Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жауап: Александрович. 4 страница




Көру галлюцинозы –кенеттен көру қабілетін жоғалтқан қарт адамдарда жиі кездесетін галлюциноз формасы, және де соматогенді, қантамырлық, интоксикациялық және инфекциялық психоздарда кездеседі. Шарль Бонне галлюцинациясы кезінде науқастар бір уақытта үй қабырғасынан айқын суреттер, күнге шағылысқан суды, гүлдер алаңын, ойнап жүрген балаларды көргендей болады, бұл көрініске таңданады, дегенмен көру қабілетінсіз мұндайды көру мүмкін еместігі, дертті күй екендігін науқас саналы түрде түсінеді.

Әдетте галлюциноз кезінде науқастың орын, уақыт және өзіндік тұлғасына бағдары бұзылмайды, дертті күйзеліс амнезияланбайды, басқаша айтқанда сана күңгірттенуі болмайды. Кейде науқас өміріне қауіп төндіретін сипаттағы жедел галлюциноз кезінде науқаста үрей, қорқыныш деңгейі жоғарылайды да, сананың аффективті тарылуы болады.

Паранойяльдық синдром – сандырақ синдромы, біріншілік сандырақ, шынайылық факттарын сандырақта интерпретациялау (интерпретативті сандырақ), қате пікірді негіздей үшін дәлелдер жүйесі келтіріледі (жүйеленген сандырақ). Сандырақ біртіндеп, доминантты идеялардан аса бағалы идеялар сатысынан өту арқылы түзіледі. Бұған, аффективті реакциялардың күштілігімен және ригидтілігімен, ал ойлау және әрекет саласында – байымдылық және детализацияға бейімділікпен тұлға ерекшеліктері ықпал етеді. Мазмұны жағынан бұл жанжалшылдық, шығармашылдық, қызғаныш, соңына түсу сандырағы.

Паранойяльды синдром шизофрениялық сандырақтың бастапқы сатысы болуы мүмкін. Бұл сатыда галлюцинация және псевдогаллюцинация болмайды, психикалық автоматизм құбылысы жоқ. Паранойяльды синдроммен паранойяльды психопатияның және алкагольды параноидтың психопатологиялық симптоматикасы толықталады.

Галлюцинаторлы–параноидты синдромдар - өзара органикалық байланысты галлюцинаторлы және сандырақтық бұзылыстар әртүрлі арақатынаста көрінетін синдромдар. Егер галлюцинация басым болса, галлюцинаторлы синдром деп, сандырақ идеясы басым болса, параноидты деп атайды. Параноидты синдром деп сандырақ дамуының параноидты сатысы да аталады. Бұл сатыда бұрын паранойяльды сандыраққа сәйкес келген қате пікірлер жүйесі сақталуы мүмкін, бірақ оның ыдырау белгілері табылады: жүріс-тұрысында оғаштық, сангдырақ мазмұнының басым аффектке және галлюцинацияға (псевдогаллюцинацияларға) тәуелділігі, олар да параноидты сатыда пайда болады.

Кандинский-Клерамбо психикалық автоматизм синдромы галлюцинаторлы-параноидты синдромның жеке жағдайы болып табылады және псевдогаллюцинациялар, психикалық актілердің бөтендену құбылысы - автоматизмдер және әсер ету сандырағы қосылады. Қабылдау бұзылысы шеңберіндегі науқас, олардың еріктен тыс пайда болатындығына, жасандылығына сенімді – автоматизмнің мәні осында. Автоматизм идеаторлы, сенсорлы немесе моторлы болып бөлінеді. Науқас өз ойын басқарып тұр, оларды параллельді етеді, оны ойша балағаттауға мәжбүрлейді, басына бөтен ойлар салады, оның ойларын оқып, тартып алады деп есептейді. Бұл жағдайды идеаторлы автоматизм деп айтамыз. Бұл автоматизм түріне псевдогаллюцинациялар жатады.Сенсорлық автоматизмге сезімдік таным бұзылысы жатады және науқастың сезім (немқұрайдылық, әлсіздік, ыза, үрей сезімін «шақырады») және түйсіктің (дененің әртүрлі бөліктерінде ауру сезімін, электр тоғы жолдары сезімін, күйдіру, дызыл «тудырады») жасандылығы жөнінде айтуларымен сәйкес келеді. Моторлы автоматизм дамуында науқаста өз қимылдары мен қызметтерін басқаруды жоғалтқандығына сенім туады: бетінде еріксіз күлкі пайда болады, аяқ-қолдары еріксіз қозғалады, күрделі қимылдар жасалады, мысалы, суицидальды актілер.

Созылмалы және жедел галлюцинаторлы - параноидты синдромдарды бөледі. Созылмалы галлюцинаторлы-параноидты синдром бірте-бірте күрделенеді, алғашқы симптоматикасы жаңалана түседі, күрделі психикалық автоматизм синдромы түзіледі.

Жедел галлюцинаторлы-параноидты синдромдар емдеу әсерінен редуцирленеді және басқа психопатологиялық синдромға жылдам ауысады. Синдром ауысқанда бұрынғы психопатологиялық симптоматика жойылып, орнына жаңасы келеді. Жедел галлюцинаторлы-параноидты синдромның құрылымында жедел сезімдік сандырақ, қоршаған ортаны сандырақтық қабылдау, сасқалақтау немесе қанық аффект көрінеді; Кандинский Клерамбо синдромы толық жетіліп үлгермейді (оның кейбір элементтері байқалады).

Жедел галлюцинаторлы-параноидты синдром жиі жедел парафрения және онейроидты жағдай дамуының бір сатысы бола алады. Галлюцинаторлы-параноидты синдром маниакальды депресивті психоздан басқа барлық психоздар кезінде диагностикалануы мүмкін.

Парафренді синдром – фантастикалық сандырақ синдромы. Ол созылмалы және жедел түрде болады, қандай да болмасын сандырақ түзілуінің соңғы сатысы болып табылады және психикалық функцияның ауыр бұзылысына сәйкес келеді. Созылмалы сандырақта парафренді синдром біртіндеп ақыл кемдігіне ауысады, жедел түрінде онейроидты типтегі сана күңгірттенуіне ауысады.

Парафренді сандырақ құрамына ұлылық идеясы қатысады. Сандырақтық идеялар оғаштықпен, гротескілікпен ерекшеленеді, табанды тұжырымдау ешқандай дәлелсіз келтіріледі. Көтеріңкі немесе кеңпейілді көңіл-күй фонында айқын конфобуляциялар (фантастикалық-конфабуляторлы парафрения) болады.

Парафренді сандырақ бір түрі депрессиялық науқастарда дамитын ипохондриялық Котар сандырағы болып табылады. Дамудың әр сатысында Котар синдромы нигилистік-ипохондриялық сандырақпен үрейлі-сандырақтық депрессия көрінісімен, немесе мәңгі өмір сүру, мәңгі қорлық көру, немесе сыртқы әлемді жоққа шығарумен фантастикалық ипохондриялық сандырақ түрінде көрінеді.

Мнестикалық бұзылыс синдромдары

Корсаков синдромы – корсаков алкогольдық психозының психопатологиялық суретін көрсететін амнестикалық синдром. Синдром да, ауру да оларды алғаш сипаттаған автор - С.С. Корсаков есімімен аталады.

Синдром психопатологиялық триададан тұрады: фиксациялық амнезия, ретроградты (немесе ретроантероградты) амнезия, конфабуляциялар. Ауыр ес бұзылуының салдары болып жатқан оқиғаларға, орынға, уақытқа, адамдарға қатысты бағдардың бұзылуы болып табылады.

Корсаков психозында ес бұзылуымен әрқашан полинейропатия қатар жүреді, ол үлкен жарты шардан перифериялық жүйкелерге дейін таралған дистрофиялық өзгерістерді көрсетеді. Корсаков синдромына тән ес бұзылуының әртүрлі белгілерінің қатарласуы, мидың басқа да органикалық бұзылыстарында кездеседі: қантамыр ауруларында, бас-ми жарақатынан кейін, газбен уланғаннан кейін, кәсіби интоксикацияда.

Үдемелі амнезия синдромы Рибо заңына бағынатын естің үдемелі көмескіленуімен көрінеді: алған білімі игерілген уақытынан кері, біртіндеп естен жоғала бастайды. Ес босауының жалпы фонында алыс балалық шағындағы оқиғалар жөнінде естеліктер мүмкін болады. Қимылдық дағдылар мен жүріс-тұрыстың тәрбиеленген формалары сақталады. Бұл патология кейде үлкен ми қыртысының атрофиясымен науқастарда қантамырлық және жарақаттан кейінгі ми зақымдануларында кездеседі.

Интеллектуальды бұзылыс синдромдары

Интеллект жеке, өз бетінше психикалық сфера болып табылмайды. Оны ақыл-ой, танымдық және шығармашылық қызметіне қабілет, білім, дағды игеріп, тәжірибеде қолдана білу қабілеті ретінде қарастырады. Интеллект бұзылуында материалды анализдеуге, жинақтауға, тапқырлыққа, синтез, абстракцияның ойлық үрдісін іске асыруға, түсініктер түзуге, ой түйіндеуге, қорытынды жасауға қабілеі төмендейді. Алған білім, дағды, бұрынғы тәжірибесін жетілдіру және оларды қызметте қолдану мүмкіндігінің жеткіліксіздігі байқалады. Интеллект бұзылуының негізгі синдромдары – ақыл әлсіздігі мен кемақылдық.

Ақыл кемдігі (деменция) – патологиялық үрдіс ықпалымен шақырылған тұрақты, орнына келуі қиын интеллектуальды қабілеттілік жоғалуы, бұл кезде әрқашан психикалық қызметтің жалпы нашарлауы белгілері болады. Интеллект деңгейі адам өмірінде жүре келе жинақталған ретінен кері дамиды, көмескіленеді, танымдық қабілет әлсіреп, сезім кедейленеді және жүріс-тұрыс өзгереді. Жүре пайда болған ақыл әлсіздігі кезінде кейде басым ес, зейін бұзылады, ал пікір жасауға қабілет бірден жоғалмайды, тұлға ядросы, критика және жүріс-тұрысы көпке дейін сақталып қалады. Мұндай деменцияны бөліктік, немесе лакунарлы деп атайды (парциальды, ошақтық дисмнестикалық). Кейбір жағдайларда ақыл әлсіздігі бірден пікір жасау қабілетінің төмендеуімен, критика, жүріс-тұрыс бұзылыстарымен, науқастың характерологиялық ерекшеліктерінің нивелировкасымен көрінеді. Мұндай деменция толық немесе тотальды деп аталады. Әртүрлі нозологиялық формаларға тән деменция түрлерін ажыратамыз.

Органикалық деменция лакунарлы және тотальды да болады. Лакунарлы деменция церебральды атересклерозбен, ми мерезімен науқастарда байқалса, тотальды – үдемелі салдануда, сенильді психозда, Пик және Альцгеймер ауруларында кездеседі.

Эпилепсиялық деменция (концентриялық) характерологиялық ерекшеліктердің аса өткірлігімен сипатталады, ригидтілік, барлық психикалық үрдістер ағымының баяулығы, ойлау баяулығы, байымдылығы, зейін ауыспалылығының қиындығы, сөз қорының азаюы, штампталған қайталанатын сөздерді қолдануға бейімділік. Мінезде бұлар қатаңдық, кекшілдік, ұсақшыл пунктуальдылық, педантизм және т.б. көрінеді. Патологиялық үрдіс аса үдемелі болғанда, ригидтілік пен байымдылық өсе түскенде адамның түрлі әлеуметтік қызметтерге қабілеті азаяды, ұсақ-түйекте тұрып қалады, қызығушылықтары мен әрекеттерінің шеңбері тарыла түседі (осыдан «концентриялы» - ақыл әлсіздігі атауы алынған).


Шизофрениялық деменция энергетикалық потенциал төмендеуімен, эмоциональды топастық дәрежесіне дейін жететін эмоциональды кедейленумен сипатталады. Интеллектуальды үрдістердің біртекті емес бұзылысы бақыланады: айқын ес бұзылыстарынсыз, формальды білім деңгейінің жеткілікті болуымен қатар науқас толықтай әлеуметтік дезадаптацияланған, тәжірибелік істе қауқарсыз болады. Аутизм, әрекетсіздікпен және өнімсіздікпен психикалық үрдістер бірлігінің бұзылыстары (психика ыдырауы белгілері) бақыланады.

Психоорганикалық синдром (энцефалопатия) салыстырмалы түрде жеңіл, бірақ айқын ақыл әлсіздігі дәрежесіне дейін жетпейтін, тұрақты интеллектуальды-мнестикалық төмендеумен сипатталады. Психоорганикалық синдромда ес әлсірейді, ойлау қызметі баяулайды, жаңа білім мен дағдыларды игеру қиындайды, пікір және критика деңгейі төмендейді, эмоциональды жеткіліксіздік дамиды. Кейбір науқастарда характерологиялық ерекшеліктері өткірленеді, ал кейбіреулерінде тұлға нивелировкасы бақыланады. Характерологиялық өзгерістер ерекшеліктеріне оны шақырған церебральды органикалық үрдістер ықпал етеді – қантамырлық, атрофиялық және т.б. Симтоматиканың жартылай кері дамуы немесе біртіндеп ауырлауы болуы мүмкін. Бас-ми жарақатынант кейін, ОЖЖ токсикалық, инфекциялық, қантамырлық зақымданулары кезінде байқалады.

Кемақылдық (олигофрения) - әртүрлі дәрежедегі ақыл кемдігі. Кемақылдық құрсақ ішінде, босану кезінде, бала туылғаннан кейін оның дамуының бастапқы сатысында мидың патологиялық үрдіспен зақымдалуының нәтижесі. Егер ақыл әлсіздігінде – интеллект қалыпты деңгейден төмендеген болса, кемақылдықта – интеллект ешқашан ересек адамның деңгейіне жетпейді. Кемақылдықтың бірнеше дәрежесін ажыратамыз: идиотия, имбецильділік, дебильділік.

Маниакальды синдром өзінің классикалық вариантында психопатологиялық симптомдардың триадасынан тұрады: 1) көңіл-күйдің көтерілуі; 2) ойлау ағымының жылдамдауы; 3) сөздік-қимылдық қозу. Бұл - синдромның облигатты (негізгі және тұрақты кездесетін) белгілері. Жоғары аффект психикалық қызметтің барлық саласына әсер етіп, екіншілік, яғни тұрақты емес маниакальды синдром белгілерінің пайда болуына алып келеді. Қоршаған ортаны ерекше ашық қабылдау, ес үрдісінде гипермнезия, ойлауда - өз мүмкіндіктері мен өзтұлғасын асыра бағалау, қысқа уақыттық ұлылық сандырақ идеялары, эмоционалды реакцияларда – ашушаңдық, еріктік салада – тілек, әуестіктердің өсуі, зейіннің жылдам ауыспалылығы; мимика, пантомимика және науқастың бүкіл сыртқы болмысы қуаныш белгісін бейнелейді.

Депрессиялық синдром облигатты симптомдардың триадасымен көрінеді: көңіл-күйдің төмендеуі, ойлау ағымының баяулауы, сөздік-қимылдық тежелу. Депрессивті синдромдардың факультативті белгілері: қабылдауда – гипестезия, иллюзиялық, дереализациялық және деперсонализациялық құбылыстар; мнестикалық үрдісте – таныстық сезімінің бұзылысы, ойлауда – ипоходриялық, өзін-өзі кінәлау, өзін-өзі кемсіту сипатындағы аса бағалы және сандырақтық идеялар; эмоциональды салада - қорқыныш және үрей реакциясы; қимылдық-еріктік бұзылыстар тілек пен әуестіктердің басылуы, суицидальды тенденциялар; қайғылы бет-әлпет және қалып, баяу, бәсең дауыс.

Үрейлі-депрессивті синдром (ажитациялық депрессия синдромы), маниакальды ступор және өнімсіз мания өзінің шығу тегіне байланысты аралас жағдай болып табылады, депрессиядан манияға немесе керісінше. Классикалық депрессия мен манияға тән дәстүрлі психопатологиялық триада бұл жағдайда бұзылады, аффективті синдром өзінің кейбір қасиеттерін жоғалтады және аффективті жағдайға полярлы қарама-қарсы белгілермен көрінеді. Ажитациялық депрессия синдромында қимылдық тежелудің орнына қозу байқалады, яғни маниакальды жағдайға тән белгілер тәрізді көрінеді. Маниакальды ступор синдромында көтеріңкі көңіл-күй фонында қимылдық тежелу болады; өнімсіз маниямен науқастарда көңіл-күйдің көтерілуі, қимылдық тежеусіздік ойлау темпінің баяулауымен жүреді.

Маниакальды және депрессиялық синдромда әртүрлі психикалық аурулардың психопатологиялық симптомдарының түзілу сатысы болуы мүмкін, бірақ типті көріністерімен тек маниакальды-депрессивті психозда бақыланады.

Қимылдық және еріктік бұзылыстар синдромдары

Кататониялық синдром кататониялық ступор немесе кататониялық қозу түрінде көрінеді. Бұл екі көрініс өздерінің сыртқы бейнесіне қарағанда өзгеше болғанымен, олардың шығу тегі бір және бір құбылыстың әртүрлі фазалары болып табылады.

Егер тежелу ми қыртысымен қатар қыртыс асты құрылымдарын қамтыса, онда кататониялық ступор симптоматикасы көрінеді. Науқас тежелген, өзін-өзі күтпейді, өзіне бағытталған сөздерге көңіл аудармайды. Кейбір науқастар қабырғаға қарап қозғалыссыз жатады, құрсақтық қалыпта иегін кеудесіне тақап, қолдары білек буынында бүгілген күйінде, аяғын бүгіп, ішіне тартқан күйінде бірнеше күн, апта, ай немесе жылдар жатуы мүмкін.

Толық емес ступорда эхо-симптомдар байқалады. Эхопраксия– басқа адамдардың қимылын көшіру, эхолалия – басқа адамдардың сөздерін қайталау. Эхосимптомдар негізінде – балаларға тән және олардың психикалық дамуына ықпал ететін еліктеу рефлекстерінің тежеусізденуі жатыр.

Бағаналық постуральды рефлекстердің босап шығуы каталепсиямен көрініс береді (балауыздық иілгіштік); науқастың қол-аяғы, денесі біреу жасаған қалыпты ұзақ уақыт сақтайды.

Негативизм көріністері бақыланады: науқас тапсырмаларды мүлдем орындамайды, (пассивті негативизм) немесе белсенді түрде қарсыласады, яғни қойылған талаптарға қарама-қарсы әрекет етеді (активті негативизм). Тілін көрсетуін өтінгенде, еріндерін қатты қысып алады, қол беруін өтінгенде қолын тартып алып, артына жасырады, тамақ әкеліп берген кезде ішпей теріс қарайды, ал тамақты аурудың алдынан алуға әрекет жасағанда ыдысқа жабысады. И.П. Павлов бұл ОЖЖ-гі фазалық жағдай деп есептеген және негативизмді ультрапарадоксальды фазамен байланыстырды. Парадоксальды фазада өте әлсіз тітіркендіргіштер өте күшті реакция шақырады. Қатты дауыспен науқасқа сұрақ қойғанда, ол жауап бермейді, ал сыбырмен айтқанда жауап қайтарады. Түнгі уақытта ОЖЖ-не сырттан келетін импульстар азайған кезде кейбір ступорозды науқастар тежеусізделеді, ақырындап қимылдай бастайды, сұрақтарға жауап береді, тамақ ішеді, жуынады; таң атқанда, тітіркендіргіштер интенсивтілігі артқанда тежелу қалпы оралады. Ступор жағдайындағы науқастарда бұл симпоматикадан басқа көріністер болмауы мүмкін, бірақ жиі галлюцинациялар, айналаны сандырақтық талқылау бақыланады. Бұл науқас тежлу жағдайынан шыққанда байқалады.

Негізгі симпоматикасына байланысты ступордың үш түрін ажыратады:

1) балауыздық иілгіштік құбылыстарымен;

2) негативисттік;

3) бұлшық еттік сіресумен.

Айтылған варианттар жеке бұзылыстар болып табылмайды, ступорлы синдромның сатылары болып табылады, олар белгілі бір ретпен науқас жағдайының ауырлауымен көрініп, бірін-бірі ауыстырып отырады

Кататониялық қозу – мағынасыз, мақсатсыз қозу, кейде моторлы сипат алады. Науқас қимылдары біртекті және қыртыс астылық гиперкинездер болып табылады; агрессивті, импульсивті әрекеттер, эхопраксия, негативизм байқалуы мүмкін. Беттің кейпі жиі қалыпқа сәйкес келмейді; кейде парамимия байқалады: беттің жоғарғы бөлігі мимикасы қуанышты көрсетеді, көзі күлімсірейді, ал аузы ызалы, тістеніп алған, еріндері қатты қапсырылған, кейде керісінше болады. Кейде мимикалық ассиметрия байқалады. Ауыр жағдайда сөйлеу жоғалады, мылқау қозу жағдайы бақыланады немесе науқас ырылдайды, мыңғырлайды, үзік-үзік сөздер, буындар, дауысты дыбыстарды айтады. Кейбір науқастард тоқтаусыз сөйлеу бақыланады. Бұл кезде сөз оғаш, жоғары жұпты, сөздік стереотипиялар, эхолалия, сөз үзілуі, вербигерация – бір сөзді екінші сөзге мағынасыз қаптастыру байқалады. Кататониялық қозудан ступорлы жағдайға немесе ступордан қозу жағдайына ауысу мүмкін.

Кататонияны люцидті және онейроидты түрлерге ажыратады. Люцидті кататония кезінде сана күңгірттенбейді, негативизмді ступор, сіресу немесе импульсивті қозу байқалады. Онейроидты кататонияда сана онейроидты күңгірттенеді.

Гебефрениялық синдром шығу тегі мен көріністері жағынан кататонияға ұқсас. Қимыл-әрекеттің, сөздердің мәнерлілігімен, оғаштығымен, алаңғасарлықпен сипатталатын қозу. Көңілділік, қисаңдау және әзілдері қоршаған ортадағы адамдарда көңілділік туыдрмайды. Науқастар келемеждейді, гримасалар жасайды, бала тәрізді сөйлейді, аунайды, билейді. Кататония мен гебефрения арасында ауысулар байқалады. Жасөспірімдерде баяу ағымды шизофрения шеңберінде кейде гебоидтылық – алаңғасарлық, жүріс-тұрыс дөрекілігі қалдықтарымен, әуестік бұзылыстарымен және ассоциальды тенденциямен көрінетін толық дамымаған гебефрениялық жағдай диагностикаланады.

Бұзылған сана синдромдары

Сана - қоршаған ортаны бейнелеудің, адамның сыртқы әлем және өзі жөнінде білімінің жоғарғы формасы. Сана тек адамзатқа тән, ол қоғамдық тұрмыстың және адамдардың ұжымдық еңбектік қызметінің тарихи дамуы нәтижесінде пайда болады. Біз тек сана арқылы қоршаған ортаны түсініп, әр түрлі әрекеттерімізді болжап, оның маңызын, мақсатын түсініп, біле аламыз. Осылайша, сана біздің психикалық қызметіміздің жеке саласы бола алмайды. Фокустағы сияқты, санада адам психикасының белсенділігі және оның әртүрлі мәні концентрацияланады. Сана айқындылығын жеке психикалық салалар түрінде емес (қабылдау, ойлау т.б.), жалпы, бүтін психикалық акт ретінде бейнелеу көрсетеді. Сондықтан галлюцинация, сандырақ, жабысқақтықтар және т.б. түріндегі психикалық бұзылыстарды, оларда бұзылған сана элементтері бола тұра заттық сана патологиясына жатқызбайды. Сана белсенділігінің өзгерістеріне деперсонализация және дереализация сияқты күрделі интеграцияланған бұзылыстар сезімтал болып табылады. Бұл өзгерістерді рецепторлық және интрапсихикалық бұзылыстар шекарасындағы патологияға жатқызады, және «өзінді сана бұзылысы» түсінігінде біріктіреді. Бұл өмірде дереализация деперсонализацияның бір түрі болып табылады, нақтырақ айтқанда аллопсихикалық деперсонализация: қоршаған ортаның жаттануы, шынайы емес қабылдануы. Соматопсихикалық деперсонализация (өз денесінің немесе бөліктерінің бөтенденуі) және аутопсихикалық деперсонализация (өз ойларының, сезімдерінің, қозғалыстарының, әрекеттерінің, өзіндік Меннің бөтенденуі).

Бұзылған заттық сана критерийлеріне мыналар жатады:

1) шындық өмірден ажырау, қоршаған ортадағы құбылыстарды дұрыс қабылдау мүмкінсіздігі немесе оларды фрагментарлы бейнелеу;

2) уақыт, орын, өзіндік тұлға бойынша бағдарлау бұзылысы;

3) ойлау анық еместігі, ситуацияны толық, дұрыс қабылдай алмау;

4) осы шақ оқиғаларының бөліктік немесе толық амнезиясы.

Сананың барлық бұзылыстарын екі топқа бөлуге болады:

1) Сана деңгейінің толық өшу дәрежесіне дейін төмендеуі,

2) Сана күңгірттенуі.

Бірінші топқа есеңгіреу, кома, сопор жатады, екінші топқа - делириоздық, онейроидты, аментивті сана бұзылыстары жатады. Күңгірттенген сана жағдайының ерекшелігі продуктивті психопатологиялық симптомның бірге жүруі болып табылады (иллюзиялар, галлюцинациялар, сандырақ т.б.). Сана бұзылуының бірінші тобында психикалық қызмет әр түрлі дәрежеде қиындайды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-14; Просмотров: 383; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.039 сек.