Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Рефлексия.Логотерапия.Гештальттерапия 5 страница




Клиенттің жасалынған таңдауға жауапкершілікті қабылдауына дайындалуға көмектесу үшін оның аталмыш таңдауға деген даярлығының өлшемін сезіну қажет. Әртүрлі адамдар ол мезетке әрқилы жолдарен келеді:

· кейбіреулері проблеманың шешіміне жауапкершілікті мойындарына алмайды;

· басқалары жауапкершіліктің бір бөлігін ғана мойындарына алады;

· үшіншілері, жауапкершілікті мойындарына ала аламын деп ойласа да, шын мәнінде олай жасамайды;

· төртіншілері, жауапкершіліктің бір бөлігін ғана мойындарына алса да, оны маңызы жоқ жерлерде жасайды;

· бесіншілері, жауапкершіліктің бір бөлігін ғана мойындарына алса да, ол маңызды болатындай жеткіліксіз болады;

· тек кейбіреулері ғана мойындарына толықтай жауапкершілікті алса да, өздерін тыңдап, көмектесетін адамға мұқтаж болады.

Тізімнің соңындағылар түсіністікке мұқтаж болады. Басына таяулары түсіністікке және проблемасының шешіміне жауапкершілікті өздерінің мойындарына алу қажет екендігіне біртіндеп сенімділікке жақындай бастайды. Клиенттің проблемаларының шешіміне деген жауапкершілікті өздерінің мойындарына алса оларды қайтара шешетіні кеңес берудің жетекші принципі болып табылады. Ол проблеманың шешілетініне сенуі қажет.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.М.,1997

2.Гулина М.А. Основы индивидуального психологического консультирования. СПб., 2000

3.Карвасарский Б.Д. Психотерапия. М.,1985

4.Кошчо Й. Служба психологической консультации. Вопросы психологии.1984

5.Меновщиков В.Ю. Введение в психологическое консультирование. М.,2000

6.Обозов Н.Н. Психологическое консультирование.СПб.,2000.

№ 8дәріс. Психокоррекция

Дәрістің мақсаты: Психокоррекциялық жұмысты ұйымдастырудың әдіснамалық негіздерін түсіндіру.

Жоспары:

1.Психокоррекцияны ұйымдастыру үшін психологиялық ақпараттың алу ерекшеліктері.

2.Психокоррекцияны ұйымдастыруға психологиялық ақпаратты қолданудың ерекшеліктері.

3.Практик психологтың жұмысындағы психологиялық коррекцияны ұйымдастырудың тиімділігі және мәселелері.

Психокоррекция бұл психолог жұмысының маңызды және жауапкершілігі мол әрекеті.

Психокорреция – бұл психиканың дамуы мен қызмет етуіндегі қалыптыдан қайсібір жағымсыз ауытқуларды мінез –құлықтық, эмоциялы, танымдық не болмаса адамға психологиялық проблемаларды тудыратын басқа да көріністерді бәсеңдетуді немесе жоюды мақсат еткен, адамның психикасына белсенді ықпал ету.

Психологиялық түзету бұл психологтың психикалық денсаулығы сау адамның кемшіліктерін түзетуде қолданылатын психологиялық әдістің жиынтығы (Р.С. Немов). Жеке тұлғаның дамуында ауытқуыбар балалармен жеткіншектерге психотерапияны қолдануға болмайды. Мұндай психологиялық көмек көрсету түрі арнайы психологияның, психопатологияның және педагогикалық коррекцияның дамуымен күшейді. Сірә, қалыпты даму және ауытқушылығы бар түзетулерді бөліп қарастыру қажет. Біріншісін психолог,ал екіншісін паотпсихолог, дефектолог, психоневролог, психиатр жүзеге асырады.

Біз психологиялық түзету баланың жас ерекшелігінің және жеке қабілеттерінің, оның оптимальді моделіне, психологиялық дамуына сәйкес келмейтін ерекшеліктерін түзететін психолог әрекеті деп түсінеміз. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық түзету жұмыстары бала дамуындағы кемшіліктермен ауытқуларды түзету немесе алдын алуды шамалайтын психологиялық педагогикалық ықпал жасау жиынтығы. Ол бір бірімен тығыз байланысты екі формада жүзеге асады: жеке ауытқуларға бағытталған (симптоматикалық), және осы ауытқулардың пайда болуымен себептерінен хабардар болу (этимологиялық).

Түзету жұмысын жүргізуші психолог мынандай схемамен жұмыс жүргізуі керек:не бар?, не болуы керек?, керекті нәрсе болу үшін не істеу керек?. Бұл сұрақтарға жауап беру үшін, психологиялық даму нормасын анықтап алу керек. Оның үш деңгейін талдап, жүргізу керек. (Г.С. Абрамова).

Нейрофизиологиялық деңгейде зерттелушінің функциональді ми құрылымының негізінде қорытындысын жасайды.

Жалпы психологиялық талдау деңгейі. Психиканың заңдылықтарамен механизімдері негізінде жұмыс істеу.

Жас ерекшелік деңгейі.Алынған нәтижелерді жас ерекшелігіне сәйкес келуін дәлелдеп, айқындауға көмек көрсетеді.

Шетелде психокоррекциялық мәселені екі түрлі жолмен шешеді: психодинамикалық және жүріс тұрыстық. Психология пәнінің парадигмасына байланысты сана және мінез құлық. Көрсетілген тәсілдер балалармен және жеткіншектермен жүргізілген психикалық түзету жұмыстарының әдістері, тактикасы, стратегиясы, мақсатымен байланысты.

Жүйелілік принціпі онтогенездегі күрделі жүйелі психикалық дамудағы қажеттіліктерді есепке алу.

Психологиялық түзету ауытқуды түзетуге арналған болғандықтан бала бойындағы қиындықтардың пайда болуын түсіндіруші әр түрлі модельдер бар:

Биологиялық модель ауытқулардың пайда болуын ағзаның жетілу типінің төмендеуімен байланыстырады.

Медициналық модель дамуында ауытқуы бар мәселелерді қарастырады.

Педагогикалық модель қиындық себептерін әлеуметтік және педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалар.

Әлеуметтік психологиялық модель қиындықтың пайда болу себептерін баланың қарым қатнас жасайтын ортасынан деп түсіндіреді.

Психологиялық модель өз жасына лайықты іс әрекет түрлерін орындай алмауына қарап бағдар жасап, себептерін іздейді.

Психокоррекциялық жұмыста да, психотерапияда да әңгіменің сәйкес формалары қолданылады. Алайда, психологиялық консультация психокоррекциямен және психотерапиямен сырттай біліміне қоймасшекарамен өзгешеленеді де, тек шартты түрде бөлінеді. Психокоррекциялық және психотерапиялық әсерлер адам өміріндегі көптеген қиыншылықтарымен қақтығыстарына негіз болатын терең, жеке бастық мәселелердішешуге бағытталады.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Абрамова Г.С. Практическая психология. –М.,1997

2. Весник образования.-М.,1995.№7.

3. Немов Р.С. Психология.-М., 1995.

4 Овчарова Р.В. Технологии практического психолога образования.-М.,2000

№ 9 дәріс. Психотерапия

Дәрістің мақсаты: Студенттерге психотерапия жайлы мағлұмат беру.

Жоспары:

1.Психотерапия ұғымы.

3. Әлеуметтік- психологиялық тренинг.

 

Пихотерапия – іс шаралардың, адамның психикасына ықпал етудің жүйесі, психологиялық көмектің бір түрі, сондай –ақ сәйкес проблемаларды зерттейтін дәрігерлік және практикалық психологияның саласы. Психотерапияны психологиялық құралдармен жүйке –психикалық және психосоматикалық ауруларды және адамның (науқастың) бұзылыстарын емдеуді білдіретін дәрігерлік және дені сау адамға (клиентке) бағдарланған әрі оның психологиялық қиыншылықтарын жеңумен айналысатын дәрігерлік емес деп екге бөледі.

Терапевтер психотарпия дамуының үшінші сатысында науқастың мінез –құлқына едәуір үлкен мән береді. Науқас тұлғасына өте қатты ықпал етеді - өзінің келбетін жақсартып, оған айналадағылардың жауап беру – бермеулеріне қарамастан мінез –құлқы өзінеықпал ете бастайды. Олар тұлғаның бүкіл өмір барысында үздіксіз дамитынын айтады. Терапия адамның өмір және өзі жайлы түсініктерін қалайша өңдеп, мүлдем жаңа көзқарасты қалыптастырудың жаңа тәсілдерін, яғни нақты мағынада өз бетінше сауығу тәсілдерін қалайша ашатынын көруге көмектесуі қажет. Терапияның ендігі мақсаты – науқастың өздігінен сауығуына көмектесу.

Бұл тұрғының науқастарға барлығынан да жақсы көмектесетінін тұжырымдайды. Психотерапевт науқастың сезімдер мен өмірді қабылдаудың ерекшеліктерін түсінуге көмектесіп ғана қоймай, науқастың өзі жүзеге асыратын сипаттамалардың жаңаруын қабылдауға да көмектеседі.

Әдебиетте «психотерапия» ұғымының көптеген анықтамалары бар. Бұл көптеген психотерапевтік бағыттар мен іәдстердің бар болуымен байланысты. Чех ғалымы Станислав Кратохвилуға тиеілі ең ортақ анықтама психотерапияның – психологиялық әдістердің көмегімен әртүрлі ауруларды емдеу екендігіне нұсқайды. Ол аурулар психикалық процестер мен тұлғаға, сондай –ақ дене қызметтеріне де қатысты болуы мүмкін. Психологиялық әдістерге ең алдымен сөйлеу – тілі (үндемеу), эмоциялық қатынастар, үйретудің әрқилы түрлері, қоршаған ортамен манипуляциялау жатады.

Осындай міндеттердің шешілуінде терапевт негізгі үш әдісті қолданады.

Біріншіден, психологиялық қолдауды қамтамасыз ету. Бұл ең алдымен науқасты көңіл қоя тыңдап, оған сын жағдайда есептелінген кеңес беруді білдіреді. Қолдау науқастың күші мен іскерліктерін сезініп, пайдалануға көмектесуде анықталады.

Екіншіден, бейімсіз мінез –құлықты жою және проблеманы шешудің бейімді жаңа тәсілдерін қалыптастыру.

Үшіншіден, өзін өзі ашу мен инсайтқа, яғни мотивтерін, сезімдерін, дау –дамайлары мен құндылықтарын жақсырақ түсінуге ықпал ету.

Феноменологиялық бағыт гуманистік деп те аталады. Эмоциялы бұзылыстар қабылдаудың бұрмалануынан немесе сезімдердің жеткілікті сезінілмеуінен тежелген қажеттіліктірдің өсуінің нәтижесі ретінде қарастырылуы бағыттың солайша бағалауының маңызды негіздемесі болып табылады. Гуманистік психотерапия терапия – дәрігердің жазып берген дәрі–дәрмегі емес әртүрлі адамдардың кездесуі деп тұжырымдайды. Ол науқастың табиғи өсуін қалпына келтіруге, өзінің шын мәніндегі келбетіне сәйкес және басқалардың ойынша қандай болуы тиіс екендігінен тәуелсіз қалай бола алатынын сезініп әрекет етуіне көмектеседі.

Феноменологиялық терапия да инсайттың туындауына ықпайл етеді, алайда мұндағы инсайт – бұл бейсаналы шиеліністердің емес дербес сезімдері мен түсіністіктердің сезілуі.

Роджерстің: шартсыз жағымды қатынас, эмпатия, конгруэнттілік атты таныма «триадасы» терапияның ең жақсы тәсілі болып табылады. Карл Роджерс психодинамикалық терапияда тәжірибеленуде биресми тұрғының едәуір тиімді екендігіне көзін жеткізіп, «бұйрықшыл емес терапияны» қолдана бастайды. Ол өзінің тарапынан бағыттамай, бағаламай, интерпретацияламай науқастарының не жайында және қашан айтатынын шешуге мүмкіндік береді. Бұл тұрғы қазіргі кезде «клиентке орталықтанған терапия» деп аталады. Оның негізінде маңызды үш принцип жатыр.

«Шартсыз жағымды қатынас». Терапевт өзінің клиентті шын көңілмен қамқорға алатынын, оны адам ретінде қабылдап, өзгеру қабілетіне сенетінін көрсетеді. Бұл клиенттің айтқандары қандай «жаман», «оғаш» немесе «ер жүректі» көрінсе де, оны үзбей тыңдау даярлығын білдіреді. Терапевтің клиенттің барлық айтқандарын мақұлдауы міндетті емес, бірақ ол оны бағаланушы адамның шынайы бөлігі ретінде мойындауы тиіс. Сонымен бірге, терапевт клиенттердің проблемаларын өз беттерінше шешулеріне сенім артуы тиіс, яғни ол кеңес бермейді. Кеңес, дейді Роджерс клиенттің біліксіздігі немеме тепе –тең еместігі жайлы жасырын хабарламаны береді, –бұл оны өз өзіне аса сенімді емес және едәуір тәуелді етеді.

Эмпатия. Терапияның көптеген түрлері клиентке сырт келбетінен көзқарасты ұсынады. Эмпатия ішкі көзқарасты, оның нені ойлай және сезіне алатынына шоғырлануды талап етеді. Терапевт клиентке диагностикалық жарлықты ілуге ұмтылған сырттай бақылаушы ретінде емес, әлемнің оның ойынша қалай көрінетінін түсінгісі келетін адам ретінде әрекет етеді.

Эмпатия жайлы: «Мен түсінемін», «Мен сіздің қазір қандай сезімде екендігіңізді білемін» деген сөздермен хабалауға болмайды. Терапевт клиентті белсенді тыңдап отырғанын көрсетіп, эмпатия вербалды емес түрде жеткізеді. Терапевтер шебер сұхбаттасушылар ретінде клиентпен көз арқылы түйісуді қолданып, оның сөйлеуге даярлығын ыммен қолдап отырады, кері ақпаратты жеткізудің вербалды емес құралдарының барлық арсеналын қолданады. Кейде бұл амал рефлексия (сәулелендіру) деп аталады. Клиенттердің көпшілігі эмпатиялық сәулелендіруге өз сезімдеріне мұқият назар аударумен жауап береді. Рефлексия – адамның дербес әрекеттері мен күйлерін ойластыруға, өзінің рухани әлемін тануына бағытталған ішкі психикалық іс –әрекеті.

Конгруэнттілік – бұл терапевттің сезінгені мен оның клиентке қатысты өзін қалай ұстайтынының арасындағы үйлесімдік. Бұл терапевттің шартсыз жағымды қатынасының және эмпатиясының шынайы екендігінің белгісі. Терапевттің конгруэнттілігі клиенттің ашық–жарқындылық пен шыншылдықтың адам қатынастарының негізі болуы мүмкін екендігіне көзін жеткізуге мүмкіндік береді.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.М.,1997

2.Карвасарский Б.Д. Психотерапия. М.,1985

3.Бурлучак Л.Ф., Грабская И.А., Кочарян А.С. Основы психотерапии. Киев, 1999.

№10 дәріс. Психологиялық ағарту.

Дәрістің мақсаты: Студенттерге психопрофилактика жайлы мағлұмат беру.

Жоспары:

1. Психологиялық ағарту жұмыстарының міндеттері.

2. Психологиялық ағарту жұмыстарының маңыздылығы.

 

Мекемедегі психологиялық ағарту жұмыстарын практикалық психологтың бір өзі ғана атқаруы шарт емес. Ол психологиялық ағарту жұмыстарын басқа мамандармен мектеп басшысымен, пән мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен, ата-аналармен) бірлесе жоспар құрып, ұйымдастырып, жүргізе алады.

Психологиялық ағарту жұмыстары абстрактілі –теориялық сипатта болмауы керек. Психологиялық ағарту жұмыстары нақты жағдайларға қатысты мәселелердің шешіміне қатысты болғаны жөн. Психологиялық ағарту жұмыстарын көрнекілікпен барынша оптимальды әрлеп, аудио- видеоаппаратуралар мен басқа да құралдарды пайдаланған тиімді болады.

2. Психопрофилактиканы индивид психикасының дамуына және психологиялық денсаулықты арттыруға бағытталған тәжірибелік психолог пен психология пәні оқытушыларының іс-әрекетінің ерекше түрі деп қарастырамыз.

Олай болса психологиялық қызмет көрсетуде психопрофилактикалық жұмыстардың маңызы өте зор. Алайда психопрофилактикалық жұмыстар тәжірибелік психологтар мен психология пәні оқытушыларының іс- әрекеттерінің бір түрі ретінде ғылым мен тәжірибеде көп қарастырылмаған.

Дегенмен болашақ практикалық психолог жұмыс барысында психопрофилактикалық жұмыстардың әр түрлі формаларын іс жүзінде көріп, өзі де бірқатар психологиялық тапсырмаларды жүзеге асырады.

Психопрофилактикалық жұмыстардың міндеттері:

А) ұжымда, топ ішінде әрбір адамның толыққанды психикалық дамуына және тұлға ретінде жетілуіне психологиялық жағдайды сақтау.

Б) ұжымда, топ ішінде әрбір адамға қатысты интеллектік және тұлғалық дамудағы қиыншылықтар мен бұзуларға әкеліп соқтыратын психологиялық ерекшеліктерді анықтау, олардың алдын-алу.

В) ұжымдағы топ ішіндегі адамдардың дағдарыстық кезеңдері бойынша өзгерістердің теріс жағдайда асқынып кетпеуіне жағдай жасау.

Г) ұжымдағы, топ ішіндегі психологиялық климаттың оңтайлы болуына жағдай жасау.

Д) ұжымдағы адамдардың психологиялық білімді жетілдіру мотивациясын арттыру.

Сонда психологиялық қызмет аясындағы психопрофилактикалық жұмыстардың мазмұны төмендегідей болмақ:

9. Ұжымда, топ ішінде әрбір адамды толыққанды психикалық дамыту және тұлға ретінде жетілдіру бағдарламасы жасалады.

10. Ұжымдағы, топтағы әрбір адамның кейіннен интеллектік және тұлғалық дамуындағы қиыншылықтары мен патологияға әкеліп соқтыратын психологиялық ерекшеліктері анықталады.

11. Ұжымдағы, топ ішіндегі адамдардың дағдарыстық кезеңдері бойынша өзгерістердің теріс жағдайда асқынып кетуіне мүмкіндік бермейді.

12. Ұжымдағы, топтағы оқу, еңбек іс-әрекеттеріне шамадан тыс талаптар қоюдан немесе моральдік қысым жасалудан адамдарға психологиялық, физикалық жағынан артық күш түспеуі қадағаланады.

13. Ұжымда, топта кәсіби бағдар беру, кәсіби компетенттілікті арттыру жұмыстары жүргізіледі.

14. Ұжымдағы, топ ішіндегі қарым-қатынаста жетілдіру арқылы моральдік- психологиялық климаттың жақсы болуына жағдай жасалады.

15. Ұжымдағы адамдардың психологиялық білімді жетілдіруге, оны жеке өмірлерінде қолдануға деген мотивацияның артуына қатысты шаралар ұйымдастырылады.

16. Мектепке дейінгі және орта білім беретін ағарту мекемелерінде педагогикалық –психологиялық консилиум ұйымдастырылып тұрады.

 

Сонымен, психологиялық профилактика адамның психикалық және тұлғалық дамуында жайсыздықтың алдын-алуға бағытталған үздіксіз психологиялық жұмыс болып табылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.М.,1997

2.Карвасарский Б.Д. Психотерапия. М.,1985

3.Бурлучак Л.Ф., Грабская И.А., Кочарян А.С. Основы психотерапии. Киев, 1999.

№11 дәріс. Баланың мектепке даярлығын анықтау.

Дәрістің мақсаты: Студенттерге баланың мектепке психологиялық және педагогикалық даярлығын анықтауды үйрету.

1.Баланың мектепке психологиялық және педагогикалық даярлығының теориялық негіздері

2. Баланың мектепке бейімделу ерекшеліктерін диагностикалау

 

Мектептегі оқу – бала өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі. Сондықтан мектепте оқуға кіріспес бұрын, ертерек баланың психикалық мүмкіндіктерінің мектеп талаптарына қаншалықты сәйкес екендігін анықтап алған жөн. Егер мұндай сәйкестік бар болса, онда бала мектепте оқуға дайын, яғни, ол оқу барысында пайда болатын қиындықтарды жеңуге дайын деген сөз.

Мектептегі оқуға психологиялық дайындық дегеніміз – баланың мектептегі оқу бағдарламасын құрдастарының арасында, ұжымда меңгеруі үшін психикалық дамуының қажетті және жеткілікті деңгейі.

Мектептегі оқуға психологиялық дайындықты анықтаудың негізгі мақсаты мектепке бейімделе алмаудың алдын-алу болып табылады.

Ресейде мектепке психологиялық дайындық мәселелерінің теориялық талдауы Л.С. Выготскийдің еңбектеріне негізделген. Сонымен қатар, Л.И. Божович баланың мектепте оқу табыстылығына айтарлықтай елеулі ықпалын тигізетін психикалық дамуының бірнеше параметрлерін бөліп көрсетті:оқудың танымдық және әлеуметтік мотивтерінен тұратын баланың мотивациялық дамуының белгілі бір деңгейі, ырықты мінез-құлық пен интеллектуалдық сфераның жеткілікті дамуы.

Балалардың мектепке психологиялық дайындығын анықтаудың басқа да бағыттары бар, мысалы, басты тірек бала дамуындағы қарым-қатынастың рөліне беріледі. Үш сфера бөлініп көрсетіледі: ересектерге, құрдастарына және өзіне қатынас, осылардың даму деңгейі мектепке дайындық дәрежесін анықтайды және белгілі бір тұрғыда оқу іс-әрекетінің негізгі құрылымдық компоненттерімен байланысады.

Мектепке психологиялық дайындықты құрайтын параметрлердің келтірілген түрлерінен басқа біз тағы бір қосымша параметрді келтіреміз, ол – сөйлеудің дамуы. Сөйлеу интеллектімен тығыз байланысты және баланың жалпы дамуын, сондай-ақ, оның логикалық ойлау деңгейін де көрсетеді.

Қазіргі психологияда мектепке дайындық компоненттерін бөліп көрсету әр түрлі негізде әр түрлі критерийлер бойынша жүреді. Кейбір авторлар (Л.А. Венгер, А.Л. Венгер, Я.Л. Коломинский, Е.А. Панько және т.б.) баланың жалпы психикалық дамуын эмоционалдық, интеллектуалдық және басқа сфераларға жіктеу жолымен жүреді, демек, интеллектуалдық, эмоционалдық және т.с.с. дайындықты бөліп көрсетеді.

Басқа авторлвр (Г.Г. Кравцова, Е.Е. Кравцова) баланың қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жүйесін қарастырады және мектепке психологиялық дайындықтың баланың қоршаған әлеммен әр түрлі қатынасының дамуымен байланысты көрсеткіштерді бөліп көрсетеді. Бұл жағдайда балалардың мектепке психологиялық дайындығының негізгі жақтары ересектермен қарым-қатынастағы еріктілік; құрдастарымен қарым-қатынастағы еріктілік; өзіне деген адекватты қалыптасқан қарым-қатынас болып табылады.

Жоғарыда келтірілген мектепке дайындық компоненттерін жіктеу принциптерін мүмкіндігінше біріктіре отырып оның төмендегідей компоненттерін бөліп көрсетуге болады.

Баланың мектепке интеллектуалдық дайындығы.

Баланың мектептегі оқуға интеллектуалдық дайындығының ең маңызды көрсеткіштері оның ойлауы мен сөйлеуінің даму ерекшеліктері болып табылады.

Мектепке дейінгі шақтың соңына қарай балалардың ақыл-ой дамуының басты көрсеткіші олардың бейнелік және сөздік-логикалық ойлауының негіздерінің қалыптасуы болып табылады.

Мектепке дейінгі шақтың барысында балаларда көрнекі-бейнелі ойлауға негізделген және оның табиғи жалғасы болып табылатын сөздік-логикалық ойлаудың негіздері қалыптаса бастайды. Алты жасар бала қоршаған әлемді қарапайым талдауға: негізгі мен болмашыны ажыратуға, қарапайым ой талқысына, дұрыс қорытынды жасауға қабілетті. Сондай-ақ, бұл жастағы балалар қоғамдық қалыптасқан сенсорлық эталондар жүйесін пайдалана отырып, заттардың сыртқы қасиеттерін зерттеудің біршама рационалды тәсілдерін меңгереді. Оларды пайдалану балаға дифференциалды қабылдауға, күрделі обьектілерді талдауға мүмкіндік береді. Алайда бұл қабілеттер балалар білімінің шеңберімен шектеледі. Білетіндерінің шеңберінде бала себеп-салдарлық байланыстарды табысты түрде орнатады, ол оның сөйлеуінен көрініс табады. Бала «егер..., онда», «өйткені», «сол себепті» және т.б. сияқты сөздерді қолданады, оның тұрмыстық ойлауы толығымен ойға сыйымды болады. Логикалық ойлаудың нышандары заттар мен құбылыстарды жалпы қабыданған ұғымдарға сәйкес топтастыра білу қабілетінен көрініс табады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-17; Просмотров: 1861; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.064 сек.