Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Адам экологиясы




Дәрістің жоспары:

1) адам экологиясының ғылым ретінде пайда болуы

2) тұрақты даму концепциясы

Қазіргі кездегі экология ғылымы ғаламдық барлык ғылымдардың салаларына араласа отырып экономикалық, әлеуметтік, рухани мәсе-лелердің негізін қамтитын, соның ішінде қоғам мен адамның ара-қатынасының себептерін анықтайтын күрделі ғылым.

Әсіресе қоғам арасындағы саясаттың бағытына да араласатын, соның ішінде табиғатты корғау, калпына келтіру мәселелері жөнінен экологиялық сараптама, білім беру экологиялык шешімдерге негіз бола-тын ғылым..

Кез келген экологиялық мәселелерді шешу үшін адамдардың әрекетімен болып жатқан ғылыми жетістіктердің барлығ бастады. Алғаш рет бүл терминді ғылымға 1866 ж. Э. Геккель енгізді. Дәлірек айтсақ ғылымда "Метрическая книга" еңбегі 14 қыркүйек күні енгізілді. Осы күні Э. Геккель "Жалпы морфологияға кіріспе" еңбегіне алғы сөз жазып, организмдердің қоршаған ортасы ғылымын "Экология" деп жазды. Грек тілінен аударсақ "эйкос" - үй, "логос" - ілім деген мағынаны білді-реді, яғни өз үйіңді тану.

Алғашқы кездерде экология термині тек қана өсімдіктер мен жануар-лардың арасындағы байланысты білуге қолданылды, кейінірек Гек-кельдің өзі бүл терминді "биономия" деп өзгертті. Биономия түсінігі ғылымға 1802 ж. Ж. Ламмарк енгізген болатын. Осы терминдердің нәти-

жесінде жаңа "биоэкология" термині пайда болды. Өз уақытында биоэкология термині ғылыми әдебиеттерде ғана колданылып, бұл атау жан-жакты мағына беретіндігі ретінде ғана қалып қойды. Негізінен биоэкология жануар мен өсімдік арасындағы байланысты, олардың өмір сүру ортасын зерттеумен шектелді. Ол кезең үшш экология тар шең-берде биологиялық ұғымды тұжырымдаған. Қоршаған ортаның бүкіл табиғи байланысы, сол сияқты адам әрекетінің басымдылығы мен соның ішінде ғылыми-техниканың қоғам өміріне жедел енуімен XX ғасырдың орта шенінен бастап географиялық ортаның күрт өзгеруі -экология терминіне жаңаша ғылыми көзқарас қарас калыптастырды. Ғылымның барлык салаларының жетістіктерінде - экология кең етек жая бастады. Соңғы он.жылдың ішінде экология ғылымының жаңа "кұрылымы қалыптасты. Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамнын езі жасап отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану үшін керек. Себебі, адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс XX ғ. ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған.

Ғылыми түрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі қоршаған ортаның табиғатынын бүзылуы адам баласының денсаулығына зиян әкелгендігі анықталды. Адам - таби-ғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды^

Адам экологиясын ғылыми түрғыдан карастыруға, оны зерттеуге үлкен әсер еткен XX ғ. өмірге келген "Қоршаған орта түсінігі". Соның нәтижесінде адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің түрақты таза болуы адамға байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертең қүлауы мүмкін.

''Соңғы кездерде орта жағдайына болжам жасайтын ғылыми орталықтардың пайда болуы, қалыптаскан экологиялық мәселелерге бақылау жасау, баға беру және толык кешенді болжам жасауға мүмкіндік беріп отырі Кезіндегі "Ноосфера" үғымы бүгінгі күні "нооэкология" үғымына айналды. Ноэкологияны грек тілінен аударсақ "Ноо - ақыл ой, адамның рухани байлығы, күші" деген мағынаны білдіреді. Ал, литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера деген бірін-бірі толыктырушы, күрделі байланыстағы - географиялык орта -табиғаттың бүкіл қалыптасуы осы ортада жүреді. Аталған табиғи ор-таны адамның ақыл-ойы арқылы басқаруын В. И. Вернадский -"ноосфера" деп, терминді түжырымдаған болатын. Кейінгі экология ғылыммының қалыптасуына, дамуына байланысты ноосфера - нооэко логия деп орынды аталып жүр.

* Адам - биоәлеуметтік тіршілік иесі, яғни табиғаттан пайда болып, соның ішінде өмір сүреді, есейеді, қартаяды, аяғында табиғаггың занды-лыған сай өледі. Бірақ осы аралықта өмір сүру деңгейінің әлеуметтік жағын өзгерте алады.

Адамдар табиғатты өзгерте отырып, әрекеттінен пайда болған ерекше жаңа қоршаған ортаны қалыптастырады. Сол ортаның адам өміріне қолайлы не қолайсыз әсер ету деңгейін "Адам экологиясы" зерттейді.

Адамдарға табиғи ортадан басқа әлеуметтік-мәдениеттілік ортасы да қажет. Себебі, адам өткен өмірінің тарихын білмей болашағы бол-майды. Осының нәтижесінде экология және мәдениет проблемасы пайда болды. Біздің түсінігіміздегі жақсы және жаман деген идея-ларымыз адамгершілік негізіне жатады. Бүл да болса экология және адамгершілік сферасына жатады. Бүл жердегі адамгершілік принципінің өзі қүқықтык зандармен, халықаралық қүқықтармен негізделген. Бүның өзі экология және қүқық арасындағы байланысқа жатады.

Экологиялық түрғыдан өмірге деген көзқарасы, оны түсіну адамның өне бойы оқуы мен тәлім-тәрбиесіне байланысты қалыптасады, яғни -жанүялық тәрбие, қоғамның әсері, мектепте оку, жоғары оқу орында-рындағы - экологиялық түрғыдан білімін, кәсіптік мамандығын жетіл-діруіне байланысты.

Адамдар болашағын, өмір сүретін ортасын білу кажет. Осы мақсатта экологиялық болжам орталығы жүмыс ітеуде, себебі шаруашылықты қайта қүруда табиғаттың тепе-теңдігін сақтау жолдарын қарастыру өте қажет. Сол үшін де езгерту барысындагэкологиялық және экономика-лық;түрғыдан қандай пайдасы және зияны болатындығын алды ала білген дүрыс. Осы екеуінің байланысы нәтижесінде экономикалық эко логия пайда болды. Оның өзі табиғатты тиімді пайдалану экономикасы және экологиялық жоспарлау, т.б. салаларға бөлінеді.

Қазіргі кездегі экологиялық проблема сыртқы саясаттың күрделі элементіне айнала бастады) Сол себепті де экология және саясат кейбір жағдайларда бөлінбейтін жағдайға жетті. Суды корғау, қышқыл жауын-дардан орманды қорғау проблемаларын өкімет басшылары және министрлер талқылауда.

Дүние жүзінің көптеген мемлекеттері өзекті экологиялық жағдайларды қалай шешудің жолдарын қарастыруда. Табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың келесі жолы рекреацияға пайдалану. Бүл проблемамен рекреациялық экология айналысуда.

Адам экологиясы - Қазақстан 2030 бағдарламасының негізгі өзегі. Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау агентігінің Қазақстан 2030 стратегиялық дамуындағы негізгі мақсаты адамның жан-жақты даму идеясында көптен бері айтылып келе жатқан мәселенің бірі. Бірақта қоршаған ортаның эволюциялык дамуына қарай отырып жаңа идеялардың туындауына түрткі болуда. Яғни қазіргі қолданып жүрген мәдениеттілік жаңаша бағыт ноосфера-нооэкологияны атауға болады. XX ғ. аяғында Рим клубының және басқада халықаралық экологиялық үйымдардың жа&жақты жүмысының нәтижесінде жаңа "түрақты даму" термині калыптасты. Бүл терминнің мағынасы - әлеуметтік-эконо микалық және экологиялық даму. Яғни еліміздегі бейбітшілік сақтауға, қазіргі және болашақтағы үрпақтардың өмір сүру деңгейін жақсартуға, ресурстарды тиімді пайдалануға, табиғи ортаны қорғауға бағытталған.

"Түрақты даму" концепциясы 1992 ж. "Біздің жалпы болашағымыз" атты айдармен жарияланды. Бүл қүжатта алғаш рет негізгі принциптер жинақталды. Яғни кез келген мемлекет стратегиялык жоспар жасауда осы принциптерді үстануы қажет.

Бүл жердегі Қазақстан Республикасы үшін үлкен мәні бар прин-циптерді алайық:

- қазіргі және болашақтағы үрпақтардаің өмір сүруіне қажетті өнімдермен камтамасыз ету және оның қорын сақтау;

- биотехнологиялық түрғыдан ойластырылған, қалдықтан - кал-дықсыз өнім шығаруға көшу;

- біртіндеп органикалық отынмен жүмыс істейтін энергетика өнер-кәсібінен қолайлы немесе дәстүрлі емес энергия алу көздеріне өту (күн, су, жел, жер асты жылу және т.б.).

- табиғатты қорғаудағы әкімшілік, экономикалық және қүқықтық әдістерді жақсарту;

- биосфераның көптүрлілілін сақтау, корғау бағытында жүмыс ітеу;

- халыққа экологиялық тарбие жүмысын үздіксіз жүргізу. Әсіресе жастар арасында адам денсаулығын сақтау үшін үздіксіз экологиялык білім жүйесін қалыптастыру;

- экологиялық мәдениеттілік кодексін тиянақты, бүзбай сақтау Егерде теориядан күнделікті өмірге келсек бүл бағдарламаны орын-

дау көп жыл бойы тиянақты жүмыс істеуді қажет етеді. Ендігі жерде 2030 стратегиясының адам экологиясымен тығыз байланысы бар пунктерін қарастырайық.

Қазіргі кездегі адамның шаруашылықты үйымдастырудағы, оны дамытудағы бірінші ойы - табиғат байлығы таусылмайтын қүнсыз зат, екінші ойы тез арада сол жерден пайда табу. Табиғи ресурстардың толық қүндылығы анықталмаған. Соңғы кездерде ғана табиғатты пайдалан-ғаны үшін төлем ақы мөлшері белгілене бастады. Экономикалық түр-ғыдан қалдықтардың, ластанудың тиімсіз жақтары ескеріле бастады.

Биологиялық ресурстарды тиімсіз пайдаланудың бірнеше себебі бар. Биоресурстарды пайдаланудағы төлем ақы нағыз қүнынан төмен есептелген. Пайдаланған биоресурстардың орнын толтырмай тез экономикалык пайда түсіруді ойлайды. Осындай ескі даму жүйесінің бағдарламасын пайдалана отырып, табиғатты жоя отырып ғылыми-техникалық прогреске жеттік. Алдағы уақыттағы адам экологиясын оқыту жүйесінде әлемдік деңгейде қалыптасып келе жатқан норматив-тік заңдылыкты басшылыққа алып, табиғатты қорғаудың жаңа жолда-рын үйымдастыруға бағыттау керек.

Пысықтау сұрақтары

1.Адам экологиясы пәні нені зерттейді

2. Тұрақты даму дегеніміз не?

3. Ноосфера терминін кім ашты?

 

Дәріс 15

1. Тұрақты даму концепциясы

2. «ХХІ ғасырдың күн тәртібінің» негізгі бағыттары

Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан). Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ, өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді. Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералығқ қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс. Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді. 1987жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды. 1992жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Оның нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілген. Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция- климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды. Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экология, экономика және әлуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет. БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырады. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтің БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты, Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды.

Қазіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестіруліде. Олар:

- бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

- суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау;

- жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға, биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдау.

Мәселе Мәселенің қысқаша мәні
   
Кедейлікпен күрес Дүние жүзінде 157 миллиардер, шамамен 2 мың миллионерлер және 1,1 миллиардтан астам күндік табысы 1 АҚШ долларынан кем адамдар бар. Кедейлікті болдырмау жолдары: еңбек ақыны қамтамасыз ету; кедейлердің өзін-өзі қамтамасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту; еңбекке жарамды халықтың санын арттыру; табиғат ресурстарын сақтау мен тұрақты даму; білім беру жүйесін жетілдіру; отбасын жоспарлау; қаржылық демеу.
Тұтынудың құрылымын өзгерту Адамзаттың бай бөлігінің шектен тыс ысырап етуі – қоршаған ортаның бұзылуы мен табиғат ресурстарының сарқылуының себептері болып табылады. Сонымен қатар кедей адамдар өмірге қажетті минималды мөлшерімен қамтамасыз етілмейді. Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.-----
Халық және тұрақтылық 1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны шамамен 5,5 миллиардтан астам болды. Ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы адам саны 8 миллиардқа жетеді.
Адамдардың денсаулығын сақтау мен жақсарту Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады. 2000 жылға қарай денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық міндеттер: - СПИД-пен күреске жұмылдыру; - туберкулезбен және басқа зілді аурулармен күрес; - бала өлімін кеміту; - халық денсаулығын бақылайтын тиімді ұйымдар құру; - еркектер мен әйелдердің өздерінің балалрының саны мен туылу уақытын анықтауға құқығын қамтамасыз ету; - халықты ауыз су және таза азық-түлікпен қамтамасыз ету; - балалардың денсаулығын қорғау; - қоршаған ортаны денсаулыққа зиян қалдықтардан тазарту және оның алдын алу.
Тұрақты тұрғын жерлер (урбанизация) 2000жылға қарай дүниежүзінің халқының жартысы қалаларда тұруы тиіс. Қоғамның урбанизациясы экономикалық малу процесінің бір бөлігі болып табылады. Қалаларда жалпы ұлттық өнімнің 60%-ы өндіріледі. Қала халқының санының артуы дамыған және дамушы елдерде бірдей.
Атмосфераны қорғау Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі – энергияны тұтыну мен өндіру.
Жер ресурстарын тиімді пайдалану Топырақтардың құнарлылығы су және жел эрозиясы мен химиялық, физикалық деградация нәтижесінде төмендейді. Топырақтың деградациясының себептері шектен тыс мал жаю; ормандардың кемуі; ауылшаруашылық қызметі; жерді шектен тыс пайдалану және т.б.
Ормандарды жоюмен күрес Ормандар топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуантүрлілігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Үкімет орман шаруашылығының тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру керек.
Шөлденумен және құрғақшылықпен күрес Шөлдену – бұл ауа райының өзгеруі мен адам қызметінің нәтижесінде топырақтың деградациялану процесі. Бұл процеске көбіне құрғақ жерлер ұшырайды. Шөлдену мал жайылымдарының деградациясы мен азық-түлік өнімдерінің кемуіне әкеліп соқтырады. Құрғақшылық пен шөлдену кедейлік пен аштықтың да себебі болып табылады.
Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану Теңіз суының ластануының шамамен 70%-ын құрлықтағы үлкен және кіші қалалар, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен туризм құрайды. Мұхиттар шектен тыс балықтар мен былқылдақденелілерді (жылына 90 млн. тоннаға дейін) аулаудан, жағалаулар мен маржан рифтерінің жағдайының нашарлауынан зардап шегеді.
Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану Бүгін тұщы су мәселесі маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. 2000 жылға қарай төмендегі міндеттер шешілуі тиіс: - қалалардың әрбір тұрғынын бір адамға шаққанда ең кемінде күніне 40литр ауыз сумен қамтамасыз ету; - өнеркәсіптік, тұрмыстық шайынды суларды залалсыздандыру ережелерін анықтап, жүзеге асыру; - барлық ауылдық аудандардың тұрғындарын экологиялық қауіпсіз сумен қамтамасыз ету.
Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру Химиялық заттар бүкіл дүние жүзінде қолданылады. 10000-нан астамхимиялық заттар бар. Олардың 1500-інің үлесіне дүниежүзілік өндірістің 95% келеді. Қазіргі уақытқа дейін әлі улы және қауіпті өнімдермен сауда жасау туралы жалпы келісім жоқ.
Қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою. Тұрмыстық қалдықтар мен шайынды сулардың мөлшерінің жылдам артуы қала халқының денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп тудырады. Жыл сайын 5,2 млн адам, оның ішінде 4млн балалар шайынды сулар мен қатты қалдықтарды дұрыс тазартпау нәтижесінде ауырып, қайтыс болады. 2025 жылға қарай қалдықтардың мөлшері 4-5 есе артуы мүмкін.
Радиоактивті қалдықтарды жою Радиоактивті қалдықтар туғызатын қауіп оларды өсіру мөлшерін кемітуді, қауіпсіз тасымалдау мен жоюды талап етеді. Жыл сайын АЭС-тің жұмысы нәтижесінде 200-мың м төмен, ал 10 мың м жоғары радиоактивті қалдықтар түзіледі.
Балалар мен жастардың тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі рөлі Даму бағдарламалары жастарға қауіпсіз болашақты және оның ішінде денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға жоғары өмір сүру жағдайына, білім алу мен жұмысқа кепілдік беруі керек. Жастар планета халқының 1/3-не жақын бөлігін, ал көптеген дамушы елдерде - жартысын құрайды. Білім беру дәрежесін арттыру қажет. Жастарға білім беруде қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелеріне көп көңіл бөлінуі қажет.
Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді. ХХІ ғасырда биосферада қауіпті өзгерістер болуы мүмкін. Ғалымдар төмендегі мәселелерді зерттеуде: ауа райының өзгеруі, ресурстарды тұтынудың артуы, демографиялық тенденциялар, ортаның деградациясы, энергия мен ресурстарды пайдалану, биосфераның космостық зерттеулері, ортаның адам денсаулығына әсері және т.б. Бағдарлама әр түрлі жастағы адамдардың қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын қамтамасыз етуі керек. Экологиялық білім беру – адамзаттың тұрақты дамуының қажетті шарты.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

 

 

СОӨЖ

 

(студенттердің оқытушымен өздік жұмысы)

«Экология және тұрақты даму»

Студенттердің барлық мамандықтары үшін

Құрастырған Агайдарова А.А.

 

Кокшетау, 2012


СОӨЖ №1




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-26; Просмотров: 4692; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.04 сек.