Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

КІРІСПЕ 1 страница




 

«Түстану» курсы студенттің жобалық ойлауға жаңа деңгейді игеруіне ықпал жасайтын кәсіптік даярлықтың негізі болып табылады. Түстердің үйлесімділігі және оларды тәжірибеде игеру теориясының жалпы заңдылығын меңгеру. Түстік-фактурлы композицияны құрудың ережелері мен негізгі заңдарын меңгеру, суретші мен дизайнерге қажетті көркемдік талғамды, шығармашылық ойлау мен қиялды дамыту.Түс – форма анықтайтын феномен. Түстің спектрлік табиғаты. Юнг-Гельмгольцтің көрудің үштүстік теория Оствальдтың тұйықталған түстңк денесі. Шугаев, Гете, Ньютонның және басқалардың түстік шеңбері. Негізгі және қосымша түстер. Түстер мен дақтардың (пигменттердің) атауы. Түстік рең, жарықтық, қанықтылық, түстердің негізгі мінездемесі. Түстердің оптикалық және химиялық араласуының заңдылықтары. Жарық. Түс және жарық. Жарықтың түрлі көздері мен жағдайларына байланысты түстердің өзгеруі. Түстерді қабылдауды түзету бойынша жарықты қолдану.Ахроматикалық композицияның бейнелеу мүмкіндіктері. Жарықтың өзара әрекеттестігі. Түрлі реңдер ауданының пропорциялық қатысы. Ахроматикалық композицияның жарықтық диапазоны. Толық жарықтық диапазон. Ашық сұр жарықты диапазон. Қою сұр жарықты диапазон. Ахроматикалық бейнелеудегі таңдалған диапазонның көркемдік мүмкіндіктерінің ролі мен мәні. Түстердің физикалық араласуы. Хроматикалық түстердің бір реңді гармониялық үйлесім құрылымының заңдылықтары. Жарық диапазондардың ролі. Түс реңдерінің қанықтылығы. Туыстық үйлесім топтары. Туыстас түстердің топтарының гармониялық үйлесімділігін ұйымдастыру мен құрудың заңдылықтары. Қосымша (контраст) түстердің гармониялық үйлесімін ұйымдастыру және тқұрудың заңдылықтары.Туыстас – (контраст) қосымша түстердің гармониялық үйлесімділігін ұйымдастыру. Әр төрт топтағы туыстас – (контраст) қосымша жұптардың көпнұсқалық ұсынымы.Туыстас – (контраст) қосымша түстердің гармониялық үйлесімділігін құрудың заңдылықтары.Гармониялық триадтың бірінші түрі (әр жақты үшбұрыш аясында). Гармониялық триадтың 2-ші түрі (тең жақты үшбұрыш аясында). Гармониялық триадтың 3-түрі (тік бұрышты үшбұрыш аясында). 4 түстің гармониялық үйлесімі. Туыстас – контрасты үйлесім принципі бойынша құру (аралық түстер). Туыстас үйлесім принципі бойынша құру (негізгі түстер).Түстердің түр өзгерту қасиеттері. Заттардың қасиеттеріне байланысты түстерді қабылдау. Жарық, түс және фактура композицияның құралдары мен элементтері. Эргономикада түстерді қолдану. Дизайндегі түс контрастын ұйымдастыру принциптері. Колорит. Дизайннің колористік шешімі – түстік комбинация. Түс және орта.Мебельді, костюмді, архитектуралық ортаны жоспарлауда дизайнерлік әрекеттің техникасы мен түрлі материалдарды қолдану. Қолданған материалдарға сәйкес түстің қасиеттерін өзгерту фактура. Фактура түрлері. Хромотикалық композицияларда түрлі фактураларды қолдану және жасау тәсілдері графикадағы техниканың түрлілігі.

 

Түс – көркем өнеркәсіпті және ұлттық көркем шығармаларды анық етіп көрсетудің бірден бір тәсілі. Кескіндемеге үйретудің ең басты мақсаты – болашақ суретшіні жазықтыққа, шындықтың, қоршаған әлемнің әдемілігін түстің көмегі арқылы көріп және соны жеткізе білуге үйрету. Белгілі бір затты бейнелеу процесінде түсті және оның көптеген белгілерін сезінуі дами түседі. Кескіндемені анық етіп көрсетудің ең басты жолы түстерді қолдану болып табылады. «Әдемілік» «бояулар» «бояу» сөздері көбінде бір мағынада қолданылады. В.Дальдің анықтамалық сөздігінде «бояу – безендіру, әдемілік беру, көруге жағымды ету» — деп жазылған.Түсті қабылдау, табиғаттан адамға берілген ең ғажап сапалардың бірі. Адам көзі 200-ден аста түс белгілерін ажырата алады. Кескіндемеде түс пен қалып әрқашан байланысты, бірлікте болуы керек.

Кез келген заттың өзіне тән түсі болады. Мысалы, піскен лимон — сары, апельсин – тоқ сары, қияр – жасыл. Әр заттың табиғи түсі жарық жақсы түсіп тұрса анық көрінеді, ал егер жарық ауысқан кезде заттың түсі өзгеріп, қараңғылықта мүлдем көрінбей қалады. Яғни жарық затты және оның түсін көрнекті ете алады.

Табиғи дене түсі үш қасиеттерден тұрады.: 1) табиғи түс; 2) сәуле арқылы өзгеріске ұшыраған түс; 3) қанық немесе қанық емес түс.

Табиғи түс дегеніміз – табиғи жаратылыс түсі. Мәселен, күзгі жапырақ – сары, жер – қоңыр. Екіншісі, күн сәулесінің әсерінен өзгеріске ұшыраған түс. Өзгеріске ұшыраған түс дегеніміз – күннің әрбір мезгілде табиғи түстерінің өзгеруі. Нақтылап айтсақ, таң мезгілде ағаш көкшіл, түсте жасылға айналады, ал кешкі күн батарда сарғыш қызыл түске боялады.

Қанық немесе қанық емес түс дегеніміз – біртекті түстердің бір-бірінен айырмашылығы, яғни, екі алма да қызыл түстес болып келгенмен, біреуі – ашықтау, екіншісі қанықтау келеді. Осы дене түсінің үш қасиеті кескіндеме өнерінде есте сақтайтын құнды мәселелердің бірі.

Кескіндеме – бұл нәрсені эстетикалық тұрғыда бейнелейтін бейнелеу өнері.

Уақыт өте келе талғаммен бірге түс үйлесімділігін түсіну де өзгере түседі. Өнер өмірмен байланысты және сонымен бірге өзгеріп отырады.

Кескіндеменің дамуына импрессионистер көп әсер етті.Олар өз картиналарында өмір шындығынан алған әсерлерін түстер арқылы көрсете алды. Олар қоршаған ауа кеңістігінің жарығынан әсерінен туындаған түс өзгерістерін бірден қабылдап алып отырған. Импрессионистер түс үйлесімділігінің жаңа жақтарын, әсемдігін аша білген. Импрессионистер анық түсті қабылдап және оны дәл сол қалпында картинаға түсіруді үйренген ең алғашқы кескіндемешілер болды.

Кескіндемеде жоғары жетістіктерге жетуі үшін суретші түстерді өте жақсы ажыратып, бейнелей алуы керек.

Түсті қабылдау — физикалық қана емес, психологиялық стимулдармен негізделген және суретші үшін маңызды түсті сезіне алу мүмкіндігімен де тығыз байланысты күрделі процесс.

Түстерді сапалылығына байланысты 2 топқа бөлуге болады. Олар: өзіндік (собственные) және өзіндік емес (несобственные). Түстің өзіндік сапалары: түс тоны, жарықтығы, анықтығы. Ал түстің өзіндік емес сапалары: жылы, суық, жеңіл, ауыр, дауысты, дауыссыз және т.б. Заттың түспен тығыз байланысытлығын көрсететін өздік емес сапалары бейнелеу өнерінің барлық жанрлары үшін маңызды.

Тұрмыстық заттарды әсемдеуде түстердің рөлі ерекше. Заттың түсін қабылдай отырып, адам соған сәйкес көңіл күй алады. Олар: қуаныш, жабырқау, қорқыныш т.б.

Түс зат туралы маңызды ақпарат беріп қана қоймай, белгілі бір ой мен сезімдер түдырады. Бұрыннан белгілі қызыл түс- қоздырады, қызуландырады, жасыл түс — тыныштандырады, қара – батырады.

Түстерді екі категорияға жіктеуге болады:

Ахроматикалық (түссіз) – ақ, сұр, қара. Олардың өздеріне тән түстері жоқ, бір-бірінне ашықтықтығымен ғана ажыратылады. Соған қарамастан бұл түстердің үлкен бейнелеушілік мүмкіндіктері бар. Адам көзі ақ түс пен қара түстің арасында бірнеше 300-400 түс белгілерін ажырата алады.

Қара, ақ, сұр түстерден басқа түстердің барлығы Хроматикалық түстерге жатады. Яғни олар түсті болып келеді.

Ең негізгі түстер – қызыл, сары, көк осы түстердің көмегімен басқа түстерді шығарып алуға болады. Қосымша түстерді басқа түстерді қосу арқылы алады: қызыл және сары түс тоқ сары түсті береді, сары және көк түс жасыл түс береді, көк және қызыл түс күлгін түс береді,

Қосымша түстерді алу кезінде оның нәтижесі оны қалай араластыруына байланысты Мысалы Сіз сары түспен қызыл түсті араластырар кезінде сары түс көп болып кетсе онда тоқ сары түс шықпайды, сарғыш түс береді. Негізгі үш түсті тең мөлшерде араластырса онда қоңыр, сұр түс алуға болады.

Түстердің температурасы.

Түстерді олардың температурасынан топтауға болады. Жылы немесе «отты» түстер болады оларға – қызыл, тоқ сары, сары. Суық түстер олар: көк жіне сұр.пейзажда жылы түстер суреттің алдыңғы жағында кейіннен суреттің тұңғиығына байланысты суық түстер көріне бастайды. Суретте шөп жақын орналасса онда жасыл — сары болады, егер алысnа болса, онда оны көкшіл түс береді. Алыстағы тоғайлар сұр – көкшіл болады. Бұның барлығы ауа перспективасының теориясында жатады.

 

Ақ түс

Ақ – қайырымдылық пен пәктіктің түсі. Әлемнің көптеген елдердінде қалыңдық ақ киім киеді, сондай-ақ кейбір салт-дәстүрлерде ақ түсті жерлеу рәсімдерінде пайдаланады. Ақ маргаритка – бұл өзара махаббат белгісі. Ақ дүйсенбі түсі болып келеді. Ақ түс қуаты - жалпы ақ түс емес, ол көптеген түстердің жиынтығы. Сондықтан ақ – бұл қуат синтезі. Міне, неліктен көптеген елдерде ақ түс пәктіктің, ашықтықтың және шындықтың белгісі болып есептелінеді.

Ақ түс – таза парақ, онда әлі де талай тарих жазылады. Бұл түс адам энергиясының тазалануына өз әсерін тигізеді. Ақ түс таңдайтындар, әдетте, жинақы, адал ниетті адамдар болып табылады. Көп жағдайда олар талап қоя біледі. Ақ түс қараңғы жерлерге жарық беріп тұрады, жандандыра түседі. Ақ түсінің ассоциациялануына байланысты психолог мамандар көпшілікке былай деп кеңес береді: «Егер өзіңізді мейірімді, ретті, таза адам етіп көрсеткіңіз келсе, әрдайым ақ түсті киім сатып алуға тырысыңыз». Ақ түс адам санасында «аңқаулық, пәктік, албырттық» шағынан хабар беріп, ассоциациялық көріністер тудырады екен. Мәселен, ағылшындардың қолданысындағы «white day» (сөзбе-сөз: ақ күн) бақытты күн, ағылш: «whiter than white» (сөзбе-сөз: ақтан да аппақ) «күнәсіз пәк» яғни қазақ тіліндегі «судан тұнық, сүттен ақ» деген фраза баламалас келеді. Ал, көршілес орыс халықтарында ақ түсінің ассоциациялануы мүлдем бөлек. Мысалы, «белый – скорби и печали» (мұң-қайғы) немесе «собственной неполноценности или о болезни» (денсаулығының нашарлауы немесе аурудың белгісі). Ақ түсінің жас ерекшелікке байланысты ассоциациялануынан туған санадағы түсінік-пайымдауларға байланысты, көбінесе ақты жастар жөн көреді екен. Ал бұл түсті ересек жастағы жанның таңдағаны оның өзгеге көмектесуге ынтығып тұратынын аңғартады. Оның қолынан көп нәрсе келеді. Алдына мақсат қойғыш жан. Сонымен қатар, ақ түсті киім кигенді қалайтын ересек адамдар, «қарапайым өмірді қалайды әрі жастық шағын жиі аңсайды», – деп ұғынылады.

Қара түс

Қара – ең сиқырлы түс. Батыс елдерінің дәстүрлеріне сай қара өлім символы болып есептелінеді. Алайда, көптеген халықтарда (мысалы, Солтүстік Америка үндістерінде) қара - бұл жақсы түс, себебі ол құнарлы топырақты және жерді еске түсіреді. Қара – сенбі түсі. Қара – бұл түс емес, қара – бұл түстің жоқтығы. Әдетте, адамдар қарама-қарсылықты айтқанда олар ақ пен қара туралы айтады. Егер ақ түс бәрін анық қылса, қара түс керісінше жасырады деп ұғынылады. Қара - мағына беруші түс. Көпшілік санасында, қара адамдардың мүмкіншілігі мен деңгейі жайлы сыр беретіндігі анықталған. Қара даулы рең. Бір жағынан қараңғылық, қара күш, кінә, қарама-қайшылықпен байланыстырылса, бір жағынан берілгендік, табандылық, қажырлық, қайсарлық, өжеттік, тұрақтылық, шыдамдылықпен, қырағылықпен, білгірлікпен, сенімділікпен ассоциацияланады. Көпшілік елдерде қара түс жағымсыз конотацияда ассоциацияланады. Мысалы, қазақ тілінде «қара ниет», ағылш: «black heart» (сөзбе-сөз: қара жүрек), «қара жүрек, қара ниет», қытай: «hei xin chang» (сөзбе-сөз: қара жүрек), «қараниет». Жас ерекшелікке қарай қара түсінің адам санасы ұғымындағы көрінісінің дәлелі ретінде, егде кісілер қара түсін жиі таңдап жатады екен. Демек, қара түсі байсалдылықтан хабар береді. Кейде қара түсі адам сұлбасын арық көрсететіндіктен жастардың көпшілігі қоғамдық орындарға осы түсті жөн көреді. Психологтардың пайымдауынша: «Қара түс – абсолютті шекара, өмірдің тоқтайтындығының белгісі. Ол ғайып болу, өлім ойын көрсетеді. Қара түс – соңы, енді ештеңе болмайтындықтың нышаны. Десе де, қара түсті таңдаған адам тағдыр ағысына қарсы тұра алады. Қара – түрлі жағымсыз көңіл-күй, мазасыздық, ашушаңдық тудырады. Қара түс – жұмбақ, құпия түс. Қара түс – тәуелсіздіктің белгісі. Бұл түсті араласатын ортасында өзінің лайықты орны бар адамдар ұнатады. Қара түсті көбіне жұмбақ, құпия болуға тырысатындар жақсы көреді. Олар өзінің ойын көп жерде айтпайды, жасыруға тырысып бағады.

Көк түс

Көк түс – жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Ол адамдар мен қоғамды байланыстыратын негізгі дәнекер іспетті, бірлік, көпшілдік сезімнің, сенімнің түсі. Адам болмысы жаратушы күшімен тығыз байланыста болғандықтан көк түсі алғашқы болмыс ретінде көп тілде көрініс тапқан. Мәселен, латынша: materia – болмыс, алғашқы зат, үнді еуропаша madher – көк (синий), ежелгі үнді тілінде mati – сана, ақыл (разум); славян тілінде мать – ана; неміс тілінде mutter – мать; түрікше mabi – көк. Осыған байланысты көк түсінің ассоциациялануы барлық елде көбіне-көп, аспан, жаратушы (тәңірі), ана бейнесінде болып келеді. Соған сай туған тіркестер де көк аспан, көк заңғар, көк бөрі ежелгі таным бойынша түркілердің анасы. Көк күмбез, көк әлем т.б. Дегенмен, көк түсі кейбір этностар танымында жастық пен албырттықты ассоциациялайды. Мысалы, орыс ұлтының ұғымындағы көк түсі: «синий цвет - духовность, жертвенность» (көк түс – жанға жайлы, қаза болу); «голубой цвет – юношеская привязанность» (көгілдір түс – жастықпен байланысты). Яғни, бірде жанмен (дух, душа) ассоциацияланса, бірде жастықпен (юнность) пайымдалады. Қазақы танымда да көк түсін жастықпен ассоциациялау бар. Мысалы, көктеді (өсіп шықты, жайқалды), көктей солу (жастай қайтыс болды), көсегесі көгеру (балалы-шағалы болу) т.б. Көк түсінің ассоциациялануынан туындаған психологиялық пайымдауларға көз жіберсек, көк түсті ұнататындар өкпелегіш, сары уайымға салынғыш болып келетін көрінеді. Әсіресе, көк түсті молшылықтың нышаны болғандықтан семіз келген адамдар ұнатады екен. Көк түсті таңдағандар - тыныш ортаны, мазасыздық пен сотқарлықтан, келіспеушіліктен алыс болуды қалайтындар. Олар бір-біріне деген сенімді қалайды және өзгелердің де оларға сенуіне әбден болады. Көк түсі - арманыңыздың орындалуына әсер етеді. Бұл түс – шындықтың, біреуге деген адалдығыңның белгісі ретіндегі түс. Көк түсті киімдерді көп киетіндер сараптама жасаудың шебері. Бірақ бұл мүмкіндігін жасырады. Аталған түсті қалайтындар өте қарапайым келеді. Сезімталдығы да бар. Бірақ іштей қатал мінезі де жоқ емес. Оны өзгелерге аңғартпауға тырысады. Көгілдір түсті жақсы көретіндер өте сақ адамдар», – деп ұғынылады.

Сары түс

Сары түс – жеңілдік пен қуанышты, сабырсыздықты, нұр сәулені білдіреді. Қуаныштың, күн шапағатының нышаны. Сары түс адамды болашаққа бағыттайды, жаңалыққа талпындырады, заманауилыққа, дамушылыққа құштар етеді. Сары түсті Гете «ашық түстердің ішіндегі ең мықтысы» деген екен. Сары түс адам бойын сергітеді, көңілдендіреді деп көрсетеді. Әрине бұл, қазақы таным-түсінікке жат нәрсе. Ғаламның тілдік бейнесіне байланысты орыс халқында сары түсі «ашықтық пен жақсы көңіл-күйді» ассоциацияласа, қазақы ұғымда сары түс жағымды мағынада да, жағымсыз мағынада да қолданылады. Көбіне қазақы ұғымда сары түсі «уайым мен қайғыны», «мұң-шер мен ауруды» ассоциациялаған. Психологияда: «Бұл түсті таңдаған кез-келген адам қиындықты тезірек жеңуге құлшынып, тезірек босап шығудың амалын іздеп тұрады. Өзгерісті жиі қалап тұрады, сары түске құмар адамға тұрақсыздық тән. Сары түс - адамның ойлау, тез қабылдау қабілетін жақсартады. Өз өзіне сенімсіз, ұялшақ адамдарға оң әсерін тигізеді. Адамға күлкі, қуаныш әкеледі. Әдетте, бұл түс қуаты мол, көп сөйлейтін, әртістік өнерге, шығармашылыққа жақын адамдарға тән. Сары түсті киім адамға сарғыш түс сияқты әсер етеді.
Сары түсті еркіндікті қалайтындар және арманы биік, қиялға берілгіштер ұнатады. Олар күтпеген оқиғаларды жақсы көреді. Үнемі ізденісте жүреді. Мұндай мінезді адамдардың маңайында көбінесе әзілге жақын адамдар жүреді.Тың идеяларды талқылап, ой таразысына салғанды жаны қалайтын адамдар өзгені тыңдап, өз пікірін де ұмыт қалдырмайды. Бірақ кейде жауапкершіліктен қашады. Бұл өзін еркін сезінгісі келетін адамдардың жиі таңдайтын түсі. Бірнеше тілдік материалдарын салыстыратын болсақ, А.Залевскаяның талдауы бойынша төмендегілерді атап көрсетеміз: сары түс – неміс халқында жек көрушілік, қызғаныш, жалғандық, салқындық; америкалықтарда – қорқақтық, қауіп төнетіндей жағдай, француздарда – сатқындық; орыс ұлты үшін – күзгі жапырақ деген ассоциацияларды тудырады.

Қызыл түс

Қызыл – түстердің ішіндегі ең жылы түс. Бұл түсті сөзшең адамдар таңдайды, және еркектердің көпшілігіне ұнайды. Екінші жағынан қызыл түс күш пен қызбалықтың белгісі. Қытайда қызыл түс байлық пен дамудың белгісі ретінде ассоциацияланады. Бұдан бөлек қызыл түс азия елдерінде қызбен байланыстырылады. Бұған дәлел, қазақы танымда: «қыздың көзі – қызылда» десе, қытайда: hong yan bo ming, hong yan (сөзбе-сөз: қызыл реңк, 'әйелдің нұрлы жүзі' bo ming: соры ашылмаған) «арудың маңдайы тайқы» т.б. Күн шығыс елінің дәстүрлі үйлену салтында жас келін қызылдан желек жамылып, қызыл көйлек киіп, қызыл күймеге отырған. Олар тіпті той-думандарында да қызыл шырақ жағып, қызыл түсті қима қағаз суреттер ілуді қуаныштың символына балағандықтан, таным-түсініктеріне сәйкес қызыл түсін «бақыт пен жеңіске», «адалдық пен мейірімділік» секілді ұғымдармен ассоциациялайды. Дүние жүзінде қызыл раушан гүлі махаббаттың белгісі ретінде саналғандықтан, қызыл түс көбінесе раушан гүлімен немесе махаббат, ғашықтық сезімімен де ассоциацияланады. Ал қызыл планета Марс – соғыс құдайы ретінде танымал екендігі белгілі, сондықтан болар қанды қырғын соғыстар, қан майдандар қызыл түсімен байланыстырылып, санада ұрыс, төгілген қанмен елестетіледі. Ассоциациялық өрісте берілуі – қызыл әскер, қызыл қан, қызыл от, қызыл жалын, қызу қанды, қызыл гүл т.б. Психологтардың кеңесі бойынша, қызыл түсті мына кезде таңдаңыз: қызығушылық тудырғыңыз келсе арманыңызды іске асырғыңыз келсе,қорқыныш пен үрейден қорғанғыңыз келсе, бойыңыздағы қуатты арттырғыңыз келсеқызыл түсті таңдаңыз. Сондай-ақ, «Қызыл түс тасыған күшті білдіреді. Көбінесе қызуқанды адам киімді осы түстен таңдайды. Албырт, белсенді, тез шешім шығаратындар бір орында отырғанды қаламайды. Өмірден бәрін үйреніп, алға ұмтылғыштар қызылға құмар. Оларды бірқалыптылық тез жалықтырады. Айналасындағылардың қателігіне көз жұмып қарамайды. Шынайылықты жақсы көреді», – деген пайымдаулар бар.

Жасыл түс

Жасыл түс – еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті, өзімшілдікті, «Мен» деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді. Жасыл - Америка мәдениетінде ақшаны ассоциациялайды. Жасыл түсі көп елдерде жастық пен жаңа шыққан көк, өсімдік бейнесімен ассоциацияланады. Мәселен, қазақы танымға сай жасыл мен көк түсі бір-бірінің орынына қолданыла берген. Соған сай жасыл шықты – көктеді, жасыл түсті – көк түсті (Көк түскен жер тақыр-ды. Қыз Жібек); ал, әзірбайжан тілінде йаш деген сөз «дымқыл», «сулы», «көк» деп беріледі түсіндірме сөздікте. Славян халқының танымында жасыл түсі «зелёный» – өмір мен жастықшақ, белсенділікпен ассоциацияланады екен. Психологияда, бұл түсті таңдағандар – өзінің құндылығына деген сенімді жоғарылатқысы келетіндер, айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адамдар деп ұғынылады. Сондай-ақ, бұл түс тәкаппарлықтың нышаны. Жасыл – адамға сенімділік береді. Кабинет және сіз жұмыс жасайтын орын үшін тамаша түс. Ол белсенділік пен табандылық береді. Жасыл түс – нағыз гармониялық түс. Адамның жүйке жүйесін тыныштандырады. Бұл түс біреудің қуаныш, ренішіне ортақтаса білетін, достары көп адамдарға тән. Жасыл түсін ұнататын адамдар тұрақты, сенімді болып келеді. Бұл түсті кез келген жерде қолдана беруге болады. Жасыл түсті киім кисеңіз, сіз кез-келген ортада тек жақсы жақтан ғана көзге түсесіз. Жасыл түсті үйлесімділікті қалайтындар ұнатады. Бұл түс үмітті білдіреді. Жасылды жақсы көретіндер тыныштықты жаны қалайды. Дегенмен көпшілікпен араласқанға құмар. Шыдамды, тым байсалды. Ұжымның арасында өзін көрсеткенді қаламайды. Өйткені өзгелер жомарттығын пайдаланып кетеді деп қорқады. Жасыл көпшілік ұғымында қарым-қатынасты білдіреді. Бірақ жалпыға ортақ таным бойынша табиғатты және жастықты бейнелейді. Жасылдың түрлі реңдері түрліше әсер береді екен: Қою жасыл – суықтық, байлық, еркекшоралық, кертартпалықты сипаттаса, көк жасыл – жағымсыздықты, кері тартпалықты, зәйтүн жасылы – татулықты, бейбітшілікті, сарғыш жасыл – тұтынушылардың басқа жасылдардан артық көретін реңі.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 2852; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.031 сек.