Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Нефрология 1 вар

1.Науқас 22 жаста, ісінулерге шағымданумен қаралды, зәрде – протеинурия 3 г/тәу, гематурия. Морфологиясы: жарықтық микроскопияда ошақты мезангиалды депозиттер және ГБМ-ң қабаттасқан контуры (күмістендіруде). Иммунофлюоресценцияда: IgG және С3 мезангийде және шумақ капиллярларының субэндотелийінде гранулярлы жиналуы. Электронды микроскопия: иммунды депозиттермен мезангиалды пролиферация, ГБМ мен эндотелий аралығында мезангий интерпозициясы, жаңа базальды мембранамен қоршалған субэндотелиалды электронды-тығыз депозиттер. Ең мүмкін болатын диагнозыңыз?

A) Экстракапиллярлы ГН

B) Минимальды өзгерістер

C) Мембранозды нефропатия

+D) 1 типті мембрано-пролиферативті ГН

E) Фокальды-сегментарлы гломерулосклероз

2.Ер адам 32 жаста. Тексеру кезінде: протеинурия, қайталамалы макрогематурия. Морфологиялық түрде қойылған: мезангиалды жасушалардың диффузды пролиферациясы және мезангийдегі IgAдепозиттері. Бұл ауруға қандай ағым тән?

A) Жедел циклды

B) Әрқашан болжамы қолайлы

C) Ер адамдарда болжамы жақсы

D) Тез үдемелі

+E) Біртіндеп бүйректің созылмалы склероздануымен жүреді

3.27 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 20-22 апта, созылмалы гломерулонефритпен ауырады, протеинурияның біртіндеп жоғарылауы байқалады 0,33 г-нан 5 г/л дейін, эритроциттер – 0-1 к/а; қанында – креатинин 55 мкмоль/л. Қарап тексергенде: АҚҚ 110/80 мм сбб. УДЗ-де ұрықтың өлшемдері гестация мерзіміне сай. Әрі қарай жүргізу тактикасының қайсысы ЕҢ мақсаттық болып табылады?

A) Плазмаферез жүргізу

+B) Преднизолон тағайындау

C) Циклоспорин тағайындау

D) Босандыру

E) Диклофенак натрий тағайындау

4.Қыз 18 жаста. бірінші жүктілік, 16 апта. Клиникаға жоғары температурамен, интоксикациямен түсті. Тексеру кезінде зәр анализдерінде өзгерістер анықталды: лайлы, белок 0,066%, лейкоциттер – жаппай, бактериурия. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары.Аталған препараттардың қайсысы ЕҢ қолайлы болып табылады?

A) Бисептол

+B) Амоксиклав

C) Офлоксацин

D) Гентамицин

E) Нитрофурантоин

5.Айқын асциті бар науқаста лапароцентез кезінде бірден 6 литр асциттік сұйықтық алынды. Лапароцентезден кейін алынып тасталған әрбір литріне есеппен 3 г – нан енгізді. Тәуліктік диурезі 300 мл дейін азайған, бұл лапароцентездің эффективтілігін көрсетеді. ЖЗА: салыстырмалы тығыздығы 1006, белок – жоқ, эпителий 1-2 к/а; биохимиялық анализінде – натрий – 112 ммоль\л, креатинин – 405мкмоль/л. Науқаста қандай асқыну дамыды?

A) Преренальді бүйректің жедел зақымдалуы

+B) Гепаторенальді синдром

C) Жедел токсикалық нефрит

D) Ренальді бүйректің жедел зақымдалуы

E) Постренальді бүйректің жедел зақымдалуы

6.20 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 15-16 апта, таңертеңгі уақытта бетінің ісіңкі болуына, бел аймағындағы ауру сезіміне, бас ауруына, 3 күн бойына дене қызуының 37,5 0С дейін болуына, АҚҚ 180/110 мм сбб. дейін жоғарылауына, қызыл түсті зәрдің пайда болуына шағымданады. Анамнезінен: 2 апта бұрын баспамен ауырған, соған байланысты амоксициллин қабылдаған. Зәр анализінде: эритроциттер жаппай к/а, белок – 1,6 г/л. Қанында: АСЛ-О – оң. Жүктілікке қатысты ЕҢ қай болжам сәйкес келуі мүмкін?

A) Жүктілікті сақтауға қатысты қолайлы

B) Құрсақішілік ұрық дамуының кідіруі болуы мүмкін

+C) Құрсақішілік ұрық өлімінің жоғары қаупі

D) Ауыр нефропатия дамуының жоғарғы қаупі

E) 20-22 аптаға дейін анықталмаған жүктілік

7.Емделуші әйел 21 жаста. 7 жастан бастап ҚД 1 типімен ауырады. Инсулин дәрілік заттарымен емделуі қандағы қант деңгейін бақылаумен. Соңғы жылдары зәрде микроальбуминурия анықталды(МАУ 100-150мг/тәу). Бұл жағдайда қандай мақсатпен қандай дәрілік зат тағайындауы қажет?

+A) МАУ төмендету немесе/және жою үшін ААФ ингибиторын

B) Қатаң гликемиялық профиль жеткілікті

C) 1 типті ҚД диеталық коррекциясы

D) Диуретикалық мақсатпен фитотерапия

E) МАУ төмендету үшін сулодексид

8.Науқас 35 жаста. Балалық шақта туа болған бүйрек аномалиясы фонында қайталамалы ЗШЖИ-мен зардап шеккен. 6 жасында ота жасалынған. Қазіргі уақытта АҚ 160/100мм.с.б. Зәрде: ақуыз-0,3г/л, лейкоциттер-3-4в к/а, эритроциттер -2-3 к/а. ШФЖ-45мл/мин. БСА үдеуін баяулату үшін науқастың АҚ қандай деңгейде болуы керек?

A) Өзін-өзі сезінуі жаксы болатын «жұмыстық артериялдық қысымы»

+B) 120/80 мм с.б аспайтын АҚ

C) 110-140 /70-90мм с.б деңгейде болатын АҚ

D) АҚ 140/90 мм с.б деңгейінде ұсталып тұруы қажет

E) 120/80 мм с.б деңгейдегі тек күндізгі АҚ бақылау

9.29 жастағы науқаста нефротикалық синдром, анамнезінде преднизолонмен терапия сәтсіз. Бүйрек биопсиясының нәтижесі: жарықтық микроскопия – күмістендіру кезінде капиллярлар қабырғасын бойлай субэпителиалды «тікенектер»; иммунофлюоресцентті – IgG + С3 гранулярлық жарқырауы; электроды микроскопия – ретті субэпителиалды иммунокешенді депозиттер. Нефротикалық синдромның екіншілік сипаты жоққа шығарылды. Сіздің диагнозыңыз бен ең ыңғайлы емдеу вариантыңыз?

A) Мембранозды нефропатия және симптоматикалық ем

B) Фокальды-сегментарлы гломерулосклероз және преднизолонмен емдеу

C) Мембрано-пролиферативті ГН және преднизолонтерапиясымен альтернирлеуші курс

+D) Мембранозды нефропатия циклоспоринА-мен емдеу

E) Экстракапиллярлы ГН метилпреднизолонмен пульс-терапия

10.62 жастағы науқас, ревматоидты артритпен 23 жыл бойы ауырады, соған байланысты преднизолон мен ҚҚСЕП қабылдаған, аяқтарында ісінулер пайда болған. Қараған кезде: ЭТЖ – 50 мм/сағ., гипоальбуминемия, протеинурия 6 г/тәул., креатинин – 0,14 ммоль/л. ЕҢ мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз?

A) Жедел тубулонекроз

B) Ревматоидты васкулит

C) Мембранозды нефропатия

+D) Екіншілік амилоидоз

E) ҚҚСЕП салдарынан нефропатия дамыған

11.22 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 34-36 апта, созылмалы гломерулонефритпен ауырады, АҚҚ жоғарылауы 180/115 мм сбб дейін байқалады. Анамнезінен: жүктілікке дейін АҚҚ деңгейі 140-150/80-100 мм сбб аралығында болған. Қанында креатинин – 200 мкмоль/л, зәрінде белок – 3,6 г/тәул. УДЗ-де – ұрықтың өлшемдері гестация мерзімінен 2-3 апта қалыс қалады. Әрі қарай жүргізу тактикасының қайсысы ЕҢ мақсаттық болып табылады?

A) Моноприл тағайындау

B) Гемосорбция жүргізу

C) Преднизолон тағайындау

D) Циклоспоринтағайындау

+E) Босандыру

12.Перзентхананың санбақылау бөліміне 30 жастағы жүкті әйел түсті. Шағымдары: әлсіздік, бас ауыруы, оң жақ бел аймағындағы ауру сезімі, дене қызуының жоғарылауы, қалтырау. Жақында ауырған. Үшінші жүктілік. Терісі таза, бозғылт, ыстық. Температурасы 38°С, пульсы 88 минутына, АҚҚ 120/80 мм рт. ст. Іші жұмсақ, жатыр тонусы қалыпты, 27 апта жүктілік мерзіміне сай келеді. Зәр шығаруы ауру сезімінсіз. Зәр анализі: лайлы, салыстырмалы тығыздығы 1017, белок 0,066 г/л, лейкоциттер мен бактериялар көру алаңын толық жауып тұр, оксалаттар. Қай антибактериальді препаратты ЕҢ мақсатты түрде тағайындаған дұрыс?

A) Монурал 3 г/с p/os

B) Сумамед 500 мг/с p/os

+C) Цефтриаксон 1г/сут, к/т

D) Гентамицин 80 мг/с, б/е

E) Ципрофлоксацин 500 мг/с, к/т

13.30 жастағы науқас, дене қыуының жоғарлауына байланысты ибуфен қабылдаған. Нәтижесінде бел аймағында ауру-сезімі, жүрек айну, құсу пайда болды. Объективті: температура 37,6С, әлсіздік. ЖҚА: Нв 100 г/л.. ЭТЖ 22 мм/сағ. Тәуліктік диурез 300 мл. Зәрі күңгірт түсті, салыст. Тығ- 1007, белок 0,6 г/л, глюкоза +++, микроскопия: эпителий жаппай, Ле 0-1 к/а, Эр 0-1 к/а, цилиндрлергиалинді бірен-саран. Қан креатинині – 170 ммоль/л.Сіздің болжама диагнозыңыз?

A) Сепсис

B) Жедел пиелонефрит

+C) Жеделтубуло-интерстициальды нефрит, БЖЗ

D) Жедел нефритикалық синдром

E) Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

14.22 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 8-10 апта. Таңертеңгі уақытта жүрек айнуына, құсуына шағымданады. Анамнезінен: Бір жылдай бұрын постстрептококкты гломерулонефритпен ауырған. Зәр анализінде: эритроциттер -1-2 к/а, лейкоциттер – 2-3 к/а. Қанында: АСЛ-О – әлсіз оң. Жүктілікке қатысты ЕҢ қай болжам сәйкес келуі мүмкін?

+A) Физиологиялық жүктілікке қатысты қолайлы

B) Жүктілік өздігінен үзілуі мүмкін

C) Құрсақішілік ұрық дамуының кідіруі мүмкін

D) Жүктілер нефропатиясы дамуының жоғары қаупі

E) Ауыр токсикоз дамуының жоғары қаупі

15.Емделуші әйел 21 жаста. 7 жастан бастап ҚД 1 типімен ауырады. Инсулин дәрілік заттарымен емделуі қандағы қант деңгейін бақылаумен. Соңғы жылдары зәрде микроальбуминурия анықталды(МАУ 100-150мг/тәу). МАУ-мен ҚД 1 типі бар науқасқа ААФи тағайындаудың ұзақтығы қанша?

A) 1 ай

B) МАУ жоғалып кеткенше

C) Әр жарты жыл сайын 2 айдан

D) Жылына 6 айдан

+E) Әрқашан МАУ бақылауымен, кейін зәрдегі ақуызға байланысты

16.Науқас 35 жаста. Балалық шағында бүйректің туа біткен ақауына байланысты рецидивтеуші ЗШЖИ ауырған. 6 жасында ота жасалған. Қазіргі таңда АҚҚ 160/100мм сбб. ЖЗА: белок-0,3г/л, лейкоциттер-3-4 к/а, эритроциттер -2-3 к/а. ШФЖ -45мл/мин. Төменде аталған препарат топтарының қайсы науқасқа ЕҢ таңдамалы түрде көрсеткіш болып табылады?

A) Са каналдарының блокаторлары

+B) ААФ ингибиторлары

C) Бетаблокаторлары

D) Өзекшелік диуретиктер

E) Калий сақтаушы диуретиктер

17.Науқас 32 жаста, бел аймағындағы ауырсынуға, жиі зәр шығаруға шағымданады. 5 жыл бұрын босанғаннан кейінгі кезеңде бел аймағындағы ауырсыну, қызба, дизурия болған. Объективті: температурасы 370С, белден ұрғылау симптомы екі жақта да оң. Қанда: лейк. – 6,1 мың, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Зәр анализі: сал. тығ. -1005, белок – 0,033 г/л, лейкоциттер бүкіл көру аймағында, эритроциттер – сілтісізденген және өзгермеген к/а 3- 5. Нечипоренко сынамасы: эр – 1000, лейк – 20000, сафронинмен бояғанда–Штернгеймер-Мальбин жасушалары. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A) Бүйректің қатерлі ісігі

+B) Пиелонефрит

C) Бүйрек амилоидозы

D) Бүйрек поликистозы

E) Гломерулонефрит

18.36 жастағы науқастыбетінің, бел аймағының, аяқтарының ісінуі мазалайды. Анамнезінде - туберкулез. Зәр анализі: сал. тығ. -1020, белок-10,4 г/л, лейк-2-3к/а. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі әдіс:

A) Хромоцистография

B) Экскреторлы урография

C) Бүйректің компьютерлі томографиясы

D) Бүйректі ультрадыбыстық зерттеу

+E) Тік ішек шырышты қабатының биопсиясы

19.М. атты науқас, 47 жаста, айқын әлсіздікке, бас ауыруына, шөлдеуге, тәбетінің нашарлауына, арықтауына, аяқтарындағы ісінулерге шағымданады. Об-ті: төмен нәрлі, терісі сарғыш реңді бозғылт, беті ісіңкіреген, балтыры, табандары ісінген. Қанда: эр-2,0 млн, Нв-70 г/л., лейк-5,7 мың, ЭТЖ - 20 мм/сағ. Қандағы қант – 11,4 ммоль/л. Зәр анализі: сал. тығ.-1012, белок-1,5 г/л, лейк-4-5 к/а, эр-18- 20 к/а. Неғұрлым тиімді тағайындау:

A) Цитостатиктер

B) Антибиотиктер

+C) Дезагреганттар

D) Антикоагулянттар

E) Глюкокортикоидтар

20.В. атты, 42 жастағы науқаста бүйрек функциясының созылмалы жетіспеушілігі, АҚҚ - 200/ 120 ммс.б.б., креатинин - 0,670 ммоль/л, мочевина - 6,1 ммоль/л. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Антибактериялық терапия

B) Преднизолонмен пульс-терапия

C) Цитостатиктер

+D) Гемодиализ

E) Бүйрек трансплантациясы

22.Науқас 24 жаста, бас ауыруы, шөлдеу, жүрек айну, құсу, мұрыннан қан кету, әлсіздік, тәбеттің нашарлауы мазалайды. Ауырғанына 10 жыл болған. Объективті: бозғылт, терісінде қасыған іздер, белден ұрғылау симптомы екі жақта да оң. АҚҚ - 180/100 мм с.б.б. ЖСЖ - 100/мин. Қанда: Нв–96 г/л, эрит–2,8 млн., лейк-8,2 мың, ЭТЖ-35 мм/сағ, мочевина–16 ммоль/л, креатинин– 0,250 ммоль/л. Зәр анализінде: сал. тығ.-1005, белок-4,5 г/л, лейкоциттер – 8-12 к/а, эрит – 20-25 к/а. Науқаста неғұрлым мүмкін дамыған асқыну:

A) Бүйректің жіті жетіспеущілігі

+B) Бүйрекің созылмалы жетіспеушілігі

C) ТДҚҰ-синдром

D) Бауыр жетіспеушілігі

E) Гипертониялық криз

23.Науқас 43 жаста, әлсіздікке, ентігуге, бетінің, аяқтарының ісінуіне шағымданады. Астыңғы жақ сүйектің остеомиелитімен көп жылдан бері ауырады. Объективті: терісі бозғылт, макроглоссия, гепатоспленомегалия. Қанда: диспротеинемиягипоальбуминемиямен. Осы патологиядағы зәр синдромына неғұрлым тән:

A) Цилиндрурияниктуриямен

B) Бактериурия лейкоцитуриямен

C) Протеинурия лейкоцитуриямен

D) Микрогематурия цилиндруриямен

+E) Протеинурияның "бос тұнбамен" үйлесуі

24.Науқас 32 жаста, бел аймағындағы ауырсынуға, ауырсынулы жиі зәр шығаруға, дене қызуының 39°С көтерілуіне, қалтырауға шағымданады. Суық тигіннен кейін ауырған. Объективті: АҚҚ-160/80 мм с.б.б. Пульс-минутына 90 рет. Оң жақ бел аймағында ұрғылау симптомы оң мәнді. Қанда: лейк-10,2 мың, ЭТЖ-32 мм/сағ. Зәр анализінде: бұлыңғыр, сал. тығ.-1018, белок-0,036 г/л, лейкоциттер – бүкіл көру аймағында. Неғұрлым тиімді тағайындау::

A) Аминохинолин қосындылары

+B) Антибиотиктер

C) Преднизолон

D) Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

E) Сульфанидамидтер

25.Гломерулонефритпен ауыратын науқасқа қрамында төмен молекулалы гепарині бар терапия жүргізілуде (фраксипарин). Емнің екінші күні гематурия пайда болды. Неғұрлым тиімді тағайындау:

A) Фраксипаринің орнына гепарин-сульфат

+B) Фраксипаринмен емді жалғастыру

C) Фраксипариннің орнына индометацин

D) Фраксипариннің орнына гемостатикалық терапия

E) Фраксипариннің орнына дезагреганттар

26.40 жасар науқаста терінің тілмелі қабынудан кейін шөлдеу, олигурия, «ет жуындысы» түсті зәр, лоқсу, құсу пайда болды; АҚ 160/110 мм. сын. бағ көтерілу; денесінде, бетінде ісінулер пайда болды. Қан анализінде: комплементтің төмен деңгейі; зәр анализінде – протеинурия, гематурия, цилиндрурия. Анағұрлым мүмкін болатын диагноз:

A) интерстициалды нефрит

+B) жедел постстрептококкты гломерулонефрит

C) созылмалы диффуздық гломерулонефрит

D) жылдам үдемелі гломерулонефрит

E) жегілі нефритпен жүйелі қызыл жегі

 

27.Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезінде науқастарда анемияның негізгі себебі болып табылады:

A) Темір тапшылығы

B) В12 витаминінің тапшылығы

C) Гемолиз

D) Қан кетулер

+E) Эритропоэтин тапшылығы

28.Зәр анализінде протеинурия 3,5 г/л жоғары, гипоальбуминемия, бұл өзгеріс байқалады:

+A) Нефротикалық синдромда

B) Нефриттік синдромда

C) Зәрлік синдромда

D) Дизуриялық синдромда

E) Қабыну синдромында

29.Ер адам 57 жаста, 12 жыл аралығында табан буындарының патологиясымен ауырады, соңғы бір ай көлемінде аяқтарында ісіктер, әлсіздік, шаршағыштық, бас ауыруы пайда болған. Объективті: дене салмағы жоғары, терісі бозарған, сарғыш реңкілі, құлақ қалқанында тофустар. Беті ісіңкі; балтыры және аяқ басы ісінген. Қанында: лейк-7,5х109/л, ЭТЖ-25 мм/сағ., зәр қышқылы-0,670 ммоль/л (қалыптыда 0,18-0,53 ммоль/л), креатинин-0,250 ммоль/л (қалыптыда 60-130 мкмоль/л), мочевина-20 ммоль/л (қалыптыда 3,5-9 ммоль/л). Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздық -1009, белок-0,55 г/л, гиалинді цилиндрлер -5-7 көру алаңында. Аталған диагноздардың қайсысы созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің себебі болып табылады:

A) Бүйрек амилоидозы

B) Зәр тас ауруы

+C) Подагралық нефропатия

D) Созылмалы гломерулонефрит

E) Созылмалы пиелонефриттің өршуі

30.27 жасар науқас, әлсіздік пен ісінуне шағымданады. 10 жыл бұрын қатты суықтағаннан кейін бел аймағында ауырсыну болған, зәрінде ақ ауыз бар, қарағанда: АҚ 130/100 мм.сн. б/б., салыстырмалы тығыздығы - 1010, ақ уыз -5-6г/л, лейкоц. -5-6 к/а. эритроц. - 20-30 к/а, альбумин - 24%. Науқастың болжам диагнозы:

A) жедел гломерулонефрит

B) бүйректің туберкулезді қабынуы

C) созылмалы пиелонефриттің өршу кезеңі

+D) созылмалы гломерулонефрит өршу кезеңі

E) бүйрек амилоидозы

 

32.Науқаста көп жылдар бойы оң жақ бел аймағында ауырсыну байқалады. АҚ180/105 мм.сн.бб., қан анализінде: ЭТЖ жоғарылаған, жеңіл дәрежелі қаназдық. Зәранализінде: салысырмалытығыздығы 1012-1016, ақуыз 0,09 г/л, лейк.-16-18 к/а, эритроцит 1-2 к/а. Науқастың болжам диагнозы:

A)жедел пиелонефрит

B) жеделгломерулонефрит

C) созылмалы пиелонефрит, өршуфазасы – правильный ответ

+D) созылмалыгломерулонефрит, өршуфазасы

E) гломеруложәнепиелонефриттіңбірігуі

33.Ер адам 27 жаста 4 жыл аралығында гломерулонефритпен ауырады. Ұйқысының бұзылуы, тәбетінің төмендеуі, бас айналу және бел аймағындағы ауырсыну шағымдарымен ауруханаға түсті. Жағдайының нашарлауын суықтанумен байланыстырады. Объективті: АҚ - 180/100 мм. с.б. Қанда: креатинин – 120 мкмоль/л (қалыптыда 60-130 мкмоль/л), калий – 3,4 мкмоль/л (қалыптыда 3,5-5 мкмоль/л). Зәр анализінде: салыстырмалы тығ. - 1020, белок – 4,5 г/л, эритроцит - 3-5 көру алаңында, лейкоцит - 15-17 көру алаңында. Көрсетілген ем бағдарламасының қайсысы тиімді?

A) Антибиотик +дезагрегант + преднизолон

+B) Дезагрегант + антикоагулянт + цитостатик + ААФ ингибиторлары

C) Цитостатик + преднизолон + антикоагулянт

D)Антиагрегант + орталықальфаагонист + преднизолон

E) Антикоагулянт + сорбент + бета-блокатор

34.Әйел адам 37 жаста бел аймағында ауырсыну, зәр шығарудың жиілеуіне шағымданады. Анамнезінде 5 жыл бұрын босанудан кейін бел аймағында ауырсыну, қызба, дизурия мазалаған. Объективті: температура 370С. Бел аймағында соққылау симптомы екі жақта оң мәнді. Қанда: лейкоцит – 6,1х 109/л, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Зәр анализінде: сал.тығ. -1005, белок – 0,033 г/л, лейкоцит- 6-8 көру алаңында. Нечипоренко сынамасы: эритроцит – 1 х 106/л, лейкоцит – 6 х 106/л. Қандай препаратты емдеу бағдарламасына қосу тиімді?

A)Линкозаминдер

+B)Пенициллиндер

C) Тетрациклиндер

D) Аминогликозидтер

E) Нитрофуранды қосындылар

35.Науқас Н. 65 жаста, жүрек айну, құсу, айқын әлсіздік, ұйқышылдық, терінің қышыну, диурездің азаюы мазалайды. Анамнезі: созылмалы пиелонефритпен 18 жыл ауырады. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Тері жабындысы боз сарғыш реңді, құрғақ, тырнақ іздері бар. Беті ісінген. Қанда: эритроцит - 2,5х1012/л, гемоглобин - 75 г/л, лейкоцит – 8,9х109/л, ЭТЖ – 15 мм/с. БХА: креатинин - 117 мкмоль/л, мочевина - 10,5 ммоль/л, жалпы ақуыз - 65 г/л. Барынша қажет зерттеу:

A) қалдық азот

B) қандағы калий деңгейі

+C) шумақша фильтрациясының жылдамдығы

D) тәуліктік протеинурия

E) қандағы натрий деңгейі

36.Науқас А. 31 жаста, бел тұсының орташа қарқынды, тартып ауырсынуына, дене қызуы 37,60С көретілуіне, жиі кіші дәретке шығуына шағым айтып түсті.Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Қабағы ісінкі. Жүрек тоны тұйықталған, ырғақты. АҚ - 130/80 мм с.б. ЖСЖ– 80 рет/мин. Қанда: эритроцит - 3,5х1012/л, гемоглобин -130 г/л, лейкоцит – 12х109/л, ЭТЖ – 20 мм/с. Несепте: салыстырмалы тығыздығы. - 1012, ақуыз- 0,066 г/л, лейкоцит – 25-30көру аймақта, бактериурия.Келесі зерттеу әдісін жүргізу қажет:

A) қандағы креатинина деңгейін анықтау

B) қанның бактериологиялық егуі

+C) несептің бактериологиялық егуі

D) тәуліктік ақуыз жоғалту деңгейі

E) Реберг-Тареев сынамасы

37.Науқас 40 жаста, бел тұсының ауырсынуына, шапқа берілуіне,несеп шығарғанда ашыуына, жүрек айнуына, құсуынашағым айтады. Қанда: лейкоцит-8,6 мың, ЭТЖ-24 мм/с. БХА: мочевина-9,2 ммоль/л, креатинин-0,120 ммоль/л. Неспте: салыстырмалы тығыздығы -1018, лейкоцит - 5-6 көру аймақта, эритроцит-20-25 көру аймақта, оксалаттар +++, фосфаттар ++. Барынша тиімді емі:

A) Антибиотиктер

B) Глюкокортикостероидтар

C) Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

+D) Спазмолитиктер

E) Уросептиктер

38.Қабылдау бөліміне 63 жасар науқас келіп түсті. Анамнезі: ұзақ уақыт пиелонефритпен ауырады. Объективті: санасы сопор деңгейінде, дизартрия, беттің асимметриясы, сол жақты гемипарез байқалады. АҚ 180/100 мм.с.б. Қанда: гемоглобин-95 г/л, эритроцит -3.2 х 1012/л, лейкоцит-10,2 х 109/л, тромбоцит – 186 х 109/л, ЭТЖ - 25 мм/с. БХА: креатинин-1200 мкмоль/л (норма 60-130 мкмоль/л), мочевина-35 ммоль/л. Несепте: ақуыз (белок) – 1,5 г/л, лейкоцит -7-8 көру аймақта, эритроцит 0-1 көру аймақта. Гемодиализ жүргізуге шешім қабылдауға қажет зерттеу әдісі:

A) бүйрек УДЗ

+B) жұлын пункциясы

C) калий деңгейін анықтау

D) бас сүйегінің рентгенографиясы

E) ЭКГ және ЭхоКГ

39.24 жасар науқасты бас ауру, шөлдеу, жүрек айну, құсу, мұрыннан қан кету, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі мазалайды. 10 жыл аралығында ауырады. Объективті: боз, теріде қасу іздері бар, «қағу» симптомы екі жақта оң мәнді. АҚ - 180/100 мм с.б. ЖСЖ - 100 рет/мин. Қанда: гемоглобин–96 г/л, эритроцит–2,8 млн., лейкоцит-8,2 тыс., ЭТЖ -35 мм/с. БХА: мочевина–16 ммоль/л, креатинин– 0,250 ммоль/л. Несепте: салыстырмалы тығыздығы 1005, ақуыз-4,5 г/л, лейкоцит – 8-12 көру аймақта, эритроциты – 20-25 көру аймақта. Барынша ықтимал асқынуы:

A) ТШҚҰ (ДВС)-синдром

B) Бауыр жетіспеушілігі

C) Жіті бүйрек жетіспеушілігі

+D) Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

E) Гипертониялық криз

40.Ер кісі H. 33 жаста, солжақ бүйірдің ауырсынуына және несептің қызыл түске дейін өзгеруіне шағым айтады. Несеп шығару барысында ауырсыну жоқ. Осы аталған жағдай соңғы 5 жылда үшінші реет қайталанған, әр бір қайталау жіті респираторлықинфекциямен байланысты болған. Конституциясы астениялық. Ісіктер жоқ. АҚ 135/90 мм.с.б. Қанда: гемоглобин -110г/л, лейкоцит -6х10/л, ЭТЖ -20 мм/час. Несепте: тығыздығы -1,012, ақуыз – 0,066 г/л, эритроцит 20-25 көру аймақта, лейкоцит 5-6 көру аймақта, жекеленгенгиалинді цилиндрлер. Антинуклеарлы антидене табылмады. Барынша ықтимал диагнозы:

+А) IgA - нефропатиясы

B) жіті пиелонефрит

C) жітіпостстрептококтігломерулонефрит

D) несеп-тас ауруы

E) созылмалы пиелонефрит

41.Әйел 18 жаста, бір аптадан бері ауырады. Баспадан кейін ісінулер пайда болған. Объективті: АҚ - 140/90 мм.с.б. Несепте: меншікті салмағы - 1020, ақуыз -4,4 г/л, лейкоцит – 6-10 көру аймақта, эритроцит -5-6 көру аймақта, гиалинді цилиндрлер -3-4 көру аймақта. Барынша ықтимал диагнозы:

A) бүйрек амилоидозы

B) бүйрек туберкулезі

C) нефротикалық криз

+D) жітігломерулонефрит

E) созылмалы пиелонефрит

42.Жедел гломерулонефриттің негізгі себебі.

+А) Бета-гемолитикалық стрептококк

В) Саңырауқұлақ

С) Микобактериялар

D) Қарапайымдылар

E) Вирустар

43.Созылмалыбүйрекжеткіліксіздігінің ерте белгісі:

A) Олигоурия

B) Поллакиурия

C) Анурия

+D) Никтурия

E) Дизурия

44.Несепте салыстырмалы тығыздықтың ерте төмендеуі?

+А) Созылмалы пиелонефрит

В) Несеп-тас ауруы

С) Жедел гломерулонефрит

D) Екіншілік амилоидоз

Е) Созылмалы гломерулонефрит

45.М. науқас аяқтарының, ішінің, бетінің масивті ісіктерімен бөлімшеге түскен. Тексергенде: тәуіліктік протеинурия 9 г/л. Анамнезінде: 8 жыл бойы бронхоэктазы ауруымен ауырады. Мүмкінболатындиагноздытаңдаңыз:

A) Пиелонефрит

+B) Екіншілік амилоидоз

C) Гломерулонефрит

D) Бүйректіңісігі

E) Интерстициальды нефрит

46.Урограмма бойынша ассимитриялық зақымдану, бүйректің тостағанша мен астаушасының, несепағардың жоғарғы үштен бір бөлігінің кеңеюі тән:

+А) Пиелонефрит

В) Бүйрек амилоидоза

С) Бүйрек туберкулеза

D) Гломерулонефрит

Е) Несеп тас ауруы

47.Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің ең ерте клиникалық симптомын атаңыз:

A) Ісіктердің пайда болуы

B) Анемияның дамуы

+C) Диспепсиялық бұзылыстар

D) Диурездың төмендеуі

E) Артериялық қысымның жоғарылауы

48. 43 - жастағы ер адам, бел аймағындағы ауыру сезімі, бетінің ісінуі шағымданады.Ұзақ уақыт созылмалы гломерулонефритпен ауырады. Объективті: АҚ – 140/90 мм с.б.б. ЖЗА: салыстырмалы тығыздығы – 1005, белок – 8,4 г/л, лейкоциттер – 4-6 көру аймағында. Реберг сынамасы: шумақтық фильтрация – 20 мл/мин., өзектік реабсорбция – 99%. Көрсетілгендерден қай асқыну тән:

A) Бүйрек амилоидозы

B) Бүйрек туберкулезі

C) Нефротикалық криз

D) Созылмалы пиелонефрит

+E) Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

49.Науқас, 30жаста шапқа иррадияцияланған бел аймағының ауырсынуына, зәр шығарған кезінде ауырсыну, жүрек айнуы мен құсуға шағымданды. Қанында: лейк-8,6 мын., ЭТЖ-24 мм/ч, мочевина-9,2 ммоль/л, креатинин-0,120 ммоль/л. Зәр анализі: сал.тығ-1018, лейк - 5-6 в п/зр, эр-20-25 в п/зр, оксалаты +++. Қандай болжам диагнозын қоясыз:

A) Зәрқышқылды диатез

B) Жедел пиелонефрит

C) Бүйрек ісіктері

D) Зәр-тасты ауру+

E) Уретрит

50.55 жастағы науқаста егер қатты оссалгия, тәул 16 мг протеинурия, жалпы белок 85 г/л, СОЭ өте жоғары, мұндай науқаста бірінші кезекте жоққа шығару керек:

A) +Миеломды нефропатия

B) Жеделгломерулонефрит

C) Бүйрекамилойдозы

D) Паранеопластикалық нефропатия

E) бүйректіңишемиялықауруы

51.Науқас 66 жаста, нефротикалық синдром 1 жылдан бері бар, 25жылдан ревматоидты артритпен ауырады, білезік сүйетері «ласт моржа», АҚҚ 140/85 мм.сын.бағ бша,, Бірінші орында қай ауруды жоққа шығару керек?

A) Подагралық нефропатия

B) Миеломды нефропатия

C) +Бүйрек амилоидозы

D) Созылмалыгломерулонефрит, нефротикалық вариант

E) Созылмалы пиелонефрит

52.Науқас С. 43 жаста, ұлты армян, бетіндегі және балтырындағы ісінулерге шағымдаып келді. Анамнезінен жасөспірім шағынан бастап, эпизодты түрде ішінің ауырсынуы, температураның жоғарылауымен жүріп өздігінен бір тәуліктен кейін басылып отырған. Науқастыңәкесібүйрекауруынанқайтысболған. Лабораторлы: протеинурия 2,35 г/л, Л 2-3 к/а, Эр 4-5 к/а. Дұрыстактиканытаңдағыз:

A) Преднизолон 20-0 мг/тәу, ұзақуақыт

B) +Колхицин ішке 1,5-2 мг/тәу 1 ретқолданудан, ұзақуақыт

C) Метотрексатішке 5-10мг 1р/аптасына, үзаұуақыт

D) Циклофосфамидішке 50-100 мг/тәу, ұзақуақыт

E) Хлорамбуцил 15-20мг 1р/тәу, ұзақуақыт

53.Науқас Д, массивті ісінуге, зәр көлемінің төмендеуіне, бел тұсындағы ауырсынуына, дене қызуының жоғарылауына шағымданды.Анамнезінен бұрын бүйрек ауруымен ауырмаған.ЖҚА: Нв-65 г∕л, гиперлейкоцитоз, БХАК: креатинин- 220ммоль∕л, мочевина-35 ммоль∕л. ЖЗА: сал.тығ- 1006, белок-3,3 г∕л. Патогенетикалық емді тағайындаңыз:

A) Антибактериальді терапия

B) аминохинолин қатарының туындылары

C) АПФ ингибиторлары

D) +глюкортикоидтар мен цитостатиктермен пульс терапия

E) кальция антоганистері

54.35 - жастағы ер адам, тыныштықта пайда болатын ентігу, бастың ауыруы, массивті ісіну, шөлдеуге шағымданып түсті. Екі апта бұрын баспамен ауырған. Объективті: терісі бозғылт, бетінде, аяғында, бел аймағында айқын ісінулер. Жүрек үндері тұйықталған, ұшында систолалық шуыл. АҚҚ - 180/100 мм с.б.б. Зәрінде: салыстырмалы тығыздығы – 1028, белок – 4,2 г/л, лейкоциттер – 10-15 к/а, жаңа және негізденіп өзгерген эритроциттер 1-3 к/а, гиалинді цилиндрлер - 3-4 к/а, тәуліктік диурез 300 мл. Науқаста төменде көрсетілген асқынулардың қайсысы дамуы барынша мүмкін?

A) коматозды жағдайды есепке алып мидың ісінуі

B) АҚ жоғарылау және ұстамамен өтуін ескеріп эклампсия

C) жедел өзекшелік ацидоз

D) +олигоурияны есепке алуып жедел бүйрек жетіспеушілігі

E) жоғары қысым мен өкпе ісінуінің дамуын есепке алып,жедел жүрек жетіспеушілігі

55.Ер адам 35 жаста, соңғы 6-7 жылдың ішінде басының ауыруы, үнемі АҚҚ жоғарылауы ем коррекциясына беріле бермейтін, АҚҚ 220/120-130 мм.сы.бағ. Тұрақты түрде ем қабылдамаған.Қарау кезінде: ІІІ дәрежелі семіздік, терінің түсі топырақ тәрізді, қасынған іздер бар. АҚҚ 200/120мм.сын.бағ. ЖҚА: Нв 86г/л, креатинин-0,970ммоль/л, мочевина-46,1ммоль/л, Сіздің тактикаңыз және неліктен?

A) +гемодиализ, терминальды БЖ есепкеалаотырып

B) бүйректрансплантациясы, СБЖ4стадиясынесепке ала отырып

C) преднизолондыүлкендозадақлдану, аурудыңбелсендіпроцессінесепкеалаотырып

D) Инфекциондыпроцесстіесепке ала отырып, антибактериалды терапия

E) пульс-терапия цитостатиктармен, аутоиммундыпроцесстіесепкеалаотырып

56.Науқас А. 1985 г.р., бел аймағының шәншіп ауырсынуына, дене қызуының көтерілуіне 38,60С, ауырсынған зәр шығаруға шағымданды. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта.Жүктілігі 22 апта.Қабақтар пастоздылығы.Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты.АҚҚ - 130/80мм рт. ст., ЖСЖ - 80 рет 1 мин. ЖҚА: эритроциттер- 3,5х1012/л, Hb -130 г/л, L – 12х109/л, ЭТЖ – 20 мм/ч. ЖЗА: сал. тығ. - 1012, белок - 0,066 г/л, L – 25 – 30 в п.зр., пл. эп. 6 -8 в п.зр., бактерии ++.Бүйрек УЗИі:астауша-тостағанша комплексінің деформациясы.Сіздің тактикаңыз және неліктен

A) Стероидты қабынуға қарсы препараттар

B) +Антибактериальді препараттар

C) Кортикостероидтар

D) Цитостатиктер

E) Гипотензивті

57.24 жасар науќас басыныѕ ауруы шґлдеу, жїрек ќўсу айну, мўрнынан ќан кету, јлсіздік, тјбетініѕ тґмендеуі мазалайды. 10 жыл кґлемінде ауырады стационарда бірінеші рет ем ќабылдаєан. Объективті: бозєылт терісінде ќасыєан іздер, бел аймаєыныѕ ўрєылау симптомы екі жаќта да оѕ мјнді. АЌ – 180/110 мм. сын. бає. ЖЖЖ – 100 рет/мин. Ќанда: гемоглобин – 96 г/л, эритроциттер – 2,8 млн., лейкоциттер – 8,2 мыѕ, ЭТЖ – 35 мм/сає., мочевина – 16 ммоль/л, креатинин – 0,250 ммоль/л, билирубин 22 ммоль/л. Зјр анализінде: салыстырмалы тыєыздыєы – 1005 г/л, аќуыз-4,5 г/л, эритроциттер – 20-25 кґру алаѕында, лейкоциттер – 8-12 кґру алаѕында.

Осы асќынєан жаєдайда ќандай терапия жїргізу керек?

A) Цитостатиктер+антибиотиктер+иммуномодуляторлар+антиагреганттар

B) Цитостатиктер+стероидты емес ќабынуєа ќарсы дјрмектер+антиагреганттар+антикоагулянттар

+C) Цитостатиктер+кортикостероидтар+антиагреганттар+антикоагулянттар

D) Антибиотиктар+кортикостероидтар+антиагреганттар+антикоагулянттар

E) Цитостатиктер+антибиотиктар+антиагреганттар+антикоагулянттар

58. Ig-A-нефропатиясыныѕ синонимы болып табылады:

A) Шенлейн-Геноха ауруы

+B) Берже ауруы

C) Токаясу ауруы

D) Мошковица ауруы

E) Рейтера ауруы

59.Созылмалы пиелонефриттіѕ ґршуін дјлелдеуде ќандай зерттеуді жїргізген барынша жґн, не себепті?

A) Реберг сынамасын, шумаќшалар фильтрациясын аныќтауєа мїмкіндік береді

B) Зимницкий сынамасын, зјрдіѕ салыстырмлы тыєыздыєыныѕ тјуліктік ґзгеру аралыєын кґрсетеді

C) зјрдіѕ жалпы анализін, зјрдіѕ физико-химиялыќ ќасиетін, микроскопиялыќ тўнбасын кґруге мїмкіндік береді

+D) Нечипоренко сынамасын, 1мл зјрдегі формалыќ элементтерді аныќтау їшін

E) тјуліктік протеинурияны аныќтау

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Нефрология каз | КазНефрология 1 вар. Темы контрольных работ по курсу
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-14; Просмотров: 335; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.264 сек.