Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Келісілді бекітемін 1 страница




БЕКІТЕМІН

Ұлттық құқық жоғары мектебінің директоры, з.ғ.д. профессор У.Шапақ ____________________

"____" ______________________ 2012ж.

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

 

«Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәні бойынша

 

«Құқыққорғау қызметі» - 5В030300 мамандығы студенттеріне арналған

Ұлттық құқық жоғары мектебі

Қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасы

 

Астана, 2012 ж.

 

 

Пәннің оқу әдістемелік жүйесін 5В030300-«Құқыққорғау қызметі» мамандығы бойынша мемлекеттік білім стандарттың негізінде заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Мусенова Эльвира Елеусінқызы дайындады   Қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасының отырысында қаралып «____»___________ 2012 жылы № _______ хаттамамен бекітілді     Кафедра меңгерушісі ______________________ з.ғ.к,. доцент Пен С.Г. «____»____________2012 ж.   Ұлттық құқық жоғары мектебінің кеңесімен мақұлданған. №____хаттама, «____»______________2012 ж. Төраға ________________ «____»____________ 2012 ж.  
 

 

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ЮРИДИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ

ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКА КАФЕДРАСЫ

 

 

ҚІЖҚжКк меңгерушісі ҰҚЖМ директоры

з.ғ.к., доцент С.Г. Пен з.ғ.д., профессор У.Шапақ

______________________ _______________________

«___» _____________ 2012ж. «__» _______________ 2012ж.

 

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(syllabus)

 

 

«Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәні

 

Мамандығы: Құқыққорғау қызметі» - 5В030300

Оқу нысаны: күндізгі

Кредит саны: 2,3

Курс: 2,3

Семестр: 4,5

Дәрістер: 20-30 сағат

Семинар (тәжірибелік): 10-15 сағат

Аралық емтихандар саны: 2

СОӨЖ: 23-23 сағат

СӨЖ: 45-67 сағат

Емтихан: 4-5 семестр

Еңбек сыйымдылығы: 90-135 сағат

 

Астана, 2012 ж.

 

Бөлімнің атауы Бет
Пәннің оқу бағдарламасы (syllabus)  
Оқытушы туралы мәліметтер  
Пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері  
Курстың мақсаты мен міндеттері  
Оқу сабақтарының графигі  
Дәріс сабақтарының тақырыптық жоспары  
Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары  
СОӨЖ орындау және тапсыру графигі  
СӨЖ орындау және тапсыру графигі  
Тәжірибелік сабақтарды оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар  
Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі  
Глоссарий  
Білімді бағалаудың жалпы шкаласы  
Келісу, танысу, өзгерістерді тіркеу, мерзімді тексерулерді тіркеу парағы  
Дәрістер тезисі  
Аралық емтихандық сұрақтар  

 

Курс оқытушысы туралы мәліметтер:

Мусенова Эльвира Елеусінқызы - қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты

1999 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмәмдаған. 2002 жылдан бастап, қазіргі таңға дейін Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасының аға оқытушы қызметін атқарады.

Тілдерді меңгеруі: қазақ тілі - өте жақсы, орыс тілі - жақсы

Кафедра туралы мәліметтер: қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасы, каб. 352.

Байланыс мәліметтері: 8 (7172) 703045 – жұмыс телефоны

 

Пререквизиттер: «Қазақстан Республикасында қылмыстық істі жүргізу құқығы» пәні «Құқыққорғау қызметі» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған.

«Қазақстан Республикасында қылмыстық істі жүргізу құқығы» пәнін оқу үшін студент:«мемлекет және құқы теориясы», «мемлекет және құқық теориясының жалпы тарихы», «ҚР құқыққорғау органдары», «ҚР Конституциялық құқығы», «ҚР қылмыстық құқығы», «Азаматтық құқық», «Әкiмшiлiк құқық» пәндерін меңгеруі тиіс.

Постреквизиттер: «Қазақстан Республикасының қылмыстық істі жүргізу құқығы» пәнін игеру, «Қылмыстық іс жүргізу мәжбүрлеу шаралары», «Іс жүргізу құжаттарын жасау бойынша арнайы практикум», «Криминалистика», «ҚР прокурорлық қадағалау», «ҚР Адвокатурасы», «Дәлелдемелер теориясы», «Жедел іздестіру қызметі», «Сотқа дейінгі іс жүргізу» пәндерін оқуға септігін тигізеді.

Курсты меңгеру келесі жағдайларға септігін тигізеді:- Ізге түсу органдарының қызметтке дайындаудың кәсібилігін, біліктілігін арттыру;- Сот өкілеттігін жүзеге асыру барысында мемлекеттік билік органдары қызметі аясында тәжірибелік біліктілікті арттыру, ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдау мәселелерін шешу қабілеттілігі;- шетелде және өз елінде қылмыстық іс жүргізу қызметтің ерекшеліктерін ескеру қасиетін қалыптастыру.

Пәннің сипаттамасы: “ Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы” құрылымы бойынша жалпы және ерекше бөлімнен тұрады. Аталған пәннің жалпы бөлімі мына тақырыптарды қамтиды: қылмыстық iс жүргiзу құқығының ұғымы, маңызы және мiндеттерi, қылмыстық iс жүргiзу заңы және оның қайнар көздерi, қылмыстық процестiң принциптері, қылмыстық iзге түсу, қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттiк органдар мен тұлғалар, қылмыстық процестегi мүлiктiк мәселелер, дәлелдемелер және дәлелдеу, іс жүргiзушiлiк мәжбүрлеу шаралары. Аталған курс бойынша дәрістер семинар сабақтарымен және СОӨЖ, СӨЖ-мен толықтырылған. Қылмыстық іс жүргізу құқығының жалпы бөлімі аяқталған соң студенттер бірінші аралық бақылау тапсырылады. Ал пәннің ерекше бөлімі: қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу, сотта іс жүргізу, айрықша іс жүргізу инститтуарын қамтиды. Бұл бөлім аяқталған соң екінші аралық бақылау өткізіледі

Пәннің мақсаты: Курстың мақсаты студенттерге Қазақстан Республикасында қылмыстық істі жүргізудің жалпы ұғымы, тергеу және сот ісін жүргізудің мазмұны, курстың әдісі, процеске қатысушылар туралы, пәннің қағидалары мен қылмыстық процестегі азаматтық талап, дәлелдемелер, дәлелдемелердің қайнар көздері, мәжбүрлеу шаралары, оның түрлері және тағы басқа мәліметтер беріледі.

Ерекше бөлім, қылмыстық іс жүргізудің сатылары, яғни қылмыстық істі қозғау, алдын-ала тергеу (іздестіру), басты сот талқылауын тағайындау, басты сот талқылауы, кассациялық және апелляциялық сатылар, сот шешімдерін орындау, қадағалау сатысы, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта қарау сатысы, сондай-ақ қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша іс жүргізу, айрықша іс жүргізу, алқабилердің қатысуымен соттың істі талқылау ерекшеліктерін қарастырады.

.

Пәннің міндеттері: Қазақстан Республикасында қылмыстық істі жүргізудің міндеттері студенттердің қылмыстарды тез және толық ашу, қылмыс жасаған адамды әшкерелеу, оны жауапқа тарту, әділ сот талқылауы, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған ғылыми негізделген ұсынымдарды меңгеру, қылмыстарды тергеудегі маңыздылығын көрсету, оларды пайдалануды үйрету, тергеу әрекеттерін жүргізудің іс жүргізу тәртібін ұғыну, меңгеру болып табылады. Теория жүзінде алған білімдерін болашақта тәжірибеде дұрыс, тиімді қолдана білуге баулу мақсатында оларға тергеу әрекеттерін (жауап алу, беттестіру, тану, куәландыру т.б.) жүргізу, басты сот талқылауы және тағы басқа да ойындар жүргізіледі.

 

Оқу сабақтарының графигі (4 семестр)

 

    Сабақтың түрлері Апта бойынша сабақтарды бөлу     Сағаттар саны
семестр
                             
Дәрістер (сағ.)                                
Семинар сабақтары (сағ.)                                
СОӨЖ   1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5  
СӨЖ                                  
Кеңес беру                                
  Барлығы                                  

 

 

Оқу сабақтарының графигі (5 семестр)

 

    Сабақтың түрлері Апта бойынша сабақтарды бөлу     Сағаттар саны
семестр
                             
Дәрістер (сағ.)                                
Семинар сабақтары (сағ.)                                
СОӨЖ   1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5  
СӨЖ                                  
Кеңес беру                                
  Барлығы                                  

 


Дәріс жоспары (4 семестр)

«Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәні бойынша оқылатын бөлімдер Мақсаты Міндеттері Өзекті мәселелері
I бөлiм. Негiзгi ережелер 1тақырып Қылмыстық iс жүргiзу құқығының ұғымы, маңызы және мiндеттерi. 2 сағат Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымын талқылау, қылмыстық іс жүргізу заңының міндеттерін ашып көрсету, принциптерді басшылыққа алу, олардың орнын ашып көрсету «Қылмыстық іс жүргізу құқығы» курсының негiзгi түсiнiктерiн бiлу, ҚIЖ сатылары, сатылар жүйесi, ҚIЖ актiлерiнiң түрлерi мен маңызы, ҚIЖ ғылымының мiндеттерi, оның тәжiрибемен байланысы, пәнi, жүйесiжәне әдiсi. Қылмыстық іс жүргізу құқығының міндеттерін, принциптерін толық ұғынуы
2 тақырып Қылмыстық iс жүргiзу заңы және оның қайнар көздерi. 2 сағат     қылмыстық іс жүргізу заңының қайнар көздерін меңгеру.     ҚIЖ құқығы қайнар көзi ретiнде ҚIЖ занының мазмұнын бiлу, олардың арақатынасы; әрекет етiп жатқан ҚР-ның ҚIЖ заңнамасы; iс жүргiзу нормаларының ұғымы мен түрлерi, оларды жүзеге асыру кепiлдерi. Іс жүргізу нормаларының ұғымы мен түрлері, оның құқықтық кепілдігі мен жүзеге асыру тәртібі, жүзеге асыру
3 тақырып Қылмыстық процестiң принциптері 2 сағат   Қылмыстық процесс принциптерiнiң мәнi Заңдылық Сот әдiлдiгiн тек соттың ғана жүзеге асыруы Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау Кiнәсiздiк презумпциясы Қылмыстық процестің принциптері мен Конституциялық принциптердің байланысын білу, олардың арақатынасы; констиуциялық принцип пен салалық принциптердің түсінігін анықтай білу Қылмыстық iзге түсудiң ұғымын, мәнiн және маңызын бiлу. Қылмыстық процестiң принциптерін қамтамасыз етудің құқықтық кепілдігі  
4 тақырып Қылмыстық iзге түсу 1 сағат   Қылмыстық iзге түсудi жүзеге асырудың шарттары; қылмыстық iзге түсудi жүзеге асыратын органдардың өкiлеттiктерi; жеке, жеке-жариялы және жариялы iстер бойынша iзге түсу  
II бөлiм. 5 тақырып Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттiк органдар мен тұлғалар 2 сағат Әрбір процеске қатысушылардың түсінігі, олардың жіктелуі, олардың құқықтары мен міндеттері, іс жүргізу барысындағы орны.   Iс жүргiзуге қатысушылар ұғымын, олардың жiктелуiн, қылымыстық iс жүргiзу қызметін, олардың ұғымы мен жүйесiн, iс жүргiзуге қатысушылардың iс жүргiзушiлiк жағдайын бiлу. Қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін толық меңгеруі тиіс. Оны тәжірибелік тұрғыда жүзеге асыру
6 тақырып Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу 1 сағат Қылмыстық іс бойынша істердің біріктірілу, бөлектеу негіздері, істің қысқартылуы мен тоқтата тұру себептері мен негіздерін талқылау.   Қылмыстық iстердi бiрiктiру және бөлектеудiң мәнiн және маңызын бiлу, олардың негiздерi мен шарттары, сонымен бiрге, аталған iс жүргiзу әрекеттерiн жүзеге асыру тәртiбi, қылмыстық iстердi тоқтата тұру мен қысқартудың ұғымы, мақсаты және маңызы, қолдану негiздерi; қылмыстық iзге түсуге қысқартудың мәнi мен тәртiбi. Қылмыстқ істі біріктір және бөлектеудің тәжірибелік мәселелері
V бөлiм. 7 тақырып Қылмыстық процестегi мүлiктiк мәселелер 1 сағат Қылмыстық iс жүргiзудегi азаматтық талаптың мәнiн бiлу; iс жүргiзу шығындарының ұғымы мен мәнiн және түрлерiн білу; қылмыстық iс бойынша өндiрiс барысында кеткен шығындарды өтеу мен еңбекке ақы төлеу тәртiбi; iс жүргiзу мерзiмдерiнiң санау тәртiбi және қалпына келтiру тәртiбiн қарастыру. Құқықтық сот iсiн жүргiзудегi ақтаудың ұғымы, мәнi мен маңызын бiлу Қылмыстық iс жүргiзудегi азаматтық талаптың мәнi мен түрлерiн бiлу; қылмыстық iс бойынша азаматтық талаптың маңызы; қылмыстық iсте азаматтық талаптарды қарау тәртiбi және олар бойынша шешiм қыбылдау тәртiбi; азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердiң құқықтары мен мiндеттерi; iс жүргiзу шығындарының ұғымы мен мәнi және түрлерi; қылмыстық iс бойынша өндiрiс барысында кеткен шығындарды өтеу мен еңбекке ақы төлеу тәртiбi; iс жүргiзу мерзiмдерiнiң түрлерi, есептеу тәртiбi және қалпына келтiру тәртiбi; iс жүргiзу шешiмдерiн қабылдау және оларды бекiтетiн iс жүргiзу құжаттары институтын қарастыру. Құқықтық сот iсiн жүргiзудегi ақтаудың ұғымы, мәнi мен маңызын бiлу, қылмыстық iс жүргiзудi жүзеге асыратын органдардың тұлғаға келтiрiлген зиянды өтеудi қамтамасыз етудiң түрлерi мен тәртiбi. Қылмыстық іс жүргізудің мүліктік мәселелерін қарастыру, тиым салу жлдарын қарастыру
8 тақырып Ақтау, қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетімен келтірілген зиянды өтеу 1 сағат Айыпталушы (сезiктi) ретiнде тартылған адамды кiнәсiздiгiн тану жолымен ақтау Қылмыстық процестi жүргiзушi органның заңсыз iс-әрекетiнiң салдарынан келтiрiлген зиянның өтелуiне құқығы бар адамдар Зиянды өтеттiру құқығын тану. Мүлiктiк зиянды өтеу Моральдық зиянның зардаптарын жою Талап қою мерзiмдерi Заңды тұлғаларға зиянды өтеу Мүліктік және моральдық зиянның зардаптарын қалпына келіру, құқықтарды талап қою тәртібімен қалпына келтiру мәселелері
9 тақырып Қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету 1 сағат Судьялардың, алқабилердің, прокурорлардың, тергеушiлердiң, анықтаушылардың, қорғаушылардың, сарапшылардың, мамандардың, сот отырысы хатшыларының, сот приставтарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету   Куәлардың, сезiктiлердiң, айыпталушылардың және қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысушы басқа да адамдардың, олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының iс жүргiзу қауiпсiздiгiнiң шаралары Қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәжірибелік мәселелері
10 тақырып Қылмыстық іс бойынша іс жүргізугеқатысудың мүмкіндігін жоққашығаратын жағдай. Қарсылық білдіру 1 сағат Қарсылық бiлдiру және қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан шеттету туралы өтiнiштер. Қылмыстық процеске қатысудан босату Судьяға қарсылық бiлдiру,прокурорға қарсылық бiлдiру, тергеушi мен анықтаушыға қарсылық бiлдiру, сот отырысының хатшысы мен соттың приставына қарсылық бiлдiру   Қарсылық білдіруге байланысты істі тоқтату мәселелері
III бөлiм. 11тақырып Қылмыстық іс жүргізудегі Дәлелдемелер 2 сағат   Дәлелдемелер ұғымы, маңызы; дәлелдемелердiң қайнар көздері мен жiктелуi; дәлелдемелердi бағалау ережелерi мен тәртiбiн білу.     Дәлелдемелер iлiмiнiң негiзгi ережелерiн, оның ұғымын, мазмұнын, дәлелдемелердiң түрлерi мен жiктелуi; дәлелдемелердiң ұғымы мен маңызы; дәлелдеу процесi, оның кезеңдерi; дәлелдемелердi бағалау ережелерi мен тәртiбi. Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелерді сақтау, күшін жою, дәлелдеме ретінде іске тіркеу  
12тақырып Дәлелдеудің қылмыстық іс жүргізудегі негізі 2 сағат Дәлелдемелердi жинау, бекiту, тексеру және бағалау тәртiбiн меңгеру Дәлелдеу iлiмiнiң жалпы ережелерiн оның түсiнiгiн және мазмұнын бiлу, дәлелдеудiң элементтерi мен кезеңдерi; дәлелдемелердi жинау, бекiту, тексеру және бағалау тәртiбi; дәлелдемелердi жинау және зерттеу кезiнде ғылыми-техникалық құралдарды қолдану; жедел-iздестiру жолымен алынған мәлiметтердi дәлелдемелерге айналдыру тәртiбi; дәлелдемелердi бағалаудың тәртiбi мен ережелерi. Қылмыстық iс бойынша дәлелдемеде жедел iздестiру қызметiнiң нәтижелерiн пайдалану, Дәлелдеу процесіндегі ғылыми-техникалық құралдарды қолдану
IV бөлiм. 13 тақырып Iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеу шаралары 2 сағат Қылмыстық іс жүргізу барысында мәжбүрлеу шараларын қолдану себептері мен негіздері, бұлтартпау шараларын таңдау ерекшеліктері, таңдау барысында ескерілетін жағдайларды, сезіктіні ұстау негіздері мен мерзімдерін меңгеру. Мәжбүрлеу институтының мәнiн, ұғымы мен маңызын бiлу, оның түрлерi мен ерекшелiктерi; қылмыстық iстер бойынша қылмыстық сот iсiн жүргiзудегi мәжбүрлеу шараларын қолданудың шарттары негiздерi, тәртiбi; мәжбүрлеу шараларын қолдану кезiндегi тұлғаның құқықтары мен мүдделерiн сақтаудың iс жүргiзу кепiлдерiн қамтамасыз ету. Ұстау институтының негiзгi ережелерiн, мәнi мен орнын бiлу, сезiктiнi ұстау кезiнде ескерiлетiн мән-жайлар, негiздер шарттар; ұстау тәртiбi, тұлғаны ұстау орындарынан босату кезiнде оның құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтаудың iс жүргiзу кепiлдерiн қамтамасыз ету. Мәжбүрлеу жүйесiндегi қылмыстық iс жүргiзушiлiк бұлтартпаудың мәнi, ұғымы мен маңызын бiлу; бұлтартпау шараларының түрлерi, бұлтартпау шараларын қолдану ерекшелiктерi; қылмыстық iстер бойынша бұлтартпау шараларын қолданудың шарттары, негiздерi және тәртiбi; тұлғаларды қамауда ұстау мерзiмдерi мен мерзiмдердi ұзарту тәртiбi; бұлтартпау шараларын қолдану кезiнде айыпталушының (сезiкткнiң) құқықтары мен мүдделерiн сақтаудың iс жүргiзу кепiлдерiн қамтамасыз ету; бұлтартпау шарасын жою немесе өзгерту тәртiбi. Қылмыстық іс жүргізуде мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібін, түрлерін дұрыс таңдай білу
Барлығы 20 сағат      
VI бөлiм. 14 тақырып Қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу 2 сағат Қылмыстық істі қозғау немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешімді қылмыс оқиғасының орын алуына немесе алмауына байланысты дербес шешім шығара білу,     Қылмыстық іс қозғауға себептер мен негіздерді нақтылау. Қылмыстың оқиғасының, құрамының орын алуына байланысты қылмыстық іс қозғау және өз өндірісіне қабылдау туралы қаулы шығара білу немесе негіздердің орын алуына байланысты қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығару. Қылмыстық істі қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалау
15 тақырып Алдын-ала тергеу жүргізудіңжалпы шарттары 2 сағат Алдын-ала тергеудiң мiндеттілігi, Тергелу ретi Алдын ала тергеу жүргiзiлетiн жер Алдын ала тергеудi тергеушiлер тобының жүргiзуi Тергеу тобы жетекшiсiнiң өкiлеттiктерi Алдын ала тергеу жүргiзудiң басталуы Алдын ала тергеудiң аяқталуы Алдын ала тергеу мерзiмi Тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасы Прокурордың алдын ала тергеу барысындағы өкiлеттiктерi
16 тақырып Айыпталушы ретінде жауапқа тарту 1 сағат Айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулы, оның мазмұны, Айыпталушыдан жауап алу, оны шақырту, айып тағу, онымен таныстыру, қорғаушының қатысуы Айыпталышға тағылған айыптың негіздері, Айып тағуды өзгерту мен толықтыру. Қылмыстық iзге түсудi айып тағу бөлiгiнде қысқарту Айыпталушының келу мiндеттілігi Айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шығару және айып тағылу мерзімдерін ескеру, айыпталушы ретінде жаупқа тарту туралы қаулыға қойылған талаптарды ескеру. Айыпталушының ерікті айғақ беру кепілдігі
17 тақырып Тергеу әрекеттері 3 сағат Алдын-ала тергеу әрекеттің міндеттілігін білу, тергеу мен анықтау ерекшеліктері, алдын-ала тергеу жүргізудің тектік, аумақтық, дербес және аралас нысандарға бөле білу. Тергеу әрекеттерінің үғымы, оларды жүргізудің процессуалдық тәртібі мен реті Тергеу әрекеттерінің маңыздылығын білу, әрбір тергеу әрекеттеріне қойылған процессуалдық талаптарды білу, олардың жүргізілу ретін ескеру, куәгерлердің қатысуын және прокурордың санкциясын талап ететін тергеу әрекеттеріне көңіл бөлу. Жауап алу және беттестіру Кәмелетке толмаған куәдан немесе жәбiрленушiден жауап алудың ерекшелiктерi Тексеру, эксгумация және куәландыру Тану Тінту және алу Почта-телеграф жөнелтiлiмдерiн тұтқындау. Хабарламаларды жол-жөнекей ұстау. Сөйлесулердi тыңдау мен жазу Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау. Тергеу эксперименті Сот сараптамасы   Тергеу әрекеттерінің жүргізудің жалпы тәртібі
18 тақырып Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу 1 сағат Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу, оның тәртібі мен негіздері Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын жасау және қылмыстық істі прокурорға беру Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудің тәртібі, мән-жайларды анықтау үшін тексеріп қарау, алу, сараптама, арыз берушіге, көрген адамдарға және қылмыс жасаған адамға сұрау салынуы, құжаттар немесе өзге де материалдар талап етіп алыну   Прокурордың сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен келіп түскен қылмыстық іс бойынша іс-әрекеттері  
19 тақырып Алдын ала тергеудің аяқталуы 2 сағат Алдын ала тергеудің аяқталу ұғымы мен түрлері, Алдын ала тергеудiң аяқталуы Алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жасау не қылмыстық iстi медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн сотқа жiберу туралы қаулы, не қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады. Алдын-ала тергеудің аяқталу тәртібін және қойылған процессуалдық тәртіптерді сақтау, айыптау қорытындысының жасалу шарты, оған қойылған талаптарды меңгеру, тергеушінің тергеу аяқталғаннан кейінгі әрекеті.     Айыптау қорытындысымен келiп түскен iс бойынша прокурор шешетiн мәселелер Прокурордың айыптау қорытындысымен келiп түскен iс бойынша iс-әрекетi Айыпталушыны сотқа беру
20 тақырып Алдын ала тергеу ісін жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау 2 сағат   Алдын ала тергеу iсiн жүргiзу мiндеттi емес iстер бойынша анықтаудың тәртібі мен мерзiмдерi Анықтау барысында дәлелденуге жататын мән-жайлар Анықтау органдарының қызметі мен анықтау органдарының өкілеттігін меңгеру, ҚІЖК 65 бабына сәйкес анықтау органдарының шеңберін білу, алдын-ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтаудың мерзімін ескеру. Прокурордың анықтауды қадағалау жөніндегі өкiлеттiктерi
VII бөлiм. 21тақырып Бірінші сатыдағы сотта iс жүргiзу Соттылық. 2 сағат Iстердiң аумақтық (жергiлiктi) белгiсiне байланысты соттылықты ажырата білу, Қылмыстық істі соттылығы бойынша жіберу   Соттылықтың ұғымы, маңызы және түрлерi. Iстердiң пәндiк (тектiк) белгiге байланысты соттылығын білу. Iстердiң жеке дербестiк субъект белгiне байланысты соттылығы. Iстi iс жүргiзуге қабылдаған соттың қылмыстық iстi соттың қарауына жатқызылуы бойынша беруi Қылмыстық істерді біріктіру кезінде соттылықты белгілеу. Сот қаралуына жататындығы туралы дауларды шешу
22 тақырып Басты сот талқылауының жалпы шарттары Басты сот талқылауын тағайындау 2 сағат Сот талқылауының тiкелей және ауызша болуы Iстi талқылау кезiнде сот құрамының өзгертiлмеуi Талқылау үшiн ұзақ уақытты қажет ететiн iстi қарау кезiнде запастағы судья тағайындалуы Басты сот талқылауында шығарылатын шешімдер Төрағалық етушiнiң басты сот талқылауындағы өкiлеттiгi Сотталушы адамның басты сот талқылауына қатысуы Қорғаушының басты сот талқылауына қатысуы Басты сот талқылауын тағайындаудың процессуалдық тәртібі мен мерзіміне көңіл бөлу, басты сот талқылауындағы шығарылатын шешімдерді білу. Сот отырысын кейінге қалдыру негіздері мен себептері
23 тақырып Басты сот талқылауы 2 сағат Басты сот талқылауының ұғымы мен кезеңдері, дайындық бөлімі, сот тергеуі, сот жарыссөзі, сотталушының соңғы сөзі, үкім Басты сот талқылауы сатысының маңыздылығына көңіл аудару, үкімнің негізділігі мен заңдылығын білу. Жеке айыптау істері бойынша қылмыстық істі қозғау ерекшеліктеріне көңіл аудару. Соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi
VIII бөлiм. 24 тақырып Соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау 2 сағат Апелляциялық, кассациялық сатыларды ажырату, шағымдану және наразылық білдіру негіздерін меңгеру Апелляциялық, кассациялық сатылардың тараптарға беретін кепілдіктерін ескеру, тараптардың шағымдану және наразылық білдіру мерзімдерін білу, кассациялық, апелляциялық сатының пәні мен шегін қарастыру. Апелляциялық, кассациялық сатылардың ерекшеліктері
IХ бөлiм. 25 тақырып Сот шешімдерін орындау 1 сағат Сот шешімдерін, оның орындалу тәртібін, мерзімін меңгеру Үкімнің заңды күшіне енуі және оны орындауға кірісу Үкімнің орындалу мерзімдерін ескеру, процессуалдық негіздердің орын алуына байланысты үкімнің орындалуын кейінге қалдыру салдарын білу. Үкiмдi орындауға кiрiсу жайында сотталушының туған-туысқандары мен азаматтық талапкерге хабарлау Сот шешімдерін орындау барысындағы қылмыстық іс жүргізу қағидаларының жүзеге асуы, сот шешімдерін орындау органдарының ролі
Х бөлiм. 26 тақырып Соттың заңды күшіне енген шешімдерін қайта қарау 2 сағат Қадағалау, жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты сатылардың пәні мен шегін білу Заңды күшіне енгеннен кейін қайта қаралуы мүмкін сот актілері Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын қайта қарау негіздері   Қадағалау сатысының тараптарға беретін кепілдіктерін ескеру, тараптардың шағымдану және наразылық білдіру мерзімдерін білу, қадағалау сатысының пәні мен шегін қарастыру. Жанадан ашылған мән-жайларға байланысты iс жүргiзудi қайта бастау сатысының тараптарға беретін кепілдіктерін ескеру, тараптардың шағымдану және наразылық білдіру мерзімдерін білу, жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты iс жүргiзудi қайта бастау сатысының пәні мен шегін қарастыру. Қадағалау, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша, апелляциялық және кассациялық істер бойынша істі қайта қарау ерекшеліктері
ХI бөлiм. 27 тақырып Қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша іс жүргізу 2 сағат Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы іс жүргізу тәртібі, кәмелетке толмаған сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу. Артықшылықтары мен қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдардың істері бойынша іс жүргізу. Айғақ беруден дипломатиялық иммунитет Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша iс жүргiзу тәртiбi мен ерекшеліктерін білу, ҚР Парламентi депутаттары, ҚР Конституциялық Кеңесi Төрағасы мен мүшелерi, судьялар, ҚР Бас Прокуроры, дипломатиялық иммунитетке не тұлғаларға қытысы алдын-ала тергеу жүргiзу тәртiбiн меңгеру. Кәмелетке тоолмағандарға қатысты сот ісін жүргізу артықшылықтары мен қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдарға бұлтартпау шараларын таңдау ерекешілктері,
ХII бөлiм. 28 тақырып Айырықша iс жүргізу 2 сағат Медициналық сипат мәжбүрлеу шарасын қолдану мәселелерін меңгеру, қылмыстық процестi жүргiзушi органдардың шет мемлекеттердiң қылмiстер бойынша құзыреттi мекемелер және лауазымды адамдарымен өзара iс-қимылының тәртiбiне көңіл бөлу, жазасын өзi азаматы болып табылатын мемлекетте өтеу үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамды беру мәселелерін талқылау. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнiндегi өндiрiстiң негiздерi мен iс жүргiзушiлiк тәртiбiн білу, қылмыстық процестi жүргiзушi органдардың шет мемлекеттердiң қылмыстық iстер бойынша құзыреттi мекемелерiмен және лауазымды адамдарымен өзара iс-қимылының тәртiбi туралы негiзгi ережелерге көңіл бөлу, жазасын өзi азаматы болып табылатын мемлекетте өтеу үшiн бас бостандығынаң айыруға сотталған адамды беру; берудiң шарттары мен тәртiбiн меңгеру. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың тәжірибелік орны
ХIII бөлiм. 29 тақырып Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс жүргізу 2 сағат Алқабилердің қатысуымен сот отырысын тағайындау ерекшеліктерін, оның құрамын білу, сот талқылауына қатысу үшін алқабиге кандидаттарды іріктеуді талқылау. Алқабилердің қатысуымен соттың істі талқылау ерекшеліктері. Кассациялық сатыдағы және қадағалау сатысындағы сотта іс жүргізу ерекшеліктері Алқабилерді таңдау, іріктеу, сот отырыснда қатысушыларға сұрақ қою, кеңесу бөлмесінде шешілетін сұрақтар
Барлығы 30 сағат      

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 835; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.034 сек.