Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Гетерофунциональные органические соединения. 3 страница




  • тапсырманы орындағанда студент химиялық зертханада жұмыс істеу ережесін және қауіпсіздік техникасын сақтау керек;
  • электрлік құрал-жабдықтармен жұмыс істеу ережесін және қауіпсіздік техникасын сақтау керек;
  • студент тапсырманы орындау нәтижесінде 100 балл жинау керек.

Практикалық дағды №1.

Берілген концентрациядан ерітінді дайындау.

Приборлар мени реактивтер: воронка, өлшегіш колба 100 мл-лік, пипеткалар 10 мл және 2 мл, құюға арналған колба, резиналы груша, тұздар өлшемесі, дист Н2О.

Жұмыстың мақсаты: тұздың өлшемесінен берілген концентрациядан ерітінді дайындауды үйрену.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Өлшеуіш колбаны, воронканы дистильденген сумен шайып, жұмысқа дайындайды (Егер воронка құрғақ және таза болса, онда оны шаюдың қажеті жоқ). Берілген концентрациядан жалпы көлемі 100 мл болатын ерітіндіні дайындау үшін қажетті тұздың мөлшерін анықтау.  
  Тұздың қажетті өлшемесін алып, оны воронка арқылы өлшегіш колбаға салады. Жұғыштағы сумен өлшеуіш колбаға толық шайып ағызады. Воронканы колбадан алады.  
  Колбаны араластыра отырып, судың аз мөлшерін колбаға құяды.Тұз ерігеннен кейін суды колбаның шеңбер сызығына дейін 1-2 см қалғанша құйып, қалған суды менисктің төменгі шеті сызыққа жеткенше пипеткамен тамшылатып құяды.  
  Алынған ерітіндінің молярлық, нормальдік концентрациясын және титрін есептейді.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы. Талдауды игеру және қорытынды жасау.  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

Кесте 1

№1 тәжірибенің жеке тапсырмаларының нұсқасы

Нұсқа №   Тұздардың атауы Массалық үлесі, % Ерітіндінің теориялық тығыздығы, г/см3
  Натрий сульфаты   1,070
  Калий хлориді   1,063
  Натрий хлориді   1,070
  Натрий сульфаты   1,090
  Калий хлориді   1,076
  Натрий хлориді   1,085
  Натрий сульфаты   1,110
  Калий хлориді   1,090
  Натрий хлориді   1,100
  Калий хлориді   1,104
  Натрий хлориді   1,116

 

 

Практикалық дағды №2

Ерітіндінің рН анықтау.

Приборлар мен реактивтер: рН- метр, стакандар, зерттелетін ерітінділер: NaOH, HCl, аспириннің ерітіндісі, дист Н2О, құбыр Н2О, фильтр қағазы, шайғыш.

Жұмыстың мақсаты: зерттелетін ерітіндінің рН анықтау.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  рН-метрдің қолдану ережесімен танысу (прибордың құжаты бойынша). рН-метр приборын токқа қосу. MODE басып рН жолағын таңдау.  
  Әрбір өлшеу алдында электродты дистилденген сумен шайып, фильтр қағазымен құрғату керек.  
  25,00 см3стаканға зерттелетін ерітіндіні құяды. Электродты зерттелетін ерітіндісі бар стаканға батырады, оның стаканның түбінен биіктігі 1,5-2 смболу керек. ON тетікшесін басады.  
  рН-метр көрсеткішін жазып алады. OFF тетікшесін басады.  
  Зерттелетін ерітінділердің рН өлшеп болғаннан кейін, OFF тетікшесін басады және приборды токтан ажыратады. Электродтарды дистилденген сумен шайып, 3-4 М КCl ерітіндісі бар стаканға салып қояды.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау.  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

 

Практикалық дағды №3.

Берілген рН мәнімен буферлік ерітінділерді дайындау, буферлік сиымдылықты анықтау. Буферлік жүйенің рН – ына сұйылтудың әсерін үйрену.

Приборлар мен реактивтер: бюреткасы бар штатив, пробиркалар, «Буферлік жүйелер» кестесі, ерітінділер СН3СООН (0,1 М),СН3СООNa(0,1 М), пипеткалар 10 мл және 2 мл, құюға арналған колба, резиналы груша.

Жұмыстың мақсаты: Берілген рН мәнімен буферлік ерітінділерді дайындау, буферлік сиымдылықты анықтау. Буферлік жүйенің рН – ына сұйылтудың әсерін үйрену.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Пробиркаға рН = 4,74 (рКСН3СООН = 4,74) сәйкес ацетатты буферінің 10 мл ерітіндісін (5 мл сірке қышқылы + 5 мл натрий ацетаты) дайындап оның 2 мл басқа пробиркаға құю керек. Ол үшін 1-ші пробиркаға 4 мл сірке қышқылы және 4 мл натрий ацетатының ерітіндісін, ал 2-ші пробиркаға 1 мл сірке қышқылы және 1 мл натрий ацетатының ерітіндісін құяды.  
  2 мл ерітіндісі бар пробиркаға 6 мл дистилденген су құяды.  
  Әрбір пробиркаға 2 тамшыдан метил қызыл индикаторын тамызып, араластырады.  
  Ерітінділердің түстерін салыстырып қорытынды жасайды.  
  Буферлік сиымдылықтың ацетатты буфердің рН-на тәуелді графигінен максимальді буферлік сиымдылықты анықтайды.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

Рис. I. Буферлік сиымдылықтың ацетатты буфердің рН-на тәуелділігі

Практикалық дағды № 4

Берілген рН мәнімен буферлік ерітінділерді дайындау. Буферлік жүйенің рН – ына күшті қышқылдар мен сілтілердің әсерін үйрену

Приборлар мен реактивтер: бюреткасы бар штатив, пробиркалар, «Буферлік жүйелер» кестесі, ерітінділер СН3СООН (0,1 М),СН3СООNa (0,1 М), 0,1 N

НС1, 0,1 N NаОН ерітінділері.

 

Жұмыстың мақсаты: Берілген рН мәнімен буферлік ерітінділерді дайындау. Буферлік жүйенің рН – ына күшті қышқылдар мен сілтілердің әсерін үйрену.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  3 пробиркаға 10 мл-ден рН = 4,74 (рКСН3СООН= 4,74) сәйкес ацетатты буферінің ерітіндісін дайындайды.  
  Бірінші пробиркаға 5 тамшы 0,1 N тұз қышқылының НС1 ерітіндісін, екіншіге - 5 тамшы 0,1 N натрий гидроксидінің NаОН ерітіндісін тамызады, үшінші пробирканы салыстыруға қалдырады.  
  Әрбір пробиркаға 2 тамшыдан метил қызыл индикаторын тамызып, араластырады.  
  Ерітінділердің түстерін салыстырып қорытынды жасайды.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

Практикалық дағды № 5

Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу. Pb2+, Iиондарының реакциялары.

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, Pb2+ тұзының ерітіндісі, калий йодидінің КI ерітіндісі, Н2О (дист), құрғақ спирт шам, қыздырғанда пробирка ұстағыш.

Жұмыстың мақсаты: Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Пробиркаға 3 тамшы Pb2+ тұзының ертіндісін құйып, 1-2тамшы KJ ертіндісін құямыз, PbJ2 тұнбасы түскені байқалады, оның түсін белгілейміз.  
  Алынған тұнбаны 2мл су қосып, тұнба ерігенге дейін қыздырамыз. Ескерту: байқап қыздыру керек, пробирканың аузын өзіңнен, көршіңнен алшақ ұстау керек, пробиркадан тұнба төгілуі мүмкін. Қыздырғаннан және тұнба ерігеннен кейін ертіндіні салқындатып, тұнбаның қайтадан тұнуын байқаймыз, тұнба жарқыраған кристалл (алтын түсті) болады.  
  Жүргізілген химиялық реакция теңдеулерін құру.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

Практикалық дағды №6

Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу. Ag+, Cl- -иондарының реакциялары.

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, AgNO3 ерітіндісі, 2н. НС1, HNO3 ерітінділері және NH3 концентрлі ерітіндісі, Н2О (дист), құрғақ спирт шам, қыздырғанда пробирка ұстағыш.

Жұмыстың мақсаты: Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Төрт пробиркаға 1-2 тамшы AgNO3 және 2н HCl сондай мөлшерден тамызады.  
  Алынған тұнбаның (AgCl) HCl, HNO3 және NH3 концентірлі ертіндісінде ерігіштігін анықтаймыз.  
  Жүргізілген химиялық реакция теңдеулерін құру.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

 

Практикалық дағды №7

Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу. Ag+ ионының тотықсыздану реакциясы.

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, күміс оксидінің ерітіндісі,10% формальдегид ерітіндісі немесе сірке альдегиді, құрғақ спирт шам, қыздырғанда пробирка ұстағыш.

Жұмыстың мақсаты: Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Пробиркаға 3-4 тамшы AgO2 ертіндісін құйып үстіне 1-2 тамшы формальдегид немесе сірке альдегидін қосады.  
  Пробирканы жеңіл қыздырады. пробирканың қабырғасынан металдық күмістің түзілгені байқаладынемесе металдық күміс қара тұнба түрінде болады.  
  Жүргізілген химиялық реакция теңдеулерін құру.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

 

Практикалық дағды №8

Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу. Zn2+ катионының кобальт нитратымен реакциясы.

Приборлар мен реактивтер: ZnSO4, Co(NO3)2 тұздарының ерітінділері, фильтр қағазы, құрғақ спирт шам, қыздырғанда пробирка ұстағыш, Петри чашкасы.

Жұмыстың мақсаты: Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Фильтр қағазының сызығына 2-3 тамшыдан Zn2+ тұзының ZnSO4 ерітіндісін және кобальт нитратының ерітінділерін біртіндеп құяды. Қағазды кептіріп жағады және күлдің түсін белгілейді, ол СоZnО2 кобальт цинкатының түзілгенін көрсетеді (жасыл түс-Ринман шөбі).  
  Жүргізілген химиялық реакция теңдеулерін құру.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

 

Практикалық дағды №9

Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу. Fе2+-ионының реакциялары.

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, темір (II) тұзының ерітіндісі, 2 н. НС1, K3[Fe(CN)6] ерітіндісі, құрғақ спирт шам, қыздырғанда пробирка ұстағыш.

Жұмыстың мақсаты: Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Пробиркаға 2-3 тамшыдан темiрдiң (II) тұзының ерiтiндiсiн 1-2 тамшы 2н НСI және 1-2 тамшы К3[Fе(СN)6]ерiтiндiлерiн құяды. турнбулевой көк түстi Ғе3[Fе(СN)6]тұнбасының түзiлгенi байқалады.  
  Жүргізілген химиялық реакция теңдеулерін құру.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

 

Практикалық дағды №10

Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу. Zn2+ ионының реакциялары

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, мырыш (II) Zn2+ тұзының ерітіндісі, K3[Fe(CN)6] ерітіндісі.

Жұмыстың мақсаты: Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Пробиркаға 3-4 тамшы Zn2+ тұзының ерітіндісін құяды, 5 тамшы К3[Fe(CN)6] ерітіндісін қосады. Сары-қоңыр түсті тұнба түзіледі.  
  Молекулалық және иондық түрде реакция теңдеулерін жазу.  
  Zn3[Fe(CN)6]2 комплекс түзушінің зарядын, лигандаларды, координациялық санды анықтау, К.Қ. атау.  
  Комплексті ион үшін тұрақсыздық константасын жазу.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы. Талдауды игеру және қорытынды жасау  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

 

Практикалық дағды №11

Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу. Сu2+- ионының реакциялары

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, мыс (II) Сu2+ тұзының ерітіндісі, NН4ОН концентрлі ерітіндісі.

Жұмыстың мақсаты: Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Пробиркаға 4 тамшы мыс (II) Сu2+ тұзының ерітіндісін тамызып, үстіне көгілдір тұнба түзілгенше NН4ОН концентрлі ерітіндісін тамшылатып қосады. Алынған тұнбаға ерігенше концентрлі NН4ОН ерітіндісін тамшылатып қосуды жалғастырады.  
  Жүрген реакция теңдеуін жазу.  
  Түзілген [Сu(NH3)4]SO4 комплекс түзушінің зарядын, лигандаларды, координациялық санды анықтау, К.Қ. атау.  
  Комплексті ион үшін тұрақсыздық константасын жазу. Берілген қосылыс КҚ қандай түріне жатады.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы. Талдауды игеру және қорытынды жасау  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

Практикалық дағды №12

Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу. Ғе3+- ионының реакциялары

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, Ғе3+- тұзының ерітіндісі, NН4SСN немесе КSСN ерітіндісі.

Жұмыстың мақсаты: Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Пробиркаға 3-4 тамшы темiрдiң (II) тұзының ерiтiндiсiн құйып, оған NН4SСN немесе КSСN қаныққан ерiтiндiсiн құяды. Қан қызыл түстi [Ғе(SСN)3] комплексiнiң түзiлгенi байқалады.  
  Жүрген реакция теңдеуін жазу.  
  Түзілген [Ғе(SСN)3] комплекс түзушінің зарядын, лигандаларды, координациялық санды анықтау, К.Қ. атау.  
  Комплексті ион үшін тұрақсыздық константасын жазу. Берілген қосылыс КҚ қандай түріне жатады.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы. Талдауды игеру және қорытынды жасау  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

 

Практикалық дағды №13

Қағаздық хроматография әдісімен катиондарды бөлу.

Приборлар мен реактивтер:3+ мен Сu2+ иондарының қоспасы бар зерттелетін ерітінді, Н2О (дист), К4[Fe(CN)6] ерітіндісі, хроматографиялық қағаз жолағы, стакандар.

Жұмыстың мақсаты: Қағаздық хроматография әдісімен катиондарды бөлу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Бір стаканға иондарының қоспасы бар зерттелетін ерітіндіні 1см қалыңдықта, екінші стаканға дистилденген суды 1 см қалыңдықта, ал үшінші стаканға К4[Fe(CN)6] ерітіндісін құйып қояды. Ұзындығы 12-15см сүзгіш қағазды алып, бір шетінен бастап 1см, 2см, 6см жерлерін көлденең сызықпен сызып қояды.  
  Қағазды қалыңдығы 1см Fe3+, Cu2+ иондардың қоспасы құйылған стаканға бірінші сызыққа дейін тігінен малып қойыңдар. Қоспа қағаздың бойымен екінші сызыққа өз бетімен көтерілгенде, қағазды дистилденген су құйылған стаканға тағыда тігінен бірінші сызыққа дейін малып қойыңдар. Су қағаздың бойымен үшінші сызыққа дейін көтерілуі керек. Содан кейін қағазды K4[Fe(CN)6] ерітіндісінде үшінші сызыққа дейін 1-2 сек ұстау керек. Қағазда иондар мен K4[Fe(CN)6] реактиві арасында реакция жүріп, түсті зоналар пайда болады. Қорытыңды жасап, хроматограмманың суретін салып алыңдар.  
  Анықталған иондар мен К4[Fe(CN)6] ерітіндісін арасындағы реакция теңдеуін жазу.  
  Сu2+ мен Fе3+ иондарының адсорбциялық қабілеттері туралы қорытынды жасау.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы. Талдауды игеру және қорытынды жасау  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

 

 

Практикалық дағды №14

Колонкада жүретін акдсорбциялық хроматография.

Приборлар мен реактивтер:3+ мен Сu2+ иондарының қоспасы бар зерттелетін ерітінді, 2/3 бөлігі адсорбентпен толтырылған хроматографиялық колонка (шыны түтікше).




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 654; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.055 сек.