Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жауап: Александрович. 5 страница




Есеңгіреу - психикалық үрдістердің кедейленуімен және психиканың патологиялық өнімінсіз сана белсенділігі төмендеуінің жеңіл дәрежесі. Бұл жағдайда барлық сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдау табалдырығы жоғарылайды және жауап реакциясының жасырын (латентті) кезеңінің ұзақ болуы тән, нәтижесінде науқас тек күшті тітіркендіргіштерге жауап береді, айналадағы құбылысты қиыншылықпен, толық емес қабылдайды. Ойлау қабілеті қиындаған, науқас тек жеңіл сұрақтарды, оны бірнеше қайталағанда түсінуге қабілетті, жауаптары толық емес, біртекті, жұпыны. Айналадағы құбылыстарға қатыспаушылық, тежелу, жиі ұйқышылдық (сомнолентті жағдай) жағдайы болады. Түс көру болмайды, бағдарлау әртүрлі дәрежеде өзгерген. Есеңгіреу кезіндегі жайттарды еске түсіру қиын, үзікті немесе мүлдем еске түспейді.

Есеңгіреудің бастапқы көрінісі обнубиляция болып табылады, бұл кезде сана біресе айқындалып, біресе қарауытады.

Жағдайдың ауырлау дәрежесіне қарай есеңгіреу сопорға немесе комаға ауысады. Сопор кезінде аурумен сөйлесу мүмкін емес, бағдарлаудың барлық түрі бұзылған, тек күшті тітіркендіргіштерге қимылдық және мимикалық реакциялар сақталады. Кома кезінде сана және сыртқы тітіркендіргіштерге реакция жоқ. Есеңгіреу, сопор, кома кез-келген соматикалық және психикалық ауруларда дамуы мүмкін. Психиатриялық практикада бұл жағдай эпилепсия ұстамасынан кейін, электротырысулық және инсулиндік-шокты терапиясын қолданғанда бақыланады.

Делирий – сананың жедел пайда болатын күңгірттенуі. Бұл кезде уақыт және орын бойынша бағдарлау бұзылса да, өзіндік тұлғасын бағдарлау сақталады, иллюзиялар, сахна тәрізді көру галлюцинацияларының ағынымен, аурудың күрт қозуымен, бұл жағдайдан шыққаннан кейін бөліктік амнезиямен көрініс береді.

Делирийдің үш сатысын ажыратады. Бірінші сатысы гиперестезиямен (әсіресе есту, көру анализаторлары саласында), көңіл-күйдің өзгеруімен (сөзшеңдікпен көтеріңкі көңіл-күйден қорқынышпен, шошынумен үрейлі күйге дейін), әртүрлі айқын елестер ағыны түрінде естеліктердің жандануымен, бір орында жай таппаумен сипатталады. Делирийдің алғашқы симптомдарының бірі ұйқы бұзылуы болып табылады. Әртүрлі қорқынышты түстерден шошып ояну нәтижесінде ұйқы бұзылады. Екінші сатысында ауру көрген түсі мен шындықты ажырата алмайды, айналасындағы құбылыстарды иллюзия түрінде қабылдайды, қозу күшейеді. Үшінші сатысында, делирийдің ең жоғарғы шегінде, шындық өмір түгелдей галлюцинаторлық бейнелермен, сандырақтық оқиғалармен (жедел сезімдік және бейнелік сандырақ) алмасады, осының барлығы шынайы кеңістіктен қабылданады өтіп жатқан құбылыстардың кейіпкері науқастың өзі болып табылады.

Мазасыздық жедел аффективті-қанық қозу жағдайымен алмасады, оның мазмұны сандырақ тематикасымен анықталады: ашу-ыза, қорқыныш жағдайында науқас әлдекімге шабуыл жасайды немесе өз басын сауғалайды, жасырынады, қашуға тырысады. Науқастың патологиялық күйзелістері мен аффективті жағдайы және жүріс-тұрысы арасында гармониялы бірлік бар. Жағдай түнге қарай ауырлай түседі, ал күндіз сананың біршама айқындалу кезеңдері болады. Делирийден шығу жиі критикалы сипатта, ұйқы кезеңінен кейін болады. Болған оқиғалар жөнінде естеліктер толық емес, үзінді түрінде болады.

Делирийдің аса ауыр түрінің варианттары кәсіптік делирий немесе мусситирлеуші делирий болып табылады, бұл варианттары үшінші сатысынан кейін дамиды. Кәсіптік делирийде науқас күйзелісі мен қимыл-әрекеті өзінің мамандығына, қызметіне байланысты болады. Науқас өзін күнделікті қызмет жағдайында тұрмын деп ойлап, мамандығына байланысты әртүрлі сөздер айтып, қимылдар жасайды. Ауыр соматикалық ауруларда пайда болатын мусситирлеуші делирий кезінде қозу төсек деңгейімен шектеледі, қимылдар «тартқылау» және қармау түрінде көрінеді. Науқас үздіксіз, бәсең дауыспен, түсініксіз сөздерді айтады, үстінен көрпені ысырады, аяқтарын мағынасыз қозғалтады. Бұл жағдай бұдан әрі коматозды жағдайға ауысып, өліммен аяқталуы ықтимал.

Делирийді (мусситирлеушіден басқасын) экзогенді типтегі қатерсіз реакцияға жатқызады. Делирий соматикалық, инфекциялық ауруларда, бас-ми жарақаттарында, мидың қантамырлық патологиясында дамуы мүмкін. Алкогольді делирий өзіндік нозологиялық форма болып табылады.

Онейроид жағдайындағы науқас

Онейроид– бағдарлау және өзіндік сана бұзылысымен, фантастикалық күйзелістермен және елестермен, субъективті әлемде қабылданатын көріністермен және кататониялық симптоматикамен бірге жүретін түс тәрізді, сананың қиял тәрізді күңгірттенуі. Психипатологиялық өнім молдығы, анықтығы, галлюцинаторлы және сандырақтық жағдайлардың динамикалылығы мен ауқымдылығы арасында диссоцияция жүреді және бір жағынан, науқастың аң-таң келбетпен бір қалыпта тұрып қалуы немесе біртекті кататониялық қозу жағдайында болуы – екінші жағынан. Галлюцинациялар, псевдогаллюцинациялар және сандырақ шынайылықпен араласып, науқас және айналасындағы адамдар қатысушылар болып есептеледі. Науқас атомдық соғыс, әлем күйреуі, өзге планеталарға, басқа дәуірге орын ауыстыру күйлерін кешеді (фантастикалық сандырақ). Онейроидтың бастапқы кезеңіне аффект тұрақсыздығы тән, ұйқы бұзылады, есімнен адасып кетемін деген қорқыныш пайда болады, дереализация, деперсонализация және абдырау күшейе түседі. Сахналау және интерметаморфоза сандырағы дамуы мүмкін. Сана күңгірттенуінің жоғарғы шегінде өзіндік тұлғасына қатысты қос бағдарлау, депрессия немесе экстаз жағдайы көрініс беруі мүмкін. Өте ауыр жағдайда науқас қоршаған ортадан ажырап, жауап бермейді, шынайылықты қабылдауды тоқтатады, сана толығымен паталогиялық өніммен жауланады. Онейроидтан шыққан кезде бөліктік естеліктер болады: біршама толығырақ және ретті түрде есте сақтағандары – субъективті құбылыстар, жеткіліксіз немесе толық жойылған - шынайы құбылыстар болып табылады. Науқастық фантастикалық күйзелістермен бірге және болған жайттардың есте толық сақталуымен қоршаған ортаны толық формальды бағдарлау жағдайлары кездескен – бағдарланған онейроид. Онейроид жиі кезеңдік шизофрениямен, осы аурудың өзге формаларының өткір сатыларында дамиды; кейде инфекциялық, соматикалық, интоксикациялық, эпилепсиялық психоздарда кездеседі.

Аменция – кеңістікті, уақытты, жеке басын бағдарлау бұзылуымен, шындықты түсіну қабілетінің жоғалуымен және осы кезеңнің толық амнезиялануымен жүретін сананың терең күңгерттенуі. Аментивті күй ауыр соматикалық және психикалық зорығу, қажу фонында (сепсис, авитаминоз, ашығу) дамиды, ұзаққа созылады (апталар және айлар) және болжамы нашар. Ағымдағы оқиғаларды түсіну қабілеті жоғалады, оларды біріктіріп қабылдай алмайды алмайды. Сағатқа қарай отырып, оның тілдерін дұрыс көріп отырса да, уақытты айта алмайды. Сөздері байланыссыз, қозу шеңбері аз кеңістікті алады, мағынасыз, хаосты және бас, аяқ-қолдарын қозғалтумен көрінеді. Аффективті көріністер өзгермелі, иллюзиялар, жеке галлюцинациялар, кататониялық бұзылыстар болуы мүмкін.

Қарауытқан жағдай – терең сана бұзылысының әртүрлі ұзақтықтағы пароксизмдері, қабылдау шеңберінің кенеттен тарылуымен, осы шеңбер деңгейінде күрделі әрекеттер жасау мүмкіндігімен, қоршаған ортаны бағдарлау бұзылысымен және осы кезеңнің толық амнезиясымен жүреді. Қарауытқан жағдайларға амбулаторлық автоматизм ұстамалары жатады, бұл уақытта сана бір сәтте жоғалып, науқас автоматталған, сырттай көзге дұрыс көрінетін әрекеттерін жалғастыра Аментивті қозу береді: көшеде жүру, транспортты қолдану, қағаз бетіне қаламсаппен жазу, киім тігу. Есін жинаған кезде, ол өзінің таныс емес көшеде не істеп жүргенін білмейді, өз іс-әрекеті нәтижесіне таң қалады, не болғанын есіне түсіре аламайды. Амбулаторлық автоматизмнің ұзағырақ түрітранс деп аталады: науқас бөтен қалаға кетіп қалады, саяхат жасайды, басқа жұрттың көңілін аударатындай әрекет жасамайды. Балалық және жасөспірімдік шақта сомнабулизм («лунатизм») жағдайлары болуы мүмкін – түнгі ұйқы кезінде өте күрделі автоматтандырылған қимылдар жасау. Сана қарауытуы жағдайындағы науқас әрекеттерін басқаратын елестер шеңбері дертті өнімдерден тұрады – галлюцинация, сандырақ, жедел қорқыныш және ашу аффекті. Мұндай жағдай күтпеген жерден айналадағыларға мотивсіз шабуылдармен, қатігездікпен кісі өлтірумен, ызалы қозу жағдайымен көрінеді. Қарауытқан жағдайдан шығу оның басталуы тәрізді кенеттен болады.

Сананың қарауытқан бұзылыстары эпилепсиялық ұстамалардың эквиваленті болып табылады және тырысуларға бейім адамдарда пайда болуы мүмкін – эпилепсияда, бас миының органикалық патологиясында.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-14; Просмотров: 206; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.014 сек.