Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Семинар жоспары 15 5 страница




Нарық механизімінде бәсеке ең маңызды рольді атқарады. Бәсеке баға сияқты өндіріс көлемінің өсуін немесе төмендеуін қамтамсыз етеді.

Нарықтық экономиканың әрекет ету механизімі үш принциптерге негізделеді:

- маржиналды талдау

- шығындарды баламалы таңдау;

- экономикалық ұтымдылық;

Нарықтың механизімінің тиімді, әрі нәтижелі әрекет етуі көп жағдайда нарық инфрақұрламының даму дәрежесінде байланысты болады. Нарық инфрақұрлымы қызметтер мен тауарларды нарықта еркін қозғалысын қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйымдар жүйесі болып табылады. Нарық инфрақұрламын халық шаруашылығының ерекше саласы сауда жатады.

Сонымен қатар, нарықтық экономика тиімді жұмыс істеу үшін жарнама, ақпарат және консултативтік қызметтер, бақылау және аудиториялық мекемелер қажет. Оларсыз нарықтың табысты қызмет етуі мүмкін емес.

 

Тақырып: Бәсекелестік және монополия

Нарықтық экономикада шаруашылықтың барлық субъектілері пайданың ең жоғарғы деңгейіне жету үшін бәсекелестік қатынаста болады. Яғни, нарықтың экономика бәсекені міндетті түрде қажет етеді. Бәсеке деп – шаруашылық субъектілері арасындағы тауарларды сату немесе сатып алу, үстеме пайда және өндірістің жақсы жағдайы үшін күрес болып табылады.мұндай күрес төмендегі объективті жағдайлардан туындайды: әр өндеушінің толық шаруашылық оқшаулануынан, оның нарық тәуелділігі, тұтынушылардың сұранысы үшін күресте басқа таур өндірушілерге қарсы тұруы.

Бәсеке жағдайында тұтынушының қажеттілігін толық қанағаттандыру негізінде өндірілген тауардың сатылуына мүмкіндік туады.

Тұтынушы үшін күрес – нарықтағы үлес үшін күрес, ал ол – тауардың арзандығы мен сапасына байланысты болады. Бұл жағдайда тұтынушы шаруашылық іс-әрекетіне ықпал ете алатын нарық маңызды субъектісіне айналады. Бәсеке нарық механизімінің қажетті және маңызды элементі ретінде өнімдерді өндіру және өткізу барысында өзара байланысты қамтиды.

Бәсекенің негізгі формалары: жетілген және жетілмеген болып бөлінеді. өз кезегінде бәсекенң үш түрі бар:

1. монополистік бәсеке;

2. олигополия;

3. таза монополия;

Олар осы бәсекелесу нарығында алатын орнына байланысты ажыратылады.

Бәсекелестік күрестің түрлері мен нарықтағы мщделінің сипаттамалық негіздері мына кестеде көрсетілген.

Нарық модельдері Фирмалардың саны мен көлемі Өнім түрі Фирмалардың нарыққа кіру және шығу шарттары
Таза бәсеке Көптеген ұсақ фирмалар Бір тектес өнім өте жеңіл кедергілер жоқ
Монополиялық бәсеке Көптеген ұсақ фирмалар әр тектес өнім өте жеңіл
Олигополия Фирма саны аз, ірі фирмалар да бар әр түрлі немесе бір тектес өнім Елеулі кедергілер бар
Таза Монополия Бір ғана фирмалар өте смрек кездесетін өнім Бұзып кіруге болмайтын кедергілер

 

Көрсетілген сипаттамада нарық құрлымының жиі тараған мщдуліне монополистік бәсеке және олигопология, сондай-ақ еркін және таза монополия да кіреді, бірақ олар өте сирек кездеседі. Енді бәсеке жеке меншікке және тауар өндірушілердің оқшалауына негізделген келесі ерекшеліктерімен сипатталады:

- нарықтың автономиясымен. Сұраныс пен ұсыныс деңгейінде көптеген экономикалық субъектілер әрекет етеді.олардың біреуі де өндіріске де, бағаға да айтарлықтай әсер ете алмайды.

- өнімнің бірыңғайлылығымен. Сатушылардың көпшілігі сатып алушыларға (тұтынушыларға) стандартты, біртекті өнім ұсынады.

- Бағаны қалыптастырумен. Осындай нарықта, баға сұраныс пен ұсыныс арқылы стихиялы түрде қалыптасады. Еркін бәсеке кезінде баға тұрақсыздыққа ұшырайды. Мысалы, қыс және жаз айларындағы сусындар бағаларының айырмашылығы, жеке өндірушілер іс-әрекетінің нәтижесі емес, сұраныс пен ұсыныс заңдылығының нәтижесі болып табылады.

- Информацияны алу еркін болуымен. Нарық қатынастарының барлық мүшелері нарық жағдайы туралы хабарларды еркін түрде ала алады. Әрбір сатушы жән сатып алушы баға, тауардың сапасы,нарықтағы шығындар және сатып алушы баға, тауардың сапасы, нарықтағы шығындар және ұсыныс туралытолық және дұрыс хабар ала алады.

- Нарыққа еркін кіру және шығуымен. өндіруші фирмалар мұндай нарыққа еркін түрде кіріп тауар өндіре алады немесе өз еркімен шығуына болады. Егер кім де кім өндірісте қандай да бір өнімді қалпына келтіру керек болса, онда мұны жасауға кедергісіз мүмкіншілігі бар. Белгілі бір саланы құрайтын фирмалар бәсеке фирмалардың пайда борлуына қарсы тұра алмайды. Мұндай талапқа бүгінгі күні кейбір нарықтар ғана сай келеді. Мысалы: Нью-Йорктағы немесе Лондондағы биржалар, яғни құнды қағаз нарығы.

 

Осы құнды қағаздар нарығы еркін бәсекенің шарттарына сай келеді және төмендегідей сипатталады.

- құнды қағаздарыды сатып алушылар мен сатушылардың көп болуы;

- жекелеген фирмалардың құнды қағаздарының біркелкілігі мен бірін-бірі ауыстыра алатындығы;

- нарық мүшелерінің барлық информацияларды еркін ала алтындығы;

- құнды қағаздардың бағасы сұраныс пен ұсыныс негізінде құрылуы;

 

еркін бәсеке дамыған елдердің экономикасында XIX ғ орта алған. Екінші жартысында және ХХ ғ. Басында ірі кәсіпорындар мен бірлестіктер пайда бола бастады. Мемлекеттің нарыққа әсер етуі жандана түсті. Осы жағдайларға байланысты жетілмеген бәсеке пайда болды. Жетілмеген бәсекеден айырмашылығы оның іс-әрекетін мемлекеттің шектеуі. Сол себептен, нарыққа үстемдік ете отырып, ол өнімді өткізуге үлкен әсерін тигізеді.

Жетілмеген бәсекенің бірнеше түрлері бар. Олардың біреуі монополиялық бәсеке мұнда нарықта көптеген өндірушілер ұқсас, бірақ біртекті емес өнімдерді ұсынады. Орнын толықтырушы өнімдерін бір – бірнен сапа жағынан, сыртқы пішінін көркемдеуі, сату жағдайына қарай ажыратылады. Айталық, пепси-кола және кока-кола бірдей бағамен сатылуы мүмкін. Бірақ, сатып алушының бір тобы бірінші сусынның екінші сусынды қалауы мүмкін. Осылайша фирмалар баға арқылы ғана емес, диференциалданған өнімдерді сату негізінде бәсеке күресін жүргізеді.сондықтан әрбір фирма баға жөнінен ғана емес дифференциялданған өнімді сату арқылы да бәсекелесе алады.

Монополиялық бәсекенің тағы бір ерекшелігі – нарыққа жеңіл кіруі, бірақ ол фирманың патенті мен тауар белгісіне авторлық құқыпен шектелуі мүмкін. Фирмалар монополистік бәсеке нарығына алғашқы капиталдары аз болса да кіре алады. Себебі, мұндай нарықта негізінен ұсақ және орташа фирмалар жұмыс атқарады.

Жетілмеген бәсекелестіктің келесі түрі- олигопология. Олигопология – бірнеше ірі фирмалар үстемдік ететін нарық. Олар осы нарықтың едәуір үлесіне ие болады. Мысал ретіндегі автомобиль өнеркәсібіндегі АҚШ-тың үш фирмасын «Дженаралс Моторс», «Форд», «Крайслер» келтіруге болады. Олигополиялық нарыққа кіру бірнеше кедергілермен шектеледі. Сондай кедергілердің бірі- осы нарыққа кіру үшін алғашқы капитал мөлшері өте қомақты борлуы керек.

Келесі кедергі – патенттік арқалы қорғау. Қазіргі технологиясы жоғарғы салардың өнімдерін патентпен қорғалған. Нарыққа кіру үшін патент иелеріне технологияны өз өндірісінде пайдалану үшін ақша төлеу керек немесе өз технологиясын жетілдіруі қажет.

Баға арқылы жетекшілік ету дегеніміз алдынғы қатардағы бір фирма өз бағасын белгілейді, ал қалған олигополистер соған ілеседі. Бірнеше фирмалардың арасында баға мен нарықты өзара бөлісуі жөніндегі келісім жабық түрде жүргізіледі.

Олигополиялық нарықта әр түрлі тауар өндіріледі. өнім түрлеріне байланысты олигополия: таза және дифференциялды болып бөлінеді. Таза олигополия біртектес тауарды, мысалы цемент, газ, мұнай, шойын, рудалар шығаруымен айналысады.

 

Тақырып::Өндіріс теориясы.Капитал айналымы және қайта айналымы.

Өндіріс факторларына адам еңбегі мен қатар еапитал да жатады. Бұл категорияның мәні туралы әр түрлі пікірлер бар. Біреулері капиталды өндіріс құрал-жабдықтарының жиынтығы ретінде қарастырса, екіншілері капиталды шаруашылықтан табыс табу мақсатында пайдаланатын ақша сомасы ретінде қарастырады.

Капитал категориясы туралы әр түрлі пікірлердің болуына байланысты, капитал нарығы туралы да біріңғай пікір калыптаспаған. Сондықтан нарықтағы сатушы мен сатып алушының ара қатынасындағы объектілерге қарай капитал нарығы туралы көзқарастың екі бағытына тоқталайық.

1. Капитал деп өндіріс факторлары нарығындағы капиталдарды: машиналарды, станоктарды, құрылыстарды, материалдарды және т. б. айтады. Сол себептен, бұл жағдайда капитал - өндіріс факторлары нарығының бір бөлігі ретінде көрінеді.

2. Капитал нарығына қаржы нарығындағы ақша капиталын жатқызады. Сондықтан олар капиталды қарыз капиталының бір бөлігі ретінде қарастырады.

Қарыз капиталы нарығы ақша нарығына және капитал нарығына бөлінеді. Ақша нарығы бір жылға дейінгі қысқа мерзімдік банк операцияларымен байланысты. Капитал нарығы орта мерзімді және ұзақ мерзімді банк операцияларына қызмет етеді. Ол ипотекалық және қаржы нарығына бөлінеді.

Капитал – нарық субъектілерінің ақша ресурстарынан құрылады. Ал оны пайдаланатын фирмалар, үй шаруашылықтары. Капитал жинақтаушылар мен оны пайдаланушылардың ара қатынастары көптеген делдалдық қаржы жүйесі: коммерциялық банктер, инвестициялық қорлар, брокерлік кеңселер және т.б. арқылы жүзеге асырылады. Оның негізгі қызметтері қоғамдағы уақытша бос ақшаларды шоғырландыру және оларды пайдаланатындар арасында таратып үйлестіру болып табылады. Капиталды пайдалану әр түрлі формада беріледі: корпорацияның облигациясын сатып алу немесе фирмаға тікелей төленетін пайыз маңызды рөл атқарады.

Пайыз – қарызға алынған ақша немесе материалдық құндылықтар деп пайдаланғаны үшін қарыз алушының несие берушіге төлеуі тиіс ақша мөлшері.

Процент нормасына келесі факторлар әсер етеді:

- тәуекелділік;

- жеделдік;

- қарыз мөлшері.

Жер рентасы және оның түрлері.

Өндіріс процесінің тағы бір факторы – жер болып табылады. Жер ұғымына жердің өзімен қатар, жердің үстіндегі немесе жер астындағы табиғи байлықтар жатады.

Жер ерекшеліктері: шектеулілігі, яғни оның көлемін көбейтуге келмейтіндігін және жаңадан өндіруге мүмкін еместігі. Жер ресурстары шектеулі болғандықтан, сондай-ақ жерсіз адам өмір сүруі мүмкін еместігімен байланысты жерге меншік, меншіктің ең табысты және маңызды түрлеріне жатады. Меншіктің бұл түрі экономикалық жағынан көп жағдайда жалға беру және рента формасында табыс алу арқылы жүзеге асырылады.

Тақырып:.Кәсіпорын табысы және шығындары

Әр фирманың негізгі мақсаты пайданы көп мөлшерде табу болып табылады. Фирма тауарларды өндіру туралы шешімді, бұрынғы шығындарды талдау негізінде қабылдайды.

Өндіріс шығындары деп өнімді өткізу және өндірісті ұйымдастыру мен байланысты фирманың материалдық және ақшалай шығындарын айтамыз. Өндіріс шығындарын жіктеудің әртүрлі варианттары бар. Олар бухгалтерлік және экономикалық шығындар.

Бухгалтерлік шығындар өнімнің белгілі мөлшерін өндіру үшін жұмсалған өндіріс факторларының шығындары. Кәсіпорынның шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өзіндік құн формасында көрініс алады.

Өзіндік құны кәсіпорынның өнімді өндіру мен өткізуге жұмсалған шығындардың ақшалай көрінісі. Өзіндік құн өнімді өндіріп, өткізудің кәсіпорындарға қаншаға түсетіндігін көрсетеді.

Өндірістік шығындарды экономикалық тұрғыдан ұғыну шектеулі ресурстарды балама пайдалану мүмкіндіктерге негізделеді. Кез келген ресурстардың экономикалық шығындары балама шығындар болып табылады. Балама шығындар – ресурстарды пайдаланудың мүмкін болатын балама әдістерінің ең тиімдісін қолданғанда алуға болатын ақша сомасы. Айқын шығындарға аралық өнімдердің және өндіріс факторларының меншік иелеріне төленетін ақша төлемдері жатады. Айқын емес шығындар өндіріс иелерінің меншігіндегі ресурстарды пайдаланумен байланысты шығындар.

Бухгалтерлік және экономикалық шығындарды тұрақты, өзгермелі, жалпы, орташа және шекті шығындармен толықтыру керек.

Тұрақты шығындар (FC) – ол өндірілген өнімнің көлеміне байланысты емес немесе кәсіпорын өнім шығармаған жағдайда да орын алатын шығындар.

Өзгермелі шығындар (VC) – шығарылған өнімдердің көлемімен тікелей байланысты шығындар.

Жалпы шығындар (ТС) – тұрақты және өзгермелі шығындардың сомасы болып табылады немесе өндірісті ұйымдастыруға және өндіріс факторларына жұмсалған фирманың жиынтық шығындары.

Кәсіпкерлерді жалпы өндіріс шығындарымен қатар өнімнің бір бірлігінің шығындары қызықтырады.

Орташа шығындар (АТС) шығарылған өнімнің бір бірлігіне шаққандағы жалпы шығындар.

АТС = ТС / Q

Орташа өндіріс шығындары орташа тұрақты шығындар (AFC) және орташа өзгермелі шығындар (AVC) мен айқындалады.

AFC= FC / Q

AVC= VC / Q

Фирма өндірістің қай көлемінде қосымша шығындар ең аз болатындығын анықтау үшін шекті шығындарды да ескереді.

Шектік шығындар (МС) – қосымша өнімді өндіру үшін жұмсалатын қажетті қосымша шығындар.

МС = Δ VC / ΔQ

Шектік шығындарды анықтағанда тек ауыспалы шығындар ғана ескеріледі, тұрақты шығындар қосымша өнімді өндіруге ықпал етпейді, сондықтан ол ескерілмейді.

Трансакциялық шығындар – бұл фирманың ақпаратты жинауға, келіссөз жүргізуге және т. б. кеткен шығындары. Трансакциялық шығындардың басты ерекшелігі олардың тікелей өндіріс процесіне қатысы жоқтығында.

 

Тақырып: Өндіріс факторларының нарықтары

Нарықтың қызметтері оның құрлымымен тығы байланысты болады. Оған өндірісті тікелей қамтамасыз ететін элементтер, сондай-ақ материалдық және ақша айналысының элементтерікіреді. Нарықтың құрлымы көп жақты болады. Тауарлар мен қызметтер нарығы, нарық қатынастарының тарих бірінші объектісі болып табылады.

Еңбек бөлісінің дамуы барысында тауар және қызмет көрсету нарығы біршама өзгерістерге ие болады. Тауар және қо биржалары, көтерме және бөлшек сауданың әртүрлі формалары, маркетингтік ұйымдар пайда болып, дами бастады.

Тауарлар мен қызметтер нарығына- тұтыну тауарлар нарығы – азық – түлік және азық-түлік емес тауарлар, қызмет көрсету нарығы – тұрмыстық, коммуникалдық, көліктің,тұрғын үй және өндірістік ғимараттар нарығы жатады.

Объективті экономикалық жағдайларлың пісіп жетілуіне байланысты, бұл нарықтан жер, еңбек, капитал, яғни өндіріс факторлары нарығы бөлініп шықты.

Өндіріс факторлар нарығы деп өндіріс құрал-жабдықтарын(капиталды), жұмыс күшін, жерді сату және сатып алуды жүзеге асыратын нарықты айтамыз.

Жер нарығы – тек жердің өзі ғана емес, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін фермелер пайдаланылатын жерлер, жер қойнауындағы пайдалы қазбалар, құрылыстар, ғимараттар орналасқан жерлерде жатады.

Жұмыс күші нарығы – еңбек биржасы формасында ұйымдастырылады. Бұл арқылы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс, жұмыссыздары әлеуметтік қорғау, даярлау және қайта даярлау жүзеге асырылады.

Капитал нарығы – өндіріс құралдарын, ғимараттарды, құрал – жабдықтарды сату мен сатып алуды ұйымдастырумен айналысады.

Қаржы нарығы – бұл нарықта сату және сатып алу объектілеріне ретінде қаржы құралдары, ақшалар, облигациялар, вексельдер және басқа да бағалы қағаздар жатады. Бұл бағалы қағаздар қор және валюта биржаларында сатылады. Олар нарықтың тепе-теңдік нақты барометрі болып табылады және тауар өндірісіндегі кез –келген өзгерістерге әсер етеді.

Осы аталған нарықтың үш түрі бір – бірімен өзара байланыста болады. Егер олардың арасында тепе – теңдік орын алса, онда экономикада макроэкономикалық тепе-теңдікке қол жетеді.

Шаруашылықтың жеке субъектілері экономиканың негізгі үш проблемасын шешумен айналыспайды, онда нарықтық тепе – теңдік қандай жағдайда орын алады деген сұрақ туады. Нарықтың жеке субъектілерінің іс-әрекеті экономиканың жалпы тиімді.жұмыс істеуі емес, жеке мүдделіріне бағытталған. Бұл жағдайда нарық қатынасының барлық экономикалық субъектілерінің іс-әрекеті нарық механизімі арқылы сатушылар мен сатып алушылардың тауар жөнінде қабылданған шешімдері баға жүйесі, бәсеке, сұраныс пен ұсыныс арқылы үлестіріліп отырылады.

Нарық механизімі, ең алдымен баға арқылы нарық жүйесінде белгілі бір тәртіп орнықтырады бағалар қызмет көрсету мен тауар өндірісінің өсуін немесе төмендеуін ынталандырады. Мысалы: егер де, қандай да бір тауар қажеттілік өсетін болса, онда сатушы шектеулі ұсынысты сәйкеністендіру үшін тауар бағасын өсіреді, ал жоғары баға тауар ондірушілерді өнімді көп өндіруге. Егер сатушыдағы тауарлар тұтынушылардың сатып алғысы келетін тауарлардан көп болатын болса, онда сатушылар тауарларды артылып қалмауы үшін, бағаны төмендетуге мәжбүр болады. Бұл жағдайда тұтынушылар тауарларды көптен сатып ала бастайды, ал өндірушілер өнімді өндіруді азайтады. Осының нәтижесінде өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы қарама –қатынас тұрақтанады.

Мұндай нарықтың тепе-теңдік, нарықтың экономиканың маңызды элементі сұраныс пен ұсыныс негізінде жүзеге асырады. Дәл осы сұраныс пен ұсыныс негізінде жүзеге асырылады. Дәл осы сұраныс пен ұсыныс негізінде жүзеге асырылады. Дәл осы сұраныс пен ұсыныс арқылы өндірушілер мен тұтынушылар арасында тұрақты байланыс қалыптасады.

Нарық механизімінде бәсеке ең маңызды рольді атқарады. Бәсеке баға сияқты өндіріс көлемінің өсуін немесе төмендеуін қамтамсыз етеді.

Нарықтық экономиканың әрекет ету механизімі үш принциптерге негізделеді:

- маржиналды талдау

- шығындарды баламалы таңдау;

- экономикалық ұтымдылық;

Нарықтың механизімінің тиімді, әрі нәтижелі әрекет етуі көп жағдайда нарық инфрақұрламының даму дәрежесінде байланысты болады. Нарық инфрақұрлымы қызметтер мен тауарларды нарықта еркін қозғалысын қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйымдар жүйесі болып табылады. Нарық инфрақұрламын халық шаруашылығының ерекше саласы сауда жатады.

Сонымен қатар, нарықтық экономика тиімді жұмыс істеу үшін жарнама, ақпарат және консултативтік қызметтер, бақылау және аудиториялық мекемелер қажет. Оларсыз нарықтың табысты қызмет етуі мүмкін емес.

Өндіріс процесінің тағы бір факторы – жер болып табылады. Жер ұғымына жердің өзімен қатар, жердің үстіндегі немесе жер астындағы табиғи байлықтар жатады.

Жер ерекшеліктері: шектеулілігі, яғни оның көлемін көбейтуге келмейтіндігін және жаңадан өндіруге мүмкін еместігі. Жер ресурстары шектеулі болғандықтан, сондай-ақ жерсіз адам өмір сүруі мүмкін еместігімен байланысты жерге меншік, меншіктің ең табысты және маңызды түрлеріне жатады. Меншіктің бұл түрі экономикалық жағынан көп жағдайда жалға беру және рента формасында табыс алу арқылы жүзеге асырылады.

 

Тақырып:Ұлттық экономика:нәтижелер және оларды өлшеу

 

Жеке экономикалық субъектінің тәртібін қарастырып, зерттейтін микроэкономикаға қарағанда, макроэкономикада ұлттық шаруашылықтың барлық қатысушыларының экономикалық қызметі және нәтижелері қарастырылады. Макроэкономика экономикаға тән жалпы құбылыстарды қарастырады.Макроэкономикалық талдаудың мәні ұлттық шаруашылықтың дамуының теориясын жасақтау. Соның негізінде макроэкономикалық саясаттың құралдары қалыптасады. Олар: фискальды саясат, ақша-несие саясаты, табыстар саясаты, сыртқы экономикалық саясат.

 

Макроэкономикалық саясаттың мақсаттары мен құралдары.

Мақсаттары:

1 Өндіріс- өндірістің жоғары қарқынына жету

2 Жұмысбастылық- төмен денгейдегі жұмыссыздық және жұмысбастылықтың жоғары денгейі.

3 Бағалар тұрақтылығы- еркін нарықтарда бағалардың тұрақты болуы.

4 Халықаралық сауда- экспорт пен импорттың тепе-тендігі. Валюталық курстың тұрақтылығы.\

 

Құралдары:

1 Фискальды саясат- Фиск аударғанда қазына деген мағынаны білдіреді. Мемлекеттік шығындар және салық салу.

2 Табыстар және шығындар саясаты

3 Монетарлы саясат. Ақша ұсынысын басқару.

4 Сыртқы экономикалық саясат.

 

Елдің экономикалық жағдайын талдау үшін ұлттық есептер жүйесі қолданылады. ҰЕЖ- бұл үдайы өндірістің шарттарын, процесін, нәтижелерін сипаттайтын өзара байланысты көрсеткіштер жүйесі. ҰЕЖ- елдің негізгі экономикалық көрсеткіштерін бағалаудың халықаралық стандарты. Ұлттық өндірістің көлемін өлшейтін негізгі көрсеткіш- жалпы ұлттық өнім. ЖҰӨ - белгілі бір кезен ішінде (бір ай, бір квартал немесе бір жыл) ішінде елдің азаматтары өндірген барлық соңғы тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. (ел ішінде, шетелде).




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-07; Просмотров: 467; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.092 сек.