Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция 24




1. Тауар және ақша айналымының статистикасы

Тауар қозғалысы - бұл өндірушілерден бастап, бөлшек саудаға, түпкілікті тұтынушыларға дейін көтерме сатып алушы, экспортшы импортшы, сауда агенті, брокер арқылы жүретін тауар қозғалысының процесі.

Тауар айналымы — бұл анықталған кезең бойынша тауардың айналым процесі. Тауардың құны (Q) сатылған тауарлардың көлемі (р) мен олардың бағасының (q) көбейткіштеріне тең болады: р*q.

Тауар айналымының категориялары:

1) жалпы - тауар қозғалысы жолында өндірушіден тұтынушыға дейінгі барлық сатулардың шотын қайта қосқандағы сомалар;

2) таза - қайта қосылған шотты алмағанда (қоспағанда), жалпы тауар айналымы;

3) көтерме - тауардың ірі топтамасын өндірушілердің және сауда делдалдарының басқа делдалдарға керегін қайта сату үшін өндірістік, көпшілік тұтынушыларға сатуы;

4 ) бөлшек - кәсіпорындардың, жеке тұлғалардың халыққа түпкілікті тұтыну үшін тауарды сатуы.

Буындылықтың коэффициенті - бұл қайта сату сандарының көрсеткіші. Ол жалпы тауар айналымының таза тауар айналымына қатынасы ретінде есептеледі.

Тауардың қоры — бұл тауарлардың анықталған бөлігінің рынокта тұрақты бар болуы. Тауар қорының көлемі натуралды және ақшалай формада анықталған уақыт мерзімі бойынша тіркеледі. Сондықтан талдау жасаған кезде тауардың орташа қорының құны (көлемі) орташа шама формулаларымен есептеледі.

Тауар айналымының және тауар қорларының көрсеткіштері қалай есептеледі?

Қор сыйымдылығы - тауарлар қорларының тауар айналымына қатынасы. Бұл көрсеткіш тауар айналымы бірлігіне қанша тауарлардың қорлары келетінін көрсетеді.

Тауарлардың қорымен тауар айналымының қамтамасыз етілуі (күн бойынша) тауарлардың қорына жететін сауда күндерінің санын сипаттайды. Бұл көрсеткіш тауардың бір анықталған түрінің орташа тауар қорының осы тауардың бір күндік тауар айналымының қатынасына тең.

Тауар айналымының көрсеткіштері:

а) тауар айналымының жылдамдығы (айналымның саны - С):

 

ˉ

тауар айналымының көлемі (Q)

С=________________________________________________________________

тауарлардың орташа қоры (Қ)

 

ә) тауарлардың бір айналымының уақыты (күн бойынша)

 

тауарлардың орташа қоры (Қ)

Ұ =_____________________________________________________________

бір күндік тауар айналымы (А)

 

Тауар айналымына және тауарлардың қорына әсер ететін факторлардың - динамикасын бағалау индекстер жүйесінің көмегімен бекітіледі.

Ақша базасы (Б) - ҚР-дың Ұлттық банкымен белгіленген ақшалар. Ақша базасы құрамына қолма-қол ақшалар (Ұлттық банктық емес) және Ұлттық банктың міндетті резервтері (депозиттер) кіреді.

Ақшалай базаның құрамына Ұлттық Банктан тыс қолма-қол ақша, екінші деңгейдегі банктардың депозиттері және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкының басқа ұйымдарының депозиттері жатады.

Ақша массасы — шаруашылық айналымына қызмет көрсететін мемелекет экономикасында барлығы мойындаған төлем, қаражаттарының жиынтығының көлемі. Ақша массасының өлшемдері болып өтімділік деңгейі бойынша ақша жіктелуін көрсететін агрегаттар табылады.

Ақша массасын қандай көрсеткіштер сипаттайды?

Қазақстанда ақша массасы: М0, М1, М2, МЗ агрегаттарына бөлінеді (1998ж. қазаннан бастап). Ақшалы агрегаттардың құрамы келесідей:

М 0 - айналымдағы қолма-қол ақша, жинақтау қаражаттары, яғни құн, жинақтау, тауарлар мен қызметтерге төлем құралы ретіндегі физикалық және заңды тұлғалардың банктан тыс монета, банкнота сомасы;

М 1 - агрегат М0 + халықтың және банктық емес занды тұлғалардың ұлттық валютада аударылатын депозиттері;

М 2 - агрегат М1 + ұлттық валютадағы басқа депозиттер және шетел валютасында халықтың және банктық емес занды тұлғалардың аударылатын депозиттері;

М 3 - агрегат М2 + шетел валютасындағы халықтың басқа депозиттері + банктық емес заңды тұлғалардың шетел валютасындағы басқа депозиттері.

Ақша мультипликиторы қалай анықталады?

Ақша мультипликаторы (m):

 

М

m= _________

Б

Мұндағы: М — айналымдағы ақша массасы;

Б - ақша базасы.

Ақша мультипликаторы ақша массасы динамикасын бақылау үшін және экономикаға коммерциялық банктардың несиелік салымдарының көлемдеріне талдау жүргізу үшін пайдаланылады. Ақша массасы МЗ ақша агрегаты бойынша анықталады. Ақша мультипликаторы коэффициент ретінде банктық резервтерді өзгерту жолымен жүретін айналымдағы ақша массасының өзгерісін сипаттайды. Егер ақша айналым каналдары артық ақша массасымен толса, сонымен қатар мұндай ақша массасы сәйкес тауар массасымен қамтылмаса, яғни ақша массасының өсу қарқыны тауар мен қызмет өндірісінің өсу қарқынынан асса, онда инфляция пайда болады.

Ақша массасының өсімін анықтау үшін қандай әдіс қолданылады?

Ақша массасы (агрегат МЗ үшін) өсімінің факторлық талдауы:

 

∆M3 = M 3 1 — M3 0 = m Б 1— m Б 0

 

Мұндағы: М1,Мо- есептегі және базистік кезеңдегі МЗ агрегаты үшін ақша массасы;

m1 m0 - есептегі және базистік кезеңдегі ақша мультипликаторы;

Б1, Б о - есептегі және базистік кезендегі ақша базасы.

Соның ішінде факторлардың әсер етуі есебінен:

а) ақша мультипликаторының өзгеруі:

∆МЗm = (m1 - mо)Б1

 

ә) ақша массасының өзгеруі:

∆МЗБ =(Б10)m0

 

Абсолюттік өсімдердің өзара байланысы:

∆М3 = ∆МЗm + ∆МЗБ.

 

Ұлттық валютаны сатып алу қабілеттілігін қалай санауға болады?

I теңгені сатып алу қабілеттілін = I тұтыну бағасы

Теңгенің сатып алу қабілеттілігінің номиналды индексін, АҚШ долларына қарағанда, теңге курсының өзгерістерін және жалпы ақша массасында шетел валютасыңдағы ақша айналымының бөліктерін есепке ала отырып, есептеуге болады:

I теңгені

номиналды I теңгені х d теңге + 1 АҚШ х АҚШ доллары,

сатып алу = сатып алу доллары сатып алу

қабілеттілігі бағасы

 

Мұндағы: d теңге, d доллар - бұл теңге мен АҚШ долларының Қазақстан нарығындағы ақша айналымындағы үлесі

 

 

I АҚШ долларын 1

сатып алуға бағасы =_________________________________________________________

I АҚШ долларына теңгенің

қатынасының курсы

Ақша массасының айналым жылдамдылығы қалай анықталады?

Айналымдағы ақша саны (V) немесе ақша бірлігі айналымының жылдамдығы:

ЖІӨ

V=___________________

М3

Мұндағы: ЖІӨ - ағымдағы бағалардағы жалпы ішкі өнім;

МЗ - кезеңдегі ақшаның орташа қалдығы,

Ақша айналымының саны ЖІӨ-нің қызмет атқаруы үшін кезеңіндегі төлем қаражаттарының ақшалай бірлікгерінің орташа қайталамаларын сипаттау қажет.

"Ақша массасының бір айналымының ұзақтығы " көрсеткішінің мәні неде және оны есептеу әдістемесі қандай?

Ақша массасының (і) бір айналымының ұзақтығы:

 

t = __ K___ = МЗ*K = МЗ* 1

V ЖІӨ б

Мұңдағы: К - кезеңнің күндері: тоқсан - 90 күн, жыл - 360 күн;

ЖІӨ

__________= б - ЖІӨ - нің бір күндік өлшемі.

К

Бұл көрсеткіш ЖІӨ қызметіне бір айналым ақша массасы үшін орта есеппен қанша күн керек екенін көрсетеді.[74]

 

Тақырып 17. Баға статистикасы




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-07; Просмотров: 816; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.023 сек.