жүйесін компютерлендірудің ойдағыдай жүзеге асып келе жатқандығын практика көрсетіп келеді. Бұл мәселені: есептегіш техникамен, оның програмалық қамтамасыз етілуінің біртіндеп жүзеге асырылуы, мұғалімдердің дайындалу қарқыны, информатика курсын оқытудың әдістемесінің, оның ішінде нақты тақырыптарды оқыту әдістемесінің қалыптасып келе жатқандығынан байқауға болады. Информатика және есептегіш техника негіздері жалпы білім беретін орта мектепке міндетті пән ретінде енгізілгелі бері курсты оқытудың белгілі тәжірибелері жинақталды. Сонымен қатар, курсты оқытудын дидактикалық жүйесі де қалыптасып келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Білім беру жүйесін ақпараттандыруға бағытталған бағдарламасына байланысты бірқатар шаралар жасалуда. Атап айтқанда, жалпы білім беретін орта мектептер қазіргі заман талабына сай техникамен және програмалық құралдармен жабдықталу үстінде. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында орта мектептегі информатика курсы бойынша Мемлекеттік білім беру стандарты құрылып, оку үрдісіне енгізілді. Мемлекеттік білім беру стандарты бойынша курс 7–кластан бастап оқытылады. Бұдан информатика курсын оқытудың әдістемелік жүйесін айқындау мәселесі алдыңғы кезекке шығады.

Қоғамды индустриаландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдынғы кезекте, маманданған сауатты орындаушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат – оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау. Бұл мәселенің негізгі ядросы жалпы білім беретін орта мектептегі информатика курсынан басталады. “Информатиканы оқыту теориясы және әдістемесі ” деп аталатын пәнді оқытуда мектептегі информатика курсының жалпы ғылыми оқу - әдістемелік, дидактикалық, ұйымдастырушылық, педогогикалық, психологиялық мәселелерін жан – жақты қарыстыратын болады. Сонымен жоғарыда айтқандай информатика сөзіне анықтама берейік. Информатика – ЭЕМ-дың көмегімен информацияны іздеу, сақтау, жинақтау, тарату, өлшеу мен өндеудің әдісі, тәсілдері мен заңдылықтарын қарастыратын математикалық ғылым. Қазіргі информация ағымын адамзат тек ЭЕМ-нің көмегі арқылы ғана қабылдайды. ЭЕМ информацияны автоматты түрде өндеуді жүзеге асырады. Сондықтан ЭЕМ-да программалау информатиканың негізгі ядросы болып табылады, ал қазіргі есептегіш техникалар – оның материалдық базасы.

Жалпы білім беретін орта мектепте “Информатика және есептегіш техника негіздері” курсының енгізілуіне байланысты педогогика ғылымының жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу обьектісі – информатиканы оқыту әдістемесі деп аталады. Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы оқыту заңдылықтары қарастырылады. Оқыту заңдылықтары информатиканың дамуының нақты кезеңіне сай келеді.

Қазіргі кезде информатиканың оқыту әдістемесі қарқынды даму үстінде; оның көптеген мәселелері теориялық жағынан зерттеуді талап етеді. Педагогика ғылымының осы саласы тұтас, әрі толық бір мәнді болу үшін информатиканың барлық деңгейде оқытылуы, зерттелуі керек: мектепке дейінгі кезенде, мектепте, орта оқу буындардың барлық типтерінде, жоғары мектепте, информатиканы өзінше оқитындар үшін және т.с.с. Осы ғылымның алдында өзіне тән проблемаларын қоюда.

Біздін жағдайда алдыңғы кезекте қарастырылатын мәселеміз, мектеп көлемінде оқытылатын “Информатика” курсын оқыту әдістемесі. Информатика оқыту әдістемесі оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкс өзінің алдына келесі негізгі міндеттерді қояды:

§ Информатика және есептегіш техниканы үйретудің нақты мақсатын және орта мектептегі жалпы білім беру пәнінің мазмұнын анықтау, оқыту түрлерін ұсыну;

§ Информатика және есептегіш техниканы оқытудың барлық құралдарын қарастыру (оқу құралдпры, программалық құралдар, компьютерлер және т.б.), мұғалімнің практикалық жұмысына оларды қолдануға нұсқаулар беру.

Мектеп пәндерін оқыту әдістемесінің алдына қойылатын дәстүрлі сұрактар информатиканы оқыту әдістемесінің де алдына қойылады.

1. Оқытудың мақсаты (Не үшін оқытамыз?).

2. Оқытудың мазмұны (Нені оқытамыз?).

3. Оқыту әдіс (Қалай оқытамыз?).

4. Оқыту туралы (Неден оқытамыз?).

5. Оқытуды ұйымдастыру жолы (Қайтіп оқытамыз?).

Бұл айтылғандардан басқа екі мәселеге көңіл аудару керек. Олар:

1. Кімді оқытамыз?

2. Кім оқытады?

Соңғы екеуіндегі кімді оқытамыз деген сурақта; қай жастағы оқушыны қалай оқыту керек. Яғни қай пәнді, оның бөліктерін, қай кластан бастау керек дегенді білдіреді. Информатиканы оқыту әдістемесі жанадан қалыптасып келе жатқан жас ғылым. Педогогика ғылымының іргелі бөлігі ретінде өзінің дамуында информатиканы оқыту әдістемесі философияға, педагогикаға, психологияға, информатикаға сүйенеді. Сонымен қатар, орта мектепттің кеңейтілген практикалық тәжірибесін басшылыққы алады.

Информатика әдістемесінен біріктірілген барлық әдістемелік педагогикалық білімдер мен тәжірибелер жиынтығынан “Информатиканы оқыту әдістемесі” деп аталатын пән бөлініп шығады. Бұл оқу пәнінің мазмұнында информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы теориялық негіздері, типтік техникалық құралдар жиыны және сонымен бірге мектеп курсының нақты тақырыптарын оқыту әдістері қарастырылады.

Жалпы оқытудың негізгі мақсаты – оқушыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негізгі орын алған мәселе – дамыта отырып оқытуды зерттейтін бағыт.

Орта білім берудің басты мақсаты – жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажет қабілеттерін қалыптастырып, дамыту және өз бетімен білім алу, өзін-өзі дамытуға жағдай жасау.

Сонымен, мектептің алдына төмендегідей үш негізгі мақсат қойылады.

1) Білім беру;

2) Тәрбиелік;

3) Практикалық.

Енді мектепке тән осы негізгі мақсаттардың информатиканы оқытудың жалпы мақсаттарына қатысты болатынын көрсетейік.

Мектепте информатиканы оқытудың білім беру мақсаты - әрбір оқушыға информатика ғылымы негіздерінің алғашқы фундаментальды білімін беру, оқушыларға осы білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

Информатика ғылымының жалпы білім берудегі қызметі өте жоғары. Информатикадан білім негіздерін меңгеру оқушылардың жалпы, ақыл – ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін нығайтуға елеулі әсер етеді.

Сонымен, информатиканы оқытудың білім беру – дамытушылық мақсаты – оқушының шығармашылық қабілетін, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруға, ақыл-ойын, ойлау өрісін, ынтамен дамытуға, яғни қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған.

Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты – оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен, дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру.

Курстың бұл мақсаты қолданбалы және теориялық аспектілердің байланысын жүйелі түрде ашып көрсетіп, алгоритмдеудің, программалаудың ЭЕМ-нің қазіргі кезеңдегі өндірістік рөлі мен маңызын айқындау болып табылады. Информатика курсында кәсіптік бағдарлау мақсатында информатикаға және ЭЕМ-ға байланысты мәліметтер, ЭЕМ-ны пайдаланатын басқа ғылымдар жайында мәліметтер берілуі тиіс. Мұнымен қатар, информатиканың практикалық мақсатының “тұрмыстық аспектісі” де бар. Ол күнделікті өмірде, тұрмыста жастарды компьютерлік техниканы сауатты пайдалануға үйретеді. Қорыта келгенде, информатиканы оқытудың практикалық мақсаты – оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, басқа пәндерді оқыту үрдісінде практикалық есептерді шешуге және оны информациялық қоғамда өмір сүруге дайындауға бағытталған.

Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты өте зор. Информатиканы оқыту барысында ой еңбегінің мәдениеті жаңа сапалы деңгейде қалыптасады, оқушы өзінің жұмысын жоспарлай білу, оны ұтымды орындай білу, бастапқы жоспарды оның орындалуымен байланыстыра білу сияқты жалпы адамзаттық мәні бар қасиетер де қалыптасады. Сонымен информатиканы оқытудағы тәрбиелік мақсат – оқушыны азаматтық, адамгершілік қасиетке және жоғары саналыққа баулуға бағытталған.

Информатиканы оқып үйренудің жоғарыда аталған мақсаттары бір-бірімен өте тығыз байланыста, оларды бір-бірінен ажыратуға болмайды. Оқушыларға негізгі жалпы білімді беріп болмай, информатиканың тәрбиелік эффектісін алуға болмайды. Мектепте информатиканы оқытудың жалпы мақсаттары нақты оқу үрдісіне байланысты нақты мақсаттарға айналады, яғни нақты тақырыптарды оқытудың мақсатына айналады. Пәнді оқытудың нақты мақсатарын анықтау жалпы дидактикадан басталады. Қазіргі қоғамның дамуына байланысты дидактиканың көптеген қағидалары өзгеріске ұшырап отыр. Информатика жас ғылым болғандықтан даму үстінде, оны мектепте оқыту мазмұны да әлі қалыптасу үстінде. Осындай жағдайда ғылыми тұрғыдан негізделген мақсат қана оқыту мазмұнын дәл анықтауға мүмкіндік береді.

Жалпы білім беретiн орта мектепте информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесі. Оның негізгі бөліктерінің жалпы сипаттамасы.

Жалпы оқытудың негізгі мақсаты - оқyшыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негiзгi орын aлған мәселе - дамыта отырып оқытуды зерттейтiн бағыт.

Мұндағы маңызды мәселе, баланың ақыл-ойын дамыту қай деңгейде оқытуға, ол қандай дережеде оның организмінің табиғи дамуына тәуелдiлiгiмен қорытындыланады. Бұдан оқытудың потенеңиалды мүмкiндiгiнiң шекарасын тағайындауға, сондай-ақ, нақты дидактикалық өзгерicтiң мақсаты мен мiндетiн aнықтау шығады. Сондықтан оқыту мен дамытудың өзара қатынасы дидактиканың аса маңызды әдiснамалық мәселесі болып табылады.

Алғашқы кезеңде (1985-86 оқу жылы) информатика пәнін мектепте оқытудың негiзгi мақсаты оқушыларда компьютерлiк сауаттылықты қалыптастыру болып табылды. Алайда шетелдiк және oтaндық тәжiрибелер оқу мақсатын бұлайша анықтаудың жеткiлiксiз eкeнiн көpceтті. Өйткенi, компьютерлiк сауаттылық, арнаулы ЭЕМ көмегімен сурет салу, жазу, есеп шығару басқа пәндердi оқу барысында қалыптасатын жалпы сауатты­лықтың құрамды бөлiктерiнiң бiрi болып табылады.

Орта бiлiм беруің басты мақсаты-жеке тұлғаның өзіне қоғамға қажет қабiлеттерiн қалыптастырып, дамыту және өз бетiмен бiлiм алу, өзiн-өзі дaмытyғa жағдай жасау.

Сонымен мектептің алдына төмендегiдей үш негiзгi мaқcaт қойылады:

1. бiлiм беру; 2. тәрбиелiлiк; 3.практикалық;

Бақылау сұрақтары

1. Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты қандай?

2. Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не?

3. Информатиканы оқыту әдістемесінің мақсаты не?

4. Информатика курсын оқытудағы негізгі мақсаттар қандай?

5. Мектепте информатиканы оқытуда білім берудің мақсаты?

6. Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты?

Негізгі әдебиеттер: [1, 4, 5, 12, 14]

Қосымша әдебиеттер: [20, 24, 28]

4-ДӘРІС.

Тақырыбы: Информатика негіздерін оқытуға қажетті құжаттар. Орта жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Информатика бойынша жалпы білім беру стандартының функциялары мен орны.

Мақсаты: Мемлекеттік білім стандарты жайлы мағұлмат беру, информатика

пәнінің оқу жоспарында алатын орны мен мектепте оны оқытудың мақсатын игерту.

 

Мемлекеттік білім стандарты -бұл пәндер бойынша мазмұнның міндетті минимумы және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайтын нормативтік құжат.

-1998 жылы жасақталған стандарттың негізгі мазмұны 7-11 сыныптарда дүниетанымдық көзқарас, алгоритмдеу және программалау, техникалық және қолданушылар аспектілеріне бөлініп қарастырылған. Аталған аспектілер базалық, негізгі және мамандыққа баулу курстары бойынша жеке жеке концентрлі түрдегі мазмұндарға бөліп, анықталған. Мұнда қарастырылған мазмұндар ақпараттық технологияның жеделдетіп дамуына байланысты оларды өзгерістерге ұшырату қажеттігі туындады.

Сондықтан бұл стандарт жылы мына түрде өзгертіліп, қайтадан жасақталды.

«Информатика» пәні бойынша дайындалған стандарт білім берудің сәйкес сатысының базистік оқу жоспарымен, білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспармен, оқу бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылады.

Стандарттың қолданылу саласы;

Қолданылу саласы. Стандарт республиканың мемлекеттік басқару органдары мен ұйымдарында білім қызметін лицензиялау, білім ұйымдарын аттестациялау, жұмыстық оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын дайындау, оқулықтар мен оқу - әдістемелік кешендерді жасақтау және оқу бағдарламаларын жүзеге асырылуын бақылау кезіндде қолданылады.

Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы Заңының талаптарына сәйкес информатиканы оқыту стандартына төмендегі мәселелер енгiзiлген:

- кластар бойынша бiлім беру мазмұнының мiндeттi минимумы;

- әрбiр кластардағы оқушының дайындық деңгейiне қойылатын талаптар;

- стандарттағы талаптардың орындалуын бағалау;

- бiлiмдi бағалау үлгiлерi.

Қазақстан Респyбликасының конституциясында: "Білiм беру - бұл қоғам мүшелерiнiң адамгершiлiқ интеллектуалдық, мәдени дамyынының жоғарғы деңгейін және кәсіби бiлiмдiлiгiн қамтамасыз eтyгe бағыттaлған тәрбие беру мен оқытудың үздiксiз үрдісi", - деп көрсетілген.

Білім беру жүйесiнiң басты мiндетi-ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар ғылым мен практиканың жетістіктері негiзiнде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажеттi жағдайлар жасау, әрине, мемлекет зиялы болу үшін оның әр азаматы зиялы болуы қажет. Бұл білім беру үрдісiнiң үздіксіз талап етедi. Білім беру үздiксiз үрдісс болса, информатиканы оқыту да үздіксіз болуы қажет.

Жалпы бiлiм беретін орта мектепке арналған информатикадан мемлекеттік білім беру стандарты осы мәселені көздейді.

Ал, стандарт осы орта мектепте үздiксiз бiлiм беру тұжырымдамасына негізделіп жасалынған. Тұжырымдама білім беру жүйесiн демократияландыру принциптерін жүзеге асыруға бағытталып құрылған.

Мұнда оқушы өз бетiмен танымдық қызмет жасап, дами алатын субьект болса, мұғалiм осы қызметтің тиiмдi ұйымастырылуына нәтижелi болуына жауап беретiн шығармашылықпен жұмыс icтейтін жеке тулға.

«Информатика» оқу пәнінің базалық мазмұны (БМ) - оқу пәнінің мектепте міндетті түрде оқытылуы тиіс және үздіксіз білім берудің келесі сатылары мен деңгейлерінде информатиканы оқуды жалғастыру үшін жеткілікті болатын мазмұнының құрамы мен құрылымы.

«Информатика» оқу пәні бойынша білім берудің негізгі бағдарламасы (БНБ) - оқу пәнінің мазмұнын, яғни оқушыларда ғылыми дүниетанымдық негізді қалыптастыруды, олардың ойлау қабілетін дамытуды, ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгертуді және оқушыларды өмірге, еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлауды анықтайтын құжат. Оның мазмұны мемлекеттік стандарт бойынша анықталады.

«Информатика» оқу пәні бойынша бағдарлы білім беру бағдарламасы (БББ) -«Информатика» оқу пәнінің мазмұнын анықтайтын, пәнді тереңдетіп, бағдарлы оқытуды қамтамасыз ететін, оқушыларды кәсіби даярлау бағытына қарай көлемі мен мазмұны бойынша сараланған құжат. Оның мазмұны мемлекеттік стандарт бойынша анықталады.

«Информатика» оқу пәні бойынша қосымша білім беру бағдарламасы (ҚББ) - мемлекеттік стандарт мазмұнынан тыс, оқушылардың информатика пәні бойынша білімге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған оқу курстарының мазмұнын анықтайтын құжат. Бұл бағдарлама факультативтік немесе арнайы курстар ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы ережелер:

Информатика пәнін оқытудың негізгі мақсаттары төмендегідей:

-оқушылардың ғылыми дүниетанымдық негізін қалыптастыру;

-оқушылардың ойлау қабілетін дамыту;

-оқушыларға ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологияларды меңгерту;

-оқушыларды өмірге, еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлау;

Міндеттері:

-информатика ғылымының негізін қалайтын үш ұғымның (зат, энергия және ақпарат) бірі болып есептелетін, қазіргі таңдағы әлем бейнесін құрудың негізін құрайтын ақпарат ұғымын қалыптастыру;

-қоршаған ортаны жаңа ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын қалыптастыратын ақпараттық үрдістерді, табиғат, қоғам, техника аймақтарында қарастыру;

-қоғам дамуында жаңа ақпараттық технологиялардың ролін анықтау, қоғамның постиндустриялық ақпараттық сатыға өту кезеңінде адам еңбегінің мазмұны мен сипаттамасын өзгерту;

-оқушылардың теориялық, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту;

-тиімді шешімдер таңдай білуге бағытталған, оперативті ойлау деп аталатын жаңаша ойлай білуді қалыптастыру;

-ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар саласында білім, білік және дағдыларды қалыптастыру мен оларды дамыту;

-оқушыларды ақпараттық бірліктермен қамтамасыз ететін білімдермен қаруландыру;

-оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру.

«Информатика» пәнінің зерттеу обьектілері:

-ақпарат;

-ақпараттық ресурстар;

-ақпараттық үрдістер;

-ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар.

«Информатика» пәнінің даму болашағы мына көріністерге байланысты:

1.пәннің жалпы білімділік, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, атап айтқанда:

-оқушыларға формальдау, моделбдеу және компьютерлік тәжірибе әдістерін меңгерту;

-тиімді шешімдерді таңдай білуге бағытталған оперативті ойлау қабілетін дамыту.

2.информатиканың ғылыми пән ретінде қалыптасуы, атап айтқанда, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, биологиялық, қолданбалы информатика және т.б.

«Информатика» пәнінің даму бағыттары:

-Теориялық информатика. Мұнда ақпараттың жалпы қасиеттерін зерттеу, табиғаттағы және қоғамдағы ақпарат үрдістерінің өзара қатынасы, сонымен қатар әр түрлі ақпараттық орталарда ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың негізгі заңдылықтарын зерттеу мәселелері қарастырылады.

-Ақпараттандыру құралдары. Мұнда дербес компьютерлердің, микроүрдіссорлардың есептеу қызметінің мүмкіндіктері және аймақтық желілер арқылы ақпараттарды алмасу қызметтері туралы мәселелер қарастырылады. Әр түрлі ақпараттарды сақтау, өңдеу және

қолдану мүмкіндіктерін одан әрі жетілдіру бағытында ақпараттық технологиялардың даму мәселелерін қарастырумен жалғасады.

-Әлеуметтік информатика. Мұнда информатика мен ақпараттық технологиялардың қазіргі қоғамдағы алатын орны, ақпаратпен және программалық өнімдермен жұмыс жасаудың құқықтық, этикалық және моральдық нормалары, жеке тұлға мен қоғамның ақпараттық қауіпсіздігі төңірегіндегі мәселелер қарастырылады.

Информатика пәнінің базистік оқу жоспарында алатын орны мектепте оны оқытудың мақсатын игерту, информатика негіздерін үйрету мен ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың бірнеше кезеңдерін бөліп көрсетуді талап етеді.

Бірінші кезең (7-9 сыныптар)- базалық курс. Ол информатика пәні бойынша оқушылардың міндетті (минимум) жалпыбілімділік дайындық деңгейін қамтамасыз етеді. Бұл кезең нақты мәселені шешуде оқушылардың ақпараттық технология құралдары мен әдістерін меңгертуге, сонымен қатар компьютерді үйренуде, одан әрі кәсіптік білім қызметінде оын еркін, әрі тиімді қолдана білу дағдысын қалыптастыруға бағытталған (3 жыл).




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 1887; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.075 сек.