Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

ДЕБИЕТТЕР 3 страница




Е) Тiс салу.

$$$ Жақты сөйлемдi көрсетiңiз.

А) Ауа райы салқындай бастады.

В) Менiң бұл сөзге қосылғым келмедi.

С) Бiздiң ашық сөйлесуiмiз керек.

D) Оның бүгiн келуi мүмкiн.

Е) Олардың бұл араға қонғысы келмедi.

$$$ Кезектес салалс құрмалас сөйлемдi көрсетiңiз.

А) Маған олар я жетер,я жетпес едi.

В) Құмды жазық даланың шетiне iлiнген жолаушылар ұзақ тұрып қалды.

С) Ауа райы бұлыңғыр болғандықтан,бөлме iшi қараңғы тартып тұрды.

D) Оны бiрде мұз айдынында көрсек,бiрде колхоздың егiс даласында көрдiк.

Е) Ауа райы түзелдi,орақ басталды.

$$$ Қиыса байланысу деген не?

А) Сөздердiң өзара септiк жалғауларының бiреуi арқылы байланысқан түрi.

В) Баяндауыштың бастауышпен байланысы.

С) Iлiк жалғаулы сөз бен тәуелдiк жалғаулы сөздiң грамматикалық байланысы.

D) Сөздердiң өзара ешбiр жалғаусыз тұрған орны арқылы байланысуы.

Е) Сөз бен сөздiң iлiк септiк пен атау септiгiнен басқа септiк жалғаулары арқылы байланысқан түрi.

$$$ Тұрақты тiркестiң неше түрi бар?

А) 4

В) 2

С) 3

D) 6

Е) 1

$$$ Фразеологизмдердегi еркiн сөз тiркесiн табыңыз.

А) су жүрек

В) қоян жүрек

С) адам жүрегi

D) тас жүрек

Е) ет жүрегi.

$$$ Интонация арқылы байланысу тәсiлiн табыңыз.

А) Дүние-мүлiк үшiн талас.

В) Сәбит – жазушы.

С) Алым-салық жинады.

D) Төрт –бес ат.

Е) Аман-есен жету.

$$$ Сын-қимыл пысықтауышты табыңыз.

А) Даладан келдiм.

В) Малдас құрып отыр.

С) Қорыққаннан жылап жiбердi.

D) Оқығалы келiптi.

Е) Кiтап ојыпты.

$$$ «Таяқ жеу» қандай тiркес?

А) Идиомалық тiркес

В) Тұрақты сөз тiркесi

С) Еркiн сөз тiркесi

D) Түйдектi тiркес.

Е) Фразалық тiркес

$$$ Сөз тiркесiндегi сөздердiң қосымшалар арқылы байланысуы қалай аталады?

А) Аналитикалық байланыс.

В) Интонация арқылы

С) Синтетикалық байланыс

D) Сатылана байланысу

Е) Аналитика – синтетикалық байланыс

$$$ Мекен пысықтауыш неше жолмен жасалады?

А) 2

В) 5

С) 6

D) 8

Е) 4

$$$ М. Балақаев сұраулы сөйлемдерді нешеге бөледi?

А) 2

В) 4

С) 5

D) 3

Е) 7

$$$ Салаласа байланысу қалай аталады?

А) гипотаксис

В) синтаксис

С) аналитикалық

D) паратаксис

Е) синтетикалық

$$$ «Жүрегiнiң түгi бар» деген тұрақты сөз тiркесiнiң мағынасын көрсетiңiз.

А) Батыл

B) Қорқақ

C) Жуас

D) Анық

E) Жылдам

$$$ Жанаса байланысу деген не?

A) Сөздердiң ешбiр жалғаусыз қатар жүру арқылы байланысуы.

B) Баяндауыштың бастауышпен байланысы.

C) Iлiк жалғаулы сөз бен тәуелдiк жалғаулы сөздiң грамматикалық байланысы.

D) Сөз бен сөздiң ешбiр жалғаусыз байланысы.

E) Сөз бен сөздiң атау мен iлiк септiк жалғауларынан басқа септiк жалғаулары арқылы байланысқан түрi.

$$$ Сын есiмнен болып тұрған толықтауышты табыңыз.

A) Ол көршiмен әңгiмелестi.

B) Мен сiзбен ақылдассам.

C) Жаманға сөз айтпа.

D) Елу беске бөлiнедi.

E) Өнерлi жетер мұратқа.

$$$ «Сөйлем дегенiмiз сөздiң басын құрастырып,бiреу айтқан ой» деген пiкiрдiң авторы кiм?

A) К. Аханов

B) М.Балақаев

C) Н.А. Баскаков

D) А.Байтұрсынов

E) Поцелуевский

$$$ Поцелуевский сөз тiркестерiн нешеге бөлiп қарастырды?

A) 2

B) 4

C) 5

D) 7

E) 3

$$$ Соқыр сезiм, аршын төс, тәттi лебiз деген сөздер қандай тiркеске жатады?

A) Еркiн сөз тiркесi

B) Түйдектi тiркес

C) Тұрақты сөз тiркесi

D) Фразалық тiркес

E) Метафоралық тiркес

$$$ Мекен пысықтауышты табыңыз.

A) Күлдiру үшiн айтып отыр.

B) Пысықтығынан тез орындады.

C) Кешкiлiк қайтып келдi.

D) Тауға бара жатыр.

E) Ол тентек сәби едi.

$$$ Сабақтастық байланысқа қатысты шылауды көрсетiңiз.

A) Септеулiк

B) Демеулiк

C) Жалғаулық

D) Сұраулық демеулiк

E) Талғаулықты жалғаулық

$$$ Синтаксистiң ең басты тұлғасы?

A) Сөз тiркесi

B) Сөз

C) Сөйлем

D) Модальдiлiк

E) Предикативтiлiк

$$$ Сөйлем белгiлi бiр қарым-қатынас мақсатына қарай нешеге бөлiнедi?

A) 4

B) 6

C) 3

D) 2

E) 1

$$$ Қандай байланысты гипотаксис деп атаймыз?

A) Салаласа байланысу

B) Ортақтаса байланысу

C) Сабақтаса байланысу

D) Интонация арқылы байланысу

E) Орын тәртiбi арқылы байланысу

$$$ Сұраулы сөйлемдi табыңыз.

A) Әркiмнiң бiр арманы бар.

B) Тапсырманы айт

C) Театрға барушы ма едiң.

D) Көзiңдi қолыңмен сүртпе.

E) Сабағыңды оқы.

$$$ Құрмалас сөйлемдер құрмаласу тәсiлiне қарай нешеге бөлiнедi?

A) 6

B) 1

C) 5

D) 4

E) 3

$$$ Сабақтас құрмалас сөйлем дегенiмiз не?

A) жай сөйлемнiң бiр-бiрiне бағына тiркескен түрi.

B) жай сөйлемнiң бiрiн-бiрi бағындырмай, бiр-бiрiмен тең тiркесе айтылған түрi.

C) жай сөйлемнiң бiр-бiрiмен салаласып та, сабақтасып та тiркескен түрi.

D) бiр-бiрiмен белгiлi бiр жалғаулық шылау арқылы тiркескен түрi

E) жай сөйлемдердiң күрделенген түрi

$$$ Жалғаулықсыз салалас мағынасына қарай нешеге бөлiнедi?

A) 5

B) 7

C) 6

D) 4

E) 2

$$$ Бір компонентегі іс-әрекетке, оқиғаға екінші компоненттегі, іс-әрекет, қимылдың қарама –қайшы келуі салалас құрмаластың қай түріне жатады?

A) қарсылықты

B) түсіндірмелі

C) себеп-салдар

D) кезектес

E) мезгілдес

$$$ Төмендегі сөйлемдердің қайсысы қарсылықты салаласқа мысал бола алады?

A) Ақымақпен жараспа, Ақылдыдан адаспа.

B) Колхозда қонақ үй жоқ екен, біреудің үйіне түнеуге тура келеді.

C) Қасы қою көзінің үстін тұтас жауып кеткен, қарашығы тереңде жатыр

D) Менде әрі документ жоқ, әрі бармақшы болған үйлердің әдіресі жоқ.

E) Дүниені құртқан мыналар жүре берсін – мен жүрмеймін...

$$$ Қой шопанға қызмет етпейді, Шопан қойға қызмет етеді. Жоғарыда келтірілген мысал салаластың қай түріне жатады?

A) қарсылықты

B) түсіндірмелі

C) себеп-салдар

D) кезектес

E) мезгілдес

$$$ Қарсылықты салаластың жалғаулықтары.

A) бірақ, сонда да, сөйтсе де

B) өйткені, сол себепті, себебі

C) не, әлде, әйтпесе

D) сонша, сондай, соншама

E) біресе, бірде, кейде

$$$ Берілген сөйлем сабақтастың қай түріне жатады? Бүгін қар жауады, не жаңбыр жауады.

A) талғаулы

B) қарсылықты

C) кезектес

D) мезгілдес

E) себеп-салдар

$$$ «Ыңғайлас сөйлемнің біреуінің хабары басқаларының бәрін өз ішіне алатын жалпы хабар болады, бір сөйлемі жалпы сөйлем болады» деген пікір кімдікі?

A) Қ.Жұбанов

B) Е:Сауранбаев

C) Т.Қордабаев

D) С.Аманжолов

E) А.Байтұрсынұлы

$$$ «Ыңғайлас салаластағы ой бір-біріне тіркес айтылады» деген кімнің пікірі?

A) Қ.Жұбанов

B) Е:Сауранбаев

C) Т.Қордабаев

D) С.Аманжолов

E) А.Байтұрсынұлы

$$$ «Мезгілдес салалас сөйлем компоненттері бір мезгіл ішінде, бірінен кейін бірі іле-шала болған немесе болатын іс-әрекет, мезгілдік қатынасы жоқ, бірақ мағыналық жағынан өзара ыңғайлас болып келетін біртектес жай-күйлерді білдіреді» деген пікір авторы.

A) Қ.Жұбанов

B) Е:Сауранбаев

C) Т.Қордабаев

D) С.Аманжолов

E) А.Байтұрсынұлы

$$$ Мезгілдес салалас дейтін термин қай жылдары енгізілді?

A) 1936ж.

B) 1939ж.

C) 1925ж.

D) 1960ж.

E) 1970ж.

$$$ С.Аманжолов пен Н.Сауранбаев 1939ж. «Қазақ тілінің грамматикасы» еңбегінде ыңғайласты қалай атайды?

A) тіркес салалас

B) жайылыңқы

C) біртектес

D) бірыңғай

E) мезгілдес

$$$ Қ.Шәукенұлы салалас құрмаласты нешеге бөледі?

A) 4

B) 5

C) 6

D) 8

E) 9

$$$ Себеп-салдар салалас атауы грамматикада қай жылдары қалыптасты?

A) 1930ж.

B) 1940ж.

C) 1950ж.

D) 1960ж.

E) 1970ж.

$$$ Ыңғайлас салаластың жалғаулықтары.

A) да, де, та, те, және

B) себебі, өйткені

C) бірақ, дегенмен

D) алайда, сөһйтсе де

E) бірде, біресе

$$$ Салаластар жасалу тәсіліне қарай нешеге бөлінеді?

A) 4

B) 5

C) 2

D) 3

E) 6

$$$ Түн қараңғы не екенін айыра алмады -салаластың қай түрі?

A) ыңғайлас

B) түсіндірмелі

C) шартты

D) қарсылықты

E) себеп-салдар

$$$ Уақыт таяп қалды да, біз істі аяқтамай тастауға мәжбүр болдық- салаластың қай түрі?

A) ыңғайлас

B) түсіндірмелі

C) шартты

D) қарсылықты

E) себеп-салдар

$$$ Сол өмірімнің ішінде не жарытып ақы алғаным жоқ, не Алл, риза болған жоқ. Салаластың қай түріне жатады?

A) талғаулы салалас

B) қарсылықты

C) ыңғайлас

D) мезгілдес

E) кезектес

$$$ Құрамындағы жай сөйлемдердің білдіретін қимылы алмасып отыратын салалас құрмаластың түрі қалай аталады?

A) түсіндірмелі

B) кезектес

C) қарсылықты

D) мезгілдес

E) шартты

$$$ Құлыңды көп қорлама: сен бұғауға түсіп, құлың бостандық алатын да күн туады. Құрмаластың қай түрі?

A) салалас

B) сабақтас

C) аралас

D) ыңғайлас

E) түсіндірмелі

$$$ Төменде берілген сөйлемдерден себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

A) Я асқан данышпан шығар да, я дым білмейтін шығар.

B) Біз кеткенде туған ұл атқа мінді, біз кетерде айттырған қыз ұзатылды.

C) Тау тауға қосылмас, адам адамға қосылмас.

D) Түсіп бұл араға қатты ашуланып еді, даусы да қатаң шығып кетті.

E) Клубта кейде кино болады, кейде қызықты баяндамалар тыңдалады.

$$$ Құрамындағылар жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай қарама – қатынаста болатын салалас құрмалас қалай аталады?

A) түсіндірмелі

B) кезектес

C) себеп-салдар

D) ыңғайлас

E) қарсылықты

$$$ “ Түсіндірмелі салалас сөйлемде бірінші компонент жалпылық мәнде айтылады да, кейінгі компонентте оның мәні себептері сараланып ашылады, талданып түсіндірмелі ” деген қай ғалымның анықтамасы?

A) І. Кеңесбаев

B) С. Аманжолов

C) Н. Сауранбаев

D) Т. Қордабаев

E) Қ. Шәукенұлы

$$$ Жаншаның безбені салмақты ма, болмаса ана Бақытжан бас бұрған белгісіз сонар жол бір қараға соқтыра ма? Сөйлемнің баяндауыштары қай сөз табынан жасалған.

А) сын есім, етістік

В) сан есім, етістік

С) етістік зат есім

Д) есімдік сын есім

Е) еліктеуіш, етістік

$$$ “ Түсіндірмелі салалас сөйлемдердің жасалуында сол, сонша, соншалықты, сондай, соншама сөздері қатынасып, өз бастауыштарының іс-әрекет жай-күйлерін өздері ашпайды, сол баяндалатын әрекетке ерекше мән беру, көңіл аудару мақсатымен соған сілтейді де, оның сыры кейінгі сөйлемде ашылады.” Бұл қай ғалымның пікірі.

А) Т. Қордабаев

В) Қ.Шәукенұлы

С) І. Кеңесбаев

Д) С. Аманжолов

Е) Н.Сауранбаев

$$$ Тыныс белгісі дұрыс қойылған салалас құрмалас сөйлемді табыңыз?

А) Менің көзім жеткен бір ғана нәрсе бар: ол-талмай, тайынбай іздену.

В) Менің көзім жеткен бір ғана нәрсе бар, ол-талмай, тайынбай іздену.

С) Менің көзім жеткен бір ғана нәрсе бар- ол, талмай, тайынбай іздену.

Д) Менің көзім жеткен, бір ғана нәрсе бар:ол, талмас, тайынбай іздену.

Е) Менің көзім жеткен бір ғана нәрсе бар! ол-талмай, тайынбай іздену.

$$$ Жай сөйлемдердің құрамындағы іс-әрекет, ойдың салыстырыла айтылуы қай салалас құрмалас түріне жатады?

А) кезектес

В) түсіндірмелі

С) ыңғайлас

Д) себеп-салдар

Е) салыстырмалы

$$$ Төменде берілген сөйлемдерден салыстырмалы салалас құрмаласты табыңыз.

А) Төбесіндегі-көк аспан, табан астында-көк теңіз.

В) Ұлпан айтты десе болды, Есеней не айтер екен деп сұрамаңдар.

С) Арбада үш кісі отыр: оның екеуі артта, біреуіалдағы козлада.

Д) Бірде көкала қамысты көлдер қалып жатыр, бірде сарыала жон белестер кездесіп қалып жатыр.

Е) Беріктің бұл ойын құптарсың, я құптамассың.

$$$ Салалас құрмалас құрамындағы компонентерде айтылған оқиға, қимыл, іс-әрекеттің орындалу немесе орындалмау шартын білдіретін түрі қалай аталады?

А) түсіндірмелі

В) шартты

С) ыңғайлас

Д) мезгілдес

Е) кезектес

$$$ Ұлпан айтты десе болды, Есеней не айтар, екен деп сұрамаңдар.

Салалас құрмаластың қай түріне жатады?

А) шартты

В) қарсылықты

С) салыстырмалы

Д) түсіндірмелі

Е) қарсылықты

$$$ Бірді-екілі сөйлемен шектелмей, көп құрамды, әрқайсысы аяқталған ойды білдіріп тұратын салалас құрмалас қалай аталады?

А) ыңғайлас

В) түсіндірмелі

С) көп мәнді салалас

Д) мезгілдес

Е) кезектес

$$$ Сені де білемін көз алдымда туып-өскен боласың, расыңда айт, мына Ұрқия не деп отыр? Салалас құрмаластың қай түріне жатады?

А) көп мәнді салалас

В) ыңғайлас

С) қарсылықты

Д) кезектес

Е) түсіндірмелі

$$$ Бірінші компоненттегі іс-әрекет, ойдың, екінші компоненттегі қимылға, ойға бағына байланысқан құрмалас қалай аталады?

А) сабақтас

В) салалас

С) аралас

Д) шартты

Е) түсіндірмелі

$$$ Сабақтас құрмалас сөйлемді құрайтын компоненттердің өзара мезгілдік мағынаны білдіре байланысуы қалай аталады?

А) мезгіл бағыныңқылы

В) шартты бағыныңқылы

С) кезектес бағыныңқылы

Д) себеп бағыныңқылы

Е) мәндес бағыныңқылы

$$$ Төменде берілген сөйлемдерден мезгіл бағыныңқылы сабақтасты анықтаңыз.

А) Телікөлден келіп шатыр тіккелі, Арқадан келген жауынгерлерден

көз тұнатын еді.

В) “Қайрақты” колхозының атын естіген соң, мен де осы арадан кете

алмай жүрмін.

С) Біресе бұлбұл қақышты көп ырғақты “Жиырма бесті” созады, біресе

Назды қоңыр, кең тынысты “Жанбота” шығады.

Д) Мен осында болсам, сен келер ме едің?

Е) Алда-жалда күнәһарға ара түсіп жатса, қолынан қақпайтын.

$$$ Құрмалас сөйлемнің бағыныңқысы басыңқыдағы амал-әрекеттің нәтижесін, содан шығатын салдарды білдіріп, неліктен? не себепті? неге? не деп? сұрақтарға жауап беретін құрмалас түрі қалай аталады?

А) болжалды

В) кезектес

С) шартты

Д) мезгіл

Е) себеп -салдар

$$$ Себеп бағыныңқы сабақтас жасайтын қосымшаны табыңыз.

А) –ып, -ма, -бе, -дықтан,

В) – са, -се, -м, -ң,

С) - йынша, -иінше,

Д) -дай, -дей,

Е) -ша, -ше,

$$$ Іс-әрекеттің бірінен соң бірі алмасып орындалатын сабақтас құрмалас түрі қалай аталады?

А)) мәндес бағыныңқылы

В) шартты бағыныңқылы

С) себеп бағыныңқылы

Д) кезектес бағыныңқылы

Е) сын-қимыл бағыныңқылы

$$$ Бұл жақта бірде қар жауып, бірде жаңбыр жауып тұр.

Сабақтас құрмаластың қай түріне жатады?

А) кезектес

В) шартты

С) себеп

Д) мезгіл

Е) мәндес

$$$ Сабақтас құрмаластағы амал-әрекет, іс-қимыл өзара мәндес мағыналас болып жасалуы сабақтастың қай түріне жатады?

А) себеп

В) мәндес

С) шартты

Д) мезгіл

Е) кезектес

$$$ Төменде берілген сөйлемдерден мәндес бағыныңқылы сабақтас құрмалас табыңыз.

А) Үйге бес жігіт келсе, далада аттарын ұстап тұрған тағы екі жігіт

бар екен

В)Ұя бұзғанымды әжем білгенде, ” көзіме көк шыбын” үймелетер еді.

С) Күндерде бір күні реті келе қалса, есесін бір қайтарармын.

Д) Күн ызғырық жел болғанға, Айдын қалың киінді.

Е)Бұл қоянға үлкен жолдан өтіп, күзді күні егін соқан.

$$$ Үйдің іргесі мықты болмай, жоғарғы үсті де мықты болмайды. Сабақтастың қай түрі?

А) қарсылықты

В) мақсат

С) түсіндірмелі

Д) салыстырмалы

Е) шартты

$$$ Құрамындағы жай сөйлемдердің өзара мағыналық жағынан бір-біріне қарсы, біріндегі ойды, амал-әрекетті, іс-қимылды теріске шығаратын сабақтас құрмаластүрін атаңыз?

А) қарсылықты

В) мақсат

С) түсіндірмелі

Д) салыстырмалы

Е) мәндес

$$$ Сөйлемдердің бағыныңқы компоненттері басыңқыдағы амал-әрекеттің әр түрлі өту сапасын білдіретін сабақтас құрмалас түрі қандай?

А) сын-қимыл

В) мақсат

С) қарсылықты

Д) мәндес

Е) кезектес

$$$ Күні-түні тынбай, әрдайым жапырақтары дірілдеп, шайқалған бұтақтар-ды айқара құшақтаса, теректер сан алуан үнге салып шулайды. Сабақтас құрмаластың қай түріне мысал бола алады?

А) шартты

В) мәндес

С) кезектес

Д) қарсылықты

Е) сын-қимыл

$$$ Бағыныңқы компоненті басыңқыдағы айтылған ойдың мақсатын білдіріп, не мақсатпен? не үшін? не еткен болып? Деген сұрақтардың біріне жауап беретін сабақтас құрмалас қалай аталады?

А) мақсат бағыныңқылы

В) түсіндірмелі

С) сын-бейне

Д) мезгіл

Е) кезектес

$$$ Әбілқайырдың әскері арғы бетке өтпекке, Сайхун дарияға таяп келіп еді. Сабақтас құрмаластың қай түріне жатады?

А) қарсылықты

В) түсіндірмелі

С) болжамды

Д) мақсатты бағыныңқылы

Е) мезгілдес

$$$ Құрмалас сөйлем құрамындағы компонентердегі іс-әрекет бірін-бірі толықтырып, түсіндіріп тұратын сабақтас құрмалас қалай аталады?

А) түсіндірмелі сабақтас

В) мезгілдес

С) қарсылықты

Д) болжамды

Е)мақсатты

$$$ Төменде берілген сөйлем сабақтастың қай түріне жатады?

Атша тулаған жүрегін басып, қайтадан баспалдаққа шықты: эшелон маңында тіріжан жоқ, айнала меңіреу түн, ұйтқып тұрған жел.

А) қарсылықты

В) кезектес

С) түсіндірмелі

Д) болжалды

Е) мезгілдес

$$$ Сөйлемдердің компонентерінде айтылған ой өзара салыстырыла көрсетілетін сабақтас құрмалас қалай аталады?

А)салыстырмалы

В) болжалды

С) мезгілдес

Д) кезектес

Е) сын-қимыл

$$$ Төмендегі сөйлемдерден салыстырмалы сабақтастарды табыңыз.

А) Бөлмедегі жиналған адам қанша болса, болжаулары да сонша екен.

В) Қаладан келгелі талай байқады: інісі жас адам боп, бірде болмаса

бірде қызып кетіп, желпініп сөйлеген емес.

С) Бүгін бірер кіпабын алып шықпақ боп, Баймағамбетті тосқызып

қойып, өзі жалғыз кіріп еді.

Д)Бұл қоянға үлкен жолдан өтіп, күзді күнгі егін соққан жерге

бару керек еді.

Е)Осы сіз келген жолмен кім келсе, сол патша болатын еді.

$$$ Көп бағыныңқылы, көп басыңқылы сөйлемдерді ғылымда қалай атайды?

А) көп тармақты құрмалас

В) салыстырмалы

С) сын-бейне

Д) мезгілдес

Е) кезектес

$$$ Биыл жазғы тұры су тасығанда, Ардақтың бір үйір қысырағы өзенінің ар жағында қалып қойып, елу бес Бесекей сең-сеңінің арасымен малпып отырып, өзеннің ар жағына өткен болатын. Жоғарыда келтірілген мысал сабақтастың қай түріне жатады?

А) көп тармақты құрмалас

В) қарсылықты

С) түсіндірмелі

Д) мезгілдес

Е) кезектес

$$$ Құрамындағы компонентерде айтылатын іс-әрекет, оқиғаны болжаммен білдіретін сабақтас құрмалас түрі қалай аталады?

А) сын-бейне

В) болжалды

С) қарсылықты

Д) түсіндірмелі

Е) қарсылықты

$$$ Жай сөйлемдер құрамдық ерекшеліктеріне қарай қалай бөлінеді?

А) атаулы

В) жақты және жақсыз

С) тұрлаулы және тұрлаусыз

Д) толымды және толымсыз

Е) жалаң және жайылма

$$$ Бастауыш пен баяндауыштан, не оның бірінен құралатын сөйлем қалай аталады?

А) толымды

В) жайылма

С) тұрлаулы

Д) атаулы

Е) жалаң

$$$ Қимылдың, іс-әрекеттің иесін білдіретін сөйлем мүшесі қалай аталады?

А) бастауыш

В) баяндауыш

С) толықтауыш

Д) анықтауыш

Е) пысықтауыш

$$$ Қимыл, іс-әрекетті білдіретін сөйлемнің тұрлаулы мүшесі.

А) бастауыш

В) баяндауыш

С) толықтауыш

Д) анықтауыш

Е) пысықтауыш

$$$ Қорқақ бұрын жұдырықтар. Сөйлемнің бастауышы қай сөз табынан?

А) сын есім

В) сан есім

С) есімдік

Д) етістік

Е) зат есім

$$$ Бұл- Байжанның талай келген үйі. Сөйлемнің баяндауышы қай сөз табынан?

А) сын есім

В) сан есім

С) есімдік

Д) етістік

Е) зат есім

$$$ Екі немесе бірнеше тұрлаусыз мүшелер басқа мүшелердің біріне бағынып, бір сұраққа жауап беріп тізбектелуі қалай аталады?

А) бірыңғай тұрлаусыз мүшелер

В) үйірлі мүшелер

С) бірыңғай тұрлаулы мүшелер

Д) бірыңғай анықтауыштар

Е) бірыңғай пысықтауыштар

$$$ Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері толық қатысатын сөйлем.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 795; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.272 сек.