Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Семинар жоспары 15 3 страница




Классикалық саяси экономия бағытының өкілдері Адам Смит,Д. Рикардо, У.Петти. Олардың ойы бойынша қоғам байлығы материалды өндіріс, яғни өндірістің барлық салалары. А.Смит енбектерінде құнның енбек теориясын қарастырып, енбек өнімділігінің ролін арттырды, табыстар туралы ілім қозғады. Классикалық саяси экономия негізінде маркстік бағыт пайда болды. Бұл теория негізі- қосымша құн теориясы, қоғамның экономикалық құбылыстарын талдауда топтық көзқарас қолданылды.

Экономикалық ойдың қазіргі бағыттарының бірі неоклассикалық бағыт, оның өкілдері тепе-тендік және құн теориясының субъективті жағын қарастырды. Маржинализм бағыты (К.Менгер, У.Джевонс) экономикалық категорияларды зерттеуде шекті өлшемдер қолданды. Кейнс мектебі – реттелетін экономика теориясын ұсынған, яғни мемлекеттің экономикаға араласуын қолдаған. Институционализм (Т.Веблен, У.Митчелл,Д.Гэлбрейт) – экономикалық даму экономикалық институттар жүйесімен анықталады, мұнда экономикалық институт құрамына нарық кіреді.

Экономикалық теория ресурстардың шектеулі жағдайында адам қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету үшін, олардың арасындағы өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерінде пайда болатын экономикалық қатынастарды зерттейді.

Экономикалық теория үш негізгі қызмет: танымдық, методологиялық және практикалыққызметтерді атқарады.

Танымдық қызмет экономикалық процестер мен қызметтерді түсіндіру және зерттеу негізінде көрінеді. Методологиялық қызметі оның басқа экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орнымен анықталады. Практикалық қызметі шаруашылықты тиімді жүргізу әдістері мен принциптерін дайындаумен байланысты.

Экономикалық құбылыстардың арасындағы тұрақты және үнемі қайталанып отыратын, сөйтіп сол құбылыстардың ішкі мәнін сипаттайтын қатынас экономикалық заңдар деп аталады

Экономикалық теорияның алдына қоятын мақсаты – экономикалық заңдарды ашу, олардың әрекет ету механизмін зерттеу және практикалық қызметте пайдалану жолдарын анықтау.

Методология дегеніміз – ғылыми танудың нысаны, әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.

Экономикалық процестерді зерттеуде ең бірінші диалектикалық әдіс қолданылады. Бұл әдіске сәйкесбарлық экономикалық процестер бір-біріне ¡әуелді қайшылықты түрде дамиды, ұдайы қозғалыста болады. Ғылыми танудың нысандары мен әдістері көп. Солардың ішінде экономикалық зерттеудің маңызды әдісі- ғылыми абстракция. Ғылыми абстракция әдісі деп – зерттеліп отырған процестердің жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстарынан тазартып, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызды жақтарын ашуды айтамыз.

Талдау және синтез мұнда зерттелетін құбылыс өзінің құрамды бөліктері мен жеке жақтарына ажыратылады, содан кейін тектес бөліктерді зерттеп болған соң, оларды біртұтас құбылыс ретінде қарастырады.

Индукция және дедукция. Индукция жеке оқиғалардан, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер шығарылады. Дедукцияда керісінше, жалпы қағидалар негізінде экономикалық процестердің, объектілердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады.

Тарихи және логикалық тану әдісі. Тарихи әдіс – экономикалық қатынастар құрылымының тарихи даму процесіндегі ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Логикалық тану әдісі экономикалық процестер мен құбылыстарды зерттеу барысында тарихи дамудың кездейсоқ факторларының ықпалы ескеріледі, экономикалық жүйенің жеке элементтерінің дәйекті пайда болуы мен дамуын және ішкі құрылымын анықтауға көмектеседі.

Экономикалық зерттеулердің тағы да басқа әдістері бар. Олар мыналар: экономикалық-математикалық моделі, сан және сапа анализі және т.б.

 

Тақырып: Қоғамдық өндіріс негіздері

Әрбір қоғамда адам қажеттіліктері шектеусіз, ал оларды қанағаттандыратын экономикалық игіліктер немесе ресурстар шектеулі. Экономикалық теория ғылымы шектеусіз адам қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну үшін шектеулі ресурстарды қалай орналастырып жеткізу керектігін зерттейтін ғылым.Экономикалық теорияда қарастырылатын, зерттелетін құбылыстар мәні экономикалық категориялар мен экономикалық заңдар арқылы бейнеленеді.

Экономикалық категориялар- экономикалық құбылыстардың мәнді жақтарын көрсететін түсініктер. Экономикалық заң- экономикалық құбылыстар арасындағы қайталанатын үздіксіз байланыс.

Қоғамдық өндірістің алғы нысаны натуралды шаруашылық. Натуралды шаруашылықта еңбек өнімдері өндірушілердің өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға және тұтынуға тікелей бөлу арқылы түсіп отырады.

Өндірістің натуралды формасы бүкіл экономикалық процестерді қатты тежейді, сыртқы байланыстарға жол бермейді, сондай-ақ натуралды шаруашылық тұйық, тұрақты, әрі өсуі өте баяу процесс. Бұл қазіргі дүниеде де сақталып отыр, әсіресе дамушы елдерде орын алуда.

Жалпы алғанда, натуралды шаруашылық тауарлы шаруашылықпен қатар дамыды. Натуралды шаруашылыққа қарағанда тауарлы шаруашылық анағұрлым күрделі және натуралды шаруашылыққа тұп-тура қарама-қарсы. Тауар өндірісі деп отырғанымыз, қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың белгілі бір формасы ретінде, адамдардың экономикалық қатынастары нарық арқылы, еңбек өнімдерін сатып алу-сату арқылы көрінетін процесс. Тауарлы өндіріс дегеніміз өнімді өндірушінің тікелей өзі тұтыну үшін емес, нарыққа шығарып сат үшін өніретін өндірісті айтамыз.

Өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншікке негізделген тауарлы шаруашылықтың даму сипаты- нарықтың дамуына байланысты.

Нарықтың мынадай үлгілерін атап өтуге болады, олар: дамымаған, дамыған, реттелетін, деформацияланған. Әр нарық үлгісіне тауарлы шаруашылықтың ерекше үлгісі сәйкес келеді: дамымаған тауарлы шаруашылы, дамыған нарықтың тауарлы шаруашылығы, реттелетін нарықтың тауарлы шаруашылығы, деформацияланған нарықтың тауарлы шаруашылығы.

I. Дамымаған нарықтың тауарлы шаруашылығында тауар өндірушілер өз меншігіндегі өндіріс құал-жабдығымен өзі еңбек етеді, өндірілген өнімдер өндірушілердің иелігінде болады, тауар өндірушілер өндірген тауардың бәрін сатпайды, тек бір бөлігін ғана сатады, яғни тауар шаруашылығы жалпылама сипат алмайды.

II. Дамыған нарықтың тауарлы шаруашылығы жалпылама сипат алады, оған келесі құбылыстар тән:

- адамның жұмыс күшінің тауарға айналып кетуі;

- өндірісте жалдамалы жұмысшылардың еңбек етуі;

- өндірілген өнімнің басым бөлігінің нарық арқылы сатуға арналуы.

Бұл кезеңдегі тауарлы шаруашылықтың еркін бәсекенің дамуымен сипатталатындықтан, оны еркін бәсеке дәуірінің капитализмі немесе «еркін экономика» деп атайды.

III. Реттелетін нарықтың тауарлы шаруашылығы экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталады. Мемлекеттік реттеудің басты формаларына заң шығару, салықтық және қаржылық формалары жатады.Реттелетін нарықтың тауарлы шаруашылығының бірнеше модельдері бар:

-әлеуметтік нарықтық шаруашылық;

- аралас экономика;

- корпоративтік экономика.

IV. Деформацияланған нарықтың тауарлы шаруашылығы әкімшіл-әміршіл экономикаға тән. Тауарлы шаруашылықтың бұл моделі қоғамдық еңбек бөлінісін, машиналы өндірісті, ұлттық экономиканы ұдайы реттеуді, еркін нарықтық қатыастарды басып тастау құбылыстарымен сипатталады.

Тауарлы шаруашылықтың даму кезеңдеріне жасалған қысқаша шолу тауарлы шаруашылық пен нарықтық экономика арасында абсолюттік теңдіктің жоқ екендігі жөнінде қорыиынды жасауға мүмкіндік береді. Нарықтық экономиканың негізгі тауарлы шаруашылық екендігі даусыз.

 

Тақырып: Меншік қатынастары.Тауарлы өндіріс.

1 Қоғам өмірінде меншікке байланысты қатынастар әрқашан маңызды рөл атқарған. Меншік зат емес және зат пен жеке адамдар арасындағы қатынас та емес, ол сол заттарды иемденупроцесінде адамдар арасында туындайтын қатынас болып табылады: Яғни, меншік экономикалық категория ретінде – материалдық игіліктерді, өндіріс құрал-жабдықтарын және өндіріс нәтижесін иемденуге байланысты адамдар арасындағы өндірістік қатынастарды білдіреді.

Иемдену - әрбір қоғамдық өндіріс әдісінің негізі болып табылады. «Меншік» пен «иемдену» түсініктерін теңестіруге болмайды. «Меншік» анағұрлым абстрактілі, ал «иемдену» нақты ұғым.

Иемдену – бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі.

Иемдену әрдайы белгілі бір тұлғаныңмүддесіне қарай жүзеге асады. Меншік иемденудің белгілі бір әлнуметтік түрі. Ол өндіріс құрал- жабдықтары кімнің билігінде екендігін, қалай бөлінетіндігін, қандай мақсатқа пайдаланылатындығын көрсетеді.

Меншіктің объектісін (не иемделеді) және субъектісін (кім иемденеді) айыра білу керек. Меншіктің объектісін қоғам байлығының материалдық- заттық элементтері жатады немесе өндіріс құрал- жабдықтары мен өндіріс нәтижесі. Ал субъектісіне мемлекет, коллектив (ұжым) және жеке адамдар жатады.

Меншік субъектілерінің көпшілігі өндіріс құрал- жабдықтарын иелену, билік ету, пайдалану туралы құқық қатынастарының пайда болуын және әрекет етуінің алғы шарты болып табылады.

Билік ету – мүлікті меншік иесінен алу.

Пайдалану- меншік объектісінің пайдалылығын алуға бағытталған қатынастар.

Меншіктің формалары:

- мемлекеттік;

- ұжымдық;

- жеке меншік.

Мемлекеттік меншік сферасына елдің әлеуметтік тұрақтылығын және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін халық шаруашылығының кейбір объектілері жатады.

Ұжымдық меншік – ұжымның өндіріс құрал-жабдықтары мен өндіріс нәтижесін ортақ иемдену, билік ету және пайдалану процестерінде пайда болатын экономикалық қатынастар жүйесін сипаттайды. Қазақстанда қазіргі кезде ұжымдық меншік түріне акционерлік, кооперативтік және т.б. меншік формалары жатады.

1991 жылы маусымда «Мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру» туралы заң қабылданды. Бұл заң мемлекеттік меншікті қайта құру ережелерін, тәртібін және құқықтық негізін анықтады.

Мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу деп мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылығын басқару қызметін тікелей шаруашылық субъектілеріне беру негізінде қайта құруды айтамыз.

Жекешелендіру – бұл мемлекеттен жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктің объектілерін немесе акционерлік қоғамдардың акцияларын ақыға немесе тегін жеке меншікке беру. Жекешелендіру мемлекеттің экономикадағы билігін шектеу болып табылады.

Жекешелендіру дүние жүзі экономикасына тән процесс. Оның негізгі мақсаты:

1. бюджет тапшылығын кеміту;

2. ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы жекешелендіру процесін бастады. Процесс төрт кезеңді қамтыды:

1-кезең 1991-19992 жылдар аралығын қамтыды. Мақсаты: жеке меншік иелерінен тарап құру; бәсекелестік ортасын жасау; шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту; т.б.

2-кезең 1993-1995 жылдар. Бағдарлама мақсаты – орталықтан -жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға қажетті жағдайлар жасаудың және мемлекеттің иелігіндегі өндірістік объектілерді, басқа да материалдықжәне материалдық емес активтерді ақылы немесе ақысыз негізінде республика халқына қайтаруды көздеген.

3-кезең 1996-1998 жж. Бағдарламаның негізгі бағыты:

- жеке инвесторларға келісілген шарттар негізінде сатуды;

- аукцион және конкурс негізінде сатуды;

- басқару туралы келісім-шарт жасауды;

- акцияларды ашық түрде сатуды көздеді.

4-кезең 1999-2000 жылдар аралығын қамтыды. Мақсаты – жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздерін жетілдіру, есепке алуды жақсарту, басқару тиімділігін арттыру және мемлекеттік мүлікті конкурстық негізде жекешелендіруді қаитамасыз ету болды. Тауарды өндіру алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінен бастап бүгінге дейін әрекет етіп келеді. Шарауашылықты ұйымдастырудың қарапайым формасы жағдайында байлықтың табиғи формасы ретінде натуралды өнім болды. Ол, біріншіден, тұтыну құндылығымен, екіншіден, еңбектің нәтижесі ретінде сипатталды.

Өнімнің тұтыну құндылығы- бұл заттың пайдалығы, яғни адамның әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру қасиеті.

Тауар өндірісі жағдайнда еңбек өнімі жаңа ерекше қасиетке ие болады, ол тауарға айналады. Бұл өнім енді өндірушілер үшін емес, басқа адамдар үшін құнды болады, яғни, қоғамдық қасиетке ие болады.

Тұтыну құндылықтың қоғамдық өлшемі сұраныс мөлшері болып табылады. Өнімді өндіру ұсыныс көлемін анықтайды. Егер ұсыныс сұранысты қанағаттандырса, онда заттар қоғамдық тұтыну құндылығына ие болады деп есептеуге болады.

Тауар дегеніміз- қоғамдық құндылығы және басқа тауарға айырбастау үшін өндірілген еңбек өнімі. Заттар немесе өнімдер өзімен-өзі тауар бола алмайды, тауар болу үшін олар адамдрар арсындағы айырбас объектісіне айналуы тиіс. Сол себептен тауарда еңбек өнімдерін айырбастауға байланысты адамдар арасындағы қатынастар көрініс алады. Тауар айрбасы әртүрлі формаларға ие болуы мүмкін, бірақ барлық жағдайда айырбас- бұл заттың басқа заттарға айырбасталу процесі болып табылады. Осы себептен нарықта ғана тауар басқа тауарға айырбасталғанда айырбас құнына ие болады.Яғни, айырбас құны бір заттың басқа пайдалы затқа белгілі бір пропорцияда айырбасталу қасиеті. Белгілі бір мөлшердегі бір тауарды екінші тауарға теңестіріп тұрған нәрсе, ол екуіне де еңбек жұмсалған.

Тауарға жұмсалған еңбек ол тауардың құны болып табылады. Құн деггеніміз- сол тауарды өндіруне кеткен еңбек, ал тауардың айырбас құны, яғни бір тауардың екінші тауарға айырбасталатын белгілі бір пропорциясы. Құн және айырбас құны бірдей емес ұғымдар. Біріншісі тауардың ішкі қасиеттерін білдірсе, ал екіншісі, құнның сыртқы көрінісін сипаттайды.Тауардың екі нақты қасиеті тұтыну құндылығы және құны бір-біріне ауысып отырады, тауарың тұтыну құнының өзгеруі ертеме, кешпе тауардың құнын өзгертеді немесе керісінше тауардың құнының өзгеруі оның тұтыну құнының өзгеруіне әкеліп соғады.

Тауардың тұтыну құны нақты еңбекпен жасалады. Нақты еңбек- бұл адамның жұмыс күшінің ерекше пайдалы формада жұмсалуы. Нақты еңбек жаңа құн жасамайды, бірақ тауар өндіруге кеткен өндіріс құрал-жабдықтардың құндарын жаңа өндірілген өнімнің құнына ауысуына көмектеседі.

Тауардың тұтыну құны нақты еңбекпен жасалады. Нақты еңбек- бұл адамның жұмыс күшінің ерекше пайдалы формада жұмсалуы. Нақты еңбек жаңа құн жасамайды, бірақ тауар өндіруге жұмсалған өндіріс құрал-жабдықтардың құндарын жаңа өндірілген өнімнің құнына ауысуына көмектеседі.

Тауар өндіру процесінде адамның еңбегінің нақты түрімен қатар, оның күш-қуаты жұмсалады. Адамның жалпы күш-қуатының жұмсалуы абстракты еңбек деп аталады. Абстракты еңбек тауардың құнын жасайды.

Әрбір тауардың құны белгілі бір мөлшерде, не аз, не көп болады, ал тауар құнының мөлшері оны өндіруге жұмсалған еңбектің мөлшеріне және оны өңдеуге кеткен тауар өндірушінің уақытына сәйкес анықталады. Бірақта бір түрлі тауарды өндіру үшін әр тауар өндіруші әр түрлі мөлшерде уақыт жұмсайды. Тауардың құны еңбектің жеке жұмсалу уақытымен белгіленеді. Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты дегеніміз сол кезде көп тараған техникамен, еңбек интенсивтілігінің орташа деңгейі негізінде сол тауарлардың басым көпшілігін өндіруге кеткен уақыт.

Құнның мөлшеріне: еңбек өнімділігі, еңбек интенсивтілігі, еңбектің күрделігі ықпал етеді.

Сонымен, тауардың құны оның (тауар) затталған абстракті еңбек болса, ал айырбас құны құнның қоғамдық қатынастар ретінде тек айырбас сферасында нақты формада көрінуі.

Құн туралы ең бірінші ғылыми теория ретінде еңбек құн теориясы негіз болды. Оның негізін А.Смит және Д. Рикардо қалағанымен, К.Маркс бұл теорияны жете зерттеп марксистік экономикалық ілімнің қағидаларын жасады. Бірақ экономикалық теория және өмір дәлелдегендей еңбек құн теориясының кейбір қағидалары практика жүзінде дәлел таппады. Біздің елімізде оны практикада пайдалану әрекеті дәлел болғандай, құнды және бағаны тек шығын арқылы анықтау халық шаруашылығында шығындану механизмінің құрылуына әкеліп соқты, яғни өндіріс өндіріс үшін дамыды, тауарды өндіруге кеткен шығын неғұрлым көп болса, соғұрлым тиімді болды. Бұл теорияны практикада пайдалануға байланысты тағы бір проблема тауардың құнын нақты өлшеуге мүмкін еместігі, ал мұндай жағдайда өндіріс нәтижесін бұрмалауға мүмкіндік туады.

Құн туралы марксистік теорияның ең бір маңызды қателігі, К.Маркстің ең басында тауардың тұтыну құнын әрі қарай талдамауы, ол тауардың тұтыну құны саяси экрнрмиканың пәніне жатпайды деп, тек тауардың құнының қозғалысын ғана зерттеді. Ғалымдардың К.Маркстан кейінгі буыны тауардың екінші жағынан тұтыну құнына баса назар аударды.

Нәтижесінде, басқа құн теориясы шекті пайдалық териясы пайда болады.

Шекті пайдалықты дұрыс түсіну үшін пайдалалықтың нақты және абстракты түрлерін ажырата білу керек. Бұны келесі мысал арқылы көрсетуге болады. Су адам үшін аса қажетті өнім екендігін біз бәріміз білеміз және оның қандай қажеттіліктерді қанағаттандыраалатындығын, қандай пайдалылығы бар екендігін тағы да білеміз. Бұл оның абстракты пайдалығы. Бірақ оның нақты пайдалығы да бар. Егер судың бірінші шелегі адамның шөлін қандыру үшін керек болса, екінші- тамақ жасау үшін пайдаланса, үшінші- жуынуға, төртіншісі- малға берілсе, бесіншісі-бау-бақшаны суаруға жұмсалады. Осылардың қайсысы адамға аса құнды болады?Бәлкім, бірінші шелектегі су болар, ал келесілердің құндылығы біртіндеп кеміп отырады. Бұл жерде бірінші шелектегі су адамға аса құнды да, пайдалы да болады, қалғандарының пайдалығы біртіндеп азайып отырады. Заттың аса пайдалылығы оның құндылығын анықтайды.

Шекті пайдалылық теориясы мен еңбек құн теориясы шын мәнінде бір-біріне қарсы заңдар болғанымен, олар бір-біріне қарама-қайшылықта болмайды, яғни тауардың құндылығын субъективті және объективті жағынан бағалау болып табылады. Тауарды субъективті бағалау тауар шаруашылығының тұтынушылардың талаптарын көбірек ескеруге бағытталады, ал өндірістің мақсаты адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Тақырып: Ақша қатынастары және ақша жүйесі

Адамның қоғамдағы орны, оның тұрмыс жағдайы, мемлекет аралық қатынастарда және мемлекет ішіндегі басқа адамдармен арасындағы қатынастарда тікелей немесе жанама түрде ақшамен байланысты болады. Сондықтан, ақша мәселесі, оның қоғамдағы ролі әрқашанда ғалымдардың назарында болған. Қазіргі кезеңде ақшаның пайда болуы екі көзқарас қалыптасқан. Біріншісі рационалистік, бұл бағыттың өкілдері ақшаның пайда болуын адамдар арасындағы келісімнің нәтижесінің жемісі деп көрсетсе, ал екіншілері ақшаның пайда болуын эволюциялық тұрғыдан қарастырады, яғни олардың пікірінше, ақша тауар айырбасы мен тауар өндірісінің бірте-бірте дамуының нәтижесі деп көрсетеді.

Экономикалық теория ақшаның пайда болуын зерттеуде осы эволюциялық концепцияны басшылыққа алады.

Бұл концепция бойынша, ақшаның пайда болуы тауар айырбасының дамуна байланысты. Қоғам құрылымының бастапқы сатысында айырбас кездейсоқ сипатта болды және ақшаның көмегінсіз жүзеге асырылады. Бұндай айырбас біраз қиыншылықтарды туғызады. Осы кезеңге айырбастың жәй немесе кездейсоқ формасы сай келеді, мұнда бір тауар өзінің құнын екінші тауар арқылы бейнелейді. Ал осы екінші тауар бірінші тауардың құнын анықтай отырып, оған бірдей құн ретінде қарсы тұрады немесе мұны эквивалентті құн формасы деп атайды. Эквивалент деп басқа тауарлардың құнын бейнелей алатын тауарды айтамыз.

Өндіргіш күштердің дамумен, жаңа қоғамдық еңбек бөлінісінің пайда болуымен байланысты тауар айырбасы енді тұрақты құбылысқа айналды, кеңінен жайыла бастады. Нарықта тауарлар көбейе түсті. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген тауардың құнымен салыстыруға мүмкіндік туды, яғни жалпы эквивалент ролін бірнеше тауарлар атқара бастады. Бұл айырбас процесін қиындатты.

Қоғамдық өндірістің дому барысында көптеген тауарлардың ішінен біреу бөлініп шықты, мысалы аңның терісі. Оған барлық тауарлар айырбасталатын болды. Сөйтіп, жалпы эквивалент ролін бір тауар атқарды. Олар әр елде әр түрлі болды. Егер егіншілікпен шұғылданатын тайпаларда ол бидай болса, малшыларда-мал болды, ал теңіз және өзендердің жағаларын мекендейтін елдерде ұлудың қабыршағы болды.Осыған байланысты, өндіріс пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуының нәтижесінде жалпы эквивалент ролін әр елде әр түрлі тауарлардың орнына бір ғана тауар, яғни ақшалық тауар атқаратын болды. Сөйтіп айырбас процесі тауарлар дүниесінен ерекше тауар- ақшаның бөлініп шығуына жеткізді. Сонымен, ақшаға мынадай анықтама беруге болады. Ақша дегеніміз жалпы эквивалент ролін атқаратын ерекше тауар.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-07; Просмотров: 424; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.062 сек.