Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Глоссарий 1 страница




«процеске қатысушылар» - қылмыстық iзге түсудi және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өздерiнiң немесе өздерi бiлдiретiн құқықтар мен мүдделердi қорғайтын адамдар: прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы, сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер, оның заңды өкiлi мен өкiлi, жәбiрленушi, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi;

«қылмыстық процестi жүргiзушi орган» - сот, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iстi сотқа дейiн жүргiзу кезiнде прокурор, тергеушi, анықтау органы, анықтаушы;

«тараптар» - сот талқылауында бәсекелестiк пен тең құқықтылық негiзiнде айыптауды (қылмыстық iзге түсудi) және айыптаудан қорғауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар;

«айыптау тарабы» - қылмыстық iзге түсу органдары, сондай-ақ жәбiрленушi (жеке айыптаушы), азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi;

«қылмыстық iзге түсу (айыптау)»- қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кiнәлiлiгiн анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшiн айыптау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi;

«қылмыстық iзге түсу органдары» - прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы;

сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу - анықтау органының, анықтаушының, тергеушінің осы Кодексте белгіленген өкілеттіктері шегінде сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны;

«анықтау» - анықтау органдарының осы Кодекспен белгiленген өкiлеттiк шегiнде iстiң мән-жайының жиынтығын анықтау, белгiлеу, бекіту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейiнгi қызметiнiң iс жүргiзу нысаны;

«қорғау» - қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңiлдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық iзге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi;

«жақын туыстар» - ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, бiрге туған және бiрге тумаған туыс аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, атасы, әжесi, немерелерi;

«қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар» - сот отырысының хатшысы, аудармашы, көрген адам, куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы;

«қылмыстық iс» - жасалды деп жорамалданған бiр немесе бiрнеше қылмыстар бойынша қылмыстық iзге түсу органы мен сот жүргiзетiн оқшауландырылған iс жүргiзу;

«iс бойынша iс жүргiзу» - қозғау, сотқа дейiнгi дайындау, сотта талқылау және соттың үкімін (қаулысын) орындау барысында нақты қылмыстық iс бойынша жүзеге асырылатын iс жүргiзу әрекеттерi мен шешiмдерiнiң жиынтығы;

«қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу» - қылмыстық iс қозғалған кезден бастап оны мәнi бойынша қарау үшiн сотқа жолдағанға дейiн қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу (анықтау және алдын ала тергеу), сондай-ақ қылмыстық iс бойынша жеке айыптаушы мен қорғау тарабының материалдар дайындауы;

«iстiң материалдары» - iстiң құрамдас бөлiгi болып табылатын немесе оған қосу үшiн ұсынылған құжаттар мен заттар, хабарлаулар, сондай-ақ iс бойынша жағдайды белгiлеу үшiн маңызы болуы мүмкiн құжаттар мен заттар;

«iс жүргiзу әрекеттерi» - осы Кодекске сәйкес қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында жүргiзiлетiн iс-әрекеттер;

«хаттама» - қылмыстық процестi жүргiзушi орган жасаған iс жүргiзу әрекетi көрсетiлетiн iс жүргiзу құжаты;

«iс жүргiзу шешiмдерi» - өз құзыреттерi шегiнде қылмыстық процестi жүргiзушi органдар шығаратын және осы Кодексте айқындалған нысанда көрiнiс табатын қылмыстық iс жүргiзу құқығын қолдану актілері - үкiмдер, қаулылар, қорытындылар, ұсыныстар, санкциялар;

«қаулы» - соттың үкiмнен басқа әртүрлi шешiмдерi, анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында, сондай-ақ сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу шеңберінде қабылданған шешiмдерi;

«үкiм» - айыпталушының кiнәлiлiгi немесе кiнәсiздiгi және оған жаза қолдану немесе қолданбау туралы мәселе бойынша бiрiншi сатыдағы соттың басты сот отырысында немесе апелляциялық соттың талқылауында шығарылған сот шешiмi;

«қорытынды шешiм» - қылмыстық процестi жүргiзушi органның iс бойынша iс жүргiзудiң басталуын немесе жалғастырылуын болдырмайтын, сондай-ақ, түпкiлiктi болмаса да, iстi мәнi бойынша шешетiн әртүрлi шешiмдерi;

«санкция» - прокурордың, соттың сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында қылмыстық iзге түсу органы қабылдаған iс жүргiзу шешiмiн бекіту актiсi;

«түсiндiру» - процеске қатысушылар мен мәлiмдеушiлердiң өзiнiң дәмесiн немесе өздерi өкiлi болған адамдардың дәмесiн негiздеу үшiн келтiрiлген ауызша немесе жазбаша дәйектемесi;

«шағым, наразылық» - процеске қатысушылардың анықтау, алдын ала тергеу, прокурор немесе соттың iс-әрекетiне өздерiнiң құзыретi шегiнде және осы Кодексте белгiленген тәртiппен енгiзiлген көңiл аудару актiсi;

«өтініш жасау» - тараптың немесе арыз берушінің қылмыстық процесті жүргізуші органға жолданған іс-жүргізу іс-әрекеттерін жүргізу немесе іс жүргізу шешімін қабылдау туралы өтініші, ал қадағалау сатысында - қадағалау іс жүргізуін қозғау және заңды күшіне енген сот актісін қайта қарау туралы жолданым;

«ғылыми-техникалық құралдар» - дәлелдердi анықтау, көрсету, алу және зерттеу үшiн заңды түрде қолданылатын аспаптар, арнаулы жабдықтар, материалдар;

«арнаулы білім» - адам кәсiби оқудың не практикалық қызметтің барысында алған, қылмыстық сот iсiн жүргiзу мiндеттерiн шешу үшiн пайдаланылатын қылмыстық сот iсiн жүргiзудегi жалпы жұртқа белгiлi емес білім;

«арнаулы ғылыми білім» - сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерінде іске асырылған, мазмұны ғылыми білімді құрайтын арнаулы білім саласы;

«баспана» - бiр немесе бiрнеше адамның уақытша немесе тұрақты тұруына арналған үй-жай немесе құрылыс, оның iшiнде: меншiктi немесе жалға алынған пәтер, үй, саяжай үйi, мейманхана нөмiрi, каюта, көп пәтерлi үйлердi қоспағанда, оларға тiкелей жалғасатын тұрғын үйлердiң верандалары, террасалары, галереялары, балкондары, жертөлесi және шатыры, сондай-ақ өзен немесе теңiз кемесi;

«түнгi уақыт» - жергiлiктi уақыт бойынша сағат жиырма екiден алтыға дейiнгi уақыт аралығы.

 


Білімді бағалаудың жалпы шкаласы

Аттестациялық әріптік баға Баллдардың сандық эквиваленті Оқу пәнін игерудің %-дық мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша баға
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық  
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F   0-49   Қанағаттанарлықсыз

 

Пән бойынша қорытынды баға %-дық өлшемде анықталады:

 

АЕ1 + АЕ2

Қ % = --------------- × 0,6 + Е × 0,4

 

 

Яғни:

АЕ1 - 1 аралық емтиханның пайыздық өлшемі

АЕ2 - 2 аралық емтиханның пайыздық өлшемі

Е - емтихандық бағаның пайздық өлшемі

 

 

Келісу парағы

Қызметі Аты-жөні Мерзім Колы
       
       
       
       
       
       
       

Танысу парағы

Қызметі Аты-жөні Мерзім Колы
       
       
       
       
       
Өзгерістерді тіркеу парағы
Өзгеріс № Өзгеріс туралы хабарлу № Парақтар № Паратардың барлығы (өзгерістерден кейін) Енгізу мерзімі Өзгерістер енгізушінің аты-жөні Өзгеріс енгізушінің қолы
өзгертілген ауыстырылған жаңа Алынып тасталған
                   
                   
                   
                   
                   
                   

Мерзімді тексерулерді тіркеу парағы

Тексеру мерзімі Тексерушінің аты-жөні Тексерушінің қолы Ескертулер
       
       
       
       
       
       
       

 

 

Курстық жұмыс тақырыптары

1. Қылмыстық процесс мемлекеттiк қызмет түрi ретiнде

2. ҚIЖ құқығының басқа құқық салалары және ғылыми пәндермен ара қатынасы

3. ҚР қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң адамгершілік бастаулары

4. ҚIЖ реттеу механизмiндегi мәжбүрлеу және жауаптылық

5. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тарихындағы ҚIЖ функцияларының қазiргi күйi және болашақ дамуы

6. Қылмыстық процесте функцияларды бөлудiң мәнi

7. Адамның қадiр-қасиетi мен ар-ожданын құрметтеу

8. Қылмыстық iстер жүргізу барысында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау

9. Судьялардың тәуелсiздiгi

10. Сот төрелiгiн сот пен заң алдындағы тең құқылық негiзiнде жүзеге асыру

11. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграфтық өзге де хабарламаларға қол сұғылмайтындығы

12. Коммерциялық не өзге ұйымның арызы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту

13. Қылмыстық сот iсiн жүргiзушi мемлекеттiк органдар жүйесiндегi соттың орны

14. Прокурорлық қадағалаудың нысандары, тәртiбi

15. Айыпталушы, сезiктi. Олардың iс жүргiзушiлiк жағдайларындағы айырмашылық?

16. Қылмыстық процеске қатысушы өзге де тұлғалардың ролi

17. Қылмыстық iстердi бiрiктiру мен бөлектеудiң ұғымы, негiздері мен шарттары

18. Қылмыстық iстердi бiрiктiрудiң iс жүргiзу тәртiбi

19. Қылмыстық iстi бөлектеудiң iс жүргiзу тәртiбi

20. Қылмыстық iсті тоқтату және қайта бастау ұғымы, негiздерi және шарттары

21. Уақытша тоқтатылған қылмыстық iс бойынша айыпталушыны iздеу

22. Қылмыстық iстi қысқарту

23. Қылмыстық iстегi құпиялылықты сақтау

24. Азаматтық талаптың ұғымы, мәнi және маңызы

25. Азаматтық талап қою және шешу тәртiбi

26. Материалды зиянды өтеудi қамтамасыз ету бойынша қылмыстық iзге түсудi жүзеге асыратын органдардың iс-әрекетi

27. Зиянды өтеу негiздерi, шарттары, мөлшерi мен тәсiлi туралы ережелердi қолдану

28. Қылмыстық процесте қаралатын азаматтық талаптар

29. Iске азаматтық талапкер және жауапкер ретiңде қатысу

30. Iс жүргiзу шығындары

31. Қылмыстық iс бойынша шығындарды өтеу және еңбекке ақы төлеу

32. Iс жүргiзу мерзiмдерiнiң ұғымы, маңызы және түрлерi: оларды есептеу тәртiбi, ұзарту мен қалпына келтiру

33. Iс жүргiзу құжаттарының ұғымы, түрлерi, маңызы және мазмұны

34. Қылмыстық процестегi iс жүргiзушiлiк шешiмдердiң құқықтық мәнi

35. Іс жүргізу барысындағы шешiмдер және фактiлiк негiздерi

36. Iс жүргiзу шешiмдерiнiң заңдылығы, негiздiлiгi, дәлелдiлiгi мен әдiлдiгiнiң ара-қатынасы

37. ҚIЖ-дегi ақтаудың ұғымы

38. Зиянды өтетуге құқығы бар тұлғалар

39. Қылмыстық процестi жүргiзушi органның заңсыз iс-әрекеттерi келтiретiн зиян түрлерi

40. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган заңсыз iс-әрекеттерi келтiрген зиянын есептеу тәртiбi

41. Қылмыстық процестi жүргiзушi органның заңсыз iс-әрекеттерiмен келтiрiлген зиянды өтеудiң iс жүргiзушiлiк тәртiбi

42. Қылмыстық процеске қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң ұғымы, мәнi мен мазмұны

43. Қылмыстық процеске қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң құқықтық негiзi

44. Қорғалатын және қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн органдардың құқықтары мен мiндеттерi

45. Қауiпсiздiк шараларының түрлері

46. Қылмыстық процеске қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң ұйымдастырушылық негiздерi

47. Қауiпсiздiк шараларын қолдану мен жоюдың тәртiбi

48. Қылмыстық iс жүргiзуге қатысудан шеттеуге өтiнiш жасау және қарсылық бiлдiру

49. Қылмыстық iс жүргiзуге қатысудан босатудың тәртiбi

50. Қылмыстық iс бойынша өндiрiстi жүргiзушi органның және лауазымды тұлғаның шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне шағымдану

51. Шағым беру мерзiмдерi мен тәртiбi

52. Шағым беруге байланысты шешiмнiң орындалуын тоқтата түру

53. Дәлелдемелердiң ұғымы мен мәнi

54. Таным теориясы – дәлелдемелер теориясының негiзi

55. Қылмыстық iс жүргiзудегi ақиқаттың ұғымы мен мазмұны

56. Қылмыстық iс бойынша ақиқатты анықтаудың iс жүргiзудегі кепiлдiктерi

57. Дәлелдемелердiң ұғымы мен қайнар-көздерi

58. Дәлелдемелер мен жедел iздестiру жолымен алынған мәлiметтердiң ара-қатынасы

59. Дәлелдемелердiң қасиеттерi

60. Дәлелдемелердiң жiктелуi

61. Дәлелдеу: ұғымы мен элементтері

62. Дәлелдеу міндеттілігі

63. Дәлелдеу пәнi мен шегi

64. Дәлелдеу процесi

65. Дәлелдемелердi бағалаудың ұғымы мен өлшемдерi. Iшкi сенiмнiң дәлелдемелердi бағалаудың мәнi

66. Дәлелдеудi ғылыми-техникалық құралдарды қолдану

67. Қылмыстық iс жүргiзуде дәлелдемелердi пайдалану iс жүргiзушiлiк тәртiбi

68. Дәлелдеудегi жедел-iздестiру мәлiметтерiн пайдалану

69. Iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеу шараларын қолдану кезiндегi процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң кепiлдiктерi

70. ҚIЖ мәжбүрлеу ұғымы, мәнi, маңызы және түрлерi

71. Iс жүргiзу мәжбүрлеу шараларының құралдарын қолданудың жалпы шарттары, жүйесi, механизмi

72. Қылмыстық iс жүргiзудiң кейбiр субъектiлерiне қытысты ҚIЖ мәжбүрлеуiн қолданудың ерекшелiктерi

73. Iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеу шараларының өзге де түрлерiн қолданудың негiздерi

74. Мүлiкке тиым салу

75. Ұстаудың негiздерi, шарттары, мақсаттары мен себептерi

76. Азаматтардың қылмыс жасаған адамды ұстауға құқығы

77. Қылмыс жасады деп сезiк келтiрген адамды ұстаудың iс жүргiзушiлiк тәртiбi

78. Ұсталған адамды жеке тiнту

79. Қылмыс жасады деген сезiкпен ұсталған адамды босатудың негiздерi

80. Қылмыс жасады деген сезiкпен ұсталғандарды қамауға ұстау тәртiбi

81. Ұсталған адамның туған-туысқандарына ұстау туралы хабарлау

82. Бұлтартпау шараларының ұғымы мен түрлерi

83. Бұлтартпау шараларын қолданудың негiздерi мен шарттары

84. Бұлтартпау шарасын таңдау кезiнде ескерiлетiн мән-жайлар

85. Бас бостандығымен байланысты емес бұлтартпау шаралары

86. Сотқа дейiнгi бас бостандығынан айрудың түрлерi

87. Сезiктiге қатысты бұлтартпау шарасын қолдану ерекшелiктерi

88. Бұлтартпау шараларын қолдану тәртiбi

89. Қамау мерзiмдерi мен оларды ұзарту тәртiбi

90. Бұлтартпау шарасын жою немесе өзгерту

91. Қылмыстық қозғау сатысының ұғымы, мәнi, маңызы және мақсаттары

92. Қылмыстық iстi қозғау себептерi мен негiздерi

93. Қылмыстық iстi қозғау туралы мәселенi шешуге құзыреттi органдар мен лауазымды тұлға

94. Қылмыстар туралы арыздар мен хабарлауларды қабылдау, тiркеу және қарау тәртiбi

95. Қылмыстар туралы арыздар мен хабарлауларды алдын-ала тексеру

96. Қылмыстық iс қозғау тәртiбi

97. Қылмыстық iс қозғаудан бас тартудың негiздерi мен тәртiбi

98. Қылмыстық iстi қозғау сатысындағы заңдардың орындалуы бойынша прокурорлық қадағалау

99. Алдын-ала тергеу сатысының ұымы, мәнi, мiндеттерi мен маңызы

100. Алдын-ала тергеу жүргiзудiң жалпы шарттары

101. Алдын-ала тергеу нысандары

102. Тергеу ретi ұғымы және оның белгiлерi

103. Алдын-ала тергеу

104. Анықтау және оның түрлерi

105. Алдын-ала тергеудi тергеушiлер тобының жүргiзуi

106. Алдын-ала тергеудiң басталуы мен жүргiзiлетiн орны

107. Алдын-ала тергеу мерзiмдерi

108. Алдын-ала тергеу жүргiзу мiндеттi iстер бойынша анықтау органдарының iс-әрекетi

109. Айыпталушы ретiнде жауапқа тартудың ұғымы, маңызы және негiздерi

110. Айып тағу және айыпталушыдан жауап алу

111. Айыпталушы ретiнде жауапқа тарту қаулысының нысаны мен мазмұны

112. Айыпталушы ретiнде жауапқа тарту тәртiбi

113. Айыпты қорғаушының қатысуымен тағу: негiздерi мен iс жүргiзушiлiк тәртiбi

114. Айыптауды өзгерту және толықтыру негiздерi мен тәртiбi. Қылмыстық iзге түсудi айып тағу бөлiгiнде қысқарту

115. Тергеу iс-әрекеттерiнiң ұғымы мен жүйесi

116. Тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзудiң жалпы ережелерi

117. Жауап алу мен беттестiрудi жүргiзудiң ұғымы, түрлерi және iс жүргiзушiлiк тәртiбi

118. Тексеру, эксгумация және куәландыру – ұғымы мен мазмұны

119. Тану үшiн ұсынудың ұғымы, түрлерi, шарттары мен iс жүргiзу тәртiбi

120. Тiнту және алудың ұғымы, түрлерi және iс жүргiзу тәртiбi. Тiнтудiң алудан айырмашылығы

121. Хат-хабарларды тұтқындау, хабарламаларды жолдан ұстау, сөйлесулердi тыңдау мен жазу

122. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау мен тергеу экспериментiнiң ұғымы, түрлерi, шарттары және iс жүргiзу тәртiбi

123. Сараптама тағайындау тәртiбi

124. Сараптамалық зерттеу үшiн үлгiлер алу кезiнде тұлғаның құқықтарын қорғау

125. Алдын-ала тергеудiң аяқталу ұғымы мен нысандары

126. Қылмыстық iс материалдарын жүйелендiру нысандары. Қылмыстық iстi тiзбектеудi құрастыруға қойылатын талаптар

127. Жәбiрленушiнi, азаматтық талапкер мен жауапкердi, олардың өкiлдерiн iс материалдарымен таныстыру

128. Айыпталушы мен оның қорғаушысының iс материалдарымен танысуы

129. Айыптау қорытындысы, оның мазмұны мен нысаны

130. Айыпталушыны сотқа беру

131. Қылмыстық iстi қысқартудың ұғымы, негiздерi мен iс жүргiзу тәртiбi

132. Қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулыға шағым келтiру

133. Тұлғаға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн iстi сотқа жiберу

134. ҚIЖ-дегi тездетiлген анықтаудың ұғымы, мәнi және маңызы

135. Анықтауды жүргiзудiң шарттары мен тәртiбi

136. Анықтау мерзiмдерi мен оларды ұзарту тәртiбi

137. Анықтау барысында дәлелденуге жататын мән-жайлар

138. Анықтаудың тергеуге ауысу негiздерi мен тәртiбi

139. Айыптау хаттамасын жасау және iстi сотқа жiберу үшiн прокурорға беру

140. Анықтауға қадағалау жасау бойынша прокурордың өкiлеттiктерi

141. Басты сот талқылауы сатысының мәнi, маңызы және мiндеттерi

142. Басты сот талқылауының жалпы шарттарының ұғымы мен маңызы

143. Басты сот талқылауының тiкелей, ауызша және үздiксiз жүргізілуі. Сот құрамының өзгермеуі




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 1136; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.