Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Егер мен сынып жетекшісі болсам» эссе жазу. 4 страница




Ø Мектептің 3-5 жылға арнлаған перспективалық жоспары;

Ø Мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспары;

Ø Әдістемелік және сыныптан тыс жұмыстардың тоқсандық жоспары;

Ø Қоғамдық ұйымдардың жоспары.

Мектептегі тәрбиежұмыстарының негізгі бағыты оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту, сол арқылы олардың өмірдің маңызды жақтарына қатынасын қалыптастыру:

— адамның табиғатпен өзара үйлесімді қарым-қатынас ортасы (ноосфера);

— қоғамдық қатынастар аясы (адамгершілік, құқықтық, экономикалық, өндірістік, т.б. – әлеуметгік ортасы);

— психологиялық орта (саналылығы, тәртібін дұрыс басқара білу, ойлаудың интуициялық механизмдері, табиғи болмысы, дарыны, қабілеті, т.б.).

Сыныптағы тәрбие жұмысын барлық сынып жетекші ұйымдастырады және жүргізеді. Ол сыныптағы оқушылар ұжымын топтастырады және тәрбиелейді, сыныптың оқу жоспарына жауап береді. Сынып жетекшісінің негізгі міндеті-оқушылар ұжымын ұйымдастыру мен тәрбиелеу, оқушыларды сыныптан тыс оқу, тәрбиелік іс-әрекеттің әралуан түріне тарту. Оның назары, сыныптағы оқу жұмысын ұйымдастыру, білім сапасын арттыру мәселелеріне де көбірек көңіл бөліп отырады.

3. Жоспар бір күннің немесе бір оқу жылының нәтижесі емес. Бала тәрбиесі қиын болса, оны қоғамның, жеке тұлғаның талабымен ұйымдастыра құру одан да қиындық туғызады. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінен ерінбей, талай ұзақ мерзімді зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Жоспар жарты жылға не тоқсанға арнап жасалынады. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары – міндетті педагогикалық құжат. Жоспар – оқушылар ұжымының айнасы. Ол сынып жетекші мен оқушылар ұжымының бірлесе атқаратын жұмысын айқындайды.

Мектепте ұйымдастырылатын тәрбие жұмысының негізгі формасы - сынып немесе тәрбие сағаты. Сынып сағаты - оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда, талғамдарын тәрбиелеуде, мінез-құлықтарын қалыптастыруда, елжандылығын тәрбиелеудегі негізгі жұмыс формасы болып табылады. Сынып сағаты аптаның белгілі бір күні өтеді.Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарына сәйкес ұйымдастыру формасы мен әдісі таңдалады. сынып сағатын дайындау жұмысына оқушыларды қатыстырған маңызды. Оқушылар қабырға газетін шығарады, альбом дайындайды, өткізу орнын әзірлейді, бағдарламасын құрады.

Сынып сағатын іш пыстыратын бірқалыпта өткізбей, алдын-ала балаларды не қызықтыратынын зерттеп білген дұрыс. Ол үшін сұрау, сауалнама жүргізуге болады. Тәрбие сағатын ұйымдастырудың әртүрлі жолдары бар:

1. Пікірталас

2. Әңгіме

3. Саяси хабарлама

4. Үйірмелер мен клубтар

5. Конференциялар

6. Кездесулер

7. конкурстар

8. Сынып жиналысы

Пікірталастың мақсаты оқушыларды ұжым болып пікір таластыруға, пікір алмасуға, өз ойларын нақты жеткізе білуге, өз бетінше ойлай білуге үйрету. Пікірталас табысты өтуі үшін алдын-ала дайындық жасалады: пікірталас өтетін күні, тақырыбы мен жоспары, талқыланатын сұрақтар, өтетін орны анықталады. Пікірталасты жүргізушілерге де үлкен мән беріледі. пікірталастың ережесі жасалады.

Әңгіме ең жиі қолданылатын формалардың бірі, әсіресе этикалық тақырыптар жиі қоданылады. Мұғалім үнемі өзі сөйлемей, оқушыларға да сөйлеуге мүмкіндік бергені жөн. Әңгіменің тақырыбы, мазмұны оқушыларды қызықтыратындай, әрі көкейкесті болуы керек. Әңгіме барысында өмірден мысалдар келтіруге болады.

Саяси хабарлама оқушыларды еліміздегі және шетелдегі маңызды оқиғалармен таныстырады.

Үйірмелер мен клубтарға оқушылар қызығушылықтарына қарай қатысады.

Конференциялардың оқырмандар конференциясы және тақырыптық конференция деген түрлері бар. Оқырмандар конференциясы белгілі бір жазушының шығармашылығымен танысуға, оқылған кітапты талқылауға бағытталады. Оқырмандар конференциясы оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін, оқуға деген қызығушылығын тәрбиелейді, оқылған кітапты талқылауға, бағалауға, пікір айтуға үйретеді.тақырыптық конференция белгілі бір нақты тақырыпқа арналады. Онда бірнеше баяндамалар тыңдалып, талқыланады. Конференциялар өтетін орын алдын ала дайындалып, безендіріледі. тақырыпқа сай қанатты сөздер ілінеді, қабырға газеттері шығарылады, кітап көрмесі ұйымдастырылады.

Кездесулер еңбек, соғыс ардагерлерімен, атақты адамдармен өткізіледі. Сынып жетекшісі алдын-ала қонақпен кездесіп, оған кездесудің мақсатын, бағытын, оқушылардың жасы мен ерекшлеліктерін айтады. Сол сияқты оқушылардың қызығушылығын оятып, қонақ жайында құнды мәлімет береді. Кездесу уақыты, орны дайындалады.

Конкурстар оқушылардың ой-өрісін, тапқырлығын, қабілеттерін жетілдіреді, жауапкершілігін дамытады, белсенділігін арттырады. Алдын-ала конкурстың түрі, қатысушылар, оларға қойылатын шарттар, қазылар анықталып, жоспары құрылады, сұрақтар мен тапсырмалар дайындалады.

Сынып жиналысы - оқушылардың өзін-өзі басқаруының жоғары органы болып табылады. Оның негізгі міндеті - сынып өмірін ұйымдастыруға қатысты негізгі мәселелерді шешу. Сынып жиналысында сынып белсенділері тағайындалады, оқу, спорт, мәдени секторлар тағайындалады, ұжым алдында тұрған міндеттер талқыланады. Сынып жиналысының хаттамасы толтырылады:

Сынып жиналысының хаттамасы

Күні, айы, жылы

Кімдер қатысты....................................................................................................

Тақырыбы...........................................................................................................

Немесе

 

Күн тәртібі:

1).............................................................................................................................

2)..............................................................................................................................

3)..............................................................................................................................

Жарыс сөзге қатысқандар:

Қабылданған шешім:

Төраға:..................................../

Хатшы:..................................../

Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары - міндетті педагогикалық құжат. Жоспар оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі түрде ықпал етеді. Тәрбие қиын да күрделі процесс. Егер жоспар болмаса, тәрбие процесінде көптеген қиыншылықтар туады.

Тәрбие жұмысын жоспарлағанда төмендегі педагогикалық талаптар ескеріледі:

а) Сыныптан тыс тәлім-тәрбие жұмысы оқу ісінің логикалық жалғасы;

ә) тәрбие жұмысының жоспары тәрбиенің мақсаты мен міндеттеріне, бағыттарына сәйкес келуі;

б) тәрбие жұмысы оқушылардың талап-тілектеріне сәйкес келуі;

в) тәрбие жұмысы жоғары идеялық-құқықтық, ғылыми дәрежеде, шебер сынып жетекшісінің басшылығымен өткізілуі;

г) тәрбие жұмысында оқушылардың жас және дербес ерекшеліктері, білімі мен тәжірибесі, қызығушылығы ескеріледі;

Тәрбие жоспары бір жылға, жарты жылға немесе тоқсанға арналып жасалады. Оның негізінде сынып жетекшісі айлық не апталық жоспар құып алады. Бұлай істеу жұмыстың тиімділігін арттырады.

Тәрбие жұмысының жылдық үлгі жоспары:

o Сынып жайлы жалпы мәлімет: сынып, белсенділер, тәртібі, оқу үлгерімі, қабілеттері, отбасы жағдайы, тұрғылықты мекен-жайы,туралы қысқаша сипаттама.

o Өткен оқу жылындағы шараларға қысқаша талдау.

o Жаңа оқу жылына мақсат пен міндеттерді анықтау.

o Атқарылатын тәрбиелік шаралар:

 

р/с Жұмыстың мазмұны мен бөлімдері Мерзімі Жауаптылар
         

Тәрбие жұмысының апталық үлгі жоспары

 

Күндер Сыныппен жұмыс Белсенді оқушылармен жұмыс Жеке жұмыс Пән мұғалімдерімен жұмыс Ата-аналармен жұмыс
             

 

Бақылау сұрақтары:

1. Мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері қандай?

2. Тәрбие сағатының формаларына тоқталыңыз

3. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары қандай мерзімдерге жасалынады?

4. Тәрбие жұмысын жоспарлағанда қандай педагогикалық талаптар қойылады?

Әдебиеттер тізімі:

6. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007.

7. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995.

8. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999.

9. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998

10. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004

1. Б.И.Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004.

2. С.Нұрмағанбетов, Р.Овчиникова. Мектептегі кластан тыс жұмыстар. –

Алматы, 1969.

3. М.Көпжасарова. Оқушыларды кластан тыс жұмыстарда тәрбиелеу. –

Алматы, 1978.

4. Н.Санғысбаев. Мектептен тыс мекемелердің іс тәжірибесінен. –

Алматы, 1972.

5. Оқушыларды сабақтан тыс уақытта тәрбиелеу. – Алматы, 1975.

6. Е.Әбдразақов. Класс жетекшілері үшін тәрбие жұмысын жоспарлаудың

үлгі нұсқасы. / «Қазақстан мектебі», 4-5/1994.

7. Планирование воспитательной работы в классе. Метод. пособ. / Пед.ред

Е.Н.Степанова, - М., 2000.

Тақырыбы: Сынып жетекшісінің қызметі.

Жоспары:

1. Сынып жетекшісі қызметінің мақсаты.

2. Сынып жетекшісі қызметінің міндеттері.

3. Сынып жетекшісі қызметінің мазмұны.

Лекция мақсаты: Сынып жетекшісі қызметінің мақсаты, міндеттері және мазмұнына тоқталу, талдау жұмысын жүргізу.

Лекция мәтіні (қысқаша):

Сынып жетекшісі қызметінің негізгі мақсаты - мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау, сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай жасау.

Сынып жетекшісі қызметінің негізгі міндеттері:

1. Сыныптағы оқушылардың талап-тілектерін, мүдделерін, жеке басының еркшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.

2. Оқушылардың бейімділігін анықтап, олардың саналы ұжымға ұйымдастыру.

3. Сыныптағы пән мұғалімдері, ата-аналар, мектеп әкімшілігінің оқушыларға қоятын талаптарының бірлігін үйлестіру.

4. Оқушыларды тәрбиелеуде мектеп, отбасы және жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.

5. Оқушылардың ата-анасымен үнемі байланыс жасап, бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.

6. Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.

8. Тәрбиенің тұтастығын, жүйелілігін қамтамасыз ету.

9. Ұлттық тәрбиені қолдану.

Қазақстанда сынып жетекшісінің қызметі барлық Кеңестік Үкіметтегі сияқты 1934 жылы енгізілді. Сынып жетекшісінің қызметі мектеп жарғысымен (Устав) анықталады. Сынып жетекшісі – кәсіптік даярлығы, арнайы білімі бар, өз пәнін,тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерін терең білетін, практикалық дағдысы мен іскерлігі қалыптасқан, өмір сүріп отырған қоғамын, халқын сүйетін, оның әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жан-жақты білетін, мінез-құлқы оңды қалыптасқан адам болуы керек. Сынып жетекшісі – оқушылармен, ата-аналармен, педагогтар ұжымымен, жұртшылықпен тіл табысуға міндетті. Сынып жетекшісінің педагогикалық шеберлігінің құрамына педагогикалық, психологиялық, әдістемелік білімінің, эрудициясының, өрісінің болуы, кәсіптік қабілетінің (көрегендік, ұйымдастырушылық, іскерлік, дербестік) дамығандығы, ғылыми хабардың бастауы бола білуі, өзін-өзі ұстау мәнерінің беріктігі жатады.

Сынып жетекшісінің қызметін үш бағытта қарастыруға болады:

1. Педагогикалық және әлеуметтік-гуманитарлы.;

2. ұйымдастырушылық;

3. Оқушылардың жалпы әрекетін басқару;

Сыныптың тәрбие жүйесін құру мен модельдеу жоспары

Жұмыстың негізгі бағыттары қыркүйек қазан қараша желтоқсан
1. Сынып оқушыларын, олардың қарым-қатынасын,бір-бірімен тілдесуін, сыныптағы әрекетін зерттеу        
2. Сынып қауымдастығының тіршілік әрекетін, келешегін, мақсат, міндеттерін жобалау, бағытын анықтау        
3. Сыныпты ұжым ретінде қалыптастырудағы, топтастырудағы, дамуға қолайлы орта құрудағы біріккен әрекет        

Сынып жетекшінің сыныптың тәрбие жүйесін құруда қолданылатын әдіс-тәсілдері мен әрекет түрін келесі кестеде көрсетілген:

Әркеттің негізгі бағыттары Міндеттері Міндеттерді жүзеге асыру құралдары
Сынып оқушыларын, олардың қарым-қатынасын,бір-бірімен тілдесуін, сыныптағы әрекетін зерттеу 1. Сынып оқушыларының қызығушылығын,қажеттілігін, икемділігін,басқа жеке ерекшеліктерін зерттеу 2.Сыныптың ұжым ретінде қалыптасу деңгейін, бір-бірімен қалыптасқан өзара қарым-қатынас жаңдайын анықтау 3. Сыныптың жалпы тіршілігіне қатысы бар ата-аналардың,басқа да адамдардың тәрбиелеу мүмкіндіктерін анықтау 4.Тәрбие жұмысының әсерін, тиімділігін анықтау. 1. Сауалнама,танымдық-дамыту ойындары, қоғамдық белсенділігін, шараларға қатысу себебін зерттеу әдісмемесі,қызығушылығы мен әуестігінің картасын құру. 2.Танысу, өзінің қабілетін, мүмкіндігін ашуға бағытталған сынып сағаттары 3.Социометрия әдісі арқылы сынып белсенділері мен қамтылмай қалған оқушыларды,жалпы сыныптың ұжым ретінде қалыптасу деңгейін анықтау классе. 4.Сыныптың шығармашылық бірлескен әрекеттері (танымжорық, мерекелер, қойылым дайындау т.б) 5.Тест, сауалнама арқылы оқушылар мен ата-аналардың сыныптың тәрбие жұмысымен, жалпы тіршілігімен қанағаттану деңгейін анықтау.
2. Сынып қауымдастығының тіршілік әрекетін, келешегін, мақсат, міндеттерін жобалау, бағытын анықтау 1. Сынып ішіндегі күнделікті әрекетті,тіршілікті оқушыларға жағымды етіп ұйымдастыру арқылы сынып бейнесін қалыптастыру 2. Мектептің тәрбие кеңістігінде сыныптң орнын анықтау. 3. Сынып ұжымының дамуында қоршаған ортаның жағымды әсер ету мүмкіндіктерін анықтау 1.Оқушыларды ұйымдастыру, әрекетке баулу ойындары.Ұжымдық-шығармашылық шаралар. «Мен оқығым келетін сынып» атты жобалар мен идеялар байқауы. 2.Қызығушылық,әуестікті дамытатын ойындар.Ата-аналар жиналысы «Мектеп + отбасы + балалар =?», Сыныптың ережесін қабылдау, рейтинг көрсеткіштерін әзірлеп, шығару.
3.Сыныпты ұжым ретінде қалыптастырудағы, топтастырудағы, дамуға қолайлы орта құрудағы біріккен әрекет 1. Сыныптың ішінде эмоционалдық- психологиялық жағымды ортаның қалыптасуына атсалысу 2.Сынып ұжымында тәрбие жүйесінің үлгісін байқап көру. 1. Танымжорықтар, мектептен тыс мекемелермен біріккен әрекеттер, Сынып белсенділеріннің жұмысын ұйымдастыру, қортындылау. 2.Сайыстар мен байқауларға қатысу. 3. Қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру,қатысу. 4.Қоғамдық маңызы бар әрекеттерге белсене қатысу

Тәрбиелеу мақсаты: Жан-жақты үйлесімді дамыған, әлеуметтік бағытталған, дұрыс шешім қабылдай алатын тұлғаны тәрбиелеу.

Әртүрлі жастағы балалар үшін басты әлеуметтік құзыреттілік негізіндегі тәрбие мақсаттары:

Оқушылар дың әлеуметтік құзыреттілік тері   1-4 сынып   5-7 сынып   8-9 сынып   10-11 сынып
Танымдық Қызығушылық,құмарлықты дамыту Танымдық қызығушылық,ықыласты дамыту Танымдық белсенділікті дамыту Танымдық белсенділікті қалыптастыру
Қоғамдық Мектеп пен отбасына сыйластықты дамыту Адамдарға сыйлыстықты, қадірлеуді дамыту Қоғам мен билікке құрметті дамыту власти Азаматтық ұстанымын қалыптастыру
Еңбек Еңбексүйгіштікті дамыту Еңбекке қызығушылықты дамыту Еңбекке қажеттілікті дамыту Кәсіби өз орнын табуға дайын болу қабілетін қалыптастыру
Экологиялық Табиғатқа ұқыпты қарауды дамыту Экологиялық сауаттылықты дамыту Экологиялық мәдениеттілікті дамыту Экологиялық қажеттілікті,мұқтаждықты қалыптастыру
Көркемдік Сұлулық сезімін дамыту,баулу Көркемдік талғамды дамыту Көркемдік мәдениеттілікті дамыту Ақиқатқа, болмысқа көркемдік қарым-қатынасты қалыптастыру
Жеке дара «Мен - адаммын» ұғымын дамыту «Мен - тұлғамын ұғымын дамыту Өзін-өзі және өзара сыйластықты дамыту Жеке дара және дүниеге көзқарасын қалыптастыру арқылы өз болмысын анықтау

 

Тәрбие жүйесін тиімді жүзеге асыру шарттары:

· Әрекет пен шаралардың жүйелілігі,оқушыларды өз бетімен әрекет етуге бағыттау, тұлғалық жақтарын дамыту;

· Жұмыстағы жүйелілік, мақсатқа бағытталғандық, әрдайымдық оқушының рухани-адамгершілік, тұлғалық дамуының қайнар көзі;

· Қолданылатын әдіс-тәсілдерің әртүрлілігі,тиімділігі жоғары нәтиже мен оқушылардың дүниетанымын қалыптастырып, тәрбие деңгейін артырады,оқушы дамуының түрлі жолдарын қарастыруға көмектеседі.

Бақылау сұрақтары:

1. Сынып жетекшісі қызметінің мақсаты қандай?

2. Сынып жетекшісі қызметінің міндеттері.

3. Сынып жетекшісі қызметінің мазмұны.

4. Сынып жетекшісінің сыныптың тәрбие жүйесін құруда қолданатын әдіс-

тәсілдері мен әрекет түрі.

5. Тәрбие жүйесін тиімді жүзеге асыру шарттары қандай?

Әдебиеттер тізімі:

1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007.

2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995.

3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999.

4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998

5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004

1. Концепция этнокультурного образования в РК. А. 1998.

2. Ақназаров Б.А. Класс жетекшісі. А. 1973.

3. Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. А. 1978.

4. Ілиясова Н.А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі /14-лекция/ А. 1991.

5. Синица И.И. Педагогический такт и мастерство учителя.

6. Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Воспитательная работа в современной школе. Ростов-на-Дону. 2000.

7. Макарченков В. Поиски и находки новых методов воспитания и

обучения. Білім-Образование. №1, 2001, стр 72-76.

8. Б.И.Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004.

9. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. – Алматы, 1978.

10. М.Асқарова. Оқушылардың ғылыми материалистік көзқарастарының

қалыптасуы. – Алматы, 1976.

Тақырыбы: Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері.

Жоспары:

1. Сынып жетекшісінің оқушылар ұжымын тәрбиелеу.

2. Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білу жолдары.

3. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары және оны ұйымдастыру.

Лекция мақсаты: сынып жетекшісінің оқушылар ұжымын тәрбиелеу, танып білу жолдары мен оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары және оны ұйымдастыру жолдары туралы мәлімет беру, талдау жұмысын жүргізу.

Лекция мәтіні (қысқаша):

1. Оқушылар ұжымы деп - ортақ әлеуметтік маңызы бар мақсатқа біріккен, соған сай белсенді әрекет ететін және ортақ сайланбалы ұйымы бар, барлық мүшелерінің құқақтары мен міндеттері бірдей және өзара жауапкершілікке негізделген оқушылар тобын атаймыз. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажетті қоғамның біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды. Оқушылар ұжымы – баланың өмірін, оқуын, еңбегңн, жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы.

2. Оқушылар ұжымы деген атау – ұжым, оқушы, бала, оқушы балалар ұйымы, мектеп, тәрбие атауларымен тығыз байланысты отырып, педагогикалық зерттеулерде жиі қолданылады. Оқушылар ұжымының дамуының бірнеше кезеңдері бар:

Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан да мұғалім сынып өмірін ұйымдастыратын өмірді талап қоюдан бастау керек. Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі – оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, оларды әр түрлі іс-әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 8857; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.1 сек.