Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лабораторна робота №14 3 страница




Экономикамыз қаншалықты серпінді дамып жатса да, ұлттық есеп жүйесінде бәрі де жақсы деп айтуға болмайды. Оның да өзіне тән кемшіліктері бар, оның ішіндегі ең маңыздысы: оның бухгалтерлік есеп әдістемелерінің ерекшеліктерін ғана емес, әртүрлі ұлттық жүйелердің жалпы белгілерін анықтайтын негізінің жоқтығы.

Бухгалтерлік есеп саласындағы осындай кемшіліктерді жойып, оны одан әрі дамыту мақсатында көптеген іс- шаралар атқарылуда. Бухгалтерлік есепті реформалаудың басты мақсаты бухгалтерлік есеп жүйесін бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына көшіру және ол келесідей себептерге негізделді:

Біріншіден, есептілікті қаржылық есептің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сай жасау қазақстандық ұйымдарға халықаралық капитал нарығына шығуға мүмкіндік беретін маңызды қадам болып табылады. Капитал, соның ішінде шетелдік капитал, инвесторлар алдында менеджмент есептілігі мен ұйым қызметі туралы қаржылық ақпараттың айқын болуын талап етеді. Шетелдік инвестор қаржылық есептілік арқылы өзі берген инвестицияның қалай пайдаланылып жатқанын түсініп, көргенше, Қазақстан тәуекелділігі жоғары аймақ болып қала береді, сәйкесінше, халықаралық капитал нарығынан қаржы ресурстарын тартуда басқа елдерге қарағанда артта болады.

Екіншіден, қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сай жасалған есептілік пайдаланушылар үшін жоғары ақпараттылығы мен пайдалылығымен ерекшеленітіндігін халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр.

Бухгалтерлік есептің басты мақсаттарының бірі өнімнің (жұмыс және қызмет) өзіндік құнын және ұйымның нақты қаржылық нәтижесін (табысын немесе шығынын) анықтау болып табылады, ал салық есебі салық салынатын базаны есептеуге арналған.

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады.

Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру" туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорын бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті.

Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің маз-мұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алғаш уақыттағы экономикалық ол-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Сон-дықтан да кез келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді.
Тарихтың әр түрлі кезеңдерінен мәлімет беретін «Тарих-ақша баламасында»-аталған бұл көрмеден ақшаның қай сатыдада атқаратын функциялары:
1.Ақшаның -құн өлшемі екенін көрсетеді.Ақша құн өлшемі ретінде «құнды көрсету үшін, яғни мөлшер жағынан аттас,сапасы жағынан бірдей және саны жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын көрсететін» материал қызметін атқарады.
2.Ақшаның-айналыс құралы екенін дәлелдейді.. Бұл қызметінде ақша айналыста дәнекер рөлін атқарады. Товар өндіруші өз товарын сатқаннан кейін басқа товарды сатып алуды кідіртіп,ақшаны айналысқа жібермей өз қолында ұстауы мүмкін. Айналыс құралы ретінде ақша өткінші сипатта болады: демек ол қолдан –қолға өтеді. Т-А-Т; А-Т-А; -деген заңдылыққа сүйенеді.
3.Ақша-қазына жинау және қорлану құралыАқша жалпыға бірдей байлықтың бейнесі болғандықтан,оны кез келген уақытта кез келген уақытта кез келген товарға айналдыруға болады.
4.Ақша-төлем құралы.Товарлар нақты ақшаға сатылып қана қоймай,сонымен бірге несиеге сатылады.Сатып алушы ақшаның орнына өз тарапынан борышқорлық міндеттемелер береді.Осы міндеттеменің мерзімі жеткен соң ақша төленеді,сөйтіп ақша төлем құралы қызметін атқарады.
5.Дүниежүзілік рынокта ақша халықтардың төлем қаржысы ретінде төлем балансының сальдосын өтеуге,халықаралық төлем қаржысы ретінде шетелден нақты ақшаға товар алу кезінде бір елден екінші елге көшірудің құралы ретінде қызмет етеді.
Ақшаның құнсыздануы инфляцияға әкеліп соғады.
Көрменің мақсаты:Музей қорында сақталған жәдігерлер арқылы көрерменге ХҮІІІ-ХХІғғ аралығында қолданылған ақша түрлерін көрсетіп, ақша айналымының тарихымен таныстыру.
Экономикалық санат ретінде ақша натуралдық шаруашылықтан тауарлы шаруашылыққа ауысу кезеңінде пайда болды. Шығарылған өнімнің түгелімен өндірушінің жеке басының керегіне жаратылған кезең натуралды шаруашылық болып есептелетіні белгілі. Кейін өндіріс құралының жетілуіне байланысты, ал кейде табиғаттың өзі туғызған жағдайына байланысты адамдардың шығарған өнімдерінің көлемі олардың жеке басының керегіне жарататын көлемнен артық болатын жағдай туды. Сөйтіп, адамдар өндірілген өнімді, өздеріне керек, басқа өнімге айырбастап алуына мүмкіншілік алды. Осының нәтижесінде» айырбастау» деп аталатын процесс шықты. Айырбастау үшін өндірілген өнімнің» тауар» деп аталатын болған соң, натуралдық өндірістің орнына тауарлы өндіріс пайда болды.
Жоғарыда көрсетілген қозғаушы күштердің салдарынан, өнім өндірушілер өздерін бір түрлі, не бірнеше түрлі өнім шығаруға бейімдейтін болды. Ал өздеріңе керек басқа өнімдерді өздері шығарған өнімнің артығына ауыстырып алатын болды.
Сонымен, ақшаның пайда болуына алдын ала екі экономикалық жағдай туғызылды:
— натуралдық шаруашылықтың орнына тауарлық шаруашылық келді, енді айырбастау операциясы өріс алды;
— өнім өндірушілердің арасында бір жағынан мүліктік жекеленушілік пайда болды, екінші жағынан белгілі бір түрлі тауар өндіруге мамандандырушылық туды.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар — барлық басқа тауарлардың бір — бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе көлемдегі формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның рөлі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент рөлін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.
Айырбастаудың тауарлық нысаны ақшалай нысанға көшті. Оның үстіне, әр түрлі тайпаларда ақшының міндетін атқаратын тауарлар әр түрлі. Мысалы: Ежелгі гректер, римдіктер, славяндар ақша орнына мал пайдаланған; Скандинав елдерінде, ежелгі орыстар — аңның, болмаса малдың терісін пайдаланған; Қытайда — тұз, Моңғолияда — шай, тағы сол сияқты. Бірақ, осының өзінде де, айырбастауда көптеген қиыншылықтар кездесті. Айтылған заттарды санау, өлшеу, оларды бір жерден екінші жерге тасу, сақтау, іріктеу деген қызметтері көп болды. Міне,осы жағдайлар және тауар өндіру мен оны айырбастаудың көлемінің өсуі ақшаның міндетін атқаратын тауардың біртектілігін, оңай бөлшектенетінін, сақтағанда бұзылмайтын және тасымалдауға қолайлы болуын талап етті. Ал мұндай қасиеттер кейбір түсті және құнды металдарға ғана тәлім болатын. Адамзат дүниесінің даму жолының әр кезеңіңдегі ақшаның міндетін әр түрлі металдар атқарады: қола, мыс, күміс, алтын.
Металл ақшаларының артықшылығы, олар — біркелкі, төзімді, ұсақталынады, және т.б. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебінің салмақтық жүиесі нақтылана түсті.Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие. Металдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді.Бірақ б.э. дейін XII ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмақ бірліктері атауымен аталады.Алғашқыдағы белгілі массасы бар формассыз металл ақшаларды кейін келе әр түрлі массадағы біркелкі формасы бар металл ақшалар ауыстыра бастады.
Монеталардың пайда болуы — ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады.
Біріншіден, ақша шыққаннан кейін тікелей тауар айырбастаудың тар шегі біраз кеңейтілді, яғни базар пайда болды, ал ол базарда екі ғана кісі емес, бірнеше тауар иелері қатынасады.
Екіншіден, ақша пайдаланудың арқасында бір ғана әрекетпен бітетін айырбастау процесі (бір тауарды беріп, екінші тауарды алу Т — Т), әр уақытта, әр жерде істелетін екі әрекетке айналды:
— бірінші әрекет, тауарды ақшаға сату (Т — А)
— екінші әрекет, алған ақшаға басқа жерде, басқа уақытта басқа тауар сатып алу
Үшіншіден, тауар өндірушілер сатқан тауардан алған ақшасын енді, керекті тауар сатып алғанға дейін, сақтауға мүмкіншілік алды. Ал мұның өзі ақшаны жинауғажәне оны басқаларға қарызға беруге болады деген сөз, яғни бұл несиенің пайда болуына әсер етті.
Осындай өзгерістердің нәтижесінде, ақшаның қозғалыс жолы тауардың қозғалыс жолынан бөлініп шықты. Енді ақша шыққаннан кейін, ақша өз алдына, тауар өз алдына айналатын болды
Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік — экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді. Экономиканың кез келген үлгісінде ақшаның қызметі өзгермей, бір қалыпта қалады. Ақша бес түрлі қызмет атқарады:
1) құн өлшемі;
2) айналыс құралы;
3) төлем құралы;
4) қор және қазына жинау құралы;
5) дүниежүзілік ақша.

Айта кететін нәрсе, көрсетілген қызметтерді тек ақша ғана орындай алады Енді олардың әрқайсысымен толығырақ танысамыз.Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды.Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана құн өлшемі болады.Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.Тауар бағасын өлшеу көрінетін өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Таурларды ақшаның көмегін өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес, Бағаның орнына ақшалар, кез келген тауарлар санын сатып алу қасетімен ерекшеленеді.
Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген қатынасын кқрсетеді. Бірақ тауапдың бағасын анықтау үшін баға масштабы қажет.Құн өлшемі және баға масштабы ретіндегі ақша қызметтірінің арасында едәуір айырмашылық бар. Құн өлшемі — мемлекетке тәуелді емес ақшаның экономикалық қызметі болып табылады. Ол құн заңымен анықталады. Баға масштабы заңды сипатқа ие бола отырып, мемлекет билігіне тәуелді және құнды емес тауар бағасын көрсету үшін қызмет етеді.Арнайы баға масштабы алтын құны мен оның мемлекеттік тұрақты бағасының арасы алшақ болып кетуіне байланысты өзінің экономикалық мағынасын жоғалтты.
Ямайка валюта реформасының (1976 — 1978 жж.) нәтижесінде арнайы алтын бағасы және паритеті жойылды. Құн өлшеу қызметі нарықтық баға масштабы негізінде орындалады.Қазіргі уақытта алтын тауарға тікелей айырбасталмайды және бағалар алтынмен көрсетілмейді. Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып тастау жағдайында ақшалы тауар (алтын) тікелей массасына емес,алтын нарығындағы несие ақшалармен операциялар жүргізуге қарсы тұрады. Осыдан алтын қағаз және несие ақшалардың құнын өлшеу ретінде көрінеді. Несие ақшалар тауардың құнын өлшемейді, өлшенген құнды көрсетеді, өйткені өзінің құны жоқ.
Сонымен алтын белгілерінің, яғни толық құнды емес және қағаз ақшалардың пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан ажырауына алын келді.Ақша айналыс құралы ретінде. Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.Тауарлар бір қолдан екіншіқолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және сату — сатып алу процесіне қызмет етеді.Біздерге ақша айналыс құралы қызметін негізінен мемлекеттік, оперативтік, коммерциялық саудада тұрғындардың тауарларды сатып алуы кезінде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер жоқ. Онда фирмалар мен корпарациялардың және тағы басқа қолма — қол ақшамен есептесуіне тыйым салынбаған.Ақшаның айналым құралы ретінде жұмыс істеуі ақшаның тауарға, тауардың ақшаға айналуының толассыз тізбегі болып табылады.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:
— тауар мен ақшаның қарама — қарсы қозғалысы;
— оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма — қол) ақшалар орындайды;
— ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар — ақша белгілері орындайды.
Бірақ бұл, несие және қағаз ақшалар ақшалы тауармен (алтын) байланысты емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын айналыс болуыменен түсіндіріледі. Ақша айналыс құралы қызметін атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттілігі олардың саны өткізілуі тиіс тауарлардың бағасы мен массасы негізінде, яғни өткізілуі тиіс тауарлар бағасының сомасымен анықталады. Қанша дегенмен бір ақша бірлігі бір несие тауар мәмілелеріне қызмет ететін болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшін олардың қажетті саны сонша аз болады.Егер ақшаның айналыстағы массасы тауар массасынан көп болса, онда бұл олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келеді.Айта кететін бір жәй, осы айналымның құралы ретінде істеу, тек ұлттық ақшаға ғана тән. Заң бойынша елдің ақша айналымында басқа мемлекеттің ақшасы болуға тиіс емес.Ақша төлем құралы ретінде. Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.Егер тауар мен ақшаның қарама — қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарды.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен бірге қаржы — несие қатынастарына да қызмет етеді. Барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей етіп топтауға болады:
— тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;
— еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;
— мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
— банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несиесі бойынша борыштық міндеттеме;
— сақтандару міндеттемелері;
— әкімшілік — сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары.
Ақша төлем құралы ретінде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары бар. Бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату — сатып алуды аяқтайды. Нәтижесінде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетінше еркін қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны берудің орнына, борыштық міндеттемені жазып ұсынады. Бұл борыш өтелген кезде, ақша төлем құралы ретінде қызмет атқарады.Төлем құралы қызметін толық бағалы емес нақты ақшалар (қағаз немесе несие), ал борыштық міндеттемелерді өзара өтеуді идеалды ақшалар атқарады.Ақшаның төлем құралы қызметін атқаруына байланысты ақша айналысы заңы өзінің неғұрлым толық көрінісін тапты. Егер тауарлар несиеге сатылса, онда қолма — қол ақша қажет емес. Бұл айналыстың қолма — қол ақшаға деген қажеттілігін азайтады. Бірақ төлем мерзімі жақындаған сайын борыштарды жабу үшін ақша айналамының қажеттілігі артады. Өзара өтелетін төлемдер сомасы айналыс үшін ақшаның санын азайтады. Егер қандайда бір бөлімде, борыштық міндеттеме бойынша төлем өз уақытында түспейтін болса, онда бұл өзімен бірге басқа да төлемсіздік тізбесін тудырады (қарыз бойынша мерзімі өткен берешек, бюджеттік төлемдер, жалақы бойынша және тағы басқа).
Ақша — қорлану және қазына жинау құралы ретінде. Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттілігі Т — А — Т айналымының екі актілерге Т — А және А — Т айырылуымен байланысты.
Капиталистік қоғамдық формацияға дейінгілер үшін байлықты» таза қазына» формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі ол шын мәнісінде айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналар несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға айналады. Қазына жинау қызметінің қажеттігі тауар өндірісімен байланысты болды. Айналым капиталын немесе тұтыну заттарын алу үшін ең бастысы ақшаны жинау қажет.Әрбір тауар тек қана жекелеген қажеттілікті анықтайды және олар жалпы байлықты білдірмейді.Толық бағалы ақшалар (алтын) материалданған құнның формасы ретінде байлықтың жалпы өкілін сипаттайды. Демек, қазына жинау құралы қызметін тек қана толық бағалы немесе нағыз ақшалар орындауы мүмкін. Қазыналарды қорландыру — алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау түрінде жүзеге асады.Несиелік және қағаз ақшалар қазына жинау құралы қызметін атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бірақ та осы қызмет негізінде олар қорлану қызметін жүзеге асырады.Ақша айналыс саласынан уақытша шығып қалғаннан кейін олар қорлана бастайды. Қорлану қызметінде ақша өзінің құнын сол формада сақтай отырып, олар кез келген уақытта айналысқа төлем немесе айналым құралы ретінде түсе алады. Шынында да бұл елдегі ақша айнасының тұрақтылығы жағдайында, яғни инфляцияның болмауына байланысты ғана мүмкін. Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді:
— кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айрысу және депозиттік шоттарындағы ақшалай қаражат қалдығы түрінде ұжымдық қорлану;
— банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар.
Несиелік механизмнің арқасында кәсіпорындар мен халықтың ақшалары банктен берілетін қарыздар түрінде қайтадан айналыс процесіне түседі. Сөйтіп, ақшалар бұл қызметінде ұлттық табыстың қалыптасу, бөлу және қайта бөлу процесіне дәнекер болады.Дүниежүзілік ақша қызметі. Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халақаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.

Бұл қызметті бастапқыда толық бағалы ақшалар (алтын), ал кейіннен нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға балап бекітті.Бірақ алтын айналысы тұсында да ағымдық халықаралық есеп айырысулардың 80 % — зы ағылшын фунт стерлингінде бейнеленген аударым вексельдер көмегімен жүзеге асырылды, ал алтын халықаралық есеп айырысулардың қалдығын жабуға ғана қызмет етті.
Бреттон — Вудстағы мемлекетаралық келісімге келу, доллар мен фунт стерлингке резервтік валюталар мәртебесін берді. Кейіннен дүниежүзілік ақшалардың жаңа формалары: СДР — арнайы қарыз алу құқығы; ЭКЮ — еуропалық есепке алу бірлігі пайда болды. Ал 1999 ж. 1 қаңтарынан бастап Еуропаға ынтымақтастық ортақ бірлігі «еуро» айналысқа щықты.Демек, дүниежүзілік ақшалардың дамуы ұлттық ақшалардың металл ақшадан несиелік ақшаға өту жолын кеш те болса қайталауда.
Тауар өндірісінің тарихи даму барысында ақшаның ролін әр түрлі тауарлар атқарды. Әрбір тауарлы өндіріс тауардың жалпы эквивалентін пайдаланды. Қоғамдық еңбектің бірінші ірі бөлінуі нәтижесінде малшы тайпалары пайда болып, олар айырбас құралы ретінде малды қолданды. Оның нақты түрі жергілікті жердің жаратылысына байланысты әр түрлі болды. Мысалы, далалық жерлерде тауардың жалпы эквиваленті ролін жылқы, өгіз немесе қой атқарса, шөл және шөлейт жерлерде - түйе, қысы ұзақ тундрада - бұғы атқарды. Ақшаның айырбас құралы қызметін мал атқаруы әр халықтардың ауыз әдебиетінде сақталғаны соншалық кемін металдан соғылған ақшаны да мал атауларымен атаған. Мысалы, латын сөзі "пекус" - "мал", ал "пекуня" "ақша"; үнділердің ақша өлшемі "рупия" - "рупа" деген сөзден шыққан.
Қазіргі кезде көп қолданылып жүрген "капитал" деген сөздің шығу тарихы да мал атауымен байланысты көрінеді, өйткені ескі герман тілінде меншігінде көптеген мал басы болса, оның байлығын "капитал" деп атаған.
Кейінірек қолөнер кәсібі дами бастаған кезде әр түрлі халықтардың айырбасқа қолданған алғашқы тауары сирек кездесетін аңдардың терісі болған. Ертедегі скандинавтар мөлшері әр түрлі тауарларды сатып алғанда оларды түлкі, сусар, бұлғын терілеріне айырбастаған. Сібір халықтары айырбаста бұлғынның терісін қолданса, ал құндыздың терісі Солтүстік Америкада жүрген. Сондай-ақ тері ақшаларын Моңғолияда және Тибет пен Памир тауларының етегін мекендеген халықтар кең пайдаланған. Ертедегі Русьте сусар терісі айырбастың басты құралы болған. Оған дәлел мынандай мысал - 1610 жылы қарсыласының жаулап алған орыстың әскери кассасында күміс 5450 рубль және теріден жасалған 7000 рубль болған екен
Ал теңіздердің жылы жағалауын мекендеген тайпалар айырбас құралы ретінде теңізден шығатын қабыршақты (раковина) қолданған. Тарихта қабыршақтан жасалған әшекей бұйымдарының біраз атаулары сақталған. Солардың ішінде ең көп тарағаны ақшыл сары түсті, үлкендігі түймедей - каури деп аталатыны. Әшекей ретінде жіпке тізген каури Үндістанда, Қытайда, сол сияқты Африканың Шығыс жағалауында және Цейлон мен Филиппин аралдарында ең алғашқы ақша ретінде жүрген. Ал Америка үндістері қабыршақ ақшаны теріден тігілген белбеуге өрнек немесе аңдар мен құстардың бейнесін салып қолданған.
Қабыршақ ақша материалының ең бір орнықты формасы болып келді. Себебі XX ғасырдың 70-жылдарының бас кезіне дейін Соломоновтар аралдарындағы ақша айналымында қабыршақ ақшаның үш түрі: ең арзаны - курила (қара), галиа (ақ) және ең қымбаты - ронго (қызыл) жүрген.
Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланған. Мысалы, бір құл үш сыйырға, алты бұзауға, он екі қойға тенгерілген.
Қолөнер кәсібінің жетілуі ақша эквивалентін де жетілдірді. Оңай бөлінетін, бір-біріне оңай бірігетін, ұзақ сақталатын және біртектес эквивалент тауарлар, яғни өсімдік өнімдері - зәйтүн майы, күріш, кофе, какао, бұршақ, тұз және с.с. пайда болды. Жалпы эквивалент болып әр түрлі металдар да қолданылды: темір, қалайы, мыс, қорғасын, күміс, алтын. Металл ақшалардың артықшылығы - олардың біртектестігі, мықтылығы, әрі оңай бөлінуі. Көп уақытқа дейін металл ақшалардың формалары әр алуан болды. Мысалы, темірден жасалған кетпен, күрек, таға, шынжыр және т.с.с құралдар; мыс ақшалар - мосы, қалқан, қазан, ыдыс түрінде айналыста жүрді. Ақшаның қазіргі грекше атауы "драхма" - "бір уыс шеге" деген ұғым ретінде сол кезден сақталған Күміс пен алтын ақшалар жүзік, сақина, алқа және с.с. әшекей бұйымдарының формасында болған. Уақыт өте келе жалпы эквивалент ролін күміс пен алтын ақша атқара бастады.
Таяуда жарық көрген Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында теңгенің тарихы былай баяндалады: «Алғаш рет Ақ ғұндар б.з. I ғасырда бір беті пехвели, екінші бетіне эфталит (түркі-руни) жазуы бар теңгелер (б.з. V—VI ғ.) жасап, сауда айналымына кіргізген. Қазақ елі (қазақ халқын құраған негізгі тайпалар) баба түркілер Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға енгізу өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға алған. 68 ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құя бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері VI — VIII ғасырдың жартысына дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде Ашиде әулетінің рәмізі болған арыстан бейнеленген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларында арнайы шеберханаларда құйған. Сонымен қатар Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған. Біріншісі — сәл ұмтылып, секіргелі тұрған арыстан бейнеленген мыс теңгелер, екіншісінде садақ және шаршы түрінде түркілердің тайпалық таңбасы (дүниенің төрт бұрышын мегзеген рәміз) бейнелеген. Екіншісі — үшбұрыш таңбалы (түркінің ана әулетінің таңбасы) теңгелер. Б.з. 704 — 766 жж. Таразда құйылған теңгелерде «Түргеш қағанаты теңгесі» немесе «Түркінің көк ханының теңгелері» деген жазулар болған. Бұл тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекет дәулетін, мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме. 1271 жылғы Масудбек реформасы ақша айналымында жаңа кезең ашты. Бұл реформа бойынша алтынды ақша орнына қолдану мүлдем тоқтатылып, салмағы 2 грамм, тазалығы 78 — 81% күміс ақшалар айналымға кіргізілді. 1321 ж. жүргізген Кебек хан реформасының да үлкен маңызы болды. Ол бүкіл мемлекет атынан «Кебек хан теңгесін» айналымға енгізді. Ақшаның салмағы — 8 грамм. Күмістен шыңдап жасаған. «Кебек хан теңгесі» Қазақстанның Испиджаб, Тараз, Отырар, Сығанақ қалаларында әзірленді. Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек хан, Наурызбек, Қызыр ханның атынан шығарылған Алтын Орда теңгелері Түркістан, Жетісу, Еділ жағалауларына дейін қолданылыста болған. Бұдан кейін 1428 ж. енгізген Ұлықбектің ақша реформасы Орта Азия және Қазақстан жеріндегі халықтар арасында белгілі болды. 16 ғ. Отырардың мыс теңгелері және Иасының (Түркістанның) күміс теңгелері Оңтүстік Қазақстан жерінде сауда айналымында өз міндетін атқарып келді. 16 ғасырдың соңы мен 17 ғасырдың басында Қазақ хандығының атымен өндірілген мыс ақшалар болған. Бұл ақшалардың дизайндық шеберлігі жоғары дәрежеде болмағанымен Қазақ хандығында сауда ісін бір жолға қоюда, халықтың басын біріктіруде үлкен міндет атқарды».




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-26; Просмотров: 411; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.