Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Правила прохождения российскими туристами 2 страница




Ресурстарды бөлу қызметі барлық қоғамдық ресурстардың шектеулілігімен байланысты. Яғни, ұйымдағы қолда бар еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды мақсат барысында тиімді бөле отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге бағытталады.

Сыртқы ортаға бейімделу. Басқару ісінің барысы көп жағдайда қоршаған ортадағы экономикалық, саяси, әлеуметтік-мәдени, техникалық факторлардың әсерінде болады. Жоспарды жүзеге асыруда басшылық ұйым тарапынан тысқары факторларды зерттеп, солар тарапынан төнетін қауіп-қатерді анықтайды.

Ішкі үйлесімдікті орындау дегеніміз стратегияны іс жүзіне асырудағы ұйымның ішкі мүмкіндіктерін, жетістіктер мен әлсіз түстарын басқарушылық зерттеу, бағалау арқылы мақсаттың орындалуын қамтамасыз ету. Осыған орай басқарушылық зерттеуге ұйымдағы өндіріс, қаржы, маркетинг, қызметкерлер және мәдениет бөлімі қызметтері енгізіледі.

Ұйымдық стратегияны ұсыну басқарудағы осыған дейінгі орын алған тәжірибе, кешенді жоспарлар мен деректерге сүйене отырып дамудың бағытын белгілеуді ұсынады. Ал енді осы айтылғандарды қорытындылай келе, ұйымдардағы стратегияны анықтап өтейік.

Стратегиялық жоспар қабылданған кезде ол бүкіл ұйымның болашағын анықтайтындай, нақтылы деректермен негідделіне отырып, кәсіпорын айқындылығын білдіретіндей жағдайда жоғары басшылықтың ұйғарымымен жузеге асырады. Аталған жоспар ұйымның барлық дамуын белгілей отырып, тек қана тұтас, кешенді жиынтық қана емес, сонымен қатар, жағдайға қарай икемді де болуы тиіс. Міне осылардың барлығы стратегиялық жоспардың белгілерін анықтап береді.

Стратегиялық жоспарды жүзеге асырудың үлкен маңызы бар, себебі қолда бар ресурстарды тиімді пайдалана отырып, мақсатты орындаған кезде ғана жоспардың маңызды сипаты болады. Жоспар қабылданғаннан кейіноны орындау бағдарлама, бюджет, әдістермен қатар, тактика, саясат, іс-жосығы және ереже арқылы жүзеге асырылады.

Тактика - ұзақ мерзімді, кешенді стратегияны орындаудағы нақтылы іс-қимылдың қысқа мерзімде үйлестірілуі.

Саясат – мақсатқа жетудегі жеңілдігі үшін шешім қабылдау мен іс-қимылда жалпы ұйымдастыру шаралары. Стратегияны жүзеге асыру саясаты мақсатты орындаудағы тиянақты да түпкіліктішешім қабылдауда тәуекел мен ізденістерді пайдалануға, еңбек ресурстарын тиімді қолдануға және оларды әлеуметтк қорғауға жағдай тудырады.

Іс-жосығы - ұйым қызметінің барысы қайталанылатын жағдайда алдын-ала қарастырылған нақтылы бір іс-қимылды басшылықтың орнықты деп ұғынып, қалыпты шешімдер қабылдауын білдіреді. Осындай шешімдер басшылыққа бір қатар ұтыстар әкеледі. Дегенмен, осыған дейінгі іс-қимылды толық қайталауға болмайды, себебі әр жағдайдың өз ерекшелігі бар. Жәнеде іс-жосық нақтылы жағдайдағы іс-қимыл жиынтығын беретін болғандықтан орындаушыға аз мөлшерде еркіндік пен балама беріледі, ал бұл бір қатар кедергілермен, келіспеушіліктер тудырады.

Кішігірім міндеттер мен шектеулі сұрақтарды шешуде орын алатын іс-әрекеттердің нақтылы жиынтығы ереже деп аталады. Ереже арқылы басшылық орындаушының міндеттерін нақтылы белгілеп, барлық күш-жігерді тек шектеулі мақсатты орындауға бағыттайды.

Ереже мен іс-жосығы міндеттерді орындауда қызметкерлерге жоғарға ықтималды нәтиже беруге тиісті бағытты белгілеуде, қажетсіз шешімдердің қайталануына жол бермеуде, нақтылы жағдайда орындаушының қимылын болжауда және дұрыс салыстырулар жургізудемаңызды орын алады. Атап көрсететін бір жағдай, 1994 жылы АҚШ-да өнімді шығарудың қарқынды өсуін қамтамасыз етуге тиісті өндірісті дамытудың бес жылдық жоспары қабылданған. Сонымен қатар, батыстағы ірі концерндер өз кәсіпорындарына орта мерзімді жылдық тапсырмалар беріп отырады.

өндіріс пен экономиканы басқарудың тиімділігін дамыту мақсатында тактикалық жоспарлаудың қолданылуы орынды.

Ал енді осы белгілеріне қарай тактикалық жоспардың қабылдануы мен бастапқы міндеттерін анықтап өтейік.

Кәсіпорындағы жоспарлар жүйесі барлық саласының нақтылы шектелген әрі жекелеген жоспарларынан тұрады. Осыған орай ұйымда тактикалық жоспарлау шеңберінде арнайы қабылданған өндірістік жоспар, шикізат жоспары, еңбек күшінің жоспары, маркетинг кешенінің жоспары, тауар айналымының жоспары, қысқа мерзімді қаржы жоспары орыналады.

Тәжірибеде басшылық көптеген жоспарларға өзгерістер енгізіп жетілдіріп отырады, яғни басшылық жоспарды үнемі басқарып отыруы тиіс.

Индикативті жоспарлау.

Қазіргі кездегі өндірістің күрделене түсуі жағдайында айқын экономикалық құрылымдық саясаттың қабылдануы мен жүзеге асырылуын халық шаруашылығының басым салаларының дамуындағы мемлекеттік бағдарламаларына негізделген индикативті жоспарсыз елестету қиын. Жоспардың аталған түрі нарықтық экономика кең етек алған көптеген дамыған елдерде қолданылады. Мысалы, Жапонияда үш жолы он жылдық мемлекеттік жоспар қабылданады. Дегенмен, батыс елдерінде қолданылатын индикативті жоспар біздегі жоспарлардан бірқатар өзгеше болып келеді. Оның себебі қоғамдық және жеке қысқа мерзімді және ұзақ уақыттағы мүдделерді тепе-теңдікті үстауда жүйеге әкімшілдік араласу емес, экономикалық реттеу арқылы ықпал етуінде.

Индикативті жоспар кең мағынасында мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуындағы басылымдылық пен ғылыми дәлелденген мақсаттарды анықтауды, осыларға байланысты өлшемдер жүйесін міндетті орындау әдістерін береді.

Жеке аймақтың, кәсіпорынның және азаматтардың құқықтары мен мүдделері сақталына отырып, нарықты экономикада индикативті жоспар арқылы әлеуметтік-экономикалық саясаттың бағыт-бағдарламасы мен оны жүзеге асыру әдістемесі орындалады.

Бастапқы макроэкономикалық көрсеткіштер экономикалық даму қарқынының болжамын, қоғамдық өндірістің құрылымын, мемлекеттің, кәсіпорындардың құрылымын, мемлекеттің, халықтың қаржы қорларын анықтайды.

Ұйым ішіндегі жоспарлау фирманың сыртқы ортаға бейімделу барысын мақсаттар мен ықтымалды стратегияларды қалыптастыруларды және олардың орындалуындағы қажетті іс-қимылды бейнелейді.

Ұйым ішіндегі жоспарлаудың мақсаты: ұйымның сыртқы ортасындағы белгісіздік пен тұрақсыздықтың кертартпа зардаптарын жою; күш-жігермен көңіл-күйді негізгі мақсатттарды орындауға бағыттау; экономикалық қызмет жасауды қамтамасыз ету; бақылауды жеңілдету болып табылады


9 Басқарудың классификациялық әдістері: Ұйымшылдық-реттеушілік, әкімшілді-құқықтық, экономикалық, моралды тәрбиелік басқаруларға мысал келтіріңіз.

Басқару шешімдерін ойластыруда қолда бар ресурстармен қоғамдық қажеттілікке негізделген мақсат ерекше маңызды орын алады және төмендегідей сипатқа ие болады:

1. Мақсат – нақтылы және өлшемді болуы тиіс, яғни оның орындалу барысын бағалаудың мүмкіндігі;

2. Мақсат – белгілі мерзіммен шектелуі тиіс, осыған орай мақсаттың ұзақ, орта және қысқа мерзімде болуы.

3. Ұйым мақсатының сыртқы ортаның әсері мен ішкі мүмкіндіктергі қарай айқын және оған қол жеткізуге болатындай етіп қабылдануы.

Қазақстан республикасында ұйымдардың құрылуы мен қызмет жасау тәртібі арнаулы заң құжаттарымен бекітілген. Атап айтқанда 1995 жылғы қаңтар айында қабылданған

“ Азаматтық Кодексте” ұйымдардың түрлері мен негізгі белгілері жауап беруі қажетті шарт болып табылады.

өз қызметінің негізгі мақсаты пайда келтіру болып табылатын ұйым коммерциялық ұйым деп аталынып, мұндай заңды тұлғалар мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серістестік өндірістік кооператив нысандарында құрылады.

Ал мұндай мақсатты көздемейтін және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін ұйым коммерциялық емес ұйым деп танылып, мұндай заңды тұлға: мекеме қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативті қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында құрылуы мүмкін.

Борышқордың өз несие берушілерінің талаптарын қанағаттандыруға және борышқордың мүлкінен міндеттемелерінің асып кетуі салдарынан салықты және басқа да міндетті төлемдерді тікелей алмайтын тұрақты қабілетсіздігі сот шешімімен банкроттық деп танылып, мұндай заңды тұлға таратылып қызметі тоқтатылады. Тек 1995 жылдың өзінде Қазақстанда өнеркәсіп саласында 500-ге тарта кәсіпорын банкрот болып есептелінуде. Осыдан барып өтпелі кезеңдегі қиын қыстау тығырықтан шығуды басқаруға жоғарғы талаптар қойылады. Осы тұста кәсіпорынның ұйымның дағдарыстан шығу саясаты жедел ағымдағы шаралар мен стратегиялық бағытты көздейді.

Жедел шараларға енетіндері: шығын мөлшерін азайту, қорлардың іздестіру кәсіби мамандарды қатыстыру кадрлық өзгерістер төлемдерді тоқтата тұру мен несие алу тәртіпті орнықтыру т.б.

Стратегиялық бағыт әлеумет пен мүмкіндіктерді, өндірістік бағдарламаларды, кірісті жаңалықтар еңгізу жүйесін талдау мен бағалауды және қаржы маркетинг техника басқару күрделі қаржы салу саласындағы сауықтыру тұжырымдамасын әзірлеуді қамтиды.

Міне, осының бәрі басқару әрекетіне, тікелей басқарушыға үлкен талаптар мен жауапкершілік артады. Және жоғары білікті кәсіпкерлікті қажет етеді. Осыдан барып қазіргі басқарушы менеджерлер кімдер және олар қандай болуы тиіс деген сұрақтар қойылады.

Басқарудың негізгі мақсаты қолда бар: адамдық, қаржылық, материалдық ресурстарды тиімді пайдалану арқылы игіліктерге, табысқа қол жеткізу. Яғни басқарудың тиімділігі мен менеджерлердің іс әрекетін экономикалық табыстар мен нәтижелер арқылы бағалауға болады.

 


10. Энергетикалық құрылыстың орташа бағасы және оны төмендетудің жолдарын көрсетіңіз

Батыс экономистері қазіогі пайда тұжырымдамасы бұл ұғымды әртүрлі көзқараста баяндаған. Ол өндіріс факторларын (жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қызмет пен ақпаратты айтамыз) қолданған табыс ретінде қарастырылады.Американ ғалым-экономисті Пол Самуэльсон пайдаға деген бірнеше көзқарасты айтып көрсетті: пайда өндіріс факторынан алынған «шартсыз» табыс ретінде және оны кәсіпкерлердің өзі тікелей қолданады;

1. пайда кәсіпкерлік қызметті марапаттау ретінде және техникалық жетілдіруді ендіру;

2. пайда тұрақсыздық жай-күйді тудырушы ретінде және тәуекелділік үшін төлем;

3. пайда монопольды табыс ретінде.

Кез келген тауар өндірушінің мақсаты барынша көп пайда табу. Алайда нарыққа өз

тауарымен шыға отырып, ол алдыменен белгілі ақшалай қолға түсетін шағын түсімді (табыс) алуды жоспарлайды. Тауар өндірушінің қолға алатын түсімін талдай отырып, табысытың үш түрін бөлектеуге болады: жиынтық, орташа және шекті:

а) жиынтық табыс (TR) – белгілі тауар мөлшерін сатқанда алынатын ақшалай сомма.

ә) орташа табыс (AR) – салынатын бір тауар бірлігінен алынатын, табыс.

б) шекті табыс (MR) – бұл қосымша тауар бірлігін сатқандағы алынатын, қосымша табыс.

Тауар өндіруші өндіріс көлемі мынандай болғанда максимум пайдаға қол жеткізеді, қай кезде шекті табыс шекті шығынға тең болған жағдайда: MC=MR.

Максималды пайдалылықтың тепе-теңдігін талдау мен анықтау үшін жаңа экономикалық ұғымдарды енгіземіз: жиынтық (жалпы) өнім, орташа өнім және шекті өнім.

Жиынтық (жалпы) өнім (ТР) – бұл өнімнің жалпы саны, осы фактордың сандық анықталуы кезінде және басқа да өзгермейтін өндіріс факторында өндіріледі.

Орташа өнім (АР) – бұл жиынтық өнім өзгермелі факторының осы фактор санының (L) қолданбағандығына қатынасы.

Шекті өнім (МР) – бұл қосылған өнім, осы өндіріс факторының бір бірлігіне ұлғайған кезде алынады.

К. Маркстың пайымдауынша, пайда – бұл қосымша құн. Оны өндіріс аясында жалдамалы жұмыс күші жасайды және тауар айналымы саласында өткеріледі.

Біркелкі тауарларды өндіретін кәсіпорындар (фирма) әртүрлі техникалық жабдықтар мен жабдықталған, сондықтан онда өндіріс шығындары мен тауар құны біркелкі емес, әртүрлі. Сала аралық бәсеке процесінде жеке құндар үнемі қоғамдық, нарықтық құнға (өндіріс бағасына) теңестіріліп отырады. Нарықтық құн болса, негізгі тауар массаларының орташа өндіріс жағдайымен анықталады. Осы процестің салдары кәсіпорынды (фирма) бөлшектеу болып табылады және олардың бірі ішкі салалық бәсекеге өтеп бере алмай күйресе, оның тауарларының жеке құны орташа салалық құннан жоғары болғаны; басқалары байи түседі, онда оның тауарларының жеке құны орташа салалық құннан төмен болады. Сала арасындағы бәсеке тауардың жеке құнын қоғамдық, нарықтық құнға және өндіріс бағасына теңестіреді.

Бәсекелестік – бұл рынок шаруашылығына қатысушылардың арасындағы өндірістің жақсы жағдайы үшін, тауарды дұрыстап сату мен сатып алу үшін бақталастық.

Бәсекелестік – экономикалық күрес, оқшауланған өндірушілердің өнім, жұмыс, қызмет көрсету үшін өзінің мүдделерін қанағаттандырудағы өзара бақталастығы және олар осы өнімді сатумен, жұмысты орындаумен, сол бір тұтынушыға ғана қызмет көрсетумен байланысты. Бәсеке – тауар өндірушілердің капиталды ыңғайлы салу саласы үшін, өткізу нарығы, шикізат көздері үшін өзара жарысуы және бір мезгілде қоғамдық өндіріс пропорциясын стихиялы реттеудің өте әсерлі механизмі.

Өнім үшін бәсекелестік – бәсекелестің сала нарығының бір бөлігін алып қоюға ұмтылды және ол жаңа ассортиментті әрі сапалы өнімді шығару арқылы шамаланған бір және сол бағаны сақтау жолымен жүзеге асады.

Сату шарты бойынша бәсекелестік – сатып алушыларды тауарға үйірлендіру үшін көптеген іс-әрекеттерді қолданады. Бұл бәсекелеске жарнама, сервистік қызмет жасауы, тұрақты сатып алушыларға жеңілдіктер қарастыру жатады.

11. Жобаны өткізудегі алынатын табыс кестесін құрыңыз

Бизнестің кез келген түрімен айналыскан ұйым табыстылығын есептеп, бизнестің олжалы болғанын қалайды. Кәсіпорын табысы екі кұрамнан: бағадан және шығындардан тұрады. Баға сұраныс пен ұсыныстың қарымқатынасына тәуелді екені белгілі. Сол себепті өз қалауымызша бағаны көтере алмай-мыз. Шығындар жөнінде басқаша - оның шамасы пайдаланып жатқан еңбек, материалды ресурстарға, техниканың деңгейіне, өндірісті және еңбекті техникалық жағынан ұйымдастыру-ға және т.б. байланысты. Осыдан көрініп тұрғандай, оларды тиімді басқаруға күш салу керек екені көрініп тұр.

Пайда өндірілген және міндетті түрде өткізілген қосымша затты білдіреді. Ол қайта жаңғырту циклінің барлық сатысында өндіріледі, алайда өзінің ерекше нысанын өнімді өткізу сатысында табады. Пайда таза табыстың негізгі түрі болып табылады.

Пайда шамасына, оның өсу қарқынына шаруашылықпен айналысатын субъектінің кимылына байланысты және байла> нысы жоқ факторлар әсер етеді.

Ішкі ортадағы факторлар көбінесе белгілі және оларды зерттеуге мүмкіндік болады, сондықтан пайданы өсіру мақсатында ықпал жасалынады. Ішкі факторларға шаруашылықты жүргізу деңгейі, менеджерлердің біліктілігі, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, еңбекақының деңгейі, өткізілген өнім бағасының деңгейі, өндірісті және еңбекті ұйымдастыруы жатады.

Ic жүзінде реттеуге келмейтін сыртқы ортаның факторлары: пайдалануға қажетті ресурстар бағасының деңгейі, бәсекөлік орта, нарыққа ену кедергілері, салық жүйесі, мемлекеттік басқару органдары, саяси, әлеуметтік, мәдени, діни мәселелері және т.б. жатады.

Пайда қаржылық іс-әрекет нәтижесі түрінде белгілі бір функцияларды орындайды. Пайда шаруашылық субъектінің іс-әрекеті арқасында алынған экономикалық нәтижені көрсетеді. Ол шаруашылық субъектінің экономикалық дамуы үшін басты негіз болып табылады. Пайданың өсуі өзін-өзі қамтамасыз етудің, ұлғаймалы өндірістің, еңбек үжымының әлеуметтік және материалдық мәселелерін шешудің негізгі көзі болып табылады. Пайда арқылы кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа ұйымдар алдындағы міндеттемесі орындалады. Пайда жалғыз қаржылық нәтиже түрінде ғана емес, сонымен қатар қаржылық ресурстардың негізгі бөлігі болып саналады. Осыдан барып, қайта жаңғырту, ын-таландыру және бөлу функциялары туындайды. Ол іскерлік белсенділіктің дәрежесін және кәсіпорынның қаржылык сәттілігін сипаттайды. Пайданың көлеміне қарай активтерге жұмсалған қаражаттардың қайтарым деңгейі сипатталады.

Нарықтық қатынаста шаруашылық субъектісі бәсекелес жағдайында өндірісті қарқынды дамытуға, нақты тауарды нарық тұғырында ұстап түруға, оның нарықта тұрақты жұмыс аткаруына мүмкіндік жасау үшін барынша көп пайда табуға тырысады. Бұл міндетті орындау үшін пайданың қалыптастыру көзін біліп қана коймай, оларды калай оңтайлы пайдалану әдістерін білу қажет. Пайданы басқару қаржылық саясаттың іргелік бағыттарының бірден-бір негізі болып табылады, ол қаржылық нәтижелердің бар көздерін барынша молайтудан басқа, сонымен қатар осы кездердің жалпы номенклатурасын ұлғайту керек болады.

Қазіргі жағдайда пайданы көбейтудің бірден-бір көзі болып инновациялық іс-әрекет жатады. Бұл көзді іске асыру үшін өнімнің, жұмыстың және қызметтің тұтыну қасиетін тұрақты дамытып отыру керек.


12 Кәсіпорында еңбек ақы төлеу формаларына кесте құрып көрсетіңіз.

Кәсіпорын жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштер деңгейі өндіріске техникалық және ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету қызметінің жұмыстарының сапасымен анықталады.

Кәсіпорындарды техникалық қайта құру мен қайта жарақтандыру қарқындарының арту жағдайында, кәсіпорындардың жоғарғы өнімді автоматтандырылған жабдықпен жарақтануы жағдайында өндіріс ырғақтылығы, еңбек өнімділігі, өнім сапасы мен өзіндік құны аталған қызметтердің жұмысының тиімділігіне байланысты болады. Еңбекакы төлемі жұмыс күшінің құны ретінде қалыптасуын, яғни еңбекақының төлем мөлшерлерін белгілеуді жүзеге асыратын құрал келесі негізгі элементтерден құралады:

- жұмыс берушінің өкілдері мен қызметкерлердің өкілдері арасындагы келіссөздер еңбек төлемақы шарттарын алдымен еңбекақы мөлшерлері жөнінде жүргізіп, осы шарттарды бекітетін арнайы келісімшарт түзіп, оның қабылдануымен аяқталады;

- ең төмен еңбекақы мөлшерін бекіту, инфляция әсерінен нақты еңбекакы деңгейінің төмендеуін болдырмайтын, кәсіпорын банкротқа ұшыраған жағдайда еңбекақының төленуін қамтамасыз ететін секілді, еңбекақыны нарықтық экономикадағы жағымсыз кұбылыстардан қорғайтын мемлекеттік кепілдіктер жиынтығы;

- бюджеттік проблемаларды шешу үшін қызметкердің еңбекақысын оның табысы ретінде реттеу, нақты еңбегі үшін алынған ақысы еңбек құнынан шектен тыс айырмашылығы болмауын қамтамасыз ететін салық тетігі.

- қызметкерлер еңбегін өтеу деңгейі мен динамикасы және жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсаған өзге де шығындары жайлы есеп беру арқылы қызметкерге де, жұмыс берушіге де келіссөздер барысында белгіленген еңбекақы мөлшерлері бойынша төленетін нақты еңбекақы мөлшерінің ауьттку деңгейі анықталады, соның арқасында енбекақыны өзгерту қажеттілігі пайда болады

Әр түрлі меншік нысаны бар кәсіпорындарда еңбекакы төлеудің екі түрі кең таралған: кесімді төлеу - әрбір өндірілген өнім бірлігіне немесе орындалған жұмыс көлеміне сәйкес ақы төлеу және мерзімді төлеу - заңмен реттелген нормативті жұмыс жасалған уақыт мөлшеріне тиісті акы төлеу. Кесімді және мерзімді еңбекакы төлеу түрлерінің екеуін де тізбек түрінде беруге болады.

 

Енбекакы нысандары мен жүйесі
Кесімді еңбекакы төлеу   Мерзімді еңбекакы төлеу
Жай кесімді   Жай мерзімді
Кесімдісыйақылы   Мерзімдісыйақылы
Жанама-кесімді   Сағаттык
Акқордтык   Күндік
Кесімді үдемелі жеке адамға   Апталык
Кесімді үдемелі ұжымдык   Айлык

Еңбекақы төлемдерінің екі нысаны мерзімді және кесімді бойынша төлеу бар екенін білеміз. Қандай да бір нысанын таңдап алу өндірістің ұйымдастырылу және технологиялық ерекшеліктеріне, еңбекті ұйымдастыру түріне және жұмыс күшімен қамтылу деңгейіне қатысты анықталады. Бұл факторлардың барлығы еңбекақы төлеу нысанын, негізінен, техникалық шарттар және оларды қолдану аумағын шектеу тұрғысынан сипаттайды. Шынында да екі нысанға меже орнатудың нышаны - өнімнің табиғи көлеміне жұмсалған жұмыс уақытына қатынасы арқылы еңбек өнімділігін есептеу мүмкіндігі болып табылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-25; Просмотров: 494; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.044 сек.