Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лабораторна робота №14 5 страница




Ақшаның сандық теориясы.

Бұл теорияның негізін салушы француз экономисі Ж. Боден (1530 – 1596). Бұдан әрі осы теорияны түбегейлі дамытқанда қатарында ағылшын ғалымдары Д. Юм (1711 – 1776) мен Дж. Милль (1773 – 1836), сондай-ақ француз Ш. Монтескье (1689 – 1755). Д. Юм, қымбат металдардың Америкадан ағылуы мен XVI – XVII ғғ. Бағалардың өсуі арасында қатынастың себептерін анықтау үшін мынадай тезис ұсынды: «Ақша құны олардың санына сай келеді». Бұл теорияның жақтастары ақшаны тек қана айналым құралы деп түсінді. Олар қателесіп, айналым нәтижесінде ақша және тауарлар массаларының тоқайласуынан бағалар орнатылады және ақша құны анықталады деп тапты.
Қазіргі заманғы ақшаның сандық теориясының негізін американ экономисі және математигі Ирвинг Фишер (1867 – 1947) салды. И. Фишер еңбек құнын мойндамай «ақшаның сатып алу күшіне» арқа сүйеді. Ол «ақшаның сатып алу күшінің» алты факторын бөліп көрсетті: 1) айналымдағы қолма-қол ақша саны; 2) ақша айналымының жылдамдығы; 3) бағаның орташа деңгейі; 4) тауарлар саны; 5) банк депозиттерінің сомасы; 6) депозитно-чектік айналым жылдамдығы.
Ақшаның қазіргі сандық теориясы макроэкономикалық модельдерді және тауар массасы мен бағалар деңгейнің жалпы қатынастарын зерттей отырып бағалар деңгейінің өзгерісінің негізінде номиналдық ақша массасының серпінділігі жатыр деп таниды. Ол экономиканы тұрақтандыру мақсатында ақша массасына бақылау жасау арқылы нақты ұсыныстар береді.
Сандық теорияның бір тармағы монетаризм болып табылады.
Монетаризм – нарықтық экономиканың дамуына және оны тұрақтануға айналымдағы ақша массасы негізгі роль ойнайды деп есептейтін бағыт. Монетаризмнің негізін салушы чикаголық мектепнің ұстазы, 1976 ж. Нобель сыйлығының лауреаты М. Фридмен. Монетаризм 50-ші жылдары дүниеге келді. Экномиканы монетарлық жүйе арқылы басқару АҚШ, Ұлыбритания, ГФР және басқа елдерде 70 жылдардың басында 80-жылдар аралығындағы стагфляция кезеңін басып өтуде кеңінен қолданылса, кейіннен 90-жылдар басында ТМД елдерінің көпшілігінде қолданылды.
Қағаз ақшалар. Олардың айналыс заңдылықтары
Металл ақша айналысының объективті зандылықтары және капитализм тұсында тауар өндірісінің қарқынды дамуы айналымға қосымша ақшаның қажеттілігін арттырып, ақшаның дербес құны жоқ ақша таңбаларымен айырбастау мүмкіндігін ашты. Қағаз ақшаның шығу мүмкіндігі мына себептерге байланысты болды;
• біріншіден, ақша құн өлшемі қызметін қолдағы алтын ақша емес, ойдағы ақша ретінде аткару ерекшелігіне;
• екіншіден, ақша айналыс құралы ретінде өз қызметін шаяшан, ілезде атқару ерекшелігіне, яғни тауар айырбасында ақша делдал болуына байланысты.
• бұл мүмкіндіктің іс-жүзіне айналуы біраз себептерді қамтитын тарихи ұзақ процесс;
• монетаның табиғи ысылып тозуынан оның толық құны жойылып, құр ақша белгісіне айналуы. Мысалы, 1809-1829 жж. Еуропа елдерінде монетаның тозу себебінен 19 млн. фунт стерлинг монета айналыстан шығарылған;
• мемлекеттің және жеке адамдардың - жасанды ақша жасаушылардың (құл иелену құрылысынан бастап) монетаны бұзуы. Мемлекеттің металл ақшаны саналы түрде бұзуы - ол қазынаға қосымша табыс түсіру мақсатында монетаның асыл металл құрамын әдейі төмендетуі.. Мысалы, Ресей патшасы Алексей Михайловичтың (Петр І-дің әкесі) тұсында, яғни 1654-1662 жж. ең көп мөлшерде мыс тиындар шығарылған. Нарықтық бағасы бар болғаны 12 копеек болатын 1 фунт мыстан 10 рубль болатын монеталар соғылды. Одардың нақты құны номинал құнының 1-2 проценті ғана. Монетаны бұзу айырбас процесін мүлдем кері кетірді. Ақшаның құнсыздануы шаруаларды, кәсілқойларды, ұсақ саудагерлерді көп шығынға душар етті. Олар патша өкіметіне өздерінің қарсылығын білдіріп, 1662 жылы 25 маусымында көтеріліске шықты. Тарихта ол "мыс бүлігі" деп аталды. Көтеріліс қатал жаншылып, мыс монетаны соғу тоқтатылды. Бүлінген 100 мыс копеектің орнына 1 күміс копеек айырбасталды.
Сөйтіп, К Маркстің сөзімен айтқанда: "өзінің айналыстағы делдалдық ролінде алтын әр түрлі өзгерістерге ұшырады. Ол қырқылып, тіпті бір жапырақ қағазға дейін жұқартылды".
Алғашқы қағаз ақшалар XII ғ. Қытайда пайда болса, оның кең тарауы XVII ғ. аяғында капиталистік тауар өндірісінің дамуынан бастау алды. 1690 ж. Солтүстік Америкада, 1716 ж. Францияда, 1762 ж. Австрияда, 1795ж. АҚШ-та қағаз ақша шыға бастады. Ресейде қағаз ақша ассигнациясы (ақша орнына шығарылатын қағаз) Екатерина II-нің басқаруы тұсында 1769 жылы жүргізілді. Ақша императоршанын бейнесімен өрнектелгендіктен, халық оны "катенька" деп атады.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қағаз ақша барлық елдерде жүре бастады.
Сырт көзбен қарағанда қағаз ақша толық құнды ақшаның мемлекет шығарған орынбасары сияқты болып көрінеді. Шын мәнінде ол толық құнды ақша айналысының объективті заңдарына байланысты металл ақша айналысы процесінде ақшадағы көрсетілген құнының іс-жүзіндегі нақты құнынан ауытқуы нәтижесінде пайда болды. Мемлекет осы объективті мүмкіндікті пайдаланып, тек қағаз ақша шығарумен және оның курсын (бағамын) белгілеумен шұғылданады. Қағаз ақша - құн белгісінің ең бір нақтыланған ақырғы түрі.
Сөйтіп, қағаз ақша ("декретные деньги" - өкіметтің қаулысымен қабылданған - "заңды ақша") - ол толық құнды ақшаның орнына айналым және төлем құралы қызметтерін атқаратын, мемлекет өз шығындарын жабу үшін шығаратын және ыктиярсыз көрсеткен құны бар, әдетте металға айырбасталмайтын ақша белгісі (немесе құн белгісі, алтынның өкілі). Тарихи ол алтын мен күмістің өкілі ретінде, солардың орнына пайда болды.
Қағаз ақшаның өз құны жоқ, себебі оны басып шығаруға аз ғана еңбек жұмсалады. Ол толық құны жоқ ақша. Заңды төлем құралы болып бекітілген кезде қағаз ақшаның сатып алу мүмкіндігі бар, яғни ол айналысқа жарамды. Айналыстан тыс қағаз ақша - керексіз бос қағаз. Егер нақты ақша (алтын) өз құнымен айналысқа қызмет етсе, ал қағаз ақша тек айналыста ғана нарықтық құнға ие болады. Мемлекеттің күшпен ықтиярсыз көрсеткен құны (принудительная стоимость) қағаз ақшаның осы елдің өзінде ғана қолдануға болатын қоғамдық мәнін көрсетеді. Әлбетте мемлекет қағаз ақшаға кез келген құнды көрсетіп, шексіз мөлшерде шығаруы мүмкін. Мемлекеттің қағаз ақшаға деген күші осымен аяқталады. Айналысқа түскен құн белгілері ақша айналысы заңына бағынады.
Қағаз ақшаның эмитенттері (шығарушылары) - Қаржы министрлігі (қазынашылық), немесе мемлекеттің Орталық банкі. Бірінші жағдайда, мемлекет өз шығындарын жабу үшін ақша басып шығаратын станоктарды тікелей пайдаланады. Ал екінші жағдайда, оны жанама түрде жүргізеді, яғни орталық банк мемлекеттік бюджеттің кемшілігін толтыруға оған несие береді. Шығарылған қағаз ақшаның көрсетілген құнымен оны шығаруға кеткен құнының (қағаз алуға және басуға кеткен шығындар) айырмасы эмиссиялық табыс - мемлекеттік табыстың едәуір бөлігін құрайды.
Өз құны болмағандықтан қағаз ақша тұрақсыз, ол тез құнсызданады. Қағаз ақшаның құнсыздануына әр түрлі себептер әсер етеді:
• бюджеттің тапшылығын жоюға шығарылған ақша эмиссиясы;
• әскери және басқа өндірістік емес шығындар;
• еңбек өнімділігінің құлдырауы;
• тауар массасының төмендеуі;
• пассивтік төлем балансы;
• ақша шығаратын үкіметке сенімнің төмендеуі, т.б.
Міне осы себептердің бәрі тауар бағасының өсуіне әкеп соқтырады. Халықты әлеуметтік қорғау мақсатында үкімет жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыны өсіреді. Бірақ халық тұтынатын тауар өндірісі дамымаса, баға одан әрі шарықтай береді. Нәтижесінде халықтың әл-ауқаты нашарлайды.
Кенет бүкіл тауарлар бағасы жоғарылайды, әсіресе, бірінші кезекте тұтынатын заттардың бағасы өседі, ал жалақының, зейнетакы және жәрдемақының өсуі керекті заттар бағасының және көрсетілетін қызметтер бағасының жоғарылауынан едәуір кем жүреді.


Қорытынды
"Ақша - зат емес, ол қоғамдық қатынастар жиынтығы". Шын мәнінде бұл афоризм, егер адам қоғамнан бөлініп кетсе, оған ақшаның қажеті жоқ деген мағынаны білдіреді. Робинзон Крузоға да ақшаның керегі болған жоқ. Оның мұхитқа батып бара жатқан кемеден құтқарып қалған заттары елсіз аралда пайдаға жарады, тек ақша қажетсіз бос қағаз болып қалды.
Ақша - тарихи дамыған экономикалық категория (санат). Ол қоғам дамуының әрбір сатысында өндіріс және айырбас процесінде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетеді. Қоғам экономиканың әр түрлі үлгісіне өткенде ақшаның маңызы арта түседі. Орталықтанған жоспарлы экономикада ақшаның мәні шектеулі болды. Ақша, негізінен, есеп жүргізу және бақылау кұралы ретінде қосалқы қызмет атқарды. Жоғарғы басқару органдары әрбір кәсіпорынның шығаратын өніміне натуралды және құн көрсеткіштері түрінде өнімнің көлеміне және түріне жоспар бекітті. Сол сияқты өнім бағасын да орталық органдар бекітті. Өндірілген өнім тұтынушыларға келісімшарт бойынша натуралды өлшеммен бөлінді.
Нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебі әр түрлі меншік жағдайында жұмыс істейтін тауар өндірушілер өндіретін және сататын өнімнің көлемін, түрін және бағасын бекітуге дербестік алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргізуде төлем қабілетті сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескеріліп, өнімнің шығару көлемі, түрі, бағасы тағайындалады.
Сонымен қатар қазіргі кезде кәсіпорындарды жекеменшіктендіру де, мемлекеттік бюджеттің кірісін қалыптастыру да, әр түрлі өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру да, Ұлттық банктің несие ресурстарын басқа банктерге сату да, инфляцияға қарсы күрес те және т.б. жүргізіліп жатқан іс-шараларда ақшаның маңызы арта түсуде.
Ақшаның металдық теориясы капиталдың алғашқы қорлануы кезеңінде пайда болды. Оның өкілдері У.Стаффорд. Т.Манн, Д.Норс және басқа да меркантилистер болды. Олар ақшаның қазына құралы және дүниежүзілік ақша қызметтерін шектен тыс бағалап, соның салдарынан ақшаны асыл металдармен шатастырды. Мемлекеттің монеталарды көздің қарашығындай сақтауын талап етті. Ақшаны әлеуметтік қатынастар ретінде емес, оны зат ретінде қарастырды.Ақшаның мөлшерлік теориясының іргетасын қалағандар Дж.Локк, Ш.Монтескье, Д.Юм, Д.Рикардо болды. Олар ақшаның құн мөлшері қызметін жоғары бағалады. Бүл теорияны жақтаушылар құнның ақшалай құнның ақшалай өлшемі мен тауарлар бағаларының деңгейін — айналыстағы ақша массасы анықтайды деген пікірді қуаттайды. Ақшаның мөлшерлік теориясын осы заманға лайықты жетілдіруге үлес қосқандар И.Фишер мен А. Пигу болды. Олардың көзқарастарына алдағы тақырыптарда тоқталамыз.

 

Жоспары
1 Кіріспе 1
2 Тарихы 2
3 Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері 3
4 Ақшаның түрлері 6
5 Ақшаың экономикадағы рөлі 7
6 Ақша айналысы және оның заңы 8
7 Ақша массасы және ақша жүйесі 9
8 Тарих – ақша баламасында 12
9 Ақшаның атқаратын қызметтері27
10 Ақша теориясы және оның эволюциясы. 32
11 Ақшаның сандық теориясы. 34
12 Қорытынды 37

 

З ДИСЦИПЛІНИ

«ФІЗИКА (ЕЛЕКТРИКА)»

На тему:

” Дослідження роботи логічних елементів”

 

 

Роботу виконав Викладач

Студент гр. ____ Литвин С.Ю.

.

 

 

Київ

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-26; Просмотров: 796; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.