Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Микробиология глоссарий. 1 страница




Абиоз – мал және өсімдік шаруашылығы өнімдерін бүлдіретін зиянды микроорганизмдерді құрту арқылы консервілеу тәсілі (мысалы, сүт қайнату).

Автоклав – лабораторияда, ауруханаларда, аптекаларда және түрлі консерві жасайтын заводтарда микроорганизмдерді жою үшін қолданылатын аппарат. Мұнда залалсыздандырылған затқа +100-та су буымен жоғары қысым (1,5 – 2 атм.) әсер етеді.

Автолиз – күрделі органикалық заттардың ферменттер әсерінен биохимиялық жолмен ыдырауы. Ферменттер әсерінен микроорганизмдер клеткалары да ериді.

Автотрофтылық – организмдердің органикалық емес заттарды пайдалана отырып, қарапайым жолмен қоректенуі. Көміртегін олар көмір қышқыл газынан қамтиды. Соның нәтижесінде органикалық заттар (өсімдіктердегі фотосинтез;бактериялардағы хемосинтез) түзіледі. Бұған микроорганизмдердің азғана тобы жатады. Мәселен, азот сіңіруші, темір, күкірт бактериялары.

Агар-агар – кейбір теңіз балдырларынан алынатын өнім. Құрамының дені көмірсулар. Ыстық суда балқытылған агар салқындатылғанда іркілдек күйде болады. Микробиологияда, химияда, кондитер өнеркәсібінде (мармелад, пастила т.б.) қолданылады.

Азотты сіңіру – атмосферадағы бос күйіндегі молекулалық азоттың биохимиялық жолмен азот қосылыстарына айналуы. Мұның топырақ құнарлылығы үшін маңызы зор. Оларға: бұршақ тұқымдас өсімдіктермен бірлесіп тіршілік ететін түйнек бактериялары; топырақта жеке күйінде тіршілік ететін азот сіңіруші бактериялардың екі тобы; азотобактер және клостридиум пастеурианум жатады.

Азотобактер – атмосферадағы молекулалық азотты сіңіретін бактериялардың топырақта, көңде, түрлі суда жеке тіршілік ететін ерекше туысы. Олардың ерекше белгісі – клеткаларының сыртында шырыш қабықшасы, яғни капсулалары болады.

Азотобактерин – ауыл шаруашылық дақылдарының түсімін арттыратын азотобактерлерден жасалған бактериялы тыңайтқыш.

Актиномицеттер – сәулелі саңырауқұлақтар, табиғатта оның ішінде топырақта кең тараған микроорганизмдердің жеке класы. Бұлардың адам мен жануарларда актиномикоз ауруын туғызатын өкілдері де бар.

“АМБ” – аухтотонды Б микрофлора. Топырақтағы қоректік заттарды өсімдіктерге сіңімді күйге айналдыратын, гумустың минералдануын шапшаңдататын тірі бактериялардан жасалған жиынды тыңайтқыш. Бұл бактериялық тыңайтқыш құрамында аммониландырушы, нитрлендіруші, денитрлендіруші, азот сіңіруші, клетчатка ыдыратушы, фосфордың қосылыстарын өсімдіктерге сіңімді күйге айналдыратын микроорганизмдер болады.

Амилаза – ( немесе диастаза) крахмалды декстрин және мальтозаға ыдырататын гидролиздеуші фермент.

Аммониландыру – табиғатта құрамында азоты бар органикалық заттардың аммиакқа дейін ыдырауы. Оларға көптеген шіріту бактериялары, актиномицеттер және зең саңырауқұлақтары жатады.

Анабиоз – тіршіліктің әдетте байқалмайтын жасырын түрі. Өсімдіктер мен жануарлар өнімін консервілеудің негізгі принциптерінің бірі. Бұған шөпті құрғатып, пішен даярлау, құрғақ дәндерді сақтау, өнімдерді салқында сақтау тәсілдері жатады.

Анаболизм – синтезделу клетка ішілік сипатта өтетін метаболизм. Нәтижесінде органикалық заттар (амин қышқылдары, нуклеотидтер) пайда болады. Катаболизммен тығыз байланысты болады.

Анаэробиоз – атмосфералық оттегі болмайтын жерде тіршілік етуге бейім микроорганизмдер.

Антагонизм – организмнің бір тобына екінші бір топтың жойқын әсер ететін қасиеті. Оларға сүт қышқылы бактерияларының шіріту бактериялары тіршілігі тежеуі мысал болады. Бұған қарама қарсы құбылыс симбиоз болып табылады.

Антибиотиктер – әр түрлі микроорганизмдердің дамуын тежеп, тіпті құртып жіберетін микробтар бөліп шығаратын заттар. А. Түзетіндер: актиномицеттер, микроскоптық саңырауқұлақтар және бактериялар. А. Фитонцидтерде жатады. Бірақ олар өсімдіктерден алынады.

Антисептиктер – хирургиялық құралдарды және түрлі жараларды таңатын заттарды микроорганизмдерден тазарту үшін өңдеуге арналған химиялық заттар.

Архимицеттер – мицелийі жоқ немесе нашар дамыған төменгі сатыдағы микроскоптық саңырауқұлақтардың жеке класы. Олардың көпшілігі өсімдіктер паразиті.

Аскомицеттер – жыныстық споралары арнаулы клеткаларда орналасқан жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың жеке қалталы класы.

Аскоспора – аскомицеттер деп аталатын микроскоптық саңырауқұлақтардың споралары орналасқан орын (аск –дорба деген сөз), яғни дорба. Бұл жыныстық көбейюідің соңғы сатысы. Көптеген аскомицеттер жыныссыз жолмен, конидийдің көмегімен көбейеді.

Аспергилл – аскомицеттер класына жататын жоғары сатыдағы зең саңырауқұлақтарының жеке туысы. Олардың споралары конидиялардың ұшында орналасады; кейбір өкілдері құстар мен кемірушілерде ауру қоздырады.

Ассимиляция – организмдердің қоректік заттарды және ауаны қабылдап сіңіруі. А. организмдерді зат алмасудың негізгі бір қажетті құрам бөлігі.

Аусыл – мүйізді ірі қара мал, шошқада, кейде адамда кездесетін сүзгілі вирустардың әсерінен болатын жұқпалы ауру. Оның бір қасиеті – басқа ауруларға қарағанда тез тарайды.

Ацидофилин – (немесе оны ацидофиль сүті деп те атайды) – айран сияқты сүт тағамы. Ол арнаулы ацидофиль бактерияларының көмегімен сүттен даярланады. Мұнда сүт қышқылы жеткілікті дәрежеде түзіледі және бұл айранды ішкен адам мен малдың ішегінде ацидофиль бактериялары жақсы бейімделіп тіршілік етеді.

Ашу – азотсыз органикалық заттардың микроорганизмдер әсерінен анаэробты жағдайда биохимиялық өзгеріске ұшырауы. Бұған спирт, сүт қышқылы, ацетонэтил, ацетонбутил, май қышқылы ашу процестері жатады. Сонымен қатар ашу арқылы көкөністерді жемістерді және мал азықтарын сүрлеп сақтайды.

Ашытқылар – (оны ашытқыш саңырауқұлақтар немесе дрожжылар деп те атайды) бүршіктену арқылы көбейіп, аскомицеттер класына жататын микроскоптық саңырауқұлақтар тұқымдасы. А. шарап, сыра, спирт, нан дайындауда және мал азығы ретінде де кеңінен қолданылады.

Аэробиоз – ортада оттегі болғанда байқалатын тіршілік нысаны.

Базидомицеттер – саңырауқұлақтар класы. Олардың жыныстық споралары (базидоспоралары) шеті жуандаған базидий деп аталатын жіпшелерде орналасады. Оған: дат, үй, трутовик және басқа да тұрмыста тұтынуға болмайтын улы саңырауқұлақтар жатады.

Бактериялар – микроорганизмдердің ең үлкен тобы. Оларға таяқша тәрізді спора түзбейтін топтары жатады.

Бактериялар капсуласы – кейбір бактерияларда түзілетін шырыш тәрізді заттары. Ол бактериялары құрғаудан және басқа қолайсыз жағдайлардан сақтайды.

Бактерия жіпшелері – бактериялардың қозғалуға арналған мүшесі. Флегеллин деп аталатын жыйырылуға қабілетті белоктардан тұрады. Клеткада орналасуына қарай олар: монотрихтар, амфитрихты, лофотрихтар, перитрихтар болып бөлінеді.

Бактериялар культуралары – қатты және сұйық қоректік орталарда өсірілген бактериялардың тіршілікке қабілетті популяциялары (қауымы).

Бактерияландыру – кейбір биологиялық және биохимиялық процестердің тиімділігін арттыру үшін белгілі бір бактерияларды жеке күйінде қолдану. Бұған мал азығын сүрлеуде бактериялы ашытқыларды қолдану мысал бола алады.

Бактериоздар – белгілі бір бактериялардың әсерінен адамда, жануарларда және өсімдіктерде пайда болатын аурулар.

Бактериолизис – түрлі бүлдіруші әсерінен бактериялар клеткаларының еріп кетуі.

Бактериология – микроорганизмдер жөніндегі ғылымының негізгі бір бөлігі, яғни бактериялар туралы ілім.

Бактериофагтар (немесе фагтар деп те атайды) – бұлар табиғатта кең тараған, жай микроскоптармен көрінбейді, тірі бактерияларды ерітіп, ыдыратып жібереді. Дәл мағынасына фаг – «жалмаушы» деген ұғым береді.

Бактериодтар – түйнектегі бактериялардың шапшаң көбеюінен барып түзілетін қисық пішінді ірі клеткалар. Олар аналық клеткалардың көлемінен 10-12 еседей үлкен болуы мүмкін. Олар мембранамен жабылған клетка цитоплазмасында бір-бірден немесе топтасып орналасады.

Бактерицидтік – әр түрлі факторлардың (химиялық, физикалық және биологиялық) бактерияларды қыратын қасиеті. Егер осы факторлардың қасиеттері нашарласа, яғни бәсеңдесе, онда оны бактериостатикалық құбылыс деп атайды.

Бактерициндер – бактериялардағы антагонистік әрекеттің бір түрі. Ол бактерияларға қарсы заттарды түзумен байланысты. Б. грам оң және грам теріс бактериялардан бөлінеді. Б. оны бөлетін бактерияның атымен аталады. Мысалы колицинді ішек таяқшасы, яғни колибактериялар түзеді. Б. клеткадағы ДНҚ, РНҚ және белоктардың түзілуін басып тастайды.

Бацилдар – өз клеткаларында спора түзетін таяқша тәрізді микробтар. Бактерияларға қарағанда олардың айырмашылығы да осында.

Биокатализаторлар – микроорганизмдер тіршілігінің барлық саласына белсене қатысатын тірі клеткалардағы ферменттер немесе энзимдер.

Биологиялық тазарту – арнаулы жерлерде және түрлі микроорганизмдердің қатысуы арқылы ластанған судың немесе сол сияқты басқа да сұйықтардың тазаруы.

Биопрепараттар – ауыл шаруашылығында, медицинада және мал дәрігерлік салада кеңінен қолданылатын, құрамында тірі микробтары бар немесе сол организмдердің туындасы болып есептелетін арнаулы заттар. Оған вакциналар, сарысу, антибиотиктер, бактериялы тыңайтқыштар және басқалары жатады.

Биофабрикалар – медициналық, мал дәрігерлік және ауыл шаруашылығына қажетті биопрепараттарды өндіретін өндірістер.

Биоценоз – табиғат жағдайында өзара және сыртқы ортамен белгілі бір қатынаста болатын түрлі микроорганизмдер жиынтығы. Биоценоз құрамынан жалпыға мәлім антагонизм, симбиоз құбылыстары туады.

Бифидобактериялар – ауыл шаруашылық малдардың төлдері ішектерінде тіршілік ететін Actinomycetaceae тұқымдасына жататын микроорганизмдер. Б патоген емес, көмірсуларын ыдыратуға, витаминін түзуге қатысады. Ішекте шіріту және ауру қоздырғыш бактерияларына қарсы күреседі. Осы мақсатта оларды емдік препарат ретінде қолданады.

Буферлік ерітінділер – белгілі бір тұрақты концентрациясы бар сутегі ионының ерітіндісі, әлсіз негіз бен оның тұзының қоспасы. Б.е. химиялық зерттеулерде қолданылады. Бұларға ацетат-аммиакты буфер ерітінділері жатады.

Бластомицеттер – бүршіктену арқылы көбейетін микроскоптық саңырауқұлақтар жатады.

Бруцеллез – (немесе жұқпалы ауру) – адам мен малда болатын ерекше бактериялар –бруцеллалар әсерінен болатын жұқпалы ауру.

Вакциналар – жұқпалы ауруларға қарсы медицинада, мал емдеуде қолданылатын, өлтірілген немесе шала - жансар микробтардан жасалған препарат. Ол алдын ала сақтандыру (вакцинопрофилактика) және кейде шипа ретінде (вакцинотерапия) қолданылады. Вакциналар әсерінен организмде тұрақты иммунитет пайда болады.

Вибриондар – иректелген бактерияларға жататын үтір тәрізді, өте екпінмен қозғалатын микроорганизмдер.

Вируленттілік – микробтардың әрбір штамдарының жеке белгілері. Бұл белгілер микробтардың органдар мен ұлпаларға ену қабілеттілігімен, өніп өсіп, көбеюімен, микробтардың қорғаныштық қуатын басып тастайтын заттарды бөліп шығару арқылы білінеді.

Вирулентті фагтар – тек жаңа фагтардың пайда болуын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге бактерия клеткаларының еруін (лизис) жеделдететін фагтар. Әдетте фагтар бактерия клеткаларына лизоцим ферментінің көмегімен енеді де, ондағы генетикалық ақпаратты бүлдіріп, клеткадағы заттарды пайдалана отырып, өзінше жаңадан қайта құрады. Сөйтіп, зақымдағыш қасиеті мол көптеген фагтар түзіліп, клетка сыртына шығады. Осылар вирулентті фагтар деп есептеледі.

Вирус – бұл сөздің дәлме - дәл аудармасы «У». Оны екі мағынада түсінуге болады. Біріншісі барлық жұқпалы ауруларды қоздырғыштар. Екіншісі сүзгілік вирустар. Сүзгілік вирустар бактериялар өтпейтін сүзгіден өтіп кететін, адамда, жануарларда және өсімдіктерде өте ауыр сырқаттарды қоздырғыш, жай микроскоптармен көрінбейтін өте ұсақ организмдер.

Валютин – әр түрлі микроорганизмдер клеткаларында жиі кездесетін белокқа ұқсас, құрамында фосфоры және азоты бар заттар.

Гетеротрофтылық – дайын органикалық заттармен қоректенентін микроорганизмдер. Егер өлі органикалық қалдықтарды пайдаланатын болса, онда оларды сапрофиттер, ал тірі организмдермен қоректенетін болса паразиттер деп атайды.

Галофильдер – едәуір мөлшерде тұздары бар ортада тіршілік етуге бейімделген және сол жерде көбейе алатын микроорганизмдер. Олар теңіздерде, мұхиттарда, көлдерде тіршілік етеді.

Гидролиз – заттардың суды қосып алып, оның әсерінен ыдырауы. Бұнда ферменттердің әсері күшейе түседі.

Гифа – саңырауқұлақтар денесін құрайтын бір немесе көп клеткалардан тұратын, бұтақталған өте нәзік микроскоптық жіпшелер.

Гифомицеттер – жетілмеген саңырауқұлақтардың өте үлкен тобы. Бұған бірқатар топырақ саңырауқұлақтары, адам мен жануарлар терісін зақымдайтын ауру қоздырғыш паразит саңырауқұлақтар жатады.

Гликоген – микроорганизмдер клеткаларында және хайуанаттардың бауырында кездесетін крахмал ұқсас көмірсулар полисахаридтер. Организмде ол қор заты ретінде жиналады.

Гликолиз – көмірсудан пирожүзім қышқылына дейін белгілі бірізді ферментативті реакциялар. Көбіне ашу процесіне тән.

Грам әдісімен микроорганизмдерді бояу – Дания бактериологы Грам (1888) ұсынған микроскоптық препараттарды бояудың күрделі әдісі. Осы бояуға қатысын ескере отырып, микроорганизмдерді екі топқа бөледі. Біріншісі Грам әдісімен боялатындар да, екіншісі боялмайтындар.

Гранулеза – микробтар клеткасындағы қор полисахаридтер. Г. көбінесе май қышқылы бактерияларында мол болады. Г. клеткаға құрамында иоды бар Люголь ерітіндісімен әсер еткенде көк түске боялады.

Гумус – микроорганизмдердің әсерінен өлі өсімдіктер және жануарлар қалдықтарынан пайда болатын органикалық заттардың ерекше күрделі тобы. Олар топырақ құрамында болады. Мәселен, қара топырақта 15 процентке дейін гумус болады, шымтезекті топырақта ол 25 процентке дейін жетеді. Топырақ құнарлылығын түзетін зат.

Дезинфекция -жұқпалы ауруларды қоздырғыш микроорганизмдерді құрту үшін қолданылатын химиялық заттар. Бұл тәсілмен бөлмелерді, аспаптарды, киімдерді зарарсыздандырады.

Денитрлендіру – нитраттардың (азот қышқыл тұздарының) нитриттерге (азотты қышқыл тұздарына және аммиакқа, содан соң молекулалы азотқа) дейін тотықсыздануы. Бұл процесс ерекше денитрлендіруші бактериялар әсерінен топырақта, көңде, т.с. жерлерде жүреді.

Деплазмолиз – қоршаған ортадағы заттар концентрациясы басым болғанда цитоплазма бүрісіп, клетка қабығынан ажырай бастауы. Бұл клетканың тіршілігінің жойылуына әкеліп соғады.

Диастаза – амилазаны қараңыз.

Диплобактериялар – белгілі туысқа жататын, клеткалары қос - қостан орналасқан таяқша тәрізді бактериялар.

Диплококкалар – клеткалары қос - қостан орналасқан шар тәрізді бактериялар.

Диссимиляция – тірі клеткадағы органикалық заттардың су мен көмір қышқыл газына дейін ыдырауы. Кез келген организмге тән биологиялық құбылыс.

Донор – өздерінің генетикалық материалдарын (ДНҚ) басқа микроорганизмдерге беретін, сөйтіп онда өзгерістер (мутация) туғызатын микроорганизмдер. Ал тіршілігі барысында мұндай микроорганизмдер қуат көзі ретінде органикалық және органикалық емес қосылыстарды тотықтыру процесін пайдаланады. Сондықтан оларды донор деп атайды.

Ет-пептонды сорпа – (қысқартып, орысша «МПБ» деп атайды). Микроорганизмдерді өсіруге арналған қоректік орта. Ол ет сорпасы мен бір процент пептоннан тұрады. Бұған жарты процент ас тұзы мен 1,5-3% агар - агар қосу арқылы қатты қоректік орта даярланады. Оны ет - пептонды агар «ЕПА» деп атайды. Ал 10-12%-тей желатин қосылса, ет - пептонды желатин, яғни «ЕПЖ» деп аталады.

Желатина – мал шеміршектерінде және сүйектерінде болатын жабысқақ коллаген зытының гидролизденуінен алынатын зат. Микробиологияда белгілі бір микроорганизмдерді өсіру үшін жасалатын қоректік ортаға қосады.

Зигота – балдырларда, саңырауқұлақтарда, кейбір қарапайымдыларды жыныстық жолмен пайда болған қалың қабықшалы қозғалмайтын клетка.

Зимаза – ашытқылар клеткасында кездесетін спирт ашу процесі кезінде көмірсуларын ыдыратуға қатысатын ферменттер тобы.

Зооглея – желім тәрізді шырыш бөліп, онымен клетка сыртында капсула құрайтын бактериялардың колониялары.

Зооспора – көптеген балдырларда және кейбір микроскоптық саңырауқұлақтардың көбеюі барысында жыныссыз жолмен пайда болатын клеткалар.

Иммунитет – организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұру қасиеті. Мұнда әрбір әрекет етуші затқа қарсы организмде тиісті өзіндік иммунитет пайда болады.

Инвертаза – (немесе сахараза деп те атайды) қызылша қантын (сахароза) глюкоза және фруктозаға дейін ажырататын фермент.

Ингибитор – биологиялық процестерді тежейтін заттар. Ол әрекеті жағынан активаторларға қарама қарсы заттар.

Инкубациялық кезең -организмге ауру қоздырғыш микроорганизмдер енгеннен кейін аурудың бастапқы белгілері байқалғанға дейінгі уақыт, яғни аурудың жасырын кезеңі.

Инфекция -адам мен жануарларда паразит микроорганизмдердің әсер етуінің бір көрінісі. Оларға жұқпалы аурулар жатады.

Капсидтер -вирондардағы нуклеин қышқылдарын сыртқы әсерден сақтап тұратын белокты қабық. К. бір немесе бірнеше пептид шынжыршалардан тұрады.

Капсомерлер - капсидтердің морфологиялық бөлшегі. К. бір немесе бірнеше ассиметриялы белок молекуласынан тұрады. Электрондық микроскоппен көруге болады.

Катаболизм -әр түрлі күрделі органикалық заттардың ыдырау процесі. К. анаболизммен тығыз байланысты.

Конъюгация -донор бактериялардың рецепиент бактерияларға жанасуы кезінде генетикалық материалдың берілуі.(ДНҚ)

Клостридий -спора түзу кезінде клеткалары ұршық пішінді болып келетін Clostridium туысына жататын, грам оң, спора түзетін, анаэроб бактериялар туысы.

Коли – индекс -зерттелетін заттың 1 литрінде (немесе қатты зат болса 1кг) болатын ішек таяқшасы бактерияларының саны. К и. зерттелетін заттардың туыстасын қатты қоректік ортаға сепкен кезде В. Сoli өсіп шыққан колониясын санап анықтайды. Бұл судың, тағамдардың және басқа да сыртқы орта заттарының ластану дәрежесін көрсетеді. Егер К и. З тен жоғары болса (Коли титр 300 және оданда көбірек), түтік суын адам мен малға беруге болмайды.

Кефир -сүт қышқылы және спирт ашу процестерінің нәтижесінде сиыр сүтінен жасалатын тағам. Бұнда ашытқы ретінде сүт қышқылы бактериялары мен кефир ашытқылары қолданылады.

Клетка тургоры -бір қалыпты зат алмасу жағдайында суға толы болғанда клетка қабырғаларына әсер ететін ішкі кернеу.

Клетка ядросы -міндетті түрде болатын клетканың бір бөлігі. Бірақ бактерияларда ол жоғары сатыдағы микроорганиздердегідей жекеленбеген, цитоплазма ішінде шашырай орналасқан.

Коккалар -шар тәрізді, домалақ клеткалары бар бактериялар тобы. Олардың диплококкалар, тетракоккалар деген туыстары бар.

Коли – бактериялар (немесе ішек таяқшасы деп те атайды) бұлар адам мен жануарлардың ішек - қарнында кең тараған. Олардың басым көпшілігі іш сүзегі, паратиф, дизентерия, оба және басқа да ауруларды қоздырушылар.

Компостар -(немесе қорда деп те атайды) өсімдіктердің органикалық қалдықтарына малдың нәжісін қосу арқылы даярланған тыңайтқыштар. Мұнда микроорганизмдер басты рөл атқарады. Компостардың шымтезекті көңді, көңді фосфоритті түрлері бар.

Консервілеу – физикалық,химиялық және биологиялық әдістер көмегімен өсімдіктер және жануарлар өнімдерін шіруден, ашудан сақтау. Мұның абиоза, анабиоза, биоза және ценанабиоза деп аталатын төрт түрі бар.

Коферменттер – ферменттердің белоктық бөлігінен оңай ажырайтын протестикалық топ.

Кох аппараты – неміс оқымыстысы Кохтың ұсынған бу ағынымен заттарды зарарсыздандыруға арналған аспабы. Мұнда бу температурасы 100 градустан аспайды.

Қарапайымдылар – қозғалғыш, бір клеткалы, құрамы күрделі, табиғатта кең тараған организмдер.

Қор заттары – тірі клеткаларда жиналатын белоктар, көмірсулар, тұздар т.б сол сияқты заттар.

Қоректік орталар – микроорганизмдердің жеке түрлерін өсіруге арналған орталар. Негізінен олар мынадай топтарға бөлінеді: 1) табиғи; 2) қатты және сұйық; 3) арнаулы қоректік орталар.

Қошқыл бактериялар – қошқыл түсті, фотосинтезге бейім, күн сәулесіне мұқтаж, автотрофты микроорганизмдер тобы. Бұған күкірт бактериялар жатады.

Қымыз – сүт қышқылы және спирт ашу процестері нәтижесінен бие сүтінен жасалатын қышқыл сусын. Мұнда ашытқылар мен сүт қышқылы бактериялары тіршілік етеді.

Колония – қоректік заттар бетінде немесе қатты және сұйық қоректік орталар ішіне орналасқан бір түрге жататын бактериялар жиынтығы. Екінші жағынан олар түрліше болып келеді. Негізінен бір клеткадан дамыған және түр сипатын анықтай алады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 2948; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.065 сек.