Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

КІРІСПЕ 2 страница




Қоңыр түс

Қоңыр түс – топырақтың және ағаш тақтаның реңі. Төзімділік және сенімділік береді. Қоңыр, сондай-ақ, жердің түсі. Жер халықтың тіршілік орны. Осымен байланысты қазақ елінің танымында ерекше жағымды мәнде ассоциацияланады. Жалпылай алғанда қоңыр түсі, ежелден Азиялық көшпелі халықтардың болмысына тән түс болғандықтан, бұл түсті тау-тас, құм мен дала, қой төлі мен шопан бала, самал жел, кеш, үй т.б секілді ұғымдармен ассоциацияланады. Мәселен, араб, иран тілдерінде қоң – қар – қор (қорум, қорымтас), каф, қап (Қап тауы), қая, қия, құз, қыр, қыз (Қазбек), кур – гора, тау, биік мағыналарын білдірген. Қазіргі тіліміздегі жер, тау, ұғымдары «кур» аталған екен. Қоңыр табиғи, тыныш, жайлы, ашық бір атмосфераны қамтамасыз етеді. Қоңыр түсінің ассоциациялануы, тыныштық өмір бейнесімен де астасып жатыр. Соған сай туған тіркестер қатары: қоңыр жел, қоңыр тірлік, қоңыр күз, қоңыр самал, қоңыр дала, қоңыр кеш, қоңыр жол, қоңыр ымырт, қоңыр төбе, қоңыр күй, қоңыр леп т.б Ассоциациялық тіркестер қатарындағы қоңыр үн, қоңыр дауыс ер адамға тән, ер баланың белгілі бір даму кезеңіне сай пайда болатын, ән салғанда кәсіби әншілікті қажет етпейтін (қоңырлатып ән салды) дауыс, үн. Мысалы, «Оғлан үні қоңрады – Баланың дауысы қоңырлады» Бала балиғатқа жеткенде дауысы өзгерді, дауысы қоңырланды. Ендігіде қоңыр түсінің адам санасында ассоциациялануына байланысты, психолог мамандар мынадай пікірлерді ұсынады: «Қоңыр түсті ұнататындар өмірден мол тәжірибе алған жандар. Оның өз тәртібі бар, ойы кемелденген адам. Бұл түсті қалайтындар байсалды мінезімен тартымды келеді. Қоңыр түсті көбінесе шыдамды, байсалды жандар ұнатады. Ешкімге тәуелсіз, өзінің ойынан қайтпайтын адамдар қалайды. Кейде олармен араласқанда ойын анық түсіну мүмкін емес. Көбінде еркектердің сүйікті реңкі. Кейде кейбір тондардың ескірген, оңған түрі секілді де әсер береді».

Көру түйсігі – айналадағы заттардың пішінін, бедерін, көлемін, түсін, арақашықтық мөлшерін сол қалпында санада бейнелеуге мүмкіндік беретін жүйке қабілеті; біздің көзімізге электромагнит толқындарының әсер етуі нәтижесінде пайда болатын түйсік. Зерттеу нәтижелері адам жеті спектрлі түсті және соның негізінде 10000-нан аса реңкті ажырата алатындығы анықтаған. Бұдан біз К. т-нің өресі мен диапазонының өте кең екендігін айқын аңғарамыз. Көз арқылы жарықтың қуатын, кері шағылған сәуленің әсерімен заттың түр-түсін, үлкен-кішілігін, алыс-жақын тұрғанын, оның қозғалысын көріп білеміз. Заттар мен құбылыстардың жеке сипаттарын санада айнытпай толық бейнелеу, ең алдымен К. т. арқылы жүзеге асады. К. т. түстерді айырып қабылдай алатын мүмкіндігін қамтамасыз ететін жарық толқынының ұзындығы 390 – 780 миллимикрон (миллиметрдің миллионнан бір бөлігі). К. т-нің жарық толқындарын әр түрлі ұзындық дәрежелерін ажырататын қабілеті бар. Жарық толқындарының ұзындығын айыру әр түрлі түстерді көруге жағдай туғызады: егер жарық толқынының ұзындығы 687 миллимикрон болса, онда қызыл түс, 580 миллимикрон болса сары түс, ал 430 миллимикрон болса жасыл түстерді көре аламыз. К. т. тек түстерді ажыратуға ғана байланысты емес, ол кеңістіктегі заттардың түрлі көлемдік және қашықтық қасиеттерін ажыратуға бейімделген.

Бояу — түс бергіш пигменттерден және байланыстырғыш ерітіндіден тұратын қоспа. Бояу - пигменттелген лакты бояулы материалдардың жаппы атауы.[1] Бұлардан басқа Бояудың құрамында органикалық еріткіштер, толтырғыштар, пластификаторлар, желімдер, тұрақтандырғыштар, т.б. болуы мүмкін. Байланыстырғыш еріткіш ретінде табиғи сұйық майлардан алынатын олифтер, олигомерлер мен полимерлердің органикалық еріткіштердегі ерітінділері (эмальдар), полимерлердің судағы эмульсиялары, органикалық немесе анорганикалық желімдер (силикаттық ерітінділер), т.б. пайдаланылады. Бояу боялатын материалдардың бетіне қонғаннан кейін белгілі бір механикалық қасиеттерге ие болады (беріктік, қаттылық) және пигменттер мен толықтырғыштар боялған бетке байланыстырғыш арқылы бекиді. Пигменттер (мөлшері 0,5 — 2 мкм) боялған бетке өз түсін береді, сонымен бірге коррозиядан қорғайды. Өндірісте Бояулар концентрлі немесе сұйытылған суспензиялар түрінде шығарылады. Бояу құрамына кіретін пигменттерді, толтырғыштарды алдын ала ұнтақтайды және байланыстырғыш еріткіш қосып арнайы аппараттарда одан әрі ұнтақтап, концентрлі суспензиялар дайындайды. Сұйытылған, яғни, қолдануға дайын Бояулар дайындау үшін концентрлі Бояуды олифпен немесе арнайы еріткіштермен сұйылтады. Бояуларды боялатын материалдардың бетіне жұмыр білікпен, бояу жаққышпен, арнайы бүріккішпен қондырады. Кейбір Бояулар престелген (акварель Бояулары) немесе пигмент пен байланыстырғыш заттың ұнтақ қоспасы күйінде шығарылады. Қолдану мақсатына қарай құрылыстық, автомобильдік, полиграфтық және суретшілер қолданатын Бояулар болып бөлінеді. Суретшілер қолданатын Бояудың құрамына ультрамарин тәрізді ағартқыш пигменттер қосылады. Бұдан басқа арнайы Бояудың түрлері бар (мысалы, жарық шығарғыш, жылу сезгіш, улы, т.б.). Бояу, негізінен, темірден, ағаштан, бетоннан, пласмассадан тұратын материалдарды коррозиядан қорғау және сәндік үшін қолданылады. Бояудың көпшілігі адам организміне қауіпті және жанғыш заттар, сондықтан оларды қолданғанда қауіпсіздік техникасын сақтау керек.

 

Қорытынды.

Адам жүрген жердің барлық жерінде түстің бірге жүретіні белгілі. Түс адамға психологиялық жағынан әсер етеді.

Түстердің дұрыс қабылдауға қабілеті бар адам он мың түстердің реңктерін байқап ажырата алады екен.

Ағылшынның физик ғалымы Исаак Ньютон жаратылыстану ғылымына түстердің жіктелу негізін –спектірді еңгізді.

Ньютон жеті түр спектірін былай айқындайды: қызыл, қызғылсары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Сонымен қатар қызыл мен көк түс қосындысы сия көк түсте айқындалады.

Айналадағы түскен жарық арқалы көре алуды бейнелеу іс- әрекетінде жарық пен көлеңке деп айтады.

Жылт деп сыртқы беттің үлескісін айтамыз. Қазақ халқының түр-түсті танып білуде өзіндік таным-түсіктері болған. Мысалы: Қызыл түс-оттың, кіннің рәміздік белгісі.

Көне түркі тілінде қызыл-оңтүстік, қара –солтүстікті, ақ-батыстың, көк-шығысты білдірген.

Қазақта от та, күн де киелі деп саналған. Отқа түкірмеген, одан аттамаған, оны су іші отпен тазартылып отырылған. Жеке отау қурған жас жігіт әкесінің үйінен от алып, өз ошағын тутатқан. Жас нәресте мен жаңа түскен келінді пәле-жала, қауп-қатерден аулақ болсын деп отпен аластаған. «От ана, май-ана жарылқа» деп отқа май құйып жалбарынған. Май-ана дегеніміз-Ұмай ана.Ақ бояумен бояғандар тазалықты ұнатады, ақкөңіл өздерімен өздері жүреді.Қызылмен бояғандардың бойында құлшыныс, талпыныс бар.
Жасыл түсті бояғандар дем алғанды, тыныштықты жақсы көреді.
Ашық қызыл,ашық көк түстер таңдағандар нәзіктікті білдіреді.
Көк түспен бояғандардың бойында үрейлік, қорқыныш бар.
Қоңыр түспен бояғандар талап қойғыш болады.

 

Жоспар:

 

1. Түс дегеніміз не?

2. Түстің адам өміріндегі маңызы.

3. Түсті көрудің физиологиялық жағдайы.

4. Түсті қабылдау жүйесі.

 

Түс-адамның көзімен қабылданатын физиологиялық сезім.

Барлық түстер екі топқа бөлінеді: хроматикалық және ахроматикалық. Хроматикалық немесе хромос – грек тілінен енген сөз, түсті, боялған деген мағынаны білдіреді. Бірінші топқа барлық спектрлі түстер – қызыл, көк, жасыл, және солардың аралас түстері кіреді. Екінші топқа – ахроматикалық түске – ақ, қара, және сұр түстің барлық реңктері жатады.

Әрбір хроматикалық түстің өзіне тән үш қасиеті немесе ерекшелігі бар: түс реңкі, жарықтық, түс қанықтығы.

Түс реңкі – бұл хроматикалық түстің өзіне жарықтығы жағынан тең келетін ахроматикалық түстен негізгі айырмашылығы, негізгі қасиеті.

Жарықтық ұғымы хроматикалық түсте қара не ақ пигменттің қаншалықты мөлшері бар болуымен түсідіріледі.

Түс қанықтығы – түстегі таза бояутектің болу дәрежесі. Ең қанық бояу спектр түстері болып табылады.

Түр-түсті қабылдап тұру қажеттігі ғылыми түрде дәлелденген, ал кері жағдайда түстік аштық пайда болады. Ондай жағдай Заполяр шеңберінде қыстың ұзақ болуына байланысты өсімдіктің өспеуі, жердің сұрғылттығымен көрсетілген композициялық құрылымдардан аңғаруға болады. Кей – кезде ахроматикалық бояу қажет болады.

Түсті қабылдау жүйесі өте қиын және ол суреттердегі түстерді қабылдау үшін арнайы алгоритмдік өңдеуді қажет етеді. Көрудің қызметі тек қана түсті ажырату емес, айналадағы қозғалысты, өлшем мен мөлшерлерді анықтау болып табылады. Кіші өлшемдер көздің көбірек қимылдауына ықпалын тигізеді, соның нәтижесінде басқа көздің көру құрылымымен түстерді көру тығыз байланысты. Түстерді қабылдау өте маңызды, әсіресе заттардың пішіндерін, олардың орналасу орнын анықтау кезінде, сонымен қатар біздің көзіміз өте сезімтал.

Көру ақпаратын өңдеу параллелизмі жүйке қабаттарынан емес, фоторецептордың құрылымының деңгейіне байланысты басталады. Түсті көрудің классикалық теориясының анықтылығы көптеген сұрақтардың жауапсыз қалуына әсерін тигізеді және нақты дәлелдерді қажет етеді.

Герингтің теориясы бойынша біз кезектелген түстік констрасттың эффектісі анықтады, мысалы алқызыл түс сұр түсті аймаққа өткенде сол аймақта жасыл түсті көретініміз анық. Бәріне мәлім, сары түс пен жасыл түс бір – біріне қарама – қарсы түстер болып саналады, бірақ олар бір – бірімен араласқанда жаңа ақ түс пайда болады. Біз пурпурлық түстің әрі қызыл әрі көк түс екенін аңғарамыз, яғни пурпурлық түс осы екі түстің араласуынан құралған. Олар бір – бірімен сәйкес келеді, бірақ өзіндік ерекшеліктері бар.

 

Түсті көру қабілеті айналадағы барлық заттардың әртүрлі түстерін, мысалы, қызыл, жасыл т.б түстерді ажыратумен тығыз байланысты. Бұл боялған түстер, құстар мен көбелектер, барлық суреттер мен заттардың түстік бейнесі болып табылады. Бұның бәрі боялған заттар, демек объектілер, яғни заттардың сыртқы көрінісін бейнелейді, мысалы, боялған қызыл бояу – ол материал, яғни заттың белгілі бір қызыл, жасыл түстерге боялғанын көрсетеді. Сонымен қатар қазіргі дамыған қоғам жарықтан әр түрлі түс шығаратын құралдарына толы, мысалы, түрлі-түсті дабылдатқыштар, түрлі-түсті жарнамалар, түрлі-түсті ойыншық шамдар. Күнделікті өмірге қажет түрлі-түсті теледидар ғана емес, түрлі-түсті экранды компьютерлер, мобильді телефондар т.б құралдар кірді. Түстер өміріміздің барлық жағдайында кездеседі және ол қоғамда үлкен рөл атқарады.

Түс жүз жыл бұрын кімнің қолында бояуға арналған құрал – саймандар болған адамдарды қызықтырды, мысалы, суретшілер, сызушылар, әсемдеушілер. Сәндік үшін бояуларды пайдалану ерте заманда басталды.

Түс және оның шығармашылық қасиеті белгілі бір себептермен тек қана ұлы жандану кезеңінің ойлап табушылары Леонардо да Винчи, Рафаэля т.б суретшілерді қызықтырды. Ұлы ағылшындық физик Исаак Ньютон жарықпен жұмыс істеуі түстерді зерттеуге бастау болды.

Әр түрлі түстерді көруге бейімделетін физиологиялық механизмді қарастырмастан бұрын көрудің қалыпты жағдайларын ескеру керек. Бізді қоршаған айнала – ол әр түрлі жарығы жоқ заттарға толы, олар табиғи жарықтың түсуі арқылы, мысалы, күннің, айдың, аспанның және т.б әр түрлі қосылулардың арқасында жарықтанады.

Егер түсті көру жайлы айтатын болсақ, оның қызметі боялған заттарды тану және ажырату болып табылады. Демек бұл өмірде біз теңіз түбінде өмір сүрушілерден айырмашылығымыз бар, өйткені олар қараңғы аймақта өмір сүргенімен өздерінің түстік жарықтанатын мүшелері бар.

20-ғасырда түсті көрудің физиологиялық механизмін зерттеу кеңейе түсті. Мысалы, электрофизикалық әдістер микроэлектродтар, микроспектроскопияларды пайдалану арқылы түсті жақсы көретін жануарларға тәжірибелер жүргізілді.

Герингтің теориясы бойынша психофизиологиялық бақылау түстердің қарама-қарсы дәрежесіне негіз болады, мысалы, сары және көк, жасыл және пурпурлық түс және т.б. Демек жасыл мен қызыл түстің араласуы арқылы қызғылтсары немесе сары түс, яғни жаңа түс пайда болады, ал көк пен сары немесе жасыл мен пурпурлық түстің араласуы арқылы ақ түс пайда болады. Сондықтан бұл дәлелдемелер бір-біріне қарама-қарсы немесе қарама- қарсы әсер ететін құбылыстарды зертеуге бастау болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1) Джадд Д., Вышецки Г. Цвет в науке и технике. – Мир, 1978.

2) Канаев И.И. Очерки из истории проблемы физиологии цветового зрения от античности до 20-века. – Наука, 1971. – 160 с.

3) Соколов Е.Н., Измайлов Ч.А. Цветовое зрения. – Изд-то МГУ, 1984. – 175с.

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 1622; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.