Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Биологический режим 4 страница




Бұл ұстанымдарды іске асыру Ресей тарихындағы көркем білім берудің жаңа бағыттарын ашты. Бірақ 1930-40 жж. барлық саладағы музейлердің марксистік-ленинистік идеологияға бағытталуы музейлік-педагогикалық жұмыс туралы «оқушылардың мектепте алған білімдерін кеңейту» үшін мектепке көмек деген түсінік қалыптастырды. Музейде білім беру мәселелері міндеттерінің өзгеріске ұшырауы туралы қадамдар «Советский музей» («Кеңестік музей») журналының бірнеше жарияланымында көрініс тапты. 1931 ж. негізі қаланған бұл журнал соғысқа дейінгі онжылдықта жаңа идеологияның таратушысы болды. Революцияға дейінгі алғашқы жылдардағы педагогикалық қызметтен тек бұқарашылдығы мен ағартушылық қасиеті ғана қалды.

Оның білімге негізделген насихаттау бағыты болды, бұл оған бір жақты ақпараттық-таныстырушылық сипат берді. Музейлік сабақтар әдеттегі сабақтардан айырмашылығы жоқ, тек музей экспозициясында жүргізілуімен ғана ерекшеленетін болып қалды және оның ендігі жердегі мақсаты эмоциялық әсер емес, алған білім негізінде өзіндік жұмыс жасауға дағды қалыптастыру болды.

Қатаң идеологиязация музей-қойманы музей-оқулық, музей-газетке қарсы қоя отырып, музейдегі жұмысты «БКП (б) – ның» қысқаша курсының тараулары бойынша тақырыптық экскурсияларға айналдырды және музейдің білім беру қызметі мен мұғалімді музейге тартудағы жұмыстарына нұқсан келтірді.

Бұл жылдары музей жұмыстарында мектептен тыс үйірмелік жұмыстарға ерекше көңіл бөлінді. Бұл бағыт өлкетануға тарту және болашақ музей мамандарын дайындау жұмыстары ретінде қарастырылды. Мектептегі оқу үрдісіне келетін болсақ, басқа елдермен салыстырғанда, Ресейде мұғалім музейді (оның ішінде көркем музейлерде бар) білім және тәрбие беру міндеттерін шешудегі тек білімнің дереккөзі ретінде ғана пайдалана бастады. Бұл концепция Петербург және Мәскеуде ХХ ғ. басында пайда болған жаратылыстану-ғылыми және тарихи музейлерде нақты көрініс тапты (Дарвиндік, Биологиялық, Мәскеу Мемлекеттік Университетінің Антроплогия музейі, Антропология және этнография музейі, әскери–тарихи музей т.б.). Сонымен қатар, уақыт өте келе оқушылармен жұмыс басқа категориядағы музей келушілерімен жұмыс сияқты тек музей қызметкерінің жұмысы деген сенім қалыптаса бастады.

Жоғарыда айтылғандарға қорытынды жасай келе, ресейлік мамандардың көркемөнер музейлерінің ерекшелігіне назар аударғанын баса айтамыз. Музейлік ескерткішті (өнер туындысын) өзіндік құнды эстетикалық нысан ретінде қарай және музейде өнер тарихын оқыту мүмкіндігін теріске шығара отырып, олар музей ескерткішін қабылдаудағы біртұтас процесті эстетикалық және танымдық жағынан бөліп қарастырды. Бұл жағынан олар неміс әріптестеріне жақын болды, бірақ ары қарай олар төмендегі пайымдауларды жасады:

– өнер туындысын қабылдау үдерісінде сол туындыны бастан кешіру (А.Бакушинский);

– балаларды қалыпты психикалық дамыту үшін мектепте өнерді оқыту (Ф.И. Шмит);

– мектептегі оқу-тәрбие аясындағы эстетикалық пайымдауларды қалыптастыру қажеттілігі.

Аталмыш ғалымдардың басты еңбегі ресейлік көркем тәрбиенің мақсатын анықтағандықтарында болып табылады. Бұл үрдіс білім беруде жаңартушылық қызметке икемді еркін шығармашыл тұлға қалыптастырудан көрінді.

Бақылау сұрақтары:

1. Музей қызметінде білім беру алғышарттарының қалыптасуы.

4. Музейлік білім берудің Ресейлік үлгісін сипаттаңыз.

5. АҚШ-та музей педагогикасының қалыптасу тарихына тоқталыңыз.

6. Германия, АҚШ және Ресей мамандарының музей педагогикасы қызметіне байланысты теориялық тұжырымдарын салыстырыңыз.

Әдебиеттер тізімі:

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-26; Просмотров: 533; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.