Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Банктегі ассортиментті жоспарлау. 1 страница




Салым салудың үш түрі бар:

- салымдары;

- жылдам салымдары;

- қажеттілік салымдары.

Ағымдағы және процентті шоттары уақыт аралық жағдайында NOW-шотында орналасқан, және чектік депозиттер, сол бойынша банк шоттардың минималды қалдықтары мен пайыздарын төлейді.

Ал клиент шотты жүргізу бойынша және салымдарды салу немесе ақша құралдарын алу бойынша қызметтерге ақы төлейді.

Несие беру банктың маңызды функциясы болып табылады және қарыздарды әр түрлі белгілер бойынша классификациялауға болады. Қарыздардың кейбір түрлерін қарастырайық:

1. Ипотекалық қарыз – құрылысқа және бөлмелердi қалпына келтiруге немесе оларды алуға беріледі.

2. Ауылшаруашылық қарыздар – аграрлық өндірістің маусымдық кезінде және ауылшаруашылық техника құрал жабдықтар қажеттілігіне байланысты беріледі.

3. Бағалы қағазға байланысты қарыздар – дилерлер мен брокерлер көмегімен алынады.

4. Коммерциялық банктерге берілетін қарыз – банктердiң арасында құралдардың қайта бөлінуi ретінде жүзеге асады.

5. Жеке тұлғаларға берілетін қарыз – ұзақ уақыт қолданатын тауарларды алу құралы ретінде алынады.

6. Сауда-өнеркәсіптік қарыздар – салымдар көздеріне және айналым ақшаларына төлем жасау үшін алынады,

7. Меншікті кепілдікке қоюдағы қарыздар – ломбард несиесі сияқты алынады.

8. Дисконттік несие – қысқа мерзiмге векселдермен қамтамасыз ету арқылы беріледі.

9. Кепілдендірілмеген қарыздар – соло вексельге байланысты сенімді қарыз.

10. Кепілді несие – өткен мерзiмнiң ағымында нақтылы өлшемнiң қарызын беру қажеттiлiгі жағдайында банктік мiндеттеменi беру

11. Чектік несие – ағымдағы шот несиесі.

12. Пайыздық жалақымен бекітілген қарыздар – нарықтық пайыз ставкаларының тербелістерін есепке алмай ақ несие алушы несиені пайдаланғаны үшін пайыздық мөлшерін төлеу тиіс.

13. Жүзетін пайыздық ставкалардағы қарыздар – пайданы толығымен алмау тәуекелділігін кішірейту үшін беріледі.

3. Қызмет көрсету стандарттары. Өнім қатарын талдау. Ассортиментті жоспарлау.

«Кепiлдiк» және «кепiлшiлiк» ұғымдарының айырмашылығын бiлу қажет. Кепілдік – бұл заңды тұлғалардың банк алдында қарыздарын өтеу бойынша мiндеттемелерді қамтамасыз ететін форма. Кепілшілік – жеке тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету.

Басқа да қызметтерге келесілер жатады:

1. Есеп кассалық қызмет көрсету бойынша операциялар және т.б.

Қызметтердiң түрлерi бойынша ұғымдық аппарат:

1. траст операциясы – мысалы, мұрамен ұйғарым;

2. құндылықтарды сақтау бойынша қызмет – банктің сейфтi клиенттiң ұйғарымына беру;

3. ақпараттандырылған қызмет белгілі бір төлемге деректер қорын беру;

4. аудиторлық қызмет – өз тұрақты клиентiнiң қызметiн тексеру;

5. инжинерлік-экономикалық қызмет бойынша сараптама – iстелiнген және төленген құрылыс-монтаждық жұмыстардың көлемдерiн түгендеу мен өткiзу.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1. Банктік қызмет, банктік өнім және оның деңгейлері. Банктің инвестициялық және басқа да қызметтері.

2. Банктегі ассортиментті жоспарлау.

3. Қызмет көрсету стандарттары. Өнім қатарын талдау. Ассортиментті жоспарлау.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Маркетинг в банке: Учеб. пособие / Спицын И.О., Спицын Я.О. – Тернополь: Тарнекс, 1993. - 656 с.

2. Банковский маркетинг: Учеб. пособие / Уткин Э.А. – М.: ИНФРА-М, Метаинформ, 1995. - 304 с.

3. Банковский маркетинг: Учеб. пособие / Нургалиев К.Р., Тулембаева А.Н. – Алматы: Қазақ университеті, 1998. - 120 с.

4. Тулембаева А.Н. Банковский маркетинг. Завоевание рынка: Учебное пособие. – 2-е изд., испр. И доп. – Алматы: Триумф «Т», 2007. - 448 с.

 

Тақырып 6. Пасcивтер мен активтерді басқару

Лекция мақсаты: банктің пасcивтері мен активтерін басқаруды түсіндіру.

Лекция жоспары:

1. Коммерциялық банктердің ресурстары.

2. Активтер мен пассивтердің құрылымы.

3. Банктің несиелік потенциалы.

4. Қазақстан Республикасының несиелік жүйесі.

5. Активтер мен пасcивтерді басқару әдістері.

6. Активтер мен пасcивтердің даму стратегиясы.

 

1. Коммерциялық банктердің ресурстары.

Пассив ұғымы – пассивті шоттарда орналасқан, нәтижесінде ақша құралдарының өсуі байқалатын банк операцияларын анықтайды. Пассивті операциялардың көмегімен банктер қаржы нарығында несиелік ресурстарға ие болады. Коммерциялық банктердің пассивті операцияларының төмендегідей 4 түрі бар:

1. бағалы қағаздардың бастапқы эмиссиясы;

2. қорларды қалыптастыру мен көбейту мақсатында банк пайдасын шегеру;

3. басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер мен займдар;

4. депозиттік операциялар.

Пассивті операциялар айналымда бар ақшалай құралдарды банкке тартуға мүмкіндік береді. Жаңа ресурстар белсенді несиелік операциялар нәтижесінде банктік жүйе арқылы құрылады. Бағалы қағаздарды эмиссиялау және пайдадан шегеріп тастау арқылы несиелік ресурстардың алғашқы тобы – өзіндік (жеке) ресурстар қалыптасады. Несиелер, займдар және депозиттік операциялар ресурстардың екінші тобы – займдық немесе тартымды несиелік ресурстарды құрайды. Өзіндік ресурстар банктік капитал және оған тең келетін статьяларды бейнелейді. Әдетте Ұлттық банк екінші деңгейлі банктер үшін өзіндік және тартымды ресурстар арасына минималды шек қоюды. Банктің өзіндік (жеке) ресурстарының мағынасы ең алдымен оның тұрақтылығын қамтамасыз етумен байланысты болады. Банк құрудың алғашқы кезеңінде дәл осы құралдар алғашқы шығындарды (жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақы) жабуға мүмкіндік береді, ал бұл құралдарсыз банк өз қызметін бастай да алмайды. Өзіндік ресурстар есебінен банктер өздеріне қажетті резервтерді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ өзіндік (жеке) ресурстар да ұзақмерзімді активтерге қаржылық салымның көзі болып табылады.

Банктің тартымды құралдары активті операциялар, ең алдымен несиелеуді жүзеге асыруға қажетті ақшалай ресурстар негізіндегі барлық қажеттіліктің 90%-нан астам бөлігін құрайды. Несиелік ресурстар нарығында жеке және заңды тұлғалардың уақытша еркін құралдарын мобильдендіре отырып, коммерциялық банктер олардың көмегімен қосымша айналым құралдарындағы экономиканың қажеттілігін қанағаттандырады және тұтынушылық несиедегі тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, ақшаның капиталға айналуын қамтамасыз етеді. Банктің жеке және тартымды құралдары корреспонденттік шотта көрініс алады. Бұл активті шот (161), сондықтан да ресурстар осы шоттың дебетінде, ал құралдарды құю (енгізу) осы шоттың кредитінде жазылады. Дебеттік сальдоның көлемі банктің еркін резервтерінің өлшемін сипаттайды (әлі активті операцияларға салынбаған оның ресурстарының көлемін білдіреді). Еркін резервтің өлшемі үлкен болған сайын, банк соғұрлым тұрақты болады. Әрбір коммерциялық банк құралдардың қалдығын корреспонденттік шотта оңтайландыруға тырысады.

2. Активтер мен пассивтердің құрылымы.

Пассивті несиелік операцияларға ең алдымен депозиттік операциялар жатады.

Белгілі бір мерзімге не болмаса қажет етілген уақытқа дейін заңды және жеке тұлғалардың ақшалай құралдарын салым салуға тарту бойынша банктің операциялары депозиттік болып аталады. Депозиттік операциялардың үлесіне әдетте олардың пассивтерінің 95% сәйкес келеді.

Депозиттер – депозиттік операциялардың субъектілері банкке оның күшіне байланысты белгілі бір уақыт аралығында өсіп отыратын үстеме алу мақсатында құйатын ақша қаражаттарының соммасы.

Экономикалық мазмұнына сәйкес депозиттер келесідей болып бөлінеді:

- жедел депозиттер;

- қажеттілікке сәйкес депозиттер;

- тұрғындардың жинақ салымдары.

Жедел депозиттер олардың мерзіміне байланысты мынадай болып жіктелінеді:

- 3 айға дейінгі депозиттер;

- 3 айдан 6 айға дейінгі депозиттер;

- 6 айдан 9 айға дейінгі депозиттер;

- 9 айдан 12 айға дейінгі депозиттер;

- 12 айдан жоғары мерзімдегі депозиттер.

Шотта сақталынған құралдардардың сипаттамасына байланысты талапқа дейінгі депозиттер: кәсіпорынның не ұйымның есептік, ағымдық және бюджеттік шоттардағы қаражаттары; әртүрлі қорларда сақталынуына байланысты арнайы шоттардағы қаражаттар (тоғыз экономикалық көрсеткіш бойынша); капиталдық салымға арналған кәсіпорынның жеке қаражаттары; кәсіпорындар мен ұйымдардың есептік кезеңдегі қаражаттары; басқа банктермен келісім бойынша корреспонденттік шоттардағы қаражаттар; жергілікті бюджеттердің қаражаттары.

Жинақ салымдары олардың сақталу ерекшеліктеріне байланысты келесідегілерге бөлінеді: жедел; қосымша салымдармен жедел; ұтыстық; ақшалай-заттай ұтыстық; жастық (молодежно)-марапаттық; жағдайлық; ағымдағы шоттың ұсынушысына; талапқа дейінгі; жинақ сертификаттары; пластикалық карточкалар (несиелік және т.б.).

Дамыған экономикалы мемлекеттерде депозит түрлерінің арасындағы нақты шекара жойылады да, жедел және талапқа дейінгі депозиттер сапасына сай келетін шоттар пайда болады. Мысалға, АҚШ-та НАУ-шоттар – пайыздың нарықтық көрсетілімі бойынша төленетін және оларды есептік шоттарда жазуға болатын, яғни бұл шоттарды төлем үшін пайданатын депозиттер.

Банктік тәжірибеде кең тараған ұғым депозиттік стратегия болып табылады. Депозиттік стратегия – банкке белгілі мерзім мен пайыздық көрсеткіші анықталған жедел қойма енгізілгендігін дәлелдейтін бағалы қағаз.

Ресурстарды депозиттік емес тарту көздеріне келесілер жатады: банк аралық нарықта займдарды алу, бағалы қағаздарды кері қайтарымының келісімі бойынша сату, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен ссудаларды алу мен векселдердің есебі, банктік акцептердің сатылымы, евродоллар нарығында займдарды алу, капиталдық ноталар мен облигацияларды шығару. Қазақстандық банктер осы аталған көздерден банк аралық несиелер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің несиелерін қолданады. Банк аралық несие нарығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің корреспонденттік шотында орналасқан қаражаттар сатылып алынады және сатылады. Ұлттық Банктің коммерциялық банктерге арналған несиелері қайта қаржыландыру тізімі бойынша, яғни қызметтің мәні бойынша таратылады. Тек 10%-орталықтандырылған несиелер банктерге конскурстық негізде таратылады.

Несиелеу – кәсіпкерлік қызмет пен пайда алуды көздейтін банктің ерекше операциясы. Несиелік салымдардың негізгі үлесі экономикаға салынатын қысқа мерзімді несиелеуден (57% теңге бойынша несиелер және 49% шетел валютасы бойынша несиелер), соның ішінде тұрғындарға – 3%, саудаға – 27% үлес бойынша таратылады.

3. Банктің несиелік әлеуеті.

Несиелеу жүйесі келесілерді біріктіретін біртұтас сызбаны бейнелейді:

1. Несиелеу әдістері және ссудалық шоттардың формалары;

2. Банкке көрсетілетін несиелік іс-қағаздар;

3. Несие беру процедурасы;

4. Ссуданы(қарызды) өтеу тәртібі;

5. Несиелеу үрдісіндегі бақылау.

Несиелеу әдісі – банктер несиелерді беру мен орнын толтыру жұмыстарын жүзеге асыратын әдіс-тәсілдердің жиынтығы. Бұндай әдістер үшке бөлінеді: 1) айналым бойынша несиелеу әдісі; 2) қалдық бойынша несиелеу әдісі; 3) айналым-сальдолық әдіс.

Айналым бойынша несиелеу кезінде несие тапсырыс берушінің шығындарын оның ресурстарының қайтарылымына дейінгі кезге аванс береді. Ссуданың мөлшері ссудадағы объективті қажеттіліктің ұлғаюы деңгейі кезінде өседі және осы қажеттіліктің төмендеуі кезінде қысқарады. Аталған әдіс несиенің синхронды жылжуының қажеттілігінің қысқаруы мен ұлғаюы жағдайына байланысты бөлінбейтін жаңартылған үрдіс болып табылады.

Қалдық бойынша несиелеу кезінде несие ссудаға деген қажеттілікті талап ететін тауарлы-материалды пайдалылық пен шығындардың қалдықтарымен байланысты болады. Мысалы, кәсіпорын өзіне қажетті құндылықтарды өз қаражатына сатып алады және содан кейін барып банктен олардың қорғалуы үшін ссуданы талап етеді. Несие бұл жағдайда тауарлы-материалдық құндылықтары қалдығының негізінде, қажетті материалдарды қолдануға кеткен шығынға аванс бермей-ақ компенсация реттілігімен беріледі.

4. Қазақстан Республикасының несиелік жүйесі.

Тәжірибеде айналым және қалдық бойынша несиелеу айналым-сальдолық тәсілді құра отырып, қиылысады, бірінші кезеңдегі несие ондағы көрсетілген қажеттілікке байланысты берілсе, ал екінші кезеңде жіберілген ресурстардың көлемімен сәйкес келмейтін қатаң анықталған уақытта қайтарылуын талап етеді. Бірінші кезеңде несие алғашқы кезеңдегі тауарлы-материалдық пайдалылығы мен шығындары айналымының негізінде берілсе; екінші кезеңде клиенттің банк алдындағы жедел қажетті қалдықтарының базасында қайтарылады. Банк клиентке ашып беретін несиелік шоттан несиенің қозғалысы көрінеді. Несие шоты дегеніміз – клиенттің банктен алған несиелері бойынша қарызы бейнелетін шот, несие беру және оны өтеу. Кредиттің берілуі оның дебитімен өтеді, өтелуі – кредитпен.

 

2-кесте – Клиенттің банкке қарызы

 

Дебет Кредит
Кредит беруі Кредитті өтеуі
Несиелік шоттың сальдосы (кредит бойынша қарызы)  

Несие шоттардың арасында айырмашылық болуы мүмкін: 1) ашу мақсаты; 2) өзара байланыс айналымы.

Ашу мақсаты бойынша несиелік шоттар депозитті-несиелік бола алады. Депозитті-несиелік шот – клиент нақты мөлшерде несие алу үшін банктегі депозитке салынған жеке ақшаларын жоюға алатын өзінің құқығы. Кредиттік айналымдағы шоттар – несие валютасының жұмсалу мақсаты үшін төмендетілген дебеттік сальдо арқылы алынған несиенің әртүрлі тәртібінде күнделікті несие өтеуімен жүзеге асады.

Жинақтауыш-шығынды несиелік шот – кредит бойынша қаражаттардың қозғалысымен, шоттың дебетімен де үйлеседі. Мысалы, клиенттің депозиті жаңа жинақтар арқылы толықтырыла береді, бірақ шығын әрқашан түсімнен асады, өйткені шоттағы сальдо дебиттік болып қала береді.

Айналымның өзара байланысы бойынша несиелік шоттар үш түрлі болуы мүмкін: 1. айналым-төлемдік; 2. сальдо-өтемдік; 3. сальдо-айналымдық.

5. Активтер мен пасcивтерді басқару әдістері.

Несие құжаттары:

1. Жазбаша өтініш (белгілі мақсаттарға несие қажеттілігінің техника-экономикалық дәйектемесі, белгілі пайызбен, белгіленген уақытқа);

2. Жыл басына баланс;

3. Пайда мен шығынның есебі;

4. Жедел міндеттеме белгіленген уақытқа беріледі, нақты мақсаттарға алынған несиені белгіленген сомада және дәл уақытында қарызгерге міндеттеуді тіркейді;

5. Несиелік келісімнің қатысушыларының міндеттері мен құқықтарын несиелік келісім анықтайды;

6. Келісім туралы кепіл;

7. Кепілдеме, үшінші тұлғаның тапсырмалары.

Несие беру үрдісі.

Президент немесе басқа жауапты адамның бұйрығы клиент шоттары бойынша есептік және несиелік бөлімге келеді. Онда клиенттің аты-жөні, несие берілетін сома, шот көрсетіледі. Бағыты бойынша несие беру үш түрлі болуы мүмкін:

1. Несие клиенттің есеп шотына түседі;

2. Есеп шоттан алынған несие тауарлы және тауарлы емес операциялар бойынша түрлі төлем құжаттарының төленуіне беріледі.

3. Несие басқа, оның алдында берілген кредиттерді өтеуге түседі.

Несие мөлшеріне қарай үш түрге бөлінеді:

1. Несие толық сомада есепті шотқа түседі, содан оның күнделікті шығындары шығады

2. Несиенің барлық көлемін алу құқығына клиент қосымша ақша ресурстарының қажеттілігінің пайда болуына байланысты асықпай жүргізеді,

3. Клиент алдын-ала белгіленген несиелік келісімдегі несие көлемінен бас тартуға құқығы бар.

Несие көлемі экономикалық жағдайларға тәуелді:

1. Қарыз алушының төлемдік айналымының ажырау үлкендігі;

2. Несиені қамтамасыз етуге түсетін және оның өтімділігінің деңгейінің тауарлы-материалды құндылықтарының жинағы.

3. Маржа деңгейі;

4. Клиенттің банкке сенуі және тәуекелділік деңгейі

5. Банктегі нақты көлемдегі ресурстардың бар болуы;

 

3-кесте – Несиені өтеу варианттарының классификациясы

Қайтарымның толықтығымен 1. 1) Несиені толық өтеу; 2) Несиені жиілеп өтеу.
Өтеудің жиілігімен 1. 1) Бір реттік несие өтеу; 2. 2) Көп реттік несие өтеу.
Өтеудің жүзеге асу уақыты бойынша 1. 1) Несиені өтеудің жүйелілігі; 2. 2) Несиені өтеудің эпизодтылығы.
Өтеу уақыты бойынша 1) Жедел несиені өтеу; 2) Кешіктіріп несие өтеу; 3) Уақытын өткізіп несие өтеу; 4) Мерзімінен бұрын несие өтеу.
Өтеу көздері бойынша 1) Клиенттің жеке қаражаттары; 2) Жаңа несиенің қолданылуы; 3) Гаранттың шотынан қаражаттар алынуы; 4) Басқа кәсіпорынның шотынан қаражаттардың келуі; 5) Бюджеттік түсімдер және тағы да басқа.

 

6. Активтер мен пасcивтердің даму стратегиясы.

Банктің активті операциялары оның нақты және анықтауыш бөлігін құрайды. Активтер құрылымында банк балансының сапасы бойынша әртүрлі баланстық қорытындылар түсіндіріледі. Банктің сапалы активтері өзінің активтерінің мақсатты құрылымымен,активті операцияларының диверсификациясымен, тәуекелділік активтерінің көлемімен, қауіпті және толық емес активтер көлемімен және актив өзгермелілерінің белгілерімен анықталады. Коммерциялық банктің активтерін төрт топқа бөлуге болады:

- Кассалық қолдағы ақша және оған теңдестірілген қаражаттар;

- Құнды қағаздар және инвестициялар;

- Ссудалар;

- Ғимараттармен жабдықтар;

- басқа да активтер.

Актив баптары тұрады:

- Орталық банктің касса және почталық чектік есептері;

- Банкаралық операциялар;

- Қаржы мекемесінің облигациялары;

- Вексельдер;

- Қарыздар;

- Басқа да құнды қағаздар;

- Қатысуға қатысты және филиалдардың құжаттары;

- Транзит;

- Негізгі капитал;

- Басқа активтер.

Активтердің құрамы банктің заңдық және есептік ерекшеліктерімен, сонымен қатар сыртқы ортаға әсерімен анықталады. Қызметтің негізгі түрлеріне байланысты активтердің ірі құрылымы:

- Кассалық активтер;

- Ссудалар;

- Құнды қағаздар;

- Басқа активтер.

Несие операцияларында банктік активті операциялардың негізгі орны 19,9 %-дан – 83,25%-ға дейін. Екінші орында банк активтерінің арасында құнды қағаздардың инвестициялары – 2,15%-дан – 23,87%-ға дейін. Үшінші орында – кассалық активтер 0,2%-дан – 12,94%-ға дейін. Басқа активтердің үлесі есеп ерекшеліктеріне себепші және негізгі қорларға (ғимарат және құрал-жабдықтар) салымдар есепті әртүрлі банк операцияларына (2-ден 78%-ға дейін) дейін кең спектрді қосады. Әрбір банк сапа активіне тәуелді рационалды актив құрылымын құру керек.

Банк активтерінің сапасы оның өтімділігімен, тәуекел активтерінің көлемімен, қауіпті және толық емес активтер салмағымен, кіріс әкелетін актив көлемімен анықталады. Банктің күнделікті қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін коммерциялық банктің құрылымдар активі тиімділіктің сапалы талаптарына сәйкес келу керек.

Бұл мақсатпен банктің барлық активтері өтеу уақытына байланысты өтімділік деңгейі бойынша топтарға бөлінеді.

Қысқа өтімділікті активтерге қолма қол ақша және оған теңдестірілген қаражаттар, орталық банктің шоттарындағы қаражаттар, мемлекеттік қарыздық міндеттемелер, ішкі валюталық қарыздың облигациясына салымдар жатады.

Пайда болған ұзақ мерзімді өтімділікке несиелік ұйымдар берген барлық несиелер, гарантиялар және бұйрықтар жатады.

Өтімділікті актив құрамына барлық жоғары өтімділікті активтер несиелік ұйымдардың пайдасына есептелінетін салымдар қосылған.

Тәуекелділік деңгейі бойынша активтерді өлшеу баланстық шоттағы қалған қаражаттарды тәуекелділік коэффициентіне көбейтіп, 100-ге бөліну арқылы жүргізіледі.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1. Коммерциялық банктердің ресурстары.

2. Активтер мен пассивтердің құрылымы.

3. Банктің несиелік потенциалы.

4. Қазақстан Республикасының несиелік жүйесі.

5. Активтер мен пасcивтерді басқару әдістері.

6. Активтер мен пасcивтердің даму стратегиясы.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Маркетинг в банке: Учеб. пособие / Спицын И.О., Спицын Я.О. – Тернополь: Тарнекс, 1993. - 656 с.

2. Банковский маркетинг: Учеб. пособие / Уткин Э.А. – М.: ИНФРА-М, Метаинформ, 1995. - 304 с.

3. Банковский маркетинг: Учеб. пособие / Нургалиев К.Р., Тулембаева А.Н. – Алматы: Қазақ университеті, 1998. - 120 с.

4. Тулембаева А.Н. Банковский маркетинг. Завоевание рынка: Учебное пособие. – 2-е изд., испр. И доп. – Алматы: Триумф «Т», 2007. - 448 с.

 

Тақырып 7. Банктік қызметтегі баға саясаты

Лекция мақсаты: банктің баға саясатын түсіндіру.

Лекция жоспары:

1. Банктік қызмет бағасының түсінігі. Банктік өнімдер мен қызметтердің баға белгілеу ерекшеліктері.

2. Баға деңгейіне әсер етуші факторлар.

3. Баға белгілеу стратегиялары.

 

1. Банктік қызмет бағасының түсінігі. Банктік өнімдер мен қызметтердің баға белгілеу ерекшеліктері.

Баға белгілеу стратегиясының мақсаты:

1. ағымдық пайданы максималдау;

2. нарықтағы позицияны ұстап қалу;

3. нарықтағы көшбасшылық;

4.өнімдер сапасы жағынан көшбасшылық.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-01-03; Просмотров: 1269; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.117 сек.