Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ежелгі дамуы




"Психология" терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті - Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі.

Бұл термин қауымның кең қолданулуына Неміс идеалист пәлсапасышысы Кристиан Вольфтің (1732-1734) Psychologia empirica және Psychologia rationalis (1732-1734) атты еңбегі жарық көргеннен бұрын енбеген. Эмпирикалық және рационалды психологиялардың арасындағы бұл ажыратылуы Дидьероның Энциклопедиясынан алынып, Францияда Мэң дө Биғаңның көмегімен кең тараған.

Өзінің "жан" мен "тану" деп көне грек тілінен аударылған түбірлеріне қарамастан, психология ғылымы өзінің діни мәнінде адам жанының зерттеуі болып тек одан көп уақыт өткеннен кейін, христиандық заманда танылды. Психология медицинаның тарауы ретінде танылуы Томас Уиллистің ми функцияларының мәніндегі "Жан Доктринасы" мен анатомиялық трактаты "Хайуан Жандар Жайлы Екі Пікірлесу" ("De Anima Brutorum") атты еңбектерінде көрінеді.

19шы ғасырға дейін психология пәлсапаның бір тармағы ретінде қарастырылды.

Ерте жаңа заман

1879 жылы "психологияның атасы" болып танылған Вильхельм Вундт (1832-1920) Германияның Лейпциг Университетінде психологиялық зерттеу зертханасын ашты.

Вильям Джеймс, америка пәлсапасышысы өзінің "Психология Принциптері" (1890) атты жемісті кітабын жариялап, келесі жылдарда психологтардың назарын жинақтаған көптеген мәселелерінің іргетасын қалады.

Зигмунд Фрейд

Бұл өріске өздерінің үлестерін қосқан, тәжірибелік түрде еске салу, есте сақтау, еске түсіру функцияларын Берлин Университетінде зерттеген Херманн Эбингауспен бірге қазір классикалық шарттастық болып танылған тәлім тану процесін зерттеген орыс физиологы Иван Павловты атап айту керек.

Осы тұста, 1890 жылдары Аустрия дәрігері, невролог, тәжірибелік психологияда бейресми білімі бар Зигмунд Фройд психотерапияның жаңа әдісі — психоанализді дамытты. Фройдтың ақыл-ой жөніндегі түсініктері интрепретативттік және интроспективттік әдістемелерге кең шамада негізделген, ақыл-ой дерттілігін шешу мен психопатология үстінде жинақталған. Фройдтың теориялары кең тараған, оның себебтерінің үлкен бірі — теориялардың сексуалдылық және жаншу психологиялық дамудың негізгі аспектілері ретінде қарастыру сияқты мәселесін қозғау. Бұл сол кездің аттеріс мәселері болып саналған, ал Фройд болса олардың оқымысты қоғам ішінде кеңінен қарастырылуына жол ашқан. Фройд теориялары жалпы психология теорияларына ықпалы зор.

Жаңа заман

Ноам Хомский

Әйткенмен бихейворизм айтарлықтай жаңалықтарды ашса да, адам іс-әрекетін зерттеуіндегі жолбасшысы болуы үшін жеткіліксіздігі анық көрінді. Ноам Хомскийдің Скиннердің "Ауызша Іс Әрекет" (сөйлеуді бихейвористтік теория моделіндегі мүліктену жайлы) атты кітабі жайлы шолуы бихейворизм патшалығының біту себебінің ең басты факторларының бірі болып танылады.

Өзінің Туғызушы Грамматика теориясында Хомский тіл үйрену тек шарттастық арқылы орын алынбайтығын дәлелдеді. Адам мағынасы мен құрастырылуы жағынан бірегей сөйлемдерді тек табиғи тіл тәжірибесі арқылы өндіруі мүмкін емес. Бұл бихейворизм алдамшы деп мойындамаған ақыл-ойдың ішкі ахуалының бар болуын білдіреді. Альберт Бандура балалар тек қоғамдық бақылау арқылы, яғни көрінген мінез-құлықтың өзгеруінсіз үйренуінің мүмкін еместігін көрсетті.

Гуманисттік психология өзінің қайратты дамуын 1950 жылдары көріп, ақыл-ой зерттеуінің позитивисттік және ғылыми әдістемелеріне кертартпа ретінде жалғасты. Ол адам тәжірибесіне қараған феноменологиялық көзқарасты айырықшалап, адам мен оның іс-әрекетін сапалы зерттеу арқылы түсінуді іздейді. Гуманисттік әдістеменің тамырлары экзистенциалісттік және феноменологиялық пәлсапада табылады, және де гуманисттік психологтар ғылыми әдістемені мүлдем қабылдамай, адам тәжірибесін өлшемдерге көшіру оны барлық мәні мен маңыздылығынан айырады деп тұжырымдайды.

Бұл мектептің негізін қалаған кей теоретиктер — адам мұқтаждылығының иерархиясын шығарған Эбрахем Маслоу, клиент айналысында орнаған терапияның жасаушысы Карл Роджерс және Гештальт терапиясын тудыру мен дамуына ат салысқан Фриц Перлс.

Компьютерлік технологиялардың дамуы ақыл-ой әрекетін инфомация өңдеу ретінде қарастыруға әкеп соқтырды. Бұл ақыл-ойды ғылыми түрде зерттеумен, ішкі ақыл-ой ақуалдырының бар болуы туралы сеніммен серіктесіп, когнитивизмнің дамуы мен оның ақыл-ой модельдерінің доминанттысының болуына әкелді.

Ми мен жүйке жүйесінің әрекеті арасындағы қатынас кең тарады, бұл бір жағынан Чарльз Шеррингтон және Дональд Хебб сияқты адамдардың зерттеулері, екінші жағынан ми зақымдалуы туралы зерттуелерге байланысты. Ми әрекетін дәлділікпен өлшеу технологияларының дамуымен бірге невропсихология мен когнитивттік невроғылым бүгінгі күннің ең іскер өрісі болып танылды. Басқа ғылымдармен (пәлсапа, информациялық технологиялар, невроғылым) үлкейіп келе жатқан қарым қатынаспен бірге ақыл-ойды түсіну және шығындарды өнімді түрде пайдалану үшін әртүрлі салаларды бір шатыр астына бекіткен ғылым — когнитивттік ғылым жаратылды.

Бақылау сұрақтары:

1. психоанализ психологияның ғылыми зерттеу тәсілі туралы түсінік;

2. рухани өмірдің түрлі аймақтарындағы зерттеулердің қосалқы тәсілін қарастыру;

3. психоанализ қателік әрекеттерді сонымен қатар түс көру мен ауру белгілерін ұғындыру өнерін қарастыру;

4. психоанализ жүйке жүйесі ауыратындарды емдеу әдісіне ттолық мәлімет беру.

 

Әдебиет:

1. Ә.Алдамұратов Жалпы психология. А., 1996

2. Алдамұратов Ә. Қызықты психология. А., 1992.

3. Аймауытов Ж. Психология. А., 1995.

 

 

Дәріс №2. Психологияның методологиялық негіздері.

Дәріс мақсаты: Психологияның негізгі принциптерін анықтау

Дәріс жоспары:

1. Психологияның негізгі қағидалары.

2. Психологияның категориялары: адам, тұлға, индивид, даралық, сана, іс-әрекет, даму, ортақтасу, тұлғааралық қатынастар.

3. Психологияның негізгі қызметтері: адам психикасы дамуының және тұлға қалыптасуының заңдылықтарын ашу.

* Түйін сөздер:ұйымдастыру әдістері, эмпирикалық әдістер, деректерді өңдеу әдістері, реттеу –түзету әдістері.

1. Психологияның негізгі принциптері.

Кеңестік дәуірде психолгогия ғылымы өз пәнінің диалектикалық – материалистік бағытын дәріптеу күресінде дамыды. 1923 жылы бірінші Психоневрологиялық съезд шақырылып, онда психологияны марксизм негізінде қарастыру міндеті қабылданған болатын. Бірақ материалистік әдіснаманың өзіне сай келген психологиялық теорияға өтуі оңай болған жоқ. теориялық күрес барысында - әсте, ақырын қаланып, әдістері белгіленді, аса маңызды болған ғылыми әдіснамалық принциптер бір жүйеге келді. Орыс, кеңес психология ғылымының бой көтеруіне еңбек сіңірген ғалымдар: Б.Г.Ананьев, П.П.Блонский, А.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн және басқалар болды.

Психология ғылымының негізгі принцитері 30 – жылдары жүйелестірілді. Олардың ішінде негізгілері: детерминизм (себеп – салдарлық) принципі, сана мен іс әрекет бірлігі принципі, даму принципі.

1.1. Детерминизм принципі

Детерминизм принципі бойынша әрқандай психикалық құбылыс өмір салты, қоршаған орта әсерлеріне орай пайда болды, тіршілік жағдайыныің ауысуымен психика да өзгеріске келеді. Хайуанаттар психикасының дамуы табиғи сұрыптаумен айғақталады да, ал адам санасының дамуы- түпкілігінде қоғамдық даму ережелерімен, өндіріс әдістерінің даму заңдарымен анықталады. Ғылым тарихында алғашқы рет марксизм қоғамдық құбылыстардың м атериалистік негізін түсіндіріп, қоғам дамуының заңдарын көрсеттіп берді. Сонымен, психиканың адамдық қасиеттерге тән ерекшелері мен сананың пайда болуын және дамуын ғылыми тұрғыдан зерттеуге нақты негіз қаланды.

Психологиялық құбылыстарды себеп – салдарлы негізде қарастырудан интроспекттік әдіснама және оның зерттеу әдістері ғылым сахнасынан ығыстырыла бастады. Енді психика өзімен өзі тұйықталған құрылым емес, ло сыртқы әсерлердің себебінен пайда болған құбылыс, ал оның салдарлы мен тысқы іс - әрекетте көрініс береді деген тұжырым үстем болды. Өздік бақылау орнына объектив әдіс қолданымын тапты. Бұл әдіс психологиялық зерттеулерде а) адамға әсер етуші факторды анық білуге б) осы әсерлердің сандық және сапалық сипаттамасын беруге в) тысқы жауап, әрекет –қылықтарды белгілеп қалуға г) тітіргендіргіш ықпалдарды салыстыруға мүмкіндік берді.

Детерминизм принципі – психикалық процестердің табиғи механизмдері қоғамдық - тарихи факторлардың ықпалымен өзгеретіні, яғни адамның психикалық дамуына оның адамзат мәдениеті өнімін игеруі, қоғамдық қатынастарға араласуы маңызды ықпал жасайтыны жөніндегі концепцияға негіз болды.

Осы принцип негізінде қалыптасқан кеңес психологиясының және бір жаңалығы – қоршаған ортамен қатынаста тысқы дүниеге қарсы тұратын жай саналы адам емес, ол жасампаз, объектив дүниені белсенді араласуында, оның іс - әрекеті процесінде жүзеге келеді. Психология теориясы мен практикасында детерминизм принципінің іске асуы психика дамуы, оқу мен тәрбие проблемасының шешілуіне негіз болды. Осыған орай психикалық дамуға ықпал жасаушы күштер жөніндегі мәселе үлкен маңыз алып, даму теориясындағы детерминизм табиғатын түсіну осы мәселенің шешіміне тәуелді болды.

Психикалық дамудың қозғаушы күштерін сипаттау үшін детерминизмді бірізді қолдану процесінде психологтар әрдайым психика дамуында биологиялық және әлеуметтік факторлар ара қатынасы, ішкі заңдылықтар мен сыртқы әсерлердің байланысы, даму мен оқудың сабақтастығы жөніндегі сұрақтарға кезіге береді. Бұл мәселелердің көбі әлі өзінің нақты шешімін таппағанымен, олардың біртарапты материалистік негіздесмесінің қабылдануы психика дамуының себеп – салдарлық принципін ұстағаннан болып отыр.

Психологиядағы детерминистік бағыттың іске асуының және бір жолы психиканың ми қызметіне қатынасты мәселе екені жөніндегі шешімінен. Психика –ми қызметі деген материалистік тұжырымға арқа сүйей отырып, психология өз алдында психикалық құбылысты тудырушы ми қызметі механизмдерін зерттеуді міндет етіп қойды. Детерминизм осыдан психикалық құбылыстарды түсіндіруде физиологиялық заңдылықтарды қолданудың негізі болды.

Алғашқы кеңес психологиясында детерминистік бағыт арнайы принцип ретінде қарастырылмаған еді. 50 – жылдары С.Л.Рубинштейн детерминизм принципін психикалық құбылыстардың табиғаты мен мәнін талдау үшін қолданып, психикалық құбылыстарды материалдық дүниемен өзара байланыста қарастырады.

1.2. Сана мен ісәрекет принципі

Сана мен іс – әрекет жантану ғылымының өзекті категориялары. Бұл принциптің жүйелі зерттелуі 30 – жылдары басталды. Алғашқы рет сана мен іс – әрекеттің бірлігі жөніндегі идеяны алға тартқан Л.С. Рубинштейн. Ол «сана мен іс – әрекет назар аударылған объекттің екі, әртүрлі тарапы емес. Олар табиғи біртұтас теңдік емес, бірлік» - деп жазған. Сана мен іс – әрекет бірлігі примнципі әрекеттің санасыз, ал сананың әрекет қатыспайынша қалыптаспайтынын негіздейді. Мұндай көзқарастан сананы тану іс – әрекетті зерттеу арқылы ғана мүмкін екені дәлелденді. әрқандай ғылыми (саналық) таным әрекет пен оның өнімін білуден олардың орындалу барысында көрінетін басқа психикалық прцестерге өтуі қажет. Осылай, сана мен әрекет бірлігі принципі психологияның барша объектив әдістерінің негізіне айналды.

Ғылымға бұл принциптің енуі іс – әрекет теориясын дұрыс түсінуге бағыт берді. Осы кезге дейін психологияның қай бағыты болмасын, психиканы – ішкі құбылыс, ал әрекетті – сыртқы деп түсіндіретін. Ал сана мен әрекет бірлігі принципінен келетін болсақ, шынында да, психика, сана тек ішкі құбылыс болып қалмайды. Осылайша, әрекет те тек тысқы көріністермен танылып қалмай, өзіне тән ішкі мазмұнға да ие, бірақ бұл қасиет оның бір тараптан толық сипатын бере алмайды. Сара мен әрекет бірлігінің мәні – тұлғаның санасы мен барша психикалық қасиеттері әрекетте көрініп қана шектелмей, сол әрекет процесінде де қалыптасады.

Адамның ішкі де, сыртқы да әлемнің бастауы мен барша мазмұны осы іс – әрекетте. Осындай пайымдаудан, сана мен психика әрекеттің ішкі сипатын құрап, ал әрекеттің сырттан бақылауға келетін әртүрлі қылық формасында көріну қасиеті сол психиканың мазмұн сипаты ретінде қарастырылуы әбден ықтимал. Нәтижеде, психика жөнінде әңгіме қозғай отырып, психолог өз назарында бөлек, оқшауланған бір құбылысты ұстамай, оны іс – әрекеттің мәнді тараптары немесе ажыралмас бөлектері деп қарастыруы тиіс. Яғни психика ішкі де сыртқы да сипаттамаларына ие біртұтас жүйе, ал іс – әрекет болса, осы психикалық жүйені өзіне қамтып, оның қызмет атқаруына нәр беретін шексіз әлем.

1.3. Даму принципі.

Даму категориясы философия ғылымның түсініктер жүйесінде жетекші маңызға ие. Даму идеясы Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалымен еніп, алғашқыда бала, кейін ересектер психологиясының қалыптасу негізіне айналды. Психика дамуы психика проблемаларын зерттеуде жалпы принциптік немесе әдістеме қызметін атқарады. Барша өзгеруден туындап, және жойылуына орай танылады.

Ғылыми психология дамуды жеке адамның бүкіл өмір сүру процесінің негізгі тәсілі ретінде қабылдайды.

Жантану ғылымы үшін даму принципі ерекше маңызға ие, себебі оның зерттейтін объекті – психика – өзінің аса үлкен динамизмімен сипатталады. Барша психикалық болмыс нақты даму процесінде пайда болады, жасайды және өзгереді.

2.Психология әдістері.

Ғылым – ең алдымен зерттеу ісі. Сондықтан, ғылым сипаттамасы тек оның пәнін анықтаумен шектелмей, әдістер аймағын тануды да қамтиды. Әдістер дегеніміз – ғылымның пәндік мазмұнын анықтаудың жолдары, тәсілдері. Ғылым әдістері жаңа заңдылықтарды аша отырып, сол ғылымның негізгі заңдылықтарына иек артады. Осыдан зерттеу әдістері ғылымның өзімен бірге дамып, өзгерістерге келіп отырады.

Зерттеу әдістері қандай да бір әдіснамалық талаптарға сай болады, мұндай ғылыми – психологиялық зерттеулерге қойылатын талаптар келесідей:

1. құбылыстардың сыртқы көрінісі мен оларлдың ішкі табиғаты арасындағы толық сәйкестікті таба білу.

2. психикалық құбылыстарды зерттеуде психо – физиологиялық принципті негізге алу шарт, бірақ физиологиялық (биологиялық) білімдер мен факторларды көмекші құрал ретінде пайдалану қажет.

3. психологиялық зерттеулердің, негізінен, адам әрекетін әлеуметтік – тарихи талдау нәтижесінде арқа сүйеуі

4. психологиялық заңдылықтарды адамның психикасы, іс – әрекеті және оларды қозғаушы күштердің үздіксіз дамуы процесінде нақтылау.

Әрқандай ғылым сияқты психология да қилы әдістердің тұтас жүйесін

пайдаланады. Қазіргі заман ғылыми психологиясында әдістердің келесі 4 тобы қолданымын табуда:

Ұйымдастыру әдістері өз ішіне салыстыру әдісі (әрқандай топты жасы, қызметі және т.б бойынша салыстыра зерттеу), лонгитюд әдісі (бір адамды не адамдар тобын ұзақ уақыт аралығында зерттеу), комплекстік әдіс (зерттеуге әртүрлі ғалымдар қатысып, бір объектіні жан – жақты зерттеу). Мұндай зерттеудің нәтижесінде сан қилы құбылыстар мен байланыстар және тәуелді қатынастарды ашу мүмкіндігі туады.

Эмпирикалық әдістер. Бұл топқа енетіндер: бақылау мен өзіндік бақылау, экспериментальді; психологиялық болжау: тест, анкета, сұрақ беру, социометрия, интервью, әңгімелесу әдістері; шығармашылық, іс – әрекет өнімдерін талдау әдістері; өмірбаянмен танысу әдістері.

Деректерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (алынған материалды топқа жіктеу, талдау) әдістері.

Реттеутүзету әдістері: аутотренинг, топ тренингі, психотерапиялық ықпал ету әдісі, оқу – үйрету әдістері.

 

Сұрақтар:

1. Сана мен іс – әрекет жантану ғылымының өзекті категорияларын талдаңыз

2. Психологиялық құбылыстардың себеп – салдарын қарастыру

3. Ғылыми – психологиялық зерттеулерге қойылатын талаптарды қарастырыңыз

Әдебиеттер:

1. Бабаев С.Б «Жантану негіздері», Алматы, 2004.

2. Жарықбаев Қ. «Психология»,Алматы «Білім», 1993.

3. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1995.

4. Жарықбаев Қ., Озғанбаев О Жантануға кіріспе. А., 2000.

5. Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары. А., 2000.

6. Жарықбаев Қ. Қазақ психологиясының тарихы. А., 1996.

 

 

Дәріс №3. Тұлға ұғымдары және мазмұндық сипаттамалары.

Дәріс мақсаты: Психологияда жеке тұлға ұғымына анықтама беру және оның құрылымын анықтау.

Дәріс жоспары:

  1. Психологиядағы тұлға туралы түсінік. «Жеке тұлға» ұғымымен «адам», «индивид», «жеке адам» ұғымдардың ара – қатынасы.
  2. Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы
  3. Психологияда жеке тұлғаны қалыптастыру деген ұғым. Жеке тұлғаны қалыптастыру факторлары.
  4. Темпераменттің психологиялық сипаттамасы және жеке тұлға қызметінің ерекшеліктері.
  5. Мінез – құлық, оның қасиеттері және жақтары. Мінез – ұқұлықтың акцентуациясы

* Түйін сөздер: Жеке адам, тұлға, сенім, дүниетаным, қызығу, талғам, мұрат.

1. Психологияда жеке тұлға туралы түсінік. «Жеке тұлға» ұғымымен «адам», «индивид», «жеке адам» ұғымдардың ара – қатынасы.

Әлеуметтік ғылымдардағыдай күнделікті өмір тәжірибесінде де «адам», «жеке тұлға», «индивидуальность» деген ұғымдар қолданылады. Солай қолдана оларды бір-біріне ұқсаттырады. Немесе қарама-қарсы қойылады. Кейде екеуі де қате қолданылады.

Жеке тұлға көптеген ғылымдардың зерттеу нысанасы болып табылады, мысалы философия, әлеуметтену, этика, құық, медицина және т.б. Осы ғылымдардың әрқайсысы жеке тұлғаны өзінің арнайы аспектісінде зерттейді.

Әлеуметтік психология үшін «жеке тұлға», «индивид,» «индивидуальность» деген ұғымдардың араларын ажырату керек.

Индивид деген топтағы немесе жалпы қоғамдағы жеке адам. Индивид ұғымы адамның табиғатпен байланысын көрсетеді.

Индивидуальность ұғымын жеке тұлғаның жанына да, одан жоғары да қоймау керек. Жеке тұлға үнемі қайталанбайтын индивидуальность.

- жеке тұлға дегеніміз әлемді жанадан жасайтын белсенді қызметтің субъектісі ретіндегі адам. Жеке тұлға ұғымы адамның қоғамменг байланысын көрсетеді.

- Жеке тұлға дегеніміз - өзінің көзқарастары және сенімдері бар, өзінің жеке дара біртұтастығын, өзара қоғамдық әлеуметік қатынастарда психологиялық қасиеттерінің бірлігін көрсететін, қандайда болсын қызметтерге қатысатын, өзінің іс-әрекеттерін түсінетін және оларды басқара алатын адам.

Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы психологиялық құбылыстардың категориялары

  1. Психикалық процестер, (сезіну, қабылдау, еске сақтау, назар, ойлау) сөздерінің өтуінің қысқаша мерзімділігімен анықталады.
  2. Психикалық жағдайлар (сергектік, шаршау, белсенділік, пассивтік, ашушаңдық, көңіл-күй т.б.), олар психиканың процестерге қарағанда ұзағырақ
  3. Жеке тұлғаның психикалық қасиеттері. Олар неғұрлым тұрақты. Олар адамның өмір сүру кезіндегі биологиялық дамуы нәтижесіндек өзгеріп тұрады. Кейдк ауруға байланысты, бірақ көбінесе әлеуметтік жағдайлардың әсерінен және бәрінен-бұрын тәрбиеден және өзін-өзі тәрбиелеуден.

Бұл категориялар: психикалық процестері, жеке тұлғаның жағдайлары және қасиеттері жеке психологиялық деп аталады және олар психикалық құбылыстардың жалпыпсихологиялық категориясына біріккен.

Жеке тұлғаның психологиялық құрылымшалары

2. Жеке тұлғаның ең төменгі деңгейі биологиялық құрылымша немесе элементарлы адами қажеттіктер болады.

3. Психологиялық құрылымшаға жеке психологиялық процестердің барлық индивидуальді қасиеттер, жатады (ес, назар, ойлау, елестеу, сезім, қабылдау, сезім және еркіндік).

4. Әлеуметтік тәжірибе, оған адам арқылы алынған білім, дағдылар, іскерліктер және әдеттер.

5. Жеке тұлғаның ең жоғарғы деңгейі – бағыттаушылық. Олар елігу, қалау, қызығушылықтар, икемділіктер, идеялар, сенімдер.

Ядов бойынша тұтынудың иерархиясы.

    1. Адамның қажетілігі туатын бірінші сала, ең жақын отбасылық орта.
    2. Шекарасында тек индивид жұмысістейтін контакті топ.
    3. Еңбектің, демалудың күнделікті тірліктің белгілі бір саласымен байланысты неғұрлым кең орта.
    4. Белгілі бір әлеуметтік – таптың құрылым ретінде қызмет ортасы және оған индивид қоғамның идеологиялық және мәдени құндылықтарын меңгеру арқылы қосылады.

 

2. Психологияда жеке тұлғаны қалыптастыру ұғымы. Жеке тұлғаны қалыптастыру факторлары.

Әлеуметтендіру – қарым-қатынаста және әлеуметтік тәжірибені, индивидтің меңгеру және белсенді түрде жаңадан қайтадан шығарудың процесі және нәтижесі.

Әлуметтендіру ұғымы әлеуметтік психологияға 40-50жылдары А.Бандурдың еңбектерінде бірінші рет енгізілді.

«Әлеуметтендіру», «жеке тұлғаның дамуы», және «тәрбие» деген сөздер синонимдер түрінде қарастырылады.

Әлеуметтендіру үрдісі адам өмірінің алғашқы сәттерінен басталатын жеке тұлғаны қалыптастырушы үрдіс.

Психологияда жеке тұлғаның қалыптасуының үш санасы бар:

  1. қызмет;
  2. қарым-қатынас;
  3. өзін-өзі тану.

Осы үш саланың жалпы сипаттамасы жеке тұлғаның өзін қоршаған сыртқы әлеммен қызметтік қарым-қатынастарының кеңеюі, көбеюі.

Әлеуметтендіру үрдісінің кезеңдері

  1. Еңбекке дейінгі;
  2. Еңбек;
  3. Еңбектен кейінгі.

Жеке тұлғаны қалыптастыру факторлары

  1. Биологиялық
  2. Әлеуметтік

 

4. Темпераменттің психологиялық сипаттамасы және жеке тұлғаның қызметінің ерекшеліктері.

Әр адамның жеке бас ерекшеліктерін анықтайтын ең маңызды құрылымдық компоненттер болып темперамент және мінез-құлық саналады.

Темперамент (латын тілінің temperamentut – жататын бөлік, сәйкестік) – адамның мінез-құлығында және қызметінде көрініс табатын оның психикасының жеке бас, әсіресе тұрақты психодинамикалық қасиеттерінің жиынтығы.

Темперамент психиканың басқа ерекшелітерінен айырмашылығы салыстырмалы түрде тұрақты.

Темпераменттің төрт түрі бар:

  1. Сангвиник;
  2. Флегматик;
  3. Холерик;
  4. Мелонхолик.

 

5. Мінез-құлық, оның қасиеттері және жақтары. Мінез-құлықтың акцентуациясы.

Мінез-құлық темпераментпен тығыз байланыста және темперамент мінез-құлықтың табиғи негізі, динамикалық жағы. Мінез-құлық темперамент негізінде дамиды.

Мінез-құлық – адамның өзін қоршаған адамдармен қарым-қатынаста, өзіне деген қарым-қатынаста, күнделіті өмірдің басқа да әр түрлі жағдайланыдағы қарым-қатынасы ретінде өмір сүруінде, өзін-өзі ұстау кезінде көрініс табатын тұрақты жеке бас – психологиялық қасиеттер жиынтығы.

Мінез-құлық акцентуациясы деген психопатиямен шектесіп жатқан нормалардың соңғы нұсқалары және ол әсіресе субъект үшін белгілі бір ауыр жағдайларда анық көрінеді.

Мінез-құлық акцентуациясы – мінез-құлықтың белгілі бір жақтары шектен тыс артық болып кететін кездегі нормалардың соңғы нұсқалары.

Мінез-құлық акцентуациясының түрлері:

  1. Мінез-құлық акцентуациясының гипертимдік түрі
  2. Мінез-құлық акцентуациясының тұрақсыз түрі
  3. Мінез-құлық акцентуациясының циклоидты түрі
  4. Мінез-құлық акцентуациясының сенситивті түрі
  5. Мінез-құлық акцентуациясының психоастенттік түрі
  6. Мінез-құлық акцентуациясының эпилептоидты түрі
  7. Мінез-құлық акцентуациясының паронояльді түрі
  8. Мінез-құлық акцентуациясының шизоидті түрі

 

Жеке адам, тұлға қоғамнан отбасы, ұжым, т.б. тыс өмір сүре алмайды. өйткені, оның жан дүниесі тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау үстінде тәлім-тәрбие, щқу, іздену, іске талаптануарқылы әркез белгілі мазмұнға ие болып отырады. Оғың айналысатын іс-әрекеті мен бүкіл тұрмыс-тіршілігіне, ұстанған бағытына әсер ететін түрткілер көп. Солардың бастылары: қажет пен қызығу, таным мен сенім, мұрат пен талғам, мақсат пен мүдде, т.б.

Адамзаттың сан ғасырлық тарихында адамгершілік пен имандылықтың ұлы қозғаушы күші – сенім. Сенім жоғалған жерде адамға тән тіршіліктің мәні де шамалы. Сенім – ер жетіп, есейген шақта пікірталас үстінде, әртүрлі көз-қарас қақтығында плюрализмге кең ашылған жердебірітіндеп шыңдала түседі. Сенім адамға бірден келмейді, ол өмір көрінісін топшылау, салыстыру, тіршілік тәжірибесін жинақтап, соны қортылу арқылы, яғни бір құбылысты жеті рет өлшеп, бір рет пішу дегендей, сын тезінен өткізіп, терең де тиянақты білім негізінде пайда болды. Сенім – адамның ерік-жігер, қажыр-қайратының қандай екенін көрсететін, сезімді қозғайтын, өмір сүру мақсатында айналған өміршең білім. Сенім дүниетанымға табиғат,адам, қоғам құбылыстары туралы білімдер жүйесі негізделеді. Кәмелетке келген адамдардың белгілі дүниетанымы болады. Сенім мен дүниетаным егіз қозыдай қатарласып жүрсе ғана, адамнвң санасы жарқырай, нұрлана түседі. Өйткені бұл екеуі құстың қос қанатындай кісінің ең асыл қасиеттері болып табылады. Берік сенім жоқ жерде тиянақты дүниетаным да, тұрақты мінез-құлық та болмайды. Сенімі жоқ адамның шыңдықтың жай-жапсарын дұрыстап айыруға, өмірден шамасына қарай өз орнын дұрыс таңдай алуына шамасы жете бермейді. Оны өмір толқыны біресе аңда, біресе мұнда соқтырады да, оның мінез-құлқын көлдеңнен кезкелген кездейсоқ жағдайлар билеп кетіп тұрады. Қай адамның болса да өзінше бір түсінігі болады. Бірақ қара-дүрсін түсініктердін көбі дұрыс келе бермейді. Тек ғылымғы негізделген түсінік қана, адамның нақты сезімімен, өміршең іс-әрекетімен тығыз ұштасқан дүниетанымғана адамға жан серік бола алады. Мұндай дүниетанымды бойға дарыту үшін бәрінен бұрын білім негіздерін жәй меігеріп қоймай, оны миға мықтап тоқу қажет болады. Құрғақ жаттауға негізделегн білімнің іргесі бос болып, таным мен сенімге қуат бере алмайды. Өмірмен біте қайнасқан білім – дүниетанымдықалыптастыратын құрылыс материалы. Ал, кісінің алған білімі бөлек кірпіш сияқты әр жерде шашылып жатса әңгіме білімді қалай болса солай, қағаз жүзінде жеңіл меңгеретіндер туралы болып отыр – Авторлар., әрине ондай білім түкке тұрмайды. Тек зердеге құйылған білім ғана дүниетаным мен сенімге негіз бола алады. Ғылымға негізделген белгілі дүниетанымы мен сенімі, айқын мақсаты, бағыт бағдары бар адамның психологиялық қасиеттері жарасымды болып келеді.. ондай адам ар-ұятты қастерлейді, мінез-құлқын осыларға негіздей құрады. Мәселен, бір бойжеткен ағаттық жасап, ұателескен дейік. Оның қатесін жасырын, бүркеп қалауға да мүмкіндігі бар еді, бірақ өзі бұл қылығын адамгершілікке жатпайтын теріс қылық деп түсінеді де, өз қатесін мойнына алуды бірден бір дұрыс жол деп есептейді. Міне, бұл – ар-ұятқа негізділген мінез-құлық.

Жеке тұлғаның, әсіресе жеке адамның жан дүниесін нұрландыратын қасиеттердің енді бірі – мұрат идеал. Бұл – адамның өмірден өзіне өнеге іздеуі, қадір-қасиеті халыққа танылған біреуді ардақ тұтып, қастерлеуге ұмтылуы. Мұрат – адамның алдына қойғанмақсатқа жеті жолындағы асыл түрткісі. Адам ізгі мақсатына жету үшін ақылға сыйымды әдіс-тәсілдедің бар-бәрін пайдаланады. Бұл үшін өзін-өзі тәрбиелеуге кіріседі, барлық күш жігерін соған арнайды. Нағыз мұрат берік дүниетаным мен сенім, сөз бен істің байланысты бар жерде ған орын тебеді.

Жеке адам психологиясынан елеулі орын алатын қасиеетің бірі – талғам. Мұның қалыптасуына дүниетаным мен сенім, кісінің ұстаған өмірлік ұстанымы позициясы, білімі мен тәрбиесі отбасы ұжым, т.б., жолдас-жорасымен құрбы-құрдастары елеулі әсер етеді. Модаға сән байланысты да жастарда әртүрлі талғам қалыптасып отырады. Мәселен, кейбіреулердің ала-құла, көзге қораш киініуін, қыз балалардың темекі тартып, ішімдікке үйір болуын талғамы жөнді қалыптасқан адам деп айтуға болмайды. өйткені, дұрыс талғам – жүйелі жақсы тәрбиенің, айқын дүниетаным мен берік сенімнің, асыл мұрат пен әсерлі, терең қызығудың орнымен қиюласқан көрінісі.

Тұлғаның қалыптасуында қызығу мен бейімділіктің алатын орны ерекше. Қызығу – қандай болмасын бір нәрсеге асыра, артығырақ бағытталған қатынас. Егер біреуді театрды қызық көреді десек, онда осы адамның театрға жиі баратынын, театр туралы кітаптарды оқуға ерекше әуес екендігін, театр жөнінде газет – журналдарда басылған мақала, хабарларды үзбей оқып отыратынын, теледидар мен радионы, тіпті жәй әңгімені тындағанда да, яғни театр жөнінде айтылған – жазылғанның бәр –бәрін білуге аңсары ауатынын, оның есіл – дерті әр уақытта да театр төңірегінде болатынын байқаймыз.

Қызығу – адамды танып – білуге құмарттыратын, кісінің ой - өрісін өсіретін, жан дүниесінің мазмұнын байытатын қозғаушы күш. Адамда қызығу жоқ болса, мардымсыз немесе аз болса, оның тыныс – тіршілігі ажарсыз, мазмұнсыз болады. Ондай адам енжар келеді, көбінесе іші пысатын күйге ұшырайды, зерігіп, берекесі кетеді, ол басқа біреудің өзін кішкене бала тәрізді «уатып», көңілін көтеріп отыруың тілейді. Ал, жан –жақты және терең қызығуға ие болған адам зерігу дегенді білмейді. Адам кқп нәрсеге қызығуы қажет, бірақ соның біреуіне ерекше қызыққан жөн. Мәселен, орыстың атақты қолбасшысы Александр Суворов соғыс ісімен қатар ғылым салаларының көпшілігімен (математика, жағрапия, философия, тарих, т.б) айналысып, әртүрлі тілдерде (неміс, француз, итальян, поляк, фин, түрік, араб, парсы, т.б) сөйлеуді әдетке айналдырып, көркем әдебитті қартайған шағына дейін оқып отырғанмен, соғыс өнеріне жетілу – оның негізгі қызығуы болған. Алуан түрлі нәрселерге қызығатын, бірақ ол қызығуы ұзаққа бармайтын адамдар да болады. Мұндайлар көрсе қызар, жәй «әәуесқой» адамдар деп аталады.

Қызығудан «бейімділік» ұғымын ажыратуымыз қажет. Бейімділік – белгілі бір қызметпен айналысуға бағыт – бағдар алу, сонымен айналысуға тырысу. Бұл екі ұғым бір – бірімен тығыз байланысты. Мәселен, шахмат ойнауға қызығу оған бейімділіктен туындайды. Бірақ қызығу бейімділіктен бөлек болуы да мүмкін. Мәселен, театрға қызығатын адамдардың барлығында бірдей бейімділік бола бермейді.

Қызығу мен бейімділікті тудыратын негіз – адамның қажеттері. Бірақ, қажеттің барлығы бірдей оның тұрақты қызығушылығын тудыра бермейді. Мәселен, тамақтану ең негізгі қажеттің бірі болғанмен ол тұрақты қызығуға негіз бола алмайды. Егер тамақтану қажеттілігі қанағаттандырылмаса, яғни адам аш болса, сонда ғана «асқа қызығу» туады, мұндайда кісінің бар ойы тамақта болады. Бірақ бұл секілді «қызығу» өткінші, уақытша болып келеді., ол асқа тойысымен – ақ жойылады. «Асқа қызығу» адамның тұрақты қызығуы, мінезінің сипаттамасы бола алмайды. Адамның бағыт – бағдарын сипаттамақ болсақ, біз алдымен оның қызығуының мазмұнды, әсерлі және кең өрісті болу жақтарына көз салуымыз керек. Қызығу кісінің дүниетанымы мен сеніміне негізделсе ғана өзінің пәрменділігінен айрылмайтын болады.

Сұрақтар:

  1. Қызығу мен бейімділікті тудыратын негізді атаңыз
  2. Жеке адам психологиясынан елеулі орын алатын қасиеетің бірі

Әдебиеттер:

1. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993.

2. Шабельников В. Психика-функциялық жүйе. А., 1998.

3. Атлас по психологии. Гамезо, Домашенко. М., 2001

 

№ 4. Тақырып. Мотивтер психологиясы

Мақсат: Психологиядағы мотив, мотивация және бағыттылық деген ұғымдарға анықтама беру және оның құрылымын анықтау




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-03; Просмотров: 5010; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.097 сек.