Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Егер мен сынып жетекшісі болсам» эссе жазу. 9 страница




22. "Достық" бағытында - мұғалім-педагогтар мен оқушылар егеменді тәуелсіз қазақ мемлекетінің дамуы мен гүлденуіне өз күш-қайратын, жігерін қосқан туысқан ұлт өкілдері - И.Татишев, Г.Потонин Л.Хамиди және басқа адамдардың өмірлері мен қызметтері туралы терең оқып танысады. Тұрғылықты жерлерде интернационалдық бағыттағы істерді жандандыруға ат салысады, ұлттық мәдени орталықтармен жан-жақты тығыз байланыс орнатып,шығармашылық жұмыстар жүргізеді.

23. "Ардагер" бағытында - блалалар мен ересектер бірінші дүниежүзілік соғыстың, революцияға дейінгі кезеңдердегі патшалық Ресейдің отаршылдық және миссионерлік саясатына қарсы күрескен ұлт-азаттық қозғалыстың ардагерлері, репрессия құрбандары, Ауғаныстан оқиғасы, Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының репсессия құрбандары туралы керекті материалдар жинап, оларды насихаттау жұмыстарын жүргізеді, мұражайға көмектеседі.

24. "Ою-өрнек" бағытында - мұғалімдер мен оқушылар ұлттық ою-өрнектердің өзіндік және қайталанбас зергерлік айшықтарымен, олардың ой-түйін, мән-мағыналарымен, этнографиялық өзіндік үрдіс өрнектерімен, халық ісмерлері шеберліктерімен терең танысып, насихат жұмыстарын жүргізеді, мектеп мұражайына үлкен көмек көрсетеді.

25. 26. «Ата – ана» бағытында – мұғалімдер – педагогтар мен оқушылар тұрақтылықты жерлерде ата – аналармен, қоғамдық ұйымдармен, ауқымды шығармашылық жұмыстар жүргізеді, қазақ әулетінің отбасы, ошақ қасынынң жас ұрпақ тәрбиесіндегі өзіндік мәні бар психологиялық – педагогикалық ерекшеліктермен танысады, мектеп жанынан әке – ана ене, әже, женгелер тәрбиесі, үйірмелерін ашады.

27. "Шариғат-Құран" бағытында - балалар мен ересектер ғасырлар бойы өскелең жас ұрпаққа ауқымды тәрбиелік ықпал еткен қасиетті Құран кітабының тәрбиедік мәселелерімен терең оқып танысады, оның басқа діни нанымдармен байланыстығы мен ұқсастығына назар аударады. Тұрғылықты жерлерде діни-философиялық тақырыптарда пікірталас ұйымдастырады.

28. "Сәби" бағытындағы - мұғалім-педагогтар мен оқушылар тұрғылықты жерлерде мектепке дейінгі сәби балаларды қамқорлыққа алу бағытында шығармашылық жұмыстарға белсене араласады, оларға ағалық көмектер көрсетеді, бірлескен іс-шараларды ұйымдастырады.

29. «Қайырылымдылық бағытында» - «Атамекен» бағдарламасын жүзеге асыратын мұғалімдер мен оқушылар жалғызілікті қартайған әжелер мен қарияларға, ақыл- естері кемтар және балалар үйіндегі жетім балалар мен жасөспірімдер тағы басқа көмек қажет ететін басқа да адамдарға тікелей қамқорлық көрсетуді басты мақсат етеді, олармен мәдени – шығармашылық жұмыстарды нығайтады.

30. «Сауда» бағытында - «Атамекен» бағдарламасы жүзеге асыруды оқушылар мен мұғалімдер еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуына өз үлестерін қосу барысында сауда – саттық, делдалдық, жалға беру, ілкімділік, менеджерлік, дипломатиялық, тағы басқа экономикалық маңызы зор қазіргі істерге белсене араласады. Мектеп, кәсіпорын ұжымшар, кеншар жанынан ашылған коорпоративтер, шағын кәсіпорындар, сондай-ақ жалға жерлер алып, мал шаруашылығы тағы басқа істермен айналасады. Мектепте өздерінің арнайы қаржы есепшоттар ашады.

Бағдарлама 1991жылы 7 желтоқсанда

«Атамекен» ұйымының бірінші Құрылтайында

қабылданды.

 

3. Оқушының бос уақытын ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері.

Тәрбие үрдісін ізгілендірудің және мектептен тыс тәрбие жұмысын жетілдірудің негізгі шарты - оқушыларға даралап ықпал ету тәсілі болып саналады. Оқудан бос уақытында жасөспірім ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады. Іске қатысушы ретінде ол алдына міндеттер қояды, оларды шешу жолдары мен құралдарын таңдайды ақпарат алды яғни жеке тұлғаның дамуы, ержетуі және әлеуметтік бағытталуы іске асады демекпіз. Бос уақытты жүйелі ұйымдастыру, мәдени құнды мазмұнмен толықтыру, әлемдік және отандық мәдениетке баулу, өзін-өзі саналы түрде бағалай білу сияқты аса маңызды әлеуметтік-педагогикалық шешуге көмектеседі.

Оқушының демалуы, сауығуы мен бос уақытын өткізуі тәрбие ісінде маңызды функцияны атқарады, оны тек әлеуметтік тұрғыдан қорғау ғана емес, сондай-ақ, шығармашылық дамыту, рухани байыту мен интеллектуалдық ахуалын кеңейту үшін жағдай жасалған. Әрбір ата-ана өз баласының толыққанды демалуын ғана көздеп қоймайды, сонымөн қатар олардың қажетті дағды мөн біліктерді меңгеруін, ой-өрісі мен іс-әрекетінің кеңейгенін қалайды.
Оқушылардың бос уақыттары мәдени шараларға; көлге шомылу, көкке шығу, спорттық ойындар, мазмұнды мерекелермен ұйымдастырылып тұрады. Оқушылардың бос уақыттары мәдени шараларға; көлге шомылу, көкке шығу, спорттық ойындар, мазмұнды мерекелермен ұйымдастырылып тұрады.
Кiтапхана қорында оқушыға керекті кітаптар жетерлік,кітапхананың жұмыс уақыты таңғы сағат 9 дан, кешкі сағат 9 ға дейін.Оқушылардың бос уақытына кинозал қызмет етеді. Және де сабақтан кейінгі уақытта үйірмелер жұмысын атқаруда.
Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін дебаттық, спорттық, өнертапқыш клубтары және әр түрлі конкурстар, фестивальдар ұйымдастырылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Балалар ұйымдары дегенімін не?

2. Жастар қозғалысы: балалардың қазіргі ұйымдары мен бірлестіктері.

3. «Мың бала» патриоттық қозғалысының бағдарламасына тоқталыңыз.

4. «Атамекен» бағдарламасының мақсаты, бағыттары қандай?

5. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері қандай?

Әдебиеттер тізімі:

1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007.

2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995.

3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999.

4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998

5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004

Қосымша

1. Концепция этнокультурного образования в РК. А. 1998.

2. Ақназаров Б.А. Класс жетекшісі. А. 1973.

3. Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. А. 1978.

4. Ілиясова Н.А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі /14-лекция/ А. 1991.

5. Синица И.И. Педагогический такт и мастерство учителя.

6. Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Воспитательная работа в современной школе. Ростов-на-Дону. 2000.

7. Макарченков В. Поиски и находки новых методов воспитания и обучения. Білім-Образование. №1, 2001, стр 72-76.

8. Б.И.Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004.

9. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. – Алматы, 1978.

10. М.Асқарова. Оқушылардың ғылыми материалистік көзқарастарының

қалыптасуы. – Алматы, 1976.

 

Тақырыбы: Тәрбие жұмыстарының нәтижесі мен тиімділігінің диагностикасы.

Жоспары:

1. Сынып жетекшісінің оқушылармен тәрбие жұмысының психологиялық-педагогикалық диагностикасы.

2. Педагогикалық-психологиялық диагностика жасау әдістемесі.

Лекция мақсаты: педагогикалық-психологиялық диагностика жасау әдістемесімен танысу, талдау жүргізу.

Лекция мәтіні (қысқаша):

1. Педагогикалық диагностика оқыту мен тәрбие процесін және оның нәтижесін зертеу. Қазіргі жағдайда мектептің оқу-тәрбие жұмысын жақсартудың басты жолдарының бірі – психологиялық-педагогикалық диагностиканың принциптерін есепке ала отырып құру.

Диагностика – педагогика процесінің міндетті компоненті. Ол оқушыларды терең білімге, оларға әсер етудің мазмұн, формаларын, әдістерін, құралдарын жетілдіруге алып келеді. Сонымен қатар, диагностика – дидактикалық процестің нәтижесін анықтау үшін қолданылады.

Мектептегі психодиагностика міндеті тұлғаның жеке психологиялық ерекшеліетері туралы мәлімет беру. Бұл мәлімет баланың өздері үшін де олармен жұмыс істейтін мұғалім, тәрбиеші, ата-аналар үшін де пайдалы. Психодиагностиканың міндетіне баланың психикалық дамуының ерекшеліктерін, іскерлік пен дағдысын, жеке бас аралық ерекшеліктерінің даму деңгейінің жас нормалары мен қоғам талаптарына сай екенін анықтау кіреді.

2. Психологиялық-педагогикалық диагностиканы жүзеге асыру, мұғаліммен мынадай компоненттерді қамтитын белгілі бір психодиагностикалық мәдениетті талап етеді: Педагогтың жалпы психологияны, жас ерекшеліктер психологиясын және педагогикалық психологияны білуді диагностикалық зерттеу объектісі болатын, психологиялық болмысты түсіндіру, сондай-ақ тестілеуді өткізумен, оның нәтижесін хабарлаудағы объективтілікті талап етеді.

Зерттеушіге ықпал ету тәсілдері ұсыныстар, ережелерді қолдану тәртібі, оның іс-әрекетінің интерпретациясы психодиагностикалық процедура құрылымы төменгі бөлімдерден тұрады:

ü Зерттеушінің мінез-құлқы мен іс-әрекет ерекшеліктерін айқындайтын алғашқы мәні мен міндетін ашу тәсілі;

ü Салыстыруға және қарым-қатынасқа қажетті жеке нәтижелерді талдау алгоритімі;

ü Психологиялық реттеудің заңдылықтарын анықтауға мүмкідік болатын нұсқаларын талдау.

Тәрбиелік процесті бақылау ең алдымен оқу процесінің барысында жүреді, өйткені тәрбие жұмысы сабақ үстінде жүргізіледі. Тәрбиелік процесті бақылауда сынып жетекшісінің сабақтан тыс жұмысын, балалардың қоғамдық ұйымдарының, клубтардың, үйірмелердің, секциялардың іс-әрекетін, сондай-ақ осы жұмыстың жалпы нәтижелерін зерттеу ерекше орын алады.

Тәрбиелік процесті бағалау үшін көптеген бағалау сипаттамалары бар бала тәрбиелілігінің негізгі ұғымдары енгізіледі.

Оқушы тәрбиелілігі - оның жекелік дамуының педагогтар қойған мақсатқа сәйкес келу дәрежесі. Тәрбиелік процестің нәтижесін анықтау - оқушылардың тәрбиелілік деңгейін анықтау деген сөз.

Тәрбиеліліктің кейбір көрсеткіштерін арнайы дигностикалық әдістер арқылы білуге болады. Олар: сауалнама (анкета), шығарма, тест. Педагогикалық диагностикалық әдістер баланың құндылық қатынастарын (оның бар екенін және мөлшерін) анықтайды, өйткені олардың барлығы баланы "ерікті таңдау" орнына қояды және бұл таңдау арқылы ол жақсылық не жамандықты, ақиқат не өтірікті, әсемдік пен ұсқынсыздықты ажырата алады.

Тәрбиелілікті әңгіме-сұқбат, бақылау арқылы анықтауға болады. Әңгіме топпен де, жеке оқушымен де жүргізіледі. Сұрақтар ашық не жабық, тура не жанама болуы мүмкін. Бақылау кезінде баланың сыртқы көрінісі, мимикасы, тілі, қылықтар, қоршаған ортамен қатынасы байқалады.

Бақылау сұрақтары:

1. Диагностика дегеніміз не?

2. Сынып жетекшісінің оқушылармен тәрбие жұмысының психологиялық-педагогикалық диагностикасы.

3. Психологиялық-педагогикалық диагностиканы жүзеге асыру мұғалімнен қандай психодиагностикалық мәдениетті талап етеді?

4. Психодиагностикалық процедура құрылымы қандай бөлімдерден тұрады?

Әдебиеттер тізімі:

1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007.

2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995.

3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999.

4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998

5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004

Қосымша

1. Концепция этнокультурного образования в РК. А. 1998.

2. Ақназаров Б.А. Класс жетекшісі. А. 1973.

3. Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. А. 1978.

4. Ілиясова Н.А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі /14-лекция/ А. 1991.

5. Синица И.И. Педагогический такт и мастерство учителя.

6. Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Воспитательная работа в современной школе. Ростов-на-Дону. 2000.

7. Макарченков В. Поиски и находки новых методов воспитания и обучения. Білім-Образование. №1, 2001, стр 72-76.

8. Б.И.Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004.

9. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. – Алматы, 1978.

10. М.Асқарова. Оқушылардың ғылыми материалистік көзқарастарының

қалыптасуы. – Алматы, 1976.

Тақырыбы: Тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандыру.

Жоспары:

1. Сынып жетекшісінің өздігінен білім алуы

2. Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі

3. Тәрбие жұмыстарында озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және қолдану

 

Лекция мақсаты: тәрбие жұмыстарында озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және қолдану жолдарымен танысу, талдау жасау.

Лекция мәтіні (қысқаша):

Қазақстан Республикасы «Білім» туралы Заңының 51 бабының 5- тармағында «Мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігін, парасаттылығын, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті,»- делінген.

Мұғалім еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен, күрделілігімен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді, бұл оның терең және кәсіптік білімінің, білік-дағдыларының болуын қажет етеді. Өзіндік білім алудың шеңбер мұғалімнің өзіндік білім алуына ықпал етеді:

• ақпаратпен күнделікті жұмыс;

• шығармашылыққа деген ынта-жігері;

• қазіргі ғылымның жылдам дамуы;

• өмірде,қоғамда болып жатқан өзгерістер;

• бәсекелестік

• қоғамдық пікір

• материалдық ынталандыру

• қызығушылық

Мұғалімнің кәсіптік даму бағдарламасына іздеу, зерттеу қызметінің мүмкінтіктері жатады. Педагогикалық қызметті талдау барысында теориялық білім алудың, диагностика мен өзіндік диагностиканы игерудің қажеттілігі туады.

Мұғалімнің өздігінен білім алуын және оны жетілдіруді қажет ететін негізгі бағыттар:

• кәсіптік (пәнді оқыту бойынша)

• психологиялық-педагогикалық (оқушыларды және ата-аналарды бағыттау)

• технологиялық (имидж, пікірлесу, көшбасшылық қасиеті).

• әдістемелік (педагогикалық технологиялар, оқытудың әдіс-тәсілдері, формалары)

• құқықтық

• эстетикалық

• тарихи

• шет тілдері

• ақпараттық-компьютерлік технологиялар

• денсаулықты сақтау

• қызығушылықтары, хоббиі

Креактивтік (шығармашыл) мұғалім бұл тізімді өзінің бағыттарымен толықтырады.

1.Мұғалімдердің, жаңашыл- педагогтардың тәжірибесін зерттеу өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту және тәрбиелеумен байланысты.Тәжірибе дегеніміз педагогтың ұзақ жылдар бойындағы практикалық- педагогикалық іс- әрекет нәтижесінде жинастырған шеберлігі, ол практик-мұғалімнің тәжірибелігі.”Тәжірибе” және “практика” ұғымдар ұқсас емес.Практика ұғымының мәні кең, өйткені онда мұғалімнің оқу- тәрбие жұмысының озат, мазмұны тар тіпті теріс тәжірибесі жиналуы мүмкін.Басқа адамның педагогикалық тәжірибесін толық зерттеу оңай шаруа емес.Мұғалімнің баяндамалары, ғылыми мақалалары, әдістемелік жұмыстары, көрнекілік құралдары, компьютердегі педагогикалық тәжірибе мағлұматтарын зерттеу,сабақтарға, педагогикалық оқуларға, сыныптан тыс шараларға қатысу, сынып жетекшісімен, ата-анамен әңгіме оны зертеудің көзі бола алады. Мұғалімдердің озат педагогикалық тәжірибесін зерттеу керек, бірақ оны оқушылармен жұмыс кезінде орынсыз қолдануға болмайды.Оман тек мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыратын зертеушінің жеке дара қасиеттерін есепке алаотырып сүйенуге болады.

Озат педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату жұмысы – ғылыми-педагогикалық конференция немесе педагогикалық оқулар түрінде жылына бір рет өткізілетін уақытша эпизодтық іс-шара емес, бұл- мұғалімдер, тәрбиешілер мен білім бөлімінің әдіскерлерінің күнделікті қызметінің элементі. Білім бөлімінің жұмыс тиімділігі мен сапасы бұл қызметтің дұрыс жолға қойылғанына байланысты, сондықтан бұл қызметті нақты бір кезеңмен жүзеге асыру қажет.

Озат педагогикалық тәжірибелерді зерттеу мен жинақтаудағы негізгі жұмыс сатылары (Р.Г.Амосов бойынша)

· ОПТ-ні зерттеу мақсатын анықтау;

· Заңдылыққа сәйкес педагогикалық тәжірибелердің негізгі түрлері мен әдістерін іріктеу;

· ОПТ-і зерттеудің әдіс-тәсілдерін таңдау;

· Ұсынылып отырған тәжірибенің маңыздылығын түсіндіретін болжамдар ұсыну;

· Зерттеудің диагностикалық ерекшеліктерін бөліп көрсету;

· Тәжірибені танып білу үрдісі кезінде ерекше жағдайларды ескеру;

· Тәжірибені зерттеу жоспарын құру;

· ОПТ-ге нақты сандық және сапалық сипаттама беру;

· Алынған нәтижелерді талдау;

· Тәжірибенің болашақтағы дамуын анықтап, ұсыныстар жасау.

Педагогтардың тәжірибесін танып біліп, басқалар үшін маңыздылығын арттыру үшін ОПТ-і зерттеу бағдарламасын (сауалнамалар,сұрақ-жауап алу) жасау қажет.

3.2. Тәжірибені зерттеу мен жинақтаудың алгоритмі

Озат педагогикалық тәжірибені зерттеу мен жинақтауда келесі алгоритмді басшылыққа алу қажет:

І. Зерттеу нысанын (объектісін) анықтау:

* педагогтың қызметін бақылаудың диагностикалық бағдарламасының көмегімен бағалау;

* тұрақты оң нәтижеге жеткен педагогты анықтау;

* педагогтың қызметі туралы ақпарат жинау;

* жоғары нәтиже алуға әсер ететін факторларды анықтау;

ІІ. Мақсатын анықтау:

· педагогтың шығармашылығындағы қарама-қайшылықтарды көрсету;

· мәселені құрастыру;

· тәжірибенің теориялық негізі;

· тәжірибенің негізгі идеялары мен мәні жөніндегі болжамдар;

· Зерттеу мақсатын қалыптастыру.

ІІІ. Зерттелетін тәжірибе жөнінде ақпараттар жинау:

· ақпараттарды жинақтау мен өңдеу әдістерін іріктеу;

· алынған мәселе бойынша күнделікті өмірде және сабақтарда педагог пен оқушылардың әрекетін қадағалайтын бағдарлама жасау;

· тәжірибе жөніндегі ақпараттарды жинау әдісін жүзеге асыру.

ІV. Жиналған ақпараттарды педагогикалық талдау:

· тәжірибелерді негізгі идеяларына сәйкес бірнеше бөлімдерге бөлу;

· тәжірибе идеяларына көрсеткіштер негізінде баға беру;

· Тәжірибеде туындаған проблемалардың себеп-салдарларын анықтау;

· тұтас педагогикалық жүйедегі тәжірибенің орны мен маңызын анықтау.

V.Тәжірибені жинақтау

* Тәжірибеден алынған мәліметтерді жүйелеу;

* Тәжірибедегі негізгі ойлар мен мәннің қалыптасуы;

* Тәжірибені басқалардың шығармашылықпен қолдануы және.

педагогтың кездескен қиындықтарын анықтау;

* талапқа сай тәжірибені сипаттау.

3.3. Тәжірибені талдау және жинақтау

Тәжірибе белгілі болғаннан кейін, оны танып білу үрдісі жүреді. Тәжірибені зерттеу кезеңі қиын,әрі жауапкершілікті талап етеді. Жетекші педагогикалық үрдісті мұқият талдаусыз, тек нәтиже бойынша ғана айтатын болса, бұндай зерттеудің пайдасыздығын атап кету қажет.

Тәжірибені талдауды біртұтас педагогикалық үрдісті оны құрушы элементтерге бөлу деп түсінуге болады. Педагогикалық тәжірибенің талдауы арқылы анықталған элементтер педагогикалық тиімділік тұрғысынан бағаланады.

1.Педагогикалық міндеттер.

Педагог Тәжірибені талдап, бағалау үшін педагогтың алдына қойған міндеттерін айқындап алу қажет.

2.Оқытудың мазмұны.

Оқытудың мазмұнының міндетке сәйкестігін анықтау.

3.Педагогтың қызметі.

Педагог қызметінің міндетке сәйкестігіне, оқушылардың дайындық деңгейіне және жеке дара қасиеттеріне назар аударған жөн.

4.Сабақ барысындағы оқушылардың әрекеті.

Оқушылардың әрекетін талдап, бағалағанда олардың педагогқа деген қарым-қатынастарын анықтау керек.

5.Педагогтар мен оқушылардың қызметін материалдық жағынан қамтамасыз ету.

Тәжірибенің бұл элементін талдау мен бағалауда оқу-көрнекілік құралдарын, жаңашыл техникалық құрал-жабдықтарды, дидактикалық материалдарды және т.б. педагогтың қойылған міндеттеріне, оқыту мазмұнының ерекшеліктеріне сай қаншалықты тиімді қолданғандығын анықтау қажет.

6. Сыртқы жағдай (оқу үрдісі жүретін орта)

Педагог оң нәтижеге жету үшін оқыту үрдісінде қандай жағдайлар жасалғандығы анықталады.

7. Зерттеу нәтижесі.

Талдау мен бағалауда білімді жаңғырту іскерлігі ғана емес, оларды өздігінен алу іскерлігін,балалардың дамуындағы өзгерістерді, тәрбие деңгейін анықтау іскерлігін ескеру қажет. Біртұтас педагогикалық үрдісте әр белгіленген элемент қандай қызмет атқаратыны, тұрақты оң нәтижеге жетуге қалай әсер ететіні анықталады. Бұл жинақтау дегенді білдіреді.

Жинақтау дегенді жеке фактілер мен құбылыстарды талдау мен салыстыру нәтижесінде пайда болатын жалпы сипаттағы қорытындылар мен ойлар деп қарастыруға болады.. Талдау неғұрлым терең, әрі кең сипатта болса, тәжірибе фактілерінен құнды қорытындыларды жинақтауға болады.

3.4.Озат педагогикалық тәжірибені зерттеу мен жинақтау бойынша ұсынымдар




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 1576; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.134 сек.