Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дифтонг дауыстылар




С.Мырзабеков т.б. ғалымдардың дәлелдегеніндей қазақ тіліндегі и, у әріптерінің дыбыстық таңбасы ій, ый ұу, үу түрінде келеді. Оны І.Кеңесбаев дауысты дыбыстардың қосынды дыбыс түрінде келуі, яғни дифтонгоидтар деп атады, немесе «жалған дифтонгтар».Себебі құрамындағы екі элементтің алғашқы сыңары дауысты буын құрағыш, екіншісі- дауыссыз буын құра алмайды. Сондықтан «жалған дифтонгке» жатады: құуыр, бійе, ійне, бійлеу.

Сондай-ақ барұу, келүу, бій, тарыйхый сөздеріндегі и, у фонемаларын тұйық дифтонг деуге болады. Дауыссыз дыбысқа тынған сөзге жалғанатын қосымша қалай жалғанса, и, у дыбысына біткен сөзге де қосымша солай жалғанады.Мысалы: тәу. Жалғауының III жағы дауысты дыбыстарға –сы, -сі түрінде, ал дауыссыздардан кейін –ы, -і түрінде жалғанады: туы, биі т.б.

Ю әрпі.

1) Тіліміздегі байырғы сөздерде:

а) йұу: қараю, құю, қартаю, жою;

ә) йүю: үю, сүю, кею, күю, серею;

б) и әрпінен кейін:

ұу-қию, жию, сию

үу- кию, тию, делдию

2) Орыс тілінен енген сөздерде:

а) сөз басында және дауысты дыбыстан кейін- йу-юбилей, каюта;

ә) дауыссыздан кейін(жіңішке у): люстра, сюжет, бюджет.

Я әрпі

1) иа: ая,боя, сая, қарая;

2) и әрпінен кейін а:қия, сия, сұрқия.

 

1-тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Фонетиканың қандай түрлері бар?
  2. Тіл дыбыстарын зерттеудің неше аспектісі бар?
  3. Тіл дыбыстары қандай әдістермен зерттеледі?
  4. Қазан төңкерісіне дейін қазақ тілі фонетикасы туралы зерттеулерді қандай еңбектерден кездестіреміз?
  5. Орыс зерттеушілерінің еңбектерінде қазақ тілінде неше дауысты бар деп көрсетілді?
  6. Тіл дыбыстары қалай жасалады?
  7. Тіл дыбыстарының жасалуын байланысты актив, пассив мүшелер деген ұғымды қалай түсіндіресіз?
  8. Қазақ тілі дыбыстарын ғылыми тұрғыда пән ретінде қалыптастыруда еңбектер жазған ғалымдар кімдер?
  9. А.Байтұрсынұлының еңбектерінде дыбыстардың түрлері қандай терминдермен аталды?
  10. Қ.Жұбановтың қай еңбегінде буын мәселесі тереңірек сөз болды?
  11. Қазақ тілінің сингармонизм заңы туралы тұңғыш талдап жазған ғалым кім еді?

Әдебиеттер: Н.: № 4; 5; 6; 7

Қ.: № 1; 2; 3; 9; 15; 16; 21; 22; 26; 37

 

 

3-дәріс. Дауыссыз дыбыстар

Жоспары:

1. Дауысты дыбыстар, олардың жасалу жолдары;

2. Қазақ дауысты дыбыстарының құрамы туралы пікірлер

3. Дауыссыз дыбыстар. Дауыссыз дыбыстардың акустика-артикуляциялық жақтан

жіктелу ерекшеліктері

Дауыссыздар дауыстыға қарағанда сан жағынан көп. Оқулықтарда оның саны 25 кейде 26 болып жазылады. Негізінде 26:б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,р,с,т,п,у,ф,х,һ,ц,ч,ш. Оның ішіндегі қазақтың төл сөздеріндегі дауыссыздар 19, ал халықаралық сөздерден қосылған 6 дауыссыз. П.М.Мелиоранский ч фонемасын қазақ тілінде ежелден келе жатқан дыбыс деп түсінеді. Ш дыбысының ч-мен айтылуы диалектілерде ғана кездесетін құбылыс. Сонда орыс тілінің әсерінен ц, в дыбыстары енсе, ф,х дыбыстары орыс тілінен бұрын араб, парсы тілі арқылы әдеби тілге енген болатын.

Қазақ әліпбиіндегі байырғы дауыссыздардың таңбалары тек жуан: б,ғ,д,ж,з,и,қ,л,м,н,ң,р,с,т,у,ш;ал үнемі жіңішке айтылатын к,г зерттеушілердің зерттеушілердің назарын әр кез өзіне аударып отырған.

Дауыссыз фонемалар акустика-артикуяциялық ерекшелігіне қарай 3-ке бөлінеді:

1) Дауыстың қатысына қарай: а) қатаң б) ұяң в) үнді

а) п,ф,қ,к,т,ч,с,х,ц,щ,ш,һ

б) б,в,г,д,ғ,ж,з,

в) л,м,н,ң,и,у,р

Қатаңдар мен ұяңдар кейде үнсіздер деп аталады.

2) Дауыссыздардың айтылу жолына қарай:

а) шұғыл кейде эксплозив деп аталады: п,б,т,д,к,г,қ,ц,м,н,ң,

б) ызың не фрикатив: ф,в,ш,ж,з,х,һ,л,й,у

в) діріл: р

Шұғыл фонемаларды айтқанда дыбыстау мүшелері біріне-бірі жабысып, ауа кілт үзіледі де содан соң қайта жалғасады. Ал ызыңдарды айтқанда дыбыстау мүшелері біріне-бірі жуысып, ауаның жолын барынша тарылтады. Бірақ ауа біржола үзілмейді, сыздықтап сүзіліп шығады. Ал діріл дауыссыздары тіл ұшының дірілінен пайда болады.

3) Жасалу не айтылу орнына қарай:

а) ерін не лабиаль: п,б,в,ф,м,у,

б) тіл не лингваль: т,д,с,з,ш,щж,ц,ч,к,г,қ,ғ,х,н,ң,л,р,й;

в) көмей не фарингаль: һ




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-31; Просмотров: 5444; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.015 сек.