Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

ГЭРА эзофагитпен 30 страница




 

*Бір деңгейде қалады

* 5 жылдан кейін қалпына келеді

*Жыл соңында қалыпқа келеді

*Ұдайы біртіндеп төмендейді

*Бірінші жылы қалыпты сақталады

 

 

#979

*!Ұл бала 14 жаста, бүйрек трансплантациясы жасалған. Нефрологта Д есепте тұрады. Иммуносупрессивті ем қабылдайды. Бүйрек трансплантаты бар науқасқа қандай вирусты инфекция жиі қауіп төндіреді?

 

*Қызылша

*Көкжөтел

* Ротавирус

* Қарапайым герпес

*Цитомегаловирус

 

#980

*!Қыз бала 29 жаста, бүйрек трансплантациясы жасалған. Нефрологта 5 жыл бойы бақыланады. Бүйрек трансплантациясынан кейін науқастарды жыл сайын диспансерлік бақылау кезінде міндетті компонент қандай?

 

* Трансплантат биопсиясы

* Трансплантат МРТ-сы

*Трансплантат КТ-сы

* СКФ есептеу

*Цистоскопия

 

#981

*!Ер адам 40 жаста, бүйрек трансплантациясы жасалған, қызметі қалыпты, қолдаушы иммуносупрессивті ем қабылдайды: такролимус микофенолат метилпреднизолон.

Бүйрек биоптатының морфологиялық тексеру нәтижесін алғанға дейін бүйрек трансплантатының созылмалы ажырауына аса тән диагностикалық критерийлер қандай?

 

*Ісінулер пайда болуы

*Зәр мөлшерінің азаюы

*Артериялық қан қысымының жоғарылауы

*Бүйрек трансплантаты аумағының ауыруы

*Креатининнің динамикада баяу прогредиентті жоғарылауы

 

#982

*!Әйел адам 55 жаста, Созылмалы трансплантациялық нефропатия диагнозымен нефрологта Д есепте тұрады. Анамнезінде 10 жыл бұрын бүйрек трансплантациясы жасалған. Тез шаршауға, терінің бозаруына, бетінің ісінуіне шағымданады. Инструменттік тексеру УДЗ: бүйрек көлемі кішірейген.

Созылмалы трансплантациялық нефропатия патогенезінде аса маңызды звено қандай?

 

*Бүйректің қартаюы

*Организмнің қартаюы

*Иммундық емес механизмдер

*Инфекциялық асқынулар

*Иммунологиялық механизмдер

 

#983

*!Ер адам 40 жаста, анамнезінде 2 ай бұрын бүйрек трансплантациясы жасалған. Емханада нефрологта Д есепте тұрады. Дәрігер трансплантат биопсиясына жіберуі тиіс. Бүйрек трансплантатының биопсиясын жасауға қандай көрсетілімдар бар?



 

* Трансплантат пиелонефриті

* Трансплантат гломерулонефриті

* Трансплантаттың жіті жетіспеушілігі

*рансплантаттың созылмалы жетіспеушілігі

*Хаттамалық биопсияны бүйрек қызметіне байланыссыз жасау ұсынылады

 

#984

*!Әйел адам 40 жаста, 2 ай бұрын бүйрек трансплантациясы жасалған. Нефрологта Д есепте тұрады. Тексеру хаттамасы бойынша науқас операциядан кейін трансплантат биопсиясына баруы тиіс.

Бұл тексеру қандай патологияны анықтау үшін тағайындалады?

 

*Жіті ажырауды

*Иммуосупрессия түрін

* Цитомегаловирус бар екенін

*Субклиникалық ажырауды

*Саңырауқұлақтық бұзылыстарды диагностикалау

 

#985

*!Әйел адам 30 жаста, бүйрек трансплантациясы жасалған. Емханада Д есепте тұрады. Дәрігер қан құрамындағы альбумин концентрациясын анықтау үшін тексеруге жіберді. Аса ықтимал тексеру жиілігі қандай?

 

*6 айға дейін айына 1 рет

*6 айға дейін айына 2 рет

*6 айға дейін айына 3 рет

*12 айға дейін айына 1 рет

*12 айға дейін айына 2 рет

 

#986

*!Ер адам 45 жаста. Учаскелік дәрігерге бел аумағының сол жағындағы ауырсынуға, әлсіздікке, бас ауруына, бас айналуына, жүректің шалыс соғуына шағымданып келді. Анамнезінде бір ай бұрын сол жақ бүйрегін алмастырған.

Қандай тексеру осы науқас үшін аса мәліметті болады?

 

*ЖҚА, ЖЗА, бүйректің УДЗ және КТ

*ПЦР, ЖҚА, бүйрек МРТ-сы

*ЖЗА,қанның БХ, ПЦР

*Қандағы қант мөлшері, ПЦР, ЖЗА

* ЖЗА, қандағы қант мөлшері, бүйректің УДЗ

 

#987

*!Ер адам 53 жаста. Тексеру кезінде зәрдің жалпы анализінде эритроциттер саны 40-50 к/а. Ауыру сезімі жоқ, зәр шығаруы бұзылмаған. Науқас 35 жыл бойы күніне 1-2 қорап темекі тартады. Бүйрек УДЗ-сінде оң жақ түбекшеде өлшемі 20 мм акустикалық көлеңкесіз түзіліс анықталды. Экскреторлы-шолу урографияда: оң бүйрек түбекшесінде диаметрі 2 см дөңгелек ақау анықталды.

Аталған болжама диагноздардың қайсысы ең тиімді?

 

*жоғарғы зәр шығару жолдарының даму аномалиясы

*бүйрек туберкулезі

*түбекше ісігі

*оң жақ ЛМС жеткіліксіздігі

*түбекшеде тас

 

#988

*!Ер адам 23жаста. Үйінде ЖТД-і қараған. Пациенттің шағымдары: жалпы әлсіздік, шамасыздық, трансплантант аймағында ауыру сезімі. Анамнезінен: балалық шағынан созылмалы гломерулонефритпен ауырады, СБЖ 2 жыл бұрын дамыған. 3 апта бұрын донор бүйрегі ауыстырылып салынған. Отадан кейінгі кезең қанағаттанарлық. ЖҚА: эритроциттер 3,8х1012/л, лейкоциттер 8,8х109/л, гемоглобин - 120 г/л, ЭТЖ - 17 мм/сағ, креатинин - 80 мкмоль/л, мочевина - 6,1 ммоль/л. ЖЗА: белок - іздері, лейкоциттер - 5-6 к/а., эритроциттер - жоқ.

Донор бүйрегін ағза қабылдамауын диагностикалауда қандай әдіс қолданылады?

 

*тері арқылы бүйректің пункциялық биопсиясы

*бүйрек УДЗ-і

*бүйрек КТ-сы

*бүйректің шолу урографиясы

*МРТ

 

#989

*!Ер адам 27 жаста, ЖТД-ге бетінің, білегінің ісінуіне, бел аймағының ауыруына, зәр түсіінің өзгеруіне, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. 3 апта бұрын өткерген баспадан кейін алғаш рет ауырған. Тексеру кезінде: ЖЗА: тығыздығы - 1012, зәр түсі - «ет жуындысы түсіндей», белок - 6 г/л, лейкоциттер-2-3 к/а, эритроциттер - барлық көру алаңында, түйіршікті цилиндрлер 12 - 15 дейін к/а.

Аталған болжама диагноздардың қайсысы ең тиімді?

 

*жедел пиелонефрит

*бүйрек тас ауруы

*жедел гломерулонефрит

*интерстициальды нефрит

*зәр шығару жүйесінің инфекциясы

 

#990

*!Әйел 30 жаста. Шағымдары: бетінің ісінуі, бас ауруы, зәрінің түсі өзгеруі. Тексеру кезінде: бетінде, аяғында ісіктер, АҚ 145/90 мм.с.б.б.. Зәр анализінде: нәруыз - 2,5 г/л, эритроциттер - барлық көру алаңында.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы ең тиімді?

 

*жедел гломерулонефрит

*жедел пиелонефрит

*бүйрек туберкулезі

*бүйрек тас ауруы

*интерстициальды нефрит

 

#991

*!Жас жігіт 19 жаста баспадан кейін бел аймағының екі жақтанда ауыру сезіміне, қабағының ісінуіне, балтырының домбығуына шағымданады. Артериальды қысымы 160/95 мм.с.б.б.. Пастернацкий симптомы екі жақтанда «оң» мəнді. Жалпы зəр анализі: тығыздығы - 1018, белок 1,056 г/л, эритроциттер 20-23 көру алаңында, лейкоциттер 7-9 көру алаңында. Нечипоренко зәр анализы бойынша зор анализі: эритроциттер 6000 1 мл-де, лейкоциттер-2000 1 мл-де, цилиндрлер жоқ. Қанның креатинині 102 мкмоль/л. Қандай диагноз ең тиімді?

 

*жедел стрептококктан кейінгі гломерулонефрит

*жедел пиелонефрит

*тез үдемеулеуші гломерулонефрит

*жедел цистит

*созылмалы гломерулонефрит

 

#992

*!Әйел 24 жаста, шағымдары: жиі, ауырсынулы зәр шығару. Берілген шағымдары бассейінге барған соң пайда болған және 2 күннен бері мазалайды. Дизуриялық көріністер мен ауыру синдромының әсерінен жағдайы орташа ауырлықта. Перифериялық ісінулер жоқ, интоксикация айқын емес. ЖҚА: эритроциттер-4,3х1012/л, гемоглобин 132 г/л, лейкоциттер-11,3х109/л, ЭТЖ –28 мм/сағ. ЖЗА: түсі – лайлы, белок-0,033, лейкоциттер-20-25 к/а., эритроциттер – барлық к/а.

Қандай диагноз ең тиімді?

 

*жедел пиелонефрит

*жедел цистит

*нефритикалық синдром

*созылмалы пиелонефрит

*жедел гломерулонефрит

 

#993

*!Әйел 34 жаста, қалтырау, температураның жоғарылауы, оң жақ бел аймағындағы сыздаған ауыру сезімі, жиі, ауырсынулы зәр шығаруға шағымданып қаралды. Ауруын суықтанумен байланыстырады. Анамнезінде жиі циститтер. Объективті: Температура 38,2 С. Тынысы везикулярлы. ЖСЖ 93 рет/мин., АҚ 125/80 мм.с.б.б. Пальпацияда іші жұмсақ, іштің тік бұлшық етінің сыртқы жиегінен оң жақтан қабырға доғасынадейін және шап қыртысы деңгейінде ауыру сезімі анықталады.Ұрғылау симптомы оң жақта «оң».

Қандай диагноз ең тиімді болып табылады?

 

*гломерулонефрит

*пиелонефрит
*бүйрек амилоидозы
*несеп тас ауруы
*бүйрек туберкулезі

 

#994

*!Әйел, 38 жаста, жиі, ауырсынулы зәр шығаруға, бел аймағындағы сыздаған ауыру сезіміне, зәр түсінің өзгеруіне шағымданды. Объективті: науқастың тамақтануы төмендеген. Температурасы субфебрильді – 37,40С. Жүрек тондары тұйықталған. АҚ 135/80 мм с.б.б., лейкоциттер - 7,7 мың, ЭТЖ - 27 мм/сағ. Нечипоренко бойынша зәр анализі: лейкоциттер-20 000, эритроциттер- 1000.

Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу әдісін міндетті түрде тағайындау қажет?

 

*бүйректің пункционды биопсиясы

*зәрдің бактериологиялық зерттеуі

*Зимницкий сынамасы

*жалпы зәр анализі

*Аддиса-Каковский сынамасы

 

#995

*!Ер адам 61 жаста, зәрде қанның пайда болуына шағымданды. Өзін саумын деп санайды, бухгалтер болып жұмыс жасайды. Алкоголь және наркотикалық заттар қолданбайды, 16 жасынан бері шылым шегеді. Зәр шығару бұзылыстары жоқ, зәр ағыны әлсіз емес. ЖЗА: зәр алқызыл түсті, эритроциттер 100-ден астам көру алаңында. Зәрді бактериалогиялық себу: бактериялар өсуі жоқ. Экскреторлы-шолу урографиясы: бүйрек қызметі қанағаттанарлық, симметриялы, төмендеуші цистограммада – қуықтың сол жақ бүйір қабырғасында дұрыс емес пішінді толу ақауы анықталды.

Қандай диагноз ең тиімді болып табылады?

 

*қуық рагы

*жаралы цистит

*қуық асты безі рагы

*несепағар рагы

*қуық тас ауруы

 

#996

*!Ер адам 30 жаста. Шағымдары: бел аймағы және іштің оң жақ бөлігіндегі қарқынды ауыру сезімі оң жақ сан және шап аймағына иррадиациялануы, жиі зәр шығарулары. Бір жыл бұрын осындай ауыру ұстамалары болған, анальгетиктермен басылған, бірақ ұстамадан кейін қызыл түсті зәр болған. Объективті: температура 36,5 С. Науқас мазасыз, ауыруын жеңілдету үшін ыңғайлы қалып іздейді. Пульс 78 рет/мин. АҚ 125/80 мм.сс.б.б. Іші жұмсақ, пальпацияда іштің оң жартысында ауыру сезіміді. Ұрғылау симптомы «оң» жақта айқын оң.

Қандай диагноз ең тиімді?

 

*бүйрек амилоидозы
*пиелонефрит
*гломерулонефрит
*несеп тас ауруы
*пиелонефрит

 

#997

*!Әйел 48 жаста, суықтанудан кейін келесі күні жиі ауырсынулы зәр шығару пайда болды, ауыру сезімі іштің төменгі бөлігінде. Температура жоғарыламаған. Дәрігер «жедел цистит» диагнозын қойды. Зерттеу кезіндле: ЖҚА лейкоциттер-11,5 х109/л, гемоглобин 130 г/л, ЭТЖ – 21 мм/сағ, ЖЗА белок-0,66 г/л, тығыздығы-1022, лейкоциттер 20-25 к/а.

Диагнозды дәлелдеу үшін қандай қосымша зерттеу әдістері қажет?

 

*қуық УДЗ-і

*радизотопты зерттеу әдісі

*зәрдің бактериялық себіндісі

*жалпы қан анализі

*экскреторлы урография

 

#998

*!Жас ер адам 26 жаста, бетіі, аяқ-қолдары ісінген, зәрі «ет жуындысы» түстес. Анамнезінде: 10 жыл бойы нефротикалық синдроммен және гематуриямен жүретін созылмалы гломерулонефрит. Соңғы жылдары жағдайы нашарлаған, рецидивті асқыну. Шварц әдісі бойынша шумақтық фильтрация жылдамдығы – 66 мл/мин. Креатинин – 321 мкмоль/л. ЖҚА лейкоциттер 10,5 х109/л, гемоглобин 94 г/л, эритроциттер - 2.8 х1012/л, ЭТЖ-33 мм/сағ, ЖЗА белок-3.53 г/л, тығыздығы-1009, лейкоциттер 4-5 к/а., эритроциттер барлық көру алаңында, түйіршікті цилиндрлер-7-8 к/а.

Созылмалы бүйрек ауруының қай сатысына сәйкес келеді?

 

*1

*3

*4

*2

*5

 

#999

*!Ер адам А.,36 жаста, шамасыздық, оң жақ бел аймағындағы тұйық ауыру сезіміне, температурасының 38 0С дейін жоғарылауына, кезеңді ауырсыну, жиі зәр шығару, зәр түсінің лайлануына шағымданады. Бір жыл бойы ауырады, бірінші рет сол жақ бел аймағында ауру сезімі пайда болған. Суықтанудан кейін 3 күн бойы жағдайының нашарлауы байқалған. Амбулаторлы емделген, фурагин, ампициллин қабылдаған. ЖҚА: лейкоциттер-12,5 х109/л, гемоглобин 145 г/л, ЭТЖ – 20 мм/сағ, ЖЗА белок-0,066 г/л, тығыздығы-1017, лейкоциттер 25-27 к/а, креатинин -87 мкмоль/л

Қандай диагноз ең тиімді болып табылады?

 

*жедел пиелонефрит

*созылмалы гломерулонефриттің өршуі

*жедел пиелонефриттің өршуі

*жедел гломерулонефрит

*созылмалы тубулоинтерстициальды нефрит

 

#1000

*!Жас әйел 30 жаста, ЖТД-ге айқын емес ісінулерге, бел аймағының ауруына, зәр түсінің өзгеруіне шағымданып келді. Анамнезінде: созылмалы тонзиллит. 2 апта бұрын баспаның өршуінен кейін жағдайы нашарлаған. Жалпы жағдайы ауыр. АҚ 150/95 мм.с.б.б. ЖҚА: эритроциттер 3,2х1012/л, гемоглобин-98 г/л, ЭТЖ 55 мм/сағ, креатинин-280,5 мкмоль/л, мочевина-9,0 ммоль/л. ЖЗА: протеинурия 3.5 г/л, макрогематурия. ШФЖ 47 мл/мин.

Қандай диагноз ең тиімді болып табылады?

 

*нефритикалық синдром

*нефротикалық синдром

*нефро-нефритикалық синдром

*жекелеген зәр синдромы

*тез үдемелі гломерулонефрит

 

#1001

*!Ер адам 59 жаста, зәрінде интенсивті қан бөлінділері, кезеңді түрде ауру сезімсіз пішінсіз қою қызыл түсті қан ұйындалары бөлінуін және дене температурасының кешкі уақытта 37,30С қа дейін жоғарылауын байқаған. Анамнезінен: 20 жыл бойы анилинді бояғыштар шығаратын химиялық зауытта жұмыс істеген. Соңғы бір айда жағдайы нашарлаған. ЖҚА лейкоциттер 7,5 х109/л, гемоглобин 93 г/л, эритроциттер 3.1х1012/л, ЭТЖ-25 мм/сағ, ЖЗА белок-0,66 г/л, тығыздығы 1022, лейкоциттер 20-25 к/а, эритроциттер барлық көру алаңында.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең тиімді?

 

*созылмалы интерстициальды цистит

*несеп тас ауруымен асқынған созылмалы пиелонефрит

*бүйрек веналық гипертензиясы фонында форникальды қан кету

*түбекше және несепағар ісігі

*қуық ісігі

 

#1002

*!ЖТД қабылдауына 29 жастағы әйел 20-30 минут сайын жиі ауырсынулы зәр шығаруға, зәр шығару соңында зәрде қанның пайда болуы, зәр шығару актісінен тыс уақытта қасаға үсті аймағының ауыруына шағымданып келді. Пациент 3 күн бұрын жауын астында қалған. ЖҚА: эритроциттер 4,0х1012/л, лейкоциттер 12,3х109/л, гемоглобин 132 г/л, ЭТЖ -19 мм/сағ, креатинин 82 мкмоль/л. ЖЗА: түсі лайлы, белок-жоқ, лейкоциттер 25-30 к/а., эритроциттер - барлық к/а. Жыныс жолдарынан және уретрадан бөлінділер анықталмаған.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең тиімді?

 

*вульвовагинит

*аднексит

*жедел цистит

*қуықтың қарапайым жарасы

*парацистит

 

#1003

*!Ер адам 40 жаста. Шағымдары: айқын емес ісінулер, зәр түсінің өзгеруі. 2 апта бұрын басынан өткерген лакунарлы баспадан кейін ауыған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тері жабындылары бозғылт, бетінде, балтырында, табанында, білекте ісінулер. ЖҚА: эритроциттер-3,1х1012/л, гемоглобин 113 г/л, лейкоциттер-9,0х109/л, ЭТЖ 61 мм/сағ, креатинин 92 мкмоль/л. ЖЗА: түсі лайлы, белок 3,3 г/л, лейкоциттер 7-8 к/а., эритроциттер - барлық к/а., протеинурия 3,3 г/л, макрогематурия, ШФЖ 46 мл/мин.

Төмендегі синдромдардың қайсысы ең тиімді болып табылады?

 

*пиелонефрит

*нефротикалық синдром

*жекелеген зәр синдром

*нефритикалық синдром

*тез үдемелі гломерулонефрит

 

#1004

*!Жас жігіт 25 жаста, ЖТД қабылдауына әлсіздік, жүрек айнуы, шөлдеу, жиі зәр шығару, зәр түсінің өзгеруіне шағымданып келді. 2 жыл бұрын жедел гломерулонефритпен ауырған. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ. ТЖ 30/мин, ЖЖЖ 108 рет/мин. Іші – жұмсақ, эпигастрий аймағының ауыруы, бауыр 1.5 см, ауыру сезімді. Пастернацкий симптомы екі жақтан да «әлсіз оң». Лабораторлы зерттеулер: нормохромды анемия, қан сарысуында мочевина 8,8 ммоль/л, креатинина 180 мкмоль/л, гиперкалиемия, гипермагниемия, гипокальциемия.

Қандай зерттеу әдісі диагнозды дәлелдейді?

 

*нефросцинтиграфия

* бүйрек биопсиясы

* зәрді бактериологиялық зерттеу

* Аддиса-Каковский сынамасы

* экскреторлы урография

 

#1005

*!Әйел 27 жаста, баспадан кейін табанында ісіну пайда болған. АҚ 150/100 мм с.б.б., протеинурия 1,65 г/л дейін, макрогематурия. Жедел гломерулонефрит диагнозы қойылған. Пенициллин, гипотензивті және зәр айдаушы дәрілермен ем жүргізілген, бірақ әсер көрсетпеген. 2 ай бойы бетінде, балтырда, табанында айқын ісінулер, тұрақты протеинурия (6,6 г/л дейін), АҚ 130/90 – 150/100 мм.с.б.б. сақталған.

Диагнозды дәлелдеу үшін қандай қосымша зерттеу әдісін тағайындау қажет?

 

*АСЛО

*бүйрек биопсиясы

*cANCA, pANCA

*креатинин, мочевина

*ANA, dsDNA ға антиденелер

 

#1006

*!Ер адам 38 жаста, жиі ауырсынулы зәр шығаруға, бел аймағында сыздап ауыруына, зәрдің түсінің өзгеруіне шағымданады. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, тамақтануы төмендеген. Температурасы субфебрильді 7,40С. Жүрек тондары тұйықталған. АҚ 135/80 мм с.б,б., пульс 79 рет мин. Ұрғылау симтомы екі жақты оң. ЖҚА: Нb-113 г/л, лейкоциттер 7,7 мың., ЭТЖ-27 мм/сағ. Нечипоренко бойынша зәр анализі: лейкоциттер 20 000, эритроциттер- 1000.

Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу әдісін тағайындау қажет?

 

*бүйректің пункционды биопсиясы

*зәрді бактериологиялық зерттеу

*Зимницкий сынамасы

*жалпы зәр анализі

*Аддиса-Каковский сынамасы

 

 

*Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруы*3**

#1007

*!әйел 39 жаста, жүктілік 19 апта,шағымдары;әлсіздік,бас ауруы,субфебрильды температура,зәр мөлшерінің азаюы.Анамнезынде бес жыл бұрын ауыр ағымдағы бүйрек синдромымен геморранһгиялық лихорадкамен ауырған ЖҚА - НВ - 110 г/л, СОЭ - 25мм/час. Л-10.1 ммоль/л.ЖЗА: түсі сары,тұнық, , реакция - нейтральды тығыздығы - 1,003, белок - 1,05 %0, эритроцитттер - 4-5 , лейкоцитттер – п/з,бүйрек жасушаларының эпителиі -, гиалинді және дәнді цилиндрлер к/а. Зәр бак посевы - Е СОli. Микробты сан: 1 млн в 1 млз әрге.

Қандай жүргізу әдісі дұрыс?

 

*жүктілікті тоқтату

* антибиотикотерапия

*госпитализация урология бөліміне

* госпитализация перзентханаға

*күндізгі стацинар,а жіберу

 

#1008

*!Әйел адам 60 жаста,Шағымдары:әлсіздік,бас ауру,субфебрильды температура,ентігу,ісік,көрудің төмендеуы,полиурия,15 жыл бойы инсулинға тәуелді қант диабетымен ауырады.Объективты жалпы жағдайы орташа ауырлықта,беті ісінген,ерін цианозы,тізесінің ісінуі АҚҚ 210/120 мм.рт.ст. Оң жақ табанында пульсы қиын анықталады.Іші жұмсақ,бауыр Курлов бойынша: 12-11-10 см. Гликемиялық профиль: I-9 ммоль/л, II-10 ммоль/л, III - 7 ммоль/л. Нечипоренко бойынша зәр анализы: Л - 12000 в 1мл, Э - 6000 в 1 мл.

Қандай жүргізу әдісі дұрыс?

 

*эндокринологиялық бөлімшеге госпитализациялау

*күндізгі стационар жағдайында емдеу

*инсулинді помпа, АҚҚ бақылауымен нифедипин, фуросемимид .со

*эндокринолог шақыру

*окулист консультациясы

 

#1009

*!ер адам 30 жаста,шағымдары:дене қызуының көтерілуі,бел аймағындағы тартып ауырсыну сезімі,жиі және ауру сезімді зәр шығару,әлсіздікғбас ауруы,тәбетінің төмендеуы.Науқас тынышсыз,өз жағдайына алаңдайды.Объективты:температура 37,8 градус,есі аныө,бет гиперемияся,тері жамылғысы таза,пульс 98 мин,АҚҚ150/95 мм рт. ст. Тілі қүрғақ,ақ жабындымен жабылған.Іші жұмсақ Пастернацкий симптомы « » екі жақтан

Қандай жүргізу әдісі қолданылады?

 

*антибактериальды терапия

*уйде емделу

*зәрді бактериологиялық зерттеу

*күндізгі стационар кезіндегі антибактериальды терапия

*госпитализация

 

#1010

*!Әйел 25 жаста,ангинадан кейн 3 апта өткен соң беті ісініп,басы ауырып,әлсіздік пайда болды.Ісік өршіп,бас ауруы күшейды,бас айналу,құлағында шу,көздің көруі төмендеді.7 күні зәрдің молшері азайды,диплопия,қабырға астындағы ауыр сезім, құсу.Науқас есін жоғалтты,кенеттен тоникалық кейін клоникалық ұстамалар пайда болды.Науқасқа қандай жедел жәрдем көрсетыледі?

 

*сульфат магния 20мл 25% р-ра. диазепам, промедол,

*бас ми ісігін жоққа шығару

*жедел жәрдем шақыру

*түзу жерге жатқызу

* ЭКГ жасау

 

#1011

*!38 жастағы ер адам үйге дәрігер шақырды,санға және шат аймағына иррадиацияланатын бел аймағындағы және іштің оң жақ бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданады зәрдә жиі шығарғысы келеды,бір жыл бұрын алғаш рет осындай ұстама болған.Жедел жәрдем шақырған,инъекциядан кейн ауырсыну сезімі ба ылды,бырақ зәр қызыл болды.Жалпы жағжайы орташа ауырлықта,ауру сезімі басу үшін өзіне қалыпты жағдайды жасайды.Пастернацкий симптомы оң жақта .Қандай жүргізу әдісі дүрыс?

*үйде қан және зәр анализын жасау

*науқасты госпитализациялау

*бүйрек УДЗ

*спазмолитиктер жасау

*жедел урографияға жіберу

 

#1012

*!Боз бала 19 жаста спортсмен,шағымы:жиі зәр шығару,түнгі уақытта зәрді үстай алмау,зәр шығару кезінде іштің төменгі болігінде ауру сезімі,дене қызуы байқалмайды.Ем тағайындпңыз

*тамсулозин, аскорбин қышқылы, фуразидин

*фуразидин, фосфомицин, гентамицина сульфат.

* күнделікті 30 минут физ активтілік.

*ритуксимаб циклоспорин-А

*аллопуринол, омепразол, карбонат кальция

 

#1013

*!Әйел 28 жаста, бас ауруына, бел аймағындағы ауру сезіміне, аяқ пен тобықтың ісінуіне , орташа ауырлықтағы жүктеме кезінде пайда болатын ентікпеге шағымданады. Ауруын басынан өткерген жедел вирусты инфекциямен байланыстырады, ол кезде дене температурасы 38º-қа дейін көтерілген, бүкіл денесінде сынғандай сезім және жоғарыдағы шағымдар пайда болған. Зерттеу барысында: ЖҚА - лейкоциттер 8,3 х 109/л, ЭТЖ – 30 мм/сағ; БҚА – креатинин 102 ммоль/л; мочевина – 12 ммоль/л, СРБ. Зәр анализі – сал.салмақ 1020; белок – 3 г/л; лейкоциттер – 6-8 к/а.; эр. 15-ке дейін к/а.; гиалинді цилиндрлер - 3-4 к/а; тәуліктік диурез – 800,0 мл.

Берілген жағдайға қай топ препараттары ЕҢ ТИІМДІ болып табылады?

 

*кортикостероидтар

*цитостатиктер

*стероидты емес қабынуға қарсы препарат

*аминохинолинді препараттар

*антибиотиктер





Дата добавления: 2017-01-14; Просмотров: 24; Нарушение авторских прав?;


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



ПОИСК ПО САЙТУ:





studopedia.su - Студопедия (2013 - 2017) год. Не является автором материалов, а предоставляет студентам возможность бесплатного обучения и использования! Последнее добавление ‚аш ip: 54.81.174.180
Генерация страницы за: 0.155 сек.