Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

КІРІСПЕ 6 страница




Адам психологиясының нәзік сырларын бақылаған А.С.Макаренко да өзінің балалармен күнделікті сөйлесу барысында дауыс ырғағына ерекше көңіл бөлген. Ұлы педогог балалармен сөйлескенде оларға әсер ету үшін дауыста эмоция мен сезімнің басым болуы керек екенін айтады. Сондықтан бастауыш сыныптарды оқытуда, түсіндіруде де әңгімеде де мұғалім дауыс ырғағын бір қалыпты сақтап, өзінің дикциясына қатты көіңіл бөлген жөн. Мәнерлеп оқуға екі түрлі шарт қойылады, олар: физикалық және психикалық. Біріншісіне оқыған кезде дұрыс тұру, демді еркін және терең алу, дауысты бір қалыпты сақтау сияқтылар, ал екіншіге дауыстың (оқытудың ритмін сақтау сөзді анық айту, бірқалыпты оқу, пауза жасау, дауыс ырғағын тыныс белгілеріне сәйкестендіру т.б. жатады (бұл жөнінде толық мәліметті үшінші тараудан қараңыз).Сөйтіп, шығарма мен мазмұндама жазу процессінің психологиялық негізі жөнінде аздап болса да мағлұмат алу – оның жүйесін жасап, әдістемелік тәсілдерінің қолайлысын таңдап алуда жол-жоба көрсетеді.

Оқушыларды мазмұндама мен шығарманың жазылуына үйретуде біз дидактиканың негізгі талаптарына сүйенеміз. Бастауыш мектептерде мазмұндама мен шығармаға үйрету жұмыстарында, басқа пәндердегі сияқты, оның ғылымилығы, теорияның практикамен байланысы, көрнекілік, саналылық, оқушылардың белсенділігін арттыру және жүйелілік пен беріктік қағидасы ескеріледі.

Біз осы еңбектің кейінгі бөлімшелерінде психология, педогогика, тіл білімі, және әдебиет тану ғылымдарының соңғы жетістіктерін басшылыққа ала отырып шығарма мен мазмұндамаға қойылатын талаптарды белгіледік. Бұл талаптар ғылыми қорытындыларға негізделгендіктен, шығарма мен мазмұндаманың да ғылыми қағидасын шешеді деп ойлаймыз.

Шығарма мен мазмұндаманың жүйелілік және оқушылардың жас ерекшелігіне сай келу эксперименттен өткен жұмыстардың бірте-бірте күрделене беруіне, сондай-ақ балалардың бұрыннан бар білімдік қоры мен дағдылығын, шеберліктерін есепке алып алдағы бағдарламалық талаптар ескеріліп жасалуында.Оқытудың саналылығы мен оқушылардың белсенділігін арттыру қағидасын сақтау мақсатында балаларды өз ойының барысын байқауға, біреудің айтқанын тыңдай білуге, айналадағы өздерін қоршаған табиғаттағы өзгерістерді бақылай білуге, нәрселер мен құбылыстарды салыстырып олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды таба білуге үйрету жұмыстары мазмұндама мен шығарманың өн бойынан орын алады.

Шығарма мен мазмұндаманы біз ана тілін үйретуде теория мен практиканың бір-бірімен ұштасуының нәтижесі, соның құралы ретінде қарадық. Өйткені объктивтік шындықты танудың диалектикалық жолы – тікелей сезуден абстрактілік ойлауға одан практикаға көшу. Практика ақиқаттың өлшемі, практика – таным процесінің шамшырағы «Әрекеттің нәтижесі дегеніміз – субъективтік танымды тексеру және ақиқат – бар объективтіліктің өлшеуі». Ендеше шығарма мен мазмұндама – теориялық білімді меңгерудің дұрыстығының өлшемі, яғни шығарма мен мазмұндама оқушылар еңбегін, балалардың өз бастарынан өткен тәжірибелері мен мектепте және мектептен тыс алған білімдерінің нәтижесін көрсетеді.

Оқушыларды шығарма мен мазмұндама жазуға үйрету барысында олар қандай дағдылар мен шеберліктер берілетіні белгіленеді. Өйткені оқушының бойында бар дағды мен шеберлікті қалайша пайдаланып, оларды жаңадан қандай дағдыларға төселдіріп, шеберліктерге үйрететінімізді біліп алмайынша, жұмыстан белгілі бір нәтиже күту қиын.

Балалар орфографикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік дағдыларға төселіп, шеберліктерін ұстартуда мазмұндама мен шығарма жұмыстары орасан зор көмек етеді. Шығарма мен мазмұндама жұмыстарының мақсатының өзі оқушылардың ой операцияларын (жалпылау, талдау, жинақтау, нақтылау, абстракциялау, даралау) жан-жақты дамыту болғандықтан, осы жұмысты іске асыру барысында кейбір процестер автоматтанып, дағдыға айналады.Шығарма мен мазмұндама жұмыстарын жүргізу барысында жасалған қорытындылар мен әдістемелік әдебиеттерде айтылған пікірлерді салыстыра келіп, оқушылардың жазба жұмыстарында жіберген қателерін ескере отырып, тұжырымдағанда, бастауыш сынып оқушылары шығарма мен мазмұндама жазу барысында мынадай педагогикалық дағдылар мен шеберліктерге үйренуі тиіс:

Мазмұндамада оқушылар оқыған мәтінді қабылдап, сол қабылдағандарын қайта жаңғырта алуға тиіс және естерінде қалған мәліметтерді өз сөздерімен жазып беруге дағдыланады, сөз тіркестерін құрау, сөйлем құрау шеберліктеріне жаттығады. Осы жұмыстың барысында бірқатар сөз тіркестері мен сөйлемдер, бейнелі сөздер автоматталып, оқушының есінде қалады, оқылған мәтінді қайта жазып беру үшін сөздер мен сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыруға жаттығады. Мұндай процесстерге жаттығу балаларды шығарма жазуға дайындайды.Шығармада ұсынылатын тақырыпқа түсініп, оның жігін ажырата алу дағдысы мен шеберлігі қалыптасады. Мысалы, «Мен қалай кезекші болдым» тақырыбы бойынша жазу тапсырылды делік. Мұнда оқушы жалпы кезекші болғанда не істеу керектігі, кезекшінің міндеті жөнінде емес, өзі кезекші болғанда не істегені жөнінде білуі қажет. Немесе, «Мен мамама көмектесемін» тақырыбы берілсе жалпы үй шаруасына балалардың қалай көмектесетіні, не істейтіні жөнінде емес, сол тақырып берілген кезде қандай шаруаға көмектескендігі туралы жазуы керектігін оқушы ажырататындай болуы керек. «Ағашты қалай отырғызады» тақырыбы бойынша жалпы қалай ағаш отырғызу жөнінде білетіндерін жазатын болса, «Біз ағашты қалай отырғыздық» тақырыбы бойынша өздерінің ағаш отырғызғанда не істегендерін әңгімелеу керектігін ажырататындай болу керек.Шығарма жазу үшін материал жазу дағдысы мен шеберлігі. Яғни материал жинау барысынада бақылаудың кейбір тәсілдеріне дағдылану, оны меңгеру шеберлігіне үйрену. Мысалы, «Үй қалай салынады» тақырыбы бойынша материал жинау барысында балалардың кейбіреуі үй ішінен сұрауы, енді біреулері кітап оқу арқылы, біреулері егер жақын жерде құрылыс болса, соның басына барып, көзбе-көз бақылау арқылы т.б. тәсілдермен бақылаулары мүмкін. Оқушылар қандай тәсілмен болса да берілген тақырып бойынша дағдылануы тиіс. Егер оқушы материал жинау дағдысына жаттықтырылмаған болса, ол шығарма жұмысында талай-талай сәтсіздіктерге ұшырайды. Сондықтан бастауыш сыныптан бастап балалар бақылай білуге, кітаппен жұмыс жасауға, суреттерді қарап бақылай білуге, экскурсия материалдарын жинақтап естерінде сақтай білуге жаттықтырылып, бірте-бірте бұл жаттығуларды дағдыға айналдыру шеберліктерін жетілдіруді іске асыра беру қажет.

Білетін, яғни жинаған, материалдарын жүйелеу алу дағдысы, шеберлігі. Бұған бастауыш сынып оқушылары алғашқы кезде мазмұндама арқылы үйретіледі. Өйткені материалдың жүйесін белгілеу, оны бөлікке бөлу, ат қойу және керісінше әңгімеде айтылатын ой жүйесіне сәйкестендіре, әр бөлікті бір-бірімен жалғастыру немесе шығарма мен мазмұндаманың жоспарын жасау кішкене балаларға оңайға түспейді. Бұл қиындықты жеңу үшін балалар алдымен дайын мәтіннің жүйесін бақылап дағдыланады, яғни қандай да болмасын, мәтіннің белгілі бір жүйе мен құрастырылатынын ұғынады, сонан соң бірте-бірте өздері көрген білгендері жөнінде әңгіме құрастырғанда да, оны әуелі жүйелеп алуға дағдыланады. Егер оқушы бұған дағдыланбаса, жинаған материалдарын қалай жазуды білмей, білетіндерін айтып берудің ретін таба алмай, еш нәрсе жазбай отырып алады, ал кейбір жағдайда отырып-отырып, мазаланып жылап жіберетін балаларда болады. Мұндай жағдайлар балаларды шығарма жазуға қызықтырудың орнына, керсінше әсер етеді де, олардың шығарма жазуға деген ынтасын кемітеді.Оқушылардың өз ойын дұрыс және түсінікті жеткізу дағдысы. Ойын дұрыс білдіру деген шығарма яки мазмұндама жазғанда белгілі тілдік норманы сақтау, әдеби тілдің ең шұрайлыларын пайдалана білу шеберлігі, сөйлемдерді бір-бірімен байланыстырып жатық тілмен жеткізе алу шеберлігі, ал ойын түсінікті білдіру дегеніміз оқушының ойын дәл, анық, көкейге қонымды болуы. Шығарма мен мазмұндама жазу барысында балалар көптеген жаңа сөздер мен сөз тіркестерін үйренеді. Олар арқылы балалардың лексикалық қоры байып, тілдері ұстарады. Мұғалім балалардың түсінігіне қиындық келтіреді-ау деген сөздер мен сөз тіркестерін түсіндіріп, тіл дамыту жаттығуларын жүргізіп отырады. Мысалы оқушылар қыс кезінде түрлі ойынды немесе табиғатты суреттеу т.с.с. тақырыпқа шығарма жазатын болса, қардың түсін бірнеше сөзбен білдіруге болатынын (аппақ қар: күміс қар, жалт-жұлт еткен қар, ақша немесе үлпілдек қар, жаңа жауған қар т.б.) көрсетеді. Мұндай дайындық жұмыстары көбінесе грамматикадан өтілетін тілдік материалға сай, грамматика, оқу сабақтарында жүргізіледі.Жазғандарын тексеру, түзету жақсарту дағдысы, шеберлігі. Бұл да біраз қиындық келтіретін күрделі жұмыс. Оқушылар мазмұндама, шығарма жазғанда көбінесе бұрын бітіріп, мұғалімге бірінші болып тапсыруға асығады да, жазғандарын қайта оқымайды, сөйтіп, жазған жұмыстарының бір-де бір сөзін, не тыныс белгісін, не әріп қатесін түзетпестен тапсырады. Бұл жөнінде мұғалімнің ескерткен сөзі де оларға әсер етпейді. Мұғалім бұрын тапсырған балалардың жұмыстарын қайтарып беріп, «оқып шығып, қатеңді жөнде» дегеннің өзінде де кей балалар жұмыстарын алып, партаның үстіне қойып, біраз айнала қарап отырады да (мұғалім қасына жақындаса дәптеріне көз салады, мұғалім алысырақ тұрса, айналаға қарап отырады), қайта тапсырады. Бұл дағды мен шеберлікке балаларды үйрету қаншалықты қиын болғанмен, жазғандарын сын көзімен қарап оқып шығып, жазу барысында түрлі себептермен (асығыстық, ойланбаушылық, ережені ұмытып қалушылық т.б.) жіберген қателерін батыл түзету дағдысын, шеберлігін бастауыш сыныптарда үйренуі тиіс.Оқушы жазған әңгімесін белгілі бір тұлғада (бастауыш пен баяндауыштың бір шақтық тұлғада келуі) баяндай білу дағдысы мен шеберлігі. Осы дағдылар мен шеберліктерге оқушыларды қалай үйрету керек? Балаларды орфографиялық, пунктуациялық, морфологиялық, синтаксистік дағдыларға бірден үйрете алмайтынымыз сияқты, бұл көрсетілген дағдылардың да барлығын бірден үйрете алмаймыз. Сондықтан бұл дағдыларды қалыптастыруда бірте-бірте бір дағдыдан екінші дағдыға сатылап көшіп отыру әдісін қолданған жөн. Мұнда тілдік дағдылар белгілі бір жүйе мен грамматикалық сабақтарда қалыптасады, ал өз ойын жүйелі баяндау дағдысы оқу сабақтарында қалыптасады.Қабылданған таныс заттары мен құбылыстарды бір-бірімен байланыстырып, бір жүйеге келтіре алу дағдысы. Мұндай жаттығулардың мақсаты – заттардың жалпы және жеке белгілеріне қарай оларды топтауға, белгілеріне қарай атауға т.б. үйрету. Мысалы, кейбір оқушылар сөздерінің арасындағы мәндік ұқсастықтар мен ерекшеліктерді айыра алмайды (пышақ, ет тартқыш т.б. ыдысқа жатқызады).

Жұмыстың бұл түріне жаттығудың мына сияқтыларын ұсынуға болады:

а) құбылыстар мен заттың суреттерін топтау (құстардың суреттерін іріктеп шығар. Балықтың, үй жануарларының т.с.с. суреттерін іріктеп ал). Жалпы бір топқа жататын заттарды атату (мысалы, сауысқан, қарға, торғай, тауық. Осыларды бір сөзбен қалай айтуға болады).

ә) Заттарды екі немесе үш топқа бөлшектеу (үй жануарлары мен тағы жануарларды бөлек-бөлек ата).

б) Көрсетілген белгілеріне қарай заттарды ата (түсі ақ, өзі тәтті – бұл не? Түсі ақ, өзі суық – бұл не? Т.б.).

в) Заттардың артығын шығарып таста: балта, ара, стол, пышақ – қайсысы артық, қалғандарын бір сөзбен қалай атаймыз?

г) Қарапайым атау. (қасық -ыдыс)

д) Ұғымдарға бөлу: ыдыстың қандай түрлерін білесің? Т.б.

е) Қарама қарсылық арқылы жалпылату: пальто-киім, ал етік ше? Терек, қарағай – ағаш ал өрік ше? Т.с.с. Мұнда балалар нақты заттардың атын білдіретін сөздерді ғана бөлшектеп, топтап үйреніп қоймай, табиғат құбылыстарын білдіретін сөздерді (көктем, жаз, күз, күн, түн, іңір, таң сәрісі, жел, найзағай т.б.) де, дерексіз ұғымдарды да (мейірім, сағыныш, тереңдік, оқу, жазу, жүгіру т.б.) топтауға үйренулері қажет.

Осы аталған жаттығуларды шығарма жазуға дайындалу барысындағы жұмыстарымен қалай ұштастыруға болады? Балаларға мазмұндама немесе шығарма жаздыру үшін, олардың бойында қалыптасқан дағдылар мен шеберліктер есепке алынады. Мысалы шығарма жаздыруға «Ұмытылмайтын күн» т.с.с тақырыпты ұсыну үшін, осы тақырыпты ашуға қажетті дағдылар балалардың бойында қалыптасқан ба, жоқ па – соны анықтау керек. Өйткені бұл тақырып бойынша шығарма жазу үшін, фактілерді іріктеп, оны жүйелей алатындай, ол күннің басқа күндерден ерекшелігін көрсету үшін бейнелі сөздер тауып, әсерлі сөйлем құрастыра алатындай шеберліктері қажет. Немесе «Мен жексенбі күні не істедім?», «Балалар жексенбі күні не істеді?» сияқты тақырыптар оқушылардың бойында тақырыпқа түсініп, оның жігін ажыратаалу дағдысы қалыптасқан кезде ғана ұсынылады. Яғни бірінші тақырып бойынша балалар жексенбі күні өзінің не істегенін жазуға тиіс болса, екінші тақырып бойынша, барлық балалардың не істеу керек екендігін жазу айыра алатындай мүмкіндікте болуы қажет.

Мұғалім бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктеріне сай, педогогикалық талаптарды басшылыққа ала отырып, оларды шығарма мен мазмұндамаға үйретуде қандай лингвистикалық негіздерге сүйенеді?

 

Мазмұндама мен шығарма жұмыстарының әдістемесі үшін, грамматиканың, әсіресе жай сөйлем мен құрмалас сөйлем синтаксисінің маңызы өте зор. Өйткені жай сөйлем синтаксисі жеке ұғымдарды білдіретін сөздердің тіркесін, сөйлем болу жолдарын тексерсе, құрмалас сөйлем синтаксисі жеке ойды білдіретін жай сөйлемдердің өзара тіркесін, құрмалас сөйлем болуын тексереді.Сөйтіп бірінің объектісі сөз тіркесіне байланысты болса, екіншісінің объектісі сөйлемдер тіркесіне байланысты. Сондықтан сөз тіркесі мен сөйлемдер арқылы жүргізілетін жұмыстың әдістері де тіл білімінің осы бөлімінде белгіленеді, яғни сөздердің дұрыс қиысып, меңгеріліп, сөйлем құрауы, сөйлемдердің дұрыс байланысып құрмаласуы, ойды анық, түсінікті түрде білдіру үшін, бірыңғай мүшелердің қолданылатыны, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі т.б. осы бөлімде қарастырылады.

Алайда мазмұндама мен шығарма жазуға үйрету үшін, жай сөйлем мен құрмалас сөйлем синтаксисін біліп қою жеткіліксіз. Өйткені жұмыстың бұл түрінде жеке-жеке сөйлемдер құрастырылып қана қоймайды, сонымен қатар тұтас мәтін жасалады.

Мәтін белгілі бір оқиғаны баяндайды, сондықтан ондағы әртүрлі жағдайларға, мақсатқа, айтушы яки жазушының көңіл-күйіне қарай, әр сөйлемнің құрылысында, сөз қолдануында ерекшеліктер болады. Осыған орай тұтас мәтін синтаксисі келіп шығады. Тұтас мәтін синтаксисі стилистика және әдебиет тану ғылымдарымен байланысты. Стилистика сөздердің қолданылу заңдылықтарын, сөздер мен сөз тіркестерін экспрессивтік тұрғыдан дұрыс пайдалану қағидаларын зерттейді, тіліміздегі бейнелегіш құралдарды топтастырып, олардың стильдік қызметін, қолданылу заңдылықтарын көрсетеді. Ойды мәнерлеп жеткізу үшін морфологиялық формаларды (тұлғаларды) қандай жағдайда, қалай қолдануға болатынын қарастырады, яғни сөздердің, олардың нұсқаларының (синонимдердің) ішінен сөйлеу не жазу арқылы жеткізілетін ойдың эмоционалды, экспрессивті реңін білдіре алатындарын сұрыптап қолдану қағидаларын зерттейді. Стилистиканы білу сөйлеуде яки жазуда кеткен қателерді байқап, оларды болдырмау шараларын жасауға көмектеседі, жазуға дайындалу барысында сөздермен, сөйлемдермен және тұтас мәтіндермен істелетін жұмыстарды дұрыс жолға қоюға септігін тигізеді. Оқушыларды тұтас мәтінді құрастыру барысында тек сөйлемдерге байланысты жұмыстармен шектелмейді. Олар енді құрмалас сөйлем синтаксисінің аясынан асыңқырап, тұтас мәтін компоненттерімен жұмыс істейтін болады. Мұнда дұрыс құрылған сөйлемдердің арасында өзара толық байланыс болуы қатты қадағаланады. Өйткені сөйлемдер қатары сындарлы тізіліп, әрі мағыналық, әрі синтаксистік сымбаттылығы сақталмаса, жазылған мәтінде көрік те түсінік те болмайды.

Сөйтіп тұтас мәтін құруда жүйелілік, сөйлемдер арасындағы грамматикалық мағыналық байланыстарды сақтау қағидаларының маңызы зор.

Бұл айтылғаннан шығарма мен мазмұндама жаздыруда бастауыш мектеп оқушыларын ғылымның осы салаларының теориялық қағидаларымен таныстыру керек деген ұғым тумасқа тиіс.

Алайда шығарма мен мазмұндама жаздыру процесінде тұтас мәтін синтаксисінің талаптарын мұғалімнің өзі жақсы білуі қажет, өйткені ол оқушылардың жазу тіліндегі байластылықты, жинақтылық пен дәлділікті сақтауға көмектеседі.

Шығарма мәселесінде ең алдымен тақырыптың ішкі мағынасы мен оны қалай ашу ерекшелігіне түсініп алмай, жазуға кірісуден нәтиже шықпайтыны жөнінде жоғарғы сыныптарда шығарма жаздыру әдістемесін зерттеуші Е. Дайрабаев былай дейді: «Тақырып – талдап, талқыланылатын мәселенің қысқаша атауы. Сырттай қарағанда осылай көрінгенімен, оның ішкі мағынасы тереңде жатыр. Өйткені тақырып шығармада жан-жақты айқындалып, ашылуға тиісті пікірлер негізінде белгіленеді. Олай болса, тақырып бір басқа, ал талдап талқыланған мәселе екінші басқа болып жүрмес үшін, оқушыны шығарма жазуға үйрету кезінен бастап, тақырып қойып отырған талап және сол талапқа байланысты негізгі пікір түйінін ажырата білуге дағдылануы шарт. Тақырып қойып отырған талапты мейілінше ұғынып, оны әбден түсініп алмайынша, шығарма жұмысына кірісуге болмайды. Тақырыптың әрбір сөзін саралап, оны зердесіне әбден қондырмай тұрып жазған шығармадан оқушы өз сыбағасын ала алмайды. Тіпті өзінің бойындағы бар мүмкіндігінде пайдалануға да шамасы келмейді. Міне тақырыпты ашып көрсету оған автордың қалай түсінгеніне байланысты екен. Олай болса, оқушыларды шығармаға үйретуде тақырып таңдап ұсыну, оны балалардың меңгеруін қамтамасыз ету бірінші орында тұрады.

Қорытынды: 1) мұғалім мазмұндама, шығарма жұмыстарын ұйымдастыру үшін граматиканың жай сөйлем синтаксисі мен құрмалас сөйлем синтаксисін және тұтас мәтін синтаксисін, сондай-ақ стилистиканы жете білу керек; 2) тілдің тұтас мәтін синтаксисі мен стилистика салалары жөнінде педучилище оқулығында берілген мағлұматтарға сүйене отырып, шығарма жазу үшін ұсынылатын тақырыптарды оқушылардың жасына лайықты, нақты болу жағын қарастырып іріктеп ала білу керек.

 

 

2.2 Қазақ тілін оқыту әдістерінің жалпы сипаттамасы

Білім беру әдістеріне педагогика теориясында: «...Білім беру әдістері оқушылардың білім мен білігін, олардың практикалық дағдысынқалыптастыру жолындағы мұғалімнің жүргізетін жұмыстарының тәсілі және оқушылар жүргізетін жұмыстыңмұғалімнің басшылығымен орындалатын тәсілі» деген анықтама берілген.

Әдіс - белгіленген оқу мақсатына жету үшін мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу тәсілі немесе мұғалімнің оқушыларды білім және білікпен қаруландыратын құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы, ал тәсіл - әдісті құрайтын әлементтер. Оқыту әдісі - оқытудың мақсатын, міндеттерін, шет тілін оқытудың мазмұнын тудыратын және оларға жетудің оқыту кезеңдері мен шарттарына сәйкес тәсілдерін айқындайтын оқытудың бағыты. Әдіс – ілім, зерттеу жолы, көздеген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Оқыту әдістері білімдік, тәрбиелік, дамытушылық, уәждемелік қызмет атқарады, сондықтан әдістерді сабақтың дидактикалық мақсаттарына сәйкес тиімді қолдана білудің маңызы зор.

"Балалар әдебиетінің атасы" атанған Ыбырай Алтынсарин "Қазақ хрестоматиясы" және "Қазақтарға орыс тілін оқытудың қолданбасы" деген еңбегінде әңгіме әдісін қазақ мектебінде алғаш рет қолданды. Ол тіл игертуді грамматикалық ережеден емес, сөзді үйретуден бастады. Ы.Алтынсарин мектебінің балалары жаттауды ерте бастаған. Ұстаздың "Кел, балалар, оқылық!" деген өлеңін жатқа білмеген бала болмаған. Ондағы сөздердің оралымды, рифмге құрылуы, логикалық байланысының болуынан өлеңнің әрбір жолы тілге өзі оралып жатады. Оның әңгімелерінде тарихи материалдар мен салыстыру әдісі көп. ЫАлтынсарин қоғамды, адам мінезін оқу-білім арқылы ғана түзетуге болады деп сенеді.

А.Байтұрсынов өзінің "Қай әдіс жақсы" мақаласында: "Әдіс - керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай. Мәселен, сауаттау әдісін алсақ, бір жұрттың сауаттау ісіне қолайлы болған әдіс екінші жұрттың да сауаттау ісіне қолайлы, оларға тиіс деп айтуға болмайды. Екеуінің тілінің заңы, емлесінің жүйесі бірдей болса, біріне қолайлы болған әдіс екіншісіне де қолайлы болуы мүмкін. Егер де тілінің заңы, емлесінің немесе әрпінің жүйесі басқа болса, онда біріне жақсы болған сауаттау әдісі екіншісіне де жақсы болады деп ешкім айта алмайды"- дей келіп, дыбыс әдісі мен тұтас сөзді әдістің қайсысы қазақ тіліне көбірек керек деген мәселені мысалдар келтіре отырып береді де, осы екеуінің біріншісі (дыбыс әдісі) жақсы деп қорытады. Сонымен бірге ғалым жалқылау және жалпылау әдісі туралы өз ойларын ортаға салады. Жалқылау әдісін (айырыңқы) қай елдер бірінші қолданғаны туралы мағлүмат береді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-13; Просмотров: 1172; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.027 сек.