Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Мутаффифин




Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Өлшеу, тартуда кеміткендерге нендей өкініш! (1)

Олар қашан өлшеп алса, толық өлшеп алады да; (2)

Қашан олар, өлшеп немесе тартып беретін болса, кемітеді. (3)

Олар қайта тірілетіндіктерін ойламай ма? (4)

Ол зор күн үшін; (5)

Ол күні адамдар, бүкіл әлемнің Раббының алдында тұрады. (6)

Олай емес. Негізінен бұзықтардың дәптері төменгі орында болады. (7)

Төменгі орынның не екенін қайдан білесің? (8)

Ол жазулы бір кітап. (9)

Ол күні, жасынға шығарушыларға нендей өкініш! (10)

Олар, сондай қиямет күнін өтіріксінгендер. (11)

Оны, шектен шыққан, күнәкар өтіріксінеді. (12)

Қашан оған аяттарымыз оқылса: “Бұрынғылардың ертегісі” деді. (13)

Жоқ, бәлкім олардың жүректерін істеген қылықтарының таты басты. (14)

Жоқ, олай емес. Негізінде олар ол күні Раббыларының дидарынан мақрұм қалады. (15)

Сосын олар, әлбетте тозаққа кіреді. (16)

Сосын: “Міне сендердің өтірік дегендерің осы!”, -деліндеді. (17)

Жоқ, олай емес. Негізінен ізгілердің дәптері әрине жоғарғы орында болады. (18)

Жоғарғы орынның не екенін қайдан білесің? (19)

Ол жазулы бір кітап. (20)

Оны, Аллаға жақын періштелер бақылайды. (21)

Негізінен ізгілер, әрине нығмет ішінде болады. (22)

Олар дивандардың үстінде (Алланың нығметтеріне) қарайды. (23)

Олардың бақытқа бөленгендіктерін шырайларынан танисың. (24)

Олар, мөрленген ішімдіктен сусындатылады. (25)

Оның сарқыны жұпар аңқиды. Жарысушылар, осыған жарыссын. (26)

Оның қоры, “Тәсним” бастауынан. (27)

Ол бастаудан Аллаға жақын болғандар ішеді. (28)

Расында күнәкарлар, иман келтіргендерге күлетін еді. (29)

Олар жандарынан өткенде, ымдасатын еді. (30)

Олар үйлеріне қайтып барған кезде, күңкілдесетін еді. (31)

Қашан олар Мұсылмандарды көрсе: «Сөз жоқ, адасқандар» дейтін еді. (32)

Олар, Мұсылмандарға бақылаушы етіліп жіберілмеді. (33)

Ал енді бүгін мүміндер, кәпірлерге күледі. (34)

Олар тақтардың үстінде қарайды; (35)

«Кәпірлер, істегендерінің пайдасын көрді ме?» (36)

84. ИНШИҚАҚ

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Аспан жарылған сәтте, (1)

Лайықты болып, Раббына бой ұсынған кезде, (2)

Жер созылған сәтте, (3)

Ол, ішіндегіні шығарып босатқан сәтте, (4)

Раббына бой ұсынып, лайықты болған кезде; (5)

Әй адамзат! Негізінде сен Раббыңа қарай өте тырыссаң; сонда Оған жолығасың. (6)

Ал енді кімнің дәптері оңынан берілсе; (7)

Сонда Ол, дереу жеңіл есеппен есептеледі. (8)

Ол, үй ішіне-қуанып қайтады. (9)

Ал және кімнің дәптері арт жағынан берілсе; (10)

Сонда ол, дереу өлім шақырады. (11)

Қайнаған тозаққа түседі. (12)

Өйткені ол, өз үйінде мәз-мейрам еді. (13)

Негізінде ол, әсте (Аллаға) қайтпаймын деп ойлады. (14)

Олай емес. Расында Раббы оны көздеуде еді. (15)

Жоқ, шапақ уақытына, (16)

Түнге әрі ішіндегі нәрсеге, (17)

Толған айға серт. (18)

Әлбетте сендер, бір жағдайдан бір жағдайға өтесіңдер. (19)

Сонда оларға иман келтірмейтін не болды? (20)

Оларға Құран оқылған кезде, сәжде қылмайды. (21)

Әрине кәпірлер «Өтірік» дейді. (22)

Алла олардың бүкпелеген нәрселерін жақсы біледі. (23)

(Мұхаммед Ғ.С.) оларды күйзелтетін азаппен сүйіншіле. (24)

Бірақ иман келтіріп, түзу амал істеушілерге таусылмайтын сыйлық бар. (25)




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 361; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.