Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Демілік теориясы. 1 страница




Шынында да әдемілік бір қарағанда табиғат құбылыстарының өз еншісі тәрізді. Марксизм де кеңістік көрінісінің жер бетінде адам ұрпағы тарамастан бұрын-ақ пайда болғанын дәлелдейді. Ал өмірде сұлулық мәнісі күрделірек. Қоғам да табиғатқа жайдан-жай өзі тарапынан көрік дарыта бермейді, керісінше, табиғат та өзімнің ішкі қасиетім деп қоғамға сұлулық сырын оп-оңай аша салмайды. Егер біз қоғамды жеке адамдармен алмастырсақ та жағдай өзгере қоймас еді. Дүниені бар кезеңде де соншалық әдемі қылған тек адам емес. Оған ешқандай бөгде күштер мен қабілеттерді телімей-ақ, өзі қандай болса сол күйінде көре білу керек. “Сұлулық дегеніміз – адам жанымен танылып, адам санасында бейнеленген табиғи-әлеуметтік құбылыс”, деп жазады профессор В.П.Тугаринов. Өйткені табиғатқа тән ақиқаттық (объективтік) қасиеттерсіз, адамның оған өзіндік жеке (субъективтік) қатынасынсыз сұлулықты сезіну мүмкін емес. Көркемдік, әдемілік ұғымының өн бойына осы екі қасиеттің екеуі де ұялаған, біреуінен бас тартсаңыз екіншісі бәрібір жеке-дара сұлулық сырын жеткізе алмайды.

 

11. Эпикалық образ – кескін-кейпі, мінез-құлқы, іс-әрекетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип. Э.образдың тек түсін танып қана қоймайды, оның ішін де білуге мүмкіндік туғызады. Эпикалық образ-әрі нақты, әрі затты тұлға, кәдімгі тірі кісідей сөзін құлақпен естуге, мінезін ұғуға, қимылын бақылауға болатын, бүкіл өмір жолын бар бұралаңымен байққауға, өскен ортасын барлық ойы-қырымен байыптауға болатын күрделі, кесек қаһарман. Мысалы: Абай, Құнанбай бейнелері.

12. Көркем бейне – әдебиетте, өнерде (сурет, музыка, театр, кино, т.б.) өмір құбылыстарын жинақтап, типтендіріп, бейнелі көрініс түрінде суреттеу үлгісі. К. б-де көпке ортақ сипаттар мен жекелік сипаттарды ұштастырып, даралап көрсету ұласып жатады. Осы тұтастық бірігіп көрінгенде көркем образ, көркем бейне туады. Әдебиетте адамның Көркем бейнесін суреттегенде жазушы оның кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін, сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттармен сомдап, сонымен қатар, кейіпкердің жеке басына тән тұлғалық ерекшеліктерін де даралап көрсетеді. Көркем бейненің типтік сипаты қоғамдық өмірдің ішкі сырын, мәнін ашып беру үшін қандай қажет болса, оның даралығы мен өзіне тән ерекшеліктерін айшықтау адам тұлғасын, іс-әрекетін, мінез-құлқын көзге айқын елестету үшін, нақтылы қалпында көріп-білу үшін де сондай қажет. Адамның типтік бейнесін, типтік характерін суреттеу қоғамдық өмірдің қыр-сырын жан-жақты, терең аша білгенде ғана ұтымды болады. Көркем әдебиетте берік орын алған Көркем бейнелер көп. Мысалы: Абай, Дәркембай, Құнанбай (“Абай”), Ботагөз, Асқар (“Ботагөз”), Ұлпан (“Ұлпан”), т.б. Көркем бейне өмір шындығына, халықтың адамгершілік эстет. мұраттарына сәйкес келгенде ғана өнер туындысына айналады.

Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі: романтикалық образ, реалистік образ. Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық образ. лирикалық образ, драмалық образ. Ал, жалпы жасалу тәсілдеріне келетін болсақ, образ юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, комедиялық, қаһармандық, т.б. бейнелер деп бірнеше тұрғыдан жіктеуге болады.

 

13. Қазақстан мен Орта Азиядағы әдеби – эстетикалық ойдың дамуы. Арабтардың осы күнгі Орта Азия, Қазақстан жерлерін жаулап алу әрекеті ІХ ғасырдың басынан басталды. Көп жылдар бойы кескілескен соғыстар болды, арабтар жергілікті халықтарды бағындырды. Арабтар өте қатал келді: жергілікті халықтарды, олардың бұрынғы мәдениеттерін набыт жойды. Әсіресе, мәдениеттерінен ешқандай жұрнақ, нұсқа қалдырмауға тырысты. Арабтар жаулап алған кезден бастап сөз болып отырған өлкелер, халықтар олардың әлеуметтік өмірі феодалдық қалыпқа көшті. ІХ ғасырдың аяғы мен Х ғасырдың басынан өлкенің, ондағы халықтардың шаруашылығы, мәдениеті қайтадан өркендеді. Бұл кезде оқу, білім, өнер, әдебиет – бәрі де араб тілі, араб мәдениеті ықпалында дамыды... Х-ХІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қала, кенттер өркендеген, жергілікті халықтардан талай ұлы жазушылар, ұлы ғалымдар шыққан; жергілікті ру-тайпалар өкілдері шығарған, жазған түрлі әдеби шығармалар, ғылыми еңбектер болған. Мұхамед Хорезмиді, Әбунасыр әл-Фарабиді, Әбурайхан әл-Беруниді, Әбуғали Ибн Синаны, Әбілқасым Фердоусиді, Рабғузиді, Махмұт Қашқариді, Қожа Ахмет Яссауиді, Омар һайямды, Баласағұндық Жүсіпті және солардың көркем шығармалары мен ғылыми еңбектерін атасақ, біздің әлгі пікірімізді толық дәлелдей алады... Орта Азия мен Қазақстанға ХІІІ ғасырдың басынан тағы бір шапқыншылық келеді. Ол – күн-шығыстан келген Шыңғысхан бастаған монғол шапқыншылары еді. Монғолдар Қытай, Рим аралығындағы кең-байтақ жерлерді түгел жаулап алды. Онда үлкен мемлекет құрды, ол Алтын Орда, (Ақ Орда, Көк Орда) деп аталып, үш ғасыр шамасы уақыт өмір сүрді. Ол замандарда Орта Азия мен Қазақстанға, ондағы халықтарға қарағанда араб елінің, арабтардың мәдениеті жоғары еді, олар мәдениетті халық деп саналушы еді. монғолдар билеп-төстеп тұрған кезде ХІІІ-ХҮ ғасырлар арасында Орта Азия мен Қазақстан өлкелерінің, ондағы халықтардың мәдениеті оншалықты өркендемеді. Бұрынғы қалпына келтірілген қала-кенттер, мәдениет орындары Алтын Орда ыдырағаннан кейінгі болған бірсыпыра хандар соғысы кезінде тағы қиратылды.

 

14. Көркем шығармадағы мазмұн мен пішін Бұл екеуі бір-бірінен айрылмас байланыста, бірлікте болады. Пішін – ішкі қасиет, мазмұн – сыртқы. Мысыла, Ұлы Отан соғысының сөз өнерінде әр түрлі пішінде суреттелгенін Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз», Б.Момышұлының «Москва үшін шайқас», Ә.Әбішевтің «Намыс гвардиясы» атты шығармаларынан аңғаруға болады. (поэзия, проза, драматургия). Шығарма мазмұнының ұтымдылығы да, оқырманға жетімділігі де оның пішініне байланысты. Мазмұнға қарағанда, пішін өзгерімпаз болады. Мысалы, махаббат. Бұл-өмірде тұрақты шындық, өнерге мәңгілік тақырып. Бірақ өмірдің осы шындығының өнердег пішіні әр дәуірде әр алуан. Бір мазмұнның өзі әр дәуірде әр түрлі пішінге көшіп отырады. (Қазіргі махаббаты Қыз Жібек пен Төлегеннің сезімдеріндей суретесе, осы дәуірдегі сай келмес еді Әрбір жаңа дәуірде көне мазмұн тың пішін тауып, жаңғырып, жасарып қана қоймайды, әр дәуір өз шындығын, демек, өз мамұнын ала келеді. Әдебиеттегі мазмұн мен пішінді белгілі бір көркем шығармадағы затты деректерге көшірсек былай болар еді: шығарманың мазмұны-оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да, пішіні-әдеби қаһармандардың өзара қарым-қатынасына, тағдыр тартысына негізделген сюжеті, композициясы және жазушның өмірді өнерге айналдырған ең негізгі құралы-суретті сөз, яки көркем шығарманың тілі.

15. Лирикалық туындыдағы автор тұлғасы Поэзиялык шығарма­ларда автор лирикалық түлға ретінде танылады. Лирикада ақынның ішкі сыры, сезімі, толғанысы яғни жеке авторлық тәжірибесі басқа жанрларға қараганда айқын, анык бедерленеді. Өмір шындығын оқырман лирикалық тұлға позициясындағы автордың көзімен қарап, танып біледі. Лирикалық кейіпкер автордың өлеңмен жазылған тікелей өз көшірмесі емес, жинактала келіп, белгілі бір нақтылы сипатты иеленген көркем бейне болып шығады. Ақын бейнесі әр өлеңде әр қырынан, әр түрлі көркемдік тәсілдер арқылы нақтылы көрініс табады. Поэзияда ақын тұлғасы көбінесе жинақталған лирикалық бейне қалпында көрінеді. өйткені ақын өлеңінде үнемі басынан кешкенді, өзі көрген, немесе, өз өмірінде болған жайларды ғана айтпайды, болатынды, болуы мүмкін жайларды да айтады. лирикалық тұлға әсіресе сыршылдық сипаттағы және ой-толғаныс түріндегі өлеңдерде айқын бой көрсетсе, ал ақынның, автордың бейнесі лирикалық тұлға арқылы да, сонымен бірге қандай да бір басқа адамды мінездеу, соның өзін сөйлету, ал сюжетті поэзиялық шығармада уақиғаны баяндау арқылы да танылады.

 

16.Аристотель "Поэтикасы"

Эпикалық және трагедиялық поэзия, сондай-ақ комедия мен дифирамбылық поэзия, авлетика мен кифаристиканың басым бөлігі – мұның бәрі де, жалпы айтқанда еліктеу өнеріне жатады. Бұлар бір-бірімен мынадай үш түрлі жағдайда: еліктеу не арқылы (қай негізде) жасалады, не нәрсеге еліктейді, әйтпесе қалай еліктейді, міне осы тұрғыда ғана ерекшеленеді. Комедия – жағымсыз жандарды бейнелеу, алайда, бұл оны (адамды) бірыңғай сиықсыз етіп таныту дегендік емес, бірақ, күлкілілік – сиықсыздықтың бір түрі ғой, күлкілілік дегеніміз кейбір адамдардың ешкімге қайғы-қасірет әкелмейтін, ешкімге де залалы жоқ кейбір жаңсақтығы мен сиықсыздығы, мысалды алыстан іздемей-ақ айтар болсақ, комиктік маска дегеніміз – сиықсыздық пен өңді құбылту ғана, бірақ онда қасірет шегу белгісі болмайды.Трагедия – белгілі көлемі бар аяқталған һәм маңызды әрекетке еліктеу; әрбірі бөлімдерінде мағыналық бояуын нақыштай отырып сөз, сөйлесу, онда да әңгімелеу арқылы емес, қасірет шегу мен қорқыныш секілді ерекше халден қимыл-әрекет жолымен арылуға еліктеу. Әрбір трагедияда алты бөліктің болуы міндетті, сонда ғана ол белгілі бір трагедияға тән сипатқа ие болады. Ол бөліктер мыналар: фабула, характерлер, ақылға сыйымдылық (разумность), сахналық көрініс, ауызекі сөйлесу және музыкалық композиция. 1)Фабула – трагедияның түп қазығы әрі жаны секілді, бұдан кейінгі кезекте характерлер тұрады, өйткені трагедия дегеніміз - әрекетке еліктеу. Трагедияның жанды еліктірер ең маңызды тұсы фабуланың ажырамас бөліктері – перипетия мен тануға (узнавание) байланысты 2) ақындар қатысушы адамдарды олардың характерін таныту үшін бейнелемейді, алайда қимыл-әрекетті суреттеу нәтижесінде характерлерді де қамти алады 3)Т.ң үшінші бөлігі – ақылға сыйымдылық. Бұл саясат пен риториканың көмегімен істің мән-жайы мен мағынасына лайық сөйлей білу: перипетия – оқиғалардың қарама-қарсы мәнге өзгеруі, онда да айтып жүргеніміздей, ықтималдық немесе қажеттілік заңдылығы бойынша өзгеруі. Тану-әлдекімді тану болғандықтан да, ол кейде бір адамның екінші бір адамды (екеуінің біреуі ғана белгілі болған жағдайда) тануы түрінде байқалады, кейде екі адамның да бірін-бірі тануына тура келеді. Көлемі жағынан т.ң тараулары төмендегідей: пролог, эписодий, эксод және өз ішінен парод пен стасимге бөлінетін хор бөлімі, соңғы бөліктер барлық хор өлеңдеріне де ортақ болып келеді, кейбірінің ерекшелігі сахнада ән айту мен коммостарға ғана байланысты.Әрбір трагедияда екі бөлік бар: олар байланыс және шешімі, алғашқысы драмадан тыс жатқан оқиғаларды, сондай-ақ драманың өзіндегі кейбір оқиғаларды қамтыса, екіншісі қалған бөлігін қамтиды. Бұл көлемділіктің шек-шеті, жетер жері жеткілікті тұрғыда анықталған: ә дегенде-ақ оның басталуы (басы) мен аяқталуы (соңы) айқын танылып тұруы керек.

 

17. ХХ ғасыр басындағы әдеби-эстетикалық ой-пікірлер.

Бұл дәуір қазақ халқының тарихына үлкен өзгерістер әкелді. Ресейдегі қоғамдық-саяси оқиғалар ғасыр басындағы ұлттық сананың өсуіне,қоғамдық ой-пікірдің әлеуметтік мәселелерге батыл араласа бастауына ықпал жасады. Халықтық эстетикадан бастау алған баспасөз әдеби сынды тудырды. XX ғасырдың алғашқы 20 жылы ішінде 500-ге жуық кітаптар жарық көрді. Яғни, халық ауыз әдебиетінің үлгілері, қиссалар, әдеби жинақтар, оқу құралдары, сол кездегі ақын жазушылардың шығармалары бар. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті оқулықтар, өлең кітаптары,қазақ тілінің тазалығы,халық ауыз әдебиеті жинақтары туралы рецензиялар мен сын мақалаларды жариялау арқылы әдеби-тарихи ой пікірдлерді толықтыра түсті (Осы жерде оқыған кез келген мақалаларыңды айтып жіберіңдер). Әсіресе бұл кезде қазақ тіліндегі оқулықтарға деген талаптың күшейгені байқалды. М.Нұрбаевтың «Қазақша әліппе», «Ғалия» медресесі шәкірттері шығарған «Әліппе яки төте оқу», Қ.Қожықовтың «Әліппе», М.Кәшімовтың «Ақыл кітабы», «Әдеп», «Үгіт», М.Малдыбаевтың «Қазақша ең жаңа әліппе», А.Байтұрсыновтың «Тіл құрал», «Оқу құралы», Т.Жомартбаевтың «Балаларға жеміс», С.Көбеевтің «Үлгілі бала» оқу құралдары, орыс тілін үйретуге арналған кітаптар жарық көрді. А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» (1926) еңбегі үлкен білімдарлықпен жазылған еңбек болды. Р.Нұрғали «Қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық арналары, басты терминдері мен категориялары түп-түгел кітапта қалыптасқан» десе, ғалым, тілші Р.Сыздық: «Әдебиеттанытқыш» - әдебиеттану ғылымы мен қазақ әдебиеті тарихына арналған тұңғыш зерттеу жұмысы. Мұнда автор көптеген жайттардыөзі шешіп,көптеген ұғымдарға терминдік анықтама береді» -дейді.

 

18. Романтикалық және реалистік бейне.

РОмантикалық бейне-әдебиеттегә адам бейнесінің байырға түрлерінің бірі. Бұл образдың алғашқы түрлері баяғы көне дүние әдебиетінде,мифте,қала бере қай халықтың болса да халық ауыз әдебиетінде жатыр. Әрқашан алға,алысқа,арманға асыққан халықтың қиялы телегей-теңіз.Ал романтикалық образдың негізінде қиял жатады.Романтикалық образ өмірде болған немесе бар деректерден гөрі өмірде әзірше жоқ,бірақ болатын дерекке негізделеді.Қазақ әдебиетінде романтикалық образдың ежелгі түрі халық ертегілер мен аңыздарында,батырлық дастандары мен тарихи жырларында жатыр(қазақ фольклорында-Желаяқ, көлтауысар, саққұлақ, таусоғар, алдар көсе, алпамыс;Абайдан бергі жазюа әдебиетте-С.Мұқановтың Сұлушашы,Әбділданың Абылы,Қасымның Абдолласы).

Көне грек әдебиетіндегі Прометей,қазақтағы Асан, орыс әдебиетіндегі Данко-мәңглік образдар. Бұлардың қай-қайсысы да халық үшін құрбан еткен асқақ арманның адамдары. Қараңғы қауымның зердесін жарық сәулемен нұрландырмақ болып тәңірінің отын ұрламақ болып тасқа шегеленген Прометей;дүйім жұртқа душар болған түн түнегінен серпу үшін өзінің өртті кеудесін өзі сөккен Данко жалын атқан,шұғыла шақан жүрегін жұлып қолына алды да өлді.

Реалистік образ-әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі. Мұның сымбаттылғы да, шынайылығы да шыншылдығында;бұл кәдімгі өмірде болған, бар және бола беретін,бірақ қайталанбайтын, әрқашан бұрын-соңды белгісізтың қырынан көрініп,ылғи жаңарып отыратын тип. Бұл образ атаулының мағыналы да, мәндісі. Өйткені бұл образдың эстетикалық идеалы романтикалық образдағыдай бұлыңғыр емес,анық, адам қолы жетпейтін тым асқақ,алыс емес,қолмен ұстап, көзбен көргендей затты әрі жақын.Сондықтан реалистік бейненің эстетикалық-тәрбиелік мәні де,қоғамдық-өзгертушілік күші де айырықша үлкен. Мысалы.Т.Ахтановтың «Боран» романындағы Қоспан бейнесі.

Реал бейне-нанымды бейне,оның мінез-құлқы,іс-әрекеті,оны қоршаған орта,оның басынан өтетін оқиға бәрі өлшеулі.Өйткені,суреткер шыншыл бейне жасау үстінде өзін шындық шеңберінен шығармайды,өзін-өзі меңгеріп, қажетті жерде іркіп отырады. Реал бейне-типтік образ.Ол бізге күнде көріп жүрген етене таныс секілденгенімен-«таныс бейтаныс» көптің бірі көрінгенімен-бірегей.Өйткені өнердегі шыншыл образ өмірдегі бір адамнан ғана көшірілген жоқ, бірнеше адамнан жинақталып және творчестволық қиялдан суырылып шыққан.

 

19. Әдебиеттің эстетикалық қызметі. Басқа ғылымдармен байланысы.

Өнер адамның іс-әрекеті мен қоғамдық сананың ерекше түрі. Болмысты нақты деректер арқылы танып-білуді мақсат ететін ғылымнан өнердің баста ерекшелігі, ол өнердегі шындықты көркем образдар арқылы қабылдап, бейнелейді. Ерте заманғы адамдардың өмір туралы ұғым, түсінігі, көзқарасы, жаратылыс жұмбағын түйсіну ерекшелігі, сәбилік сана, сезім, әсіресе, ауызша тарап, жеткен аңыз-әңгімелерден, мифологиялық үлгілерден тарайды. Мифология табиғатты үрейлі құбыжық, алыптар, жын-перілер түрінде тәңірдей табынар сұрапыл күш, құдіретте ғана саятын алғашқы қауымдық қатынас кезіндегі дүниетаным болып табылады. Ұлт әдебиетінің тарихи бастаулары ежелгі дәуір мұраларымен сабақтастықта зерттеу бағытындағы келелі істердің рухани түлеудегі кемел маңызы филология ғылымы, соның ішінде қазақ фольклористикасының озық әдістер ұстанып, кешенді зерттеулер жүргізу барысында соны сипатқа ие болды. Әдбиеттану ғылымы қай қырынан алсақ та өзге ғылым салаларымен тығыз байланысты. Эстетикалық сезімдері, психологиялық жай-күй тұрғысынан қарастыра отырып тарихпен,философиямен және көрнек өнерімен байланысты,пихологиямен байланыстырамыз.

20. Әдебиеттегі уақыт пен кеңістік.

Уақыт пен кеңістіктің ауқымы өте кең.Бұлар бір-бірінен ажырамайтын субстанциялар. Көркем әдебиет болса уақыт пен кеңістіктің шағын моделі.Көркем туындыны жасау үшән мекеншақ(хронотоп) өлшемі керек. Мәдени кеңістік пен уақыттың бірлігін ХХғасырдағы орыстың көрнекті мәдениеттанушысы Бахтин «хронотоп-грек уақыт,жер» ұғымы арқылы білдіреді: «...хронотоп-уақыт пен кеңістік белгіоерінң нақты бір бітімінің табиғи бірлікте көрініс табуы. Мұндай уақыт қоюланады, сөйтіп көркемділігімен көзге түседі, ал кеңістік болса шоғырланады, тарихтың сюжеттік, уақыттық қозғалысына бағындырылады. Уақыттың белгілері кеңістікте ашылса, кеңістік уақытпен өлшеніп,уақыт арқылы ұғынылады». Кеңістік – мәтінге тән категориялардың бірі, ол баяндаудың нақтылығы мен шындығын қамтамасыз етеді, қатарлас нәрселердің орналасу тәртібін көрсетеді. Көркем уақыт-сюжеттің, бейнеленген құбылыстардың өмір сүру формасы, шынайы, перцептуалды және жеке уақыттардың өзінше өзінше араласқаына сипаттайтын әлемді танудың ерекше формасы. Көркем және шынайы уақытты бейнелеудегі айырмашылық объективті шынайылық пен шарттылық бейнесі үйлескен көркем шынайылық әлемінің ерекше табиғатының көрсеткіші болып табылады. Шығармада қандай да болмасын баяндау тәслі эпикалық ракурс пен қашықтықты анықтайды. Эпикалық ракурс-автордың оқиғаларды бейнелеудегі өзін-өзі көрсетуі. Көркем уақыт-сюжет пен фабулаға қатарласа жүретін ұғым. Сюжеттік уақыт дегеніміз-уақыттың нақты сәттерінің шығармада автордың среттеуімен белгілі бір тәртәппен орналасуы. Автор сюжеттік уақытты түрліше ұйымдастырады. Кей кезде оқиға барысында өткенге қайта оралудың қажеттігі немесе көркем уақыт ішінде оқиғаның өтуінің бәсеңдеуі кездесіп отырады. Осыған байланысты әңгімелеушінің белгілі бір түрі қалыптасады. Әңгімелеуші оқиғаларды жай сырттай бақылаушы, не жай баяндамай оқиғаға қызу араласуы мүмкін. Сөйтіп эпикалық ракурс шығарманың композициялық-тілдік жүйесінің тұлғасын қалыптастырады. Эпикалық қашықтық-әңгімелеуші-автордың шығармадағы баяндалып жатқын оқиғалардан белгілі бір мезгілдік немес кеңістік арақашықтықта орнаалсуы 3 түрлі: шығармадағы оқиғаның баяндау кезімен сәйкес келмеуі; сәйкес келуі; мүлдем байланысы болмау. Басқа өнер түрлеріне қарағанда әдебиет уақыт пен кеңістікке еркін қатынаста. Бір мезгілде бір кеңістіктен екінші кеңістікке ауысып кету мүмкіндігі бар. Яғни оқиғаны баяндау барысында бірнеше жердегі оқиғалар көрсетілуі мүмкін.

21. Аллегориялық бейнелер. Кейіптеу- ертегілер мен аңыз әңгімелерде жиі қолданылатын тәсіл. Ал мысал өлеңдердегі құбылу, көбіне пернелеу, яки аллегория (пернелеп айту) түрінде келеді. Мұнда жай ұғымда тұрған дерексіз нәрселер кәдімгідей көзге көрінер деректі нәрсеге ауыстырылады. Айталық, қулық,зорлық,қастық секілді жалпылама ұғымдарды дәл осы қалпында түсінуге болғанмен, көзбен көру қиын. Осыларды С.Дөнентаев өзінің «Ауырған арыстан» дегеналлегориялы өлеңінде қолға ұстатқандай нақты, деректі нәрселерге көшіреді: аң патшасы арыстан ауыра қалған екен,аң атаулы түгел көңіл сұрап барғанда, ішінде Түлкі қу жоқболып шығады да, оны қара көңіл қасқыр зорлықшыл арыстанға қастандақпен хабарлап қояды.Кейін түлкі келгенде арыстан әрине ашуланады.Бұл сырды түсіне қалған түлкі айла тауып өзінің де ауырып қалғанын, қасқырдың артқы аяғының сіңірін қиып жеп әрең жазылғанын айтады.Мұны естіген арыстан қасқырды шақырып алып, сіңірін қияды. Бұл аллегориялық өлеңде: Түлкі-қу; зорлық-арыстан,қастық-қасқыр бейнелеріне көшіріліп, пернеленіп көрсетілген. Дүниежүзілік әдебиет тарихына қарап отырсақ, пернелеу арқылы дерексіздік деректілікке көшіріліп қана қоймаған, қызық-қызық аллегориялық образдар жасалғанын көреміз. Мысалы, Данте жазған әйгілі «Құдіретті комедияда» арыстан, тағы мысық, қасқыр тәрізді аңдар арқылы адамға тән әр түрлі құштарлықтар пернеленіп қана қоймайды, бірсыпыра бейнеленеді, кәдімгі көркем образдар жасалады. Қазақтың ауыз әдебиетіндегі өтірік өлеңдерде бейнеленетін тұлғалар түгелімен – аллегориялық образдар.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-25; Просмотров: 2374; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.021 сек.