Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Арай топталуы 13 страница




Мысалдан көрініп тұрғанындай, баяндауышы жоғарыда атал-ғандар тәріздес сілтеу есімдігінен болған компоненттер іс-әрекетті жай-куйді өздері баяндамайды, кейінгі компнентте баяндалатынды-ғын білдіреді, соған сілтейді. Мағыналық қатынастары жағынан бұ-лардың барлық түрлері бірдей емес. С о л есімдігі арқылы құрмала-сатын салаластың бірінші компоненті жалпылауыштық мәнде, сілтеу мәнінде айтылады да, екінші компонент тұтасымен бірінші компоненттегі бастауыштың баяндауышы функциясында,яғни с о л есімдігінің орнына жұмсалады. Мысалы: Сізге беретін кеңесім сол, Бадуизаман мырзаны жөнге салыңыз (Айбек) деген сөйлемдегі Бадуизаман мырзаны жөнге салыңыз деген компонент бірінші, с о л өзінің орнына қолданылып, соның мағынасын ашып көрсетіп тұр. Егер с о л сөзі айтылмаса, Сізге беретін кеңесімБадуизаман мырзаны жөнге салыңыз деген бір ғана сөйлем болады да, соңғы компонент кеңесің не? деген бір ғана сұрауға жауап болып, сөйлемнің баяндауышы болып кетеді.

С о л есімдігінің жоғарыда көрсетілген формадағы түрлері аркылы жасалатын құрмаластардың екінші компоненті алдыңғы айтыл- ғандай бірінші компоненттің баяндауышы болып тұрған сөздің ор- нына қолданылмайды, ол бірінші компоненттегі, әсіресе оның бастауыш қызметіндегі сөздің мағынасынан байқалатын жағдайдың нәтижесінде не болғанын баяндайды.

Жоғарыда жалғаулықсыз салалас сөйлем компоненттері жеке алынғанда ойдың тиянақталмағандығы, ой жалғасы барлығы байқа- лып тұрады дедік. Компоненттердің мағыналық жағындағы мұндай сүйеншектік олардың интонация жағынан да тиянақсыз болуын туғызады және сол арқылы өзінің тиянақсыздық сипатын күшейте түседі, мыс.: Ауылнай Дүйсен Саржанға ақырып ұмтыла беріп еді, Әбді омыраудан бүріп алып сүйрей жөнелді (Әуезов). Бір күні түнде шырт ұйқыда жатыр ем, әлдекімнің «Ойбай!» деген қатты дауысы оятып жіберді (Мұқанов). Тағы да бір-екі рет баппен қағып тыңдай қалып еді, ішкі есіктің ақырын ғана сықырлағанын естіді ( Есенжанов).

Келтірген мысалдағы салалас сөйлемдердің бәрінде де бірінші компонентте интонация дербестігі жоқ, олардың бәрі де құрмалас- рушы, яғни тиянақсыз интонациямен айтылады.

Бұл айтылғандардан шығатын бірінші қорытынды: компонент-тердің мағыналық жағынан бір-бірімен іліктес, сабақтас

 

болып, интонациялық жағынан бір бүтін болыл келуі — жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем жасаудың ең басты тәсілі болыл табылады.

Жай сөйлемдер құрмаласуының тағы бір елеулі жолы — компо- ненттердің бәріне бірдей қатынасты, солардың басын құрап тұратын ортақ бір сөздің (мүшенің) болатындығы. Ондай сөз салалас құрмалас сөйлемнің тек бірінші компонентінде ғана айтылады да, оның кейнгі компоненттерге қатынасы, ортақ мүше болып тұрғандығы компоненттер мағыналарынан өте айқын байқалып тұрады. Мұны айқынырақ байқау үшін мына мысалдарды талдал көрейік:

Парсы, түркі кітаптары бұны біресе Шираздың гүлзарына әкетеді, Самарқанның мазар, ғымыраттарына қадалтады, Мерв, Мешхедтың миалы, бұлбұлды бақтарына, салқын, самал хауыздарына әкетеді, ұлы ақындар мекен еткен Ғырат, Ғазна, Бағдаттың сарайларына, медреселеріне, кітапханаларына әкетеді (Әуезов). Алдарында жапырық т а с ү й тұр, төбесін жаңада көтеріп жауыпты, екі жақ қабырғасы шыпырлаған есік (Мұстафин). Қазақтың ұ ғ ы м ы н д а кедей я момын болу ұят емес, келімсек я кірме болу ұят, ал кұл болуқорлық (Мұқанов). Жүз қырық түйенің жүгі артылды, енді қалғаны екі жүз пұт, он түйеге артылады да кетеді (Мүсірелов),

Мысалдың бірінші сөйлеміндегі төрт жай сөйлемге ортақ сөз парсы, түркі кітаптары деген сөз, ал, екінші сөйлемдегі үш түрлі компонентке ортақ сөз — үй. Ол тек бірінші компонентте ғана айтылған, ал оның кейінгі компоненттерге қатынасы төбесі, қабырғасы деген тәуелдік жалғаулы сөздерден байқалып тұр. Екінші салалас сөйлемдегі компоненттерге ортақ сөз — қазақтың ұғымында. Бұл сөз де тек бірінші компонентте ғана айтылғанымен, үш компоненттің ушеуіне де бірдей қатысы бар, ортақ мүше болып тұр. Ал, соңғы үшінші сөйлемдегі ортақ мүше — жүк деген сөз. Ол да тек бірінші компонентте ғана айтылған, кейінгі компоненттер оған (жүкке) байланысты жайттарды баяндап тұр.

Сөйтіп, мұндай сөйлемдердегі компоненттер ортақ мүше болып тұрған сөз мағынасынан байқалатын затты, құбылысты, оқиғаны түрлі жағынан баяндап тұрады.

Жалғаулықсыз салалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаластың қатынасы компонент баяндауыштарының бір бастауышқа ортақтасып тұруы арқылы да, белгілі бір с ө з д і ң (мүшенің) бірінші компонентте де, екінші комлонентте де қайталап

а й т ы л у ы арқылы да байқалады. Мыс.:

1. Інісі оған жәбірленген жоқ, ұзай берген ағасының желкесіне ай сәулесін түсірем деп әуреленген бойы қала берді (Мүсірелов). Олжабек е к е у м і з кезеңді жерде кездесіп едік, тағы бір кездескелі отырмыз. Ш ы ғ а н а қ оған тек бала оқытушы деп қана қарамайды, жаңа заманның ой-қырын, оң-солын, көбінесе, содан сұрап, қанып отырады (Мұстафин).

2. Кетерде Боржабай маған амандасқан жоқ, мен о ғ а н аман-дасқан жоқпын (Мұқанов). Жолдасын таппаған ер а з а д ы, басшысын таппаған ел а з а д ы. Түғырына саңғыған сұңқар оңбас, үйірінен қаңғыған тұлпар оңб а с. Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер. Алтын тісті ауыздан аса жаман сөз шығ а р, жаннан безген жауыздин жазығы жоқ көз ш ы ғ а р (мақал).

Мысалдың бірінші тобындағы бастапқы салалас сөйлем компо-ненттері інісі деген, екінші салалас сөйлем компоненттері екеуміз деген, үшінші салалас сөйлем компоненттері Шығанақ деген бір-

 

бір бастауышқа ғана ортақтасып, сол арқылы компоненттер бірлігі, ой тұтастығы қамтамасыз етіліп тұр.

Мысалдың екінші тобында компоненттер бірлігі, олардың өз ара байланыстылығы әр салалас сөйлемнің бірінші компоненттерінде айтылған сөздің (мүшенің) екінші компоненттерде сол функцияларда қайталап айтылулары арқылы қамтамасыз етілген.

Салалас құрмалас сөйлемнің мұндай құрылыстағы түрлерінде кейде алдыңғы компонентте айтылған сөздің орнына екінді компо-нентте есімдік қолданылуы да мүмкін. Мыс.:

Омбыға оқуға бару үшін маған болыстан к у ә л і к қ а ғ а з керек, с о н ы бергісі келмеген Сайтақты Боржабай жалынып әрең көндірді (Мұқанов) деген құрмалас сөйлемде куәлік қағаз туралы бі-рінші жай сөйлемде де, екінші жай сөйлемде де айтылған. Бірақ екінші жай сөйлемде ол сөздің өзін қайталамай, оның орнына соны деген сілтеу есімдігі қолданылған.

Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемнің бірінші компонен-тінде айтылған белгілі бір сөзді я сөздер тіркесін екінші компонентте де қайталап айту, сол арқылы жай сөйлемдердің магыналық бірлігін, күрделілігін байқату, негізінде, ауыз әдебиетіне жататын шығармаларға тән қасиет деуге болады. Сол сияқты, бірнеше жай сөйлемдердің бір ғана бастауышқа ортақтасып барып құрмаласуының нелер көлемді түрлері де ауыз әдебиетіне жататын — ертегілер мен жырларда, халық дастандарында жиі кездесіп отырады. Мыс.:

1. Беліне садақ байланады, қолына темір таяқ алады, аяғына те-мір етік киеді, ай жүреді, жыл жүреді, талай елді, талай жерді аралайды («Ер төстік»).

2. Ақмоншақ атқа мінеді,

Беліне семсер іледі,

Денеге сауыт киеді,

Төбеге шашты түйеді,

Ноғай бөркін киеді,

Қобыландының соңынан

Дөңгеленіп келеді («Қобыланды батыр»).

 

3. Таяқ тайға жеткізер,

Тай құнанға жеткізер,

Құнан атқа жеткізер,

Ат мұратқа жеткізер (мақал).

 

Мысалдың бірінші тобындағы алты жай сөйлем Ер төстік деген бір ғана бастауышқа ортақтасып тұрса, екінші тобындағы алтын жай сөйлем Қарлыға деген бір бастауышқа ортақтасып тұр. Үшінші шумақтағы әр жай сөйлемнің өздеріне меншікті бастауыштары бар. Мұндағы жай сөйлемдердің бірлігін көрсетіп, оларды өз ара құрма-ластырып тұрған — жеткізер деген бір сөздің төрт жай сөйлемнің төртеуіне де баяндауыш болып, қайталап айтылуы.

Баяндауыштары қайталап айтылған бір сөзден болған жалғау-лықсыз салалас сөйлемнің компоненттері кейде ықшамдалып, өз ара сыйыстырылып айтылады. Ондай ықшамдалулар алдыңғы компо-ненттің баяндауышы айтылмай, түсіріліп қалдырылу арқылы жаса-лады. Мұндай жағдайда баяндауышы түсіріліп, ықшамдалып айтыл-ған компонент сөйлемдік қасиетінен айрылады да, кейінгі компо-нентпен бірігіп, бірыңғай мүшелі (бастауышты) жай сөйлемге айналады. Мыс.:

Сағынған елін аңсайды, Сары ала қаз көлін аңсайды. Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас. Ел жасымен көрікті, тау тасы-мен көрікті, аяқ асымен көрікті (мақал).

Бұл мысалда компоненттерінің баяндауыштары бір сөздің қай-талап айтылуынан болған үш түрлі жалғаулықсыз салалас сөйлем

 

бар. Жоғарыда көрсетілгендей, мұндағы әр салаластың алдыңғы компоненттерінің баяндауыштарын тусіріп, ықшамдап айтсақ: Сағынған елін, сары ала қаз көлін аңсайды. Елінен безген ер, көлінен безген қаз оңбас. Ел жасымен, тау тасымен, аяқ асымен көрікті деген бірыңғай мүшелі үш жай сөйлем болып шығады.

Бірақ бұлар құрылысы жағынан жай сөйлем болғандарымен, мағыналары жағынан әрқайсысында бір-бір күрделі ойдың барлығы, компоненттер баяндауыштарының жасырын екендігі байқалып тұ-рады.

Жалғаулықсыз салалас сөйлем компоненттерін бір-бірімен байла-ныстыруда компонент баяндауыштарының жақтық, шақтық, сан-мөлшерлік жағынан бірыңғай, бір тектес болып келулерінің де елеулі мәні болады. Мыс.:

Мұның өзін де а т п а й ы н, атын да атпайын, тек мұның қорамсақтағы жүз алпыс кез оғын жалғыз доғал оқпен атып уатайын («Ер-Тарғын»). Баласына билік бермейді, ол әкесінен шыға алмайды, мен одан шыға алмаймын (Мұқанов).

Компонент баяндауыштарының жақтық, шақтық жағынан бір-тектес болып келуі прозадан гөрі поэзияда жиі және күрделі больш жездеседі. Ол — поэзияның ритмикалық қасиетіне де байланысты болар. Мысалы:

Құбылып бурыл г у л е д і,

Табаны жерге т и м е д і,

Тау менен тасты к ө р м е д і,

Төрт аяқты с е р м е д і,

Тер шыққан соң ө р л е д і,

Адырды көзі к ө р ме д і,

Көлденең жатқан көк тасты

Тіктеп тиген тұягы

Саз балшықтай и л е д і («Қобыланды батыр»).

 

Тоғыз тармақ, жеті жай сөйлемнен құралған бұл шумақтың (құрмалас сөйлемнің) басын қосып тұрған, ең алдымен, бұлардағы ритмикалық бірлік, ұйқас болса, сол ритмикалық бірлік пен ұйқас жай сөйлемдердің баяндауышы болып тұрған етістіктердің бірыңғай жақта, бір шақта берілуі арқылы жүзеге асқан.

Жалғаулықсыз салалас сөйлем жасауда компоненттер бірлігін қамтамасыз ететін, немесе олардың байланысын күшейтуге септігін тигізетін жоғарыда талданған амал-тәсілдерді жинақтап көрсеткен-де, мынадай түрлерге бөлінеді:

1) жай сөйлемдер мағыналарының бір-бірімен байланысты, ілік-тес, сабақтас болып келуі арқылы;

2) интонация тұтастығы арқылы;

3) компоненттердің бәріне қатысты, бәріне ортақ бір сөздің (мү-шенің) болуы арқылы;

4) компоненттердің бір бастауышқа ортақтасып келуі арқылы;

5) белгілі бір сөздің компонент сайын қайталанып айтылуы арқылы;

6) бірінші компоменттегі бір сөздің екінші компонентте есімдік түрінде қайталануы арқылы;

7) компонент баяндауышы қызметіндегі етістіктің жақтық, шақ-тық жағынан бірыңғай болып келуі арқылы.

 

Жалғаулықсыз салалас сөйлемнің мағыналық түрлері

 

Компоненттерінің бір-бірімен мағыналық қатынастары жағынан алғанда жалғаулықсыз салалас сөйлем мен жалғаулықты салалас сөйлем арасында айтарлықтай онша алшақтық жоқ. Өйткені жай сөйлемдердің жалғаулық арқылы құрмаласуы мен жалғаулықсыз іргелесе құрмаласуы, айналып келгенде, құрмалас сөйлемнің бір тү-рін (салалас түрін) жасаудың екі түрлі тәсілі ғана. Сондықтан да са-лалас құрмалас сөйлемнің бірсыпыра түрін жалғаулық арқылы құр-маластырьш айтуға да, жалғаулықты алып тастап, жалғаулықсыз егіп айтуға да болады. Мыс.:

Киіз үстін кісі келгенде бір сыпырып өту Биғайшаның ежелгі әдеті еді, бірақ бұл жолы оның осы ниетіне басқа нәрсе араласты (Есенжанов). Замандастың тілін кім алмайды, сондықтан мен ертіп бармақ болдым (Майлин).

Бұл келтірген мысалдағы жалғаулықтарды түсіріп, оларды жал-ғаулықсыз түрде: Киіз үстін кісі келгенде бір сыпырып өтуБиғайшаның ежелгі әдеті еді, бұл жолы оның осы. ниетіне басқа нәрсе араласты. Замандастың тілін кім алмайды, мен ертіп бармақ болдым, — деп құрсақ, одан сөйлем байланысына да, компонент-тердің мағыналық қатынастарына да нұқсан келмейді. Алғашқы вариантта қарсылықты, себептес салаластардың жалғаулықты түрі болса, кейінгі вариантта сол екеуінің жалғаулықсыз түрі болады.

Бірақ бұдан салалас сөйлемнің жалғаулықты түрі мен жалғау-лықсыз түрі абсолюттік теңдікте, барлық жағдайда да жалғаулықты салаластың жалғаулығын алып тастап жалғаулықсыз етіп айтуға, немесе оның, керісінше, жалғаулықсыз түрін жалғаулықты етіп ай-туға бола береді деген қорытынды шықпайды. Мыс.:

Құнанбай кейінгі күндері ешкімнің көңілін абыржытқандай еш-теңе айтқан жоқ, с ө й т с е д е Зеренің күрсінуі күшті (Әуезов). Исполкомның әскери комиссары Нуждин ұйымдастырып үлгерген шағын отрядтың көпшілігі тері-тон заводында еді, а л жиырмаға тарта жауынгер еркімен жазылған тиірмен жұмысшылары болатын (Есенжанов). Шекер осы аз күннің өзінде-ақ бұ л үйдің өз адамындай болып кеткен, сондықтан оның еркелей айтқан сөзіне Сәуле сүйсінді (Әбішев). Осы сөйлемдердегі сөйтсе де, ал, сондық-тан деген жалгаулықтар айтылмаса, компоненттердің байланыстары мейлінше әлсірейді, кейбіреулері, тіпті, құрмалас сөйлем болудан қалып, компоненттерінің басы бірікпей бытырап кетеді. Бұл жағдай жалғаулықты салалас сөйлем мен жалғаулықсыз салалас сөйлем ара-сында мағыналық бірлік болумен қатар әрқайсының өзіндік ерекше-ліктері де болатындығын байқатады.

Ондай ерекшелік салалас сөйлемнің бұл екі түріндегі компонент-тердің бір-бірімен мағыналық қатынастары жағынан бірдей болып келмеуінен де көрінеді. Мысалы, салалас сөйлемнің жалғаулықты түрінде кездесетін талғаулы, кезектес деп аталатын сөйлемдер жалғаулықсыз түрінде кездеспейді. Сол сияқты, салалас сөйлемнің жалғаулықсыз түрінде кездесетін түсіндірмелі, шартты, салыстыр-малы деп аталатын сөйлемдер жалғаулықты түрінде кездейспейді.

Жалғаулықсыз салалас сөйлемдерді компоненттерінің бір-бірімен мағыналық қатынасына қарай мынадай түрлерге бөлуге болады:

1. Мезгілдес салалас сөйлем,

2. Себептес салалас сөйлем.

3. Қарсылықты салалас сөйлем.

4. Түсіндірмелі салалас сөйлем.

5. Салыстырмалы салалас сөйлем.

6. Шартты салалас сөйлем.

7. Көп тармақты салалас сөйлем.

 

Мезгілдес салалас сөйлем

 

Мезгілдес салалас сөйлем компоненттері бір мезгілде, немесе бі-ріне-бірі жалғаса іркес-тіркес болған іс-әрекеттерді я бір мезгіл ішін-дегі көріністі, жай-куйді баяндайды. Тек компоненттерінің бір-бірімен байланысу жолындағы өзгешелігі ғана болмаса, компоненттердің мағыналық қатынасы жағынан мезгілдес салаластың жалғаулықсыз түрі мен жалғаулықты түрі бірдей. Мысалы: Холдың екі қолын артына қайырып біреулер ұстап әкеле жатыр, біреулер темір тәшке дайындап тұр. Күн найза бойы көтерілген, аспанда алақандай бұлт, үп еткен жел жоқ (Мұстафин). Жұрттың өкпесі көтерілді, танауы желбіреді (Сейфуллин). Қаңтарулы аты қасында, қамшы, мен шылбыр белінде (Мүсірепов) Ол неше түрлі қызық әңгімелерді маған айтады, мен аузымның суы құрып тыңдаймын (Мұқанов).

Мысалдың бірінші және ең соңғы сөйлемдерінде бір мезгіл ішінде болған әрекеттер баяндалса, басқа сөйлемдерінде бір уақыт ішінде байқалған, көрініп тұрған жайттардан мәлімет береді. Ал енді: Бала шаба жөнелді, мен де артынан ілестім (Мұқанов). Нілдіден әкелген жүз көлік кенді сұрыптап алып тәжірибе ретінде Бернер үш тас пеште қорытып еді, қаймагы алынбаған бай кен лоқ еткізіп аса көп мыс берді. Қалың қол сол екпінімен айғай-шу, тасыр-тұсырымен тұтас келіп Игілік аулына төніп еді, иек артпада ғана тұрған үлкен бір қол бұларға көлденеңдеп келіп соғып, еріксіз екіге бөліп әкетті (Мүсірепов). Жастар бір бөлек әңгімелесіп отыр екен, мен де соларға қосылдым (Майлин). Болыс алақанын жайып еді, қағып, тырналап оған да бір атым тапты (Мұстафин). Алдымен селодан шығып кетейік, содан кейін бұл отрядтың не пиғылы барын және қалай қарай қозғалатынын сырттан байқайық (Есенжанов), — деген сөйлемдерде компоненттер бірінен кейін бірі іркес-тіркес болған, я болатын әрекеттерді баяндап тұр.

Мезгілдес салалас сөйлемге компоненттері бірыңғай, біртектес іс-әрекет, жай-күйлерді санамалап, тізбектеп, жарыстыра көрсететін сөйлемдер де жатады. Мыс.: Қуанышы ботасының айналасында, қайғысы іңгенніц маңайында. Мұндағы завод атыСпасс, кен атыВоскресен, Нілдідегі кен атыУспен (Мүсірепов). Төрт-бес жылдан бері мырзаның ашылмаған қабағы биыл ашылайын деді, жасты көзі биыл құрғайын деді. Қымыз ішусіз, жұрт тілсіз қалды біразға дейін. (Мұстафин).

Мезгілдес салалас сөйлем компоненттерінің баяндауыштары шақ-тық, жақтық жағынан кейде бірыңғай, біртектес болып келеді. Соған қарап кейбір әдебиеттерде ол ыңғайлас салалас деп те аталып келді, бірақ бұлай атау компоненттердің мағыналық қатынасын білдіре ал-майды.

 

Себептес салалас сөйлем

 

Бір компоненті екінші компоненттегі іс-әрекет, жай-күйдің себе-бін білдіріп, екіншісі сол себептен туған нәтижені білдіретін, немесе, керісінше, біріншісі — нәтижені, екіншісі — соның себебін білдіретін сөйлемдер себептес салаласқа жатады. Мыс.:

Сәуленің Бөлекбас арқылы Нұрланныц сырын білмек болған ма-нағы ойы әлі арылып кеткен жоқ еді, соны есіне алып Бөлекбастың бірге қайтқанын мақұл көрді (Әбішев). Соқпақтың екі жағындағы қар да малдың белуарынан келерліктей қалың, қарсы келген сиырлар бір-бірімен сүзісе, бірін-бірі қарға жыға, сығылысып әрең өтеді (Мұқанов). Село алыс емес еді, бұлар оған андағы-мұндағы көзден жасырынып жетпеген кезде келіп жетті (Есенжанов). Шешесі тағы екі-үш бауырсақ беріп еді, басқалары қаспақ

185

тұмсыққа көздерін аларта қарады (Мұстафин) Аяп кеттім, менің де көзіме жас келді (Майлин). Жабайды сойылға жыққан Игіліктің жігіттері екенін Жұман білген жоқ, әлдеқалай аттан құлаған шығар деп ойлады. (Мүсірепов).

Бұл келтірген мысалдағы сөйлемдердің бәрінде де бірінші ком-понент себепті білдіріп тұр да, екінші компонент сол себептен туған нәтижені білдіріп тұр. Ең соңғы сөйлемдегі Жұманның Жабайды әл-деқалай аттан ц құлаған болар деп ойлауының себебі — оның Жабайды Игілік жігіттерінің сойылға жыққанын білмеуінен, сол білмеудің нәтижесінен туған қорытынды.

Жоғарыда келтірілген сөйлемдердің қай-қайсысына болса да сондықтан, сол себепті деген жалғаулықтарды қосып айтуға болады. Бұл жалғаулықтар айтылмаса да, олардың мағыналары сөйлем мағынасынан, компоненттер байланысынан байқалып тұр.

Жалғаулықсыз салаластың бұл түрінде, келтірілген мысалдың керісінше,бірінші компонент нәтижені, екінші компонент сол нәтижеге жеткізген себепті білдіріп те құрмаласатыны болады. Мыс.: Шалабай ұзац жүре алмас, үкімет құрығы ұзын (Мұстафин). Мен қорықпаймын, әжем кеше сұрап алған (Майлин). Оларға рақмет айту керек, ұмытқанымызды еске салды. (Мүсірепов).

Бұлардағы екінші компоненттер бірінші компоненттегі іс-әрекет-тің неліктен солай болғандығын я болатындығын білдіреді. Неліктен Шалабай ұзақ жүре алмайды? Оның ұзақ жүре алмайтын себебі — үкімет құрығы ұзын. Мысалдағы басқа сөйлемдер де осы тәріздес.

Сөйлемде айтылмағанымен компоненттердің мағыналық қаты-настарынан олардың арасына өйткені, себебі деген жалғаулықтар келтіріп айтуға болатындығы байқалып тұр. Бұл жағдайлар себептес салаластың жалғаулықты түрі мен жалғаулықсыз түрінің бірлігін, бұл екеуінің арасындағы өзгешелік — бірінде бар жалғаулықты екіншісінде түсіріп айту ғана екендігін байқатады.

 

Қарсылықты салалас сойлем

 

Құрмалас сөйлемнің бұл түріне компоненттерінің мағыналары бір-біріне қайшы келетін жалғаулықсыз салалас сөйлемдер жатады. Компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан қарсылықты салаластың жалғаулықты түрі мен жалғаулықсыз түрі арасында еш-қандай өзгешелік жоқ, бұл екеуі — қарсылықты салалас деген атпен аталатын бір ғана сөйлем компоненттерінің құрмаласуындағы екі түрлі тәсіл ғана. Сондықтан да: Жараланған жайларымды анама жұқалап қана жазып жіберіп ем, Ақбота оп-оңай бетін ашыпты (Мүсірепов) десек, қарсылықты салаластың жалғаулықсыз түрі болады да, осы сөйлемнің өзін: Жараланған жайымды анама жұқалап қана жазып жіберіп ем, бірақ Ақбота оп-оңай бетін ашыпты, — деп жалғаулық қосып айтсақ, қарсылықты салаластың жалғаулықты түрі болады. Мұндай құбылыстан сөйлемнің стильдік жағына да ешбір нүқсан келіп тұрған жоқ.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 1281; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.