Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Гетерофунциональные органические соединения. 4 страница




Жұмыстың мақсаты: Колонкада жүретін акдсорбциялық хроматография.

 

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  2/3 бөлігі адсорбентпен толтырылған хроматографиялық колонканы алып, құрамында Fe3+, Cu2+ катиондардың қоспасы бар 1мл ерітіндіні құяды, штативке тігінен қояды. Қоспа төмен қарай өз бетімен ағып, 15-20 мин кейін түсті зоналар түзеді.зоналардың түстерін белгілеңіз.  
  Қай ионның адсорбциялық қабілеті жоғары екенін көрсетіп, себебін түсіндіріңіз.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

 

Практикалық дағды №15.

Ерітіндінің тығыздығын анықтау.

Приборлар мени реактивтер: зерттелетін ерітінділер, цилиндр, ареометрлер жиынтығы, анықтама мәліметтері.

Жұмыстың мақсаты: ерітіндінің тығыздығын анықтау.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Құрғақ цилиндрге 150-200 мл ерітінді құйып, ішіне шкаласы 1,00-ден басталатын ареометр салғанда, шкала ертіндінің үстіне шығып кетсе, шкаласы 1.00 – ден артық ареометр алу керек. Егерде бірінші ареометрдің шкаласы ертіндіге толық батып кетсе, шкаласы 1.00 – ден аз ареометр алынады.. Ертіндінің тығыздығы беткі деңгейдің астыңғы менискі бойынша өлшенеді.  
  Берілген кестені пайдаланып, ертіндінің тығыздығы бойынша еріген заттың массалық үлесі алынады. Ерітіндінің молярлық коцентрациясы мен титрін келесі формулалар бойынша есептеледі. 1 л ерітіндідегі еріген заттың массасы (mх): mх = 10·w·d, (г) Ерітіндінің молярлық концентрациясы: моль/л мұндағы: Мх – заттың молярлық массасы, г/моль, w - еріген заттың массалық үлесі, d – зерттелетін ерітіндінің тығыздығы, г/мл.  
  Ерітіндінің титрі: г/мл  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

«Химия» пәні бойынша практикалық дағдыларды қабылдау

«Жалпы медицина» мамандығы, 1 курс.

Аралық бақылау №2

Практикалық дағдылардың тізімі:

- органикалық қосылыстардың жіктелуі және функционалдық топтарға сапалық реакцияларды жүргізу.

 

Практикалық дағдыларды жүргізу үшін келесі сұрақтарды шешу қажет:

 

· студенттердің санын анықтау;

· эксперттерді анықтау;

· аудитория дайындау, аудиторияға жауапты оқытушымен лаборантты тағайындау;

· қажетті құрал-жабдықтармен, реактивтермен, приборлармен және и аппараттармен жабдықталған жұмыс орнын ұйымдастыру;

· практикалық дағдыларды қабылдау үшін құжаттар дайындау (тапсыру хаттамасы, әрбір этап бойынша студенттерге арналған тапсырма, эксперттерге арналған ақпараттық парақ, парақта тапсырманың әрбір сатысын бағалау критерийлері мен олардың баллдықбағалары бар).

 

Студентке арналған ақпарат

· студент практикалық дағдыларды тапсыруға дайындалу кезінде тапсырмалардың тізімімен және этаптардың өту жоспарымен танысады;

· студент тіркеледі, эксперттен тапсырманы алады, тапсырмамен танысқаннан кейін этаптардың өту жоспарына сәйкес тапсырманы орындауды бастайды;

· тапсырманы орындағанда студент өз ісінің реттілігін критерийлерге сәйкес қатаң сақтау керек; тапсырманы орындау барысында өз ісін нақты әрі қысқа түсіндіру керек;

· уақытпен санасу керек; тапсырмаға берілген уақыт өтіп кетсе, тапсырманың орындалу немесе орындалмауына қарамай, жұмысты тоқтатады;

  • тапсырманы орындағанда студент химиялық зертханада жұмыс істеу ережесін және қауіпсіздік техникасын сақтау керек;
  • электрлік құрал-жабдықтармен жұмыс істеу ережесін және қауіпсіздік техникасын сақтау керек;
  • студент тапсырманы орындау нәтижесінде 100 балл жинау керек.

Практикалық дағды №1.

Альдегидтердің күміс оксидімен тотығуы

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, күмістің аммиакты ерітіндісі,10% формальдегид ерітіндісі немесе сірке альдегиді, құрғақ спирт шам, қыздырғанда пробирка ұстағыш.

Жұмыстың мақсаты: органикалық қосылыстардың жіктелуі және функционалдық топтарға сапалық реакцияларды жүргізу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Пробиркаға 5-6 тамшы күмістің аммиакты ертіндісін құйып, үстіне 1-2 тамшы формальдегид немесе сірке альдегидін қосады. Пробирканы жеңіл қыздырады. пробирканың қабырғасынан металдық күмістің түзілгені байқалады немесе металдық күміс қара тұнба түрінде болады.  
  Химиялық реакция теңдеулерін жазу.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау.  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

Практикалық дағды №2

Альдегидтердің мыс гидроксидімен тотығуы.

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, 10% NaOH ерітіндісі, CuSO4 ерітіндісі,10% формальдегид ерітіндісі немесе сірке альдегиді, құрғақ спирт шам, қыздырғанда пробирка ұстағыш,.

Жұмыстың мақсаты: функционалдық топтарға сапалық реакцияларды жүргізу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Пробиркаға 5-6 тамшы 10 %- тік формальдегидке 2-3 тамшы 10% -тік NаОН ерітіндісін қосып, үстіне ерітінді лайланғанша 5%-тік СиSО4 ерітіндісін қосу керек. Лайланған ерітіндіні ептеп үстінгі жағынан бастап, қыздырғанда алдымен сары, одан кейін қызыл тұнба түзіледі.  
  Химиялық реакция теңдеулерін жазу.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау.  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

 

Практикалық дағды №3.

Формальдегидтің сулы ерітінділерінде диспропорцирленуі.

Приборлар мен реактивтер: бюреткасы бар штатив, пробиркалар 40% формалин ерітіндісі, 0,2% метил қызыл индикатор ерітіндісі.

Жұмыстың мақсаты: Карбонилдік қосылыстардың реакциялық қабілетін түсіну үшін химиялық қасиеттерін оқып, білімі мен дағдысын бекіту.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Пробиркаға 2- 3 тамшы 40%- тік формалин тамызып, үстіне 1 тамшы 0,2% - тік қызыл метил индикаторын қосады. Қорытынды жасаңыз. Формальдегид қандай қасиет көрсетеді?  
  Химиялық реакция теңдеулерін жазу. Формальдегид қандай қасиет көрсетеді?  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау.  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

Практикалық дағды № 4

Кальций тұзы түрінде қымыздық қышқылын анықтау

Приборлар мен реактивтер: бюреткасы бар штатив, пробиркалар, қымыздық қышқылының натрий тұзы, СН3СООН 10% ерітіндісі, СаС12 2% ерітіндісі, тұз қышқылының 10% ерітіндісі.

Жұмыстың мақсаты: Кальций тұзы түрінде қымыздық қышқылын анықтау

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Пробиркаға қымыздық қышқылының натрий тұзының 5-6 тамшысына 2-3 тамшы 2%-тік СаС12 кальций хлоридінің ерітіндісін тамызады  
  Одан кейін тұнбалардың ерігіштігін тексереді. Ол үшін тұнбаны екі пробиркаға бөледі. Бір пробиркаға 5-6 тамшы 10%-тік СН3СООН сірке қышқылын қосады, ал екіншісіне сондай мөлшерде 10%-тік тұз қышқылын қосады. Қандай қорытынды жасауға болады?  
  Химиялық реакция теңдеулерін жазу.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы. Талдауды игеру және қорытынды жасау.  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

Практикалық дағды № 5

Шараптас қышқылында екі гидрокси топ барын дәлелдеу.

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, СuSО4 5% ертіндісі, NaOH 10% ертіндісі, сегнет тұзының ерітіндісі.

Жұмыстың мақсаты: Шараптас қышқылында екі гидрокси топ барын дәлелдеу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Пробиркаға 5-6 тамшы 10%- тік NаОН және 1-2 тамшы 5% -тік СиSО4 тамызып, үстіне 8-10 тамшы сегнет тұзын қосу керек. Көгілдір Си(ОН)2 тұнба көк түсті ерітінді түзіп, еріп кетеді.  
  Жүргізілген химиялық реакция теңдеулерін құру.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

Практикалық дағды №6

Шараптас қышқылының орта және қышқыл тұздарын алу.

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, шараптас қышқылының 1% ерітіндісі, КOH 5% ерітіндісі, шыны таяқша, NaOH 5% ерітіндісі

Жұмыстың мақсаты: Шараптас қышқылында екі карбоксил топ барын дәлелдеу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Пробиркаға 5-6 тамшы 1%-тік шараптас қышқылының ерітіндісін тамызып, үстіне 1-2 тамшы 5%-тік КОН ерітіндісін қосып, таяқшамен шараптас қышқылының қышқыл тұзының тұнбасы түзілгенше араластырады. Түзілген тұнбаны натрий гидроксидінін 5%-тік ерітіндісін қосып ерітеді. Ерітіндіде шараптас қышқылының орта калий, натрий қос тұзы – сегнет тұзы болады.  
  Жүргізілген химиялық реакция теңдеулерін құру.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

 

Практикалық дағды №7

Күкірт құрамды амин қышқылдарының реакциялары

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, зерттелетін ерітінді (ақуыздың ерітіндісі), NаОН 30% ерітіндісі, Рb(СН3СОО)2 қорғасын ацетатының 5% ерітіндісі, сіріңке, құрғақ спирт шам, қыздырғанда пробирка ұстағыш.

Жұмыстың мақсаты: Күкірт құрамды амин қышқылдарыныңа сапалық реакция жүргізу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  5 тамшы зерттелетін ерітіндіге (ақуыздың ерітіндісіне) 5 тамшы 30%-тік NаОН, және 1 тамшы 5 %-тік қорғасын ацетатының ерітіндісін (Рb(СН3СОО)2) қосып, қыздырғанда ерітінді қарайып кетеді, күкіртті қорғасын PbS түзіледі  
  Жүргізілген химиялық реакция теңдеулерін құру.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

Практикалық дағды №8

Ксантопротеиндік реакция.

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, зерттелетін ерітінді (ақуыздың ерітіндісі), концентрлі азот қышқылы, концентрлі аммиак ерітіндісі немесе NаОН30% ерітіндісі, сіріңке, құрғақ спирт шам, қыздырғанда пробирка ұстағыш,

Жұмыстың мақсаты: сапалық реакция жүргізу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Ақуыздың 5 тамшысына 3 тамшы концентрлі азот қышқылын қосып, абайлап қыздырады. Түзілген тұнба бірітіндеп ериді, сары түсті ерітінді түзіледі. Суығанан кейін ерітіндіге концентрлі аммиак ерітіндісін немесе 30%- тік натрий гидроксидінің 5 тамшысын қосқанда тоқсары (оранж) түсті ерітінді түзіледі (пробирканың қабырғасында ерімей қалған түйіршіктер қызғылт-сары түске боялады).  
  Жүргізілген химиялық реакция теңдеулерін құру.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

Практикалық дағды №9




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 504; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.033 сек.