Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Арай топталуы 10 страница




Жай сөйлемдерді бір-бірімен қарым-қатынасқа келтіріп, құрмалас сөйлем жасауда шартты райдың өзіндік тағы бір ерекшелігі бар. Оны байқау үшін шартты райды бағыныңқы сөйлем баяндауышы функциясында қолданылатын етістіктің басқа түрлерімен салысты-райық.

Жай сөйлемді бір-бірімен құрмаластыру қызметін есімшелердің де атқаратыны белгілі. Бірақ екі жай сөйлемді бір-бірімен қарым-қа-тынасқа келтіретін есімше формасының өзі емес, есімшеге жалғана-тын әр түрлі септік жалғаулары мен оған тіркесе айтылатын шылау-лар. Бұларсыз есімше қүрмалас сөйлем жасай алмайды. Ал, шартты рай олай емес, ол басқа бір қосымша формалардың, дәнекерлердің жәрдемінсіз-ақ екі жай сөйлемді құрмаластыра алады. Сөйтіп, ол екі түрлі функцияны бірден атқарады: Әрі сөйлемнің баяндауышы бола-ды, әрі екі жай сөйлемді бір-бірімен қарым-қатынасқа келтіруші син-таксистік дәнекер болады.

Бағыныңқы жай сөйлем баяндауышы болып келген шартты рай-дың, кейде, шылау сөздерге тіркесіп тұратыны да болады, бірақ ондай шылаулар екі жай сөйлемді байланыстыру үшін қолданылмайды, жай сөйлемдердің мағыналық қатынастарын түрлендіру үшін қолданылады.

Бұрын-соңды шыққан лингвистикалық әдебиеттерде шартты рай арқылы жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер не шартты бағы-ныңқылы сабақтас сөйлемге, немесе мезгіл бағыныңқылы сабақтас

 

сөйлемге ғана жатқызылады. Бірақ әдеби тіліміздің фактілері шарт- ты рай арқылы жасалатын құрмалас сөйлем компоненттерінің мағы- налық қатынастары алуан түрлі екендігін, шарттылық қатынас пен мезгілдік қатынас олардың ұшан-теңіз мағыналарының бір түрі ғана екендігін байқатады. Әрине, шартты райдың дәнекерлігі арқылы құрмаласатын компоненттердің мағыналық құбылыстары бір ғана шартты райға байланысты деп қарау дұрыс болмайды. Ол құбы-лыстар бағыныңқы компоненттің баяндауышы болып тұрған шартты райдың қандай ортада, қандай сөздермен тіркесе, күрделене айтылуына да байланысты. Оны мына мысалдардан да көруге болады:

Өзгелер қалай жүрсе, мен де солай жүремін, Сыреке (Мүқанов). Басқалар қандай қ у а н с а, ол да сондай қуанған еді. Еңбекті қанша і с т е с е ң, табысты сонша аласың. Майдандағы сіздердің халіңіз қандай б ол са, біздің халіміз де сондай. Бөлекбасты жү рісі қандай маң б о л с а, сөзі сондай паң (Әбішев). Кісі қалай жүрсе, көлеңке солай жүреді.

Бұл мысалдағы тәріздес сөйлемдер кейбір лингвистикалық әде-биеттерде шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемге жатқызылып жүр. Бірақ жоғарыда келтірілген сөйлемдердің компоненттері бір-бірімен шарттылық қатынаста тұр деуге болмайды. Мұндағы бағыныңқы компоненттер құрамындағы қ алай,қандай, қанша деген сөздер мен басыңқы компоненттер құрамында тұрып, алдыңғыдағы сұрау есім- діктеріне жауап ретінде айтылып тұрған солай, сондай, сонша сөз- дері құрмалас сөйлемге теңдестік, салыстырмалылық мағына беріп түр. Ал, енді:

Кімнің жерін жерлесең, соның жырын жырларсың. ¥яда нені көрсе ұшқанда соны алады. Киіз кімдікі б о л с а, білек сонікі Кімге арқа сүйесең, сонны таяныш етесің («Мақал-мәтелдер жи- нағы»). Қай ауылдың үстінде сияз болса, сол ауыл мал шығасылы болады. ¥лық қай ауылға сияз қ ұ р с а, сол ауылды қырына алғаны (Әуезов). Кім көп істесе, сол көп алады деген сөйлемдер де құрылысы жағынан алдыңғы мысалдағы сөйлемдер тәріздес. Бұ-ларда да алдыңғы мысалдағы сияқты бірінші компонентінде сұрау; есімдігі келсе, екінші компонентінде сілтеу есімдіктері келіп отырған. Бірақ компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан алғанда, соңғы мысалдағы сөйлемдер алдыңғылармен бір емес, бұларда алдыңғылардағы сияқты теңдестік, салыстырмалы-лық қатынас жоқ. Мұндағы компоненттер біріншісіндегі сұрау есімдіктері мен екіншісіндегі сілтеу есімдіктері арқылы өз ара іліктесе байланысқан.

Мысалдардан байқалып тұрғанындай бағыныңқы жай сөйлемдегі сұрау есімдігі мен басыңқы жай сөйлемдегі сілтеу есімдігі арасында формалық ұқсастық, тұлғаластық болып отырады. Мыс.:

 

Бағыныңқы компонентте: Басыңқы компонентте:
Қандай Сондай
Канша Сонша
Қалай Солай
Кімнің Соның
кімді (нені) соны (сол)
кімге (неге) Соған
Кім Сол
Кімдікі Сонікі
Кай Сол

 

Шартты райлы бағыныңқылардың бұл түрлерінде бағыныңқы компонент құрамындағы сұрау есімдігінің әсерінен азды-көпті болса

 

да сұраулық мағынаға ие болады да, соңғы басыңқы компоненттегі сілтеу мәнді сөздер алдыңғыдағы сұраудың жауабы ретінде қолданылады. Соның нәтижесінде компоненттер мағыналық жағынан өз ара іліктес болып тұрады. Мыс.:

Оқушылардың бірі аяғын еппен б а с с а, бірі салмақтылық көрсетемін деп шамадан тыс адымын керіп маң басады; бірі байыппен с ө й л е с е, екіншісі асыға сөйлейді (Иманжанов). Бұрынғы құрылысшылардың басым көпшілігі әлекедей жаланған жас жігіттер б о л с а, мына құрылысшылардың көпшілігі жасамыс еркектер мен әйелдер, біразы. ересек балалар. Үйренбеген кісі олардың арасынан әрең жүрсе, түрғын елдің балалары жалаңаш-жалпы қалыптарымен тығылымбақ ойнайды (Мұқанов). Ғылым атынан тағлым айтады д е с е, топастыққа топастық, жауыздыққа жауыздық қосқаңы несі?! (Әуезов).

Бұл мысалда да жай сөйлемдер бір-бірімен шартты рай формалы етістіктің дәнекерлігі арқылы құрмаласқан. Бірақ компоненттердің мағыналық қарым-қатынастары жағынан алғанда, бұлар алдыңғы екі мысалдағыдан мейлінше басқа. Мұндағы сабақтастардың компо-ненттері бір-біріне қайшы, қарсы мағынада айтылған. Ал, енді:

1. Неғұрлым тез қ а й т с а, солғұрлым қайсымыз үшін де теріс болмас. Ондай ысырап еске алынбайтын б о л с а, кім басқара алмас еді (Мүсірепов). Орайы к е л с е, орақ ор; кезі к е л- с е, кетпен шап. Алтау ала б о л с а, ауыздағы кетеді; төртеу түгел б о л с а, төбедегі келеді (мақал).

2. Байжекең суырдың інін тереңдетіп қазып көрсе, ар жағы сіресіп жатқан тас көмір екен (Мүсірепов). Базарәлі мен жатақ көрген, өз көз алдымда өткен жауыздықтарын қозғай б а с т а - с а м, менің алпыс екі тамырым түгел ереуілдей туламас па! (Әуезов). Біз мектептен шыға к е л с е к, сыртта Сауытбай ақсақал тұр екен (Көбеев) деген мысалдағы сабақтас сөйлемдер құрмаласу тәсілдерінің бір тектестіктеріне қарамастан жоғарыда талданған мысалдардың ешкайсысына да ұқсамайды. Бұл екі мысалдың біріншісіндегі компоненттер өз ара шарттылык; қатынаста айтылса, екіншісіндегі компоненттер мезгілдік қатынаста айтылған, яғни бірінші топтағылар шартты бағының-қылар да, екінші топтағылар мезгіл бағыныңқылар.

Кәрі әже байғүс күзден бері байлар үшін малма сапсыса, енді Қаражан бәйбішенің тапсыруымен жіп иіріп, шүйке түтіп, арқан-жіп есуге кіріскен. Кейбір сондай ойларын достарымен кеңесе а й т- с а, кейде ұзақ тереңге кетеді (Әуезов) деген сөйлемдер әрекеттің кезектесіп болғанын білдіреді.

Сонымен, жоғарыда талданған мысалдарға қарағанда, шартты рай арқылы құрмаласатын сабақтас сөйлемдер компоненттерінің бір-бірімен мағыналық қатынастарына қарай шарттылық. мезгілдік, қарсылықты, іліктес, салыстырмалы к е з е к т е с болып келетіндігі байқалады. Шартты райдың дәнекерлігі арқылы құрмаласатын сабақтас сөйлемдер компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан осы айтылған бес-алты түрден аспайды деуге болмайды. Жоғарыда ескертілгендей сабақтас сөйлемнің шартты рай формалары арқылы құрмаласатын түрі мағыналық құбылысқа орасан бай. Бас ж а р ы л с а, бөрік ішінде, қол сынса, жең ішінде. Игілік енді о й л а н с а, осы отырған үшеуінің де енші сұрарлық орны бар екен (Мүсірепов) дегендер тәріздес сөйлемдерді пәлендей мағыналық қатынаста тұр деу тіпті қиын.

Бұл айтылған жағдайлар шартты рай арқылы құрмаласатын са- бақтас сөйлемдердің мағыналары әр қилы болатындығын байқатады.

 

Құрмалас құрамына енген жай сөйлемдер бір-бірімен кейде – ысы//-ісі жұрнақты етістіктің көмектес жалғаулы түрі арқылы да құрмаласады. Баяндауышы етістіктің осы айтылған түрінен болған бағыныңқы компонент басыңқы компонентпен мезгілдік қатынаста айтылады да, бағыныңқы компоненттегі әрекет болысымен іле-шала басыңқы компоненттегі іс-әрекеттің де болғандығын я болатындығын білдіреді. Мыс.: Жүргіншілер ауыл иелеріне сәлемдесіп болысымен, бір-бір жылпос жігіт аттарды ұстай алысты. Абай араларынан к е т і с і м е н, анталап тұрған қалың жиын арасында ауыздан-ауызға көшкен сыбыр бұйрық жайылды (Әуезов).

 

Жай сөйлемдердің шылаулар арқылы құрмаласуы

 

Жай сөйлемдерді бір-бірімен сабақтастыра құрмаластыру қыз-метін бағыныңқы компонент баяндауышы болып тұрған тиянақсыз етістікке көмекші болып, соны меңгеріп, жетектеп тұратын демеулер де атқарады. Ондай демеулер қатарына — шейін, дейін, кейін, бері, сайын, соң, үшін шылаулары жатады.

Бұл аталған шылаулардың синтаксистік функциялары түрлі-түрлі. Сондықтан бұлар келген орынның бәрінен бірдей бағыныңқы сөй-лем іздеуге болмайды. Келтірілгөн демеулер қалыптасқан тиісті орындарда, белгілі формадағы арнаулы сөздерге тіркесіп айтылған жағдайда ғана аталған қызметті атқара алады және бүл демеулер тір-кесетін сөздердің морфологиялық формалары да әр түрлі болады. Атап айтқанда шейін, дейін демеулері өткен шақтық есімшенің барыс жалғаулы түрін меңгеріп тұрып бағыныңқы компонент баяндауышы құрамына енеді. Мұндай компоненттер бағыныңқы сөйлемдегі іс-әрекет, болғанға дейін басыңқыдағы іс-әрекеттің болып қойғандығын я болып қоятындығын немесе болудың мезгілдік шегін білдіреді, мыс.:

Оспан жүріп кеткенге ш е й і н, тоңғанына қарамай соның маңында дәйек болып жүрді (Әуезов). Торғай шымшық, қарлығаш, бөдене сияқты кішкене құстардың балапандары ұ ш қ а н ғ а ш е й -і н жылан оларды ұясына барып жұтады (Мұқанов). Құнанбай аттанып к е т к е н г е д е й ін, мұндай ауылдар құрақ ұшып, қалбаң қағып жүреді (Әуезов).

Кейін, бері шылаулары өткен шақтық есімшенің шығыс жалғаулы түрін меңгеріп тұрып бағыныңқы сөйлем баяндауышы құрамына енеді. Мұңдай компоненттер бағыныңқы сөйлемдегі әрекет болғаннан кейін басыңқыдағы іс-әрекеттің болғандығын я болатындығын, немесе басыңқы сөйлемдегі іс-әрекеттің қашаннан бері болып келе жатқан мезгілдік шегін білдіреді, мыс.: Қонақтар жайласып болғаннан к е й і н, Итбай ауыз үйге шықты (Көбеев). Ауыл Досқа қонғаннан кейін, «Жапырақ базарына» жиналған жұрт жүріп кетті (Мұқанов). Бүгін Ақметше мырза тапсыр-ғаннан б е р і, сіз менің қарауымда болдыңыз (Есенжанов). Ол жұмысқа шыққаннан бері, қалтасынан дәрі-дәрмек арылмайтын (Сланов).

Сайын, соң шылаулары атау тұлғалы өткен шақтық есімшеге тір-кесе айтылып бағыныңқы сөйлем баяндауышы болады. Мұндай ком-поненттердің сайын шылауы араласқан түрі бағыныңқы сөйлемдегі іс-әрекет болған сайын басыңқыдағы іс-әрекеттің де қайталап болып отыратындығын білдірсе, соң шылауы араласқан түрі бірде басыңқыдағы іс-әрекеттің бағыныңқыдағы іс-әрекеттен кейін болғандығын білдірсе, бірде басыңқыдағы іс-әрекеттің болу-болмау себебін білдіреді. Соң шылауы кейде өткен шақтық есімшенің шығыс жалғаулы түрімен де бірігіп айтылады, мыс.:

 

Шұбардың жаңағы сөзі есіне түскен сайын, Әбіштің намысы мен ызасы үдей түсті (Әуезов). Ол ернін қозғаған с а й ы н, жаңадан ғана бурыл тартқан қаба сақалы секең-секең ете қалады (Сәрсенбаев). Кейінгілер шығып б о л ғ ан с о ң, құтылғанына қуанғандай ақсия күлді (Әуезов). Кеңес құпиялау б о л ғ ан с о ң, бөтен кісілерді кіргізбей, есік алдында почтовай түр еді (Сейфуллин).

Ү ш і н шылауы тұйық етістіктен болған баяндауышы бар бағы-ныңқы сөйлемді басыңқы сөйлеммен байланыстырады. Мұндай ба-ғыныңқылар басыңқы сөйлемдегі іс-әрекеттің мақсатын білдіреді, мыс: Күзетші сезіп қ а л м а у ү ш і н, біз жыраның ішімен еңбек-теп кеттік ( Қайсенов). Оқытушы беделді б о л у ү ш і н, ол марк-сизм-ленинизм ғылымын терең меңгеру керек (Көбеев).

Бұл айтылған демеулермен қатар демеу мәнінде қолданылып, өткен шақтың есімшеге тіркесе айтылатын кезде, уақытта, мезгілде, сәтте, күні, жылы тәрізді тағы басқа сөздер де жай сөйлемдерді бір-бірімен сабақтастыра құрмаластыру қызметін атқарады.

Жай сөйлемдерді бір-бірімен ұштастырып, құрмалас сөйлем жа-сауда шешуші роль атқаратын шылау сөздердің екінші түрі — ж а л-ғ а у л ы қ т а р. Олардың қатарына мыналар жатады:

а) Себептестік қатынасты білдіретін — сондықтан, себебі, сол се-бепті, өйткені, неге десең жалғаулықтары;

ә) Мезгілдестік, өсіңкілік қатынасты білдіретін — және,. да, де, та, те, әрі жалғаулықтары;

б) Қарсылықты қатынасты білдіретін — бірақ, сонда да, сөйтсе де, алайда, әйтсе де, ал, дегенмен жалғаулықтары;

в) Кезектестік, талғаулық, бірдейлестік қатынасты білдіретін — бірде, біресе, кейде, не, немесе, болмаса, әлде, я, яки жалғаулық-тары;

г) Бейтараптык, қатынасты білдіретін — мейлі, құй жалғаулық-тары.

Мұндағы әр топқа бөлген жалғаулықтардың басын біріктіретін ортақ қасиеттерімен бірге, бір топқа жата тұрса да олардың әрқайсы-сының тек езіне ғана тән ерекшеліктері де болады. Ол ерекшеліктер кейін сөз болады.

Жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыру қызметін жоғарыда аталған жалғаулықтармен қатар жалғаулық мәнінде қолданылатын солай бола тұрса да, солай дегенмен де, сөйте тұрса да, олай дейтін себебі, бұлай дейтін себебі дегендер тәріздес сөз тіркестері де атқарады.

Шылаулардың қай түрі болса да жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыру қызметін, яғни тек дәнекерлік қызметті ғана атқарып қоймайды, сонымен бірге құрмаласып тұрған жай сөйлемдердің ма-ғыналық қатынастарына да елеулі әсерін тигізеді, олардың мағына-лық қатынастарын айқындай, кушейте түседі. Мыс.:

Дүниеде түрме барын, оған жазықты адамдарды қамайтынын Хакім білетін, б і р а қ ешбір қылмысы жоқ жанды түрмеге отыр-ғызатынын, оны айыптап басына пәле жабатынын ол білмейтін. Сәдірбайға мен жақтым, ө й т к е н і құранды бірсыдырғы әдемі оқитын даусым бар. Ондай студенттер көп кездеседі, а л ана доктор бақытты кісіге ғана кездеседі (Есенжанов). Сәуле ә р і қуанды, ә р і Сайран мен Шекерді ойлап ренжіді (Әбішев). Қодардың жазығы болмаса д а, құн деген үн болмады (Әуезов). Жұрт қаз-қатар отырысып болған с о ң, доктор Чернов жиылысты ашты (Сейфуллин).

Бұл мысалдағы шылаулардың әрқайсысы екі түрлі қызмет атқа-рып тұр: бірінші жағынан — жай сөйлемдерді бір-бірімен ұштасты-рушы дәнекер болса, екінші жағынан — олардың қандай мағыналық қатынастарда тұрғанын айқындаңқырап тұр. Мысалдың алдыңғы бі-

 

рінші сөйлеміндегі бірақ жалғаулығын алып тастасақ, сөйлем байланыстары әлсіреумен қатар, олардың арасындағы қарсылықты, себепті қатынастар да көмескіленеді. Үшінші, төртінші сөйлемдер-дегі ал, әрі жалғаулықтары айтылмаса, компоненттердің ара қатынастары мүлдем бұзылып, олар құрмалас сөйлем болудан біржола қалады. Ал енді, бесінші сөйлемдегі да шылауы болмаса да сөйлемнің құрмаластық қасиетіне нұқсан келмейді, бірақ компоненттердің мағыналық қатынастары өзгереді, алтыншы сөйлемдегі соң шылауынсыз компоненттердің мағыналық қатынастары бұзылуы былай тұрсын, тіпті, сөйлем құрмалас болудан қалады. Бұл жағдайлар құрмалас сөйлем жасауда шылаудың (жалғаулық, демеу) маңызды роль атқаратындықтарын білдіреді.

Жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыруда жалғаулықтар мен демеулердің дәнекерлік рольдерінің дәрежесі бірдей емес. Салаласа құрмаласқан сөйлемдердің көпшілігінде жалғаулықтар сөйлемді құрмаластырушы негізгі тұлға болмайды, онсыз да бар байланысты күшейте түсетін, көмекші тұлға болып табылады. Сондықтан жалғаулықты түрде айтылған кейбір құрмаластарды, құрмаластық қасиетін сақтай отырып, жалғаулықсыз түрде айтуға да болады. Мыс.:

Оңайға қызығып кете ме деп хауіптеніп едім, б і р а қ олар бар- лаушылар әдетін бұзған жоқ (Мүсірепов). Сүйегі пысық жылқы еді, сондықтан қамшы салдырған жоқ (Мұқанов) деген сөйлемдердің жалғаулықтарын қоспай-ақ, Оңайға қызығып кете ме деп хауіптеніп едім, олар барлаушылар әдетін бұзған жоқ. Сүйегі пысық жылқы еді, қамшы салдырған жоқ, — деп айтса да, олардың құрмаластық қасиіеттері де, бастапқы мағыналық қатынастары да өзгермейді. Сондықтан салалас құрмаластарда стилистикалық ыңғайға қарай жалғаулық бірде қосыльш, бірде қосылмай айтыла береді.

Ал демеулер арқылы құрмаласатын сөйлемдер мұндай құбылысқа көнбейді. Өйткені демеу араласқан сөйлемдерде жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыру, сол арқылы құрмалас сөйлем жасау мін- деті түгелімен демеулердің үлесіне тиеді. Сондықтан ондай сөйлем- дерден демеуді түсіріп айтсақ, құрмаластық бірлік бүтіндей жойылады. Мыс.: Осы қылығы есіне түскен с а й ы н, ол өзінен өзі қатты ұ ялатын. Сенгені жыл құсындай көріне бастаған соң, Олжабектің ойына үміт дүниесі келіп орнады (Мұстафин).

Осы сөйлемдердегі демеулерді алып тастап: Осы қылығы есіне түскен ол қатты ұялатын. Сенгені жыл құсындай көріне бастаған Олжабектің ойына үміт дүниесі келіп орнады — деп айтсақ, екеуі де құрмаластық қасиеттерінен айрылып үйірлі мүшелі жай сөйлемдер ғана болып қалады.

Бұл жағдайлар жалғаулықтардан гөрі демеулердің дәнекерлік ролінің күшті екендігін, олардың жалғаулыңқа қарағанда тілдік эле-менттерді бір-бірімен әлдеқайда тығыз және берік байланыстыра-тындығын байқатады. Оның себебі демеулердің өз жетегіндегі сөзін өзі, меңгеріп, өзіне бүтіндей бағындырып тұратындығында болу керек.

 

Жай сөйлемдерді құрмаластыруда интонацияның ролі

 

Сөйлеу тілінде интонацияның атқаратын қызметі көп-ақ. Біз бул арада интонацияның сөйлемнің мағыналық құбылыстарына, сөйлем| мүшелерінің бір-бірімен байланыс ерекшеліктеріне, сөз тіркестері-нің түрлеріне қарай болатын құбылыстарын сөз етпей-ақ оның тек құрмалас сөйлемдегі функциясына ғана тоқталмақпыз.

Құрмалас сөйлем интонациясын екі турге бөліп қарауға болады: 1) тиянақты интонация; 2) тиянақсыз интонация.

 

Тиянақты интонация сөйлемнің ең соңында болады да, оның аяқ-талғандығын білдіреді. Сондықтан ол тек құрмалас сөйлемге ғана тән емес, аяқталған ойды білдіретін, өз алдына дербес бір бүтін бо-лып тұратын сөйлем атаулының бәріне де тән. Интонацияның бұл түрінің құрмаластағы функциясы сол, ол құрмалас сөйлем құра-мындағы компоненттердің басын біріктіріп оларды бір бүтін етіп тұрады.

Интонацияның тиянақсыз түрі құрмалас сөйлем құрамындағы компоненттер арасында келеді де, әр құрмаластың қандай компоненттерге бөлінетіндігін білдіреді. Интонацияның бұл түрі өзінің тиянақсыздығы арқылы сөйлемнің аяқталмағандығын, ой жалғасы барлығын байқатады да, сол арқылы жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластырады. Мыс.:

Қураидың ащы, сазына үн қосып едім, көзден жастың мөлт ет-кені (Ерубаев), Байжан суырдың ілін тереңдетіп қазып көрсе, ар жағы сіресіп жатқан тас көмір екен (Мүсірепов). Абай әлпеншектен түсті де, жекелене шеткері шықты (Әуезов). Байжан есіктен кіре бергенде, телефон шылдыр ете қалды. Дәулет майданға аттанғалы, Айбарша бұл жөнінде тіпті сырғақсып алды (Мұқанов).

Бұл мысалдағы құрмалас сөйлемдердің барлықтарының да бірінші комлоненттерінен кейін интонациялық кідіріс бар. Бірақ олардың тыныстық дәрежелері біркелкі емес: бірінде аз, бірінде көп деген сияқты түрлі-түрлі шамада байқалады. Мысалдың бірінші, сөй-лемінің компоненттері арасындағы интонациялық кідіріс пен кейінгі сөйлемдер компоненттері арасындағы интонациялық кідіріс бір емес: бірінші сөйлемде ол анағұрлым айқын байқалады да, кейінгілерінде, әсіресе, Байжан есіктен кіре бергенде, телефон шылдыр ете қалды — деген сөйлемде ол көмескі түрде ғана білінеді.

Құрмалас сөйлем компоненттері арасында болатын тиянақсыз интонацияның тыныстық дәрежесінің әр түрлі болуы тек жоғарыда келтірген мысалдарға ғана тән емес, жалпы құрмалас сөйлемдерге тән құбылыс. Құрмалас сөйлем компоненттері арасында болатын тиянақсыз интонацияның шамасы сол интонацияға ие болып тұрған комлоненттің баяндауыш формасына да байланысты болады. Ком-лоненттің баяндауышы неғүрлым тиянақсыз формада айтылса, оның интоиациялық үзілісі де соғұрльш шағын, көмескі болады. Міне, сондықтан баяндауышы тиянақты формада тұратын салалас құрмалас сөйлем компоненті мен баяндауышы тиянаңсыз формада тұратын сабақтас құрмалас сөйлем компоненті арасындағы интонациялық кідіріс бір болмайды. Алдыңгысында айқынырақ, елеулірек болады да, соңғысында олай болмайды. Ол былай тұрсын, тіпті баяндауыштары әр турлі тиянақсыз формада айтылатын сабақтас сөйлем комлоненттерінің өздері де интонациялық жағынан біркелкі болмайды. Мысалы: Олжабек қоса күлсе де, оның қай күлкі екенін өзі де аңдамады. Өзі қораш болғанмен, осы төбенің аты зор (Мұстафин) деген сөйлемдердің екеуі де сабақтас құрмалас сөйлем болғандарымен, олардың бірінші комлоненттерінен кейінгі интонациялық кідіріс бір емес. Алдыңғы сөйлемнің «Олжабек қоса күлсе де» деген бөлшегінен кейін азды-көпті болса да интонациялық кідірістің барлығы байқалса, соңғы сөйлемнің — өзі қораш болғанмен деген бөлшегінен кейін оның бар-жоқтығы мейлінше көмескіленеді. Осы тәріздес, салалас құрмалас сөйлем компонент-тері арасында болатын интонациялық құбылыстар да біркелкі болмайды. Оның жалғаулықсыз түріндегі компоненттердің интонациялық құбылыстары бір түрлі болса, жалғаулықты түріндегі компоненттердің интонациялық құбылысы екінші түрлі болады. Оны байқау үшін мына мысалдарды оқып қарайык:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 1005; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.04 сек.