Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Фонемалары. 1 страница




Қ фонемасының айтылу жолы бірдей емес. Қатаң қ –шұғыл, ұяң ғ-ызыңға жатады. Қ-ны айтқанда тілдің арты таңдайға нық тиіп, тез ажырайды да ғ-да жуықтап тұрады. Екеуі де жуан дауыссыздармен қатар тұрады. Қ-қазақ тіліндегі актив фонема. Ол барлық жерде кездеседі. Қазіргі қазақ тілінде қ-дан басталатын сөздер 1-орын алады (8402), ал з сөз соңында мүлдем кездеспейді. Сөз басында санаулы кірме сөздерде (50), сөз ортасында үнемі кездесіп отырады. Қ фонемасы к фонемасы сияқты көрші дыбыстардың әсерінен ұяңданып ғ-ға айналады. Мысалы: қара қой-қара ғой.

Х фонемасы орыс тілі арқылы енген сөздерде көбірек кездеседі, қатаң, ызыңға жатады. Сөз басында (200-дей сөзде) кездеседі, сөз ортасында аз кездеседі. Х әрпін араб, парсы тілдерінен енген сөздерде жазу дәстүрге айналған. Мысалы: хат, хабар, халық т.б.

Ц,Ч фонемалары африкат (қосынды) делінеді. Ц фонемасы т мен с элементтерінің қосындысы болып келеді. Оны айтқанда тілдің ұшы астыңғы күрек тіске, алдыңғы жағы үстіңгі күрек тіске нық тиеді де тез ажырайды. Бұл орыс тілінен енген сөздердің басында,ортасында мол кездеседі, сөз соңында сирек кездеседі. Мысалы: циркуль, цифр, цирк т.б.

Ч фонемасы т және ш әлементінің кірігуінен құралады. Алдымен тіл ұшының күрек тіске, одан кейін тіл алдының таңдайға тиюінен жасалады. Ч-мен айтылатын сөздер қазақ тілінде аз кездеседі. Мысалы: чек, чемодан т.б.

Й фонемасын айтқанда тілдің ұшы төменгі күрек тіске, екі шеті бүйір тіске тиеді де ортасы жұмсақ таңдай мен қатты таңдайдың түйіскен тұсына қарай көтеріледі. Сөз ортасы мен сөз соңында көп кездеседі, ал сөз басында санаулы ғана сөздерде кездеседі: йод, йапырай т.б

 

2-тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Қазақ тілінің дыбыстық құрамы, дауыссыздар мен дауыстылардың айырма белгілері қандай?
  2. Қазақ тілі дауыстылар құрамының түрліше сипатталып келу себебі не?
  3. Қазақ тілі дауыстыларын тұңғыш зерттеген еңбектер кімдердікі?
  4. Дифтонгоид дыбыстар туралы қазақтың қандай ғалымдары пікір білдірді?
  5. Жеке дауыстыларға сипаттама беріңіз
  6. Қазақ тілі дауыссыздары қалай жіктеледі?
  7. Төл және халықаралық дауыссыз дыбыстарды атаңыз
  8. Жеке дауыссыздарға сипаттама беріңіз

Әдебиеттер: Н.: № 4; 5; 6; 7

Қ.: № 1; 2; 3; 9; 10; 11; 18; 15; 16; 22; 26; 37

 

4-дәріс. Қазақ тіліндегі буын мәселесі

Жоспары:

1.Қазақ тілінлегі буын табиғаты, түрлері.

2.Буынның дыбыстық құрамы

3.Сөздердің буын құрамы.

4. Сөздердің буын жігі мен морфемалар жігін ажырата білудің маңызы.

1. Буын – ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке (дауысты) дыбыс, не дыбыстар(дауыссыз, дауысты) тобы. Қазақ тілінде буынның маңызы ерекше. Дыбыстық негізгі заңдар осы буынның төңірегінде өрбиді. Буынға тән сипаттар:

1. Буын болуы үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуы тиіс және оның саны біреуден артық болмауы керек. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты фонема болса, сонша буын болады деген сөз.

2. Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе грамматикалық мағынасы бар бөлшектерге (морфемаларға) тура келуі мүмкін.

3. Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды (а-на-ла-ры-мыз-ға), не жіңішке (бөл-ті-рік-те-рін) болып келеді. Мұның өзі тілдің үнемді қызметіне негізделеді. Егер тілімізде аралас буынды сөздер кездесетін болса, онда олар кірме сөздер болғаны: мұғалім, қажет, педагог т.б.

4. Буынның жуан, жіңішкелігі қазақ тілінде дауыстыларға байланысты.

Тіліміздегі байырғы сөздер, сондай-ақ буындар да қос дауыссыздардан басталмайды. Орыс тілінен енген біраз сөздің біздің тілімізде жазылуы соның айғағы: бөрене(бревно), жеребе (жребий), кереует (кровать), үстел (стол) т.б.

5.Бас (бірінші) буын болмаса, қалған буындар дауыстыдан басталмайды.Тасымалдың дауыстыдан басталмайтыны осыдан.

Қазақ тіліндегі буынның түрін Қ.Жұбанов алтыға, Н.Сауранбаев төртке, С.Кеңесбаев үшке бөледі. Соңғы бөліс (ашық, тұйық, бітеу) барлық оқулықта жүр. Құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың орын тәртібіне қарай қазіргі қазақ тіліндегі буынның екі түрі бар: ашық буын және тұйық буын. Бұлай бөлу буынның теориялық та, практикалық та мәніне сай келеді және есте сақтауға ыңғайлы.

Есте дұрыс сақтау үшін буын құрамында кездесетін дауыстыны шартты түрде А, дауыссызды В әрпімен таңбалап, буынның түрлерін, оның дыбыстық құрамын былай өрнектеуге болады(С.Мырзабеков Қазақ тілінің дыбыс жүйесі):

1.Ашық буын – жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға бітетін буын. Мұның дыбыстық құрамы:

1) А: а, а-на, ә-ке, ү-кі, ә-же;

2) ВА: ба-ла-сы, бі-лі-мі, де, же-лі;

3) ВВА: ста-нок, пра-во, гра-нат, ста-кан;

4) ВВВА: стра-тосфера, стра-тегия;

2. Тұйық буын- соңы дауыссызға аяқталатын буын.

Дыбыстық құрамы:

1) АВ: ат, ай, үй, ақ;

2) АВВ: ант,өрт, ұлт, акт;

3) ВАВ: бас-тық, бас-тау, бұл-бұл, тақ-тақ;

4) ВАВВ: қант, жалт-жұлт, қарт, сарт;

5) ВАВВВ: пункт, центр, текст;

6) ВВАВ: шкаф, шлем, крем, штаб;

7) ВВАВВ: спорт, штамп, крест;

8) ВВАВВВ: спектр;

9) ВВВАВ: штраф, шприц, штрих.

Байырғы қазақ сөздері, қала берді бүкіл түркі сөздері негізінен бір буынды болып келеді. Академик Ә.Қайдаров қазақ тілінде 1352 бір буынды түбір барын анықтады. Құрылымына қарай солардың 1053-і ВАВ, 158-і АВ, 117-сі ВАВВ, қалған үш түрі жиналып қырықтан әрең асады.

Соңғы кездері қазақтың байырғы сөздері де қос дауыссыздан басталады дейтін пікір айтылып жүр. Сөздердің қос дауыссыздан басталатынына күмәнданған А.Айғабылов сөз емес, қос дауыссыздан сөз ішіндегі буын басталады дейтін жаңа пікірге жан берді. Бұл екі пікір де айналып келгенде бір жерге тоғысады: қазақ тілінде сөз де, буын да қос дауыссыздан басталмайды дейтін ғасыр бойғы айтылып келген пікірлер сыңаржақ болып шығады: Қ.Жұбановтың сөздің жігін ажырату жөніндегі қағидасы далада қалады, қатаңдардан соң да (кл, кр, қр), ұяңдардан соң да үнділер (бл, бр, др) тұратын болады.

«Адам аты-жөндеріне келгенде, оларды екі дауыссыз дыбыстан бастап жазу атақты жазушы Ғабдол Сылановтың фамилиясын Сланов деп жазудан басталып, бұл күнде Смаханов, Смайылов, Спатаев деп жазу етек алып кетті, дағдыға айналып бара жатыр, бірақ ол дағды нормаға ауыспауға тиіс, өйткені емле ережесі мұны мүлде көтермейді», дейді белгілі ғалым Р.Сыздық. Дұрысы, емле ережесі емес, дыбыстық заң көтермейді.

2. Буынның дыбыстық құрамы мынадай:

а)Бір дыбыстық буын: ә-ке, а-на ә-же;

б) Екі дыбыстан тұратын буын: ба-ла, жа-ла, ша-ла;

в) Үш буыннан тұратын буын: бас, қас, өрт, көш;

г) Төрт дыбыстан тұратын буын: қант, төрт, сарт.

3. Тіліміздегі сөздер (сөз формалары) құрамындағы буынның түрлеріне қарай:

а) бірыңғай ашық буынды сөз формалары: қа-ла-да;

б) бірыңғай тұйық буынды сөз формалары: мек-теп-тер-дің;

в) аралас буынды сөз формалары: а-на-ла-ры-мыз-дың.

Қазақтың байырғы сөздері негізінен бір буынды, қала берді екі буынды болып келеді. Мұның өзі поэзия тілі болуымен де байланысты. Өйткені 11 буынды болып келетін қара өлеңде бунақтар 3-4 буыннан аспайды.

Түркі тілдері – жалғамалы тілдер. Сөздер, әсіресе етістік түбірлер қатынас қызметін атқару үшін түрлі жұрнақ, жалғауларды қабылдау керек болады. Бір ғана әже сөзі жалғаулармен түрленгенде 200-ге жуық, бір ғана етістік сөз түрленгенде 1,5 мыңға жуық формаға ие болады. Яғни қосымшалар сөздердің өмір сүру формалары деуге болады.

4. Күні бүгінге дейін буын және оның шегарасын тану – фонетиканың ең қиын мәселесі. Буын жөнінде лингвистикада бірнеше теория бар. Әдетте буынның ескі анықтамасы сөйлегендегі демнің жіктелуіне негізделеді.

Кейінгі кезде акад. Л.В.Щерба буын және буынға жіктеу мәселесі жайында тың пікір айтты. Буын – сөз ағымындағы бір немесе әлденеше фонеманың тобынан жасалған фонетикалық единица. Қазақ тіліндегі дыбыстар буын жасаудағы қызметіне қарай екі топқа жіктеледі: буын құраушы дыбыстар – дауыстылар, буын құрай алмаушы дыбыстар – дауыссыздар. Қазақ тілінде буын құрайтын дауыстылар болғандықтан, олар жеке тұрып та, не алды – артына дауыссызды қосып та буын құрай алады. Қазақ тіліндегі буын өзгешелігінің бірі – буын жасаушы дауысты дыбыстар өзімен бір үйірлесе жүретін дауыссыздардың акустикалық көрсеткіші болып келеді. Егер буындағы дауысты жіңішке болса, үйіріндегі дауыссыздар да жіңішке болады, жуан болса, дауыссыздар да жуан болады (бала, етік, көрік).

Л.В.Щерба буын ішіндегі дыбыстардың санына қарай қазақ тілінде буынның мынадай түрін көрсетеді (Ж.Аралбаев Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер):

1). Дауыстыға біткен буынды ашық буын дейміз: а-ла, ба-ла, а-та т.б.

2). Дауыстыдан басталып, дауыссызға біткен буынды тұйық буын дейміз: ақ, өрт, ұл, т.б. Тұйық буын дыбыс құрамына қарай жай тұйық буын және ауыр тұйық буын болып екіге жіктеледі. Жай тұйық буын дегеніміз екі дыбыстан құралған: дауыстыдан басталып, жалғыз дауыссызға біткен буындар: ас, ал, оқ, із, ән, үн, ұн, т.б. Ауыр тұйық буын дегеніміз дауыстыдан басталып, дауыссыздарға біткен буындар: ант, өрт, айт, арт, т.б. Ауыр тұйық буынның жай тұйық буыннан айырмашылығы – ең кемі үш фонемадан құралады.

3). Дауысты дыбыс алды – артына дауыссыздарды қойып буын жасайды: тал, төрт, бар, қас т.б. Тіліміздегі буынның осындай түрін бітеу буын дейміз. Бітеу буын тұйық буын тәрізді фонема құрамына қарай жай бітеу буын және ауыр бітеу буын болып екіге жіктеледі:

а ) жай бітеу буын дегеніміз – буын жасаушы элементтің екі жағы да жалаң дауыссыздан, не кілең сонордан, не кілең салдырдан тұрады: мал, жаз, қар, зат, жең, т.б.

б) ауыр бітеу буын дегеніміз – бір жағы екі дауыссызға біткен буын: төрт, бұлт, құрт, серт, т.б.

Қазақ тілінің буын құрылысы мен буынға жіктелу жағдайы дауыссыздардың өзара қатыстарына және сөз ішінде орналасуына табиғи байланысты. Буынға буын қосылғанда жіктелу сызығының өзгеру, өзгермеуінің едәуір маңызы бар. Әуелгі буында дауысты мен дауыссыз бірге келіп, одан кейінгі буын дауыстыдан басталса, онда әуелгі буынның алдындағы дауыссыз екі дауыстының аралығында қалып, буынға жіктелгенде соңғы буынға жылысады. Мысалы: күн-ім – кү-нім, ат-ым – а-тым, жаз-ыл – жа-зыл, осындай буын сызығының бір-біріне ауысуына байланысты буын жігіндегі дауыссыздардың тіркесін және олардың бір-біріне ететін әсерін де қарауымыз жөн. Осымен бірге буын жігінің ауыспайтын және ауысатын жағдайын да анықтауымыз керек:

  1. Ашық буыннан кейін келетін өзге буындарда буын жігі жылыспайды, ауыспайды: а-ға, кі-сі, кі-тап, т.б.
  2. Тұйық пен бітеу буындардан кейін келетін буындар дауыссыздан басталғанда буын жігі ауыспайды: жас-тар, ақ-шыл, оқ-та, қол-да т.б.
  3. Дауыссызға бітетін буындарға дауыстыдан басталған буын қосылғанда буын жігі ауысады: ат-ы – а-ты, от-ы – о-ты, ұрт-ы – ұр-ты.

Демек, буын жігінің ауысуы екі түрлі болады: бірінде-буындар жылысады, бірінде- буындар кірігеді.

 

4-тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

1. Екпіннің анықтамасы

2. Екпін мен буынның арақатынасы

3. Қазақ тіліндегі екпіннің түрлері туралы көзқарастар

4. Интонация, оның тіл біліміндегі қызметі

5. Пауза туралы түсінік

Әдебиеттер: Н.: № 5; 6; 7

Қ.: № 1; 3; 9; 13; 14; 15; 16; 22; 26; 33; 36;

 

5-дәріс. Қазақ тіліндегі дыбыстар тіркесімділігі

Дәрістің жоспары:

1. Қазақ тіліндегі дыбыстар тіркесі туралы түсінік және оның зерттелу жайы

2. Дауысты дыбыстар тіркесі

3. Дауыссыз дыбыстар тіркесі

4. Сөз соңындағы қос дауыссыздар

5. Шәлкес дыбыстар

6. Қайталама дыбыстар

7. Үш дыбысты тіркестер

1. Сөйлеу кезінде әр түйдектегі дыбыстар тіркесі өзара үндесіп, кірігіп, тіл табысып тұрады, яғни дыбыстардың қатар тұруында тарихи қалыптасқан орны, белгілі жүйе, заңдылық болады. Тілімізде үндестік заңы деп жүргеніміздің өзі дыбыстар тіркесінің нәтижесі болып табылады.

Бұл заңдылық бойынша:

а) сөз деңгейінде тек жуан не жіңішке дауыстылар тұрады;

б) сөз (түбір) ішінде, сөз бен қосымша, сондай-ақ сөз бен сөздің аралығында қатаңдардан соң тек қатаңдар тұрады;

в) әлгіндей жағдайда ұяңдардан соң тек ұяң дауыссыздар тұрады

г) үнділерден соң ұяңдар, қала берді үнділер келеді.

Осы заңдылықты елемеудің салдарынан дыбыстар тіркесіне зор нұсқан келіп, айтуды да күйретіп барады. Тіл тазалығын, айту мен жазудың дұрыс, бұрысын анық білу үшін дыбыстар тіркесін білудің маңызы зор.

Дыбыстар тіркесі деп дыбыстардың бірімен бірі қатар тұру мүмкіндігі, тарихи қалыптасқан орны, халықтардың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жетілген сөйлеу өнерінің жемісін атаймыз.

Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың тіркесі жөнінде алғаш орыс тілінде мақала жазған – Е.Омаров. Ол «О сочетаний звуков казахского языка» деген мақаласында қазақ тілінде 9 дауысты, 34 дауыссыз бар деп анықтайды да, қосымшалардың түбірге жалғану ретін таблица түрінде көрсетеді. Қатаңдарды l, ұяңдарды d түрде таңбалап, l+d ешуақытта тіркеспейтінін, қатар келе қалған күнде қатаңдар ұяңданып, немесе ұяңдар қатаңданып кететінін мысалдармен дәлелдейді: ат+дорба-атторба, үш+жарым-үшшарым, көк+дөнен-көгдөнен т.б.

А.Исенгельдина қазақ, орыс тілдеріндегі дауыссыздардың тіркесін анықтап, түрлі заңдылықтар табуға тырысқан. Ол үшін 1954 жылы шыққан қазақша-орысша сөздіктен 10000 байырғы қолданысты алады. Дауыссыздардың екіден, үштен тіркесу мүмкіндіктерін анықтап таблица ұсынады, бірақ тіркестер ешқандай мысалдармен дәлелденбеген.

Қазақ тіліндегі дауыссыздардың тіркесімін анықтап беруді мақсат еткен А.И.Рабинович тіркесімдерді нақты мысалдар арқылы дәлелдейді: зм -(мазмұн), қл (мақлұқ), нк (зиянкес), ру (шаруа),т.б.

Қазақ тіліндегі дауыссыздардың тіркесін ғылыми түрде жүйелеп, саралап беру міндетін өз мойнына алған С.Мейірбекова бұдан кандидаттық диссертация жазып, табысты қорғады.

Орыс, қазақ тілдерінің дыбыстық жүйесінің арақатысын салыстыра зерттеген М.Жүсіпов бұл тілдердегі дауыссыздардың тіркесіне көңіл бөлген. Қазақ тілінде 527 дауыссыздар тіркесімін анықтайды. Оның 259-ы кірме сөздерде, 268-і қазақ сөздерінің құрамында ұшыраған.Тіркестердің түрін көрсеткенімен, қандай сөздердің құрамында кездесетіні мысалмен дәлелденбеген. Сондықтан оның қазақтың өз сөзінде немесе орыс тілі арқылы енген сөздерде кездесетінін анықтау қиын. Тек ғл, ғн, қл, йу сияқты орыста жоқ әріп тіркестері ғана көңілге күдік ұялатады.

2. Қазақ тілінде дауыстылар сөз ішінде, сөздер аралығында қатар тұра алмайтындығы, қатар келе қалған жағдайда алдыңғысы элизияға ұшырайтындығы белгілі (айтылмайтындығы): игі іс-игіс, қолы ұзын -қолұзын т.б.

Қазақ тілі ә,о дауыстыларын тек сөздің бас буынында ғана қалыптастырған. Қазіргі қазақ тілінде олар екінші, үшінші буындарда жүрсе, ол кірме сөздерді үндестікке үйрету, кіріктіру үшін керек болғандықтан алынған деп түсіну керек. Сондай-ақ ыу, іу тіркесі мүлде жоқ.

Сөз ішінде дауыстылардың тіркесе алмауы түркі тілдеріне, әсіресе қазақ тіліне тән қасиет. Дыбыстау мүшелерінің үнемді қызметіне, үндестікке негізделген қазақ тілінде артық буын, үндеспейтін дыбыстарға орын жоқ. Бунақтағы сөздердің алдыңғысы дауыстыға аяқталып, кейінгісінің дауыстыдан басталып жазылуы үйреншікті көрініс: ала ат, қолға алды, алты ай. Бұлар алат, қолғалды, алтай түрде айтылады.

Мұндай жағдайда алдыңғы сөздің соңындағы дауыссыз дыбыс жылысып, келесі сөздің құрамына енеді. Олай болатын себебі бір бунаққа енген сөздер тұтасып, бір сөз сияқты буындалады, ал буын – сөз басында болмаса, дауыстыдан басталмайтыны белгілі.

Жүнісбеков қазақ тілінде морфемалар буыннан кем болмайды, яғни дауыстылар жеке тұрып сөз, қосымша болуы мүмкін дейді. Сонымен, қазақ тілінде дауыстылар арасына дауыссыздар салмай өзара тікелей тіркесе алмайды. Олай болас дауыстылардың тіркесін тіл үндестігі, ерін үндестігі тұрғысынан білген жөн.

3. Қазақ тілінде дыбыстар /фонемалар/ тіркесі дейтін ұғым осы дауыссыздардың үлесі түрінде ұғынылады. Жоғарыдағы дауыссыздар тіркесімі жөніндегі ізденістер де осыған меңзейді.

Қазақ тіліндегі дауыссыздардың тіркесін анықтау бір жағынан жеңіл, екінші жағынан қиын. Жеңіл болатыны, тіл өзінде бар дыбыстарды сан ғасырлар бойы сапырып, саралап, сабақтап, орын-орнына қойып берген. Біздің дыбыстар үндестігі деп жүргеніміз сол саралап, сабақтаудың /бір-біріне байланыстырудың/ нәтижесі ғана. Ол бойынша қатаң дауыссыздардан соң тек қатаңдар, ұяңдардан соң тек қана ұяңдар, үндіден соң негізінен ұяңдар, үнділер ғана тұра алады. Сөздің құрамындағы дауыссыздар дауыстылардың ыңғайына қарай бірыңғай жуан, не жіңішке болып үндесіп айтылады. Егер бұл заңдылықтар сақталса, онда дыбыстар тіркесін арнайы қарастырып жатудың көп қажеті бола да қоймас еді.

Қазақ тіліндегі дыбыстар тіркесін 3 түрлі позицияда қарастырамыз:

1) түбір деңгейінде;

2) түбір мен қосымша арасында;

3) сөз бен сөз арасында.

Үш позицияға да тән айнымас заң қатаңдардың ұяңдармен және керісінше, ұяңдардың қатаңдармен қатар тұрып айтылуы мүлде жоқ. Кез-келген дыбыстың тіркесу мүмкіндігін әлгі айтқан үш позицияда мынадай үлгіде қарастыру керек болады:

қк: 1.О

2. тараққа, таққа, соққы, соққыла;

3. аққар, аққұс, атаққұмар;

қк: 1.О

2.О

3.ақкөңіл, ақкөйлек, ақкелін;

қс: 1. жақсы, бақсы, тақсыр;

2. бақса, бақсын, жақса;

3. ақсандық, ақсауыт, ақсаусақ.

Бұдан аңғаратынымыз:

1. Дыбыстар тіркесінде белгілі бір заңдылықтар болады;

2. Қатаңдардан соң қатаңдар тұрады;

3. Ұяңдардың ішінде байырғы сөздерді аяқтап тұратын жалғыз ғана дыбыс з (ж бірер кірме сөзді ғана аяқтайды). Бұған тек ұяңнан ғана басталатын қосымша жалғанады: жазғыш, сөз арасында кейде З үндімен тіркеседі.

Мысалы, найза,зауза; ұяңдар қатаңдармен тіркеспейді.

4. Кқ дыбыстары, т мен с, т мен ш әріп тіркестері айтуда өзгеше өң алатындықтан қазақ тілінде осындай тіркестер болады: мысалы, көк қарбыз, қашса.

5. Қатаң, ұяңдардан гөрі үнділер тіркесуге бейімірек. Әсіресе түбір ішінде өзінен кейінгі қатаң, ұяң деп алаламайды, м,н дыбыстарымен т,с,ш дыбыстары тіркесе береді: мысалы: бес мың.

6.Түбір ішінде бір дыбыстың қайталанып қолданылуы байырғы сөзге тән емес.

Қазақтың түбір сөзінде екі дауыссыз қатар тұрмайды. Егер қатар келсе, олар туынды түбір немесе кірме сөз болуы ықтимал.

Қазіргі жазу, айту практикамызда бұлардан басқа да тіркестер кездеседі.

Мысалы, сөз соңында келетін дауыссыздар, үш дыбыс тіркесі, шәлкес

тіркестер.

4. Сөз соңындағы қос дауыссыз.

Бұл негізінен еліктеу, одағай сөздеріне тән. Ара-тұра өзге сөз таптарына да тән сөздер де кездесіп қалады. Сөз соңындағы қос дауыссыздар негізінен үнді, қатаң тіркесінен тұрады. Олар көбіне ет көмекші етістігімен тіркеседі.

Бірақ сөз соңындағы қатаң дауыссыз өзгеріске ұшырамайды.

1) РҚ: бұрқ,қарқ,жарқ;

2) РК: күрк, дүрк;

3) РП: арп, сарп, борп;

4) РС: тарс, гүрс, қорс, ырс;

5) РТ: сырт, күрт, борт;

6) РТ тіркесінен келетін есім, етістік сөздер: жұрт, құрт, тарт, шерт;

7) РШ: кірш, қырш;

8) ЛҚ: солқ, сылқ, былқ;

9) ЛК: селк, бүлк, кілк;

10) ЛП: жалп, балп;

11) ЛТ: зат есім - бұлт, ұлт, етістік - жөнелт, кенелт;

12) ЛШ: былш, қалш;

13) ҢҚ: саңқ, қаңқ, зат есім – даңқ;

14) ҢК: дүңк, күңк, шіңк, зат есім - реңк;

15) НТ: кент, ант, қант - зат есімдер;

16) МП: күмп, қомп, томп;

17) ЙҚ: шиық;

18) УП: әуп;

19) УҺ: уһ(үуһ).

Сөйтіп қос дауыссызға аяқталатын сөздер алдымен еліктеуіштер екені анық. Қос дауыссызға аяқталатын зат есімдердің дені кірме сөздер. Олардың қайсібірі жазу арқылы қалыптасқан деуге болады.Мәселен, даңқ, реңк т.б.

Қазақ тілінде И,У дейтіндер дыбыстар емес, әріптер болып табылады. Осы әріптердің тіркесіне қатысын анықтай бастасақ, мынаны көреміз:

ЙП: зағыйп(зағип),




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-31; Просмотров: 4425; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.122 сек.