Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кредит саны - 4 3 страница




 

Тест

 

Мамандықтың атауы 050301, КЮ-2 к. (кредитн.техн.)    
Пәннің атауы «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы»    
Емтихан енгізілген семестр      

 

1. Әкімшілік құқықтың субъектілері болуы мүмкін: Заңды тұлға болып табылатын және табылмайтын да тұлғалар (жеке тұлға) Тек қана заңды тұлғалар Тек қана коммерциялық ұйымдар Тек қана лауазымды тұлғалар мен заңды тұлғалар *
2. Төменде көрсетілген құқықтардың қайсысы ұйымдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесіне кіреді: Лицензия алу құқығы Азаматтарды жұмысқа қабылдау құқығы Банкте есеп-шот алу құқығы Сату және сатып-алудың шарттарын өзгерту құқығы *
3. Төменде көрсетілген құқықтардың қайсысы ұйымдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесіне кірмейді: Қызметтердің қауіпсіз еңбек ету шарттарын қамтамасыз ету міндеті өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау міндеті Қару сататын дүкен ашуға рұқсат алу міндеті Жарғыға енгізілген өзгерістер туралы тіркеуші органға хабарлау міндеті *
4. Әкімшілік құқықтың субъектілері ретінде ұйымдардың әкімшілік құқықтық мәртебесінің негізгі элементі болып табылады: Құқықтар мен міндеттер, құқықсубъектілік   Деликтілік қабылеттілік Құрылу тәртібі Құқықтық субъектілікті шектеу *
5. Ұйымды тарату тәртібі қаралған: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі   Кеден заңнамаларымен Салық заңнамаларымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексімен *
6. Заңды тұлғаны тіркеуден бас тартуға негіз болып табылмайды: Заңды тұлғаны құрудың қажетсіздігі Заңды тұлғаны құрудың заңмен белгіленген тәртібін бұзу Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының заңға сәйкес келмеуі Заңды тұлғаны құрушының салықтық алымдар мен міндетті төлемдер бойынша қарызының болуы немесе антимонополиялық органның келіспеуі *
7. Мына жағдайларда тұлға соттың шешімімен таратылуға жатпайды:   Прокурор ескерту жасаған жағдайда Банкрот болғанда Заңды тұлғаның жарғылық мақсатына қайшы келетін қызметті үнемі жүзеге асырғанда Заңды тұлғаны тіркеу, оны құрған кезде заңнамаларды бұзумен байланысты, егер оны жою мүмкін мүмкін болмайтын болса, жарамсыз деп танылғанда *
8. Қоғамдық бірлестіктерді құру үшін кемінде 10 адам 5 адам 20 адам 50 адам керек *
9. Жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметін мемлекеттік органдардың тексеруі жиі болмауы керек: Бір жылда бір рет Екі жылда бір рет Алты айда бір рет Үш жылда бір рет *
10. Төменде көрсетілген органдардың қайсы атқарушы билік органдарының жүйесіне кірмейді: Президент Үкімет Министрлік Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар *
11. Атқарушы билік органдары бағынады: Жоғары тұрған атқарушы органдар Заң шығарушы органдар Сот органдары Конституциялық Кеңес *
12. Атқарушы органдардың басшылары әдетте: Жоғары тұрған лауазымды тұлғамен тағайындалады Тұрғындармен сайланады өкілді органдармен сайланады Аппараттың бөлімдерімен сайланады *
13. Атқарушы билік органдары айналысады: Мемлекеттік басқарумен Заң шығарушылық қызметпен Сотәділдігін жүзеге асырумен Прокурорлық қадағалаумен *
14. Көрсетілген органдардың қайсы атқарушы блік органдарына көбірек ықпал етеді: Президент Парламент Сот Конституциялық Кеңес *
15. Атқарушы билік органдарының құқықтық мәртебесін анықтайтын негізгі нормалар бекітілген: Конституцияда «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңда   “Әкімшілік процедура туралы” заңда “Мемлекеттік қызмет туралы” заңда *
16. Үкімет құрылымын құрайды; Министрліктер және өзге де орталық атқарушы органдар Министрліктер және мемлекеттік комитеттердің төрағалары Мемлекеттік комитеттер және агенттіктер Министрліктер, департаменттер және мемлекеттік комитеттер *
17. Үкіметтің актісі: Қаулы Шешімдер және өкімдер Жарлықтар және қаулылар Жарлықтар және шешімдер *
18. Премьер-Министр шығарады: өкім Жарлық және шешім Қаулы және жарлық Жарлық, қаулы және өкім *
19. Үкіметтің ұйымдастырушылық нысанындағы жұмысы болып табылады: Үкіметтің отырысы Үкіметтің алқасы Үкіметтің бюросы Үкіметтің президиумы *
20. Үкіметтің құрамы: Премьер-Министр, оның орынбасарлары, министрлер және өзге де лауазымды тұлғалар Премьер-Министр және Президентке тікелей есеп беретін және оған бағынышты орталық атқарушы органдар Президент, Премьер-Министр және Президентке тікелей есеп беретін және оған бағынышты орталық атқарушы органдар Минстрлер мен өзге де лауазымды тұлғалар *
21. Қазақстан Республикасында Министрліктер құрылады: Президентпен Үкіметпен Президентпен Үкіметпен Президенттің келісімімен *
22. Көрсетілген органдардың қайсы Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган болып табылады: Жер ресурстарын пайдалану жөніндегі агенттік Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қаржы министрлігінің салық комитеті Ішкі Істер Министрлігі *
23. Көрсетілген органдардың қайсы ҚР-сы Президентіне тікелей есеп беретін және бағынышты мемлекеттік орган болып табылады: Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қорғаныс министрлігі Ішкі Істер Министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік *
24. Көрсетілген органдардың қайсы Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган болып табылады: Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттік Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қаржы министрлігінің салық комитеті Ішкі Істер Министрлігі *
25. Көрсетілген органдардың қайсы Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган болып табылады: Монополияға қарсы және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қаржы министрлігінің салық комитеті Ішкі Істер Министрлігі *
26. Министрліктердің актілері келесі нысанда рәсімделеді: Бұйрықтар Бұйрықтар және қаулылар Шешімдер және жарлықтар Шешімдер және қаулылар *
27. Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың актілері келесі нысанда рәсімделеді: Бұйрықтар Шешімдер және жарлықтар Шешімдер және қаулылар Бұйрықтар және қаулылар *
28. Министрліктердің актілерінің күшін жоюы мүмкін: Үкімет Министрлер Үкіметтің құрамына енбейтін орталық атқарушы билік органдары Президентке тікелей бағынышты органдардың басшылары *
29. ҚР-дағы жергілікті атқарушы орган болып табылады: әкімият әкім және әкімшілік Мәслихат Мәслихат және әкімит *
30. Облыс әкімі: Президентпен тағайындалады Үкіметпен тағайындалады Облыс мәслихатымен сайланады Облыстық мәслихаттың келісімімен Үкімет тағайындайды *
31. Көрсетілген әкімдердің қайсы тұрғындармен сайланады: Ауыл әкімі Астана әкімі Облыс әкімі Республикалық маңызы бар қала әкімі *
32. Әкімдік келесі актілерді шығарады Қаулылар шешім бұйрықтар өкімдер *
33. Әкім келесі актілерді шығарады: Шешім және өкім шешім Жарлық және қаулы Шешім және өкім *
34. Астана әкімиятының жеке құрамы келісіледі: Астана мәслихатының шешімімен Үкімет шешімімен Астана прокурорының шешімімен ҚР-сы Президентінің шешімімен *
35. Жергілікті атқарушы органдардың қызметі реттеледі: Жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңмен Жергілікті өкілдік және атқарушы органдар туралы Жергілікті өкілдік органдар туралы Заңмен Әкімият туралы Заңмен *
36. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметшілер қызмет етеді: Тек қана мемлекеттік органдарда Кез-келген ұыймдарда Қоғамдық бірлестіктерде Кез-келген лауазымдарда комерциялық емес ұйымдарда *

Мемлекеттiк басқарудың түсiнiгi және мәнi.

1. Басқарудың негiзгi категориялары.

2. Әлеуметтiк басқару және оның түрлерi.

3. Мемлекеттiк басқару түсiнiгi және мәнi.

4. Мемлекеттiк басқару мен қоғамдық басқарудың арақатынасы.

5. Мемлекеттiк басқарудың негiзгi қағидалары.

 

ҚР-ның әкiмшiлiк құқығы - ҚР-ның ұлттық құқығының iрi салаларының бiрi болып табылады.

Онда мемлекеттiк басқару салаларындағы әр қилы қоғамдық қатынастар реттеледi. ҚР-ның әкiмшiлiк құқық саласы – ұлттық құқық саласында ерекше орын алатындықтан, ол тек қана пәнiмен ғана емес, қоғамның барлық салаларын да реттеумен ерекшеленедi.

Әкiмшiлiк құқық нормалары:

- басқарма салаларындағы әр қилы қоғамдық қатынастарды бекiтiп, реттеп отырады;

- құқықпен реттелетiн қоғамдық қатынастарды қорғайды;

- қазiргi кезеңге сай келмейтiн қоғамдық қатынастарды басқару саласынан ығыстырып шығарады;

- жаңа қоғамдық қатынастардың дамуына әсер етедi.

 

Қазiргi кезеңде әкiмшiлiк-құқықтық реттеудiң бұл бағыты өте зор мағынаға ие болып отыр.

Нарықтық қатынастарға көшуге байланысты экономиканы басқару тәсiлдерi, басқару жүйесi, әлеуметтiк- мәдени және басқа да өмiр ағысының салалары әкiмшiлiк құқықтың нормаларын қамтып отырады. Яғни жаңа басқару қатынастарын реттеуге бағытталады.

Әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың әсерiмен басқару саласындағы азаматтардың құқықтық мәртебесi, атқарушы билiктегi мемлекеттiк органдардың құқықтық жағдайы және олардың азаматтармен арақатынасы анықталады.

Әкiмшiлiк құқықты оқып үйрену үшiн оның ҚР-ның құқық жүйесiнiң саласы ретiнде қалыптасуының әдiстемелiк негiздерiн анықтау қажет. Ал, ол басқару деген мағынаға ие болатын әлеуметтiк құбылыспен объективтiк байланыста.

Ал, әкiмшiлiк, администрация терминi – латын сөзiнен аударғанда “басқару”деген түсiнiктi бередi.

Администрация – басқару қоғамның қандай да бiр алдына қойған мақсаттарына жету үшiн белгiлi бiр қызметтiң, әрекеттердiң жиынтығын көрсететiн құрал.

Басқарудың функционалдық тағайындалуының мазмұнын жан-жақты ашуды қажет етедi.

Жоғарыда атап өткендей әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың реттеу объектiсi - мемлекеттiк басқару саласындағы қалыптасқан қоғамдық қатынастар.

Сондықтан, ең бiрiншiден, әкiмшiлiк құқықтың мәнiн ашпай тұрып, әлеуметтiк басқарудың бiрi ретiнде мемлекеттiк басқаруды реттейтiн пәндi оқуға көңiл бөлу қажет.

Әлеуметтiк, оның iшiнде мемлекеттiк басқару - қандай да бiр мақсаттарға жету үшiн жүзеге асырылатын адамдардың қызметтерiн ұйымдастыру.

Басқару – басқарудың субъектiсiн (басқаратын адам) және басқарылу объектiсiн (басқарылатын адам) және олардың арасында пайда болатын тiкелей және керi байланысты анықтайды.

Тiкелей байланыс - өкiм, бұйрық беру.

Керi байланыс – берiлген өкiмдi орындағаны немесе орындамағаны туралы хабарлау.

Басқару субъектiсi – басқаруды жүзеге асыру үшiн белгiлi бiр өкiлеттiктерге ие болады.

Басқару жүйесiнiң түрлері:

- механикалық – технологиялық процестi басқару

- биологиялық - тiрiторганизмдердiң процесiн басқару

- әлеуметтiк - адамдардың, ұжымдардың процесiн басқару.

 

Жалпы басқару – екi және одан да көп адамдардың, олардың ассоциацияларының қандай да бiр нақты нәтижеге жету мақсатындағы сәйкестелген қызметi.

Объективтi жағынан алғанда ол барплық адамзат қоғамында бiрге жүредi.

Басқарудың мәнi – нақты бағытталған, реттелетiн әрекет.

Қоғам әрдайым реттеудi қажет етедi, сондықтан басқару жүзеге асырылады.

Басқару – қоғамдық өмiрдегi жан-жақты саладағы қоғамдық қатынастарды реттеу үшiн адамдардың күшiн бiрiктiредi.

ҚоҒамды басқару дегенiмiз адамдарды, адамдардың әлеуметтiк қатынастарын басқару.

Әлеуметтiк басқару – адамдардың адамдарға қатысты билiктiк басқаруы, яғни қоғамдық iстердi басқару.

Басқару – адамдардың бiрлесе iстейтiн жұмысын ұйымдастыру.

Қорыта келгенде басқаруда - басқару субъектiсi де, басқару объектiсi де адамдар болғандықтан адамдар адамдарды бсқарады.

Басқару айналымының негiзгi кезеңдерi: шешiм қабылдау, қабылданған шешiмдi орындауды ұйымдастыру, орындауды бақылау және қорытынды шығару.

Яғни,

1. шешуге тиiстi мәселелердi анықтау

2. шешiмнiң жобасын дайындау

3. оны бағалау

4. шешiм қабылдау

5. атқаруды ұйымдастыру

6. орындалғанын бақылау

7. орындалғаны туралы хабарлау.

 

2. Әлеуметтiк басқару түрлерi:

1. Мемлекеттiк басқару (мемлекеттiк iстердi басқару);

2. Қоғамдық басқару (қоғамдық бiрлестiктерлiң iстерiн басқару) немесе мемлекеттiк емес басқару.

Мемлекеттiк басқаруды кең мағынада мемлекетiң барлық органдары жүзеге асырады. Бұл басқару келесi қызметтiң нысандары:

- заң шығарушы;

- атқарушы;

- сот төрелiгiнде жүзеге асырылады.

Бұл қызмет нысандарының бағыты мемлекеттiң алдына қойған мақсаттарына жету болғанмен, қызметтi жүзеге асыруда белгiлi ерекшелiктермен анықталды.

Мемлекеттiк басқару, атқару қызметi – мемлекет қызметiнiң нысандарының бiрi болып табылғанымен – олардың келесi қасиеттерiмен сипатталады

- ұйымдастырушылық қызмет;

- мемлекеттiк-билiктiк мазмұн;

- тiкелей қызмет;

- салааралық сфераларда (қаржы, салық, мемлекеттiк стандарт, әлеуметтiк-саяси қорғаныс, iшкi iстер аясы; әлеуметтiк-мәдени – бiлiм, ғылым, денсаулық; шаруашылық қызме - өндiрiс, сауда) мемлекеттiк функциялардың күнделiктi жүзеге асырылуы;

- басқаруды арнайы өкiлеттiктерi бар субъектiлер жүзеге асырады.

 

Мемлекеттiк басқару, атқарушы билiк субъектiлерi – мемлекеттiк билiк өкiлеттiктерiне ие болғандықтан олар мемлекет атынан қатысады.

Басқару қызметi – заңдардың, нормативтiк актiлердiң орындалуына бағытталады.

Мемлекеттiк басқару – ұйымдастырушылық қызметiн атқарады:

- кадрларды жинау және бөлу

- болжамдау;

- ақпаратпен жұмыс жасау;

- үйлестiру;

- бақылау;

- есептеу және статистика;

- iс жүргiзу және т.с.с.

 

Мемлекеттiк басқарудың қызметi – жеке тұлғаға, қоғам мен мемлекетке қызмет ету.

Мемлекеттiк билiк органдарының субъектiлерi – мемлкеттiк органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары және сәйкестелген өкiлеттiктер берiлгенқоғамдық. Яғни мемлекеттiк емес органдар.

Мемлекеттiк билiктiң өкiлеттiк органдары басқару саласын реттейтiн нормативтiк актiлер қабылдайды.

 

Мемлекеттiк басқару және мемлекеттiк емес бiрлестiктердi басқару.

Мемлекеттiк басқару және мемлекеттiк емес бiрлестiктердi басқару:

- әлеуметтiк басқарудағы азаматтардың рөлi;

- нарықтық қатынастарды дамыту;

- азаматтардың өздерiнiң мүмкiндiктерiн еркiн пайдалану құқықтары;

- бiрлестiктер құруға құқықтары;

- Конституцияда кепiлдендiрiлген қоғамдық бiрлестiктердiң қызмет бостандығы;

- Азаматтардың мемлекеттiк басқаруға тiкелей және өкiлдерi арқылы қатысуға конституциялық құқығы және т.с.с.

 

Мемлекеттiк басқару:

- мемлекеттiң атқарушы аппаратымен жүзеге асырылады;

- мемлекеттiк қызметкерлер аппаратта төлем ақылы түрiнде қызмет жасайды;

- аппараттың қызметi заңды-билiктiк мазмұнына ие болады

- мемлекеттiң мәжбүрлеу күшiмен қамтамасыз етiледi;

- басқару субъектiлерi тiкелей мемлекет атынан қатысады;

- мемлекеттiк басқару органдарының шешiмi тек оның қызметкерлерiне ғана емес, сонымен қатар қоғамдық басқаруға қатысушыларға да мiндеттi болып табылады.

 

Қоғамдық басқару:

- әр түрлi қоғамдық ұйымдармен жүзеге асырылады;

- ұйымдардың мүшелерi өздерiнiң жұмыстарын өз ерiктерiмен, төлем ақысыз атқарады

- өздерiнiң жұмыстарын төлем ақысыз атқарғанмен, мемлекеттiк күшпен нығайтылмайды;

- азаматтар қоғамдық ұйымдардың атынан қатысады;

- қоғамдық ұйымдардың шешiмi тек қоғам мүшелерiне мiндеттi;

- қоғамдық ұйымдардың жұмысы негiзiнен моральды-ұйымдастырушылық мазмұнға ие болады

 

Мемлекеттiк басқарудың негiзгi қағидалары – басқару құрылатын, басқару аппараты қызмет ететiн, негiзгi бастама, ол екi топқа бөлiнедi:

- әлеуметтiк-құқықтық;

- ұйымдастырушылық.

 

1) әлеуметтiк-құқықтық қағидалар – жалпы әлеуметтiк мазмөнұа ие болады, олар – объективтi, нақты, заңдылық және нәтижелiлiк.

2) ұйымдастырушылық қағидалардың өзi екi топқа бөлiнедi: 1-шi, салалық, аумақтық, сызықтық, функциональдық(әр сала бойынша жеке манмандандырылған инстанция жүргiзедi) – арнайы органдар құрылады және салааралық байланыстарға қолданылады; 1-шi, атқарушы қызмет субъектiлерiне өкiлеттiктердi рациональды бөлу, яғни әр органға, аппаратқа қызмет құқықтар мен мiндеттерiн бекiту;

- жұмыстың нәтижесiне атқарушы қызметтiң жауаптылығы;

- бiржақты бастау және алқалылықтың үйлесiмдiлiгi (мемлекеттiң атқарушы қызметiнiң маңызды мәселелерiн алқа – Үкiмет шешсе, ал алқалы қарауды қажет етпейтiн бiр ағымдағы, жедел мазмұндағы сұрақтарминистрлiктермен немесе басқа да органдармен бiржақты шешiлуi мүмкiн).

 

 

Мемлекеттiк басқару объектiсi – мемлекеттiк билiк органдарының аппараты, мекеме, кәсiпорын қызметшiлерiнiң ұжымдары, азаматтар.

Мемлекеттiк емес басқару объектiсi – сәйкестелген ұйымдардың жұмысшыларының ұжымдары, азаматтар.

 

Тақырып 2.

Әкiмшiлiк құқық – құқық саласы және ғылым ретiнде.

1. Әкiмшiлiк құқық – құқық саласы және ғылым ретiнде. Әкiмшiлiк құқықтың пәнi.

2. Әкiмшiлiк құқық жүйесi.

3. Әкiмшiлiк құқықтың қайнар көздерi.

4. Әкiмшiлiк құқықтың өзге де құқық салаларымен арақатынасы.

Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқығы – құқық жүйесiнiң саласы ретiнде белгiлi бiр қоғамдық қатынастарды реттейдi. Ол реттелетiн қоғамдық қатынастардың ерекшелiктерi:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 986; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.089 сек.