Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тапсырма. 1. мәтінді оқып, дәптерге көшіру, ауызша айту




1. мәтінді оқып, дәптерге көшіру, ауызша айту.

Озон қабатының бұзылуы. Атмосферадағыозонның мөлшері бар болғаны 0,004- құрайды. Стратосферада (10 – 15 км биіктіктегі) қалыңдығы 2 - 4 мм – ді құрайтын қабат. Атмосферада электр зарядтарының, Күннің ультракүлгін радиацияларының әсерінен оттегінің молекуласынан озон молекуласы түзіледі. Озон қабаты биосфераның жоғарғы шек арасы болып есептеледі. Одан жоғары орналасқан қабаттарда тіршілік жоқ нысаны білінбейді. Жер бетіндегі барлық организмдердің тіршілігіне қауіпті Күннің өте қысқа ультракүлгін сәулелерін сіңіріп отыруына (6500 есе) байланысты озон қабатын «қорғаныш қызметі» деп те атайды. Озон қабатының 50% ға бұзылуы ультракүлгін радиацияларды 10 есеге көбейтеді. Озон қабатынан күннің ұзынтолқынды ультракүлгін сәулелері (290 – 380 нм) өтіп кетеді. Біраз мөлшерде тіпті бұл сәулелер адам үшін пайдалы да: терімізді қарайтып күйдіреді, организмнің қорғаныштық қызметі артады. Тал түсте ультракүлгін сәулелердің концентрациясы көп болғандықтан, күнге күйіп қыздырыну процесін шанқай түске дейін жүргізген жөн.

Озоносфераның бұзылуы орны толмас жағдайларға – тері ісік ауруының күрт көбеюіне, көз катарактасына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне, мұхиттағы планктонның жоғалуына, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің мутациясына алып келеді.

1980 жылдары Антрактидадағы ғылыми жұмыс станцияларында жүргізілген зерттеулерде атмосферадағы озон құрамының төмендегені байқайған. Осы құбылыс «озон тесігі» деген атау алды. 1987 жылдың көктемінде Антрактиданың үстіндегі «озон тесігі» барынша үлкейіп, оның ауада шамамен 7 млн км квадратді құрады, яғни, ауадағы мөлшері қалыпты нормадан 30 – 50 % - ға төмендеген. Антрактидадағы бұл құбылыс қыркүйек қараша айларында байқалып, маусымның басқа кездерінде озонның мөлшері Солтүстік жарты шардың орта және жоғарғы ендіктерінде қыс – көктем айларында, әсіресе Европа, АҚШ, Тынық мұхит, Ресейдің европалық бөлігінде, Шығыс Сібір, Жапония үстінде жылдан жылға азайып келеді. 1992 жылы Оңтүстік Америка құрылығы мен оған жақын кеңістіктерде озон құрамына айтарлықтай төмендегені (50% -ға) тіркелді, 1995 жылы көктемде Артиканың озонды қабаты шамамен 40% - ға дейін азайған. Сонымен бірге Канададан солтүстік аудагдарында және Скандинавия түбегінің, Шотландия аралдарының, Қазақстанның, Якутияның үстінде «мини тесіктер» қалыптасқаны тіркелген.

Озон қабатының бұзылуы, яғни «озон тесігінің» пайда болуы биосферада елеулі өзгерістер тудыруы мүмкін. Сондықтан бұл жағдай күрделі экологиялық мәселелердің бірі. Озон қабатының бұзылуы процесіне ғарыштық ақпараттар, дыбыстан да жылдам ұшатын ұшақтар және ядролық жарылыстардан бөлінген заттар әсер етеді. Алайда озон қабаты үшін ең қауіпті заттар – тұрмысы мен өнеркәсіпте пайдаланатын мұздатқыштар мен аэрозольді баллондарды пайдаланатын фреондар осы заттар атмосфераны жоғарғы қабаттарына көтерілгенде қарқынды түрде озонды бұзатын хлор немесе басқа галогендердің атомын түзетін фотохимиялық ыдырауға ұшырайды, ал олар әрі қарай озонның оттегін айналу процесін жылдамдатады. Дүниежүзі бойынша шамамен 1,3 млн тонна озон ыдыратушы заттар өндіріліп отырған. Оның 35% ын АҚШ, 40% ын Еуропа елдері, 10-20% ын Жапонияға, 7- 10% Ресейге өндіреді.

Озон қабатының бұзылуы адам денсаулығы мен қоршаған орта өте зиян екендігі ресми түрде де айтылуда. Озон қабатын сақтау үшін халықаралық келісімдер қажет. 1987 ж Монреаль хаттамасында Фреондарды өндіру және пайдалануды бақылау жайында 70 мемлекет арасында келісім жасалады. 2010 жылғы дейін тоқтатылуы керек болатын.

 

1. ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР

2. Қоршаған ортаның ластануы бойынша негізгі тақырыптар.

Тапсырма:

Берілген сұрақтар бойынша дайындалу, тестер құрастыру

1.Қоршаған ортаның ластану түрлері

2.ғаламдық экологиялық мәселелер

3.қышқылдық жамбырлар

4.озон қабатының бұзылуы

5.парниктік эффект

6. топырақ, өсімдіктер, жануарлар деградациясы

ОБСӨЖ № 9




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-26; Просмотров: 833; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.015 сек.