Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

О.А. Затепякин 2 страница




Р АS Е Ре АD Qе 1. Егер АД>AS, бұл жағдайда 2 ұйғарымға тоқтауға болады: - өндіріс көлемін өзгертпей, бағаны көтеруге болады; - өндіріс көлемін кеңейту, сонда ұлттық табыс өседі. 2. Егер АД<АS, бұл жағдайда: - өндірісті қысқарту қажет болады; - өндіріс көлемін өзгертпей, бірақ бағаны төмендетуге болады, сонда ұлттық табыс азаяды.  

 

Табыс пен инвестициялар тәуелділігін мультипликатор арқылы есептеуге болады. Мультипликато р – бұл инвестициялар өзгерісі мен табыс көлемі өзгерісі арасындағы байланысты көрсететін коэффициент.

Инвестициялар өскен сайын ЖҰӨ-де өте мол көлемде өсіп отырады.

ЖҰӨ

-------------------------

МР (мультипликатор) = инвестициялар

 

ЖҰӨ = МР * инвестициялар, яғни инвестициялар өсіміне көбейтілген мультипликатор ЖҰӨ-нің өсімін көрсетеді.

Мысалы: инвестициялар өсімі 10 млрд теңгені құраса, онда ол ЖҰӨ-нің 20 млрд. теңгеге өсуіне әкеледі дейік. Нәтижесінде, мультипликатор 2-ге тең болады.

Акселератор – бұл ағымдағы жылда инвестициялар өсімінің өткен жылдағы Ұлттық табыстың өсіміне сандық қатынасын көрсететін коэффициент.

ағымдағы жылдағы инвестициялар

Акселератор = ---------------------------------------------------

өткен жылдағы ҰТ- тың өсімі

Бұл көрсеткіш табыс өсімінің инвестициялар өсіміне ықпалын анықтайды.

«Ұқыптылық парадоксы». Егер экономика жұмыспен толық қамтылмаған жағдайда болса, онда жинақтауға ұмтылыс, рыноктағы тұтынуға бейімділікті азайтуға ықпал етеді. Тұтыну сұранысының қысқаруы өз кезегінде тауар өндірушілерге өз өнімдерін сатуға мүмкіндік бермейтінін білдіреді. Өндіріс қысқарыла бастайды. «Ұқыптылық парадоксы» осымен қорытындыланады.

Тақырып 13. Экономикалық дамудың циклдылығы. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.

1.Рыноктық экономиканың циклдылығы. Циклдық ауытқудың сыртқы және ішкі себептері. Экономикалық цикл және оның фазалары.

2.Жұмысбастылық пен жұмыссыздық ұғымдарының мазмұны.

3.Инфляция ұғымының мазмұны. Қазіргі кездегі инфляцияның себептері.

Техникалық прогресс пен адамдар мүддесінің арасындағы алшақтық экономикалық жүйеге көптеген оқыс сілкіністер әкеледі.

Ол адамзат қоғамының ерекшелігіне қарай белгілі ырғақ пен тербеліске түсіп, толқуларға ауысады. Экономикалық теорияда экономиканың мұндай құбылыстары «экономикалық толқулар» немесе «экономикалық цикл» деп аталады.

Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.

4         Экономикалық цикл   Циклдың фазалары 1. Дағдарыс (құлдырау, рецессия). 2. Тоқырау (стагнация). 3. Жандану. 4. Өрлеу (бум).

 

Экономикалық циклдардың себебін шартты түрде сыртқы (экзогенді), ішкі (эндогенді) және аралас факторларға бөлуге болады.

Сыртқы (экзогенді) факторлар – экономикалық жүйеден тыс болып жатқан құбылыстар. Оған жататындар: адамдардың санының өзгеруі, жаңалық табу мен инновациялар соғыс және басқада саяси уақиғалар.

Ішкі (эндогенді) факторлар – экономикалық жүйенің өзінің ішінде болып жатқан құбылыстар. Оларға жататындар: тұтыну, инвестициялау және мемлекеттің іс-әрекеттері.

Аралас факторлар – циклдің себебін ішкі және сыртқы факторларды синтездеу арқылы анықтайды. Олардың авторларының тұжырымдауынша: сыртқы фактор циклдің бастапқы дүмпуін туындатады, ал ішкі фактор тазалық – ауытқуға әкеліп соғады.

Экономикалық циклдердің бір - бірінен ұзақтығына және интенсивтілігіне байланысты айырмашылықтары бар. Осыған орай әдебиеттерде үш мерзімге бөледі: қысқа, орта және ұзақ.

13.1. кесте

Экономикалық циклдардың типтері

Экономикалық циклдің типтері Ұзақтылығы Себептері, ерекшеліктері
1. Дж.Китчиннің «қысқа толқындары» 2-4 жыл Алтынның әлемдік қорының тербелісі ЖҰӨ-нің, инфляцияның, жұмысбастылықтың тербелісіне әкеледі.
2. К.Жуглярдың «орташа толқындары» 10 жыл Ақша айналысындағы өзгерістер, несиелік жүйенің мәселелері ЖҰӨ-нің тербелісіне инфляцияға, жұмыссыздыққа әкеледі.
3. Кузнецтің циклдары 18-25 жыл Экономикалық циклдардың себептері күрделі құрылыспен байланысты
4. Н.Д.Кондратьевтің «ұзын толқындары» 40-60 жыл Басты қозғаушы күш – технологиялық өндірістегі технологиялық базаның радикалды өзгеруі мен оның құрылымдық қайта құрылуы.
5. Форрестердің циклдары 200 жыл Энергия куаты мен материалдарға байланысты.
6. Тоффлердің циклдары 1000-2000 ж. Цивилизацияның дамуымен, олардың жоғалуымен немесе жаңа сатымен байланысты.

Экономикалық дағдарыстың мына төмендегідей түрлері болады: жалпы, жарым – жартылай (частичный), салалық, құрылымдық және аграрлық.

Мемлекет экономиканы тұрақтандыру бағытында антициклдық саясат қабылдайды.

Мемлекеттің тұрақтандыру саясаты – ол макроэкономикалық саясаттың экономиканы толық жұмыспен қамту деңгейінде немесе потенциалды өнім шығаруға тұрақтандыруға бағытталған кешенді шаралар.

Жұмыссыздық - бұл халық шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбекке қабілеті бар жұмыс күші.

Жұмыссыздықтың негізгі формалары:

- Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтады.

- Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде туындайды: жеке саланың дамуының кері пропорциональды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қарауға болады.

- Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды.

Жұмыспен толық қамту жағдайындағы қарқынды инфляцияға әкеліп соқпайтын жұмыссыздықтың ең төменгі дәрежедегі нормасын жұмыссыздықтың табиғи нормасы деп аталады. Егерде жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден артып кетсе, онда бұл жағдай жалпы ұлттық өнімнің азаюына әкеледі.

Оукен заңы бойынша жұмыссыздықтың нақты деңгейі, табиғи деңгейіне қарағанда, 1%-ке өсуі нақты ЖҰӨ-нің потенциальдық мүмкіндігімен салыстырғанда орташа 2,5%-ке төмендеуіне әкеледі. Потенциалды ЖҰӨ толық жұмыспен қамту жағдайында өндірілетін өнім көлемі.

Инфляция – айналымдағы ақша массасының нақты ұсынылған тауар санынан артып кетуі. Бұл жағдай ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуіне және тауарлар мен қызметтер бағаларының өсуіне әкеледі. Инфляцияның бірнеше түрі бар.

Инфляцияны ашық және басылыңқы түрге бөлуге болады:

- Сұраныс инфляциясы– ол жұмыспен толық қамту жағдайында пайда болады, ақшамен қамтамасыз етілген сұраныс баға өсуін тудырады.

- Шығын инфляциясы– ол өндіріс факторлары қымбаттаған жағдайда пайда болады. Бұл жағдайда өндіріс шығындарының өсуі өнім бағасының өсуіне әкеледі.

- Құрылымдық инфляция- ол саларалық баланстың бұзылу жағдайында туады. Бір сала нарықты толық қанағаттандыра алмағандықтан бұл саладағы тапшылық тауарлардың қымбаттауына әкеледі.

Болжау арқылы инфляция бөлінеді:

- Күткен инфляция – ол болжамдалынған инфляция.

- Күтпеген инфляция– ол кенеттен тосын пайда болады, бағалардың кенеттен күрт өсіп кетуі.

Бағаның өсу қарқыны тұрғысынан инфляция бөлінеді:

- Баяу инфляция. Бұл инфляция кезінде бағалар баяу (жылына 10% -тен аз) өседі.

- Қарқынды инфляция. Бұл инфляция кезінде баға жылдам (жылына 20-дан 200% -ге дейін) өседі.

- Ұшқыр инфляция. Бұл инфляция кезінде айналымдағы ақшаның саны мен баға өте күрт жылдамдықпен (500-1000%-дейін) өседі.

Инфляция деңгейі баға индексі көмегімен өлшенеді. Ағым кезіндегі тұтыну баға индексінен өткен кезеңдегі тұтыну баға индексі алынып, өткен кезеңдегі тұтыну баға индексіне бөлінеді.

Бағаның өсу қарқыны     жұмыссыздық деңгейі   13-сурет. Филлипс қисығы     Жұмыссыздық пен инфляцияның өсу қарқыны арасында тұрақты өзара байланыс болады. Экономикалық теорияда бұл құбылыс Филлипс қисық сызығы деп аталады (ағылшын экономисі А.Филлипстің атымен аталған және жұмыссыздықты қысқарту салдарынан болатын бағаның жедел өсуінің «заңдылығын» ол алғаш рет 1958 жылы график түрінде бейнелеген болатын). Филлипс қисық сызығы экономикадағы жұмыссыздық пен инфляция деңгейінің өзара өзгеруін көрсетеді.  

Мұның мағынасы: Жоғары жұмыссыздық жағдайында инфляция төмен болатынын білдіреді және керісінше, жұмыссыздықтың азаюы жиынтық сұранысты арттырады, бағаның өсуіне итермелейді. Басқаша айтқанда, төмен жалақы жағдайында жұмыссыздық өседі, керісінше жалақы өскен сайын жұмыссыздық азаяды.

 

Тақырып 14. Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары

1.Экономиканы мемлекеттік реттеу: мақсаттары, қызметтері, құралдары.

2.Өтпелі экономика жағдайындағы мемлекеттік реттеулер.

3.ҚР-ғы мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері.

Мемлекеттін экономикалық қызметін төмендегі келтіріліп отырған топтарға (блоктарға) біріктіруге болады:

1. Экономикалык саясатты қалыптастыру;

2. Нарық жағдайында мемлекет мына қызметтерді өз мойынына алады: Стратегиялық, экономикалық, құрылымдық, техникалық әлеуметтік, демографиялык болжау мен жоспарлауды. Экономиканы реттеудің тікелей және жанама қызметін де атқарады;

3. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметі: коғамға кажет мемлекеттік кәсіпорын (қоғамдык пен шаруашылық есептегі) мен өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар. Олар: ядро.лық энергетика, космосты игеру, темір жол мен жалпы ұлттық автокөлік жолдары, көпір, су каналдары, газ бен мұнай құбырлары, байланыс, аурухана, мектеп т.б. объектілер.

4. Нарыктық жүйенің қалыпты қызметін қамтамасыз ету. Сатып алушы мен кәсіпкер мүдделерін қорғау, стандарт қызметін құру, тиім сапасы мен салмағын өлшеу, бәсекені қолдай отырып, нарықтық экономикада монополизмге қарсы күрес жүргізу, ол үшін белгілі қүқықтық база жасау және баға саясатын жүргізу.

5. Мемлекет экономиканы тұрақтандыру саясатының бағдарламасын жасап, оны іске асыру шараларын жүргізеді. Сонымен қатар, жұмыссыздыққа, инфляцияға қарсы шараларды іске асырады.

6. Мемлекет тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстарын іске асырады.

7. Мемлекет сыртқы экономикалық қатынастарды реттейді.

Мемлекет аталған қызметтерді реттеу үшін әртүрлі әдістер мен құралдарды қолданады.

Нарықты реттеу тәсілдері - бұл мемлекет пен кәсіпорындардың ұдайы өндіріс процесінде мақсаты бағыт беру әдісін айтамыз. Ол нарықтық механизм қызметіне қалыпты жағдайды қамтамасыз етуге әсер етеді..

Мемлекеттің тікелей араласуы- ол, нарықтық қатынастың барлық элементтерін дамыту, үйлесімді жүргізу үшін құқықтық актілер қабылдайды. Мысалы, Салық кодексі, Азаматтық кодексі, монополияға қарсы заң т.с.с.

Мемлекеттің жанама араласуы. Реттеудің жанама тәсілі негізінен мекен-жайсыз болғанмен, бірақ барлық шаруашылық субъектілеріне міндетті болады. Олар экономикалык қызметтің жағдайы мен нәтижесіне әсер етумен байланыстырылады. Тікелей және жанама тәсілдер арасындағы шекара шартты түрде ғана. Нақты өмірде олар араласып кеткен және меншік түрі мен объектілеріне әсер етуіне байланысты жіктелген күйде, әртүрлі тармақтарда қолданылады.

Елдің ақша-несие саясаты

1. Ақша жүйесінің түсінігі мен элементтері.Ақша сұранысы мен ұсынысы.

2. Қазіргі нарықтық экономикадағ несиенің қызметі мен ролі

3. Несие-банк жүйесінің құрылымы

4. Елдің несие-ақша саясаты

Фискалдық саясат. Ол мемлекеттік бюджеттен байланысты қаржыны реттеуді қамтиды. Оған мемлекеттік сатып алуды ұлғайту мен қысқарту, күрделі қаржы бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, бюджеттен жекелеген сала мен кәсіпорын (фирма) үшін дотация мен субсидиялар, салық шаралары жатады.

-Бюджеттік реттеу- мемлекеттік органдар мемлекеттік бюджетті әртүрлі бағыттар бойынша жұмсайды реттейді.

-Мемлекет бағдарламасы мен мемлекеттік тапсырыс арқылы реттеу. Мұнда мемлекеттік органдар бюджет қаражатының бір бөлігін әлеуметтік, ғылыми бағдарламаға бөледі де, осы арқылы фирмаларға, кәсіпорындарға белгілі бір өнім түрлерін өндіруге, әскери өнімдер мен қоғамдық транспортқа тапсырыстар береді.

-Баға арқылы реттеу

-Ақша-несие арқылы реттеу

-Әлеуметтік саясат

-Әкімшілік реттеу

-Сыртқы экономикалық қызметті реттеу. Үкіметтің сыртқы экономикалық саясаттың негізгі түрлері: протекционизм және фритредерство.

Қаржы - белгілі бір қоғамның ақша ресурстары. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекетте қоғамдағы ақша ресурстарының құрамына, яғни қаржы жүйесіне:

- мемлекеттік қаржы,

- шаруашылық жүйесінің қаржысы,

- кәсіпорынның және тұрғындардың қаржысы енеді.

Мемлекеттің қаржысы - ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз етуге, заңдылық пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады.

Сонымен, қаржы – қоғамдағы ақша құралдарының қорларын қалыптастыру мен пайдаланудағы жалпы экономикалық қатынастардың жиынтығы. Мұндай қатынастар негізгі субъектілер арасында қалыптасады:

- мемлекет және оның институттары,

- компаниялар, кәсіпорындар,

- үй шаруашылығы.

Қаржы негізінде төрт қызмет атқарады: Бөлу,реттеу, ынталандыру,бақылау.

Қаржы жүйесінің негізгі буыны болып мемлекеттік бюджет табылады.

Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы.

Табыстар Жеке баптар % Шығындар Жеке баптар %
Салық, акциз, баж салығы 75-80 Халық шаруашылығы 30-40
Салықтық түсімдер (мемлекеттік меншіктен табыстар) 5-8 Әлеуметтік шығындар (денсаулық сақтау, білім, жергілікті органдарға субсидия) 25-30
Мақсатты бағыттағы қорларға түсімдер: әлеу-меттік – медициналық қам-сыздандыру, зейнеткерлік қамсыздандыру жұмыссыздық қорынан 10-12 Қарулану мен сыртқы экономикалық қызмет шығындары 20-10
    Құқық қорғау органын басқару мен оған басқа да қажетті шығындары 10-15
    Мемлекеттік қарыз төлемі  
Барлығы   Барлығы  

 

Егер шығындар табыстан асып кетсе, бюджет тапшылығы пайда болады.

Мемлекеттік бюджет екі деңгейден тұрады: республикалық және жергілікті (облыстық, аудандық, селолық).

Салықтар – жеке және заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері.

Салық сипаты тұрғысынан:

- Тікелей салықтар. Олар мемлекет тарапынан тікелей кәсіпорындар мен тұрғындар табысынан алынады. Осы салықтың түрлеріне – пайдадан, табыстан, жылжымайтын мүліктен, құнды қағаздар операциясынан, жалақыдан т.б. алынатын салықтар жатады.

- Жанама салықтар. Бұл салықтарды мемлекет тікелей емес, баға арқылы айналдыра отырып алады. Оған – акциздер, кеден баж салығы, қосымша құнға салынған салық жатады.

Салық өсімі (салық салу бірлігіне деген мөлшер, %) арқылы салықтар бөлінеді:

- Прогрессивтік салық. Мұның мағынасы – табыстың өсуіне қарай салық өсімінің мөлшері өседі

- Пропорционалды салық. Табыс өзгерсе де салық өсімінің мөлшері тұрақты болып қалады.(қосымша құн салығы - 15%)

- Регрессивтік салық, яғни табыс өскен сайын салық мөлшерлемесі төмендейді.

Бюджет деңгейіне байланысты салықтар бөлінеді:

- Жалпы мемлекеттік салықтар. Олар мемлееттік бюджетті реттеудің қайнар көзі болып саналады. Жалпы - мемлекеттік салыққа жататындар: заңды және жеке тұлғалардың айлығынан (табысынан) алынатын салық; қосымша құн салығы; акциздер; құнды қағаздар операциясынан салық; арнайы төлемдер мен жер байлығын пайдаланғандағы салығы.

- Жергілікті салықтар жергілікті бюджет табысының негізгі көзі болып табылады. Жергілікті салық пен алымға жататындар: заңды және жеке тұлғалар мүлкінің салығы; көлік, құрал-жабдық салығы; кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларды тіркеудегі алым; қызметтің кейбір түрімен айналысуға құқылы адамдардан алым; аукцион сатылымынан алым.

Американ экономисі Артур Лаффер 80-шы жылдардың басында табыс салығы өсімінің жоғары болуы мен салық түсімінің арасындағы байланысты анықтаған. Оның ой-пікірі салық өсімінің жоғары болуы адамның экономикалық белсенділігін бәсеңдетіп, оларды салық төлеуден қашуға итермелейді. Графиктегі мұндай көрініс «Лаффер қисығы» деп аталады.

Кесте 14. Лаффер кисығы. Егерде салық өсімі О -ден 100% -ке көтерілсе, онда салық болмайды. Салық түсімі максималды деңгейге 50% (М-нүктесінде) көтеріліп, онан соң 0-ге дейін төмендейді. Салық түсімі LN шартты нүктесінде тепе-тең, бірақ L –нүктесіндегі өсімнің төмен дейгейін құптауға болады, ал N-нүктесіндегі түсім жайсыз жағдайдың көрінісі.

Ақша жүйесінің элементтеріне жататындар:

1. Ақша бірлігі. Бұл тауар бағасын анықтап өлшеу үшін қолданылады. Қазақстанда – теңге.

2. Баға масштабы. Бұл мемлекет анықтаған ұлттық қағаз ақша данасының металға бағаланған салмақ мөлшері.

3. Ақша түрлері. Бұған жататындар: мемлекет шағаратын банкноттар, монеталар, қазыналық билеттер.

4. Эмиссиялық жүйе – айырбасқа арнап заңды түрде ақша мен құнды қағаздар шығару тәртібі.

5. Ақша жүйесінің институттары – ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.

6. Валюталық паритет – екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді.

Ақша түрлеріне байланысты айналыс жүйесі 2 типке бөлінеді:

- металл ақшаның айналыс жүйесі – айналыста алтын және күміс монеталар жүреді, несие ақшалар металл- ақшаға еркін айырбасталады.

- Несие және қағаз ақшаның айналыс жүйесі.

Бұл жүйеде айналыстан алтын шығарылады.

Қазіргі кезеңде ақша өз айналысында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға және керісінше өтеді.

Ақша массасы дегеніміз халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы.

Ақша массасының құрамы әр мемлекеттің өз несие-ақша жүйесімен, яғни ақша нарығы құралдарының дамуымен анықталады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 1706; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.088 сек.