Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жалпы ережелер 1 страница




Ресми басылым

Олдану саласы

НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

ОРЫНДАУ ЕРЕЖЕСІ

Енгізу күні 2009. 09. 01

Осы стандарт жоғары оқу орындарында диплом жұмыстарын (жобаны) орындау ережесіне талаптар қояды.

Осы стандарттың ережелерін ҚР жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарында, олардың ведомстволық бағыныштылығына, ұйымдық-құқықтық нысандарына, оқыту түрлеріне, мәртебесіне қарамастан қолдануға және сақтауға міндетті.

Осы стандарт жоғары оқу орындарында бітіруші курс оқушыларының диплом жұмыстарын (жобаларды) жазу және қорғау талаптары анықталғанда, жоғары оқу орнында мемлекеттік аттестациялауды және аккредитация өткізу барысында қолданылады.

Осы стандарт сонымен қатар мына жағдайда пайдаланылады:

а) жоғары оқу орындарының қызметін іштей және сырттай бағалау (аудит) үшін;

б) нормативтік құжаттарға сәйкесті әзірлеушілерге.

2 Нормативтік сілтемелер

 

Осы стандартта келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер жасалынған:

2.1 Қазақстан Республикасының 2007 ж. 27.07. № 389-1 «Білім Туралы» Заңы;

2.2 Қазақстан Республикасының 2004 ж. 9 қарашадағы № 603- II; «Техникалық реттеу» Заңына;

2.3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005ж. 2 наурыздағы № 195 қаулысымен бекітілген жоғары кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырушы ұйымдардың типтік ережелері;

2.4 МЖМБС 5.03.001-2004 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғары кәсіптік білім. Бакалавриат. Негізгі ережелері (Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің 2004 ж.30 сәуірдегі № 380, № 1 өзгерістері бар 2005 ж. 23.09. № 644 бұйрығы);

 

2.5 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2006 ж. 7 қыркүйектегі № 481 бұйрығымен бекітілген, білім беру ұйымдарында оқушыларды ағымдағы бақылаудан, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестациядан өткізу ережелері;

2.6 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2007 ж. 22 қарашасындағы № 566 бұйрығымен бекітілген кредиттік технология бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру ережесі.

 

3 Анықтамалар

Осы стандарта МЖМБС 5.03.001-2004, ҚР MБ 08-2004 Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Техникалық реттеу» Заңдарына сәйкес, терминдер мен анықтамалар қолданылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2006 ж. 7 қыркүйектегі № 481 бұйрығымен бекітілген, білім беру ұйымдарында оқушыларды, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестациядан өткізу ережелері.

 

4.1 Осы стандарттың мақсаты, диплом жұмыстарына ұсынылған (жоба) жалпы талаптарды анықтау болып табылады.

4.2 Диплом жұмысы (жоба) жазбаша бітіру жұмысы болып табылады, егер де бұл мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында және мамандықтардың оқу жоспарында қарастырылған болса, жоғары оқу орнында оқушылар оқудың соңғы аяқталу кезеңінде орындайды.

4.3 Диплом жұмысы (жоба) мынадай мақсатта әзірленеді:

1) мамандық бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын жүйелеуге, бекіту мен кеңейтуге және нақты ғылыми, техникалық, экономикалық, өндірістік, сонымен қатар мәдени мақсаттарды шешуге;

2) ғылыми зерттеу әдісін меңгеру және өз бетінше жұмыс жүргізе алу мен мәселелерді шешу кезіндегі эксперимент жүргізу дағдыларын дамыту;

3) студенттің қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника, мәдениет және кәсіби құзырлылық жағдайындағы өзбетілік жұмысқа дайындығын анықтау;

4.4 Диплом жұмысы (жоба) белгілі бір мамандық пен ғылым саласының бір өзекті мәселесін, зерттеу және өзбетінше ізденіс нәтижелерін қорытындылайды;

4.5 Диплом жұмысы ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындалады және мына келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

4.5.1 ғалымдармен, аналитиктермен, практиктермен, атап айтқанда, инженерлермен, конструкторлармен, менеджерлермен, экономистермен бірге өткізілген зерттеулер мен жобалар шешімдерінің қорытындылануы;

4.5.2 зерттелген объектілер бойынша ғылыми негізделген теориялық тұжырымдардың болуы;

4.5.3 нақты мәселелерді шешуді қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелердің болуы;

 

5 Диплом жұмысының (жобанын) тақырыптарына қойылатын талаптар

5.1 Диплом жұмысының тақырыптары (жоба) қазіргі жағдай мен болашақтағы ғылымның, техника мен мәдениеттің дамуына сай болып, мазмұны жағынан 4.5 баптағы талаптарға жауап беруі қажет;

Диплом (жоба) жұмыстарының тақырыптарын анықтағанда, өндіріс, ғылым және мәдениеттің мәселелері мен шынайы міндеттерін есепке алу ұсынылады.

5.2 Диплом (жоба) жұмысының тақырыптары мамандықтарға және мамандарды даярлау профильдеріне сәйкес болуы қажет.

5.3 Диплом (жоба) жұмысының тақырыптары шығарушы кафедрада әзірленеді және жоғары оқу орнының ғылыми кеңесінде қаралып бекітіледі (факультет).

5.4 Диплом (жоба) жұмысы тақырыптарының 30%-ы жыл сайын жаңартылып отырылуы тиіс.

5.5 Техникалық жоғары оқу орындарында дипломның жобасы факультет деканы ұсыныс жасаған жағдайда ғана ректордың рұқсатымен алмастырылады. Бұл жағдайда дипломдық жұмыс ғылыми-зерттеушілік сипатта болып, оның есептік-графикалық бөлімі болуы қажет.

5.6 Студент диплом жұмысының (жобаның) тақырыбын бекітілген тақырыптардан тандайды.

Студентке бекітілген тақырыптардан да тыс тақырыпқа диплом жұмысын (жобаны) орындау құқығы беріледі. Мұндай жағдайда студент таңдаған тақырыбының негіздері дәлелденғен тұжырымдамасын немесе осы тақырыпқа тапсырыс берген мекеменің хатын кафедраға тапсыруы керек.

Сырттай бөлімде оқушыға диплом жұмысын (жобаны) өндірістік қажеттілікке сәйкес таңдап алуына рұқсат беріледі.

5.7 Студентке диплом жұмысының тақырыбы диплом жұмысы қорғалатын оқу жылының басында жоғары оқу орнының ректорының бұйрығымен бекітіледі.

Диплом алды практика аяқталысымен диплом жұмысының (жобаның) тақырыбы қажетті жағдайларда шығарушы кафедраның ұсынысымен өзгертілуі, нақтылануы, түзетілуі мүмкін.

 

6 Диплом жұмысының (жобаның) жазылу ережелеріне қойылатын талаптар

6.1 Диплом жұмысын (жоба) жазу үшін кафедраның ұсынуымен әр студентке ғылыми жетекші тағайындалады;

6.2 Диплом жұмысының (жоба) ғылыми жетекшілері болып профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар мен сол жоғары оқу орнының ғылыми қызметкерлері және басқа ұйымдардың ғылыми зерттеу, басылым салалары студенттің мамандығына сәйкес келетін жоғары білікті мамандары тағайындалады;

6.3 Диплом жұмысының (жобаның) жетекшісі:

1) диплом жұмысына (жобаға) тапсырма береді;

2) студентке диплом жұмысының (дипломның жобалануы) орындалуының барлық кезеңіне күнтізбелік кесте кұруға көмектеседі;

3) студентке негізгі қажетті әдебиеттерді, анықтамалық және архивтік материалдарды, тақырыпқа қажетті типтік жoбaлаp және басқа да дерек көздерін ұсынады;

4) барысында студенттің күнтізбелік кестесінің орындалуын қадағалайтын ағымдық бақылау жүзеге асырылатын консультация кестесін құрады;

5) диплом жұмысының (жобаның) барлық тарауының көлемін белгілейді және диплом жазушы мен консультанттың жұмысын үйлестіреді.

6.4 Диплом жұмысына (жоба) тапсырма студенттердің дайындаған бастапқы материалдар мен дерек көздерінің сипаттамаларынан, сұрақтар тізімінен, ұсынылатын әдебиеттер тізімінен, кестелік материалдардың тізімінен (таблица, диаграмма, схема), диплом жұмысының (жоба) күнтізібелік кестесінен тұрады.

Диплом жұмысының (жоба) тапсырмасын кафедра меңгерушісі аяқталу мерзімін көрсете отырып бекітеді. Диплом жұмысынын (жоба) тапсырмасы диплом жұмысына нөмірсіз (жобаға) тігіледі.

6.5 Жекелеген тараулардың кезекпен орындалуы көрсетілген жұмыстың күнтізбелік кестесі барлық кезеңдерге құрылады және ғылыми жетекшімен келісіледі.

6.6 Қажет болған жағдайда диплом жұмысының (жобаның) ғылыми жетекшісінің ұсынуымен кафедра диплом жұмысының (жобанын) жекелеген тараулары бойынша ғылыми жетекшіге бөлінген уақыты есебінен консультанттар шақырады.

6.7 Консультант ретінде профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар, осы жоғары оқу орнының ғылыми қызметкерлері, басқа да ұйымдардың жоғары білікті мамандары мен ғылыми қызметкерлерін де тағайындауға болады. Консультанттар өздеріне белгіленген тарауларын тексеріп, қолын қояды.

6.8 ІІІығарушы кафедра диплом жұмысы (жоба) орындалмас бұрын әдістемелік нұсқау әзірлеп, студенттерді қамтамасыз етулері қажет, диплом жұмысының (жобаның) орындалуына ұсынылған талаптар мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартының мамандықтарына сәйкес болуы тиіс.

6.9 Кафедра меңгерушісі диплом жұмысының (жоба) орындалуы бойынша студенттің есеп беру мерзімін белгілейді. Бұл мерзімдерде студент ғылыми жетекшінің алдында және кафедра меңгерушісіне есеп береді, осы есеп бойынша диплом жұмысының (жобаның) дайындық дәрежесі назарға алынып, факультет деканына мәлімет ретінде беріледі.

6.10 Диплом жұмысы (жоба) мамандық бойынша негізгі әдебиеттерді терең зерттеу арқылы орындалады (оқулықтар, көмекші оқулықтар, монографиялар, басылымдық әдебиеттер, лекциялық курстар, шет тілдеріне арналған журналдар, нормативтік әдебиеттер және т.б.)

6.11 Әрбір дипломдық жұмыстың (жоба) тапсырмалары жеке және перспективалық теориялық, практикалық сұрақтарды дайындау тапсырмаларымен сәйкес болуы қажет. Білім алушылар, инженерлік мамандықтарда дипломдық жұмыс (жоба) негізгі тақырыптан тыс технологияға байланысты жарық көрген сұрақтарды қамтуы кажет, (автоматтандырылған және кешенді өндіріс механизмі, стандарттау, ғылыми еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару т.б.) Әр жобаның экономикалық негіздемесі сонымен бірге еңбек қорғау мен өндірістік экологияға арналған сұрақтарды қамтыған тараулары болуы қажет.

6.12 Диплом жұмысының (жобаның) ең негізгі мәтіні шығармашылық ойды, зерттеу әдістерін пайдаланудың негіздемесін компьютерлік технологияны қолданумен қабылданған есептеу әдістері мен есебін, жүргізілген тәжірибенің сипаттауын, оларды талдау және олардың тұжырымдары, техникалық-экономикалық нұсқаларын салыстыруды ашып көрсетуі және қажет болған жағдайда кестелермен, эскиздермен, диаграммалармен, сызбалармен және т.б көрсетіліп сүйемелденуі қажет.

6.13 Диплом жұмысын (жобасын) студент жоғары оқу орнында, сонымен бірге өндірісте, ұйымдарда, ғылыми, конструкторлық-жоба және басқа да ұйымдарда орындалады.

7 Диплом жумысынын (жобаньгң) мазмүны мен кұрылымы

7.1 Диплом жұмысы өзінің мазмұны жағынан жоғары оқу орнын бітіруші курс студентінің нақты мамандық бойынша өздігінен дайындайтын, қолжазба түріндегі ғылыми жұмыс.

7.2 Диплом жұмысының (жобаның) көлемі, ереже бойынша, 60-90 бет болуы қажет. Жеке топтар бойынша диплом жұмысының көлемі 100 бетке дейін жетеді. Қосымшалар диплом жұмысының (жоба) көрсетілген көлеміне енгізілмейді.

7.3 Диплом жұмысының (жобаның) құрылымдық элементтеріне мыналap жатады:

-мұқаба (сыртқы беті);

-титул беті;

-диплом жұмысының (жобаның) орындалуына тапсырма;

-мазмұн;

-кіріспе;

-негізгі бөлім;

-қорытынды (тұжырым);

-пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

-қосымшалар.

7.4 Титул беті диплом жұмысының бірінші беті құжатты қажетті жағдайда өңдеу және іздестіру үшін қажет болып табылатын ақпарат дерек көзі ретінде қызмет етеді.

Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі:

-диплом жұмысы (жоба) орындалған ұйымның атауы;

-шектелген белгі (қажеттілігі барысында);

-жұмыстың түрі - диплом жұмысы (жоба);

-«такырыбына» деген сөздің көрсетілуімен, диплом жұмысы тақырыбының (жобаның) атауы;

-мамандықтың атауы және коды;

-сол жағында «орындаған», қарама-қарсы оң жағынан студенттің әкесінің аты және аты жөні;

-бір жол төмен «ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы» және әкесінің аты мен аты жөні;

-қала және жыл көрсетіледі.

7.5 Диплом жұмысының (жобаның) мазмұны кіріспе бөлімін, реттік нөмірлер және барлық тараулардың атауларын, тараушаларды, қорытындыны, пайдаланылған әдебиеттер тізімін, беттердің нөмірлері көрсетілген қосымшаларын қамтиды.

7.6 Кіріспе бөлім диплом жұмысының (жобаның) өзекті мәселелерін, ғылыми жаңашылдығын және практикалық маңыздылығын, қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалаудан, сонымен қатар дипломның мақсаты, міндеттерін зерттелу обьектісін, берілген теориялық және әдіснамалық негіздері мен диплом жұмысының жазылуының практикалық базасын құрайды.

7.7 Диплом жұмысының (жобаның) негізгі бөлігінде, орындалған дипломдық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен диплом жұмысының негізгі қорытындыларын білдіретін мәліметтер келтіріледі.

Диплом жұмысының (жобаның) негізгі бөлігі ережеге сай бөлім және бөлімшелерге бөлінеді (бөлім және параграфтар).

7.8 Қорытынды бөлім (тұжырым) дипломдық зерттеулер қорытындыларының қысқаша тұжырымынан, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалаудан, зерттелінген объекті бойынша нақты ұсыныстардан тұруы қажет.

7.9 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға қойылған талаптарға сәйкес рәсімделеді.

7.10 Қосымшаға дипломның зерттелуі мен орындалуына байланысты, негізгі бөлімде қамтылмаған материалдар кіргізіледі.

7.11 Диплом жұмысындағы (жобаға) қабылданған шешімнің және барлық деректердің объективтілігі мен дәлдігі туралы жауапкершілікті студент-диплом жұмысының (жоба) авторы- өз мойнына алады.

 

8 Диплом жұмысын (жоба) ресімдеу тәртібі

8.1 Диплом жұмысы (жобаны) баспа тәсілмен компьютер, принтер арқылы А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал (аралық) сақтай отырып орындалады. Шрифт-қалыпты, кегль 14.

Диплом жұмысының (жобаның) мәтіні жан-жағынан қалдырылатын ашық орындардың (поля) мына мөлшерлерін сақтай отырып басылуы тиіс: сол жағынан - 30 мм, жоғары жағынан - 20 мм, оң жағынан - 10 мм және төменгі жағынан – 20-25 мм.

Айқындалып назар аударылатын терминдерге, формулаларға, теоремаларға, компьютерлік жағдайлардағы түрлі гарнитурлы шрифтарды пайдалануға рұқсат беріледі.

8.2 Диплом жұмысының (жобаның) орындау тәсіліне қарамастан басылған мәтіннің сапасы мен иллюстрациялардың, кестелердің ресімделу ЭЕМБ-дан басып шығарылған кездегі айқындығы талапты қанағаттандыруы тиіс.

8.3 Диплом жұмысын (жобаны) әзірлеу барысында көрінген қателер және графикалық дәлсіздіктерді, тазартқышпен немесе ақ бояумен бояу арқылы түзетуге және сол жерге машинамен басылған әдіспен немесе қара сиямен не қара тушпеп - қолжазба түрінде түзетуге рұқсат беріледі.

8.4 Дипломдық (жоба)жұмыстағы тегі, мекеменің, ұйымнын, фирманың аттары, өнімнің аталуы және басқа жалқы есімдер атаулары түпнұска тіліне келтіріледі.

8.5 Диплом жұмысының (жобаның) кұрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілеулер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі», құрылымдық элементтерінің басында жазылуы тиіс.

8.6 Диплом жұмысын (жобаны) бөлімге және бөлімшелерге бөлу қажет. Әрбір бөлім және бөлімше аяқталған ақпараттан тұруы қажет.

Бөлімдердің атаулары диплом жұмысының (жобаның) тақырыбын ашып көрсетуі, ал бөлімшелердің атаулары өзі сәйкес бөлімінің тақырыбын ашып көрсетуі тиіс.

8.7Бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары олардың мазмұнын нақты және қысқаша дәріптеуі тиіс.

8.8Бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптарын абзацтан кейін бас әріппен, аяғында нүкте қоймай, астын сызбай басу қажет.

Егер де атаулар екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.

8.9 Диплом жұмысының (жобаның) беттерін араб сандарымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмері қағаздың төменгі жағының ортасына нүктесіз қойылады.

8.10 Титул беті жалпы беттердің нөмірленуіне қосылады. Титул бетіне нөмір қойылмайды.

8.11 Жекелеген беттерге орналастырылған иллюстрациялар және кестелер диплом жұмысы (жобаның) беттерінің жалпы нөмерлеріне қосылады. A3 формат парағындағы иллюстрациялар, кестелер бір бет ретінде есептелінеді.

8.12 Диплом жұмысының (жобаның) бөлімдерінің барлық құжаттың өн бойында абзацтан кейін араб сандарымен белгіленіп нүктесіз қойылған реттік нөмірлері болуы қажет. Бөлімшелер бөлімдер аясында нөмірленуі қажет. Бөлімше нөмірі, нүктемен бөлінген бөлім мен бөлімше нөмірлерінен тұрады. Бөлімше нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі немесе бірнеше бөлімшеден тұрады.

Мысалы

1. Типтік және негізгі мөлшері

1.1

1.2 Құжаттыц бірінші бөліміндегі бөлімшенің нөмірленуі

1.3

2. Техникалық maлanmap

2.1

2.2 Құжаттың екінші бөліміндегі бөлімшенің нөмірленуі

2.3

8.13Диплом жұмысының (жобаның) әр бөлім жаңа парақтан
(беттен) басталуы қажет. Бір бөлімнің ішіндегі бөлімшелер бір-бірінен
мәтіннен екі жол төмен түсіріліп бөлінеді.

8.14Диплом жұмысының (жобаның) беттері және қосымшасы,
диплом жұмысының (жоба) құрамына кіретін барлық беттерінде
нөмірлері болуы қажет.

8.15 Диплом жұмысындағы (жобада) иллюстрациялар (сызбалар, карталар, кестелер, схемалар, диаграммалар, түсірілген суреттер) бірінші немесе келесі беттерде екендігі ескертілген мәтіннен кейін орналасуы керек.

Иллюстрациялар компьютермен де түрлі-түсті жолмен де орындалуы мүмкін. Барлық иллюстрацияларға сілтемелер болуы қажет.

8.16 Диплом жұмысына (жобада) орналасқан сызбалар, кестелер, диаграммалар; схемалар, иллюсграциялар конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (БЖКҚ) мемлекеттік стандарттың талаптарына сай болуы тиіс.

8.17 Қосымшадағы иллюстрациялардан басқа иллюстрациялар араб сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

Егер сурет біреу болса, онда ол «Сурет 1», «Сурет» сөзі және оның аталуы жолдың ортасынан жазылуы тиіс.

8.18 Иллюстрацияларды бөлімдер шеңберінде (ішінде) нөмірлеуге болады. Мұндай жағдайда иллюстрациялар нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірі мен иллюстрацияның реттік нөмірінен тұрады. Мысалы: Сурет 1.1

8.19 Иллюстрациялардың қажет болған жағдайда, атаулары мен қоса түсіндіретін мәліметтері болуы мумкін сурет астындағы мәтін. Бұл жағдайда былай жазылады: Сурет 1. Банк жүйесінің құрылымы.

8.20 Иллюстрацияға сілтеме жасау барысында нөмірлеуде «... 2 суретке сәйкес» деп жазу қажет, басынан аяғына дейін, ал бөлім бойынша нөмірлеуде «... 1.2 суретіне сәйкес» болуы тиіс.

8.21 Кестелер көрнекілік ретінде және көрсеткіштерді салыстыру мақсатында қолданылады. Кестелердің атаулары оның мазмұнын ашу керек. Дәл, қысқаша болуы тиіс. Кестелердің атауын кестеден жоғары, жолдың енінен абзацтан кейінгі «кесте 1» сөзінен соң келесі жолға орналастыру керек.

8.22 Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін орналастыру қарастырылады.

8.23 Барлық кестелерге диплом жұмысында (жобада) сілтемелер болуы тиіс. Сілтеме қоюда «кесте» деп нөмірлері көрсетіліп жазылуы қажет.

8.24 Көп жол мөлшердегі кестені келесі параққа (бетке) көшіруге болады. Кесте бөлігін келесі параққа (бетке) көшіру барысында «Кесте» сөзі және нөмірі бір peт кестенің бірінші бөлігінің сол жағына, ал келесі бөлігінде «Жалғасы» сөзі жазылады, және кесте нөмірі көрсетіледі, мысалы: «1 кестенін жалғасы». Кестелерді келесі параққа (бетке) көшіру барысында тақырыбы тек қана бірінші бөлігінің үстіне орналастырады. Кестенің бөлігін көшіруде кестені шектейтін төменгі көлбеу сызық сызылмайды.

Көп мөлшерлі графалы кесте косымшага енгізіледі.

8.25 Егер де кестенің әр түрлі жолдарындағы қайталанатын (графаларда) мәтін бір сөзден тұрса, онда ол бірінші жазылғаннан соң, тырнақшамен ауыстырылады; егер екі немесе көп сөзден тұрса, онда бірінші қайталанғаннан соң, оны «ол да солай» сөзімен ауыстырады, әрі қарай -тырнақшалармен. Қайталанып тұрған сандардың, маркалардың, белгілердің, математикалық және химиялық символдардың орнына тырнақшалар қоюға болмайды. Егер әріптік және былайғы мәліметтер қандай да кесте жолдарында келтірілмесе, онда оған сызықша қойылады.

8.26 Қосымшаға шығарылған кестелерден басқа, кестелер араб сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

8.27 Бөлімдер ішіндегі кестелерді нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда кестелер нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірінен және кестенің реттік нөмірінен тұрады.

8.28 Кесте жолдары және графа атаулары жекеше түрде бас әріппен жазылады, ал графаның тақырыпшалары, егер тақырыпша бір сөйлемнен тұрса, тармақша әріптермен, немесе егер олар дербес мағынаға ие болса, бас әріппен жазылады. Кестенің тақырыбы мен тақырыпшасынан кейін нүкте қойылмайды.

8.29 Кестелердің сол жағынан, оң және төменгі жағынан, ережедегідей, сызықпен шектелуі тиіс. Кестелердің шрифт мөлшерін, мәтіндегіден кем алуға рұқсат беріледі.

Графалардың аты, ережедегідей, кесте жолына қатарлас жазылады. Қажет болған жағдайда графалардың атын перпендикуляр орналастыруға рұқсат етіледі. Кестенің басы кестенің қалған бөлігінен жеке сызықпен бөлінуі тиіс.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 839; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.088 сек.