Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Рефлексия.Логотерапия.Гештальттерапия 6 страница




 

2. Баланың мектепке бейімделу ерекшеліктерін диагностикалау

 

«Мектепке бейімделу» ұғымы соңғы жылдары әр түрлі жастағы балаларда мектептегі оқумен байланысты туындайтын әр түрлі мәселелер мен қиындықтарды сипаттау үшін қолданыла бастады.

Мектепке бейімделу – жүйелі түрде ұйымдастырылған мектеп оқуына көшу кезінде баланың танымдық, мотивациялық және эмоциялық-еріктік сфераларының қайта құрылуы. «Әлеуметтік сыртқы жағдайлардың жағымды үйлесуі бейімделуге, жағымсыз болуы – бейімделе алмаушылыққа, дезадаптацияға әкеледі».

Жүйелі мектеп оқуының басты ерекшеліктері болып келесілер табылады. Біріншіден, мектепке келген бала қоғамдық мәні бар және қоғамдық тұрғыда бағаланатын іс-әрекетке – оқу іс-әрекетіне кірісе бастайды. Екіншіден, жүйелі мектеп оқуының ерекшелігі оның мектепте болу кезінде оқушының барлық мінез-құлқы бағынатын, бәріне бірдей ережелерді міндетті түрде орындауды талап ететіндігі болып табылады.

Мектепке келу белгілі бір деңгейде ойлаудың, мінез-құлықты ырықты түрде басқарудың, қарым-қатынас дағдыларының дамуын талап етеді. Мектепке бейімделу деңгейін бағалау төмендегідей блоктардан тұрады:

  1. Интеллектуалды даму көрсеткіші – жоғары психикалық функциялардың даму деңгейі туралы, баланың оқуға және интеллектуалды іс-әрекетті өздігінен басқаруға қабілеттілігі туралы ақпараттан тұрады.
  2. Эмоциялық даму көрсеткіші – баланың эмоциялық-экспрессивті даму деңгейін, оның тұлғалық өсуін көрсетеді.
  3. Коммуникативті дағдылардың қалыптасу көрсеткіші (7 жас дағдарысының психологиялық жаңа құрылымдарын: өзін-өзі бағалау мен талаптану деңгейін ескере отырып).
  4. Мектепке дейінгі шақта баланың мектеп кемелдігінің деңгейі.

Г.М. Чуткинаның зерттеу нәтижелері әрбір келтірілген көрсеткіштердің даму деңгейлеріне сүйене отырып, мектепке әлеуметтік-психологиялық бейімделудің үш деңгейін бөліп көрсетуге болады: бейімделудің жоғарғы деңгейі, бейімделудің орташа деңгейі,бейімделудің төмен деңгейі.

Бейімделудің жоғарғы деңгейі. Бірінші сынып оқушысының мектепке қатынасы жағымды, қойылатын талаптарды адекватты қабылдайды; бағдарлама материалын терең және толық меңгереді; күрделі тапсырмаларды шешеді, нұсқауды, мұғалімнің түсіндіргендерін мұқият тыңдайды, берілген тапсырманы сырттай қадағалаусыз орындайды; өз бетінше оқу жұмысына үлкен қызығушылық танытады (үнемі барлық сабаққа дайындалады), қоғамдық тапсырыстарды өз ниетімен және шын көңілмен орындайды; сыныпта жағымды статустық орын алады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Баланың мектепке психологиялық дайындығын айқындау. Ермекбаева Л.К., Нығметова Қ.Н. Алматы., 2005ж.
  2. Психологические основы игровой терапии детской тревожности. Г.М. Касымова 2005г.
  3. Урунтаева Г.А, Афонькина Ю.А. Практикум по детской психологии М. 1995.
  4. Галигузова Л.Н. Смирнова Е.О. Ступени общения. М.1996.

№12 дәріс. Психологиялық қызмет стратегиясы

Дәрістің мақсаты: Психологиялық қызмет стратегиясын және психологиялық қызметтің тиімділігін түсіндіру.

Жоспары:

1.Практикалық психологтың қызметі тиімділігі

2. Психолог жұмысының жоспарлануы

Психолог қызметінің тиімілігі – бұл психологтың клиентпен және тапсырыс берушімен өзара әркеттестігін ұйымдастыру мақсаттарының алынған нәтижеге сәйкес келу дәрежесі психологтың тұлғасы: кәсібилігі, психологтың біліктілігі, адамдарға шынайы көмектесу ниеті қабылданған шешімдер мен әрекеттерге жауап беру, әрбір жаңа клиент проблемасының жеке –дара тарихы ұсынған жаңа міндеттерге деген шығарм –ашылық қатынас қызметі тиімділігінің негізгі факторы болып табылады.

Психологтың ие болуы тиіс жеке қасиеттерінің тізіміні клиентке көңіл білдіру оны сезіну қабілеті бастайды. Психологтарда жиі ұсақ –түек оқиғаларды үдету даярлығына сынайды.

Алайда психотерапия жекедегі мааңыздының анықталуын, ұсақ–түйектерді қалай қолдануға болатынын түсінуді болжайды.Психолог үш–төрт бөлшектерді бөліп алып қана көп нәрсені біле алады. Ал оның диалогқа– дербес реакциясын елемеуі құнды мәліметтерді алып тастаумн бірдей. Клиенттің әңгіме барысында хабарлаған мәліметтерден гөрі, сеанстың кезінде орын алған тірі материалмен жұмыс жасаған анағұрлым маңызды.

Психолог ұсақ–түйектерді анықтап, түсініп, қолдану үшін оларды езіну қабілетіне ие болуы тиіс. Оның өз–өзіне бұл тек мазасы кеткен әйел деп оларды елемеуі психотерапиядағы ең маңыздыны елемеу болып табылады. Психолог техниканы жақсы меңгерсе де, клиенттің толқығандығын, үн жұрқасының түскендігін, қауқарсыздығын сезінк қабілетін тұншықтыратын болса, оның маман ретінде жоққа шығаруға болады. Ол сол қабілетке ие болуға, сондай–ақ мінез–құлқын қадағалуға міндетті.

Көптеген психологтар адам қатынастарының өзегін оңай елеуге, олардың барлық реңктеріне күйзелуге қабілетті. Олар үшін өмірдің әрбір мезеті мағынаға толы. Олардың сеанстары онда айтылғандар мен істелгендер терең мағынаға толастайтын шешуші кездеулерге ұласады.

Басқа психологтар клиенттерге «техникалық» жағынан келеді. Олар үшін қорытынды, яғни проблеманың негізі әрі клиентке көмектесу үшін істелінуі қажет нәрселер маңызды. Олар осының барлығын оған тұрақты «кірігусіз» жасауға үміттенеді. Олар өздерінің сезімдеріне енбейді. Оларға жеке дара ерекшеліктерін оңай сезінетін, қысқа мерзімде қорытынды жасайтын қызметтестерінің экстрасенстер ретінде қарайды.

Клиенттің психологиялық ықпал процесіндегі тұлғалық өсуі проективті және басқа да әдістердің көмегімен анықталады. Диагностикалық әдістердің батареясы қолданылғанда сыналушылар таңдауының қалыпты таңдаудан айырмашылықтарының үйреншікті принциптерінен, сондай–ақ клиенттердің ахуалы жақсарған сайын олардың психологиялық көрсеткіштері нормаға жақындайтынынан бастайды. Психологиялық ықпалдың басында, процесін және соңында алынған орташа көрсеткіштер салыстырылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.М.,1997

2.Гулина М.А. Основы индивидуального психологического консультирования. СПб., 2000

3.Карвасарский Б.Д. Психотерапия. М.,1985

4.Кошчо Й. Служба психологической консультации. Вопросы психологии.1984

5.Меновщиков В.Ю. Введение в психологическое консультирование. М.,2000

6.Обозов Н.Н. Психологическое консультирование.СПб.,2000.

 

№13 дәріс. Практик психологтың басқа мамандармен өзара байланысы

Дәрістің мақсаты: Практик психологтың басқа мамандармен өзара қандай байланысы бар екенін анықтау

Жоспары:

1. Психолог және басшы

2. Психолог және медициналық қызметкер

Тәжірибеленуші психолог күнделіткі адамдардың көптеген категорияларымен әрқилы қатынастарға түседі. Өзара әрекеттестік оның кәсіби іс –әрекетінің негізін құрайды. Өзара әрекеттестік бұл – адамдардың қарым –қатынас барысында бір –біріне өзара ықпал ету үрдісі; Басшы мекемедегі психологқа қатысты тапсырыс беруші немесе тікелей басшы ретіндегі жағдайда психологтың басшымен өзара әрекеттестігі айрықша бітістермен сипатталады. Басшы психологтың клиенттерінің бірі болған жағдайда басқару іс –әрекетінің сипатымен міндеттелген қиындықтардың мүмкіндіктерін ескеру қажет.

Ұйымның басшысы диагностикалық немесе кеңес беруші бағдарламаларды жүзеге асыру үшін психологты тарту жайында шешім қабылдайды. Осыдан кейін ол не болм –аса басқа бір адам оның тапсырмасы бойынша кеңес беруші фирмамен немесе нақты кеңесшімен байланысады. Психолог және оны күтіп тұрған жұмыс үшін осындай алғашқы мезеттер маңызды; келіссөздердің деңгейі көзделген бағдарламаның және лған деген қатынастың күрделілігін айқындайтын көрсеткіштердің бірі болып табылады. Басшының шақырылған маманмен тиімді қатысуға мүмкіндік беретін қатынастардың қалыптасуын барлық күшін жұмсайтынына психолог үміттене алады.

Кейбір басшылар кеңес беру жайында шешім қабылдағанда оның мақсатқа лайық болатынына толықтай сенімді бола бермейді. Олар «одан ненің шығатынын» көргісі келеді. Кейде олар «сәнге» немесе шет елдік іскер серіктерінің кеңесіне бағынады, демек жазбаша есепті алумен шектелуі мүмкін.

Біріккен жұмыс өзара қабалданғанда тіркеу түрі (келісім шарт, жазбаша немесе ауызша келісім) жайлы мәселе туындайды. Тек қаржы жағдайлары, есептесу реті, мерзімдер мен бағыныштылық қана тіркелетін ауызшы келісім өте кең таралған. Ауызша келісім өзара сенімділікті танытады. Сондай–ақ келісімнің заң тұрғысындағы қатаң түрі де талқыланады. Психологиялық келісім және іскер, әлеуметтік, қаржылық, ұйымдастырушы мәелелер үйлесетін келісім қажет.

Психологтың пайда болуы әлі де қызметкерлердің жоғары қызығушылығын тудыруда. Олардың ведомствалы және ведомствалылықтан тыс инспекциялардың өкілдерімен қарым–қатынастарының жеткілікті дәрежеде жағымсыз тәжірибесі бар да, әлеуметтік–психологиялық проблемаларды: өздерін, өз бөлімшелерін және тұтастай ұйымды бірігіп зерттеу дағдылары жоқ. Алдын ала кездесулердің өзі кейде ұйымда кеңес беру процесіне деген жасырын немесе ашық қарсылықты, толқынысты (әсіресе басқару персоналының тарапынан), бастамашылдығымен кеңес алу жайындағы мәселе көтерілген басшыға деген ыза туындауы мүмкін. Оның барлығы басшылықтың белсенді қатысуымен білікті психологпен жеткілікті дәрежеде тез жойылатын бастапқы мазасыздық пн нақты тұйықтықты қалыптастырады.

Тұлғаның даралық –психоло –гиялық құрылымы аурулардың барлығының динамикасына ізін қалдырады. Медициналық тәжірибе нақты жағдайларда аурудың ақырын психологиялық факторлардың шешетінін дәлелдейді. Демек, аурудың пайда болу мен жүру барысының психологиялық жағдайларын, сырқаттың емдеу шараларына реакциясын кәсіби тұрғыда зерттеу қажет.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Абрамова Г.С. Практическая психология. –М.,1997

2. Весник образования.-М.,1995.№7.

3. Немов Р.С. Психология.-М., 1995.

4. Овчарова Р.В. Технологии практического психолога образования.-М.,2000

 

№14 дәріс. Практик психологтың басқа мамандармен өзара байланысы

Дәрістің мақсаты: Практик психологтың басқа мамандармен өзара қандай байланысы бар екенін анықтау

Жоспары:

1. Психолог және заңгер

2.Психолог және әлеуметтік қызметтер

3.Психолог және педагог

Заңгерлік тәжірибедегі психологиялық ақпарат тергеу қызметінде, адвокаттық іс –әрекетте және сот өндірісінде қолданылады. Заңгерлік іс –әрекеттің қайсібір түріне қатысқан психологтың міндеті қоғамдық өмірдің әділет органдарындағы айрықша психологиялық проблемаларды шешуде оларға көмек көрсетуде. Оның басты қызметі кінәлілердің, куәлардың және жәбірленушілердің тұлғасы мен мінез –құлқының жеке –даралық ерекшеліктерін нақты да объективті бағалау үшін сәйкес деректердің жерттеу әдістері мен арнайы психологиялық білімдерді қолдануда. Көптеген басым жағдайда сарапшы –психолог ғылыми біліктілігінің шегінде анықталған деректердің кәсіби бағасын беруңі тиіс.

Тергеуші сияқты, адвокат та адамдар мінез – құлықтарының мотивтерін, олардың қабілеттерін, өзарақатынастарын және басқа да психикалық және әлеуметтік –психологиялық құбылыстарды және қылмысты мінез –құлықтың ерекшеліктерін сынауда, кінәнің дәрежесін, қайсібір қылықтардың орындалу мүмкіндіктерін бағалауда маңызды болуы мүмкін ғылыми – психологиялық тұжырымдау қажеттілгін кешіреді.

Заң мамандықтарының өкілдері психологқа сұраныстарын құруда адам мінез –құлқының жалпыланған үлгісіне, өзінің психологиялық факторлардың қылмыстық және заңға бағынатын мінез –құлықтағы рөлі жайындағы түсінігіне бағдарланады.

Психолог –сарапшының алдындағы міндеттерді шешу үшін оған қылмыстық істің материалдары ұсынылуы тиіс. Сот –психологиялық сараптаманың алдын ала тергеудің материалдары аз болар ерте кезеңдерінде жүргізген орынсыз. Сарапшының істің жағдайларымен танысуға, тергеу кезінде және басқа да да тергеуәрекеттеріне қатысуға, тергелушіге сараптаманың пәніне қатысты сұрақтарды қоюға, сараптаманы қызықтыратын мәліметтерді хабарлауы мүмкін куәгерлерді және басқа да адамдарды шақыруды сұрауға хұқы бар.

Егер сарапшы түйіндеуге оның құзырына ұсынылған материалдардың жеткіліксіздігі жайлы қорытындыға келсе, ол осы мәселе жайында психологиялық сраптаманы белгілеген бөлімшеге, оған қандай құжаттардың қажет екендігін көрсетіп, хат түрінде хабарлайды.

Осылайша, хұқылы мінез –құлық мәселесі заңгерлік тәжірибе өкілдерінің, оған қызығушылық білдірген адамдардың және психологтың өзара әрекеттестіктерінің пәні болып табылады. Психологтың осы мәселені шешудегі рөлі хұқылы іс –әрекетте елемеуге болмайтын психологиялық ақпаратты ұсынуда, психологиялық деректер мен заңдылықтарды нұсқауда.

Практикалық психолог мектепке балалар, педагогтық және әлеуметтік психологиядан маман ретінде келеді. Ол өз жұмысында психикалық дамудың жас ерекшелік заңдылықтары мен жеке дара ерекшелігі жайлы, адам мінез –құлқының мотивтері мен психикалық іс –әрекетінің басталары жөніндегі кәсіби білімдеріне сүйенеді. Психолог – мектеп ұжымының тең хұқылы мүшесі әрі педагогтық процестің одан басқа ешкімнің кәсіби тұрғыда қамтамасыз ете алмайтын, атап айтқанда – оқушылардың психикалық даму динамикасын түсіндіріп, оның дамуына жоғары дәрежеде ықпал ете алмайтын қырына жауап береді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Абрамова Г.С. Практическая психология. –М.,1997

2. Весник образования.-М.,1995.№7.

3. Немов Р.С. Психология.-М., 1995.

4. Овчарова Р.В. Технологии практического психолога образования.-М.,2000

№15 дәріс. Практик психологтар іс –әрекетінің кәсіби –әдептілік принциптері

Дәрістің мақсаты: ЖОО студенттеріне практик психологтар іс –әрекетінің кәсіби –әдептілік принциптерін түсіндіру.

Жоспары:

1.Кәсіби әдептілік ережелер

2. Кәсіби құпия

Кәсіби әдептік принциптер практикалық психологтың іс –әрекетінде маңызды рөл ойнайды. Қоғамдастықтың кәсіби психологтары психологтың білуі тиіс және қызметінде бағдарланатын нормалардың жүйесін қадағалайды. Кәсіби –әдептік ережелер –бұл психологтың кәсіби біліктілігінің деңгейіне, оның іс –әрекетінде қызметтестерімен, ғылыми қоғаммне, ондай –ақ клиенттермен және сыналушылармен өзара қатынастарында жүзеге асырылуына ұсынылған ортақ талаптар.

Бұндай принциптер психологтың жауапкершлігін, оның психотерапевтік процестің басқа мүшелерімен қатынастарының сипатын нығайтады. Маман еместердің психологиялық тәжірибесі, сондай –ақ кейбір пихологтардың әдептік нормаларды елмеуі көбінде психотерапевтің және кеңесшінің әлеуметтік беделін жояда. Мәселен, Қазақстанда әлі де практикалық психология бөліміндегі іс –әрекетті тиімді әдептік қадағалау қызметтерін орындайтын беделді қоғам жеткіліксіз.

Психолог пен клиенттің қатынастарын реттеудің әдептік реттеудің ерекшеліктері соңғысының арнайы хұқықтарының заңмен қорғалмауында. Әлі де болса психотерапевтік, кеңес беруші процесс мүшелері хұқығының бұзылуы жайлы істерді қарайтын от тәжірибесі жоқ. Мұндай жағдайда әдептік нормалар өз механизмін сақтап қалса да олардың маңызы одан сайын артуда. Шет елдегі практикалық психологтар тәжірибесінің пайдалануы, сондай –ақ отандық тәжірибенің жалпылануы практикалық пихологиядағы кәсіби әдепті ұстануды қамтамасыз ететін неғұрлым ортақ принциптерді ұсынуға мүмкіндік береді.

2. Жауапкершілік. Психолог психологиялық көмектің ұйымдастырылуына, оның жүру барысы мен нәтижесіне жауапты. Клиенттің қызығушылықтары оның оның іс –әрекетінің бастапқы пункті болып табылады. Сол қызығушылықтарды дұрыс түсінген маңызды. Егер психолог клиент сезімінің шынайы табиғатын және қажеттіліктерін түсінбесе, психотерапияның алға жылжуы күмансыз.

Алайда, психотерапевтің клиенттің проблемаларын шешудегі жаапкершілігін асыра бағалауға болмайды, – оның өзіндік шегі бар. Клиентті оның күйіндегі прогрестің ең алдымен оның өзіне байланысты екенідігіне әрі ондай қиын жолды психологтың біліміне, тәжірибесі мен арқауына сүйеніп, оның өзі өтуі тиіс екендігіне көзін жеткізу қажет.

Психолог жауапкершілігінің танымдық қыры да маңызды. Бұл психологтың өзінің теориялық және әдістемелік білімдеріне жауап беріп, кәсіби біліктілігінің шекарасын түсінетінін білдіреді. Мәселен, ол өзіне нақты психиатриялық диагнозды қойып, оның негізінде түзету жұмыстарын жүргізу қызметтерін орындауды мойнына ала алмайды. Психолог нақты саланың маманы бола тұра алынған кәсіби даярлықтың негізінде білікті әрекеттерді жүзеге асыруы тиіс. Бұл шығармашылық ізденісті жоққа шығармайды. Тек ізденістің өнімді болғаны, жағдайдың терең ойластырылуы, арнайы даярлыққа сүйенгені қажет.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Абрамова Г.С. Практическая психология. –М.,1997

2. Весник образования.-М.,1995.№7.

3. Немов Р.С. Психология.-М., 1995.

4. Овчарова Р.В. Технологии практического психолога образования.-М.,2000

 

 

Семинар, практика, зертханалық және студиялық сабақтардың жоспарлары

1.Практикалық психология жөнінде қазіргі түсініктер.

2.Практикалық психологияның мақсат-міндеттері даму тарихы.

3.Практикалық психологияның әдістері мен тәсілдері.

2-семинар сұрақтары мен тапсырмалары:

 

1.Психологиялық қызметтің міндеттері, құрылымыжәне функциясы.

2.Психологиялық басқару

3.Практик психологтардың іс-әрекеттеріне әлеуметтік тапсырыс

 

3-семинар сұрақтары мен тапсырмалары:

1.Психолог жұмысын ұйымдастыру.

2.Қазіргі психологты дайындау жүйесіндегі практикалық психология.

3.Практик- психологтың негізгі іс-әрекет түрлері.

 

4-семинар сұрақтары мен тапсырмалары:

1.Кәсіби- этикалық ережелер.

2.Кәсіби- этикалық принциптер маңызды рөлі.

3.Кәсіби құпия.

 

5-семинар сұрақтары мен тапсырмалары:

1.Практик психологқа қойылатын талаптар

2.Білім беру мекемелерінде психолог маман ретінде

3.Білім беру мекемелеріндегі психолог орны

 

6-семинар сұрақтары мен тапсырмалары:

1. Психодиагностика ұғымы. Бақылау, Әңгімелесу,Клиникалық интервью, Эмпатиялық тыңдау әдісі

2.Мектеп психодиагностикасы және оның мәні

3. Психодиагностикалық зерттеулерге қойылатын талаптар

7-семинар сұрақтары мен тапсырмалары:

1.Психологиялық кеңес беру жайлы жалпы түсінік

2.Психологиялық кеңес берудегі әңгіме, сұхбат ролі

3.Психологиялық кеңес беру ерекшеліктері

4.Психологиялық кеңес берудің методологиялық негіздері

8-семинар сұрақтары мен тапсырмалары:

1.Психокоррекциялық жұмыстың негізгі формалары

2.Білім беру мекемелеріндегі психокоррекциялық жұмыстар

3.Психокоррекциялық жұмыстың ерекшелігі неде?

4.Практик психологтың жұмысындағы психологиялық коррекцияны ұйымдастырудың тиімділігі және мәселелері.

5. Практик психологтар іс –әрекетінің кәсіби –әдептік принциптері

 

9-семинар сұрақтары мен тапсырмалары:

1. Психотерапия туралы жалпы ұғымы.

2. Рефлексия,логотерапия,гештальттерапия дегеніміз не?

3.Қарым–қатынастағы біліктілікті дамыту мақсатында топтық психологиялық қызметтің белсенді тәсілдерін пайдалануға бағдарланған практикалық психология әдісі.

10-семинар сұрақтары мен тапсырмалары:

1. Психопрофилактикалық жұмыстарды қалай жүргізуге болады?

3.Ұжымдағы қарым-қатынасты жақсарту үшін не істеу қажет?

4. Адамдардың психологиялық сауаттылығын ашу үшін қандай шаралар қолдануға болады?

5. Халықты психологиялық білімге шақырудың амалдарын іздеу.

11-семинар сұрақтары мен тапсырмалары:

1.Баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығы немен анықталады және қалай бағаланады?

2.«Психологиялық дайындық» ұғымының ғылыми-теориялық астары?

3. Баланың мектепке тұлғалық дайындығы дегеніміз не?

4. Баланың мектепке интеллектуалдық дайындығы дегенді қалай түсінесіз?

5.Баланың мектепке әлеуметтік-психологиялық дайындығы нені қамтиды?

12-семинар сұрақтары мен тапсырмалары:

1.Практикалық психологтың қызметі тиімділігі

2. Психолог жұмысының жоспарлануы

13-семинар сұрақтары мен тапсырмалары:

1. Психолог және басшы

2. Психолог және медициналық қызметкер

14-семинар сұрақтары мен тапсырмалары:

1. Психолог және заңгер

2.Психолог және әлеуметтік қызметтер




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-17; Просмотров: 1930; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.097 сек.