Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жеке презентация 4 страница




Индикаторлык түтікшенің толтырғышы түсінің ауада тек улы заттармен қатар негізгі сипаттағы қышқыл қоспаларының улы немесе бүркемелі түтінің әсерінен өзгеретіндігін есте ұстау қажет. Соңдықтан да ауаны зерттсудің күдікті жағдайларында оны түтіннен қорғайтын сүзгіні пайдалана отырып қайталайды.

Топырақ пен сусымалды материалдағы улы заттарды анықтау. Бұл үшін қажетті индикаторлық түтікшені алып даярлағаннан кейін оны насостын басына қояды. Бұдан кейін насосқа саптаманы бұрып, басылатын жүзікшені ашық қалдырады. Саптаманың аузына қорғаныс қалпақшасын кигізеді. Зақымдалғаны туралы күдік тудырған жердегі опырақтың (сусымалы материалдың) үстіңгі бстін күрекпен ашып, қорғаныс қалпақшасын шетіне дейін көмеді. Қақпақты түтіннен қорғайтын сүзгімен жауып, оны сығатын жүзікшемен бекітеді жәнс насоспсн қажетінше тербетеді. Бұдан кейін түтіннен қорғайтын сүзгіні, сынама мен қалпақшаны лақтырып тастайды, индикаторлық түтікшені алып, жоғарыда көрсетілгендегідей, улы заттарды анықтай|ды.

Жердегі, техникадағы, киімдегі және әртүрлі заттардағы улы заттардады аныктау. Анықтауды фосфорлы органикалық заттардан бастайды. Әзірленген нүктені насосқа қойып саптаманы бұрайды, қорғаныс қалпақшасын кигізіп, саптаманы топыраққа немесе зертелетін объектінің үстіне қалпақшаны зақымдану белгілері анығырақ көрінген учаскіні жабатындай етіп қояды, бұдан кейін қажетінше тербетеді. Бұдан әрі саптаманы алып, қалпақшаны лақтырып тастайды, насостың басынан индикаторлық түтікшені алып, таспаға жапсырылған нұсқаулықтарды басшылыққа алып улы заттарды анықтайды

Зақымдану ошағындағы радиациялық

ахуалды бағалу

Қарсылас жақ осы заманғы зақымдау құралдарын қолданған жағдайда, сондай-ақ атом өнеркәсібі көсіпорындарындағы авария кезіндегі ауа, жер және онда орналасқан ғимарат, техника мүлік радиациялық зақымдануға ұшырайды.

Жердің радиоактивті зақымдануы нәтижесінде пайда болған ахуал радиациялық ахуал деп аталады. Ол радиациялық зақымданудың көлемімен және сипатымен анықталады және шаруашылық объектілерінің өндірістік қызметіне, бөлімшелердің іс-әрекетіне, халықтың тіршілігіне айтарлықтай әсер етеді. Адамдардың, малдардың зақымдану қауіпі медициналық ахуалды тез анықтау мен бағалауды және жұмыстарын жүргізуге оның ықпалын ескеруді талап етеді.

Осы мақсатта радиациялық барлау мәліметтері бойынша болжау әдісімен радиациялық ахуалды анықтау мен бағалау жүргізіледі.

Болжау зақымдау уақытын, сииатын және бөлімшелердің іс-әрекет режимдері мен зақымдалған жердегі халықтың өзін-өзі ұстау тәртібін анықтау мақсатында мәліметтер береді. Бұл зақымдаудың тек нақты дерсктер едәуір айырмашылығы болуы мүмкін шамалас сипаттамалры ғана.

Болжаудың бастапқы мәліметтері: жарылыстың қуаты, түрі мен орталығының (кіндігінің) деректері, жарылыс уақыты орташа желдің жылдамдығы мен бағыты.

Шаруашылық объектілерінде радиациялық ахуалды болжамайды, тек ТЖ мен АҚ жөніндсгі жоғары тұрған органдардың мәліметтерін ғана пайдаланады. Объектілердің АҚ және ТЖ штабтары мен қызмсттері оны тек барлау тері негізінде ғана бағалайды.

Аумағының көлемі жердің радиациялық зақымдану аймағымен салыстырғанда шағындау шаруашылық объектісі үшін болжаудың тек екі нұсқасы ғана ықтимал: объекті қызметкерлері сәулеленуге ұшырайды немесе ұшырамайды. Сондықтан объект аумағынан радиоактивті зақымдану жағдайы үшін радиоактивті бұлт ізінің белдігі кәсіпорын аумағының ортасы арқылы өтетін кездегі жағымсыз нұсқа алынады.

Болжанатын радиациялық ахуал міндетті түрде радиациалық барлаумен нақтыланады. Радиациялық ахуалды барлау болжау мәліметтерін алғаннан кейін жүргізіледі.

Радиациялық ахуалды бағалау үшін нені білу қажет? Оны анықтау тау үшін бастапқы мәліметтер мыналар: радиоактивті зақымдануды туғызған ядролық жарылыстың уақыты; радиация деңгейі мен оны өлшеу уақыты; радиацияны әлсірету коэффициенттерінің маңызы; сәулсленудің жол берілген дзосы, сондай-ақ қойылған міндет пен оны орындау мерзімдері.

Радиациялық ахуалды бағалау кезінде радиация деңгейін бір уақытқа келтірген жөн (әдеттегідей, ядролық жарылстан ксйінгі бір сагатқа). Бұл радиациялық ахуалды картаға (схемаға) түсіруді жөне бұдан әрі радиация деңгейінщ төмендеуін қадағалауды жеңілдетеді.

Осындай міндетті шешу кезінде екі нұсқа кездесуі мүмкін. Біріншісі: жарылыс уақыты белгілі. Екінші: белгісіз. Бірінші жағдайда жарылыстан кейін (Р) радиациядан деңгейін 1 сағатқа келтіру үшін радиацияның өлшенген деңгейінің көлемін қандайда бір уақытқа t (Р,) анықтамалықтар кездесетін таблицалық қайта есептеуді Кс1 коэффициентіне көбейту қажет. Екінші жағдайда әуелі ядролық жарылыстан кейін өткен уақытта анықтау керек, оны уақытқа байланысты радиация деңгейінің томендеу жылдамдығы бойынша табады. Бұл үшін тек бір нүкгедегі радиацияның деңгейін олшейді, алайда (Р1 және Р2) аралығымен ғана. Бүдан кейін екінші және бірінші өлшеу (Р2:Р1) арасындағы қатынас бойынша таблицаның көмегімсн жарылысрылыс болған сәттен бастап екінші өлшемге дейінгі уақытты анықтайды. Мысалы, бірінші өлшем 12.00-де жүргізілді және радиация деңгейі 120р/с, екінші өлшем 15.00-де жүргізілді және радиация деңгейі 42 р/с болды. Тиісінше екі өлшемнің арасындағы үзіліс 3 сағат, ал деңгейлер арақатынасы (42:120) 0,35 болды. Тиісті таблица бойынша жарылыстың екінші өлшемге дейін 5 сағат бүрын, яғни 10.00-де (15.00—5.00) болғандығын табамыз.Уақыттың алынған маңызын ядролық жарылыстан кейінгі бір сағаттағы радиация деңгейін есептеу үшін пайдаланады.

Объектінің АҚ штабы ақпарат алынған барлық арналарды пайдалана отыра, радиоактивті ахуалды қорытындылайды (радиациялық және химиялық бақылау тіректерінің, радиациялық және химиялық барлау буындары мен топтарының, ТЖ және АҚ жоғары тұрған органдарының мәліметтері). Қорыту нәтижелері объектінің жоспарына еңгізіледі.

Бұдан кейін сәулеленудің ықтимал дозасын аныктаган??? Олар адамдар зақымдалган аумақта болган кезде олардын қайта сәулеленбеу болдырмау мақсатында есептеледі.

Сәулелену дозасын анықтау үшін бастапқы мәліметтер жиналаар: ядролық жарылыстан кейінгі бір сағатқа келтірілген радиация деңгейі мен зақымданған аумақта болу Іымдылығы. Осы міндеті шешу кезінде әлсіреу коэффициенттерің ескеру қажет (Кәле) (таблицаны қараңыз)

Радиоактивті зақымдану жағдайында адамдардың аса кажетті іс-әрекеттерін анықтауға болады. Мүнда бір қатар ійсітер шешіледі. Адамдардың зақымдалган жерде болуының жол берілетін уақытының созымдылығын анықтау, құтқару жөне басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін объектіге бөлімшелерді әкелу уақытың белгілеу, құтқару жұмыстарының толық көлемін орындау үшін ауысымдардың қажетті санын есептеуді жүргізу, радиоактивті зақымдану аймағынан (учаскесінен) кетуді қашан бастауға болатын уақытты табу, қатты және қауіпті зақымдану аймағынан адамдарды көшіру (әкету) уақытын нақтылау, жұмысшыларды, қызметшілерді және АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын радиациялық қорғаудың ықтимал режимін анықтау қажет.

Ядролық энергетикалық қондырғылардағы авария жағдайында жердің радиоактивті ластануы жергілікті сипатта болады. Ол негізінен биологиялық белсенді радиолидтерден туындайды. Жердегі сәулелену дозасының қуаты ядролық жарылыстың радиоактивті

бұлтының ішіндегі жүздеген, ал кейде мыңдаган есе әлсіз. Сондықтан да адамдар үшін сыртқы сәулеленуден гөрі ішкі сәулелену әлдеқайда қауіпті.

Панаханалар мен көлік құралдарындағы сәулеленуді әлсірету

коэффицентінің орташа маңызы (К әлс)

Панаханалар мен көлік құралының атау  
Жерде ашық орналасу Фортификациялық ғимраттар Ашық траншея, окоп, саңылау Дезактивтелген (немесе зақымдалған жерде ашық) траншея, окоп, саңылау Бітелген саңылаулар Көлік қуралдар Автомобильдер мен автобустар Темір жол платформасы Жабық вагондар Жолаушылар вагондары   Өндірістік және әкімшілік ғимараттар Өндірістік бірқанатты ғимарат (цехтар) Өндірістік және әкімшіліктік үшқабатты ғимаратта Тастан салынатын тұрғын үй Бірқабатты Жертөле Екіқабатты Жертөле Үшқабатты Жертөле Бесқабатты Жертөле Ағаштан салынған үйлер Бірқабатты Жертөле Екіқабатты Жертөле Халық үшін орташа Қалалық Селолық     1,5            

Зақымдану ошағындағы химиялық

ахуалды бағалау

Химиялық ахуал ретінде шаруашылық объектілерінің қызметіне, АҚ күштері мен халыққа әсер ететін жердің ҚӘУЗ-бен химиялық зақымдану салдарынан жиынтығы түсініледі.

Химиялық ахуал ҚӘУЗ төгілу (тасталу) немесе химиялық зақымдану аймағы мен химиялық зақымдану ошақтары пайда болатын химиялық қаруды қолдану кезінде жасалады.

Химиялық ахуалды бағалауға мыналар кіреді:

- химиялық зақымдану көлемі мен сипатын анықтау;

- олардың объектілер қызметтеріне, АҚ күштері мен әсер етуін талдау;

- адамдардың зақымдалуын болыдмайтын іс-әрекеттердің аса қажетті нүұсқаларын іріктеу.

Химиялық ахуалды бағалау болжау әдісімен және барлау мәліметтері бойынша жүргізіледі.

- ҚӘУЗ түрі мен саны, химиялық қаруды қолдану құралы мен УЗ түрі;

- Улы заттардың шығарылу (төгілу), химиялық қарудың қолдану ауданы мен уақыты;

- Адамдардың қорғану деңгейі;

- Жердің топографиялық жағдайы мен ластанған ауаның таралу жолындағы құрлыстардың сипаты;

- Ауа райы (жер бетінің қабатындағы желдің жылдамдығы мен бағыты, ауа мен топырақтың температурасы, ауаның вертикалдық тұрақтылығының деңгейі).

Ауанаың вертикалдық тұрақтылығының деңгейін шамамен ауа райын бақылау арқылы анықтауға болады.

Ауаның вертикалдық тұрақтылығы 3 деңгейге бөлінеді: инверсия, изотермия, конвекция.

Инверсия әдетте шамамен күн батардан 1 сағаттай бұрын ішкі уақытта пайда болады және күн батұаннан кейін 1 сағаттың бойында бұзылады. Инверсия кезінде ауаныың төменгі қабаттары жоғарғы қабаттарынан суығырақ, бұл инверсияның биіктік бойынша таралуына кедергі келтіреді және ластанған жинақталған ауаның сақталуы үшін аса қолайлы жасайды.

Изотермия ауаның тұрақты теңдігімен сипатталады, изотермия кезінде жердің 20 - ЗОм биіктік шегінде ауаның-температурасы жердікімен шамалас. Ол жауың-шашынды ауа райы мен қар жамылғысы кезінде байқалады, алайда таңертенгі және кешкі сағаттарда да инверсиядан конверцияга (таңертең) және керісінше (кешкі) көпшелі күй ретінде пайда болуы мүмкін.

Конвекция әдетте күн шыққаннан кейін 2 сағаттан соң пайда болады және шамаммен күн батардан 2—2,5 сағат бұрын бұзылады. Ол әдетте жазғы ашық уақытта байқалады. Конвекция кезінде ауаның төменгі қабаттары жоғары қабаттарынан қаттырақ қызады, бұл залалданған бұлттың тез тарауына және оның зақымдағыш әсерінің азаюына ықпал етеді.

Жел жылдамдығы м/с Түн Күн
0,5 ашық бұлыңғыр бұлтты ашық бұлыңғыр бұлтты
0,6-2 инверсия конвекция
2,1-4 изотермия изотермия
4-тен астам  
             

 

Ауаның жер бетіндегі қабатының вертикалдық тұрақтылық деңгейі кесте көмегімен ауа райы болжамының мәліметтері бойынша анықталуы мүмкін.

Қарсылас жақ улы затгы пайдаланған кезде пайда болған химиялық ахуалды айыру кезінде қолданылған затты, зақымдану аймағының алаңы мен улы зат түрін анықтайды. Осы мәліметтер негізіңде ластанған ауаның таралу тереңдігін, жер мен техникадағы улы зат беріктігін, адамдардың теріні қорғау құралдарында болу уақытын, адамдардың, ғимараттың, текникака мен мүліктің зақымдануын ьгқтимал бағалайды.

Қарсылас жақ улы затты қолданған кезде ауданның шекарасын анықтау барлау күштерімен немесе ТЖ және АҚ жөнііндегі жоғары тұрған орган ақпараттарының мәліметтері бойынша жургізіледі. Химиялық шабуьлға қатысушы қүрамдар саны (ұшақтар саны, олардың үлгілері, зымырандар саны) улағыш заттарды қолдану әдісі (химиялық бомбалар, зымыранған, төгілетін авиациялық приборлар және басқалар).

Химиялық оқ-дөрі немесе әскери прибордың әсері кезінде улы зат бұлты пайда болады, ол алғашқы бұлт деп аталады. Осы бұ лттың құрамы УЗ түрі мен оны ұрыс жагына көшіру әдісіне байланысты. Қарсылас жақ зарин түрінддегі УЗ қолданған кезде алғашқы бұлт осы УЗ буынан құралады, ал Ви-Икс түріндегі УЗ қолдану негізінен аэро-дік бөлшектерден тұратын бұлттың құралуына алып келеді. Қарсылас жақ төгілетін авиациялық приборларды пайдаланған кезде тұрпайы аэрозоль бүлты мен УЗ тамшысы пайда болады, олар сіңе отыра объектілерді, жерді, су көздерін, техника мен адамдарды закымдайды.

Әтүрлі заттардың үстінде аэрозоль мен тамшы түріңдегі УЗ уақыт өте буланады. Аэрозольдік бөлшектер мен УЗ тамшысының булану нәтижесінде зақымдалған жерде осы УЗ буынан ғана тұратын УЗ қайталама бұлты пайда болады.

Жылжып келе жатқан ауа массасының әсерімен УЗ тарылып, сирейді, соның нәтижесінде онда жинақталған УЗ уақыт өте азаяды, тиісінше қорғалмаган адамдардың зақымдану ізасын алу қауіпі төмендейді.

Ластанған ауаның таралу тереңдігі химиялық қару қолданған ауданның желді шекарасынан бастап зақымдағыш мөлшері бар ластанған ауа бұлтының таралу шекарасына дейін қолданылады. Ол ауа райына, жер бедеріне, орман алқаптарының бар-жоғы мен елді мекендер қүрылысының тығыздығына байланысты.

Төменде изотермия жағдайындағы авиациямен УЗ қолданған кезде ашық жердегі ластанған ауа бұлтының қауіпті таралу терендігінің (км) есептемелік маңызы келтірілген.

Ашық ауа райында (конвекция жағдайында) ластанған ауаның қауіпті таралуының тереңдігі шамамен екі есеге азаяды, ал ипверсия жағдайында шамамен 1,5 — 2 есеге көбейеді.

 

  УЗ түрі Тұрақты желдің м/с жылдамдығы кезінде ластанган ауаның қауіпті таралуының тереңдігі (км)
1-2 м/с 2-4 м/с
     
Ви-Икс 5-8 8-12
Иприт    

 

Төңірегінің бәрі құрылыс елді мекендер мен орман алқаптарында ластанған ауаның қауіпті таралуының тереңдігі айтарлықтай азаяды (3-3,5 есе)

ҚӘУЗ бар объектілердегі химиялық ахуалды бағалау химиялық зақымдану ошағында болуы мүмкін адамдарды қорғауды ұйымдастыру мақсатында жүргізіледі.

Химиялық ахуалды болжау әдісімен бағалау кезінде ауа райының ластанған ауаның таралуы үшін қолайлы кезінде объектідегі бүкіл ҚӘУЗ қорының бір уақытта төгілу (шығу) шарты қабылданады (инверсия, желдің жылдамдығы 1 м/с)

ҚӘУЗ салынған ыдыстардағы авариялар (қирау) кезінде бағалау нақты қалыптасқан жағдай бойынша жүргізіледі, яғни төгілген (шығарылған)

улы заттардың нақты саны мен ауа райының жағдайы алынады. Бұл жағдайда қайнау температурасы 20 °С –тан төмен улы заттардың (фосген, фторлы сутегі және т.б.) олардың төгілу шегі бойынша бірден буланатындығын және ауаның жер бетіндегі қабатына түскен улы булар көлемдіне тең болатындығын ескеру керек. Qайнау температурасы 20-тан жоғары улы сұйықтардың (күкіртті көмір тегі, көгілдір қышқылы және т.б.) сондай-ақ баяу қызатын сұйықтардың (сұйытылған аммиак пен хлор, олеум және т.б.) объект аумағында төгіледі және булана отырып ауаның жер бетіндегі қабатын ластайды.

ҚӘУЗ бар объектілердегі химиялық ахуалды бағалау химиялық зақымдану ошағында мен химиялық зақымдану аймағының көлемдерін ауаның белгілі межеге (объект) жету уақытын, зақымдаушы іс-әрекет уақыты мен химиялық зақымдану ошағындағы адамдардың ықтимал қаза болуын анықтауды қарастырады.

Химиялық ахуалды бағалау негізінде адамдарды қорғау шаралары қабылданады, зақымдану мен зақымдану салдарын жою жағдайындағы құтқару, объектінің өндірістік қызмметін қалпына келтіру және халықтың тіршілігін қамсыздандыру жұмыстарын жүргізу жөніне шаралар әзірленеді.

Объектілердегі қорғаныс режимін таңдау кезінде мыналар қарастырылады: өндірістік қызметті жалғастыру кезінде жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, зақымдалған ғимараттарда (цехтарда) жұмысты тоқтату, адамдар жұмыс орнына шыққаннан кейін зақымдануды болдырмайтын жұмыстарды жүргізгенге дейін панаханаларда болу тәртібі. Объект аумағы қатты зақымданған жағдайда жекелеген цехтардың немесе бүкіл объектінің жұмысын тоқтатып, аумақты, ғимарат пен объекті қондырғыларын заласыздандыру жөніндегі жүргізгенге дейін зақымданбаған аудандарға адамдарды кошіру карастырылу мүмкін.

Объект жұмысының үлгілік режимдерінің, құтқару жұмыстарын жүргізудің үлгілік нұсқаларын бейбіт уақытта желдің негізгі бағытын, объект жумысының нақты жағдайы АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын, жумысшылар мен кызметшілерді жеке қорғаныс пен ұжымдық қорғау құралдарымен қамсыздандыруды ескере отырып даярлаған дұрыс.

Химиялық ахуалды бағалаудан туындаған қорытындылар зақымдау ошақтарында жумыс жүргізу ушін АҚ бастықтарының шешімдерінде пайдаланылады және АҚ бөлімшелерінің құрамын химиялық зақымдану жағдайындағы іс-әрекет қорғауды ұйымдастырудың негізі болып табылады.

Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен қорғау әдістері.

Адамдардың қауіпсіздігін қамсыздандыру бейбіт және соғыс уақытындағы ТЖ жағдайында халықты қорғау бойынша республикамызда жүргізілетін барлық шаралардың аса маңызды мақсаты болып табылады. Төтенше жағдайларды ескерту және іс -әрекеттер жөніндегі Республикалық жүйенің өзіне жүктелген міндеттерді орындауға даярлығы түпкілікті нәтижеде оның мақсатқа жету қабілетін анықтайды.Қазіргі уақытта адамзаттың алдында соғыс қатерінекн басқа ғаламдық, кауіп экологиялық апат қауіпі өткір тұр: ауа ластанған, өзендер мен көлдер қышқөылды жауындар мен уланған, топырақ бүлінуде, ормандар құруда, өсімдіктер мен хайуанаттардың жекелеген т.рлері жойылуда.

Адам өміріне қауіпті затарды пайдаланатын және өндіретін объектілер бір жерге шоғырлануда. Бұл объектілердегі авария салдарымен салыстиыруға болады. Чернобыль АЭС-індегі оқиғалар, Армениядағы, Нефтегорскідегі, Шығыс Қазақстандағы жер сілікністерін және басқа төтенше жәйттарды талдау бейбіт уақыттағы жағдайда адамдардың қауіпсіздігі мәселесіне басқаша тұрғыдан қарауға мәжбүр етеді. Республика аумағында атом энегетикасы, химия өнеркәсібі объектілері мен өзге де объектілер орналасқан, мұндағы авариялар үлкен адам құрбандықтары мен, материалдық залалмен қатар елеулі экономикалық салдарға да ұшырату мүмкін. Осы жағдлайлар мемлкеттік, әскери және шаруашылық органдары тарапынан АҚ мәселеріне, халықты сенімді қорғау мен шаруашылық объектілерін сақтау, басқару жүйесінің мүлтіксіз жұмыс істеу жөніндегі міндеттерді шешуде жаңа ұстанымдарды қажет етеді.

Халықты, қоршаған орта мен ұйымдарды төтенше жағдайлар кезіндегі қорғаудың негізгі принциптері.

Халықты қорғау принциптері - бұл бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда халықты қорғау тәртібін анықтайтын ҚР үкіметі белгіленген ережелер. Халықты авария, апат, зілзала мен осы заманғы зақымдау құралдарының салдарынан қорғау жөніндегі шараларды жүргізу сипаты, көлемі мен мерзімі аға бастық үйғарымын ахуалды бағалау мен жергілікті жағдайларды және мүмкіндіктерді ескере отырып әзірленетін АҚ жоспарларымен анықталады.

Осы заманғы зақымдау құралдарының халық пен шаруашылық объектілерін (ШО) қорғаудың негізгі принциптері мыналар:

1. Қорғаныс шараларын өз уақытында жоспарлау және өткізу.

Ол мыналарды қамтиды.

А) бейбіт және соғыс жағдайындағы АҚ жоспарларды әзірлеу. АҚ жоспарлау- Азаматтық қорғанысты басқару процесінің маңызды құрамдас бөлігі. Оның мәні бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайды талдау мен бағалау, халықты қорғау жөніндегі АҚ шараларын анықтау болып табылады;

Б) Халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынынан қорғау әдістеріне даярлау. Моральдық-психологиялық қасиеттерді және АҚ мен ТЖ бойынша оқып үйрену қажеттігіне сенімділікті қалыптастыру:

В) ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын жинау және оларды пайдалауға әзірлікте ұстау;




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 109; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.051 сек.