Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жанрлар синтезі. 2 страница




Ал мысал өлеңдердегі құбылу, көбіне, пернелеу, яки аллегория (гр,пернелеп айту) түрінде келеді. Мұнда әшейін ұғым қалпында тұрған дерексіз нәрселер кәдімгідей көзге көрінер деректі нәрсеге ауыстырылады. Айталық, қулық, зорлық, қастық, секілді жалпылама ұғымдарды дәл осы қалпында түсінуге болғанмен, көзбен көру қиын. Осыларды Сәбит Дөнентаев өзінің “Ауырған арыстан” деген аллегориялы өлеңінде қолға ұстатқандай нақты, деректі нәрселерге көшіреді: аң патшасы Арыстан ауыра қалған екен, аң, атаулы түгел жиылып көңіл сұрап барғанда, ішінде Түлкі қу жоқ боп шығады да, оны қара көңіл Қасқыр зорлықшыл Арыстанға қастандықпен хабарлап қояды. Кейін Түлкі келгенде, әрине, Арыстан ашуланады. Бұл сырды түсіне қалған қу Түлкі аяқ астынан айла та-уып, Арыстан секілді өзінің, де “ауырып” қалғанын, одан әйтеуір Қасқырдың артқы аяғының сіңірін қиып жеп, әрең “жазылғанын” айтады, Арыстан ашуды қойып, өктемдігіне көшеді де, дереу Қасқырды шақыртып алып, сіңірін қияды… Бұл өлеңде қулық — Түлкі, зорлық — Арыстан, қастық — Қасқыр бейнелеріне көшіріліп, пернеленіп көреетілген.

в) Құбылтудың бір түрі — астарлау, яки символ (гр.шартты белгі) —бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру. Мұның өзі ой мен образға әрқашан астыртын, бұлдыр мағына береді деу де қате (символды символизмнен айыра білу керек); ең бастысы — символ сөз өнерінде көркем кестеленіп отырған шындыққа әсем ажар,байсалды философиялық астар береді, шығармаға бір түрлі сыршыл сипат бітіреді.

Құбылтудын, бір түрі — алмастыру, яки метонимия (гр.қайтадан атау) — өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың, өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану. Мұның да әдеби тілде атқарар қызметі әжептәуір: кейде ой ықшамдығы үшін, кейде образ нұсқалылығы үшін қажет.Мыс: Үйі мәз боп қой сойды.Сүйіншіге шапқанға.(Абай). Болыстың семьясын, туған-туысқанын түгел тізіп жатқан Абай жоқ, бәрін үйі деген бір ғана сөзбен алмастырады.

Құбылтудың бір түрі — кекесін, яки ирония (гр.келемеждеу);

Мыс:- Қайтсін, қолы тимепті, Өлеңші, әнші есіл ер!Ала жаздай ән салсаң,Селкілде де, билей бер!(Крылов — Абай). Сырттай қарағанда, құмырсқа шегірткенің ала жаздай ән салып, көгалды қуып гөлайттап кеткенін қитықсыз дабылдап, түсініп, өлеңші, әнші есіл ерді кәдімгідей мүсіркеп тұрған секілді. Ал енді осы “мүсіркеудің” астарына үңілсек, мырс-мырс күлкі, келеке тұрғанын көреміз. Иронияда, міне, осындай бүркеншік сын, сырты тәп-тәтті болғанмен, іші ап-ащы әжуа жатады; ирония әдеби тілдің түрі мен сырын осылай құбылтады.

Тағы бір түрі —мысқыл, яки сарказм (гр. масқаралау).Мыс:“Әй!” деуші ең кеше бұйырып, Аз кунге бөсіп, ісінген.Әйдіктеу қызмет алғанда. Бір күнде даусын тусірген.“Әу!” дейсің бугін иіліп, Лауазым байғус кушіннен!..Орныңнан тайып калғанда.А. Тоқмагамбетов.).Бұл — ешқандай бүркеншіксіз тура айтылған шымыр, ширақ, улы һәм уытты мысқыл, масқара мазақ.

з) Құбылтулың бір түрі — ұлғайту, яки гипербола (гр. үлкейтілген, қомақты); тағы бір түрі — кішірейту, яки литота (гр.карапайым, қораш). Бұлар да суреткердің тілі мен стиліне бірсыпыра бояу қосады, сөздегі суретті түрлендіреді, өзгеше өрнектер төгеді, сөйтіп, көркем шығарманың оқырманың әсерін арттыра түседі. Мыс:Жоғарғы ерні көк тіреп,Төменгі ерні жер тіреп.. (“Қобланды б.”)Жер мен көктің арасы түп-түгел ауызға айналып кеткендей

Айта берсек, табу (гр.бәрін белгімен білдіру), перифраз (гр.қайта айтып беру), эвфемизм (гр.сыпайылап сөйлеу) тағы басқа осылар тәрізді ауыстыру амалдарының тіл құбылтар мүмкіндіктері бар.

Синекдоха ( грекше-меңзеу). Троптың өзгеше бөлінетін бір түрі синекдоха деп аталады. Бір бүтін нәрсенің орнына оның бөлшегін (басың нешеу?); бөлшектің орнына бүтінді (жұрттың қалай екенін ұқпадым) қолдану. Біреуге: Басың нешеу? дегенде, оның басын сұрап отырғанымыз жоқ, неше адамыбар екенін сұрап отырмыз. Сол үйдің адамдарының орнына тек қана бастарын аламыз. Жұрттың қалай екенін ұқпадым!дегенде барлық жұртты айтып отырған жоқ, біреуді айтып отыр. Бір адамның орнына жұртты деген сөзді айтса да, бұдан барлық жұртты ұқпаймыз, сөз аңғарына қарап, бір адамға ғана қастап айтқанын білеміз. Жоғарғы бүтіннің орнына бөлшекті, бөлшектің орнына бүтінді қолданған сықылды, көпшенің орнына жекешені, жекешенің орнына көпшені қолдану да синекдохаға жатады. Мысалы: Тары пісіп тұр. Жылқы көрдіңбе? дейді. Тары, жылқы - жекеше.
Дұрысын айтқанда, тарылар, жылқылар деу керек қой. Бірақ көпшесін айтпай-ақ, жекешесін айтсақ та, көпшесінің мағынасын беретін болғандықтан, жекеше тары,
жылқы деп қолдана береміз. Абайлар күшті ақын ғой дейміз. Шынында, Абай біреу, әйтсе де осылай айтылады да,айтуға болады да. Жекешенің орнына көпше, көпшенің орнына жекешені қолданушылық өлеңдерде жиі кездеседі.

 

72. Чарлз Сандерс Пирстің семиотикалық теориясы

Пирс Чарлз Сандерс — американ философ-идеалисі, логик, математик, табиғат зерттеушісі. Семиотика ұғымын алғаш рет ХІХ ғасырда американдық философ Чарльз Сандерс Пирс анықтаған. «Семиотика (белгі, нышан) – таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы (тіл, мәдениет, салт-дәстүр, кино т.б.), табиғаттағы (жануарлар дүниесі) немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы қабылдау) ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін зерттейтін ғылыми пән. Ғылым саласының бұл атауын американ оқымыстысы Чарльз Сандерс Пирс ойлап тапқан. Ал ХХ ғасырда семиотика лингвистикалық ұғымға бейімделіп кетеді. Лингвистикалық құрылым идеясының негізін қалаған – Ф. де Соссюр. Ғылым көкжиегіне таңба мәселесін ең алғаш рет алға тартқан американдық философ және логик Чарлз Сандерс Пирс таңбаларды негізгі 3 топқа бөліп қарастырады. («триада Пирса»):1. Белгі таңба (index) 2. Суретті таңба (icon) 3. Символ таңба Белгі таңба (index). Бұл «дейктикалық (сілтемелік) таңбалар, яғни таңба мен таңбаланушы арасында табиғи байланыс болады». Бұған жолда жүру ережелеріне қатысты таңбалар жатады. Суретті таңбалар (icon). Бұл форма мен денотаттың немесе таңбалаушы мен таңбаланушының ұқсастығына негізделген, мысалы жануар жіне оның суреті. Бұған пикторгафиялық жазуды жатқызуға болады. Суретті таңбалар бүгінгі таңда хабарландырулар мен жарнамаларда кеңінен қолданылады, бұларды жол, көше бойынан, компьютер мониторынан көреміз, ғылыми мәтіндерден кездестіреміз. Оларды, Б. А. Плотников таңбалаушы мен таңбаланушы уәжділігіне, байланыс сипатына қарай мынадай тәртіпке: фотосурет – сурет – сызба – сұлба – кесте – диаграмма – симол – формула – цифр – вербалды таңбаларды. Символ таңба. Бұндай таңбаларды «шартты немесе конвенционалды таңбалар» деп атайды. Себебі бұл таңбаларды қолданушылар олардың денотаты мен формасын келісім арқылы байланыстырады. Символ сезім арқылы танылады. Ол интуитивті түрде ғана танылатын белгілі бір идеяны арқалайды. «Символ» ұғымының бойында таңба мен образға тән элементтер бар. Кез келген символ адам санасында образ бен бейне түзе отырып, оның танымына, түсінігіне, сезімдеріне әсер етіп қана қоймай, тұлғаның өмір сүруі мен әртүрлі шешім қабылдауына ықпал жүргізіп, кейде санадан тыс мәжбүрлейді. Бұндай қасиетті көбіне идеологиялық сиволдардан таба аламыз. Мысалы: Орақ пен балғаның суреті белгіленген социализмнің туы, Кеңес Одағы дәуірінде социализмнің тек белгісі ғана болған жоқ. Бұл бейне идеологияны үгіттеудің құралы болып кетті. Адамды адал еңбекке шақыратын идеологиялық символға айналып қана қоймай, санаға әсер етіп, бейне, образ түрінде жадында сақталып, әрекет етуге септігін тигізген.

73. Әдебиеттегі тек пен түр, жанр туралы теоритиктер тұжырымдары.

Туындының жанрлық белгісі әдебиеттану терминіне жатады. Өзінің шығармасының жанрын айқындау үстінде, жазушы оны белгілі бір әдеби нормаларға, дәстүрлерге сәйкестендіреді. Қандай да бір жанрды таңдауда, қаламгер жанрлық жүйеге, түрге сүйенеді. М.Бахтиннің айтуынша, “жанр” әдеби даму процесіндегі шығармашылық естің көрінісі”. Кейде жаңашыл қаламгерлер оқырмандар үшін күтпеген жанрлық атаулар табады. Жанр туындыға тұтас анықтама береді. Жанрлық белгілер, олардың сипаты әдеби процесте өзгермелі, олар жанрлық теорияларда алмасып отырады. Сонау классицизм дәуірінің өзінде трагедияның барлығы жанрлық канондарға сәйкескен жоқ. Трагедия “комедиядан үш жағдайда: кейіпкерлердің жағдайы, олардың тағдыры мен әрекеттерінің сипаты, шығармаларының аяқталуымен ерекшеленеді. Әрине, олардың стильдік те айырмасы бар. Сөйте тұра, жанрлардың тұрақты белгілері де болады. “Трагедияның мәні - қақтығыс, тартыс, қайшылық. Трагедияның идеясына үрейлі, сұсты оқиғалар, қатерлі мәселелер алынады. Немістер трагедияны қайғылы көрініс деп атайды” (Белинский.Поэзияны тегіне және түріне қарай бөлу”). Осылайша жанрларда өзгемелі және тұрақты елгілер болаы, тұрақты бегілер дәстүр жалғастығына жеткізеді. Жалпы, жанрлық теорияның беріктігін зерттеу, байқау әдебиеттің жылжымалы жанрлық бейнесінде байқалады. Әдебиет пен әдеби теориялар “риториканың белгілері” аясында дамып, әмбебаптық сипатта болады. Зерттеушілердің жанр проблемасына қызығушылығы оны психологиялық тұрғыда зерттеуге жеткізеді. 1960 жылдары отандық әдебиеттануда XIX-XX ғасыр әдебиетінде жанрлардың шекарасы жойыла бастауы байқалған. Жазушылар қатаң жанрлық құрылымды бара-бара аздау сақтап, эпос, лирика, драмадағы иілгіш “синтетикалық формалар” қолданды да, оларды белгілі бір дәстүрлі жанрға жатқызу қиынға түсті. Одан кейін ғылыми айналысқа Бахтиннің ұсынған канондық концепциясы енді. Онда әлемдік тарихтың жаңа дәуірінде туған жалғыз жанр деп, роман аталды. Зерттеуші: “романның салтанат құрған дәуірінде басқа жанрлар да әр түрлі дәрежеде “романданады”, драма, поэма, тіпті лирика да романға ұқсап кетеді”,- дейді. Жанрлар арасындағы алмасулар, ұштасу үрдісі әр кезеңде байқалған. Мысалы: XIX ғасырда орыс әдебиетінде реализмнің өркендеген кезінде Пушкиннің өлеңмен жазылған романы (“Евгений Онегин”) туды. Әдебиеттегі “тек” пен “түр”, “жанр” деген ұғымдар бір-бірімен тығыз бірлікте өрбіп жатады. Әдеби тектердің дараланып шығуы алғашқы қауымдық құрылысқа тән көпшіліктің бірлесе орындайтын ырым-жоралғылық синкреттік әрекеттерден бастау алады. Эпоста халық өмірі, лирикада ішкі толғаныс, драмада тартыс суреттеледі. Әдеби тектердің әрі қарайғы дамуы жанрлық өзгерістер арқылы көрінеді (мәселен, эпос ұғымы эпопея, мысалдан бастап, роман, повесть, әңгімеге ұласты). Әдебиетті текке бөлу Аристотельдің “Поэзия өнері туралы” трактатынан басталды (б.д.д. ғ.). Грек философы еңбегінде әдеби тектер теориясы әр қилы ғылыми және философиялық тұрғыда қарастырылды. Мұнда Аристотель көне грек әдебиетінде жинақталған көркемдік тәжірибелерге сүйенді. Неміс философы Гегель үш текті философиялық-логикалық жағынан негіздейді. Философтың пікірінше, эпос объективтілікке, лирика субъективтілікке құрылып, драма объективтілік пен субъективтілік қасиеттерді тоғыстырады. Канттың, Гегельдің эстетикалық көзқарастарында өнерді жеке тұлғаның субъективті шығармашылық қабілеті дүниеге әкеледі деген тұжырым кең орын алды. Мұндай көзқарастар эволюциясы А.Байтұрсыновтың әдеби-теориялық танымына да тән болды. Әдебиеттің тектерін көрсете отырып, оларға сипаттама беруде А.Байтұрсынов Аристотельдің бейнелеу тәсіліне, яғни автордың қатысына негізделген принципінде қалып қоймайды. Сөйтіп, “Әдебиет танытқыш” авторы әрі қарай ішкі, тысқы деген ұғымдарды қолдана отырып, әуезе, толғау және айтыс-тартыс жөніндегі ойларын тиянақтай түседі. Бұған Гегельің “Эстетика” еңбегінің әсері байқалады. Гегельдің “Эстетикасындағы” мұндай жалпылық мәндегі тұжырымдар әрі әдеби жанрға қатысты нақты байламдар орыс сыншысы В.Г.Белинскийдің “Поэзияны тегі мен түріне қарай бөлу” еңбегінде кеңінен пайдаланылды. Оны бүгінгі орыс әдебиеттанушылары да жоққа шығармайды. Айталық, В.Е.Хализев “Белинскийдің арқасына Гегельдік тұжырымдама отандық әдебиеттануда орнықты”, дейді.

74-Көркем шығарманың сюжеті.

Сюжет көркем шығармадағы басты элементтердің бірі. Көркем шығармалардың көпшілігі, әсіресе, прозада поэзиялық шығармалардың ішіндегі дастандық жырлар мен эпостарда, балладаларда сюжет желісін айқын аңғарамыз. Қазіргі әдеби үдерісте сюжетке құрылмай, кейіпкерлердің ішкі психологиясына, сезім иірімдеріне құрылған шығармалар да жеткілікті. Әрине осыған қарап бүгінгі көркем әдебиетке сюжет жат құбылыс деп айтуға болмайды.Мазмұн элементтері шығармашылық оқиға дамуы шиеленісі кіреді. Бұдан өзге шығармаға мазмұн жайлы сөз еткенде оның мазмұны болып тақырыбы мен идеясын айтуымызға тура келеді. Өйткені тақырып пен идея шығарманың өзегін құрайды.
Сюжет (фр. sujet - зат) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі. Сюжеттің негізі - өмірлік тартыс, конфликт, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы қақтығыс. Ол тартыс, конфликт - әр түрлі адамдардың көзқарасындағы қарама-қайшылық. Мұндай кайшылықтар әр түрлі әлеуметтік топтардың ымырасыз күресі, таласы үстінде қандай айқын бой көрсетсе, сонымен қатар, баяндалған оқиға, жағдайларға кейіикерлердің әр түрлі қарап бағалауынан да жақсы аңғарылады. Кейіпкерлердің қақтығысы қалайда қоғамдық өмірдегі күрес-тартыспен қабысып жатады, жеке адамдардың іс-әрекетінен, тағдырынан оқырмандар заманның, дәуірдің шындығын көріп, әлеуметтік қайшылықтардың сырын ұғады. Шығармадағы қақтығыстартыстың өрістеп дамуы үстінде кейіпкерлердің қимыл-әрекеттері, ой-сезімдері, сөздері арқылы олардың характері ашыла, айқындала тұседі. Сюжеттің жүйелі тұтастығы да, жекелеген сәттері, яғни бастамасы, шиеленісуі, шарыктау шегіне жетуі және шешілу-аяқталуы да өмірлік тартыс, қайшылықтың даму-өрістеу заңдылықтарына сәйкес келіп отырады. Оқиға желісі болған соң, тартыс болған соң оның қандай да болсын бастауы, өрістеп, шиеленісіп, ширығатын кезі, аяқталуы болатыны түсінікті. Және мәселе окиғаның жай аяқталуында емес, көркем шығармадағы қактығыстар, жеке сурет-картиналар арқылы толысып, мағынасы кеңейе түсетін окиға тізбегі бара келе логикалык тиянактылык тауып, негізгі шиеленістің түйіндері шешіліп, бәрі-бәрі бір арнаға құйылып барып тынуы, сол арқылы шығарманың негізгі идеясы өсерлі толық ашылуы аса қажет. Сонымен бірге Сюжеттің беташары ретінде аңдату (пролог), ал соңында (эпилог) суреттемелер де беріледі. Олардың болуы шартты емес, тек қажетті деп саналса ғана. Сюжеттің аталған түстары, өз алдына оқшауланып көрінетін болшектері үнемі бір қалыппен жасалмайды, өмірдегі нақтылы жағдайларға орай сан түрлі болып құбылып өзгеріп отырады. Сюжеттің мағыналык мүмкіндігі баяндалатын, оқиғаға катысатын кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінезбітімі, яғни, характерлері бейнеленуі арқылы ашыла түседі. Қалай десек те, Сюжет пен кейіпкерлер, олардың характерлері арасындағы тығыз байланыс, сабақтастық бар. Ойткені окиға дегеніміз - адамның басынан кешетін жағдайы немесе бірнеше адамдардың қарым-қатынасының көрінісі. Ал, адамның мінез өзгешелігі, характері оның істеген ісінен, қимыл-әрекетінен айқын танылатыны және талассыз. Ал кейбір шығармаларда кейіпкерлердің характеріне, мінез-құлқына тереңірек бойлап, өмір шындығын ашып көрсетудің орнына, баяндалып отырған жағдайларды ешбір зерлеп, зерттеп жатпай, окиға желісінің өзін қызықтап, соның ізін қуып кету де кездесетінін мойындаумыз керек. Бірак бұл көркемөнердің талабы емес, көбінесе жазушынын талғампаздық, шеберлігінің жетіспеуінен болады. Сюжетті қызықтау, оқиғаны қыздырмалап, бірыңғай баяндау детективтік жанр шығармаларына ғана болмаса, басқа әдеби туындыларда ұтымды болмайды. Көлемді шығармада оқиға желісі бірнеше тарауға бөлініп, қатарласа өрбіп, бір-бірімен жалғаса келіп, бір арнаға құйылады. Сюжеттің аяқталуы, бітуі дегеніміз - баяндалып отырған оқиғалардың бір арнаға сайып, оз шешімін табуы. Алайда Сюжеттің аякталуы, тиянақтылығы әр шығармада әр түрлі. Көп жағдайда шығармадағы оқиғаларды одан әрі үластырып, жалғастыру мүмкін болса да, жазушы баяндауын сөза бермей, кайырады. Өйткені оқиғаға қатысты кейіпкерлердің өмірін үнемі сарқа баяндау мақсат емес. Жазушы бір не бірнеше окиғаны суреттеу арқылы кейіпкерлердің характерін, мінез-бітімін айкын айтып корсетуі ықгимал. Неғұрлым кейіпкерлердің мінез-құлкы, бейне тұлғасы дараланып, әсерлі корінсе, солғүрлым шығарманың Сюжеті тиянақты аяқталғандай сезіледі. Романдарда оқиға бір-біріне ұласып, жалғасып кете береді де, оқырман шексіз, шетсіз өмір ағысын көріп отырғандай әсер алады. Кейде тіпті шығарма аякталып біткен тұста да баяндалған кейбір жәйттер, оқиғаның жеке түйіндері толық анықталмай қала береді. Осындай ерекшеліктерді ескеріп, кейде мұндай прозалык туындыларды "ашық роман" деп, басқа топқа жатқызып, тұжырымды аяқталғанды "тұйық роман" деп ажыратып, бөлек қарастырылады.

75.Жоғарғы миметикалық модус қаһарманы.

Кейiпкер – көркем шығармада әрекет ететін тұлға, ол оқиғаға тiкелей қатысушы немесе эпизодтар-да жай ғана аталып өтуі мүмкін тұлға. Әдеби туынды құрылымындағы аса маңызды элементтің бірі әрі бірегейі кейiпкер болады, өйткенi ол оқиғаның немесе басқа да маңызды көркемдік функциялардың дамып, орындалуына ықпалын тигізеді. Әдебиет теоретиктері тарапынан көркем туындыдағы атқаратын роліне қарай кейіпкерлерді жоғары сатыдағы және екінші сатыдағы кейіпкер деп жіктейтін тұжырым қалыптасқан. Бұл тұжырым бойын-ша бiрiншi сатыдағы кейiпкер «қаhарман» деп аталады. Қаhарман – көркем шығарманың орталық (негізгі) кейiпкерi болып, оқиға барысында белсенділік танытып, оның дамуына себепкер болады. Алайда бұл термин әдебиет теори-ясында кеңiнен қолданатындықтан, оны кез келген кейiпкерге қолдана отырып, баяндау барысында орталық рөлдi орындайтындарға телиді. Екінші сатыдағы кейiпкер шығармада маңызды рөл ойнайды, алайда, оның қаhармандардан айырмашылығы – сюжеттiң даму барысында белсенді түрде көрінбейді және көп жағдайда қаламгер оны оқиғаны дамыту мақсатында өзге кейiпкерлермен салыстыру үшін қосымша енгізіп, көмекші құрал ретiнде қолданады. Мәдени танымдағы кейіпкерлер жүйесіне семиотикалық және миметикалық қызмет атқаратын әдеби, мифологиялық, діни, т.б. кейіпкерлер ене-ді. Модус ұғымын енгізген Нортроп Фрай. Ол образдың, жанрдың архетиптерін және белгілі бір мифтерді таиғаттың төрт мезгілімен салыстырады. Комедияны көктемге, рыцарлық романды жазға, трагедияны күзге, иронияны қысқа балайды. Фрайдың ойынша модус дегеніміз- образды қабылдаудың тәсілі. Өткен ғасырдың бірінші жартысында әдебиетте модус жандана бастады.

76.Әдеби үдеріс: дәстүр мен жаңашылдық.

М.Әуезов: «Дәстүр болмысты көркем образға айналдырудың ғасырлар бойы машықталған тәсілдерінен және айналамызды қоршаған орта мен табиғатты ой таразысына сала отырып бейнелеудің ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан қағидалараынан құрылады.» деген анықтамасы дәстүрдің заңдылықтарын ашатын тұжырым. Дәстүр мен жаңашылқдық әдебиет пен өнердің дамуы барысында сабақтастық пен жаңғыртуды, мұрагерліе пен қайта жасауды, бұрынғы мен соңғының байланысын білдіретін ұғым. Дәстүрге ғасырлар бойы қалыптасып, сұырыпталған әдет ғұрыптар, жол жобалар мен көзқарас түсініктер жатады. Жаңашылқдық өткен өмірдің, кешегі күннің тәжірибесі мен жемістері ішінде мән мағынасы бай, заман талабына жауап беретін, болашаққа кең жол ашатын аса маңызды ізденеіс әрекеттер.

Дәстүр мен жаңашылқдық диалектикалық байланыста бірлестікте болып, ескі мен жаңаны жалғастырады. Тарихпен бірге дамиды, өзгеріске ұшырыап отырады.

 

77.Автор мен кейіпкер қатынасы.

Автор тұлғасы күрделі, ол өзі тудырған көркем шығарма арқылы да тура көрінбейді. Өзінің ойсезімін, идеясын ейіпкерлер арқылы береді. Автор әдби шығарманы тудырушы, өзінің көркемдік әлемін жасаушы. Автордың өзіне тән болмысы көне дәуірлердің өзінде дара эстетикалық болмысын танытқан. Авторды көркем туындыдан бөлек алуға болмайды. Себебі, көркем шығарманың құрылымы – композициясы, сюжеті, тартыс пен кейіпкерлер әлемі автордың ұстанымы арқылы көрінеді. Автордың көркемдік әлемі шығарманың көркемдік болмысын ашады. Әуезелеуші (автор) көркем мәтіндегі әрекетке өзін қатыстырмай, баяндаушы, әңгімелеуші қызметін атқарады. А.Байтұрсынов авторды әуезелеуші, толғаушы, жазушы, ақын, сарындаушы деп атаған. Ал, орыс әдебиеттануында (В.В.Виноградов, М.М.Бахтин, Б.О.Корман) баяндаушы (повествователь), әңгімелеуші (рассказчик), хроникашы (хроникер), әңгімелеуші-кейіпкер деп атаған.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-25; Просмотров: 1580; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.024 сек.