Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе




 

“Психодиагностика негіздері” курсы “Әлеуметтік жұмысы” мамандығының кәсіби сипаттамасын ескере отырып құрастырылған. Курстың мазмұны студенттерді жалпы психологияның негізгі қағидалары; құрылым заңдылықтары; өмір сүру субъектісі болып табылатын адам тұлғасының қалыптасуы және дамуы жайында таныстырады.

Курстың негізгі мақсаты: қазіргі кездегі психологияның теориялық негізі туралы білімдер жүйесін қалыптастыру, сонымен қатар психологияны оқу барысында болашақ педагогтардың кәсіби маңызды сапаларының дамуына ықпал ету.

Курстың негізгі міндеттері:

- студенттерді қазіргі кездегі жалпы психологияның негізгі қағидаларымен, міндеттерімен және мәселелерімен таныстыру;

- студенттерге жалпы психологияның категориялар және әдістер жайындағы білімдер жүйесін қалыптастыру;

- курстың жетекші мәнін ашу, негізгі- бағдарламалық ұғымдардың игерілуін қамтамассыз ету;

- студенттердің психологиялық-педагогикалық және ғылыми дүниетанымының кеңеюіне ықпал ету;

- студенттердің педагогикалық қабілетін дамыту;

- студенттерді психологиялық деректер мен заңдылықтарды табуға және оған ғылыми түсініктеме беруге үйрету;

Оқу барысында студенттер негізгі білімдерді меңгеріп, келесі маңызды іскерліктер мен дағдыларды игеруі қажет:

- жалпы психологияның қазіргі кездегі мәселелерін білу;

- психикалық процестердің құрылымын, қызметінің негізгі заңдылықтарын, дамуын білу;

- алынған білімді тәжірибеде дұрыс қолдана білу;

- жалпы психологияның ғылыми-ұғымдық аппараттарына сүйене білу;

- тиісті әдебиеттерді іздеу және олармен жұмыс істеу дағдысының болуы

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Психодиагностиканың ғылыми технология ретінде.

Психодиагнастиканың пәні. Психодиагностиканың психологиялық диагноз қоятын ғылым және практика ретіндегі негіздемелері: психологияның пәндік аймақтары, дифференциалды психометрика, психологиялық білімдерді қолданудың практикалық салалары. Психологиялық диагноз туралы түсінік және оны қоюдың технологиясы. Дифференциалды-диагностикалық зерттеу мен практикалық тексеріс міндеттерінің айырмашылықтары. Психодиагностикадағы объективтілік критерий. Психодиагностикалық жағдайлар мен міндеттердің типолгиясы. Психодиагпостикалық тексеріс процессінің ерекшеліктері мен оның тиімділігінің критерийлері. Психодиагностиканың прицптері мен кәсіби- этникалық стандарттары.

Психодиагностиканың әдістері.

Әдіс және әдістеме түсініктері. Тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін анықтаудағы номотетикалық және идеографикалық жолдар. Психодиагностикалық әдістерді жіктеудің негіздері мен критерийлері (диагностикалау пәні бойынша, диагностикалау процедурасы бойынша- әдістеменің опреационалды статусы бойынша, тесттік тапсырмалардың типі бойынша, беретін жауаптың сипаты бойынша, өлшем процедурасының ішкі құрылымы бойынша және т.б.), Топтық және индивидуалды әдістер. Стандартталған (өлшемдері, формальданған) және экспертті (“клиникалық”, аз формальданған) әдістер.

Аналитикалық бақылаулар мен эксперттік бақылаулар.

Диагностикалық берілгендердің негізгі типтері (L,Q, T-берілгендер). Бақылаулар мен олардың түрлері. Бақылаудың тиімді болуының шарттары: таңдамалылық, жүйелілік, толықтық. Аналитикалық бақылау: стандартталған және қадағалаушы сипаты, бақылау бірліктерінің (белгілерінің), берілгендерді тіркеу тәсілдерінің (бақылау карточкалары, бақылау хаттамасы) ерекшеліктері. Бақылаудағы жүйелі қателер мен бақылау нәтижелерінің сенімділік мәселесі. Эксперттік бағалау әдісі бақылау сенімділігін жоғарлату тәсілі ретінде. Эксперттік бағалаудың келісімділік және интеграциялану мәселесі. Әдістің алуан түрлілігі.

Психологиялық тестілеу.

Тесттер әдісі. Өлшем деңгейлері мен шкалалары. Өлшемнің стандартты қатесі. Өлшеу процедурасының сенімділігі мен жарамдылығы. Тесттік нормалар мен олардың репрезантативтілігін тексеру. Диагностикалық нормалардың түрлері: статистикалық, критериалды. Әлеуметтік нормативтік ұғымы. Тесттер әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктері. Тесттің құрама бөліктері. Тесттер мен тестілеу пероцедурасына қатысты қойылатын талаптар. Мазмұны бойынша тесттердің жіктелуі және олардың сипаттамасы: интеллект тесттері, жетістік тесттері, қабілеттер тесттері.

Тұлға психодиагностикасы.

Стандартталған тұлғалық сауалнамалар. Олардың түрлері, сұрақтардың формалары мен нәтижелерді нобаймен көрсету. Тұлғалық сауалнамалардың растығы туралы мәселе. Сұраққа берілетін жауаптарды анықтайтын факторлар. Тұлғалық сауалнамалардың жеке топтарының қысқаша сипкттамасы. Субъективтік шкалалау, таңдау мен сараптау әдістемелері. Птоективті әдістер, олардың негшізгі белгілері. Проективті процедуралардың жіктелуі мен олардың қысқаша сипаттамасы. Тұлғаны диагностикалау әдістерінің күшті және әлсіз жақтары.

Тұлға аралық қатынастар мен топтардың психодиагностикасы.

Топтық динамика мен лидерліктің диагностикасы. Обасы мен кіші топтардың диагностикасы. Қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастар диагностикасы. Конфликтті мәнез- құлық диагностикасы.

Білім беру жүйесіндегі диагностика.

Оқыту процессіндегі адамның негізгі даму жолдары. Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі даму психодиагностикасы. Мектепке дайындықтың диагностикасы. Дамудың ауытқуын диагностикалау. Оқушылардың қабілеттері мен дарындылығын, оқу іс әрекетінің мотивациясын диагностикалау, ойлау мен ақыл- ой сипатын және пәндік үлгерімін зерттеу. Білімдерді опреативті тестілеу: тапсырмаларды құрастыру технологиясы, олардың логико- семантикалық жіктелуі, тапсырмалардың тақырыптық репрезентативтілігі мен қиындық дәрежесі.

Тәрбиелеудегі психодиагностикалық қызмет.

Оқушылардың жеке басының ерекшеліктерін бағалау және әлеуметтік- педагогикалық ықпал ету. Оқушылардың дезадаптациясының сипаттаушы-

симптомататикалық және себептік диагностикасы. Жеткіншектердің ауытқыған мінез- құлқын диагностикалаудың принциптері мен мазмұны. Сынып пен студенттік топтағы өзара тұлға аралық қатынастарды диагностикалау. Әлеуметтік жұмыскердің іс әрекетінде диагностикалық берілгендерді алу мен қолданудың шарттары.

Кәсіби консультациялаудағы диагностика.

Мамандықты таңдаудың психологиялық ерекшеліктері мен оптанттың тұлғасының кәсіби өзін- өзі анықтау сұрақтары. Кәсіби консультациялаудың дамытушы моделі, оның принциптері мен технологиясы. Психологиялық диагностиканың мазмұны мен негізгі әдәстері. Әлеуметтік жұмыскердің іс әрекетіндегі диагностикалық берілгендерді алу мен қолданудың шарттары.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 2288; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.